Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі №38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі



Дата04.05.2023
өлшемі139,21 Kb.
#89681

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Тарих, экономика және құқық факультетінің 2 курс
Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерін даярлау”
ИСТ-21 топ студенті
Кобдабаева Жанеркенің
Үздіксіз сарамандық жұмысының жеке жоспары

Орал-2023


ТАӘ: Кобдабаева Жанерке
Мамандығы: “6В01601-Тарих”
Тобы: ИСТ-21
Мектеп: «№38 жалпы білім беру орта мектеб-лицейі»
Мектептің мекен-жайы:Халел Досмұханбетов көшесі,32
Пән мұғалімі: Киясова Нурсулу Садыковна
Сынып жетекшісі: Мухамбетова Саягул Жубандыковна
Әдіскер: Тапаева Жанерке Таулбаевна

Орал-2023


Махамбет Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан университетінің
2 курс студенті машықкер
Кобдабаева Жанеркеге

Мінездеме
Кобдабаева Жанерке 23.01.2023ж – 01.04.2023ж уақыт аралығында мен жетекшілік ететін 5 “б” сыныбынан педагогикалық машықкерліктен өтті. Бірінші күннен бастап-ақ сынып оқушыларымен танысып, араласып кетті. Сыныпты үнемі бақылап, ізденістер жүргізіп тұрды. Менімен әрдайым байланыста болып, сыныпта болып жатқан жағдайлармен, оқушылардың жағдайымен бөлісіп отырды. Әр оқушыға жеке көңіл бөліп, оқушылар туралы ақпараттарды жан жақтан жинап, педагогикалық өмірге деген қызығушылығы бар екенін айқын аңғартты.
Әр кез жақсы, көтеріңкі көңіл күйде жүреді. Мектеп талаптарын сақтап, болашақ мұғалім екенін көрсетіп, сезініп жинақы әрі таза формада жүреді. Жағымсыз, қыңыр қылықтарын байқамадым. Өте ақылды, жан-жақты, пысық қыз.Қосымша тапсырмалар сұрап, орындап жүрді.2 курс студенті, алғаш рет машықкерліктен өтсе де біраз ақылдылығын, қолынан көп нәрсе келетінін көрсете білді. Кобдабаева Жанеркеге қарап отырып Махамбет Өтемісов атындағы университеттің өте сапалы біліммен қатар, жақсы тәрбиеде беретініне көзім жетті.
Кобдабаева Жанеркеге қарап болашақта шәкірттеріне сапалы білім беріп, үлгі болатын парасатты мұғалім болатындығына сенемін!

Пән жетекшісі: Киясова.Н.С.


М.Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан
Мемлекеттік университетінің
Тарих,экономика және
құқық факультетінің
«Тарих» мамандығының
2 курс студенті машықкер
Кобдабаева Жанеркенің сарамандық машықтан


Есебі
Мен, Кобдабаева Жаерке 23.01.2023ж – 01.04.2023 ж уақыт аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында орналасқан «№38жалпы білім беру орта мектебінің” үздіксіз сарамандық машықтан өттім. Мен өзіме жүктелеген 5 “б” сынып оқушыларымен және сынып жетекшісіМухамбетова Саягул, тарих пәнінің мұғалімі Киясова Н.С. таныстым. Жалпы сынып оқушыларының саны 24 оқушы, олардың 11-ұл бала, 13-қыз бала. Маған берілген 1 ай уақыт бойы оқушылардың сабағына барынша үздіксіз қатыстым. Сабаққа қатысу арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтап, оқу үлгерімдерін білдім. Бірінші күннен бастап, пән мұғалімі оқушыларға өткен тақырыпты қайталатып, жаңа тақырыпты мұқият түсіндірді. Әрбір өткізілген сабаққа ізденіспен қарап, толық ақпарат беруді үйрендім. Сынып оқушылары бір-бірімен жақсы қарым қатынаста, ұйымшыл, білім деңгейлері жақсы. Сыныбымның оқу тәрбие жұмысымен таныстым. Сонымен қатар, сарамандық машық кезінде көптеген тәжірбие алдым, соның ішінде оқушылармен жұмыстануды, сабақ берудің тиімді әдістерін көріп, меңгердім. Оқушылармен қалай-қарым қатынас жасауды, ұйымдастыруды, сабақ өткізу үлгілерін үйрендім.


Студент-практикант: Кобдабаева.Ж

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет