«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет67/151
Дата25.04.2022
өлшемі0.87 Mb.
#32259
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   151
Сыйақыға жария уәде беру. Жоғарыда атап өткеніміздей, міндеттеменің бір түрі болып сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме табылады. Мұндай міндеттеме де бөлінеді. Сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме тұрмыстық аяда пайда болуы мүмкін. Кейде азаматтар өздеріне тиесілі заттарды (құжаттарды, үй-жануарларын және т.с.с.) жоғалтып алып, оларды іздеп тауып өздеріне қайтаруға талпынады. Соған орай азаматтар оларды қайтаруға үміттене отырып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе хабарлама ілуге арналған арнайы тақтайшаларда хабарламсы бар жария етеді. Азаматтардың осындай іс-әрекеттерінің салдарынан сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттемелер пайда болуы мүмкін. Олардың пайда болу талаптары мен элементтерін қарастырып өтейік.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімін қабылдаумен байланысты аталған қатынастар тек конкурстық міндеттемелер туралы нормалармен ғана емес, сонымен қатар тікелей олжа туралы (АК 245-6) нормалармен де реттелуі мүмкін. Кеңестік азаматтық құқықтың әрекет ету кезеңінде олжа табу мен затты тапқан адаммен оны қайтару кезіндегі тараптардың ара қатынастарын реттеу үшін ұқсастыру бойынша конкурстық міндеттемелер туралы нормалар қолданылды және олжа тапқаны үшін сыйақы төлеу тек соған сәйкес сыйақы алуға деген тікелей құқық туындамаған болатын. Енді, жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, біз міндеттемелер сыйақыға жария уәде беру туралы норманың затын екінші тұлғамен тауып алуға байланысты тараптардың құқықтық қатынастарының аясында да туындай алады.

Егер еске түсірер болсақ, 245-баптың 6-тармағына сәйкес затты тауып алған тұлға затты алуға заңды құқығы бар адамнан зат құнының отыз пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Бұл заң нұсқауына орай туындайтын міндеттеме. Затқа онын меншік иесі немесе өзге де құқық иесі сыйақы беруге уәде бере алады. Бұл орайда сыйақының ескертілген мөлшері заңда көрсетілген мөлшерден кем болуы да мүмкін. Егер затты тауып алған тұлға сыйақының уәде етілген мөлшерімен келіспесе, онда ол не жоғарыда аталған норма негізінде онымен құқықтық қарым-қатынасқа түсе алады, не аз мөлшердегі сыйақыны алуға келіседі (конкурстық міндеттеме түзуге). Егер зат тек оның меншік иесі үшін ғана қызығушылық тудыратын болса, онда сыйақы мөлшері тікелей сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеменің талаптарымен анықталатын болады. Сыйақының нақты мөлшерінің көрсетілмеуі маңызды емес. Мұндай жағдайларда ол сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме бойынша тараптардың қосымша келісімімен белгіленетін болады, егер келісімге қол жеткізілмесе, онда сот тәртібімен анықталады.

Олжа табу кезінде сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме туындау үшін сыйақы беру уәдесінің жария болуы кажет. Жариялылықтың басты белгісі болып адамдардың белгісіз тобына жүгіну табылады. Сондай-ақ мұндай жүгіну сыйақыға уәде берген субъектіні айқындауға мүмкіндік беруге тиіс. Кейбір осыған ұқсас жағдайларда да міндеттеме туындау мүмкін. Мысалы, қылмыскер туралы ақпарат бергені үшін сыйақы беруге уәде етіледі. Сыйақыға уәде берген тұлға оны төлеуді өз пайдасына, өз мүддесіне мүліктік және (немссе) мүліктік емес сипаттағы іс-әрекеттерді жасаумен шарттай алады. Сыйақының өзі бұл орайда әрқашан мүліктік (ақшалай немесе заттай) нысанда болуға тиіс.

Жоғарыда қарастырылып өткен осы жағдайлар конкурс туралы нормаларды ұқсастық бойынша қолдануға қатысты. Ал сыйақыға жария уәде беруден туындайтын конкурстық міндеттеме өз қолданысы көрініс табатын белгілі бір аяларға ие. Олар ҚР АК-ң 910, 911 және 912-баптарының нормаларына толык көлемде жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.

Конкурстық міндеттемелердің көмегімен мәдениет, ғылым, білім ұйымдарының мемлекеттік органдар, коммерциялық құрылымдар, қоғамдық бірлестіктер алдында тұрган әртүрлі мәселелер шешімін табады. Кейбір жағдайларда конкурс конкурсанттардың өз мүдделері, яғни оларды ынталандыру, қолдау және т.б. үшін ұйымдастырылады. Конкурс арқылы интеллектуалдық меншік объектілерін (оларға басым түрде әдебиет, ғылым және өнер туындылары жатады) құру қажеттіліктері жиі қанағаттандырылады.

Конкурстық негізде әртүрлі бағдарламалар (аймақтарды дамыту, қала құрылысы, жастармен жұмыс істеу және т.с.с.) жасала алады. Конкурстық міндеттемелердің ерекшелігі - олар заңнаманың тек жалпы талаптарын ғана ұстануға міндетті. Конкурстық нақты шарттары мен оның мақсаты, пәні (құқық қайшыларын қоспағанда) тұтастай және толығымен конкурс ұйымдастырушыларымен анықталады. Сонымен қатар, сыйақыға жария уәде беру міндетті түрде тапсырма мәнісін, нәтижелерді ұсыну белгілері мен тәртібін, сыйақы мөлшері мен нысанын көздейтін шарттарды қамтуға тиіс. Конкурстың шарттары нәтижелерді жария етудің тәртібі мен мерзімдерін де көздеуге тиіс.

Бастамашы конкурсты ұйымдастыру кезінде өзінің жария хабарламасына сәйкес өзіне жұмысты жақсы орындағаны немесе өзге де нәтижелерге қол жеткізгені үшін ақшалай немесе өзгеше нысанда сыйақы төлеу туралы міндеттеме алады. Яғни, ол барлығына емес, тек аталған талаптарға сай келетін тұлғаға ғана төленеді. Орын алған жағдайға қарай бұл ережелер біршама өзгеруі де мүмкін, мысалы, егер конкурстың ұйымдастырушылары сыйақы төленетін бірнеше номинация көздеген болса.

Сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені орындау конкурс шарттарына сәйкес жүргізіледі. Оны төлеу тәртібін конкурстық міндеттемеде тікелей реттеу, әрине, орын алмайды, ол ақшалай немесе өзге де мүліктік міндеттемені орындаудың жалпы ережелеріне сәйкес анықталатын болады, бірақ оны орындау мерзімі аса маңызды болып табылады. Сыйақы төлеу туралы шешім және оны іс жүзінде төлеу уәдеде белгіленген мерзімдерде қабылдануға және жүзеге асырылуға тиіс.

Сыйақыға жария уәде беру бойынша өз міндеттемелерін орындаған конкурс бастамашысы, егер сыйақыға жария уәде беруде өзгеше белгіленбесе, туындыны жасаушымен оған қаламақы төлей отырып, оны пайдалануға шарт жасауға басымды құқық алады. Яғни белгілі бір шамада конкурсқа қатысу конкурстантты да міндеттейді. Ол ұсынылған талаптарға алдын ала келісім береді және сондықтан ол жасаған туындыны пайдаланғаны үшін сыйақы азайтылуы мүмкін немесе автор конкурс бойынша сыйақыны алып қойғанына байланысты белгілі бір кезеңде мүлдем төленбейді. Мұндай жағдайларда тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, сыйақыға жария уәде беру шарттарына, сондай-ақ интеллектуалдық меншік объектілерін жасауға байланысты қатынастарды реттейтін заңнамаға сүйену керек.

Сыйақы туралы жария уәде берген тұлға, егер конкурс шарттарында өзгеше көзделмесе, сыйақы тағайындалмаған жұмыстарды олардың жасаушыларына қайтарып беруге міндетті. Жұмыстар қайтарылмайтын жағдайда, конкурстың ұйымдастыру-шылары авторлардың айрықша құқықтарын сақтамайынша оларды пайдалануға құқылы емес. Сыйақы төлеу туралы жария хабарлама берген жеке тұлға немесе ұйым дәл сондай нысанда берілген уәдеден бас тартуға құқылы. Егер бұл конкурс шарттарында тікелей ескертілсе, олардан бас тартуға жол берілмейтіндігі айқын көрсетілсе немесе сыйақы уәде етілген іс-әрекеттерді жасау үшін белгілі бір мерзім берілген болса, бас тартуға жол берілмейді.

Жария уәдеден бас тартуға үн қоскан адамдардың ен болмағанда біреуі хабарламада көрсетілген іс-әрекеттерді орындап қойған кезде де жол берілмейді. Өз уәдесінен бас тартқан субъект хабарламада көзделген іс-әрекеттерді жасаған кез келген үн қосқан тұлғаға іс-әрекеттер жасауға байланысты көтерген шығындарын өтеуге міндетті. Аталған ережені конкурс бастамашысы үшін белгіленетін жауапкершіліктің санкциясы ретінде қарастыруға болады. оның мөлшері бұл жағдайда конкурстанттардың нақты залалдарымен шектеледі. Сонымен қатар барлық жағдайларда өтемнің мөлшері хабарландыруда аталған сыйақыдан аспауға тиіс.

Конкурстың күші жойылмайтын ал конкурсант сыйақы алуға лайық болмайтын кәдімгі жағдайларда оның шығындары өтелмейді. Сыйақыға жария уәде беруге лотереялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткізу де жатады. Конкурс бұл жерде басқа маңызға ие, үміткерлерді іріктеу кездейсоқ негізде жүзеге асады жәме лотереяларды тотализаторлар мен өзге де ойындарды өткізген кезде конкурстық міндеттемелердің шарттан тыс табиғаты неғұрлым айқын көрініс табады.

Бұл конкурстық міндеттеме субъектілік құраммен ерекшеленеді. Лотереялардың тотализаторлардың, ойындардың ұйымдыстырушылары болып уәкілетті органдар (немесе олардың өкілдері) арқылы мемлекет немесе әкімшілік аумақтық бөлініс не уәкілетті мемлекеттік органнан лотереялар, тотализаторлар мен тәуекелге негізделген басқа да ойындар өткізуге лицензия алған субъектілер табылады. Лотереялардың (тотализаторлардың, ойындардың) ұйымдастырушысы ретінде субъектілердің соңғы аталған тобы қатысқан кезде лотереяларды, тотализаторларды ойындарды өткізуден туындайтын міндеттеме кәсіпкерлік те болып табылуы мүмкін.

ҚР АК 913-бабында сөз болып отырған лотереялар, тотализаторлар немесе өзге де ойындар тәуекелге негізделген. Оларға қатысу жөніндегі ұсыныс әр уақытта адамдардың белгісіз тобына арналады. Аталған баптың 1 -тармағында лотереялық билет, түбіртек немесе өзге құжат берумен рәсімделетін және ойынға қатысушы лотереялық билеттің құнын немесе ойынға қатысудың өзге төлемін төлеген кезден бастап жасалған боп танылатын шарт туралы айтылған. Мұндай шарттың болуы конкурстық міндеттеменің пайда болуының тек бір ғана алғышарты болып табылады. Шарт ойынға қатысу үшін қатысушының төлем енгізуіне және оны ойынға қатысуға ойындардың ұйымдастырушысымен жіберуге (қажетті акпаратты, толтыру карточкалары және т.б. беруге) қатысты тараптардың құқықтары мен міндеттерін бекітеді.

Ойындарды ұйымдастырудан туындайтын міндеттеменің өзі ойынның қатысушысы сол бір немесе өзі де ойын (лотерея тотализатор) бойынша ұтыскер критерийлеріне (ұтыскердің сол бір немесе езге категорияларына) сай келген жағдайда ғана туындайды.

Лотереяларды өткізу шарттары жалпылама түрде заңнамамен анықталады. Лотереялардың, ойындардың, тотализаторлардың нақты шарттары ұйымдастырушылардың өздерімен анықталатын болады.



Ұйымдастырушы міндеттемесінің мәнісі мынада: лотерея, тотализатор немесе өзге де ойындар өткізу шарттарына сәйкес ұтыскер болып танылатын адамдарға ұйымдастырушылар ойындарды өткізудің шарттарында көзделген мөлшер мен нысанда ақшалай немесе заттай) ұтысты төлеуге тиіс. Ұтысты төлеу мерзімдері ойындардың шарттарымен анықталуға тиіс. Егер мерзім көрсетілмесе ұтыс ойындардың нәтижелері шыққан кезден бастап он күннен кешіктірілмей төленуге тиіс. Егер ойындардың ұйымдастырушысы ұтысты төлеу жөніндегі өз міндетін орындамайтын болса, онда оларды ұтып алған қатысушы оған ұтысты төлеуді, сондай-ақ өзіне келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.

Заңнама ережелеріне сәйкес, тиісті органдардың бақылауымен лотереяларды, тотализаторларды және өзге де ойындарды ұйымдастырудан туындайтын міндеттемелерден жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалар арасында ойындар мен бәстесуді өткізуге және оларға қатысуға байланысты туындайтын міндеттемелерді ажыратқан жөн. Әрекет етуші заңнамада ойындар мен бәстесуден туындайтын талаптардың пайда болу мүмкіндігі танылады. Бірақ оларды осы құқықтық терминнің толық мағынасында міндеттемелер деп атауға да болмайды. Осы "міндеттемеден" туындайтын талаптар сот тарапынан қорғалуға жатпайды және соған орай, оларды орындау "борышқордың" еркіне қалдырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   151




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет