Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Экономикалық категориялар



бет27/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   213
Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б. Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда, жүйелік әдіс қолдану керек жағдайда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдалануда болған қателікті барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-тендікті жояды. Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп, ірі топта бөледі.
Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары.
Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет.
Қажеттіктер — бұл қанағаттандыруды тілейтін, өмір сүру және организмді дамытуды қамтамасыз ететін, адамның жеке басын дамыту үшін қолданылатын объективтік керектік болып табылады.
Адамның қажеттіліктері көп түрлі болады. Американдық ғалым А.Маслоу бойынша, "төменгі сатыдағы" материалдық қажеттіктерді бастап, "жоғарғы сатыдағы" рухани қажеттіктер былай орнатылады:
1.физиологиялық қажеттіктер (тамаққа, ішімдікке, т.б.);
2.қауіпсіздік қажеттіктері (аурудан, жанжалдан, қорқыныштан, т.б.);
3.әлеуметтік байланыстарға деген қажеттіктер (сүйіспеншілік, кейбір топтардың мүшесі болуға, т.б.);
4.өзін-өзі сыйлап қадірлеуге (мақсатқа жетуге, өзін танытуға т.б.) қажеттіктер;
5.өзін-өзі мадақтауға (қабілеттерін жүзеге асыру жағдайында түсінуге, т.б.) қажеттіктер.
Қажеттіктердің бұл классификациясын олардың басқаша классификациясымен толықтыруға болады: материалдық пен рухани қажеттіктер, рационалдық пен иррационалдық, абсолюттік пен ақиқат, нақты, жете түсінілген мен жете түсінілмеген, қате түсінілген т.б. қажеттіктер. Жеке түсінілген қажеттіктер еңбекке деген ынта- жігер тудырады. Бұл жағдайда кажеттіктер өзінің нақты формасына, мүдделер формасына ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет