Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы



бет1/11
Дата05.07.2022
өлшемі1,9 Mb.
#37501
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы


PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНІҢ ТЕСТ


ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ



АСТАНА 2014

МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

ФУДЗИ ТАУЫНА ШЫҒУ


Фудзи тауы Жапониядағы белгілі тыныш жатқан вулкан.




Сұрақ 1: Фудзи тауына шығу

Фудзи тауының басына шығу көпшілік үшін әр жылдың 1 шілдесінен 27 тамызына дейін ашық. Осы уақыт аралығында 200 000-ға жуық адам Фудзи тауының басына шығады.


Орташа есеппен алғанда, күніне шамамен қанша адам Фудзи тауының басына шығады?


340
710


3400
7100
7400
Сұрақ 2: Фудзи тауына шығу

Фудзи тауына апаратын Готемба жолының ұзындығы 9 километрге (км) жуық.


Жаяу жүргіншілер 18 км жүрістен 20.00-де келуі керек.


Марат орташа есеппен бір сағатта 1,5 километр тауға шығатындығын, ал төмен қарай оның жылдамдығы екі есеге көбейетіндігін есептеді. Бұл жылдамдық тамақ ішуге және демалуға үзіліс жасауға мүмкіндік беретін уақытты ескереді.


Мараттың есептеуін қолдансақ, кешкі сағат 20.00-де қайтып келу үшін оның жүруді бастайтын ең кеш уақыты қандай?


................................................................................................................................


Сұрақ 3: Фудзи тауына шығу

Марат Готемба жолындағы жүрісінде өзінің қадамдарын есептеу үшін қадам есептегішті киіп алды.


Оның қадам есептегіші оның жоғарыға қарай 22 500 қадам жасағанын көрсетті.


Мараттың Готемба жолындағы 9 км жүрісіндегі орташа қадам ұзындығын есептеңіз.


Жауабыңызды сантиметрмен (см) беріңіз.


Жауап: ................................................. см


АҒАШ ПОЙЫЗ БӨЛІГІ

Беріктің кішкентай қарындасы Айгүл өзінің ағаш пойызымен ойнағанды қатты ұнатады. Берік оған төменде көрсетілгендей иілген бөліктерден жол жасауға көмектесті.


3 cм
14 cм


= 30º


Ескерту: Суретте масштаб ескерілмеген.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет