«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет96/151
Дата25.04.2022
өлшемі0.87 Mb.
#32259
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   151
Ғұмырлық рента шарты. Шарт элементтері. Ғұ-мырлық рента алушы ретінде бірнеше субъектілер бола алады. Ғұмырлық рента алушылар егер шартта өзгеше көзделмесе бірдей тең құқылы болады (олардың үлестері тең). Ғұмырлық рснтаны алушылардың біреуі қайтыс болса, онда оның рентаны алу құқығындағы, шартпен өзгешелік қарастырылмаса, артында тірі қалған рента алушыларына өтеді. Рента алушылардың соңғысы кайтыс болғанда рентаны төлеуге катысты міндеттеме толығымен тоқтатылады. Шартты жасасу сәтінде қайтыс болған азамат пайдасына рентаны (оны алу құқығын) орнататын шарт жарамсыз болып табылады. Осы себептен ғұмырлық рента міндеттемесі олардың орындалуы жеке несие беруші үшін арналған міндеттемелерге жатады (ҚР АК 376-бап 2-т).

Рента төлеушілері болып қандай да болсын тұлғалар бола алады. Олар үшін міндеттеменің жеке мінезі болмайды. Әмбебап немесе сингулярлық мирасқорлық тәртібінде рентаны төлеу бой-ынша міндет қандай да болсын жеке және заңды тұлғаларға ауыса алады.

Ғұмырлық рента шартының пәні болып әрбір козғалатын және қозғалмайтын мүліктер жатады (азаматтық айналымнан алып тасталған мүліктерді қоспағанда). Екінші құрама бұл ренталық төлемдер пәні (нысанасына) қатысты ғұмырлық рента шартының тұрақты рента шартына қарағанда тағы да бір елеулі айырмашылығы бар. Ол бойынша рента натуралды (заттай) нысанында төленуі мүмкін емес, ол тек ақшалай төленеді. Ғұырлық рента шартта қарастырылатын, рента алушысына оның өмір бойы мерзімді (мезгіл мезгілімен) төленіп тұратын ақшалай сома ретінде анықталады. Ғұмырлық рентаның мөлшері шарттың міндетті жағдайларына жатады. Ол Қазақстан Республикасының заңамасы бойынша бекітілген ең төмен жалақының мөлшерінен кем болмауы керек.

Рентаның мақсатты пайдалануы тікелей заңмен қарастырылмаған. Бірақ, егер біз ҚР АК 532-бабымен қарастырылған ғұмырлық рентаны төлеудің мерзімдерін басшылыққа алатын болсақ, біз заңнама ғұмырлық рента жеке тұтынуға арналғанын қарастыратынын түсіне аламыз. Тұрақты рентадан айырмашылығы ғүмырлық рента ай сайынғы төлемдер түрінде әрбір кезекті ай аяқталған соң, төленіп тұрады.

Мазмұны. Рента төлеуші рента төлемдерін уақтылы мерзімде төлеуге міндетті. Шартта көрсетілгендей тұрақты рента шартынан ерекше айырмашылығы рента алушылар өмір бойына төлейді.

Ғұмырлық рентаны сатып алу тәртібі тұрақты рентаны сатып алумен бірдей болып келеді (ҚР АК 528-бабы). Заң-ның бір кемшілігі, онда ғұмырлық рента шартын елеулі бұзу не болып келетіні анықталмаған. Егер ғұмырлық рента төлеу үшін мүлік тегін берілсе, ол мүлік қозғалатын-қозғалмайтын болғанына байланыссыз рента төлеуші шартты бұзса рента алушы мүлік қайтарылуын талап ете алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   151




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет