Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі


Н. Макиавеллидің саяси және моральдық философиясы



жүктеу 2.07 Mb.
Pdf просмотр
бет12/22
Дата29.12.2016
өлшемі2.07 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

 
Н. Макиавеллидің саяси және моральдық философиясы 
 
Н. Макивелли көбіне өзінің саясат жөніндегі толғаныстарымен тарихта 
қалған.  Оның  негізгі  себебі  феодалдық-қауымдық  қоғамның  ыдырап  оның 
орнына ерте капиталистік қатынастардың келе бастауы еді. Егер саясат осыған 
дейін діннің қолдауында болып, моральдық тұрғыдан әрқашан ақталып отырса, 
ол  негізінен  алғанда  “ақсүйектердің  ісі”  болатын  болса,  енді  жаңа  заманда 
төменгі  қабаттардан  шығып,  аз  уақытта  сауда-саттық  жасау  арқылы  байып 
билікке  ұмтылған  адамдар  пайда  болды.  Мұндай  жағдайда  саясат  моральдық-
діни шеңберден бірте-бірте шығып, өзінше дербес әлеуметтік құбылыс ретінде 
өзін көрсете бастады.  
Н. Макивеллидің көрегендігі  – саясаттың дербес құбылыс ретінде үлкен 
қоғамды  өзгертуші  құрал  екенін  анықтау,  оның  моральдық  құндылықтардан 
бөлек  табиғатын  ашу,  саяси  билік  үшін  күресін,  содан  кейін  оны  ұстап  тұру 
әрекетін (қазіргі тілмен айтқанда – саяси технология) жасау болды.  
Енді  бұл  арада  біз  макиавеллизм  деген  ұғымнан  Н.Макиавеллидің  
шынайы  көзқарастарын  бөліп  алып  қарауымыз  керек.  Макиавелизм  ұғымы 
бүгінгі таңда саясаттың арсыз, барып тұрған опасыздық түрін көрсетеді. Саясат 
құбылысында кездесетін екіжүзділік, алдап-арбау, қорқыту, күш жұмсау, айдап 
салу,  сатып  кету  т.с.с.  бәрін  макиавеллизм  дейді.  Яғни  саясаттың  толық 
моральдық  шеңберден  шығып  кетуін,  оның  талаптарын  аяққа  басуды  біз  Н. 
Макиавеллидің атымен айтамыз.  
Алайда, мұндай көзқарас дұрыс болар ма екен, мүмкін мұның өзі шынайы 
Н.  Макиавеллидің  өзінің  шығармашылығынан  туатын  көзқарасқа  сай  келмеуі 
де ғажап емес болар.  
Осы  бағалау  тұрғысынан  алып  қарағанда  біз  расында  да  үлкен 
қайшылықты  байқаймыз.  Әрине,  орта  ғасыр  шеңберіндегі  саясат  жөніндегі 
түсінік  қайта  қаралды,  саясаттың  моральдан  дербес  өзінше  қажетті  құбылыс 
екені  анықталды,  ал  сонымен  қатар  Н.  Макиавелли  қайсыбір  саясаткердің 
зорлық-зомбылығын, опасыз іс-әрекетін ақтаудан, әрине, алшақ болды.  
Н.  Макиавеллидің  ойынша,  мемлекет  пен  саясаттың  қоғамдағы  негізгі 
қызметі  әр-түрлі  таптардың,  әлеуметтік  топтардың  басын  біріктіріп  бүкіл 
ұлттық  келісімнің  шеңберінен  шығармау,  қоғамды  ыдыратып  жібермеу, 
орталық билікті мықты қолда ұстау болды. Ал саясаттың моральдық сипатына 
келер  болсақ,  “мүмкіндігінше  ізгіліктен  алыстамау  керек,  ал  керектік  қылса 
залымдықтан  қашпау  қажет”  деген  пікір  айтқан  болатын.  Бірақ,  саясатты 
толығынан  моральдық  шеңберде ұстау  мүмкін емес.  Н.  Макиавелли  “тек  қана 
өзінің  ар-ұжданының  талабына  сәйкес  іс-әрекет  жасайтын  саяси  қайраткер 
өзіне  мола  қазады”-деген  пікір  айтады.  Оған  себеп  -  қоғам  өміріндегі  кейбір 
жағдайда қалыптасатын “ащы шындықтың ақиқаты”. Оны шешу үшін мемлекет 

106 
 
басшысы  зорлық-зомбылыққа  шейін  баруы  мүмкін.  Осындай  жағдай 
қалыптасқанда ол “қаталдықпен көп әуестенбеу керек, қажет болған жағдайда 
оны тез арада қолданып өзіне қарсылардың быт-шытын шығаруы керек. Халық 
мемлекеттік  билікке  бір  жағынан  қорқынышпен,  екінші  жағынан 
сүйіспеншілікпен  қарайды  дейді.  Бірақ  таңдауға  келген  жағдайда  халықты 
қорқынышта ұстау - берігірек”. Саясаткер бір жағынан батыл, екінші жағынан - 
абай болуы керек. Бірақ, шешуші жағдайда батылдық қажет.  
Ел басшысы бір жағынан арыстанға, екінші жағынан түлкіге ұқсас болуы 
қажет.  
Қоғамдағы  қайшылық  өршіп,  адамдардың  үкіметке  деген  сенімі 
жойылған жағдайда күш қолданбай болмайды. Бірақ, қалай дегенде де, жеңіс-
әрқашанда  саясаткердің  негізгі  мақсатына  айналуы  керек,  ал  оған  жететін 
құралдар  әр-түрлі  болуы  мүмкін.  Сол  жолда  зорлық-зомбылық  жасалса,  ол 
қоғамдағы  жағдайды  дұрыстауға,  тәртіпті  орнына  келтіруге  ғана  жұмсалып, 
тоқталуы  керек.  Екінші  рет  зомбылықты  қолданудан  алшақ  болу  керек  деген 
пікір айтады ұлы ойшыл.  
Н.  Макиавелли  жөніндегі  адамгершіліксіз  саясаттың  жақтаушысы  деген 
пікір  жүздеген  жылдар  бойы  сақталып  келді.  Тек  ХХ  ғ.  Екінші  жартысында 
ғана  бұл  ойшылдың  еңбектері  терең  зерттеліп,  басқаша  пікір  қалыптаса 
бастады.  Ағылшын  елінің  ұлы  философы  Б.  Рассел  бұл  кісінің  еңбектерін 
жоғары  бағалап  Н.  Макиавелли  Ренессанс  дәуірінің  ең  терең  ойшысы    деген 
пікір айтты.  
Батыс  елдеріндегі  көп  ғалымдар  Н.  Макиавеллиді  қазіргі  саяси 
философияның  негізін  қалаушы  ретінде  бағалайды.  Біздің  ойымызша  ХIV  ғ. 
өмір  сүрген  араб  ойшысы  Ибн-Халдунды  бұл  орынға  қоюға  әбден  болар  еді, 
өйткені ол Н. Макиавеллиден бір жарым ғасыр ерте өмір сүрген болатын. Бірақ, 
қалай  дегенде  де,  біздің  ел  сияқты  ондаған  мемлекеттер  демократия  жолына 
түсіп  қоғамда  терең  саяси  өзгерістерді  тудырып  жатқан  уақытта  Н. 
Макиавеллидің саясат пен моральдың айырмашылығы жөніндегі терең ойлары 
ешбір адамды жайбарақат қалдырмайды.  
 
 
Қайта  Өркендеу  Заманындағы  ғылыми  жетістіктер  және  олардың 
философиялық-ой пікірге тигізген әсері 
 
 Өз  заманындағы  схоластикалық  ғылымға  қарсы  шығып  Леонардо  да 
Винчи  эмпиризмнің  алғашқы  нышандарын  жасады.  Тәжрибе  арқылы  ғана 
ақиқатқа  жақындауға  болады.  Әрі  қарай  тереңдеу  үшін  мақсатты  тәжірибе-
эксперимент  керек.  Бірақ  табиғат  тәжірибеден  тыс  қалған  көп  себептерден  де 
тұрады. Сондықтан ақиқатқа жетудің соңғы жолы - теория. “Ғылым -қолбасшы 
болса, практика - әскер” дейді Л. да Винчи.  
Адам  жағалай  қоршаған  Дүниені  тек қана  ғылыми  жолымен  танып  ғана 
қоймайды. Өнер - ол да танымның ерекше жолы.  

107 
 
Егер  ғылым  Дүниенің  сандық  жағын  ғана  зерттей  алатын  болса,  онда 
өнер  дүниенің  сапалық,  қайталанбайтын,  әсем  нақтылы  жағын  көрсете  алады. 
Бұл жағынан ұлы суретші өнер ғылымнан биік деген пікірге келеді.  
 
Н. Коперниктің дүниеге деген көзқарасқа еңгізген төңкерісі 
 
Н.  Коперник  негізгі  еңбегі  -“Аспан  аймақтарының  айналуы  жөнінде”. 
Бұл еңбектегі негізгі идея - жер ғарыштың ортасы емес - ол біріншіден өзінінің 
діңгегінен  айналады,  екіншіден  -  күнді  айналады;  күн  дүниенің  ортасындағы 
тұрған шамшырақ. (Гелиоцентризм) Бұл жаңа болжам күн мен түннің ауысуын, 
планеталардың орбиталарын жете түсінуге мүмкіндік берді. Н. Коперник айдың 
жерді айналатыны жөнінде де алғаш болжам жасады.  
Н. Коперник ашқан жаңалығы діни көзқарасқа үлкен соққы жасап, жаңа 
дәуірдегі ғылымға аттанатын жолды ашты.   
 
Джордано Бруноның натурфилософиялық ілімі 
 
Д.Бруно  дүниеге  деген  пантеистік  көзқараста  болды.  “Құдай  дегеніміз 
шексіздіктегі  шексіздік,  ол  барлығында,  барлық  жерде  олардан  бөлек,  ия 
болмаса жоғары емес…”. Табиғат дегеніміз 

 ол заттардың ішіндегі құдай деген 
пікір таратқан. “Барлық заттар ғарыштың ішінде, ғарыш-барлық заттарда, біз - 
оның  ішінде,  ол 

  бізде”  деген  Д.  Бруно  ойы  ертедегі  философиядағы  микро 
және макрокосмның теңдігін көрсеткендей болады.  
Құдайдың өзі сол табиғат болғаннан кейін Д. Бруно бүкіл дүниенің жаны 
бар  деп  түсінеді.  Дүниежүзілік  жан-заттарды  қалыптастырады,  олардың  ішкі 
күш-қуаты.  Олай  болса,  бәрі  де  мақсатқа  лайықты  өмір  сүреді  (телеологизм).  
Ал оны білу 

 ғылымның негізгі ісі деп түсінді Д. Бруно.  
 
Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың 
қалыптасуы мен дамуындағы рөлі 
 
Христиан  дінінің  алғашқы  нұсқаларына  қайта  оралып,  оны  Орта 
Ғасырлық  схоластикалық  бүркемдерден  тазарту  -  өзекті  мәселелердің  біріне 
айналады.  Осы  үлкен  көлемді  іске  барлық  жан-тәнін  берген  неміс  теологы 
Мартин Лютер ( 1483 – 1546 ж.ж.) болды.  
М.  Лютер  рим-католик  шіккеуінің  Құдай  мен  адамның  арасындағы 
дәнекерлік  қызметін  теріске  шығарып,  адамның  жалғыз  ғана  Құдайға  деген 
сенімі оның құтқарылуына жеткілікті деген  пікірге келді. Құдайға қызмет ету - 
ол  жалғыз  дін  қызметкерлерінің  ғана  ісі  емес,  бүкіл  халықтың,  әр  адамның 
борышы  деген  пікір  айтты.  Ал  мұның  бәрі  шіркеудің  билігін  әлсіретіп,  оның 
догматтарын қысқартты. Мысалы, 7 құпиялықтың екеуі ғана қалды ол крестеу 
мен қатысты болу. 

причащение

 
Иконалар алынып тасталды.  

108 
 
М. Лютер дін мен философияның, сенім мен ақыл-ойдың ара қатынасына 
үлкен  ор  қазып,  христиан  дінінің  негізгі  құжаттарын,  киелі  кітаптарын  ақыл-
оймен  талдаудың  мүмкін  еместігін  айтты.  М.  Лютердің  ойынша,  “ақыл-ой  - 
шайтанның жезтырнағы және сенімге қарсы қылмыс” деген сөзге дейін барды.  
Олай  болса,  адам  өз  ақылы  мен  еркінің  шеңберінде  күнәдән  құтыла 
алмайды,  өйткені,  алғашқы  текті  күнә  оның  табиғатын  бұзды.  Бұл  мәселе 
бойынша, оның пікірі Августиннің ойына жақын болды.  
Христиан дінін жаңа өмірге сай етіп өзгертуге өзінің үлесін қосқан екінші 
ойшыл 

  ол  Жан  Кальвин  (1509  –  1564ж.ж.)  “Христиандық  Сенімге  тәлім” 
деген еңбегінде “сенгеннің надандығы білем дегеннің өркөкіректігінен жақсы” 
дейді.  Ж.  Кальвин  адамның  өмірінің  өркөкіректігінен  толығынан  құдайдың 
еркіне,  алдын-ала  болжауына  тәуелді  екенін  айтады.  Ең  ақыры  Иса 
пайғамбардың  өзі  барлық  адамзаты  үшін  емес,  тек  қана  оның  кішкентай 
таңдалған бөлігі үшін зардап шегіп өлді. Ал бірақ ол ешкімге белгісіз.  
Ж.  Кальвин  Қайта  Өрлеу    заманындағы  гуманистердің  “фортуна” 
ұғымына  үзілді-кесілді  қарсы  шығып  “фатум”  ұғымын  биік  дәрежеге  көтерді, 
өйткені ол құдайдың адамның тағдырын алдын-ала болжауы.  
Ж.  Кальвин  Библиядағы  айтылған  “Шақырылғандар көп,  таңдалғандар  - 
аз”деген қағиданы толықтырып “тек кім таңдалды - оны ешкім білмейді” деген 
пікірге  келеді.  Батыс  Европадағы  жаңа  қалыптасып  жатқан  капитализмге 
адамгершілік    бағыт  берген,  әсіресе,  Ж.  Кальвиннің  аскеттік  ілімі.  Егер  сенің 
істерің  саған  олжа  әкелсе,  онда  сен  масаттанба,  тәккәппарланба,  керісінше, 
Құдай  қолдағаннан  кейін,  кем-тарларға  көмектес,  байлығынды  шашпа,  жаңа 
жұмыс орындарын аш, т.с.с..  
Сонымен,  Кальвинизм  капиталдың  қорланып  өсуіне  ,  кәсіби  іскерліктің 
Құдай қалайтын, адамның абыройын көтеретін, сонымен қатар, өте жауапты іс 
екеніндігіне, жаңа дәуірдің моральдық құндылықтарын анықтауға ат салысты.  
 
                         Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар: 
 
1.
 
Қайта  Өркендеу  дәуірінің  философиясының  ерекшеліктері  және  негізгі 
сипаттары. 
2.
 
Қайта Өркендеу дәуіріндегі ғылым. 
3.
 
Қайта Өркендеу дәуірінің әлеуметтік-саяси философиясы. 
4.
 
Қайта Өркендеу дәуіріндегі діни реформация. 
 
Ойланыңыз: 
 
1.Француз ағартушысы Д.Дидро айтқандай, «Ең тамаша ойшылдар 
философиямен ғасырлар бойы айналысты. Бірақ соған қарамастан, онда бірде-
бір дау туғызбайтын пікір жоқ». Неге олай? 
2.Фортуна өте мейірбанды адамдардан гөрі ,не болса сол болсын деп батыл 
кірісетін адамдарды сүйеді (Эразм Роттердамский). 

109 
 
3.Менің адалдығым мен сенімділігімнің кепілі -  менің 
кедейлігім.(Н.Макиавелли). 
4.Қайсыбір философияның бастауында таңғалушылық, дамуында зерттеулер, 
соңында білместік жатыр.(М.Монтень). 
5.Сен өздеріңнің қағидаларыңмен  Дүниені төңкеріп тастағың келеді, -  дейді 
біреулер. Бірақ төңкеріліп жатқан бұл  Дүниені төңкергеннің несі 
жаман.(Дж.Бруно). 
6.Адам- көп түрлі өзгеретін табиғаты бар жануар.(Пико делла Мирандолла). 
7.Қандай қиындық болса да, өмірден бас тартпа.(М.Монтень). 
8.Білімге деген іңкәрліктен артық батылдық жоқ.( М.Монтень). 
9.Құдай басқа тіршіліктің бәрінің бейнесі мен қалпын шеңберлеп, олардың 
алатын орнын анықтаған. Тек сен ғана, адам, ешқандай шеңбермен қысылған 
жоқсың, сондықтан өз бейнеңді  өз шешіміңмен анықтай аласың.(Пико делла 
Мирандолла). 
 
                                        
                                 Реферат тақырыптары:  
 
1.
 
Н.Макиавеллидің «Государь» (Патша) атты еңбегінің негізгі идеялары. 
2.
 
Л.Винчи шығармашылығы. 
3.
 
Қайта Өркендеу дәуірі философиясындағы тұлға мәселесі. 
4.
 
Ренессанс дәуіріндегі өнер және философияның өзара байланысы. 
 
 
                          ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ: 
 
Негізгі: 
1.      Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008. 
2..     Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы. 
-Алматы, 1999ж. 
3.      Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 . 
4.      Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 . 
5.      Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой. 
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994. 
6.      Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. -  Алматы, Эверо,2014. 
7.      Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных 
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ               
столетия:Учебник для вузов. -  Алматы: Ғылым,2001. 
8.      Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. – 
Алматы:Атамұра, 2000. 
 

110 
 
Қосымша: 
1.       Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010. 
2.       Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –      
Алматы: К-ИЦ  ИФП  КН  МОН  РК,2011. 
3.       Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек 
жолы, 2014. 
4.       Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 
5.       Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011. 
6.       Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005 
7.       Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского 
Нового Университета , 2007. 
8.       Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық 
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000. 
9.       Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994. 
10.     Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты. 
– Москва: Восточная литература,2001. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

111 
 
1 тірек кесте.  Қайта дәуір философиясы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қайта дәуір философиясы. (XY-XVII ғ.ғ) 
ГУМАНИЗМ 
 
Гуманистік сарында 
ұмтылған адамдардың 
еркіндік,бостандық туралы 
идеялары. 
Франческо Петрарка 
(1304-1374жж) 
Коллючо Салбтати 
 ( 1331ж ) 
Леонардо Бруни 
 (1370-1444жж) 
Поджо Бранччолини 
(1370-1459жж.) 
Леон Баттиста Альберти 
(1404-1472 жж.) 
Лоренцо Валла 
 (1407-1457 жж.) 
 
 
НАТУРФИЛОСОФИЯ 
Табиғат құбылыстарын өз 
заңдылықтарына сүйеніп 
түсіндіруге болатын 
көзқарастың дамуына үлкен 
әсер етіп, ғылыми жаңалық 
ашқандар. 
 
Николай Коперник 
 (1473-1543 жж.) 
Дрождано Бруно 
 (1548-1600 жж.) 
Леонардо да Винче  
(1452-1519 жж.) 
Галилео Галилей  
(1564-1642 жж.) 
АРИСТОТЕЛИЗМ 
1 Аристотелдік ілімді 
сол дәуірге сай 
түрлендіріп,уағыздау
шылар. 
2. Ортағасырлық 
теологиялық 
дәстүрге сай, 
Аристотель ілімін 
негіздеген. 
 
Пьетро 
Помпонацции 
(1462-1525 жж.) 
Симоне Порцио 
(1496-1554 жж.) 
 
НЕОПЛАТОНИЗМ

Аристотель ілімімен бірге,
 
 Платон философиясындағы 
ұғымдарды жүйелеушілер.   
Николай Кузанский  
(1401-1464жж.) 
Марсилио Фичино 
(1433-1499 жж.) 
Пико делла Мирандола  
(1463-1494жж.) 
Франческо Патриц  
(1529-1597 жж.) 
СКЕПТИЦИЗМ 
 
Мишель Монтень  
(1533-1592 жж.) 
Джанфранческо Пико 
(1469-1533 жж.) 
Генрих Корнелиус  
(1486-1535 жж.) 
ДІНИ 
 
Эразм Ротердамский  
(1466-1536 жж.) 
Мартин Лютер  
(1483-1546 жж.) 
Ульрих Цвингли 
(1484-1531 жж.) 
Жан Кальвин  
(1509-1564 жж.) 
САЯСАТ 
 
Никколо Макиавелли  
(1469-1527 жж.) 
Гуго Гроций 
(1583-1645 жж.) 
Жан Боден  
(1530-1596 жж.) 
УТОПИСТІК 
 
Томас Мюнцер 
(1490-1525 жж.) 
Томас Мор  
(1478-1535 жж.) 
Томмазо Кампеналла  
(1568-1639 жж.) 
ПАНТЕИЗМ 
Натуралистік:                             Дінилік: 
                                                 
Дж. Бруно.                            Н.Кузанский. 
 
                                                 
 

112 
 
2  тірек кестеҚайта Өркендеу дәуірінің негізгі бағыттары 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Екі бағыт: 
Бірінші – 
монархомистік 
(тираноборттық 
,республикалық) 
Екінші – 
монархисттік 
(абсолютизм) 
Жекеменшікті 
қолдамау 
Қоғамдық еңбек 
Материалдық 
игіліктерді тең 
бөлу
  
 
Дүниенің 
танымдылығы 
Сыртқы дүние 
біздің 
түйсіктермізге 
әсер ететін 
танымның көзі 
 
Туа біткен 
идеяларды жоққа 
шығару 
Ақыл - есті және 
логиканы 
негіздеу 
Диалектикалық 
тенденциялар (ХV-
XVI ғ.) 
Метафизикалық  
тенденциялар (XVI 
ғ) 
Механикалық 
материализм (XVII 
ғ) 
Утопизм  
Саясат 
Гносеология 
Диалектика және 
метафизика 
Қозғалыс 
мәселесі 
Пантеистік 
концепция 
Табиғи – 
жаратылыстық 
заңдарға сүйене, 
әлеуметтік 
идеалдарды 
негіздеу – 
пантеисттік, с.с.  
(Т.Мюнцер, Т. 
Кампанелла) 
Қозғалыс 
материядан 
ажырамайт
ын бастама  
(пантеизм

Қайта Өркендеу дәуірінің негізгі бағыттары 
Материя 
мәселесі 
Екі 
концепция 
Атомистік 
концепция 
Натурфилософия 

113 
 
5 семинар.   Жаңа дәуiр философиясы 
 
     1. Ф.Бэконның эмпиризмі. Индуктивтік әдіс.  
     2. Р.Декарттың рационалдық философиясы 
     3. Т.Гоббстың философиялық көзқарастары 
 
               1. Ф.Бэкон - Жаңа дәуiрдегi философияның алғашқы өкiлi 
   
 Тәжiрибенi (эмпиризм) талдай келе, Ф.Бэкон оны екiге бөледi. Олар  - жемiстi 
тәжiрибе  мен  сәулелi  тәжiрибе.  Бiрiншi  өмiрге  пайдалы  нәтижелер  әкелсе, 
екiншi  табиғаттың  терең  сырларын  ашуға  көмектеседi.  Сәулелi  тәжiрибелер 
өмiрге  дереу  пайда  әкелмегенiмен,  жемiстi  тәжiрибелердi  жүргiзуге  көмек 
бередi, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар едi. 
 Ғылымның  дамуына  сондай  үлкен  мән  берген  ғалым,  оны  сала-салаға  бөлу 
мәселесiне  (классификацияға)  көп  көңiл  бөледi.  Оның  ойынша,  адамның  жан-
дүниесiндегi үш қабiлетi ғылымды топтастырудың негiзiнде жатуы қажет. Олар 
1. есте сақтау; 2. қиял ; 3. ақыл-ой.  Есте сақтау қасиетiне сай ғылым  - тарих, 
қиялға - поэзия, ақыл-ойға - философия. 
   Тарих ғылымын Ф.Бэкон екiге бөледi. Олар - жаратылыстану тарихы ( historia 
naturalis ), екiншiсi - азаматтық тарих ( historia civilis ). 
    Қиялға негiзделген поэзия дүниенi шынайы бейнелемей, керiсiнше, адамның 
жүрегiнен, сезiмiнен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетедi. 
   Ал  ендi  философияға  келер  болсақ,  оның  пәнi  үш  мәселенi  қамтиды.  Олар  - 
Құдай,  Табиғат  және  Адам  мәселелерi.  Өз  заманындағы  түсiнiктерге  сай, 
Ф.Бэкон    Құдай  мәселесiн  “қос  ақиқат”  тұжырымы  арқылы  қарайды. 
Философия  саласында  Құдайды  ақыл-оймен  танып-бiлу  мүмкiн  емес. 
Сондықтан, ол теологияның шеңберiнде сенiм арқылы қаралуы керек. 
   Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф.Бэкон оны да екiге бөледi. Олар - 
теоретикалық және практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелi 
тәжiрибелерге  негiзделсе,  практикалық  философия  жемiстi  тәжiрибелерге 
сүйенiп,  табиғатта  бұрынғы-соңды  болмаған  жаңа  заттар  мен  құбылыстарды 
тудырады. 
   Адам  мәселесi  де  екiге  бөлiнедi.    Табиғат  туындысы  ретiнде  оны 
философиялық антропология (philosophia humana), ал қоғамның мүшесi ретiнде 
азаматтық философия (philosophia civilis ) зерттейдi.                                        
   
                       Таным мәселелерi.  Тәжiрибелiк-индуктивтiк әдiстеме жасау 
 
    Жекеден  жалпылыққа  өрлеудi  -  индуктивтi  әдiстеменi  -  алғаш  рет  Ф.Бэкон 
дүниеге келтiрдi десек, онда ол шындыққа лайықты болмас едi.  Өз заманында 
ұлы  Аристотель  жалқыдан  жалпыға  көшу  әдiстемесiн  жасаған  болатын.  Орта 
ғасырларда да бұл әдiстеме мүлде ұмыт болған жоқ - ты. 

114 
 
   Ф.Бэконның  бұл  әдiстемеге  еңгiзген  негiзгi  жаңалығы  -  тек  қана  белгiлi  бiр 
ұғымды  дәлелдейтiн  деректердi  ғана  емес,  сонымен  қатар  оған  қайшы 
келетiндердi де зерттеу, олардың себебiн табу болды. 
    Жалқыдан  жалпыға  жету  жолында  үш  таблица  жасау  керек.  Олар  -  tabula 
presentiae,-  деректердiң  болу  таблицасы,  екiншi  -  tabula  absentiae,-деректердiң 
болмаған  таблицасы,  үшiншi  -  tabula  graduum,-деректердiң  азды-көптi 
болуының  деңгейiн  көрсететiн  таблица  .  Зерттеу  жолында  бұл  таблицалар 
толтырылғаннан  кейiн  соларды  салыстыру  арқылы  белгiлi  бiр  ұғымдарды  
тудыруға мүмкiндiк пайда болады. 
    Сонымен,  Ф.Бэкон  жаңа  дәуiрдегi  қалыптасып  жатқан  тәжiрибелiк 
ғылымның дамуына зор әсерiн тигiзген ұлы тұлға. 
 
 
Каталог: files -> book
book -> ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
book -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
book -> Дону конгдону с благодарностью
book -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
book -> Н. Н. Столярчук, Т. В. Василюк English Английский язык
book -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
book -> В языкознание теория речевой деятельности психолингвистика
book -> Практикум по культуре речевого общения (Аспект «Анализ текста»)
book -> Глава а вы — гений?
book -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет