Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Суқабақ  /өс/,  Қозықұйрық  /өс/,  Қызыл  құрт  /эт/,  Қылқұрт



жүктеу 0.97 Mb.
Pdf просмотр
бет11/14
Дата28.12.2016
өлшемі0.97 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Суқабақ  /өс/,  Қозықұйрық  /өс/,  Қызыл  құрт  /эт/,  Қылқұрт 
/ауру/  тәрiздi  сөздерiмiздi  Шегара,  Дошшан  /Дощан  емес/, 
Есеңгелдi,  Суғабақ,  қозығұйрық,  қызылғұрт,  қылғұрт  деп 
айтып  та,  жазып  та  дағдылануымыз  қажет.    Жоғарыда 
санамаланып  өткен  қазақ  емлесiнiдегi  қайшылықтар  сөздiң 
айтылуы 

орфоэпиясы/ 
мен 
жазылу 
емлесiнiң 
/орфографиясының/  арасындағы  алшақтықтан  да  туып  отыр. 
Әсiресе дыбыс пен әрiптi шатастыру 
көптеген қателiктер мен келеңсiздiктерге ұрындыруда. Мәселен, 
рай  сөзi  айтылуда  ырай,  жазуда  рай  деп  буындалады,  ине  сөзi 
айтуда  iйне,  жазуда  и-не,  баюы  сөзi  айтуда  ба-ыйу-уұ,  жазуда 

ба-ю-ы,  құрқұлақ  сөзi  айтуда  құр-ғұ-лақ,  жазуда  құр-құ-лақ, 
құрық  сөзi  айтуда  құ-рұқ,  жазуда  құ-рық  деген  тәрiздi 
салыстырмалы  талдаулар  керек  -  ақ.  Қазіргі  емле  ережелері 
едәуір ілгері дамыған қазақтың әдеби тіліндегі жазуымызды әлі 
де болса жетілдіре түсуді талап етіп отыр. Сол тілек тұрғысынан 
осы  күнгі  жазу  тәжірибемізге  көз  жүгіртсек,  кезінде  дұрыс 
шешімін  таппай,  сауатсыздыққа  себепкер  болып  жүрген 
орфографиялық 
сөздіктерімізге 
назар 
аударсақ, 
біраз 
сөздеріміздің  әр  сөздікте  әр  түрлі  жазылып  жүргендіктері 
байқалады.  
Қосымшалардың  жазылуында  да  шалағайлықтар  кездесіп 
жатады.  Мысалы,  М.Әуезовтың  (дұрысы  М.Әуезовтің), 
Х.Досмұхамедовтың  (дұрысы  Х.Досмұхамедовтің),  Мақсаттыкі 
(Мақсаттікі),  оныкы  (оныкі),  мұныкі  (мұнікі)  т.б.  тізе  беруге 
болады.  Бота-көз,  Қара-көз,  Аман-келді  деген  екі  сыңардан 
тұратын  кісі  аттары  бар.  1983  жылы  қазақ  тілінің  негізгі  емле, 
ережесіне бірнеше түзетулер енгізілген болатын. Соның бірі осы 
кісі  есімдеріне  байланысты.  1983  жылы  кісі  есімдеріндегі, 
біріккен  сөз  жігіндегі  қ,  к  дыбыстары   ұяңданады  деген  ереже 
қабылданды.  Осы  ережеге  сәйкес, Аманкелді  –  Амангелді, 
Ботакөз – Ботагөз, Қаракөз – Қарагөз болып жазылады.  1988 
жылғы «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» аталған сөздер 
фонетикалық  жағынан  сындырылып,  Амангелді,  Ботагөз, 
Қарагөз  деп  жазылды.  Содан  бері  әлі  күнге  осылай  жазылып 
келеді. Сол себепті аталған сөздерді жазғанда сөздікке сүйенген 
жөн. Кісі есімдерін Қаракөз, Ботакөз, Аманкелді деп жазу қате. 
Бұл  енді  жалқы  есімдерге  байланысты  ереже.  Ал  жалпы 
есімдерде  көбіне  сөздің  түбірін  сақтап  жазу  керек. 
Мысалы, қара 
көз 
қарындастар, 
қазақтың 
қара 
көздері дегенде қара 
көзді ешқашан 
сындырып, қарагөз деп 
жазуға болмайды. Бірге жазу да дұрыс емес. Қазақ жазуы түбірді 
сақтап жазатын морфологиялық принципке сүйенеді. Бірақ  осы 
принциптен ауытқитын тұстар бар. XX ғасырдың басында қазақ 
жазуы  тұрақтылығын  енді  жөндеп  келе  жатқан  кезде  кейбір 
сөздер  мысалы, қолғап,  жарғанат,  қолғанат   т.б    айтылуы 
бойынша  жазылып  кетті.  Бұл  сөздер  әлі  күнге  дейін  айтылуы 

бойынша жазылады. Себебі, бұл – жазудың дәстүрлі принципіне 
саяды.  Қазақ  тілінде таң  қалды,  таң  болды,  таңданды деген 
тұрақты тіркестер бар. Бұлардың түбірі таң. Бұл сөз жалғыз өзі 
жұмсала  алмайды.  Қасына  міндетті  түрде  қалып  етістік  не 
көмекші етістік тіркеп жұмсалуы керек. Яғни қ  – ғ-ға айналып, 
тұрақты тіркестің екі сыңары қосылып жазылады.   Таң қалу, таң 
қалмау дегендегі қалу 
2001 
жылдан 
бері 
сындырылып, 
кіріктіріліп таңғалу деп жазылатын болды[32,59 б.]. 
Орфографиялық  қателіктердің,  ала-құлалықтардың  жиі 
кездесіп  отыруының  екі  түрлі  себебі  бар  дегіміз  келеді. 
Біріншіден,  орфографиялық  ережелеріміздің  кейбір  саласының 
әлі де болса жете шешілмеген шикілігінде болса, екіншіден, бас-
пасөз  орындарындағы  қызметкерлердің  өз  жұмысына  ұқыпсыз 
қарайтындығында болса керек.  
 
Сұрақтар мен тапсырмалар. 
1.  ы,  i  дыбыстарына  байланысты  қандай  фонетикалық 
құбылыстарды  бiлесiз?  Мысалдар  арқылы  дәлелдеп  жауап 
жазыңыз. 
2.  Дауыс  -  дауысы,  көңіл  -  көңілi  тәрiздi  сөздерде  ы,  i 
дыбыстарының түсiрiлiп, түсiрiлмей айтылу уәжi туралы 
түрлi  зерттеушiлердiң  пiкiрiн  келтiрiңiз.  Ы,i  дыбысының 
түсiрiлмей  айтылуына  10  сөз,  түсiрiлiп  айтылуына  10  сөз 
мысал келтiрiңiз. 
3.  Сөздердiң  дұрыс  жазылған  нұсқасын  тауып,  тізбекті 
жалғасытырыңыз: бүйрек-бүйiрек, бауыры-бауры,  бауыра-
баура,  бауырай-баурай,  жыйнал-жинал,  жиына-жина-
жыйны,  ғұрпы-ғұрыбы,  ырпы-ырығы,  сұрқы-сұрығы, 
нарқы-нарығы. т.б 
4.  Төмендегi  сөздерге  қандай  қосымша  жалғағанда  ы,  i 
түсiрiлiп  жазылады.  /бiр  сөзге  дауыстыдан  басталатын 
бiрнеше  түрлi  қосымша  қосып  байқаңыз/.  үлгi  бүйiр: 
бүйрек, бүйiрi, бүйiрлеу т.б. 
Бауыр : 
Жиын: 
Ойын: 

Жалы: 
Қиын: 
Жайыл: 
Зоры: 
Қырым: 
 
15. БӨЛЕК ЖӘНЕ БIРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР, 
ОЛАРДЫ АЖЫРАТУДЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРI. 
 
1.
 
ХХ  ғасырдың  басындағы  тілші  ғалымдардың  күрделі 
сөздердің түрлерін ажырату үшін белгілеген шарттары. 
2.
 
Қазақ  тiлiнiң  орфографиялық  сөздiгiнде  /1983/  бөлек 
жазылатын сөздер. 
3.
 
Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiндегi /1988/ ережеде 
бiрге жазылатын сөздер. 
4.
 
Р.Сыздықтың күрделі сөздерді біріктіріп жазуға қоятын 
талаптары. 
5.
 
Сөздердiң бiрге жазылуының семантикалық факторы. 
6.
 
Н.Уәлиев,  А.Алдашеваның  біріккен  сөздерге  қоятын 
талаптары. 
7.
 
Қ.Күдеринованың 
құрама 
сөздердiң 
жазылуына 
байланысты уәждемелері. 
 
      1. Сөздердiң бiрге не бөлек жазылуы туралы мәселе, күрделi 
сөздердiң  бiрiккен  сөз  және  тiркескен  құрама  сөз  түрлерiн  бiр-
бiрiнен  ажырату  мәселесiнен  туындайды.  Себебi:  бiрiккен  сөз 
деп  қабылданса  –  бiрге,  тiркескен  құрама  сөз  деп  есептелiнсе 
бөлек жазылады. 
Сондықтан  да  болар  күрделi  /қүрама/  сөздердiң  жазылу 
емлесiнiң  /бiрге,  бөлек,  дефис  арқылы/  қалыптасу  тарихы, 
алдымен,  күрделi  сөз  түрлерiн  ажырату  критерийлерiн 
анықтауға  ұмтылудан  бастау  алғаны  мәлiм.  А.Байтұрсынұлы 
күрделi  сөздердiң  үндесу  заңына  сәйкес  келгенiн-  бiрге, 
келмейтiндерiн  бөлек  таңбалайды.  Қ.Жұбанов  бiрiккен  сөздi 
«кiрiккен  сөз»  терминiмен  алып,  кiрiккен  сөз  болудың  негiзгi 
белгiлерiне  талдау  жасайды.  Кiрiккен  сөз  болудың  бiрiншi 

шарты  мағыналық  тұтастығы:  бiр-ақ  нәрсенi  атап,  бiр  сөздiң 
орнына жүредi. Бiрақ бұл шарт барлық сөздерге бiрдей өлшеуiш 
бола алмайды. Олай болатын себебi:  «қарақұс деген бiр сөз бе, 
екi  сөз  бе?  Бiр  сөз  дейiн  десең,  қара  дегеннiң  де  өз  мағынасы 
бар.  Бiрақ  екеуi  қосылып  келiп,  бұл  арада  бiр  нәрсенiң  аты 
болып  тұр.  Ал,  бұларды  бiр  дейiн  десең,  дәл  осылар  сияқты 
болып  жасалған  өгiз  арба,  темiр  қасық  т.т.-да  бiр  сөз  болуы 
керек  сияқты.  Олай  болғанда  анықтауыш  сөз  бен  анықталушы 
сөздiң  екеуi  қосылып  бiр  сөз  болып  санала  беру  керек  сияқты. 
Мiне, жалғыз мағынаға сүйенгенде айырып алу қиын болатыны 
осыдан  ...  –  дей  келiп,  кiрiккен  сөз  болудың  екiншi  шартына 
синтаксистiк  тұтастықты  көрсетедi,  яғни  жеке  сөздердiң 
әрқайсысы  сөйлемде  өз  алдына  бiр-бiр  мүше  болмай,  бәрi 
жиналып,  сөйлемнiң  бiр-ақ  мүшесi  болу  керек»  үшiншi  шарт 
морфологиялық тұтастық, яғни сөз тұлғасының әдемi қалпынан 
өзгерiп,  бiрыңғай  қалыпқа  түсуi,  мысалы,  қолғап,  ашудас, 
белбеусөздерi тәрiздiлер. Төртiншi шарт фонетикалық тұтастық, 
яғни  кiрiгушiсөздердiң  алдыңғысы  екпiннен  айрылып,  қалған 
жалғыз  екпiн  соңғысындағана  болады.    Қ.  Жұбанов  төртiншi 
шартты ең негiзгi деп көрсетедi: «Кiрiккен сөзбен кiрiкпеген сөз 
тiркесiнiң қайсысы екенiн айыруға ең қолайлы, әрiсенiмдi жол – 
ол екпiнiне қарау». Мысалы: қарға қара құс десек, мұндағы қара 
құскiрiкпеген тiркес екенi анық. Өйткенi қара сөзiнде екпiн бар, 
әрi ол екпiн соңындағы құс сөзiнiң екпiнiнен анағұрлым басым. 
Ал,  бүркiт  –  «қарақұс  тұқымынан»  десек,  мұндағы  қарақұс 
кiрiккен сөз екенi анық. Өйткенi, мұнда қара деген бөлшекте түк 
екпiн жоқ, қара мен құстың екеуiне ортақ жалғыз-ақ екпiн бар, о 
да қара  сөзiнде емес, құс сөзiнде. Бiрнеше сөздер қосылып,  бiр 
ғана екпiнге- ең соңғысының екпiнiне бағынып, кейде бәрiнiң не 
бiреуiнiң бұрынғы мағынасы өзгерiп, сондықтан, бәрi жиналып, 
бiр-ақ нәрсенiң аты болып, бiр-ақ мағына беретiн, сөйлемде бiр-
ақ  мүше  болып  болып,  бiр-ақ  сөздiң  орнына  жүретiн  болса, 
осыны кiрiккен сөз деймiз. [12, 244 б.]. 
Қ.  Жұбанов  көрсеткен  сөздердi  бiрiктiрiп  жазудың  4 
факторы 
/семантикалық, 
морфологиялық, 
синтетикалық, 
фонетикалық/  күрделi  сөздердiң  iргесiн  ажыратуға  арналған 

кейiнгi  еңбектерде  түрлiше  қырынан  сипатталады.  М.  Балақаев 
«бiрiккен  сөздердiң  пайда  болу  заңдылығы»  сөздердiң 
семантикалық единица болу тұтастығына қарап танылады, - деп 
көрсетiп,  бiрiгуге  бейiм  сөздердi  мүмкiндiгiнше  бiрiктiрiп 
жазуды қолдайды: 1. Бiрiктiрiп жазу жинақылықтың нышаны. 2. 
Бiрiккен  сөздердi  бiрiктiрiп  жазу  –  тiлдiң  сөз  байлығын 
дамытудың  да  қамы.  3.  Бiрiккен  сөздердi  жүртқа  бiрiктiрiп 
жазып  оқыту  арқылы  солардың  тұтастығын  танытамыз,  бiр  сөз 
ретiнде  дұрыс  жазып  жылдам  оқуға  тиiстi  жағдай  жасаймыз»  - 
дейдi.  Бiрiккен  сөздердi  жазуда  ала-құлалықтардың  болуы, 
алдымен  оларды  семантикалық-  фонетикалық  орайда  тұтас  бiр 
сөз  деп  танудың  орнына,  кейбiр  ғалымдарымыз  басқаларға 
елiктеп,  сөздердi  бiрiктiрмей  бөлiп  жазудың  жаршысы  болды. 
Екiншiден,  ресми  орфографиялық  ережелерiмiзде  бiрiгiп 
жазылуа  тиiстi  сөздердiң  саны  мен  сапасы  әбден  тежелiп, 
азайтып  жазу  уағыздалса,  iс  жүзiнде  бiрiккендердi  бiрiктiрiп 
жазу  бағыты  күштi  болды...Үшiншiден,  бiрiктiрiп  не  бөлек 
жазылуға  тиiстi  сөздердi  айырудың  қиындығы  ресми 
орфографиялық  ережелердiң  кейде  бiрiздi,  дәл  болмауынан 
орфографиялық  сөздiктерде  ала-құла,  қарама-қарсылық  күштi 
болды: бiр сөздiкте бiрге жазылған сөздер екiншi сөздiкте бөлiп 
жазылған... Сөз бен сөздi қосып жаңа сөз жасау процесi үздiксiз 
дамып  жатуынан  пайда  болған  өзгерiстер  орфографиялық 
ережелерге  iлеспей,  олардан  ауытқып,  асып-түсiп  жатады. 
Ғалым  жоғарыдағы  қиындықтарды  атай  келiп,  «бiрiккен 
сөздердiң жазылуындағы басшылыққа алатын бiр шешiм жүйелi 
бiр кемшiлiк принципi болу керек», сондықтан бiрдей жүйемен 
жасалған  күрделi  сөздердi  жаппай  бiрiктiрiп  жазу  принципiн 
ұсынады[32,59 б.]. 
Бiрге жазылатын күрделi  сөздерге қандай критерийлер қою 
керектiгi  жөнiнде  оқулықтарды,  баспасөз  бетiнде  түрлiше 
пiкiрлер айтылып та, жазылып та жүр. 
2.  Қазақ  тiлiнiң  орфографиялық  сөздiгiнде  /1983/  бөлек 
жазылатын сөздердiң 6 түрлi тобы көрсетiлген: 
1. Мемлекет, республика, облыс, мекеме, үйымның күрделi 
атаулары. 

2. Анықтауыш пен анықталушы сөздер. 
3. Күрделi сан есiм, күрделi сын есiмдер. 
4. Күрделi етiстiктер. 
5. Есiм, елiктеуiш сөздер мен етiстiктерден қүралған күрделi 
сөздер. 
6. Идиомалық, фразалық тiркестер. 
       3. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiндегi /1988/ ережеде 
бiрге жазылатын сөздер: 
       1.  Тұлғасы  өзгерiп  барып  бiрiккен  сөздер  /бүгiн,  биыл, 
алаңғасар т.б./ 
       2.  еш,  әр,  кей,  бiр,  әлде  сөздерiмен  бiрiккен  есiмдiк,  үстеу 
сөздер /ешқандай, ештеңе, бiржолата т.б./ 
       3. Термин сөздер /баспасөз, еңбеккүн, көкжиек/. 
       4.  Құрал-  жабдық  атаулары  /  шаңсорғыш,  бесатар  т.б/, 
мамандық,  кәсiп,  қызмет  иелерiнiң  аттары  /өнертапқыш, 
темiржолшы,  атқамiнер  т.б/,ойын,  салт  –дәстүр  атаулар  / 
ақсүйек, тоқымқағар, ақсарбас/. 
5.  Аң-құс,  жан-жануар,  құрт-  құмырсқа,  өсiмдiк  атаулары 
/қарақұйрық, ақбөкен, тасбақа, шегiртке, аққу/. 
6.  –тану,  сымақ,  аралық,  фото,  электр,  радио,  авто,  авиа  т.б 
сөздерiмен  келген  тiркестер  /  халықаралық,  радиоқабылдағыш, 
автоқалам т.б/. 
7.  Екi  не  үш  сөзден  құралған  жалқы  есiмдер  /Әбдiманат, 
Мергенбай, Сарыөзен, Омарханұлы, Момышұлы т.б./ 
4. Р.Сыздықованың «Емле және тыныс белгiлерi» кiтабында 
бөлек жазылатын сөздер бүдан гөрi кеңiрек берiледi: 
1.  Бiрiккен  сөздердiң  бiрқатары  түбiрiн  сақтап,  ендi  бiр 
шамасы 
өзгерген 
қалпында 
жазылады: 
алабұға, 
алақоржын,кәсiподақ,  өнертану,  бүрсiгүнi,  қарағаш,  апару  т.б. 
Ал бiрiккен сөз болатын сөздерге төмендегідей атаулар жатады: 
1. Жалқы есiмдер / топономикалық атаулар, кiсi аттары/ 
2.  Ғылым  мен  техниканың  әртүрлi  саласындағы  терминдiк 
мәнге ие болған күрделi атаулар. 
3.  Флора  мен  фауна  дүниесiнiң  терминдiк  атаулары  болып 
келетiн  күрделi  сөздердi  бiрiктiрiп  жазу  үшiн  төмендегiдей 
талаптар қойылады: 

1.  ақ,  қара,  көк,  сары  т.б  түстi  бiлдiретiн  сын  есiмдер 
дербестiгiнен  айырылған  сөздермен  бiрiгiп  белгiлi  бiр  жан-
жануар, құс, өсiмдiк атауын бiлдiредi: алақоржын,  ақиық,  аққу, 
көкқұтан т.б. 
2.  Бiрiншi  сыңары  түстi  бiлдiретiн  сын  есiмдер  екiншi 
сыңары  құс,  ағаш,  балық,  құрт,шөп,  гүл,  торғай,  жидек,  жемiс 
сияқты  аң-құс,  өсiмдiктiң  жалпы  атауы  болатын  сөздер  бiрге 
жазылады. Қараторғай, сарышөп, қызылжидек т.б. 
3.  Бiрiншi  сыңары  есiм  сөз,  екiншi  сыңары  шөп,  өсiмдiк, 
тауық, құрт сияқты жалпы атаулар: әтiргүл, бояушөп, барқытгүл 
т.б. 
4. Екi сыңары да дербестiгiнен айырылған есiм сөздер. 
5.  Бiрiншi  сыңары  мал,  аң  атаулары  екiншi  сыңары 
лексикалық  мағынасынан  айырылған  сөздер  /  балықкөз, 
түйеқара,  қоянсүйек  т.б./  немесе  бiрiншi  сыңары  мал  не  аңның 
жалпы атауы, екiншi сыңары шөп, жапырақ, тiкен, жемiс, тамыр 
т.б.  тәрiздi  сөздерден  тұратын,  ботаникалық  терминдер  / 
бақаоты, қояншөп, түйетiкен, қазоты т.б./ 
3. Әралуан құрал – жабдық, қару – жарақ, машина, аппарат, 
бұйым, үй мүлкi атаулары, мамандық, кәсiп иелерiнiң аттары. 
4.  Аралық,  тану,  сынақ,  нала,  ақы,  еш,  кей,  қай,  әлде 
сөздерiмен келетiн күрделi сөздер. 
5.  Фото,  авиа,  агро,  теле,  мото,  стерео  сияқты  кiрме 
сөздермен келетiн қазақ тiлiндегi сөздер. 
       Осы берілген талаптарға қарай бiрге және бөлек жазылатын 
сөздердiң  белгiлi  бiр  жүйеге  бағынған  емлесi  бар.  Дегенмен, 
қазақ  тiлiндегi  күрделi  сөздердiң  барлығын  бiрдей  осы  жүйеге 
түсiру  қиын.  Жасалу  уәжi  бiрдей  сөздердiң  бiр  тобы  бөлек 
жазылатын  сөздердiң,  екiншi  тобы  бiрге  жазылатын  сөздердiң 
қатарын құрайтын жағдайлар да ұшырасады. 
5.  Күрделi  сөз  атаулыға  тән  ортақ  белгi-олардың  бiрнеше 
түбiрден құралып, тұтас бiр мағынаға ие болуы бiрнеше түбiрдiң 
сөйлемде бiр ғана зат, құбылыс атауы болып, бiр сұраққа жауап 
берiп,  сөйлемде  бiр  ғана  қызмет  атқаруы  десек,  күрделi  сөз 
сыңарының  бiрiктiрiлiп  жазылуы  үшiн  нақты  критерий  қандай 
болмақ? Н.Уәлиев, А.Алдашеваның «Қазақ орфографиясындағы 

қиындықтар»  кiтабында  күрделi  сөздердiң  арасынан  бiрге 
жазылатындарын  ажыратудың  бiрден-бiр  критерийi  ретiнде:1) 
оның  сыңарларының  семантикалық  өзгерiсi  алынады.  Яғни 
құрамындағы 
сөздер 
дербес 
тұрғандағы 
мағынасынан 
ажырайды, олардың мағыналарының контаминацциялануы /лат. 
Contaminatio-  араласу/  нәтижесiнде  тың  мағына  пайда  болады. 
Мәселен, жаужұмыр, сайгүлiк, қызойнақ, бiрқазан /құс/, кәрiқыз 
/өс/, түйесiңiр /өс/, шашақбас /өс/ т.б. сөздерiнiң әрқайсысының 
жеке  компоненттерiнiң  дербес  мағынасының  тұтас  сөздiң 
беретiн ұғымына мүлде қатысы жоқ. 2) Кейде бүтiннiң бөлшегi 
болатын  сөз  сыңарлары  бiрiге  келiп  тұтас  зат,  құбылыс  атауы 
болады.  Мысалы:  қосаяқ,  бiзқұйрық,  қаратамақ,  қарабауыр  т.б. 
Осындағы  аяқ,  құйрық,  тамақ,  бауыр  сөздерi  «бүтiннiң 
бөлшегiн»  бiлдiредi.  Егер  күрделi  сөз  құрамындағы  сыңар 
сөздер  өздерiнiң  мағыналықдербестiгiн  бiршама  сақтап 
қалатындай  болса,  ондай  күрделi  атаулар  бөлек-бөлек 
таңбаланады.  Мәселен,  әулиеағаш-бiрге,  алма  ағаш  бөлек 
жазылады.  Себебi:  әулие  және  ағаш  сөздерi  мағыналары  бiр-
бiрiне  қабыспайтын  мүлде  әр  басқа  сөздер.  Дербес 
мағыналарынан  ажырап  жаңа  мәнге  ие  болған.  Ал  алма  ағаш 
сөзiнде алма да, ағаш та өз дербестiгiнен толық айырылмаған. 3) 
Кейде  3  сыңардан  тұратын  күрделi  атаулардың  алдыңғы  екi 
сыңарын  –бiрге,  соңғысын  бөлек  жазуға  тура  келедi.  Мысалы: 
қызыққұйрық торғай, сарала қаз, саржақ су бүркiтi, ақбас жусан, 
қарабауыр  қасқалдақ  т.б.  Себебi  алдыңғы  екi  сыңарының 
мағынасы  кейiнгi  сыңарына  қарағанда  идиоматизацияланғанын 
байқау  қиын  емес.  4)  Күрделi  сөздердiң  бiрiккен  сөз  ретiнде 
танылуына  олардың  семантикасынан  өзге  грамматикалану 
факторы да әсер етедi. Бұл орайда етiстiк формалары, сын есiм, 
зат  есiм  жасайтын  арнайы  тұлғалар  мен  көптiк  жалғауының 
мағына  ұластырғыш  қызметi  айтарлықтай  рөл  атқарады  [24,  63 
б.]. 
Мысалы,  жатыпат  –  ар,  қанiш-ер,  батаоқы-р,  көрiпкел, 
қүлақкес-тi,  қағазбас-ты,  қағабер-iс,  шығабер-iс,  қосжынысты-
лар,  сүтқорек-тi-лер,  шатыршагүлдiлер  т.б.  Егер  қос  жынысты 
жәндiктер,  сүт  қоректi  жануарлар,  шатырша  гүлдi  өсiмдiктер 

десек,  әр  сыңары  бөлек  жазылады.  Яғни,  көптiк  жалғаумен 
келетiн  күрделi  сөздердiң  бiрге  жазылуы  зат,  нәрсенiң  негiзгi 
атауының  түсiрiлiп,  жалпылама  мәнге  ие  болуына  байланысты.                            
6.  Құрама  сөздердiң  бiрге  және  бөлек  таңбаланудың  ғылыми 
негiздемесiне  арнап  ғылыми  еңбек  жазған  ф.ғ.к.  Қ.Күдеринова 
құрама  сөздердiң  бiрге  не  бөлек  жазылуының  екi  түрлi 
уәждемесiн 
көрсетедi: 
бiрiншiсi-тұлғалық, 
екiншiсi 
– 
мағыналық. Бiрге не бөлек жазылатын сөздердi ажырата бiлуде 
бұл тұжырымдамаларды бiршама маңызды деп есептегендiктен, 
нақтырақ тоқталып өтейiк. 
1.  Сөздердiң  бiрге  жазылуының  тұлғалық  факторы.  Бұған 
құрама  /күрделi  сөздi  бұдан  әрi  құрама  деп  атаймыз/  сөз 
сыңарлары  грамматикалық  формаларының  элизияға  ұшырау, 
редукциялануы,  екi  сыңарды  ұластырғыш  жалғаулықтарының 
болуы,  сыңарлардың  фонетикалық  контоминацияға  ұшырауы, 
бiр  екпiнге  бағынуы.  Қазақ  тiлiндегi  бiрiккен  сөздер  /бұдан  әрi 
БС/  -  ар,  -лар,-  лық,  -ғыш  қосымшаларымен  келiп  және  тану, 
жанды,  құмар,  ақы,  ара,  жай,  хана  сияқты  лексикалық 
бiрлiктердiң  грамматикалануы  негiзiнде  жасалады.  Бұндай 
түлғалық  ерекшелiктердi  Қ.Күдеринова  бiрге  тұлғалаудың 
формалды  белгiлерi  деп  алады.  Сөздердi  бiр-бiрiмен  ұластыру 
үшін  қызмет  ететiн  қосымшалар  ұластыруыштар,  лексикалық 
бiрлiктердi  /тану,  жанды  т.б./  құрастыруыштар  деп  атауды 
ұсынады. 
Ұластырушы қосымшаларға мыналарды көрсетедi: 
-ар,  -ер.  ауызашар,  алтыбасар,  бiрбайлар,  ұлтабар,беташар, 
атсоғар т.б. [17, 45 б.]. Негiзiнен этнографиялық атаулар, адамға 
қатысты сөздер. 
-лық.  ауызбiрлiк,  ауылшаруашылық,  бесжылдық,  бүкiләлемдiк, 
мектепiшiлiк, кiшiпейiлдiлiк, шаласауаттылық – негiзiнен саяси, 
әлеуметтiк, қоғамдық атаулар, термин сөздер.]. 
-лар. 
ағашкемiргiштер, 
бассүйексiздер, 
көпқанаттылар, 
крестгүлдiлер,  жылықандылар,  күрделiгүлдiлер  т.б.  Негiзiнен 
жануартану,  өсiмдiктану  туыс  атау  терминдерiн  жасауға 
қатысады. 

-қыш.  алжапқыш,  сабынсалғыш,  тiсжуғыш,  дәнтазалағыш, 
картонүккiш,  шағсорғыш  –  техника,  құрал,  аспан  атауларын 
бiлдiретiн  термин  сөздер.  Бұлардың  қатарына  адамның  бiр 
әрекетке  бейiмдiлiгiн  бiлдiретiн  семантикасы  бар  мақала 
жазғыш, сурет салғыш, кiтап оқығыш т.б. тiркестерiн жатқызуға 
болмайды. Себебi, мысалы сурет салғыштың – адамның бiр ғана 
қыры, ал еттартқыш- тек ет тартуға арналған құрал.  
-  ты.  предикаттық  қатынастағы  фразалық  тiркестердi  бiрiктiрiп 
жазуға меже болып табылады. Мәселен, шаруабасты, балабасты, 
пышақкестi,  құлақкестi,  өзекжарды,  сусоқты,  атсоқты.  Бүл 
тiркестердi бiрiктiрiп жазу арқылы бауыр басты /жақын тартты, 
Үйренiп  кеттi/;  бетiне  басты  /  өрескел  қылықты  салық  еттi, 
үялтты/;  еңсенi  басты  /көңiлдi  көтерт-пей  қамықтырды/;  жаза 
басты  /жаңылысты/;  желiн  басты  /мiнезiн  жөнге  келтiрдi/;  қара 
басты /жолы болмады/ сияқты ұқсас тұлғалы фразеологиздерден 
ажырату үшiн де керек/ [17, 53 б.]. 
-  ма,  -ме,  -ба,  -бе.  айкезбе,  ақжайма,  алыпқашпа,  алыпұшпа, 
баукеспе,  елкезбе,  жерқазба,  жерқойма,  жолжазба,  жолсiлтеме, 
иекартпа, суырыпсалма, шығарыпсалма, iзжазба т.б. 
-  ыс,  -iс.  беталыс,  бетбұрыс,  бұқатартыс,  қантөгiс,  құлаққағыс 
т.б. 
қ, -ық. бөройнақ, жынойнақ, қантойнақ, қантышқақ, қызойнақ, 
мұзойнақ, ойтолғақ, тақиятеппек т.б. 
-  қы,  -кi.  аласүзгi,  ауақыздырғы,  етшапқы,  жарықтүсiргi, 
мұзқатқы, суқашыртқы. 
Сөз құрастыруыш тұлғаларды автор 3 түрлi аяда көрсетедi: 
аффиксоидтар,  стандарт  тұлғалар  және  жинақтауыш  түлғалар. 
«Мұндағы 
аффиксоид 
дегенiмiз 
нақты 
мағынасынан 
дерексiзденiп,  қол  үзе  бастаған,  кей  реттерде  дербес  те 
қолданыла алатын, бiрақ көбiнесе тiркескен сөзiне селбесiп, БС 
жасайтын делексикаланған бiрлiктер болып табылады. 
Аффиксоид құрастырғыштар: 
-  хана.  Парсы  тiлiнен  енген  «үй,  бөлме»  мағынасындағы 
жұрнақ.  Қоғамдық,  жалпы  халықтық  тұтынудағы  ортақ  орын, 
мекен  ғимараттарын  атауға  қатысты  ресми  қолданыста 
жұмсалады.  Мысалы,  асхана,  емхана,  етхана,  ұстахана, 

жындыхана, балахана, баспахана, жатақхана, құжатхана, кiрхана 
т.б. 
-  құмар.  «Ынтық,  ынтызар,  асық»  және  «әуес,  үйiр,  құштар, 
қызықтағыш»  ұғымын  бiлдiредi.  Мысалдары:  аңқұмар, 
арызқұмар, атқұмар, қағазқұмар, әнқұмар, балқұмар, бәлеқұмар, 
кiтапқұмар, қағазқұмар т.б. 
-жай.  Толық  мағыналы  сөзден  аффиксоид  қатарына  өткен  тағы 
бiр  тұлға  -  жай.  Алдымен  қоражай  қос  сөзiнде  көрiндi.  Кейiн 
мекенжай  /адрес/  мағынасына  ие  болды.  Екi  сөз  бiрiгiп 
мекенжай  –  орын  мағынасын  алды.  Қазiргi  кезде  әуежай, 
егiнжай,  еружай,  жағажай,  жылужай,  кемежай,  қоңыржай, 
қонысжай,  қоражай,  малжай,  панажай,  саяжай,  шипажай  т.б. 
Бәрiне  ортақмағына  –  белгiлi  бiр  орын,  мекен,  тұрақ  яғни 
кеңiтiктiң бiр нүктесi. 
-  ара.  «Ара  сөзiнiң  термин  құрастыруыш  қатарына  өтуi 
препозицияда  да,  постпозицияда  да  екiншi  сыңармен  бiрге 
таңбалану  формасына  ие  болумен  көрiнедi.  Мысалы, 
арақатынас, арақашықтық, аражiк, арасалмақ, арагiдiк, арақатыс, 
екеуара,  өлара,  өзара,  iшiнара  т.б.  Аралық  сөзiнiң  арнайы 
формантқа  айналуы  халықаралық  сөзiнен  бастау  алып, 
ауыларалық,  буынаралық,  жоларалық,  қалааралық,  пәнаралық 
т.б. сияқты атаулармен жалғасады. 
тану. Абайтану, ағаштану, әдебиеттану, әуезовтану, қоғамтану, 
өнертану. 
жанды. Ақынжанды, ержанды, итжанды т.б. 
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет