Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет121/168
Дата06.01.2022
өлшемі0.98 Mb.
#15622
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   168
4.Жер өңдеу және тыңайту. Жерді жақсылап өңдеу тек ылғал сақтауға және ауаның өсімдіктер тамырына баруын жақсарту үшін ғана емес, арамшөптер мен зиянкестерді кұрту, өсімдіктің жақсы өсуіне жағдай жасау үшін де қажет.

Овощ дақылдары егілетін жерді күзден бастап өңдеуді ұсынады. Өнімдерді жинап алғаннан кейін жүйектерді өсімдік калдықтарынан тазартып, жентектерді тырмалап қопсытпай, тереңдігі 18—20 см етіп күрекпен қазып алады, сол кезде топырақка ылғалды мол жинап, арамшөптер мен зиянкестерді құртуға мүмкіндік туады. Ондағы ылғал буланып кетпеуі үшін көктемнің бас кезінен, жер шамалы дегдіген бойда-ақ топырақты тырмалап қопсытады.

Топырактың өңдеуге дайын болғандығын былай анықтайды: топырақтың бір жентегін алып, қолмен сығымдап, оны кеуденің биіктігіндей жерден лақтырып жібереді, егер қолмен сығымдағанда ылғал шықпаса, жерге түскенде шашылып кетсе, топыракты өңдеуге дайын деп санауға болады. Топырақты 12—15 см тереңдікте қайтадан қазады. Сөйтіп күрекпен топырақ қабатын жұқалап кесіп алып, лақтырған кезде ұсақ түйіршіктерге бөлініп, шашылуы керек. Осындай жұмыс кезінде топырақтағы ұсақ тастарды, арам шөп тамырларын, насекомдардың личинкаларын іріктеп алып тастайды. Учаскені қазғаннан кейін топырақты шаңдатып жібермей, тағы да тырмалап қопсытады — ол мап-майда болуы тиіс. Сазды топырақты тұқым себер алдында екінші рет қайтадан қазады. Топырақты алғашында ересек адамдар қазады, ал қайтадан екінші рет қазған кезде оған естиярлар мен мектепке даярлық тобының балаларын қатыстыруға болады.

Овощ өсімдіктеріне ең құнарлы жерді бөледі. Егер онда қоректік заттар жеткіліксз болса, тыңайтқыштар төгеді. Олардың ішіндегі ең жақсысы — көң, онда өсімдіктің қоректенуіне қажетті заттардың барлығы бар. Көң сонымен бірге топырақтың құрылымын жақсартады. Жаңа көңді күзде немесе ерте көктемде топырақты өңдеуден бұрын төгеді. Қөктемде, тұқым себуден бұрын 1 шаршы метр жерге бір шелек шымтезек немесе карашірік, 30—50 г — суперфосфат, 30—40 г аммоний сульфатын 20—30 г калий тұзын, пештен алынған 1—2 стакан күл енгізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   168




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет