«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет48/151
Дата25.04.2022
өлшемі0.87 Mb.
#32259
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   151
Тапсырма шартының мазмұны.Сенім білдіруші сенім білдірілген өкілдерге аталған талаптарға сәйкес қажетті нұсқаулар беруге міндетті. Мұндай нұсқаулардың нысаны жазбаша да ауызша да бола алады. Тәжірибеде жазбаша тапсырма шартын бекіту тек сенімхат беруімен жиі алмастырылады. Сенімхат та белгілі бір шамада сенім білдіруші нұсқауларының мазмұнын түсінуге көмектесе алады.

Сенім білдірілген өкіл өзіне берілген тапсырманы сенім білдірушінің нұсқауларына сәйкес орындауға тиіс. Тапсырманың орындалуының нұсқауларға сәйкестігін немесе сәйкес еместігін түсіну, көбіне сенім білдірілген өкілдің жеке басына байланысты болады, яғни ол кәсіптенген бе әлде тұрмыстық тапсырманы орындаушы ма. Бірінші жағдайда жоғарыда атап өткеніміздей, нұсқауларға сәйкес келу тиісті нұсқауларға қайшы келмеушілік ретінде қабылдануы мүмкін. Тұрмыстық тапсырма кезінде сенім білдірілген өкілмен жасалатын іс-әрекеттердің сенім білдірушінің нұсқауларына дәлме-дәл сәйкес келуі туралы айтқан орынды болар. Екі жағдайда да сенім білдірілген өкіл сенім білдіруші қайсысына қол жеткізуге тілек білдірсе, сол құқықтық нәтижеге қол жеткізуге тиіс.

Сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің нұсқауларынан тек ерекше жағдайларда ғана шалыс кетуге құқылы. Оларға тапсырманы бастапқы түрінде орындауды мүмкін емес болатын кезек күттірмейтін жағдайлардың туындауы жатқызылатын болады. Мысалы, сатып алу туралы тапсырма берілген ауыл шаруашылық машиналарының белгілі бір модификациясы сатылып кеткен болса, бірақ егер сенім білдірілген өкіл өз жауабын бермесе, сатылып кеткен деп тұрған басқа модификациясы қалған болса. Бұл туралы сенім білдірушіден шұғыл түрде рұқсат сұрауға онда мүмкіндік жок, бірақ ауыл шаруашылық машиналар мерзімді жұмыстарды атқару үшін аса қажет. Осы жағдайда сенім білдірілген өкіл сатып алу туралы шешім қабылдауға құқылы және ол дұрыс заңды қадам жасады деп есептеледі.

Егер істің мән-жайы бойынша ол сенім білдірушінің мүдделері үшін қажет болса және сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден алдын ала сұрай алмаса не өзінің сауалына дер кезінде жауап алмаса сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің нұсқауларынан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сенім білдірілген өкіл, хабарлау мүмкін болысымен жол берілген ауытқулар туралы сенім білдірушіні хабардар етуге міндетті. Осындай талаптың болуы сенім білдірушіге өзі үшін қалыптасқан қолайсыз жағдайды түзеу бойынша шұғыл шараларды қолдану мүмкіндігін беру логикасымен түсіндіріледі.

Сенім білдірілген өкіл өзіне берілген тапсырманы өзі орындауға міндетті. Тапсырманы өзі орындау міндеттілігі тапсырма шартын өтелмелі қызмет көрсету шарттарынан ерекшелендіреді. Заңда көзделген жағдайларда сенімді басқа тұлғаға қайта беру мүмкін болады. Бұл орайда сәйкес келетін сәттер болғанмен де сенімді басқа тұлғаға қайта беру басқа міндеттемелердегі үшінші тұлғаға орындауды тапсырудан біршама ерекшеленеді.

Егер сенім білдірілген өкілдің орынбасары шартта атап айтылған болса, сенім білдірілген өкіл шарттан шығып қалады және ол орынбасардың іс-әрекеттері үшін жауап бермейді.Сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіге оның талап етуі бойынша тапсырманың орындалу барысы туралы барлық мәліметтерді хаба-рауға (есеп беруге) міндетті. Тапсырманың орындалу барысын бақылау мүмкіндігіне мүдделі сенім білдіруші сенім білдірілген өкіл тарапынан хабардар етудің кезеңділігін тікелей шартта не тапсырманың орындалу барысы туралы барлық мәліметтерді беру туралы сенім білдірілген өкілге нұсқаулар беру қажеттілігі бойынша ескертуге тиіс. Есеп беру міндеті, осылайша, шарттың орындалуы барысында өзгертілуі мүмкін. Сенім білдіруші өзін қызықтыратын мәліметті ғана таңдап сұратып ала алады.

Сенім білдіруші шартқа сәйкес сенім білдірілген өкіл орындағанның барлығын кешіктірмей қабылдауға міндетті. Сенім білдіруші тапсырманың орындалуы бойынша сенім білдірілген өкілге, егер бұл заң актілерімен немесе шартпен көзделген болса, сыйақы төлеуге міндетті. Яғни, егер тұрмыстық тапсырма шартында немесе коммерциялық емес, ұйымдар арасындағы тапсырма шартында сыйақы төлеу туралы арнайы ескертілмесе, сенім білдіруші оны төлемеуге де құқылы.

Егер тапсырма шарты тараптардың екеуінің немесе олардың бірінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенім білдіруші сенім білдірілген өкілге сыйақы төлеуге міндетті. Сыйақы төлеу үшін оның нақты мөлшері шарттың өзінде тікелей көрсетілуі немесе көрсетілмеуі әсер етпейді. Егер шартта немесе заң актілерінде шартты орындаудың өтелуі көрсетілсе, бірақ сыйақының мөлшері көрсетілмесе, онда ол осыған ұқсас қызметтер үшін әдетте қабылданған баға ескеріле отырып айқындалады.

Сенім білдірілген өкіл тапсырмадан бас тартқан жағдайда оған сенім білдірушіге шартты тоқтату мен келтірілген залалдарды өтеу бойынша міндет жүктеле алмайды. Бірақ, егер сенім білдірілген өкіл сенім білдіруші өз мүдделерін өзгеше қамтамасыз ету мүмкіндігінен айырылған кезде бас тартса, оған шартты тоқтату мен келтірілген залалдарды өтеу міндеті жүктелетін болады. Егер тапсырманы орындаудан кәсіпкер сенім білдірілген өкіл бас тартса да, сондай салдар туындайды. Бұл оның тапсырмадан бас тартуға құкығы жоқ дегенді білдіреді. Сонымен қатар, ол өз міндеттемесін іс жүзінде орындауға мәжбүрленбейді.



Тапсырма шарты бойынша құқық мирасқорлығы. Тапсырма шартының жеке сипатын тағы да ескере отырып, заңнама ол бойынша құқық мирасқорлығының ерекше ережелерін белгілейді. Біз тараптардың бірінің қайтыс болуына байланысты шартты тоқтату туралы айтқан болатынбыз. Сенім білдірілген өкіл қайтыс болған кезде ол тапсырманы орындау тәртібінде алған, сенім білдірушіге тиесілі заттар оның құжаттары мұрагерлердің немесе мұралық мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті өзге тұлғалардың қолында қалып қоятын жағдай орын алуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   151




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет