Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Шаруашылықаралық салыстырмалы талдау



бет36/213
Дата15.01.2023
өлшемі0.71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   213
Шаруашылықаралық салыстырмалы талдау – талдамалы кәсіпорынның көрсеткіштерін шаруашылықтың бірдей жағдайындағы ең жақсы нәтижелерге ие басқа кәсіпорын көрсеткіштерімен салыстыруда жоғары мәнге ие. Мұндай талдау алдыңғы тәжірибені үйрену мен өндірістің жаңа мүмкіндіктерін іздеуге және кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыруының қорларын анықтауда маңызды тәсіл болып табылады.
Талдауда өте жиі зерттеліп отырған кәсіпорын көрсеткіштері ортасаладағы мәліметтермен немесе министрлік, топтасу, концерн бойынша мәліметтермен салыстырылады. Мұндай салыстыру талдалмалы кәсіпорынның қызметін толық әрі объективті бағалау үшін және оның шаруашылық қызметінің нәтижелерін анықтайтын жалпы және ерекше факторларды үйрену үшін қажет.


Бақылау сұрақтары:
1. Салыстыру-талдаудың негізгі тәсілі.
2. Салыстыруды қолдана отырып жетістікке жететін қарапайым жағдайлар мен мақсаттары
3. Салыстырудың түрі


11. тақырып Индекстің әдіс-зерттелетін көрсеткішке әр түрлі факторлар әсер етуін анықтайтын әдіс.

1. Индекстің әдіс туралы түсінік


2. Индекстердің жіктеу белгілері және түрлері
3. Индекстік әдісті қолдан міндеттерді

Индекс деп –тікелей қосуға болмайтын элементтерден тұратын қоғамдық құбылыстардың жоспармен немесе нормативпен салыстырылуын анықтайтын және уақытқа байланысты кеңістіктегі құбылыстардың өзгерісін орта есеппен сипаттайтын қатысты көрсеткішті айтады. 40-кестеде индекстердің жіктеу белгілері мен түрлері берілген.


Индекстік әдісті қолданғанда мынадай ұғымдар мен белгілеулер қолданылады:
индекстер жиынтығы –– индекстерді есептеуге кіретін элементтер тізімі;
индекстелетін шама –– өзгерісі зерттелетін белгінің мәні.
Индекстерді құрған кезде индекстелетін шама әрқашан өзгермелі болып табылады. Әрбір индекстелетін шаманың өзіне тән белгілеуі болады:
p – өнім бірлігінің бағасы,
z – бір дана өнімнің өзіндік құны,
q – өнімнің физикалық көлемі,
pq – тауар айналымы,
zq – өнім өндіруге жұмсалған шығын,
T – уақыт шығыны (жұмысшылардың саны)
W – еңбек өнімділігі,
t – өнімнің еңбек сыйымдылығы;
3. Индекстің салмақтауышы деп –– индекстерді құрған кезде тұрақты шама болып табылатын көрсеткіштерді айтады.
Базалық кезеңнің деңгейі «0» –деген таңбамен, есепті кезеңнің деңгейі «1» – деген таңбамен белгіленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   213




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет