Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет23/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   213
Бақылау сұрақтары:
1. Экономикалық талдаудың тарихы
2. Экономикалық талдаудың даму келешегі.
3.Экономикалық талдау жүйелілігі мен кешенділігі
4.Экономикалық талдау пәні мен объектілері
5.Экономикалық талдау мақсаты мен басқа ғылымдармен байланысы
3. тақырып Нарықтық экономикаға көшу кезеңі

1.Нарықтық экономикаға көшу кезеңі


2. Нарық еркіндігі экономикалық  жауапкершілік
3. Экономиканың ашықтығы ,Бәсеке
4. Нарықтық баға қою жолдары
5. Халық тұтынатын товарлар өндіретін салардың үлесі 

Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі, және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында тәжірибе мен республикамызға тән ерекшелерді ескере отырып, экономикалық дербес дамудың жолдарын қарастыру міндеттері тұр.


Мұның өзінде кәсіпкерге деген жоқтаусыз еркіндік болмайтындығын есте сақтау керек. Нарықтық экономиканың қай-қайсысы болмасын өркениетті мемлекеттерде реттеліп отырады. Нарықты және қатынастарды мемлекет тарапынан реттеп отыру осындайдан туындайды. Мәселе тек мемлекет қандай амалдар қолдануда. Нарықтың мемлекеттік реттеушісі ретінде мемлекеттік бағдарламалар, салық салу, несие қаржы жүйесі, банк жұмысы, еңбек жайлы заңдар монополиялыққа қарсы шаралар, халықты әлеуметтік қорғау сияқтылар араласады.
Нарық еркіндігі экономикалық  жауапкершілікпен, кәсіпкердің тәуекелімен  қатар жүреді. Теңдік құқығы енгізіліп, меншіктеудің қанша бір түрлеріне еркіндік туғызған нарық шағында кәсіпкерші шаруа иесі толығынан экономикалық жауапкершілікте болады.
Тұтынушының үстемдігі, яғни тұтынушының өндірушіге өктемдігі.  Жеткіліксіз дүниеде өндіруші  тұтынушыға өз шартын қояды. Өндіріс өнімі сол қалпында қалса да немесе тіпті өнім беру азайса да баға дегеніміз көтеріле береді, өндіруші ешнәрседен қаймықпай-ақ өнім сапасын төмендетіп, пайда табады.
Көлденең араласқа шығысымен  шаруа иелерінің экономикалық  еркіндігі кеңейе түседі, ал мұның өзі әрқайсысынан өз жолын тауып, іс-қимылын қайта қарау, бағаны еркін қою, кіріс пен пайданы бөлісу, бәсеке механизмінің көмегімен қаражат-несие жолдарын пайдаланып, өз білгенін істеу әрекетін туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет