Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Коммерциялық емес



Дата28.10.2022
өлшемі266,87 Kb.
#45893

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Әлеуметтік пәндер кафедрасы




№1,2 СӨЖ ЖҰМЫСЫ


Пән: Философия

Тақырыбы: Қазіргі заманғы қазақ жастарының этикалық құндылықтары.


Мамандық: Электроэнергетика.

Орындаға:Ақнияз Ақтан тобы:ЭЭк-22-8


Қабылдаған: ф. ғ. к., доцент Апашов С.Б.


Алматы 2022


Этикалық құндылықтар дегеніміз, ең алдымен, адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудағы құндылықтары. Грек тілінен дағды, әдет-ғұрып мағынасын беретін бұл ұғым ауқымына адамның ұстанатын салт дәстүрінен бастап, қоғамдағы өзін-өзі ұстауда көрініс табатын мораль, принциптер мен стереотиптер, адамгершілік қасиетер, сонымен қатар мейірім мен мәденет кіреді
Қазіргі таңда әлеуметтанушылар «жастар» деген ұғымды жас ерекшеліктер және сонымен байланысты қызмет түрлерінің негізінде пайда болатын топтасқан көпшіліктің жалпылама жиынтығы ретінде айқындайды. Қысқа мағынада, жастар–жас адамдардың әлеуметтік жағдайының ерекшелiктерi, олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен қызметі, ерекше құндылықтары мен мүдделері негізінде бөлінетін әлеуметтік-демографиялық топ. Әлемде БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 15-пен 24 жас аралығындағы жас азаматтар 1,3 миллиард шамасында. ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 14 жастан 29 жасқа дейінгі адамдарды жастар деп атау қабылданған. Бұл жастағы адамдар тобы еліміздегі тұрғындар санының 27,4% (4 510 435 адам) құрайды және өте маңызды болып табылады, тіпті оларды қоғамдағы ең шешуші звено деп айтуға болады

Мемлекетіміздің тұрақты даму үдерісіндегі шарттардың бірі – жас ұрпақтың әлеуметтік бағытталуы және азаматтық қалыптасуы үшін ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау және оларды нығайту.

Жастардың пiкiрлерiн зерттеу, жастар саясатының үрдісіне, жастардың бүгінгі таңдағы құндылықтарына және қазiргi жай-күйiне уақытылы мониторинг жүргізу мемлекет үшiн өте маңызды. Бұл мақсатта Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының iске асырылуын зерделеу жөніндегі бірқатар социологиялық және талдамалы зерттеулер жүргiзiлуі аса маңызды болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жеткiлiктi нормативтік–құқықтық базамен қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бекітіліп, 2004 жылы «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заң қабылданды. Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясында, басқа да маңызды стратегиялық құжаттарда жастар саясатына арнайы бөлім арналған. Бiлiм және ғылым министрлігінің құрылымында, аталған саладағы бейіндік мемлекеттік орган болып табылатын Жастар саясаты департаменті жұмыс iстеуде.

Бәрімізге мәлім, соңғы жылдары мемлекетімізде жастармен белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде – жастардың жаңа қоғамдық бірлестіктері құрылды, сонымен қатар облыс аудандарында әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары атқарылды, жыл сайын жастар форумдарын, кәсіптік конкурстар, фестивальдар, отансүйгіштер шеруін өткізу дәстүрге айналды, жастарды әлеуметтік қорғаудың әртүрлі нысандары енгізіліп отыр. Алайда, қазіргі таңдағы қоғамдағы беталыс, қоғам мен мемлекет тарапынан жас ұрпақтың қалыптасуы мен тәрбиеленуі проблемаларына ерекше назар аударылуы мемлекеттегі жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа сапалы тәсілдерін әзірлеуді қажет етеді. Осы ретте, жастар саясаты бүгінгі күні жас ұрпақтың қоғамдық өмірге әлеуметтік кірігуінің бірден-бір мүмкін боларлық тетігі болып табылады.

Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және егемен еліміздің перспективалық дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастар саясаты мемлекет мүддесі мен мемлекеттің болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар интеллектуалды және рухани-саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтiк дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшiн қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту болып табылады. Зерттеу жұмысының негізгі аспектісі ретінде жастардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық қамсыздандыру мәселесі алынды. Жастар саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі өзінің әлеуметтендіру процесінде жас адамның кезігіп отыратын өмір қиыншылықтарымен айқындалады. Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілмей отырғандығын атап өтуге болады. Жастар өзінің біліктілігі және кәсіби даярлығы деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың аз қорғалған бөлігі болып табылады. Жұмыссыздық және рухани шектелу қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік және осы сияқты әлеуметтік құбылыстардың таралуы - олардың басты факторы болып отыр.

Жастардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы статистикалық көрсеткiштер қатарынан көрінеді және әрбір жас азаматтың қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Жастық шақ кезеңіне адам өмірінің басты әлеуметтік және демографиялық құбылыстары: жалпы орта білімді аяқтау, мамандық таңдау және кәсіби білім алу, еңбек жолының бастау алуы, отбасын құруы, балалы болуы енеді.

Жастар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. ҚР-да 2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша 14-пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 4 510 435 адамды, яғни жалпы халық санынан алғанда 27,4%-ды құрады. Қазіргі таңда 18 жасқа дейінгі жастардың саны 4728543 (еліміздегі халық санының 29,5% ), 18-19 жас аралығында – 595906 (3,7%), 20-24 жаста - 1584654 (9,9%), 25-29 жаста – 1358846 (8,5%). Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы жастар санының көп шоғырланған өңірлер болып табылады. ҚР қазіргі таңда жастардың көп бөлігі ауылшаруашылық(16,7%), сауда (14,3%), білім беру және денсаулық сақтау салаларында (12,3%) жұмыспен қамтылған. Жастар арасындағы жұмысыздық - 5,2% деңгейінде. Дегенмен жастар арасында жұмыспен қамтуда өз-өздерін қамтамасыз ету мен арзан табыс көзі бар жұмыс көзіне тәуелділіктерін ескеруіміз қажет. Жастар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Зерттеу жұмысының келесі аспектісі ретінде жастардың мемлекеттік, жергілікті маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуы мен қабылданған шешімдерді шешуге атсалысуы, жалпы қоғамдық-саяси белсенділігі мәселесі алынды. Жастар мемлекеттің проблемаларын өткір сезінетін және қабылдайтын топтардың бірі болып табылады, бұл фактыны елемеу немесе оны жеткілікті деңгейде зерделемеу жастардың саяси жоғары бағалауларды дұрыс түсінбеуіне әкеліп соқтырады. Ол өз кезегінде жастардың бүтіндей әлеуметтік топ және жеке алғанда индивид ретінде билік институттарының: биліктен, оның практикасынан, нақты бір тұлғалардан және мекемелерден, билікті көрсететін рәсімдерден жатсыну миханизмін тудырады және қоғамның көңіл-күйі мен саяси жүйеге сенім деңгейінің маңызды индикаторы болып табылады.

Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенер болсақ, мемлекеттік органдарға жастардың өтініш жасауы жоғарғы деңгейде емес. Білім алуға мұқтаж және қайта даярлаудан өтуді қажетсінетін респонденттердің 70,6 % мемлекеттік органдарға өтініш жасамағандығын, тек 21,3% ғана өтініш білдіретіндігін, 8,2% жауап беруге қиналатындығын көрсеткен. Осы орайда жастардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жұмыстары қажеттілігі көрінеді. Құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жұмыстары өзгенің мүддесін көздейтін топтар(халықаралық қорлар, дәстүрлі емес, қызметіне елімізде тыйым салынған діни ұйымдар, т.б бірлестіктер)тарапынан жүргізілу барысына мемлекетпен қатар ҚР жастары қырағылық танытулары аса маңызды. Жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны өскеніне қарамастан, олар әлі күнге дейін көпшілік үшін қызмет атқара алмай отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 30 мыңнан астам азаматы тұратын, оның көпшілін жастар құрап отырған Байқоңыр қаласында жастар қоғамдық бірлестіктері жоқ. Қазіргі бар үкіметтік емес ұйымдар әлі де жастардың мүддесін толық дәрежеде білдірмейді. Өйткені олар тек мектеп оқушылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері секілді жастардың тек белгілі бір санаттарымен ғана жұмыс атқаруда, ал жұмыс істейтін немесе жұмыссыз жүрген және басқа да санаттардағы жастар қамтылмай қалып отыр.



Саяси жоғары бағалауларды, жеке алғанда қазақстандық жастардың электоралды әлеуетін талдау саяси институттарды еліміздің азаматтарының бағалау процесінің маңызды құрамы болып табылады . Сондықтан, жас сайлаушылардың сайлау туралы ақпараттандырылуына қатысты сұрақ, оған берілген жауаптар олардың электоралды белсенділігіне байланысты болғандықтан өте маңызды. Жас азамат есейе келе жеке қызығушылықпен ғана емес, осы үрдістерге көптеп тартылу (жалақы ,заңдар, салықтар, бюджет, және с.с.) себепті саясатпен етене араласа бастайды. Белгілі американдық саясаттанушы Дж. Нагель саяси қатысуды кез-келген саяси жүйенің қатардағы мүшесінің жүйе қызметіне әсер етуі мен әсер етуге бағытталған іс-әрекеттерінің жиынтығы ретінде көрсетеді. Бұл мағынада қарар болсақ, азаматтардың сайлауға қатысуы-саяси белсенділіктің бір көрінісі болып табылады. Алдағы уақытта болатын сайлау туралы жастардың хабардар болу үрдістерінің экономикалық бөлшектеріне жекелей назар аударған жөн. Зерттеулердің қорытындылары бойынша тұрақты кірістері жоқ (студенттер мен мектеп оқушылары) респонденттер, сондай-ақ кірісі 15.000 теңгеден төмен сұрау салынғандар жалпы саяси және сайлау үрдістерімен, атап айтқанда, кірістері неғұрлым жоғары деңгейдегі құрдастарына қарағанда анағұрлым аз қызығушылық танытады. Осы көрсеткіштер қаржылық қиыншылықтарға (ай сайынғы кірістері өте аз) тап болып отырған жастар арасында, сондай-ақ еліміздің ішкі саяси үрдістерінің экономикалық компоненттерімен (заңдар, салықтар, бюджет, жалақы) сирек кездесетін – ай сайынғы тұрақты кірістері жоқ мектеп оқушылары мен бірінші курс студенттері арасында саяси үрдістерге қызығушылық деңгейінің төмендеу заңдылығын растайды.

Жастардың абсентеизмі – мемлекет жүргізіп отырған саясатқа қарсы қарсылық белгісі ретінде жиі қолданылатын апаттық құралдарының бірі. Жас сайлаушылар сайлау күні өз таңдауларын жасауға келмейді, өйткені олар «мұнымен ештеңе де шешілмейтіндігіне» сенімді. Мұндай көңіл-күй қазақстан жастарының арасында қаншалықты күшті, бұл кімге ұнайды және құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда өз қарсылықтарын қандай нысанда көрсетуге бейімділігін зерттеу жұмысының осы бөлігінде аталған мәселелерді зерделеуге тырыстық. Әлеуметтік қағидаттарды Д. Креч, Р. Крачфильд, Э. Балачи «объекттің әлеуметтік құрылымдарға қатысты көңіл-күй мен қарсылықты немесе қолдаушылық мінез-құлық тенденцияларының оң немесе теріс бағамдауларының тұрақты жүйесі» ретінде түсіндіреді. Анықтамадан шығатыны қағидат құрамына үш компонент - когнитивті, көңіл-күйлік және мінез-құлықтық кіреді. Өз кезегінде саяси қызметте қағидаттар адамның немесе топтың билікке қатысты позитивті немесе негативті қатынастарын реттеушісі болып табылады. Қағидаттардың когнитивті элементі тұлғаның саясат туралы жалпы білімі мен қызығушылықтарын қарастырады. Бұл элементтің бар болуы тұлғаның партиялар, саясаткерлер, үдерістер туралы хабардар екендігін көрсетеді. Саяси объектке көңіл-күйлік қатынастың (ұнайды-ұнамайды, сенеді-сенбейді, жағымды-жағымсыз) бар болуы саясат туралы сыни көзқарастар туралы аңғартады. Мінез-құлықтық компонент іс-әрекеттерге: дауыс беру, митинг немесе шерулерге қатысу, саяси партияларға мүшелікке өту немсе террористік акттерге, т.б дайындығын көрсетеді. Әлеуметтік қағидаттар және психологиялық тұрғыдан, сауалнамалар нәтижесіне қарар болсақ, жастардың электоралдық белсенділігі өте жоғары. 2012 жылғы Парламент сайлауына жастардың шамамен 81% қатысуға ниет білдіріп отыр. Абсентеизм стандартты пропорцияда (5-8%). Саяси партиялардың арасында «Нұр Отан» ХДП біршама - 64,7% жастардың қолдауына ие болып отыр. Мемлекет Басшысы мен Үкіметке сенім арту деңгейі тұрақты жоғары. Бұл туралы елімізде жүргізіліп отырған саясатқа берілген оң бағалар куә. Сауалнамада респонденттерден «Сіздердің құқықтарыңыз бен бостандықтарыңыз бұзылған жағдайда сіздер өз қарсылықтарыңызды қандай нысанда көрсетуге дайынсыздар?» деген сұрақ қойылып, жауаптың 14 нұсқасын таңдауға ұсынылған . Алынған нәтижелер өз кезегінде жас ұрпақ арасында билік заңдылығының жоғары деңгейін растады – 30,5%-ы өз проблемаларын жергілікті мемлекеттік органдарға хат жаза отырып, тағы бір13,2%-ы орталық мемлекеттік органдарға хат жаза отырып, шеше алатындықтарын мәлімдеген. Рейтингте көшбасшылардың төрттен бір бөлігін митингтер мен демонстрацияларға қатысу (11,8%) және халықаралық құқық қорғау ұйымдарына хат жазу мен өтініш білдіру (11,5%) сияқты жауап нұсқаларын көрсеткен. Жастардың өз қарсылықтарын митингтер мен демонстрацияларға қатысу мен халықаралық құқық қорғау ұйымдарына хат жазу мен өтініш білдіру секілді нысандарда көрсетуге дайындығының біршама жоғарғы көрсеткішке ие болуы - сыртқы факторлардан иммунитет ретінде мемлекеттің ролін күшейтетін қадамдарды жастар саясаты қажетсінетіндігін көрсетеді.
Қорытынды:

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты тиімді, алайда біршама «біржақты» іске асырылуда деген қорытындыға келуге болады. Жастар саясаты аясында жүргізіліп отырған іс-шараларда, сондай-ақ нормативтік құқықтық құжаттарда жастарды әлеуметтік қолдау мәселелеріне жеткілікті түрде мән берілмейді. Жастар ортасында жүргізіліп отырған іс-шаралар Қазақстан жастарының қажетті қоғамдық-саяси ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның барлық нормалары толығымен іске аспай, жастарды кешенді қолдау жөніндегі жұмыстар жеткілікті түрде тиімді орындалмауда. Қылмыстың, нашақорлықтың өсуі тіркеліп өзекті проблемалардың бірі жастар ортасында суицидтердің өсуі тіркелуде. Жастар өмірінде интернет қызметтері: блогтар, форумдар, мессенджерлер, әлеуметтік желілер әлі де үлкен рөл атқарады. Интернет жастар санасына әсер етудің анағұрлым тиімді құралдарының бірі ретінде маңызы артуда. Мемлекет жастарға әр түрлі сипаттағы құрылымдық ұйымдардың әсер етуіне жол бермеу мақсатында инновациялық it-технологиялары арқылы жастармен жұмыс істеуге белсенді кірісуі қажет. Осыған байланысты жастарды дамытудың қазіргі заманғы үрдістерін қанағаттандыратын жаңа нормативтік құқықтық құжатты әзірлеу арқылы мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың нормативтік құқықтық негізін күшейту керек.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның жастар саясаты саласындағы толық көлемде алға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында қажеттілігі артуда. Осыған байланысты Еуропаның көптеген дамыған елдерінде, Мысалы, РФ – Федеральдық спорт, туризм және жастар саясаты министрлігі, Германияда жастар iсі жөніндегі Федералды министрлiк бар. ТМД елдерінде жасалғандай жастармен жұмыс жөніндегі орталық мемлекеттік орган (Министрлік, Агенттік, Комитет) құру қажет.

Тәрбиелік жұмыстар жастар саясатының маңызды аспектісі болып табылады. Жастармен жүргізілетін жұмыстардың әлеуметтік аспектісіне және жастарды кешенді дамытуға, қылмыстардың алдын алуға, тұрақты моральдық-этикалық құндылықтарды қалыптастыруға, тәрбие беру жұмыстарына көп көңіл бөлген жөн. Себебі әлеуметтік-экономикалық, жаһандану процесі жастар құндылықтарының өзгеруіне ықпал ететін негізгі факторлар. Полиэтникалық болып табылатын ҚР үшін қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауда жастар ортасындағы этносаралық және конфессияаралық өзара қарым-қатынас әлеуметтік-экономикалық фактор секілді маңызға ие. Сол себепті жастар ұйымдарының қызметін оларды жаңа тиімді жұмыс орындарына тарту арқылы жандандыру, жастарды әлеуметтендірудегі және оларды тұтас экономикалық, саяси және социомәдени кеңістікке біріктірудегі елдің шығындары мен жоғалтуларын шамалау (минимизация) мақсатында әртүрлі жастар ұйымдарының қызметін мемлекет тарапынан үйлестіру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. ҚР Статистика агенттігі www.stat.kz


2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жастар саясатының тұжырымдамасы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет