Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Ақпараттық қамтамасыздандыру



бет44/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   213
Ақпараттық қамтамасыздандыру - бұл өзінің қарамағына топтастыру және кокодттау жүйелерін, құжаттардың унифицталған жүйесін, құжаттар нұсқалары мен құжат айналымының ұтымдандырылуын , ақпараттық жүйенің ішкі машиналық ақпараттық базасының құрылуының әдістерін қамтитын ақпараттарды тарату және ұйымдастыру бойынша әдістер мен құралдардың жиынтығы. Көп жағдайда өңделген ақпараттық қамтамасыздандырудың сапасына қабылданатын басқару шешімдерінің түсініктілігі мен сапасы тәуелді болады.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру - есептеу техникасының құралдарының мәліметтерді өңдеу жүйесін құру және іске қосу үшін бағдарламалық құралдар жиынтығы. Бағдарламалық қамтамасыздандыру құрамына базалық (жалпыжүйелік) және қолданбалы (арнайы) бағдарламалық өнімдер енеді.
Техникалық қамтамасыздандыру базалық бағдарламалық құралдар адам мен компьютер арсындағы ара қатынасты автоматтандыру үшін , мәліметтерді өңдеудің типтік процедураларын ұйымдастыру үшін, мәліметтерді өңдеу жүйесінің техникалық құралдарының қызмет етуін тексеру және бақылау үшін қызмет атқарады.
Құқықтық қамтамасыздандыру ақпараттық жүйенің құрылуы мен қызмет етуін мәлімдейтін құқықтық нормалар жиынтығын білдіреді. Ақпараттық жүйені өңдеудің құқықтық қамтамасыздандырылуы ақпаратттық жүйені өңдеуші мен тапсырыс берушінің арасындағы келісім -шарт қатынастарының нормативті актілерін, ауытқуларды құқықтық реттеууді қамтиды. Мәліметтерді өңдеу жүйесінің қызмет етуін құқықтық қамтамасыздандыру келесілерді қамтиды: есептік техникасын қолдану арқылы алынған құжаттарға заңды күшін беру шарттары; персоналдың қызығушылығы, міндеттері және жауапкершілігі, сонымен қатар, ақпаратты өңдеудің дер кезінде орындалуы мен нақтылығы; ақпаратты қолданудың тәртібі және оның түсініктілігіне байланысты дау - дамайды шешу тәртібі және тағы басқа.
Ақпараттық жүйені жобалаудың бастапқы материалы болып басқару объектісін талдау нәтижелері қызметт атқарады, олар ең алдымен басқару жүйелерінің қызметін және мәліметтерді өңдеу жүйесінің көмегімен олардың әрқайсысы шешілетін тапсырмалады анықтауға мүмкіндік береді.
Қызметтік құрылымға байланысты төмендегілер анықталады немесе өңделеді: қызметтік жүйешелерді жүзеге асыру үшін қолданылатын математикалық модельдер мен алгоритмдер. Содан кейін барып қажетті ақпараттың құрамы, оны ұйымдастырудың тәсілдері анықталады, қажетті бағдаламалық және техникалық қамтамасыздандырудың таңдалуы немес өңделуі жүзеге асырылады, персоналдың ұйымдастыру және қызсмет ету міндеттері нақтыланады. Ақпараттық жүйенің қызмет ету жағдайында басқарудың ұйымдық құрылымының элементтерінің арақатынасының тәртібін құқықтық қамтамасыздандыру бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет