«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


тақырып. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау. Конкурстық міндеттемелер



бет65/151
Дата25.04.2022
өлшемі0.87 Mb.
#32259
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   151
14 тақырып. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау. Конкурстық міндеттемелер

Біржақты іс-әрекеттерге біржақты мәмілелер - құқықтық іс-әрекеттер жатады. Бұған қоса, құқықтық іс-әрекеттер аясында бірқатар іс жүзіндегі іс-әрекеттерде маңызды болуы мүмкін.

Туындайтын міндеттеменің өзі шарттан тыс болып табылады. Ол тек іс-әрекет салдарының өзінен ғана емес, сондай-ақ заңнамада көзделген белгілі бір салдардың қатар туындауымен пайда болады. Яғни, міндеттеме өмір сүру үшін іс-әрекет жасау мен байланысты қандай да бір іс жүзіндегі өзгерістер ортада орындалу қажет.

Әрекет етуші заңнамаға сәйкес бұл құқықтық қатынас, құқықтар мен мүдделердің бұзылуына жол бермеу үшінші немесе белгілі-бір тұлғаға әкелу мақсатында басқа тұлға іс жүзіндегі немесе заңдық іс-әрекеттер жасайтын жағдайларда туындайды. Бұл орайда, біреудің пайдасына іс-әрекет жасаған тұлға белгілі-бір шығынға ұшырауға тиіс, немесе оның өз құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілуі мүмкін.

Соның салдарынан қосымша, заңмен анықталған талаптар болған кезде, пайдасына іс жүзіндегі немесе заңдық іс-әрекеттер жасалған тұлғаның міндеттемесі туындайды. Сонымен бірге, мұндай міндеттеменің туындау жағдайларынан алшақтайтын болсақ, онда оның мазмұны бір нәрседе тапсырма шартының мазмұнына жакын болатындығын атап өтуге болады, бірақ тапсырма шартынан елеулі ерекшелік болып бұл құқықтық қатынастарда олардың жеке сипаттылығынын болмауы табылады, өйткені пайдасына іс-әрекет жасалған тұлға тарапынан таңдау болмайды. Орын алған жағдайлардың ерекшеліктеріне байланысты, іс-әрекет жасаған тұлға мен міндеттеменің екінші субъектісі оған дейін жеке сенімі ерлік қатынастарда болуы мүмкін, және соған орай соңғысының пайдасына белгілі бір іс-әрекеітерді жасау мүмкін болуы мүмкін. Бірақ жеке сенімгерлік қатынастарда болуы міндетті емес. Сонымен қатар басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекетті кез келген тұлға тіпті кездейсоқ субъект жасай алады.

Міндеттеменің осы түрі тындау үшін пайдасына іс-әрекет жасалаған мүдделі тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берілген келісімінсіз іс-әрекет жасау міндетті болып табылады (ҚР АК 855-бап 1-т.). Жалпылама түрде сол бір немесе өзге іс-әрекеттерді жасау туралы келісімнің болмауы туралы айтуға болады. Аталған норма, борышқор өзіне қандай да міндеттемелерді алдын ала алмаған және алуды да ойламаған жағдайда оның заңдық міндеттеу механизмінің әрекетін шартта енгізуді көздеген. Мысалы, мұндай формула орын алған іс-әрекет ақысыз тапсырма шарты емес, тапсырмасыз қызмет аясында болғанын анықтау міндетін қоюға тиіс. Ақысыз тапсырма шарты бойынша сенім білдірілген өкіл адал ниетсіз болуы да мүмкін. Бас кезінде ол тапсырманы (кәсіпкерлік қызмет аясында емес) ақысыз орындауға келісе отырып артынан негізсіз талаптар қоюы мүмкін. Тапсырма шарты бойынша өзінде сыйақы алуға деген құқықтың болмайтынын біле отырып ол талап арыз беріп өз талабын тапсырмасыз қызмет етуден-мыс туындайтын талап ретінде көрсетуі де мүмкін.

Іс-әрекеттерден тұлғаның жеке басына немесе мүлкіне зиян келтірілуін болдырмау, оның міндеттемесін орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделері мақсаттарында жасалуға тиіс. Яғни жасалатын іс-әрекеттер іс жүзінде немесе болжамды түрде нәтижелі болып табылады. Оларды жасаудың айқын тиімділігі немесе пайдалылығы анық болуға тиіс. Бірақ алдында айтылған сөзімізге сүйенетін болсақ, осы іс-әрекеттерді тұлға жасай отырып, олардың шын нәтижелігі туралы қателесуі де мүмкін екенін атап өтуге болады.

Жасалатын іс-әрекеттердің негізділігі мен құқықтық маңыздылығы тағы бір критерий болып мүдделі тұлғаның шынайы немесе болжамды ниеттері табылады. Егер баска тұлғалардың мүддесіне жасалатын осындай іс-әрекеттер олардың қызмет мақсаттарының бірі болып табылатын мемлекеттік органдармен жасалатын іс-әрекеттер туралы сөз болып отырса, онда тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын міндеттеме орын алмауға тиіс.

Басқаның мүддесіне іс-әрекет жасайтын тұлға алғашқы мүмкіндік туған жағдайда мүдделі тұлғаға бұл туралы хабарлауға міндетті. Бұл талапты сақтамаған кезде, мүдделі тұлғаны хабардар ету мүмкіндігі пайда болғаннан кейін жасалған іс-әрекеттер бойынша гестор мүдделі тұлғадан тиісті өтемақы алу құқығынан айырылады.

Жасалған іс-әрекеттер туралы хабардар еткеннен кейін гестор қисынды мерзім ішінде жасалған іс-әрекеттерді мақұлдайтындығы туралы немесе мақұлдамайтындығы туралы шешімді күтуге міндетті. Алайда егер шешімді күту мүдделі тұлға үшін елеулі залал келтіруі мүмкін болса, гестор жауапты күтпестен мүдделі тұлғаның пайдасы үшін қосымша іс-әрекеттерді де жасай алады. Егер мүдделі тұлғамен берілген жауапта гестордің іс-әрекеті мақұлданбаса немесе жауап берілмесе және жағдайға қарай оны мақұлдау ретінде бағалауға болмайтын болса, онда гестор өзінің одан арғы іс-әрекеттерін тоқтатуға тиіс болады.

Іс-әрекеттер жасаған тұлға оларды мүдделі тұлғаның мақұлдамағандығы белгілі болған соң жасаған бөтен мүдделердегі іс-әрекеттер осы іс-әрекеттер жасаған тұлғаға қатысты да үшінші бір тұлғаға қатысты да соңғысына міндеттер жүктемейді. Қатерге ұшыраған адамның өміріне төнген қауіпті жою мақсатындағы іс-қимылға осы адамның еркіне қарсы жол беріледі. Сондай-ақ тұлға біреуді асырау жөніндегі міндетті осындай міндеті бар тұлғаның тапсырмасынсыз және оның еркіне қарсы орындай алады. Яғни бұл жерде борышқор басқаның мүддесіне жасалатын іе-әрекеттен туындайтын міндеттеме бойынша заңға немесе шартқа сәйкес асырауға міндетті болған тұлғалар туралы сөз болып отыр. Мысалы, гестор өмірлік асыраудағы адамның ауыр жағдайын дұрыс тамақтанбауын суық күндері жылы киімінің жоқтығын көріп оған аяушылық білдіргендіктен тамағын, қажетті киімін беретін болса, артынан гестор өмірлік асырауда ұстауға міндетті болған тұлғаға тиісті талаптармен жүгіне алады.

Жоғарыда сипатталған жағдайға қатысты әрине, басканың мүддесіндесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасаудан туындайтын әдеттегі міндеттемелер сияқты дәл сол категорияларды қолдану, борышқорды мүдделі тұлға деп атау қиын және т.с.с. Бірақ заң шығарушылар осындай жағдайларда басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасаудың да болатындығын ескере отырып, оларды жалпылама белгілеген. Бұған қоса, біздің ойымызша бұл жерде регресстік міндеттемелер механизмі де әрекет етеді (қолданылады).

Егер бұл іс-әрекеттер онын қатысуымен жасалса, мүдделі тұлғаға оның мүддесіне жасалған іс-әрекеттер туралы арнайы хабарлау талап етілмейді. Мұндай іс-әрекеттердің жасалуын қаламайтын мүдделі тұлға оларды мақұлдамайтындығын өзі білдіруге тиіс. Басқаның мүддесіне мәмілелер де жасалуы мүмкін. Базардағы сатушы өзінің қасында тұрған басқа сатушы шыдаттырмайтын тіс ауруына байланысты өз тауарын уақытша қалдырып кеткенде оның тауарын ол үшін тиімді бағамен сатып жіберуі мүмкін. Кейбір жағдайларда басқаның мүддесіне іс-әрекет жасаудан туындайтын міндеттеме басқаның мүддесіне мәмілені кәсіпкердің бизнес бойынша әріптесі жасайтын кезде де туындауы мүмкін. Бұл,егер екі кәсіпкер қызметтесу туралы локалды келісімдер мысалы, бір жөнелтушіден алынған әртүрлі тауарларды бірлесе тасымалдау туралы келісімдер бекіткен болса, орын алады. Солардың бірі екінші кәсіпкердің тауарына қатысты жасалған сату туралы офертаға сүйене отырып, оның тауарын жол бойында оның келісімінсіз бірақ, пайда болатындығын ескере отырып сатып жібере алады. Заңнама сонымен бірге басқаның мүддесіне мәміле жасаудың арнайы салдарын көздейді. Басқаның мүддесіне жасалған мәміле бойынша міндеттер ол осы мәмілені мақұлдаған жағдайда мүддесіне мәміле жасалған адамға ауысады оған міндеттердің ауысуына гестор мәміле жасасқан қарсы тарап өз келісімін беруге тиіс. Егер мәміле жасасу кезінде ол бұл мәміленің басқаның мүддесіне жаса-латындығын білген немесе білуге тиіс болған болса, оның келісімі талап етілмейді.

Мәміле бойынша міндеттер мүддесіне осы мәміле жасалған адамға ауысқан кезде соңғысына осы мәміле бойынша құқықтар да берілуге тиіс. Егер мүддесіне іс-әрекет жасалған тұлға оларды мақұлдаса, онда оның гестормен ара қатынасында туындайтын қатынастарға алдағы уақытта тапсырма шарты немесе жасалған іс-әрекеттердің сипатына сай келетін өзге шарт туралы ережелер қолданылатын болады. Сонымен гестордың іс-әрекетін мақұлдаған кезде басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын шарттан тыс міндеттеме тиісті шартқа ауысатын болады. Бұл орайда шарттың заңнамамен талап етілетін нысанын сақтау міндетті емес, мүдделі тұлғаның ауызша мақұлдауы жеткілікті болады. Олар бір уақытта екі құқықтық қатынастарда болады.

Басқаның мүддесіне іс-әрекеттер жасаған адам мүддесіне іс-әрекеттер жасалған адамға есеп беруге міндетті. Бұл міндет тапсырмасыз жасалған әрекеттерге де шарт аясында жасалған іс-әрекеттерге де таралады. Шарт бойынша жасалған іс-әрекеттер бойынша есеп егер, тиісті шарт туралы нормалармен осындай міндет көзделетін болса берілуге тиіс. Есептің мазмұнында түскен кірістер мен жасалған шығындар және өзге де залалдар көрсетілуге тиіс.

Жоғарыда қарастырылған бірқатар талаптар болған кезде және гестор есеп беру жөніндегі міндетін орындаған кезде мүдделі тұлғаның өз міндеттерін орындау кезі туындайды. Оның көлемі заңнамамен анықталады. Міндеттеме тараптары өзара келісім бойынша оны орындаудың тәртібін мерзімдерін және басқа да талап етілетін қырларын нақтылай алады. Оның мазмұны басқаның мүддесіне әрекет еткен тұлғаға залалдарды өтеуді қамтиды. Залалдар басқаның мүддесіне әрекет еткен тұлға жасаған қажетті (артық емес) шығындарды қамтиды. Сондай-ақ залалдар құрамына басқаның мүддесіне әрекет еткен тұлғаның өзге де нақты залалы (алынбаған пайда емес) енгізілуі мүмкін. Мұндай нақты залалға атап айтқанда, егер мүдделі тұлғаның мүлкін құтқару нәтижесінде гестордың денсаулығына зиян келтірілсе, гестордың емделуіне кеткен шығындар жатқызылатын болады. Мүдделі тұлға өзі мақұлдамаған гестордың өз іс-әрекеттерінен туындаған залалдарды өтеуге міндетті емес.

Басқаның мүддесіне жасалған іс-әрекеттер болжанған нәтижеге жеткізбеген жағдайда да қажетті шығындар мен өзге де нақты зиянды өтеу құқығы сақталады. ҚР АК 859-бабының 1-тармағының 2-бөлігі гесторға төленетін сыйақының жоғарғы шегін шектеген. Гестордың қажетті шығындары мен өзге де нақты залалын мөлшеріне қарамастан мүдделі тұлғаның өтемі гестордың іс-әрекетімен құтқарылған сақтап қалынған мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төленуге міндетті. Шарттан тыс міндеттеме шарттық міндеттемеге ауысқаннан кейін тараптардың сыйақы төлеумен байланысты құқықтар мен міндеттері ауысады. Басқаның мүддесіне іс-әрекеттер жасаған тұлғаға мүдделі тұлғаның мақұлдауын алған соң жасаған іс-әрекеттерге байланысты келтірілген шығындар мен өзге де залалдар тиісті түрдегі шарт туралы ережелер бойынша өтеледі. Егер гестордың іс-әрекетінің салдарынан мүдделі тұлға пайда (кіріс) тапса, онда ол гестордың залалдарын өтеумен қатар оған сыйақы да төлеуге міндетті болады. Оның мөлшері мүдделі тұлғаның пайдасына сүйене отырып анықталатын болады.

Егер мүдделі тұлғамен гестор арасында бұл туралы келісімге қол жеткізілсе, сыйақы төлеу мүдделі тұлғаның пайда көруіне қарамастан барлық жағдайларда мүмкін болады. Гестордың іс-әрекеттері оң нәтижеге алып келетін және іскерлік айналым дағдылары сыйақы төлеуді көздейтін жағдайларда да сыйақы төленуге тиіс. Осы айтылғандарды қорытындылай келсек, басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет ету салдарынан туындайтын міндеттеме деп - гестордын қалыптасқан жағдайларда орынды түрде жүзеге асуын ескерумен оларды болжамды пайдалылығы мен нәтижелігіне сүйене отырып жасалған біржақты іс-әрекеттерінен туындайтын міндеттемені түсінеміз. Ол мүдделі тұлғаның (пайдасына іс-әрекеттер жасалған адам) немесе заңнамада көрсетілген өзге де тұлғаның гесторға залалдарды өтеу ал заңнамамен тараптардың келісімімен немесе іскерлік айналым дағдыларымен көзделген жағдайларда оған сондай-ақ сыйақы төлеу міндетін қамтиды.

Біреуге қатысты іс-әрекеттер жасау әрқашан да оңды нәтижеге жеткізбейді, іс-әрекет әрқашан да орын алған жағдай мен тұлғаның болжамды ниеттерімен жетеленбейді, ол әр уақытта оның пайдасы немесе мүддесі үшін жасалмайды. Бұған қоса, адам беру үшін іс-әрекет жасай отырып, оның құқықтары мен мүддесіне зиян келтіруі де мүмкін. Мысалы, адам өміріне оның қандай да бір ауруының асқынуына байланысты жол бойына қауіп төнген кезде оның қасындағы жол серігі оған көмектесіп, ауруын жеңілдету мақсатында оның тамыр ішіне дәрі енгізуі мүмкін. Дәрінің әсер ету эффектісін білмегендіктен ол ауру адамның жағдайын ұшықтырып жіберуі де мүмкін. Осындай мүмкіндікті ескере отырып, 863-бап басқаның мүддесіне жасалған іс-әрекеттермен келгіріліен зиянды өтеу туралы норманы қамтыған.

Басқаның мүддесіне жасалған іс-әрекеттермен келтірілген зиян мүліктік зиянды және мүліктік емес залалды өтеудің жалпы ережелері бойынша өтеледі.

Егер тұлға басқаның мүддесіне іс-әрекет жасай отырып, өз әрекеттерімен басқа тұлғаны негізсіз байытса, онда соңғысы негізсіз баю міндеттемесі бойынша бірінші тұлға (басқаның мүддесіне іс-әрекет жасаған) алдында міндетті болады. Мұндай міндеттеменің негізі болып басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын міндеттемелер негіздерімен шектес жағдайлар табылады. Яғни, мұнда басқаның мүддесіне әрекет ету қажеттілігі іс жүзінде болмаған жағдайлар туралы сөз болып отыр. Бұл орайда сол бір немесе өзге себептерге байланысты (қасақана емес, өз әрекеттерінің қажет емес екенін білмей) субъект басқаның мүдде-сіне іс-әрекет жасап, шығынға ұшырауы мүмкін. Әрине, өзіне қатысты іс-әрекет жасалған тұлға іс-әрекеттердің пайдасыздығына сүйене отырып, басқаның мүддесіне іс-әрекет жасаған тұлғаның залалдарын өтеуден бас тартуы мүмкін. Алайда, егер бірінші тұлға қандай да бір мүлікті соңғысының есебінен иеленсе немесе сақтап қалса, ол осы мүлікті қайтаруға міндетті болады. Іс жүзінде басқа тұлғаның мүддесіне әрекет ете отырып, оның өз мүдде үшін әрекет еттім деп болжамдауы да орын алған жағдайды өзгертпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   151




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет