Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі


 Дəріс сабақтарының конспектісі



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата18.03.2017
өлшемі0,72 Mb.
#10054
1   2   3   4

2.2 Дəріс сабақтарының конспектісі

Дəріс 1. Интернет-технологиялар негізі

"Желі" терминінің түсінігі. Клиент-сервер  архитектурасы. Провайдерлер

жəне олардың желілері.

Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан желілер) терминінен

шыққан, яғни  техникалық  көзқараспен – бұл  кіші  жəне  ірі  желілер

бірлестіктері.  Кең мағынасында   - бұл бір бірімен мəліметтер  алмасатын жер

жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік.

Көбіне  Интернет  сөзімен  Желінің  ақпараттық  құрамын  түсіаптаі. Интернет –

бұл  өзіне  уникальды  жетістіктерді  толығымен  жинаған  технология. Интернет

сонымен қатар ең күшті жəне тəуелсіз ақпарат қоры, байланыстың сенімді жəне

оперативті  тəсілі, жер  жүзіндегі  миллиондаған  адамдардың  шығармашылық

түрде өзін-өзі  көрсету  жəне  ақпараттық  технологияларды  дамыту  негізі  болып

табылады.

Интернеттің  басты  тапсырмасы  бұл – əр  тəуліктік, жоғары  сенімді

байланыс. Интернетке  қосылған  кез  келген  екі  компьютер (немесе  басқа

құрылғылар) бір-бірімен  кез  келген  уақытта  хабарласа  алады. Ары  қарай

«Желі» сөзін қолданғанда Интернет сөзіне синоним ретінде Желімен интернет

арқылы  екі  компьютерді  байланыстыру  мүмкіндігін  жəне  олардың  өзара

байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған əрбір компьютер

– бұл Желінің бір бөлігі.

Компьютерлер-серверлер жəне компьютерлер-клиенттер

Интернетке қосылған барлық компьютерлерді екі типке бөледі,

олар :серверлер жəне клиенттер. Бір компьютерде серверді де жəне клиентті де

орнату  мағынасында  бөлу  онша  қатаң  жүргізілмейді. Жергілікті  компьютерде

Web-сервер орнатылуы мүмкін жəне осыған қарамастан, дəл осы компьютерде

браузермен жəне почталық клиентпен де жұмыс жасауға болады.

Басқа  компьютерлерге  анықталған  сервис  ұсынатын  компьютерлерді

серверлер (ағыл., to serve –  қызмет  көрсету) деп  атайды, ал  осы  сервисті

қолданатындар - клиенттер.

Көп  жағдайларда  үйдегі  клиенттік  компьютерлерде  əр  уақытта

Интернетке  кіруге  мүмкіндігі  болмайды, сондықтан  Желіге  тек  керек  уақытта

ғана  қосылады. Керісінше, компьютер-серверлер мəліметтерді  берудің  жоғары

жылдамдықты арналары  арқылы  Интернетпен  байланысқан, сондықтан оларға

сұраныс арқылы хабарласуға болады.

Қосымша-серверлер жəне қосымша-клиенттер

Компьютерлерді  серверлер  мен  клиенттер  деп  атағаннан  гөрі, оларды

бағдарламалық  қамсыздандыру  деңгейіндегі  клиенттер  немесе  серверлер  деп

атаған  жөн. Бір  бағдарлама  клиент  есебінде, ал  екіншісі  сервер  есебінде  іске



12

қосылатын қосымшалардың өзара байланысы клиент-сервер архитектурасы деп

аталады.

Сервердің  басты  тапсырмасы – сервиске  қайсыбір  клиент  сұраныс

жібермейінше  əр  кезде  жұмыс  жасап  жəне  күту  жағдайында  болу  болып

табылады.

Серверде  сұраныстардың  көптігінен оның  жұмысы  баяулап  жəне  белгілі

бір  сұраныстарға  қызмет  көрсетуді  тежейді. Серверге  сұраныс  белгілі  бір

протокол  шегінде  болады – бұл  Желіде  компьютерлер  арасында  байланысты

қамтамасыз  ететін  стандарттар  жиыны. Серверлік  бағдарламалар  клиенттік

бағдарламаларға  қызмет  көрсету  үшін  компьютердің  аппаратты  ресурстарын

қолданады. Клиент-бағдарлама  сұраныс  құрып, оны  Желі  арқылы  белгілі  бір

адреске  жібереді  жəне  алдын  ала  белгіленген  протокол  арқылы  сервер-

бағдарламамен  өзара  байланысады. Сол  бір  компьютерде  бірнеше  серверлік

бағдарламалар  орналаса  алады. Клиенттік  қосымша  серверлік  қосымша

орналасқан  компьютерде  де, сонымен  қатар, серверден  керегінше  жойылған

компьютерде  де  орналаса  алады, бірақ  олар  Желімен  байланысса, бұл

айырмашылық тек уақыт бойынша жауаптың кідіруіне сəйкестеледі.

Əрбір сервер-бағдарламаның типі үшін өзіндік клиент-бағдарламасы бар.

Осылай, Web-клиент Web-серверге, почталық  клиент – почталық  серверге

хабар  береді  жəне  т.б. Серверлік  бағдарлама  əрқашан  сұранысты  орындауға

дайын  болу  керек  жəне  сондықтан  да  сервер-бағдарлама  жұмыс  жасайтын

компьютерлерге  сенімділікке  жəне  өнімділігіне  байланысты  жоғары  шарттар

қойылады. Клиенттік  компьютердің  жұмысының  тұрақтылығы  бір  адамның

жұмысына  əсер  ететіндіктен, олардың  жұмысына  сенімділігіне  байланысты  аз

талаптар  қойылады, ал  аппаратты  сервердің  жұмысының  сенімділігіне

байланысты  көптеген  клиенттердің  жұмысының  жүргізілуі  тəуелді  болады.

Жоғарыда 

көрсетілген 

тəсіл (клиент-серверлік 

архитектура) дербес

компьютердің  қолданушысына  өзінің  жұмыс  үстелінен  Интернетке  қосылған

миллиондаған серверлердің ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 Провайдерлер жəне олардың желілері

Интернетке 

қарап, біз 

интернет-провайдерлердің 

қызметтерін

пайдаланамыз  жəне ISP(Internet Service Provider – Интернет  қызметін

жеткізуші). Көбіне ISP – бұл өзіндік желісі бар арнайы ұйым (магистральды деп

аталады), оған  клиенттердің  көптеген  саны  қосылады. Провайдердің  желісі

ғаламның  кез  келген  нүктесімен  байланысуды  қамтамасыз  ететін  жер  жүзінің

басқа да желілерімен байланысуы мүмкін. Қалыпты жағдайда ISP-провайдерлер

– бұл белгілі бір аймақтарда өзіндік орналасу нүктесі (POP - Point of Presence)

бар  ірі  компаниялар, бұл  нүктелерде  клиенттерінің  Интернетке  қосылуын

қамтамасыз  етуге  арналған  провайдердің  аппаратты  қамсыздығы. Ірі

провайдердің  əртүрлі  қалаларда  өзінің  орналасу  нүктесі  мен  мыңдаған

клиентері болады. Бірнеше қалаларда орналасу нүктелері бар провайдерлермен

қатар, бір  қалада  орналасу  нүктесі  бар  провайдерлерді  де  атап  көрсетуге

болады. Телефон  линиясы  арқылы ISP мен  байланысуды  ұйымдастыру: ДК

қолданушысы  драйверге  хабарласады  жəне  модем  жинақтарының  ішіндегі

провайдер  модемдерінің  бірімен  байланыс  орнатады (модемді  пул  деп  атауға


13

болады). Қолданушы  өзінің ISP не  қосылғаннан  кейін, ол  оның  желісінің  бір

бөлігі  болып  табылады. Провайдер  өзінің  серверінде  клиенттерге  əртүрлі

қызмет  көрсете  алады: электрондық  почта (e-mail), желілер  жаңалықтары

(Usenet) жəне  т. б. Провайдердің  магистральды  желісін  көбіне  тіректі  желі

немесе  бэкбоундеп  атайды (ағыл. Backbone — қырат). Провайдер  желілері

көптеген  клиенттерге  қызмет  көрсететіндіктен, оның  жоғары  жылдамдықты

желісі  болуы  жəне  жоғары  трафикті  қамтамасыз  етуі  керек (желі  бойымен

берілетін  мəліметтер  көлемі). Өзінің  барлық  орналасу  нүктелерін  біріктіру

үшін, провайдер  ірі  коммуникациялық  компаниялардан  жоғары  жылдамдықты

арналарды  жалға  ала  алады, сонымен қатар, өзінің  арналарын  тарта  алады. Ірі

коммуникациялық компаниялардың өздерінің жоғары жылдамдықты каналдары

бар.

Провайдерлердің желілерін біріктіру

Кейбір провайдерлердің клиенттері, мысалы, ISP-A бір бірімен өздерінің

жеке  желілері  арқылы  өзара  байланысады, ал  басқа ISP-В  компаниясының

клиенттері  өздерінің, бірақ  егер ISP-A жəне ISP-B желілерінің  арасында

байланыс болмаса, онда А компаниясының клиенттері жəне В компаниясының

клиенттері  бір  бірімен  байланыса  алмайды. Өздерінің  клиенттерін  бір  желіде

біріктіру мақсатында А жəне В əр қалада желілік кіруді (NAP - Network Access

Points) қамтамасыз ететін нүктелер арқылы өз араларында тікелей байланысты

орнатады.  Осылайша, басқа провайдерлердің магистральды желілеріне қосылу

құрылады, нəтижесінде жоғары деңгейлі көптеген желілердің бірігуі болады.

Интернетте  жүздеген  ірі  интернет-провайдерлер  орналасады  жəне

олардың  магистральды  желілері NAP арқылы  əр  түрлі  қалаларда  жасалады,

жəне  мəліметтердің  үлкен  ағыны NAP-түйіннің  əр  түрлі  желілері  арқылы

таралады.

Үлкен  жəне  кіші  желілердің  бірігуі (Интернетті  құрайтын) негізінде

шартты  келісімдер  жатады. Əрбір  клиенттің  белгілі  бір ISP пен  өзінің

компьютерін немесе жергілікті желісін провайдер желісіне қосу туралы келісім

шарты  бар. Кейбір ISP-A провайдерлердің  клиенттері ISP-A желісіне  қосылу

туралы  келісім  құрайды, өз  кезегінде ISP-A  ISP-B мен  желілерін  біріктіру

туралы келіседі жəне солай жалғаса береді.



Провайдерлер желілерінің иерархиясы

Əр  түрлі  елдерде  халықаралық, ұлттық  жəне  аймақтық  болып  бөлінетін

жүздеген провайдерлер бар.

Аймақтық провайдерлердің желілері (екіншілік) ұлттық провайдерлердің

желілерімен (біріншілік) жоғары жылдамдықты каналдар арқылы байланысады.

Мысалы, АҚШ-та Т1стандартты мəліметтерді беру  жылдамдығы 1,544 Мбит/с

арна немесе  жылдамдығы 44,74 Мбит/с жететін ТЗ арнасы.

Əдебиет: 1нег [596-665], 2нег [11-20], 13нег [21-35].

Бақылау сұрақтары:

1. Клиент-серверлік архитектураны құрайтын негізгі желілерді қандай?

2. Желіні бағдарламалық қамсыздандыру қандай принциппен жүргізіледі?

3. Провайдердің магистральды желі термині нені білдіреді?



14

4. Провайдерлер желілерінің бірігуі қалай орындалады?

5. Интернетті түзетін желілер иерархиясы қалай аталады?

Дəріс 2. Интернет коммуникациясының моделі.

Коммуникацияның Pull- жəне Push-моделі. Интернет  сервисінің

коммуникациялық мінездемелері (сипаттамалары).

Интернет  коммуникациялық  сипаттамаларын  қарастырайық. Дəстүрлі

коммуникациялық 

модель 


негізінде "бірге 

бір" ережесі 

жүреді.

Коммуникациялық  құрылымға  байланысты  ақпарат  статикалық (мəтін,



графика) жəне/немесе  динамикалық (аудио, бейне, анимация) күйінде

көрсетіледі.

Бұл  модельден  ерекше  Интернет  негізінде  екі  басқа  принциптер  жатыр.

Біріншіден, Байланысқа  өз  үлесін  қосатын  Интернетке  коммуникация  кезінде

оның  арнасы  арқылы  өтеді. Бұл  модель  бастапқы  байланыс  жіберуші  мен

қабылдаушы  арасында  емес, негізінде  қолданушы  мен  коммуникациялық

ортадағы бір кеңістік арасында болатынын көрсетеді, сонымен байланыстың екі

қатысушысы да жіберуші де, қабылдаушы да болып табылады.

Интернет  өзімен  əрбір  желі  абоненті  басқа  абоненттерге  немесе

топтармен  топ  атымен  немесе  өз  атымен  хабарласа  алтын «көпке  көп» көп

бағыттылы коммуникациялық модельді көрсетеді. Бұл модельде коммуникация

құралы  болып  таратылған  компьютерлік  желі  айтылады, ал  ақпарат

гипермедиялық  түрде  көрсетілуі  мүмкін. Бұл  модель  интерактивті  байланыс

Интернеттің басқа қолданушыларымен қатар ортаның өзімен де бола алатынын,

тіпті 

соңғы 


байланыстың 

соңғы 


түрі 

басымдылық 

көрсететінін

білдіреді.Осындай байланыстың бар болуынан ақпарат жіберуші құралы кейде

оның  қолданушысы  да  бола  алады. Бұндай  модельде  ақпарат  жəне  мазмұн

жіберушіден  қабылдаушыға  беріліп  қана  қоймай, ортаның  өзі  де  оның

қатысушыларымен де құрылады.

Интернет  ортасының  моделі  ашық  көрсетілген  кері  байланыстарды

көрсеткенде, жалпы 

коммуникацияның 

дəстүрлі 

əдістері 

үшін

коммуникациялық  модельде  кері  байланыс  контуры  болмайды. Тұтұнушымен



кері  байланысты  жүзеге  асыруға  мысал  ретінде  электронды  почтаны,

қолданушылар тіркеу туралы мəліметтер, "cookie" файлдары, Web-серверлерде

жазылу  немесе  тіркелу. Кері  байланыстың  болуы  өзара  байланыстың

коммуникациялық əдістерін қолдану тиімділігін жəне ішкі жəне сыртқы ортада

болатын оқиғаны қалыпты қабылдауды жоғарылатады.

Интернет коммуникациясының Pull- жəне  Push-модельдері

Жалпыға бірдей қызмет көрсетудің дəстүрлі əдістері тұтұнушыларға ақпаратты

жеткізуші push-модельді  жүзеге  асырады, бұнда  тұтұнушылар  пассивті  роль

атқарады  жəне  ақпараттың  каналдарын  таңдаудың  шектеулі  мүмкіндіктерінің

болуы.

  Ақпаратты  жеткізудің  дəстүрлі push-моделіне  қарсы  Интернет  негізінде,



ақпаратты  сұраныс  бойынша  жеткізетін (demand pull) pull-моделі  жатыр. Бұл

Интернет  ортасының  ерекшелігі  ақпаратты  іздеуде  бақылаумен  негізделген

жəне  іздеу  механизмін  қолдануда  навигация  бейнесі  немесе  басқа  да URL


15

(uniform resource locator) бастауларына  байланысты  тұтұнушылардың  тікелей

қатысуымен  байланысты. Интернетте  сонымен  қатар push-моделін  іске  асыру

мүмкіндігі  бар. Интернет  бұл  модельмен push-технологиясы  арқылы  жүре

алады, соған  байланысты  қолданушыларға  Интернетте  ақпаратты  іздеп

жатудың қажеті жоқ, ол тек керекті тақырып бойынша қажетті каналға жазылса

болғаны, кейін  ақпарат  канал  жазылушыларының  компьютерлеріне  автоматты

түрде жемкізіліп тұрады.

Интернет ортасының технологиялары push- жəне pull-модельдерінің тығыз

байланысы  бағытында  дамиды. Интернеттің  жоғары  функционалдылығына

байланысты  керекті  ақпаратты  немесе  басқа  да  қорларды  табу  мақсатында

қолданушының  навигация  мүмкіндіктері  əрқашан  да  болады. Басқа  жағынан,

қолданушылардың  əрқашан  ақпаратты  жеткізушіні  жəне  қабылданатын push-

каналдар тематикасын таңдауға мүмкіндіктері бар.



Интерактивтілік.

Internet ортасының  басты  сипаттамасы  оның  интерактивтілігі  болып

табылады. Интерактивтілік – бұл  коммуникациялық  хабарламалардың  бір

біріне қатысты орналасуын білдіретін, коммуникация процесінің жүзеге асуын

көрсететін  сипаттама. Интерактивтік  өзара  байланыс  үшін  ақпараттың  немесе

хабарламаның келуіне жауапты іс

-əрекеттің болуы тəн, сонымен қатар, жауап

алдындағы хабарламаның контекстінде болуы қажет.

Жоғарыда  айтылғанға  орай, Интернет  ортасы  үшін  интерактивтілікті

қолданушыға

²жауап қайтару² мүмкіншілігі есебінде түсінуге болады. Осайша,

интерактивтілік  компьютердің  қолданушының  қимылын  бағалап  жəне  осы

бағаға  байланысты  жауап  бере  алатын  мүмкіндігі  бар, диалогқа  қатысушы

есебінде  функциялық  көрінісін  кеңейтеді  жəне  толықтырады. Компьютерлік

гиперортаны қолдану арқылы өзара байланысу процесінде клиентпен хабарласу

қатынасты  орнатудың  ең  бастапқы  кезеңінде  сол  компьютерлік  гиперортамен,

клиенттің  алдыңғы  іс

-əрекетке  қалай  қарағандығына  байланысты  жасалуы

мүмкін. Internet негізінде  жатқан  құрамдық  модельді  қайта  қарау  барысында,

Internet ортасындағы  интерактивтілік  енді  орта  арқылы  жеке  қатынас

деңгейінде  жүзеге  аспай, нақты  ортаның  өзімен  өзара  байланысу  деңгейінде

жасалатынын көруге болады.

Өзара  байланыстың  интерактивті  сипаты  коммуникация  мүшелерінің

өзара байланысу əсерін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұл, мысалы тəжірибе

жүзінде, келісім  немесе  сатып  алу  үшін  қажетті  ақпаратты  алу  үшін  кететін

уақытты қысқартуға керек. Сонымен қатар, ортаның интерактивті сипаты жеке

клиенттің  ерешеліктеріне  қатысты  байланыстың  қалыптасу  мүмкіндігін

ұсынады.


Гипермəтін

Internet ортасының  гипермəтіндік  табиғатының  ерекшелігі  аз  емес.

Гипермəтінге негіздерген дүние жүзіндегі ең алғашқы жүйені

50 жылдан астам

уақыт  бұрын  ЭЕМ

-нің  алғаш  құрушыларының  бірі (Ванневар  Буш) ұсынған.

Бұл жүйе Метех деп аталады, ол қолданушының жеке кітаптарын, жазбалар мен

коммуникацияларын  сақтайтын  құрылғы, оған  жүктелу  тез  жəне  оңай. 1967



16

жылы  Нельсон (Nelson) гипертексті  жүйелер  көрсеткіштері  мен  ассоцация

ретінде  бейнелеп, адам  ойындағы  жеке  мəліметтер  бөліктерін  ұйымдастыру

жəне  байланыстыру  мүмкіндіктеріне  теңеді. 1993 жылы  Бомман (Bomman)

гипертекстке  мынандай  анықтама  берді: " Гипертекст  концепцияның  ретсіз

жазба  мəліметтерін  құрайды, осыған  орай  қолданушы  мəліметтер  бөліктерін

бір-бірімен  көрсеткіштер  мен  байланыстар  көмегімен  байланыстырады.

Гипертекстік жүйеде мəлімет түйін жəне байланыс түрінде беріледі."

          

Гипертекст   ұйымдстыру  құралының  бөліктерге  бөлінген  сызықты  емес

желілер  формасымен  сипатталады. Мұнда  əр  бөлік (фрагмент) келесі  бөлікке

белгілі бір байланыс типі арқылы көшеді.

           

Гипертекст  мəліметтерді  ғана  емес,  сонымен  бірге  қолайлы  іздеу

қондырғысын  құрайды. Сонымен, гипертекстік көрініс  мəліметтері қарапайым

əдіске қарағанда, мəліметтерді қорытады.



Мультимедиа

Мультимедияның  пайда  болуына  байланысты  динамикалық (аудио,

видео, анимация) жəне  статикалық (текст, графикалар, суреттер) құрамы  бар

кмпьютерлік  интеграция  мүмкіндігі  туды. Түйіндер  мен  байланыстар

комбинациясы  гипертекстік  жүйе  мультимедиасында  жңа  ортаны  құруға

мүмкіндік берді.

        

Гипермедиа  –  бұл  мəліметтер  көрінісі  жəне  оған  кіру  əдісі.  Оның

концепциясы  граф  түрінде  берілген  мəліметтер  кеңістігінің  моделінде

орналасады, түйіндерінде  мəліметтер, ал  семантикалық  байланыс  граф

доғасында қамтылады. Ақиқатты гипермедия жүйесіндегі  сақталатын мəлімет

осы  заманғы  компьютер  шығара  алатын  барлық  мүмкін  формалармен

көрсетіледі. Сонымен  қатар, гипермедиа  өзінде  радио (аудио), теледидар

(динамикалық  бейне), пресса (текст, суреттер, фотосуреттер) жəне  компьютер

(видеотерминал) компьютерлік  гиперортада  құрамында  жататын  гипертекстік

байланыстарды орнатады.



Болу эффектісі

Интернеттің  коммуникациялық  моделінің  басты  мəселесі "болу

эффектісі" болып  табылады, қоршаған  ортамен  клиенттің  араласу  процесі:

жағдай, бөлме, компьютерлік  жұмыс  орын  жəне  т.б., компьютерлік

гиперəдіспен құралатын орта құрамына кіреді. Дəреже қатынасы мен клиентке

əсер  ету "болу  эффектінің" дəрежесін  анықтайды. Айта  кеткен  жөн ,"болу

эффектісі" өзінің  табиғатына  сай, интерактивтік  араласу  мен  компьютерлік

гиперортамен тығыз байланысты.



Желілік  навигация

Желілік  навигация  компьютерлік  гиперортада  өзіндік  қозғалыс  процесі

болып  табылады. Сызықты  емес  іздеуді  жəне  мəліметтерді  талап  ету

құрамындағы əдісті клиентке еркін түрде береді.



 Internet сервисінің коммуникативті сипаттамасы

Интернет  комплексті  сервис  болғандықтан, оның  жеке  сипаттамаларын

таңдап  жəне  қолдану  кезінде  көрсету  керек. Кестеде  коммуникация  түріндегі

Internet коммуникациялық сервис анализінің нəтижесі, коммуникация моделінің



17

құрамында  жатқан, көрсетілген  мəліметтер  түріне ,симметриялық  кері

байланыс жəне интерактивті қарым-қатынасы көрсетілген.

Кесте 2.1 - Internet сервисінің коммуникативті сипаттамасы

Сервис


Аралық

қарым-


қатына

с

Машинал



ық

қарым-


қатынас

Коммуник


ация

моделі


Мəліметтер

түрінің


көрінісі

Кері


байланыс

симметрия

сы

Интерактивті



қарым-қатынас

мүмкіндігі

Электрондық

пошта


Иə

Иə

Бірге-бір



Бірден-

көпке


Мəтін,

графика,


дыбыс

Иə

Жоқ



Жіберу тізбегі Иə

Иə

Көпке-көп Мəтін



Иə

Жоқ


Конференциял

ар

Иə



Иə

Көпке-көп Мəтін

Иə

Жоқ


Сөйлесу

бөлмелері

Иə

Иə

Көпке-көп Мəтін



Иə

Иə

WWW



Иə

Иə

Көпке-көп Мəтін,



графика,

дыбыс, видео

Жоқ

Иə

Дауыс



байланысының

программалары

Иə

Иə

Бірге-бір



Дыбыс

Иə

Иə



Аудио- жəне

видео-


конференциял

ары


Иə

Жоқ


Көпке-көп Дыбыс, бейне Иə

Иə

Көрсетілген  мəліметтер  Интернет  ортасының  қолдану  əдістерінің



коммуникациялық  кең  диапазонды  түрлері  көрсетілген. Нақты  есептерді

шығару кезінде əрбір Интернет сервисінің жеке анализдері қажет.



Əдебиет: 1нег[596-665], 2 нег [11-20], 13 нег [21-35].

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай коммуникативті модельдер Интернетте шығарылады?

2. Гипертекст ұғымы нені білдіреді?

3. Internet ортасындағы интерактивтік ұғымы нені білдіреді?

4.Pull- жəне Push-моделдерінің Internet коммуникациясының  ерекшеліктері

қандай?


5."Болу эффектісі" термині  Internet ортасында нені білдіреді?

Дəріс 3. Қолданушының Интернетке кіруі.

«Соңғы миля». Коммутация каналының желісі. Модем.

Қолданушылардың  көп  бөлігі  жоғарғы  жылдамдықпен  желіге  кіру

мүмкіндіктері  провайдерге  қарағанда  жоқ. Абонентпен  провайдердің  болу

нүктесі  арасындағы  болатын  байланыс  технологиясы технологияның  соңғы

милясы  деп  аталады. Бұл  атау  шартты  түрде, ал  практика  жүзінде  осы

айтылған  қашықтық  бір  миляға  сəйкес  келу  қажет  емес. Көп  жағдайларда

«соңғы  миля» желіден  компьютер  қолданушысына  ақпаратты  жіберу  тар  жол

болады. Интернетке жіберу соңғы миля технологиясы əртүрлі бола алады, бірақ



18

«кіру  жылдамдығы  жоғары  болған  сайын, каналдарды  қолдану  ақысы  жоғары

болады» деген  принцип  əмбебеапты  болып  келеді. Бар  инфраструктураны

қолдануға  мүмкіндік  беретін  көптеген  технологиялар  бар, олар - Интернетке

кіру  мүмкіндігіне  арналған  телефонды  линиялар, кабельді  теледидар  желілері

жəне басқалар.

Интернетке  кіру  əртүрлі  технологиялары: телефондық  линия  арқылы

модеммен  қосылу, радиоканал  арқылы  қосылу,кабельді  теледидардың

желісімен  қосылу, жəне  де,спутникті  канал  көмегімен.Интернетке  қосылудың

əртүрлі


əдістеріне

қарамастан,қолданушы

үшін 

тек


қосылу

тұрақтылығы,мəліметтерді  жіберу  жылдамдығы  жəне  жауап  беру  уақытында

ерекшеліктер  бар.Интернеттің  барлық  ресурстары  кіру  мүмкіншіліктері

бар,оның  көмегімен  ол  провайдермен  қосылады. Желіге  қосылудың  əртүрлі

варианттарын қарастырайық.

Интернетке кірудің əртүрлі варианттары

Коммутаторлық  телефон  линиясы  арқылы  қосылу.  Коммутативті  телефонды

линияның  модем  арқылы  қосылуы – бұл  əзірше  үйдегі  Интернет

қолданушылардың СНГ-да таралған қосылу əдісі.

Желінің  коммутациялы  каналдарымен.  Коммутациялы  телефонды  желінің

немесе  желінің  коммутациялы  каналдарымен  жұмыс  принципін  айтайық.Сіз

біреуге  қоңырау  шалған  кезде,сіздің  аралығыңызда  белгілі  бір  физикалық

байланыс  каналы  орналасады,олар  коммутатор  арқылы  байланысатын  жеке

учаскелерден  тұрады.  Абоненттің  əрбір  учаскесі  бірінші  коммутаторға  дейін

бөлінбейтін  болып  келеді.Яғни  əрбір  абонент  осы  учаскелерді  жеке  өзі

қолданады.Желіліердің  қалған  учаскелері  коммутатор  арасында  ажыратылған

болып  келеді,дəлірек  айтқанда  əртүрлі  уақытта  əртүрлі  қолданушылармен

қолданылады.Бірақ,егер  қайсыбір  участок  бір  қолданушымен  бос  емес

болса,онда  келесі  біреу  оны  осы  уақытта  қолдана  алмайды.Коммутативті

телефонды линиямен қосылу - бұл уақытша (сеансты) қосылу дейді. Телефонды

линия телефонды əңгімемен  немесе мəліметтерді модем арқылы жіберумен бос

болмауы  мүмкін. «Модем» сөзі «МОДулятор» и «ДЕМодулятор» деген

сөздерден  құралады. Модем  телефонды  линия  арқылы  мəліметтерді  жіберуде

қолданылады. Жалпы жоспарда модем - бұл қондырғы,цифрлық кодты əртүрлі

екі  жиелік  дыбыстардың  ауысу  мен  кері  қайту – дыбыс  тербелісін  цифрлық

ақпаратқа  ауыстырады. Екі  модем  қосылғаннан  кейін  модулятор  тұрақты

тербеліс  периодының  басты  сигналымен  генерацияланады  жəне  болып

жатқанды  өзгертіп  екінші  сигналды  қосады.Сонымен,жүріп  жатқанның  бір

параметрі 

жіберу 

сигналының 



өзгеруіне 

байланысты.Демодулятор

анализдайды, түсетін  сигнал  жүріп  жатқан  сигналдан  қалай  ерекшелеаптаі  де

басты  сигналды  қалыптастырады.Басқаша  айтқанда,жіберуші  модем  болып

жатқан  жиелікті  пайдалы  сигналмен  моделдейді  жəне  жоғарыжиеліктегі

сигналды  жібереді, ал  модем-адресат  сигналды ASCII кодына (American

Standard Code for Information Interchange – ақпараттармен  алмасудың

стандартты  коды – машиналық  көріністегі  латын  алфавитінің  əріптері,сандар

мен  басқа  сисволдардан  тұратын  128 код  символ  топтамасы, олардың


19

əрбіреуіне 7-биттық екілік сан.Сегізінші бит жіберу кодының дұрыс контроліне

жұмыс жасайды) сəйкес кері цифрлы формаға демодулдейді.

Бірінші модемдер Bell Laboratories зертханалық центрінде өңделген жəне

Bell 103 атауын  алды.Бұл  қондырғылар  екі  сыңарлы  жиелікті  қолданды:

сыңарлы жиелік  бір модемге, жəне сыңар екіншіге.Жіберуші  модем 1,07 жəне

1,27 кГц арасындағы жиеліктерге ауысуы арқылы, ал жауап беруші модем 2,025

жəне 2,225 кГц арасындағы жиелікте мəліметтерді жіберді.

Bell 103 модемдері 300 бит/с  жылдамдықпен  жұмыс  істеді  работали  со

скоростью 300 бит/с,солай  минутына 30-ға  жуық  символ  жіберуге  болатын

болды. Мұндай жылдамдық тек қана текстік хаттамалармен алмасқасқан кезде

қолайлы,себебі  бұл  жылдамдық  адамның  оқу  жылдамдығымен  салыстырғанда

артық. Мəліметтерді 300 бит/с  жіберетін  модемдер 1980жылға  дейін  өмір

сүрді.Сөйтсе де, адамдар суреттерді жібере басталғалы ондай жылдамдық аздау

екені айқындалды.

        


1980  жылдарға  қарай  1200  бит/с  жылдамдықпен  мəліметтерді  жіберетін

модемдер  пайда  болды.1990жылдардың  басында  жылдамдық 9,6 Кбит/с  дейін

жетіп,өсе бастады: 19,2; 28,8; 33,6 Кбит. 1998 жылы 56 Кбит/с жылдамдықпен

жұмыс істейтін модемдер шықты.

         

Осы  заманғы  модемдер  –  бұл  өте  күрделі  схемалы  модуляцияларды

қолданып,мəліметтерді  жіберер  кезде  қаптайтын  күрделі  құрылғылар  болып

келеді. Клиенттік  компьютер  коммуникациондық  портқа  ноль  мен  бірдің

реттелген  түрге  келтіріп, əр  түрлі  командалар  мен  мəліметтерді  жібереді.

Модем  мəліметтерді  қабылдап,оларды  командалар  жəне  ақпаратқа  ажыратады

да, телефон линиясы арқылы жіберіп жүзеге асырады.

          

Қолданушы  модем  арқылы  телефондық  желіге  ортақ  қолданумен

қосылып, aл ISP, басқа  модеммен,  цифрлық  сигнал  арқылы  Интернетпен

қосылады.

          

Бүгінгі  күнгі  модемдер  екі  түрлі:ішкі  жəне  сыртқыІшкі  модемдер

кеңелмелі  плата  арқылы  жұмыс  істесе, сыртқылары  бөлек  құрылғы  ретінде

автономды блоком питаниямен істейді.

           Осындай аналогты телефон каналы бар модемдердің максималды жіберу

жылдамдығы 33 600 бит/с, ал қабылдау - 56 Кбит/с. Bell 103-ке  қарағанда 200

есе жылдам.

2нег[11-20], 13нег[21-35].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет