Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Аудит барысында қолданылатын бірнеше экономикалық талдау әдістерін қарастырайық



бет30/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   213
Аудит барысында қолданылатын бірнеше экономикалық талдау әдістерін қарастырайық.
1.Ақпаратты оқу әдісі. Бұл әдістің мақсаты қорлардың, мүліктің нақты мөлшерін анықтау, олардың тиімді пайдалану жолын және кәсіпорынның табыстылық деңгейін тексеру. Шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын қандай шаруашылыққа жұмсалғанын және ақпараттан тыс көрсеткіштер көрсетілген болса соның заңдылығын, экономикалық тиімділігін анықтап, талдау жасау. Ақпаратты оқу барысында, қосымша информацияларға, тіркеулерді көрсетілген мәліметтерге ерекше көңіл бөлінеді.
2.Шаруашылық саласындағы салыстырмалы талдау әдісі. Шаруашылық саласындағы бірнеше кәсіпорындар ақпаратын салыстыру арқылы экономикалық талдау жасаған кезде олардың арасында бір-біріне экономикалық жағдайларының айырмашылықтары анықталады. Аудитор салыстырмалы көрсеткіштер арқылы әрбір жеке шаруашылық субъектілерін жетістіктері мен кемшіліктерін, қаржылық жағдайын талдап, өз қорытындысын жасайды. Осы орайда аудитор салыстырмалы талдау арқылы салыстырмалы уақытта қандай толқу, өзгерістер қандай себептерден боғанын анықтап оны нақты ақша өлшемімен және процент көрсеткішімен көрсетеді.
3.Ақпарат пен нақты көрсеткіштерді салыстырмалы талдау әдісі. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері өздерінің шаруашылығына бизнес-жоспарын және табыстылық нәтижесінің көрсетуіне бағдарлама жасайды. Бұл бағдарлама кәсіпорынның басқарушылық есебінің негізін анықтайды.
А.Д. Шеремет пен В.П. Суйцтың аудит бойынша екінші қайтара шығарылған оқулығында аудит түрлері сараланып беріледі. Осы жіктелімге сай аудит төмендегі түрлерге бөлінеді:
 
 Қазіргі кезге дейін сыртқы аудит мәселелері арастырылды. Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет.
Ішкі аудитордардың белгілі бір қызметін басшыға немесе директорлар кеңесіне немесе акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер:
активтердің жағдайын бақылау: шешім қабылдау кезінде басшылық пайдаланатын ақпараттың дұрыстығын дәлелдеу;
жүйеішілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу;
ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ақпараттарды өндеудін тиімділігін талдау;
басқарушы ақпараттық жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.
Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан-жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылау да жүзеге асырылады.
Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар, аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Сыртқы аудиттың тағы ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар болмауында, ұйым басшылығы мен туыстық катынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады.
Сыртқы аудитты жүргізу нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі аудит жағдайы және қаржылық есептілік берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау және ұсыну арқылы рәсімделеді.
Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамашылық (ерікті) болып бөлінеді. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" заңының "Аудит және оның түрлері" деген 4-бабында "Аудит түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып табылады" деп көрсетілген.
Міндетті аудит — тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.
Бастамашылық аудит оны жүргізу шартында көрсетілген аудитгің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешімімімен жүргізіледі.
Қаржылық есептілік беруді тексеруден басқа аудиторлық фирмалар басқа да қызметтерді көрсете алады. "Аудиторлық қызмет туралы" заңында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар қаржылық есептілік беру аудитінен басқа өз қызметінің профилі бойынша төмендегі қызметгерді көрсете алады:
Бухгалтерлік есептілікті ұйымдастыру, қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық және статистикалық қорытынды есепті құру;
салықтық жоспарлау, бюджетке міндетті төлемдерді есептеу, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметті талдау;
қаржылық, салықтық, банктік және басқа шаруашылық заңының мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсету;
қосымша кәсіби білім беру ретінде Бухгалтерлік есептілік, салық есебі, қаржы-шаруашылық қызмет аудиті мен таддауына оқыту оқытушылық, ғылыми қызмет;
Бухгалтерлік есептілікті автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті автоматты жүргізуге оқыту;
бағалы қағаздар рыногындағы қызмет;
адвокат (қорғаушы) қызметімен байланысы жоқ заң қызметтерін көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет