Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі


 Р.Декарттың рационалдық философиясы



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата29.12.2016
өлшемі2,07 Mb.
#673
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

2. Р.Декарттың рационалдық философиясы 
Онтологиялық (болмыс)  мәселелер 
 
        Болмыс  жөнiндегi  көзқарасында  Р.Декарт  дуалистiк  (екiлiк)  көзқараста 
болды.  Оның  ойынша,  жалпы  дүние  жөнiнде  екi  субстанцияны  мойындауға 
тура келедi. Олардың бiреуi  - материалдық, заттық, денелiк субстанция. Оның 
негiзгi  атрибуты  (қасиетi)-  созылу,  кеңiстiкте  белгiлi  бiр  орын  алу.    Екiншi 
субстанция - рух. Оның негiзгi атрибуты - ойлау. Жан-дүние бiр сәт те тоқтамай 
тұрақты ойлайды. 
   Бұл  екi  бiр-бiрiнен  тәуелсiз  жатқан  субстанция  адам  мәселесiне  келген  кезде 
үлкен қиындықтарды тудырады.  
“Адамның  ақыл-ойы,  зердесi  -  жан-жақты  құрал”,-  дейдi  Р.Декарт.  Адамның 
екiншi  ерекшiлiгi  -  ол  сөйлей  алатын  пәнде.  Олай  болса,  адамның  басқа 
тiршiлiктен негiзгi айырмашылығы-оның рухында. 
 
Дүниетану мәселелерi. Күмәндану принципi 
 
   Өзiнiң  философиясының  мықты  негiздерiн  жасау  үшiн  Р.Декарт  “бәрiне  де 
күмәндану  керек”  деген  шешiмге  келедi.  Осы  тұрғыдан  сезiмдiк  танымға 
келсек, ол көбiне бiзге дүние жөнiнде жалған пiкiр тудырады.  
    Адамның  танымдық  iс-әрекетi  Р.Декарттың  ойынша  үш  идеялар  тобынан 
тұрады.  Бiрiншiсi  -  сырттан  қабылданатын  сезiмдiк  мүшелерге  өзiнiң  әсерiн 
тигiзетiн идеялар. Мысалы, күн идеясы, ол әрбiр адамның санасында бар.     
    Екiншi- адамның ақыл-ойындағы идеялар. Олар сырттан қабылданған әсердi 
өзгерту арқылы пайда болуы мүмкiн. 
    Соңғы  үшiншi  идеялар  -  олар  бiзбен  туа  бiткен,  ең  маңызды,  таным 
процесiнде  шешушi  рөл  атқарады.  Оған  адам  интеллектуалдық  интуиция 
арқылы  жетедi.  Ал    оған  жеткiзетiн  адамның  жан-дүниесiндегi  табиғи  ақыл 
сәулесi  (lumen  naturale).  Туа  бiткен  идеяға  Р.Декарт  “Ойлаймын,  олай  болса, 
өмiр сүремiн” принципiн де жатқызады. 
 

115 
 
Рационалдық метод 
 
         Негiзiнен алғанда, Р.Декарттың әдiстемесi - ол интеллектуалдық интуиция 
арқылы  алынған  негiзгi  ұғымдарға  сүйене  отырып  басқа  ұғымдарды, 
тұжырымдарды  тудыру.  Егер  интуицияда  ақиқат  тiкелей  ашық  берiлсе,  онда 
дедукцияның дәнекерлiгi арқылы ақиқатқа күрделi жол арқылы жетуге болады. 
Осы күрделi жолда бiр ұғым байқалмай түсiп қалса, онда нәтижеге жету мүмкiн 
болмай  қалады.  Сондықтан,  бүкiл  дедукция  жолын  ұқыпты  есептеп  бақылап 
отыру қажет. Дедуктивтi әдiстеме арқылы әр-түрлi нәтижелерге жетуге болады. 
Сондықтан,  Р.Декарт  оны  жасанды  тәжiрибе  қойып  (эксперимент)  тексерiп 
отыру қажет деген пiкiр айтады.     
 
 
                   4   Т.Гоббстың философиялық көзқарастары 
 
                                       Мемлекет пен қоғам мәселелерi 
 
    Гоббс  өзiнiң  iлiмiнде  мемлекеттiлiктi  адамның  өзiмшiл  табиғатынан 
шығарады.  Әрбiр  адам  ең  алдымен  өз  мүддесiн  алға  қояды,  олай  болса, 
жалқылық, жекелiк - бiрiншi, ал қоғамдық, мемлекеттiлiк - екiншi орында. 
    Т.Гоббстың  ойынша,  әр  халық  өзiнiң  тарихында  екi  сатыдан  өтедi.  Олар  - 
мемлекеттiкке  дейiнгi  табиғи  (status  naturalis)  және  мемлекеттiк  (status  civilis) 
саты. 
   Алғашқы табиғи сатыда мемлекет те, жеке меншiк те, мораль да әлi жоқ, тек 
қана  адамдардың  табиғи  құқы  бар.  Ол  адамның  керек  қылатын  нәрселерiнiң  
бәрiне  деген  құқы.  Өзiнiң  өмiрiн  сақтап  қалу  жолында  адам  қандай  iс-әрекет 
жасаса  да  шектелген  жоқ.  Сондықтан,  мұндай  жағдайда  әр  адам  өмiрге  керек 
құндылықтарды  өзiне  тартқаннан  кейiн  “бәрiнiң  бәрiне  қарсы  соғысы”  (bella 
omnia  contra  omnies)  басталады.  Адамдар  бiр-бiрiне  қасқыр  сияқты  (homo 
homini lupus est) болады. Мұндай жағдайда адамдардың өзiн-өздерi құртуының 
қаупы туып, табиғи жағдайдан азаматтық мемлекеттiк деңгейге көшу қажеттiгi 
пайда болады. 
    Сондықтан,  адамдар  өздерiнiң  кейбiр  құқтарынан  ерiктi  түрде  бас  тартып, 
оларды  күштi  орталандырылған  билiкке  бередi.  Сонымен,  қоғамдық  осындай 
шарттың негiзiнде,- мемлекет дүниеге келедi. 
    Т.Гоббстың  ойынша,  қоғамдық  шартқа  өту  тiлсiз  болмас  едi.  “Тiлсiз 
адамдарда мемлекет, қоғам, шарт, бейбiтшiлiк те болмас едi” 
    Адамдардың  мемлекеттiкке  өтуiнде  олардың  табиғатында  бар  заң  (lex 
naturalis) үлкен рөл атқарады. Ол заң - “Өзiңе тiлемейтiндi басқаға да жасама”. 
Оны бiз моральдың “алтын ережесi” деймiз. 
    Екiншiден,  әрбiр  адам  өлiмнен  қорқады,  сондықтан  ол  бейбiт  өмiрдiң 
қажеттiгiн сезiнедi, ал мұның бәрi оны мемлекеттiлiкке қарай итермелейдi. 
    Мемлекетке  шарттық  негiзде  өз  еркiмен  берiлген  адамдардың  құқтары  ендi 
қайтып  алынбайды.  Адамдар  мемлекет  заңдарын  бұлжытпай  орындаулары 
қажет.  Сонымен  қатар,  Т.Гоббс  құқ  пен  заңның  арасындағы  айырмашылықты 

116 
 
анық байқаған адам. Бiр жағынан алғанда, мемлекетте заңдылық, тәртiп болуы 
керек.  Екiншi  жағынан,  заңдар  мөлшерден  шығып  барлық  қоғамдағы  қарым-
қатынастарды  ретке  келтiруге  тырысса  -  онда  адамдардың  белсендiлiгiне 
нұсқан  келедi.  Бұл  жерде  Т.Гоббс  тоталитаризмнiң  болуын  болжаған  секiлдi. 
Сондықтан,  заңдар  ақыл-ой  елегiнен  өткен  қажеттi  қатынастарды  ғана  ретке 
келтiруi тиiс. 
    Әрине, мемлекеттiң дуниеге келу мәселесi - өте күрделi құбылыс. Ол жөнiнде 
әр-түрлi  болжамдар  бар.  Т.Гоббстың  жасаған  “конвенционалдық”  (шарттық) 
тұжырымы, әрине, бұл мәселенiң мәндi бiр жағын ғана көрсетедi. Осы тұрғыдан 
алғанда,  қайсыбiр  мемлекеттi  шарттық  негiзiнде  өмiр  сүредi  деп  әбден  айтуға 
болады.  Бiздiң  жас  мемлекет  те  өзiнiң  екiншi  “Ата  заңын”(Конституциясын) 
1995  ж.  Бүкiлхалықтық  референдумда  қабылдаған  болатын.  Ал  мұның  өзiн 
белгiлi шарт деп айтуға, әрине, болады. 
                   
   
Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар: 
 
1. Ф.Бэкон таным саласында кездесетiн елестердi қалай деп атайды? 
2. “Жемiстi” тәжiрибелердiң “сәулелi” тәжiрибелерден айырмашылығы қандай? 
3. Танымдағы индуктивтi методтың маңызы қандай? 
4. Р.Декарттың философиясының негiзгi принциптерiн есiңiзге түсiрiңiз 
5. Р.Декарттың “күмәндану” принципiнiң маңызы неде? 
6. Дедуктивтi метод қай ғылым салаларында көбiрек қолданылады? 
7. Т.Гоббс “субстанция” ұғымын қалай түсiнедi? 
8. Т.Гоббс тiл мен ойдың ара-қатынасын қалай анықтайды? 
9. Т.Гоббс мемлекеттiң пайда болуы  жөнiнде қандай теория жасайды? 
10. Ағарту философиясының негiзгi ерекшелiктерi. 
11.  Деизм дегенiмiз не?    
12.  Ш.Монтескьенiң “заңдық көзқарас” жөнiндегi ойлары. 
13. “Географиялық детерминизм” дегенiмiз не? 
14.  Ж-Ж. Руссоның теңсiздiктiң пайда болуы жөнiндегi идеялары 

                                                     
                                                           Ойланыңыз: 
 
1:  ''Философия  –  адамзат  өмір  сүруінің  тактикасы  емес,  стратегиясы,  ол  еркін 
адамның  мәңгілікке  деген  көзқарасы  және  берілген  үлесі.  '',-деген  ойды  қалай 
түсінесіз?                                                 
2.Л.Фейербах:    ''  адам  өз  тегі  атынан  фәлсәфалайды,  яғни,  өзінің  тегі  мен  
қоғамдық мәнін  іске асырады. '',-дегенінің мәні неде?     
3.И. Канттың: «Парыз, сен сәулетті, ұлы сөзсің!» - дегенін қалай түсінесіз? 
4.«Адам  сондай  қисық  ағаштан  жасалғаннан  кейін,  оны  қанша  сүргілесең  де, 
түп-түзу қылу мүмкін емес»,-деген И.Канттың пікірін қалай түсінесіз? 

117 
 
5И.Канттың:  «Жалпы алғанда, адамзаттың сыртқы мәдениеті  оның моральдық 
жетілуіне қарағанда анағұрлым тез дамып келеді. Бұл адамзат алдында түрған 
үлкен үрей»,- дегеніне не айтар едіңіз? 
6.Гегель:  «Тәкаппарлық  құлдыраудың  алдында  жүреді»,-деген  нақыл  сөзге  не 
дер едіңіз? 
7.Гегель: «Өте өткір нәрсе тез мұқалады»,-осы нақылдың мәні неде? 
 
 
                     Реферат тақырыптары: 
  
1.
 
Ф.Бэкон- Жаңа дәуірдегі философияның негізін қалаушы. 
2.
 
Р.Дикардтың рационалдық филосовиясы. 
3.
 
Б.Спинозанның  пантеистік ілімі.  
4.
 
Ф.Бэконның танымдағы елестері. 
5.
 
В.Лейбництің монадологиясы. 
6.
 
Дж.Локктың жеке меншік пен азаматтық қоғам жөніндегі ойлары. 
7.
 
Дж.Локктың танымдық ілімі. 
8.
 
В.Лейбництің теодицеясы. 
9.
 
Ф.Бэкон танымдық теориясы. 
10.
 
Т.Гоббстың мемлекет жөніндегі ілімі.  
11.
 
XVIIIғ. «Ағарту философиясының ерекшеліктері». 
12.
 
Д.Толанд пен А.Коллинздің деистік көзқарастары. 
13.
 
А.Шефтсберри мен Б.Мандевильдің моральдық философиялары. 
14.
 
Ф.Вольтердің философиялық көзқарастары. 
15.
 
Фрнацуз энциклопедияшылары.  
16.
 
Ш.Монтескьенің мемлекет билігін бөлу принципі. 
17.
 
Ж.Ж.Руссоның «қоғамдық шарт» тұжырымдамасы.  
 
 
 
 
 

118 
 
                          ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ: 
 
Негізгі: 
1.      Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008. 
2..     Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы. 
-Алматы, 1999ж. 
3.      Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 . 
4.      Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 . 
5.      Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой. 
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994. 
6.      Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. -  Алматы, Эверо,2014. 
7.      Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных 
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ               
столетия:Учебник для вузов. -  Алматы: Ғылым,2001. 
8.      Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. – 
Алматы:Атамұра, 2000. 
 
Қосымша: 
1.       Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010. 
2.       Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –      
Алматы: К-ИЦ  ИФП  КН  МОН  РК,2011. 
3.       Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек 
жолы, 2014. 
4.       Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 
5.       Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011. 
6.       Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005 
7.       Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского 
Нового Университета , 2007. 
8.       Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық 
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000. 
9.       Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994. 
10.     Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты. 
– Москва: Восточная литература,2001. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

119 
 
1 тірек кесте. Рене Декарт (1596-1650 ж .ж. ) 
 
 
 
 
 
 
 
 
Декарттың метафизикалық 
ортаңғы ұғымы – субстанция - 
әрбір мән жалпы, өзіне ғана 
болмаса, өзі үшін өмір сүреді 
ештеңеге мұқтаж емес 
Жаратылған дүниеде 
субстанцияның 2 түрі бар-
рухани (оның негізгі белгісі- 
ойлау) және материалдық 
(негізгі белгісі созылу) 
Елестету, сезімдік, ерік-ынта – ойлау модустары;  
Пішін,орын,қозғалыс – созылу модустары 
Декартын дуализмі: 
денелік және рухани 
субстанция – екі 
өзара тәуелсіз 
бастама 
Құдай – денелік 
пен рухани 
субстанциялар 
адам жаны мен 
тәнінің  бірлігінің 
кепілі 
«Мен ойлаймын, демек өмір 
сүремін» 
Күмадану концепциясы: қажеттілік, 
күманданудың кезеңі мен шегі 
Дұрыс және айқын таным 
туралы Декарт ілімі. 
Рационализм және туа біткен 
идеялар ілімі. Дедуктивтік 
тәсіл мен әдістің негізгі 
ережелері 
Декарттың «физика» 
философиясы: 
-материя туралы ілімі 
-қозғалыс механикалық орын 
ауыстыру ретінде 
-Декарт космогониясы: 
материалдық бөлшектердің 
бейберекеттігінен планетаның 
пайда болуы 
-Адам денесіне механикалық 
ереже-тәртібін қолдану 

120 
 
2 тірек кесте. Б. Спиноза (1632-1677 ж.ж.) 
 
                                                      Негізгі еңбегі «Этика» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бірегей субстанция 
туралы монистик 
ілімі (құдай немесе 
табиғат) 
Құдай – шексіз тұлғасыз 
мән, басты айқындығы 
өмір сүруіңде  болып 
табылады 
Субстанция екі 
негізгі белгіге ие-
ойлау мен созылу 
Барлық материя ойлауға 
қабілетті; еркіндікті 
саналы қажеттілік ретінде 
түсіну 
Модус – субстанцияның 
әртүрлі күйлері. Созылу 
– материя модусында. 
Ойлау – ақыл-ес 
модусында  
Дүниеде болып жатқанның 
бәрі – модустардың шексіз 
дәйекті ілінісі 
Абсолюттік детерменизм 

121 
 
3 тірек кесте. Г. В. Лейбниц (1646-1716 ж.ж.) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әлем көрінісі мен метафизика: 
Лейбництің матеметика, физика, 
биологияға қосқан үлесі. Декарттың 
механицизмасына сын және 
философиялық динамизмді негіздеуі 
Монаданың – көпттүрлігі 
туралы ілімі 
Локктың эмпиризміне 
сын және рационализмді 
жаңаша негіздеуі 
Монадалар үздіксіз өзгерісте 
болады, сондықтан «қандай 
да болмасын болмыс ... 
өзгіріске түседі». 
Сананың белсенділігі 
және адам еркіндігі 
Ақиқат туралы ілім. Қажетті 
ақиқат: немесе «ақыл-ес 
ақиқаты» және кездейсоқ 
ақиқат, немесе «факталық-
деректі ақиқат» 
«Алдында сезімде 
болмаған, ақыл-есте де 
ештеңе болмайды» - 
«ақыл-естің өзінен 
басқа». 

122 
 
4  тірек кесте. СХОЛАСТИКА ЖӘНЕ МАТЕРИАЛИЗМ 
 
 
(Б.Спиноза, Р.Декарт, 
 
Ағылшын  материализмі) 
 
 
Схоластика                           Жаңа дәуір материализмі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әлемді құдай жаратқан және оны 
басқарады. 
Құдай = Табиғат (пантеизм). 
Білімнің бұлағы – жаратқанның 
сыйы. 
Білімнің бұлағы  - сезімде. 
Таным әдісі – формальдық логика, 
дедукция. 
Таным әдістері – эксперимент, 
индукция, анализ. 
Адамның танымдылығы – әлсіз 
немесе  бәрін тануы мүмкін емес . 
Шынайы білімділік мүмкін. Білім 
– күш. 

123 
 
6 семинар. XVIII ғасырдағы Европаның Ағартушылық философиясы 
 
Әлемдік  мәдениет  аясындағы  ХVIII  ғасырдағы  Француз  ағартушылық 
философиясының  орны  ерекше.  Бұл  философиялық-саяси  бағыттың  негізін 
қалаған  Ф.Вольтер  мен  Ш.Монтескье  болды.  Олардың  еңбектері  француз 
ағартушыларының екінші буынының қалыптасуына зор әсерін тигізді. Оларға: 
Ж.Ламетри, Д.Дидро, Э.Кондильяк, Ж.Ж Руссо, А.П.Гольбах сияқты ойшылдар 
жатады.  
  
Француз  ағартушылары  философияның  деңгейін  өте  биік  дәрежеге 
көтерді.  Адамзатты  тебірендіретін  барлық  мәселелер  философиялық  зерде 
тұрғысынан  шешілуі  қажет  –  бұл  олардың  негізгі  қағидасы.  Ой  еріктігі 
бұрынғы-соңғы  болмаған  дәрежеге  көтерілді:  дін,  табиғатты  түсіну,  қоғам, 
мемлекеттің  құрылымы  мен  басқарылуы  –  бәрі  де  үзілді-кесілді  сыннан  өтті, 
бүкіл  бұрынғы  қалыптасқан  көзқарастардың  көпшілігі  теріске  шығарылып 
Дүниеге деген жаңа таным қалыптаса бастады. 
 
Француз  ағартушыларының  еңбектерінде  табиғат  және  ондағы  адамның 
орнына  деген  материалистік  көзқарас  қалыптаса  бастады.  Әсіресе,  олардың 
әлеуметтік-саяси көзқарастары сол кездегі қоғамдағы ахуалға өзінің зор әсерін 
тигізді. Егер ағылшын ағартушыларының көбі король билігін жақтап, я болмаса 
аристократияны  қолдаса,  француз  ойшылдары  феодалдық  тәртіпке  үзілді-
кесілді қарсы шығып, саяси-құқықтық мәселелерді күн тәртібіне ашық та айқын 
қоя білді. 
 
Вольтердің ағартушылық философиясы 
 
Франция  ХVIII  ғасырда  ағылшын  философиясының  ықпалымен 
ағартушылық  ілімінің  ошағына  айналды.  Бұл  қоғалыстың  көсемі  Вольтер, 
шын  аты-жөні  Франсуа  Мари  Аруэ  (1694-1778  жж)  болды.  Негізгі 
шығармалары:  «тарих  философиясы»  «Философиялық  повестер  мен 
әңгімелер», «Эстетика» , «Хаттар», т.б.  
Ф.Вольтер француз философы ағартушы, жазушы. Д.Дидро мен Д.Аламбер 
редакторы болған француз «Энциклопедиясын» құрастыруға ат салысты. 
Вольтердің өткір де шыншыл шығармалары арқылы ағартушылық идеясы 
толық  қалыптасып,  барлық  Европа  елдеріне  тарады.  Өз  шығармаларында 
Вольтер  феодализімнің  келеңсіз  жақтарын  және  діннің  қағидаларымен 
уағыздарын  келеке  етіп,  сынға  салды.  Дегенмен  де  ол  құдайдың  бар  екенін 
мойындады,  бірақ  ол  жоқты  бар  ете  алмады,  ол  тек  табиғаттың  алғашқы 
қозғаушы  күші  ғана.Табиғат,  қоғам  әрі  қарай  өз  заңдылықтарымен  дамиды. 
Вольтер  құдайдың  әр  түрлі  қасиеттерін  негіздеуге  тырысатын  дінді  де,  оған 
қарсы  –  атеистік  ілімді  де  жақтамайды.  Олардың  біріншісін  дәлелсіз 
болғандықтан мойындамаса, екіншісіне қоғамдық тәртіпті бұзады  – деп қарсы 
болады. 
Ф.Вольтердің онтологиялық және гносеологиялық көзқарастары 
 

124 
 
Ф.Вольтер – деист, оның Құдайы өшпес мәңгілік өсиет-уағыз бен әлемдік 
физикалық тәртіпті жасаушы – ұлы инженер (жаратушы).  
Қалған  барлығы,  яғни  салт-дәстүр,  құдыретке,  кереметке  сену  діндегі бар 
дүниелер  т.б.,  -  ырымшылдық,  наным,  жоққа  сенушілік  болып  табылады. 
Таным мәселесінде – сенсуалист болды. 
 
Ф.Вольтердің әлеуметтік-саяси көзқарастары 
 
Тарих  –  жауапкершіліктің  бәрін  бір  өзі  арқалайтын  адамдардың  іс-
әрекетінің жемісі. Ф.Вольтер өзінің ағартушылық көзқарастарында діни сенімге 
түсінушілік  пен  төзімділік  (толеранттық),  сабырлық  пен  тағаттылыққа, 
адамдардың  еркін  ой  мен  міндеттерінің,  жауапкершілік  пен  парыз-борыштық 
құқықтарының  тең  болуын  және  олардың  табиғи  құқықтарын  силауға, 
құрметтеуге уағыздайды.   
 Адамзат  тарихы,  Вольтердің  пікірінше,  адамзаттың  прогресс  пен 
білімділік  үшін  күрес  тарихы.  Өркениетті  адам  табиғатпен  алғашқы  қауым 
адамымен  салыстырғанда  әлдеқайда  үйлесімді  өмір  сүреді.  Осы  тұрғыдан  ол 
«адамзат үшін мәдениеттің құндылығын баса көрсетті. Мемлекетті басқарудың 
ең  тиімді  түрі  –  ағартушылық  монархия.  Ол  ерікті  қоғамның  қалыптасуына 
жағдай жасау керек. Сол кезде ғана ерікті қоғамның басты табиғи талаптары  - 
сөз, баспасөз, ар-ождан бостандықтары шын мәнінде жүзеге асады. Қоғамдағы 
әлеуметтік    теңсіздік  заңды  құбылыс,  ал  адамдар  тек  қана  заң  алдында  тең 
болулары керек. 
   Жалпы алғанда, Вольтер тарихқа, әсіресе мәдениет және философия тарихына 
ерекше  көңіл  бөліп,  осы  ғалымдардың  дамуына  себепкер  болған  және 
ағартушылық идеяны қағида ретінде қабылдап, уағыздаған ойшыл. 
 
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 
 
1.
 
Ф.Вольтердің діни және атеистік ілімге деген көзқарасы. 
2.
 
Ф.Вольтердің адамзат тарихындағы прогресске (үдеу, өрлеу) мәселесінің 
мәні.
 
3.
 
Ф.Вольтер ерікті қоғам турасындағы идеясы.
 
4.
 
Ф.Вольтердің мәдениеттің құндылығы туралы ойлары. 
5.
 
Ф.Вольтердің ағартушылық-философиялық ұстанымдары.
 
 
 
 
 
 
 
 

125 
 
Ш.Монтескьенің философиясы 
 
Монтеське Шарь Луи (Шарль Монтескье) (1689-1755 жж)  
құқық 
және  тарих  мәселесін  философия  тұрғысынан  қарастырған  француз  ойшылы. 
Негізігі еңбектері: «Фарсылық хаттар», «Римдіктердің ұлылығы мен күйреуінің 
себептері туралы пікірлер» т.б.  
Монтеське әр халықтың және елдің заңдарын, саясы өмірін табиғи және тарихи 
жағдайлардың ерекшеліктерінен деп түсіндірді. 
 
 
Ш.Монтескьенің құқық және мемлекет философиясы 
 
Құқық  пен  мемлекет  философиясының  дамуына  француз  ойшылы  Шарль 
Монтескье  (1689-1755)  елеулі  үлес  қосты.  Монтескьенің  философиялық-
құқықтық  зерттеулерінің  енгізгі  пәні  және  ондағы  қарастырылатын  басты 
құндылық-саяси  еркіндік.  Осы  еркіндікті  қамтамасыз  етудің  қажетті  шарты-
әділетті заңдар мен мемлекеттікті тиісті ұйымдастыру болып табылады.  
Монтескье  «заңдар  рухын»,  яғни  заңдардағы  заңдылықты  іздестірумен 
шұғылданды.    Құқық  пен  заңның  ажыратылуы  мен  арақатынасы  мәселесі 
Монтескье  ілімінде  дәстүрлік  формадағы  табиғи  құқық  пен  позитивтік  құқық 
арақатынасы емес, «заңдар рухы» мен заңдардың өздерінің (позитивтік құқық) 
арақатынасы түрінде қарастырылады.  
Заттар  табиғатының,  адам  табиғатының  және  т.б  парасаттылығы  туралы 
рационалистік  көзқарасқа  сүйене  отырып  Монтескье  тарихи  өзгермелі 
позитивтік  заңдардың  оларды  туындататын  деректер  мен  себептердің 
логикасын ұсынуға ұмтылды. 
Өзінің әдісін сипаттай  келе ол былай жазды: «Мен адамдарды зерттеуден 
бастадым,  сөйтіп  тапқаным  –  олардың  заңдары  мен  әдептерінің  шексіз  алуан 
түрлілігінің  бәрі  олардың  тек  қиялынан  ғана  шықпаған.  Мен  жалпы 
бастамаларды айқындадым, сөйтіп көргенім – жеке жағдайлардың өз өздігінен 
жалпыға  бағынатынын,  әр  халықтың  тарихы  одан  салдар  ретінде  шығатынын 
және әрбір жеке заңның өзге заңмен байланыстылығын немесе өзге, неғұрлым 
жалпы заңға тәуелділігін».(59 б) 
Монтескье  әдісі  шеңберіндегі  әрқилы  қатынгастағы  заңдылық  (яғни  заң, 
тиісті қатынастар ережесі) – бұл кездейсоқтыққа, еріксіздік пен жазмыштыққа 
(пешене,  тағдыр  қарама-қарсылықтағы  парасаттылық  пен  қажеттілік.  Заң  деп 
осы  әртүрлі  қатынастардың  парасаттылық  бастамаларының  айқындалу, 
шарттасу және байланысу сәттерін, яғни сол қатынастардағы парасаттылықтың 
(және қажеттіліктің) болуын көрсетеді. 
Адамға  қатынасты  алғандағы  табиғат  заңдарын  (жаратылыс  заңдарын) 
Монтескье  «біздің  заңдар  біздің  мәнімізден  шығатын  заңдар  деп  түсіндірді. 
Табиғи (қоғамдыққа дейінгі) жағдайда өмір сүрген адамның табиғи заңына ол 
адам  табиғатының  мына  қасиеттерін  жатқызады,  бейбітшілікке  ұмтылу,  күн 
көріске  азық  табу,  өзара  сұраныс  негізіндегі  адамдар  қатынасы,  қоғамда  өмір 

126 
 
сүру  тілегі  мен  т.б.  Осы  тұрғыдан  ол  Гоббстың  адамның  туа  бітісінен 
агрессивтігі  және  адамдардың  бір-біріне  билік  жүргізуге  ұмтылуы  идеяларын 
сынады. 
Монтескье  түсіндіруіндегі  оңтайлы  (адами)  заң  әділеттілік  пен  әділеттік 
қатынастардың  объективтік  сипаты  ұйғарады.  Оңтайлы  заң  әділеттікті  бұрын 
жасамайды,  керісінше  әділеттік  оған  себеп  болады.  «Адамдар  жасайтын 
заңдарға  дейін,  деп  көрсетті  Монтескье,  -  әділеттік  қатынастар  мүмкіндігі 
болуы керек».(61 б) 
Жалпы  алғанда  заң  –  барлық  адамдарды  басқаратын  адами  парасат 
болғандықтан «әрбір халықтың саяси және азаматтық заңдары осы парасаттың 
жеке  жағдайларының  көрінісі  болғаннан  артық  ештеңе  емес».  Осы  қағидатты 
жүзеге асыру үрдісінде Монтескье өз жиынтығында «заңдар рухын» құрайтын, 
яғни оңтайлы заң талаптарының парасаттылығын, заңдылықтығын, дұрыстығы 
мен  әділеттігін  анықтайтын  деректерді  зерттеді.  Заңды  жасайтын  (яғни  заң 
құрайтын қатынастар мен деректер) қажетті қатынастарды зерттеу, үрдісінде ол 
ең алдымен берілген халық үшін орнайтын заң сол халықтың ерекшеліктері мен 
қасиеттеріне  сәйкес  келуіне  көңіл  бөлді.  Сондықтан  осы  талаптарға  сәйкес 
келетін  үкіметті  ол  табиғат  неғұрлым  жақындайды,  үйлеседі  деп  бағалады. 
Осыдан  шығатын  жалпы  қорытынды  –  бір  халықтың  заңы  өзге  бір  халықтың 
заңына  жарауы,  ұқсауы  өте  сирек  кездесетін  құбылыс.  Монтескьенің  осы 
идеясы  кейін  құқық  иесі  және  негізгі  құқыққұраушы  күш  ретіндегі  «халық 
тарихы»  туралы  құқықтың  тарихи  мектебі  өкілдері  (Г,Гуго,  Савиньи,  Г,Пухта 
және т.б.) көзқарастарының негізгі арқауы болды.  
Сонымен бірге осы заңдардың берілген үкіметтің (яғни билік формасына) 
табиғаты  мен  ұстанымына,  елдің  жағрапиялық  ерекшеліктері  мен  физикалық 
қасиеттеріне,  оның  жағдайы  мен  өлшеміне,  климатына  (суықтығына, 
ыстықтығына 
немесе 
қоңырсалқындығына) 
топырағының 
сапасына, 
тұрғындарының  өмір  салтына  (диханшылық,  аңшылық,  саудагершілік  және 
т.б.),  оның  халқының  санына,  байлығына,  әдет-ғұрпына  және  т.б.  сәйкес 
келуінің қажеттілігіне зор көңіл бөлінді. 
Монтескье  заңдарға  азаматтық  жағдайда  құрылатын  өкіметтің  табиғаты 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет