Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет154/168
Дата06.01.2022
өлшемі0.98 Mb.
#15622
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   168
Сабақтың мақсаты: Күзгі табиғат құбылыстары мен ауылшаруашылық еңбегін бақылау ерекшеліктерімен танысу

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Топ серуен кезінде жүргізілетін бақылаулар

Жер бедерін анықтау

Су қоймаларға бақылау

Күздегі бақылауларды қорытындылау

Өсімдіктер мен жауарларды бақылау



Тапсырма: Адамдардың күзгі еңбегін бақылау

Әдістемелік ұсыныс:

Адамдардың күзгі еңбегін бақылау

1. Күзгі бақылаған еңбек әрекеттері туралы қысқаша әңгіме жаз.

Егістіктегі жұмыстар. Аңыздық жырту (қай айларда?), егін жинау (егістің түрі, жинаған айы) қалай жүзеге асырылады?

Бақшадағы жұмыстар. Көкеністерді жинау (жиналған көкеніс түрлері, айлары); топырақты келесі көктемге даярлау.

Б а қ т а ғ ы жұмыстар. Жеміс жинау (жиналған жеміс түрлері, айлары); жеміс ағаштарын, жидекті, бұталарды отырғызу (отырғызған ағаштар мен бұталар, айы, күні); жидек беретін шөптекті мәдени өсімдіктерді, бұталарды, жеміс ағаштарын қысқа дайындау (өсімдікті түптеу, жылылау, агаш діңдерін әктеу, топырақты қопсыту, т. б.).

Мектеп үлескісіндегі жұмыстар. Ағаш, бұта өсімдіктерін отырғызу, өсімдіктерді қысқа дайындау, қорғау, топырақты келесі көктемге дайындау сияқты жұмыстар қалай жүргізілді?

Өзің қандай жұмыстарға қатынастың?

2. Мал қыстатуға байланысты күзде жүргізілетін (ауылдың жерлер үшін) пішен тасу, мая салу, жем даярлау, мал қораларын жылылау сияқты жұмыстардың ішінен бақылағандарыңның астын сызып, ол жұмыстар қалай, қандай құралдармен орындалатынын қысқа әңгіме түрінде дәптеріңе жаз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   168




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет