Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі



жүктеу 2.07 Mb.
Pdf просмотр
бет17/22
Дата29.12.2016
өлшемі2.07 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Қосымша
1.       Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010. 
2.       Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –      
Алматы: К-ИЦ  ИФП  КН  МОН  РК,2011. 
3.       Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек 
жолы, 2014. 
4.       Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 
5.       Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011. 
6.       Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005 
7.       Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского 
Нового Университета , 2007. 
8.       Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық 
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000. 
9.       Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994. 
10.     Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты. 
– Москва: Восточная литература,2001. 
 
 
 
 

150 
 
1 тірек кесте. И. Кант (1724-1804 ж.ж.) 
 
 
           Априоризм – тәжірибеге дейін (априорлық) адам санасында болатын 
ақыл мен естік сезімнің формалары туралы ілім. 
Ол ең алғы танымның қоғамдық сипатын ұғыну формасы 
 
 
«Мен» - трансценденталдық субъектімін   
 
 
 
Әлем (дүние) 
(Адамдағы тұлғалықтан жоғары тұратын бастама) 
 
Ақыл 
   
ес  
 
 
сезімдік 
 
Бірліктің                     естің 
3 идеясы:                   12 категориясы 
Құдайлық, 
әлемдік, 
жандық 
Ақыл-еспен және сезімді априорлық құрастыру арқасында математика 
және физика ғылым ретінде заңдылықтарды ашуы мүмкін.Философияның 
мүмкіндігі ғылымнан жоғары, өйткені ол тәжірибенің шегінен шығып кеткісі 
келеді. 
Кант философиясы – философиядағы коперникандық төңкеріс. 
Философия қандай да болмасын тәжірибені барынша қалаушы ретінде, 
дүние туралы ақиқатты табуға тиісті емес, ол сана қызметінің түп-
тамырындағы жатқан,тәжірібенің өзін қалаушы және шарт-жағдайы 
болуы керек 
Мәселе: жалпы және қажетті синтетикалық (жинақталған) білімнің болу 
мүмкіндігі қалай? 
Шешімі: Сананы априорлық құрастыру арқасында 

«Біздік зат» 
құбылыс  
«Өзіндік зат» 



151 
 
2 тірек кесте.  Г.Гегель (1770-1831 ж.ж.) 
 
 
Канттың «өзіндік зат» біздің санамыздан тыс «сыртта 
жатқан» деген сеніміне қарсы болып, «өзіндік зат» 
танылмайды деген идеясын сынайды 
Гегель 
Мән мен құбылыстың диалектикалық бірлігін қолдайды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Error!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Барлық қоғам мен табиғат құбылыстарының негізінде – қоғам мен 
табиғаттың, шынайы дүниенің жаратылысына дейінгі, абсолют, «абсолюттік 
идея», «әлемдік ақыл –ес» жатыр 
 
Гегель философиясы – ойлау мен болмыстың бірлігінің философиясы 
Идея көрінісінің 3 түрі: 
1.таза логикалық мәндер түрінде 
2. табиғаттың-сыртқы болмыстық 
түрінде 
3. нақты рухтың әр алуан түрінде 
Гегель философияның 3 құрамдас 
бөлігі: 
-логика 
-табиғат философиясы 
-рух философиясы 
Рухтан заттың 
пайда болу, 
заттануы 
Абсолюттік идея 
Табиғат 
Рух 
Танымды – 
заттандыру,табиғат
тан идеяларды 
«табу» 
«Ақыл ес – ол субстанция, соның 
арқасында барлығы шынайы өзіндік 
болмысқа ие» 
Абсолюттік идея – ол нақты барлық 
табиғилыққа ортақ, және сонымен 
қатар барлық руханиялыққа... 
Осылардың шегінен шығып, 
олардың негізін құрайды 

152 
 
3 тірек кесте. Абсолюттік идеяның даму сатысы 
 
 
 
Болмыс 
сапа – сан - өлшем 
Логика – Абсолюттік идея  
Мән 
мән – құбылыс - шындық 
(«Логика ғылымы») 
Ұғым                 субъективтік-объективтік идея 
 
 
 
 
 
Табиғат философиясы -  Табиғат     Механизм     
(«Табиғат философиясы» ) 
 
Химизм 
 
Организм(телеология) 
  Антропология 
                                                                                             Рух феноминологиясы 
                                                                                            (сана,өзіндік сана,ақыл,ес)                                                                                                  
                                                                                             Психология 
 
Рух философиясы   -  Рух          Субъективті рух        Құқық 
(«Рух феноменологиясы»)          Объективті рух    -    Моральдық 
 
 
 
 
     Абсолюттік рух        Өнеге-әдептілік (Жанұя- 
 
 
 
 
 
 
 
         азаматтық қоғам-мемлекет) 
 
  
Өнер 
 
     Дін 
 
    Философия 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

153 
 
4 тірек кесте. Фейербах (1804-1872) 
 
 
Танымды пайымдау, 
алғашқыда сезімдік, кейін 
ақыл-еспен, ақылмен 
келетін, - қоғамдық 
практикамен байланыссыз 
ретінде
 қарастырады 
«Фейербах түсінбеді, «діни сезімнің» өзі қоғамдық сана жемісі екенін». 
Гегелге сын: идеализм ол 
қалай болмасын 
рационалданған дін ретінде. 
Бірақ философия мен дін бір-
біріне қарама-қайшы. 
Философияның бірінші міндеті – дінді 
сынау. Дін мен идеалістік философияның 
пайда болу себебі – адамдық мәннің 
жатсынуы; адамға тиесілі қасиеттерді 
құдайға таңуы

Фейрбахтың антропологиялық материлизмі: 
«Жаңа философия адам да, табиғатты да 
адам негізі (базисі) ретінде қарастыра 
отырып, жалғыз да, универсалды және 
жоғарғы философия пәнін, антропологияға 
және сонымен қатар физиологияны да 
универсалдық ғылымға айналдырды». 
Тар мағынада адамды – тек 
дене, сезімдік қана
қоғамдық – тарихи емес 
жан ретінде түсіндіреді. 
Өмір сүріп жатқан діндерді жойып, Фейрбах өзгеше «құдайсыз» адамның өзі тұратын 
«Адам адамға – құдай» болатын жаңа дін болуы керектігін ұсынады». 
Дінді сынауы 
Адамдағы діни сезімнің болуын жоққа шығаруы. Діннің антропологиялық және 
психологиялық негізі жоқ екенін ашып көрсетті. Қиял, елестету дәрмені – діннің 
пайда болуының өзегі мен себебі. 
Құдай барма деп қойылған 
сұрақтың өзі «жалпы ұғым 
дербес өмір сүре ала ма деген 
сұраққа алып келеді» 

154 
 
8 семинар.  XVIII ғ. соңы – XXI ғ. басындағы философия 
 
 
 ХIХ ғасыр философиясы 
 
1. Маркстік философия. Коммунизмге сын. 
2. ХІХғ. ІІ жартысындағы Батыстық философияның иррационализмге бағыт алу 
себебі туралы. А.Бергсон философиясы. Шығармашылық эволюция түсінігі. 
3.  А.Шопенгауер  және  оның  «Әлемдік  Еркі».  Ф.Ницше  «Билікке  жету  еркі» 
концепциясы. 
4. С.Кьеркогер – экзистенциализм бағытының алғы басы(предтеча) ретiнде. 
 
  Маркстiк философия 
                                      
     Маркстiк  философия  -  адамзаттың  рухани  iзденiсiнiң  көп  шыңдарының 
бiреуi, оны асыра да, кемiте де бағалауға болмайды. әсiресе, оның гуманистiк, 
рухани  жақтары  осы  уақытқа  дейiн  миллиондаған  адамдардың  жүрегiнде 
ұялаған. Сондықтан, жас дос, сiз бұл iлiмнiң негiзгi қағидаларын зерттеп, оны 
басқа  iлiмдермен  салыстырып  және  бүгiнгi  адамзаттың  алдында  тұрған  көп 
мәселермен байланыстыра өз бағаңызды берерсiз деген ойдамыз.   
   Маркстiк философияның негiзiн қалаған  екi немiс ойшылдары   Карл  Маркс 
(1818-1883  ж.ж.)  пен  Фридрих  Энгельс  (1820-1895  ж.ж.)      Ендi,  әңгiменi 
нақтылай  келiп,  маркстiк  философиядағы  жаңалықтарға  келер  болсақ,  онда 
қоғамды материалистiк тұрғыдан түсiну қағидасына ең бiрiншi тоқтауға тура 
келедi.  Мұның  өзi  материализм  бағытындағы  негiзгi  кемшiлiктi  -  табиғатты 
материалистiк  тұрғыдан  түсiнгенмен,  қоғам  өмiрiне  келгенде  идеалистiк 
жолдан  шыға  алмауын  -  жойып,  дүниеге  деген  толыққанды  материалистiк 
көзқарасты тудырды. Әңгiменiң мәнi мынада

 қоғам өмiрiн талдауда ойшылдар 
қоғам  өмiрiнiң  iргетасты  ерекшелiгiнiң  шеңберiнен  шыға  алмады  -  ол  адам 
ойының оның жасайтын iс-әрекетiнiң алдында әрқашанда жүрiп отыруы. Яғни, 
ең алдымен идеалдық жоспар жасалынады да, содан кейiн ғана ол iске асады. 
Сондықтан,  ойшылдар  тарихтың  тағдыры  корольдер  мен  ұлы  қолбасшылар, 
ғалымдар  мен  заңгерлердiң  т.с.с.  ойлары  мен  еркiнде  деген  пiкiрден  шыға 
алмаған болатын. Олар тарихты қалай бұрғысы келсе, солай жасай алады. Олай 
болса,  олардың  жүргiзiп  отырған  саясатына  кiм  шешушi  ықпал  жасай  алады

 
Әрине, 
сұлу 
бикештер, 
тарихтың 
мәселелерi, 
көбiнесе, 
мемлекет 
басшыларының  көңiл-күйiне  байланысты...  Шамасы,  осындай  көзқарастардың 
негiзiнде  француздардың  “cherchez  la  femme

  -  әйелдi  iздеңдер  -  деген  нақыл 
сөздерi  пайда  болса  керек.  Француз  жазушылары  Дюмалардың  (әкесi  мен 
баласы)  “20  жылдан  кейiн

,  “10  жылдан  кейiн

,  “Виконт  де  Бражелон

  т.с.с. 
романдарында  француздардың  тарихы  осындай  көзқарастардың  негiзiнде 
көрсетiлген.  Сол  заманда  өмiр  сүрген  философ  Монтескьенiң  өзi  де  осындай 
көзқараста болған - оның ойынша, тарихтың дамуы көбiнесе жақсы заңдардың 
шығарылуымен байланысты. Ал, заңдарды жасайтын адамдардың өзi-ақ емеспе 

155 
 
- олар заңгерлердiң рухани шығармашылығының туындысы ғана. 
       Әрине,  маркстiк  философия  тарихтағы  адамдардың  сана  туындыларының 
рөлiн  шетке  шығармайды.  Олардың  ойынша,  “адамдар  өз  драмаларының 
авторлары мен актерлерi

. Бiрақ, олар мәселенi тереңдете қарайды - сол белгiлi 
бiр уақытта өмiр сүрiп жатқан қоғамдағы өзектi идеялардың түп-тамыры қайда 
кетедi

 Неге уақыт өткен сайын бiр идеялардың орнына екiншi идеялар келедi

 
Осы  сұрақтарға  жауап  бере  келiп,  К.Маркс  адамдардың  сана-сезiмiнiң  өзi 
олардың өмiр сүру жағдайларымен тығыз байланысты, соларға тәуелдi  екенiн 
ашады.  “Болмысты  анықтайтын  олардың  санасы  емес,  керiсiнше,  қоғамдық 
болмыс олардың санасын анықтайды

, - деген тұжырымға келедi. Әрине, қоғам 
өмiрiнде  миллиондаған  адамдар  өмiр  сүредi,  олардың  әр-бiреуi  өзiнiң  алдына 
өмiрлiк  мақсаттар  қойып,  соларды  iске  асыруға  тырысады.  Көбiнесе,  сол 
мақсат-мұраттар  мен  ұмтылыстар  бiр-бiрiне  қайшы  келiп,  бiр-бiрiн  тежеп 
теңестiрiп жатады. Сол күштердiң параллелограмы тарихи процестi тудырады. 
Жалпы алғанда, қоғамның дамуы - табиғи-тарихи процесс, ол өзiнiң белгiлi бiр 
қажеттi  сатыларынан  аттап  өте  алмайды.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда, 
Кеңес  Одағының  құруының  тағы  да  бiр  себебi  -  Лениннiң  әлi  капиталистiк 
сатыға  толық  жетпеген,  соның  шеңберiнде  дамып  кемелiне  келмеген  қоғамға, 
сол сатыдан аттап өтiп, социалистiк қоғамды озбырлық жолмен таңуында болса 
керек.  
    Маркстiк  философияда  гносеологиялық  (танымдық)  мәселелерге  де  жаңа 
сипат берiледi. Бұрынғы материализмге келер болсақ, олар  танымды түйсiктер 
арқылы  бейнеленетiн  аңлау  ретiнде  түсiндi  -  сыртқы  дүние  бiздiң  сезiмдiк 
мүшелерiмiзге өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның дүниенi қабылдауын туғызады 
-яғни  адам  енжар  келетiн  қабылдаушы  ғана,  ал  белсендiлiк  сыртқы  дүниедегi 
заттар мен құбылыстардан шығады. Ал Маркстiң ойлауына қарағанда, қайсыбiр 
дүниетаным  субъект  (адам)  пен  объекттiң  (сыртқы  дүниедегi  танылатын  зат) 
өзара  байланысы  мен  iс-әрекетiнен  тұрады.  Адамның  назарына,  iс-әрекетiне 
түспеген  таза  объект  -  ол  табиғаттың  шикi  заты  ғана.  Ф.Энгельстiң  айтуына 
қарағанда,  “жаратылыстану  мен  философияда  осы  уақытқа  дейiн  адамның 
ойлауына  тигiзетiн  iс-әрекеттiң  ықпалын  зерттеудi  есепке  алмады.  Олар,  бiр 
жағынан,  табиғатты  ғана,  екiншi  жағынан  ойлауды  ғана  бiлдi.  Бiрақ,  адамның 
ойлауының  ең  жақын  да  мәндi  негiзi  тек  сол  жаңғыз  табиғаттың  өзiнде  ғана 
емес,  сол  табиғатты  адамның    өзгертуiнде  -  тек  сол  өзгерiстерге    сәйкес 
адамның ақыл-ойы әрi қарай дамыйды

. Тек адамның белсендiлiгi арқылы зат 
танылып,  оның  iс-әрекетi  арқылы  қайта  құрылып,  оның  қажеттiктерiн  өтейдi. 
Сонымен,  танымды  ескiше  аңлау  ретiнде  түсiну  -  шынына  келгенде  барлықта 
жоқ  абстракция  ғана.  Шынайы  өмiрдегi  таным  -  ол  затты  белсендi  түрде 
субъектiнiң игеруiмен тең. 
   Маркс танымның негiзгi мәселелерiнiң бiрi - ақиқат жөнiнде де тың ойларды 
ұсынады.  Өмiрден,  практикадан  сырт  қалған  ақиқат  жөнiндегi  даудамалар  - 
бiтпейтiн схоластикалық мәселеге айналады. Ақиқат, яғни ойлаудың шындығы 
мен күшi шынайы өмiрде өзiн көрсетуi керек. “...философтар тек қана әртүрлi 
жолдармен  дүниенi  түсiнуге  тырысты,  ал  шынайы  мақсат  -  оны  өзгертудiң 

156 
 
керектiгiнде

 , - деп қорытады ұлы ойшыл.  
   Маркстiк  философияның  келесi  ерекшелiгi 
-  осындай  толыққанды 
материалистiк  көзқарасты  диалектикамен  ұштастыруында.  Егер,  Гегельдiң 
ойынша, “ай астындағы дүниеде

 тек бұрынғы өткен сатыларды қайталау ғана, 
шынайы даму  тек  қана рух  саласында болса,  ал оның  өзi абсолюттiк  идеяның 
өзiн-өзi тану жолындағы адамзатты құрал ретiнде пайдалануында болса, Маркс 
дамудың қайнар көзiн сол материалдық дүниенiң iшкi қайшылығынан көредi 
- заттың iшкi қайшылығы оны бүгiнгi болмыс шеңберiнен шығарып, басқа затқа 
айналуына  әкелiп  соғады.  Олай  болса,  қоғам  өмiрiнiң  де  негiзгi  қайшылығы  - 
материалдық  өндiрiстегi  өндiргiш  күштер  мен  өндiрiс  қатынастарының 
арасында жатыр.     
   Маркс  пен  Энгельс  өз  уақытындағы  қоғам  өмiрiндегi  капиталистiк 
қатынастардың аса қатiгездiгiн көрдi. Энгельс “Англиядағы жұмысшы табының 
жағдайы

  деген  зерттеуiнде  қарапайым  жұмысшылардың  өмiрiнiң  асқан 
қиыншылықтарын  ашық  та  айқын  көрсетiп,  сол  кездегi  қоғамдық  пiкiрге  зор 
әсерiн  тигiздi.  Олардың  ойынша,  мұндай  жағдай  iшкi  терең  қайшылықтардың 
негiзiнде өзгеруге тиiс. Егер Гегель қоғамдағы диалектикалық  өзгерiстiң бәрiн 
ұлттық  iс-қимылдан  көрсе,  Маркс  оны  әлеуметтiк  таптан  көредi.  Х1Х 
ғасырдағы көп ойшылдар сияқты олар қоғамның прогрессивтiк өрлеуiне кәмiл 
сенедi  -  ал  ол  жарқын  болашаққа  жеткiзетiн  негiзгi  күш  -  пролетариат, 
жұмысшы табы. Өйткенi, олар қоғамға керек негiзгi материалдық қажеттiктердi 
өндiредi,  сандық  жағынан  алып  қарағанда  әлеуметтiк  топтардың  ең  көлемдiсi, 
сонымен  қатар,  олар  жеке  меншiктiң  шырмауына  байланбаған  әлеуметтiк 
әдiлеттiлiктi  жақтайтын  таза  тап.  Егер  мыңдаған  жылдар  бойы  созылған 
цивилизацияның  қозғаушы  күшiн  ойшылдар  шығармашылық  аз  топ  -  ой 
еңбегiмен  айналысатын  интеллигенциядан  көрсе,  Маркстiң  жоғарыда 
келтiрiлген  пiкiрi  өзiнiң  кенеттiгiмен  сол  кездегi  қоғамды  дүр  сiлкiндiрдi. 
Жаңбырдан кейiнгi саңырауқұлақтар сияқты, көптеген жұмысшылар қозғалысы 
пайда бола бастады. Бiрақ, осы кезде өмiр сүрген революцияшыл орыс ойшылы 
М.А.Бакунин  Маркстiң  идеяларына  қарсы  шығып,  олар  өмiрге  енсе,  онда 
дүниеге қандыбалақ тоталитаризмнiң келетiнiн болжаған болатын. Тарих соңғы 
болжамның растығын дәлелдедi. 
   Ал,  коммунизм  идеясына  келер  болсақ,  онда  оны  сынға  алуға  тура  келедi, 
өйткенi,  ол  жер  бетiнде  жұмақ  орнатқанмен  тең.  Жалпы  алғанда,  бұл  идеяны 
Батыс  Еуропалық    2  мың  жылға  созылған  ой  толғауының  логикалық  түрдегi 
соңғы  нүктесi  деп  айтуға  әбден  болады.  Сонау  көне  Грек  дәуiрiнен  бастап 
Протагордың  айтқан  “адам  -  барлық  нәрсенiң өлшемi

  деген  идеясы  ғасырлар 
бойы  дамып,  ақырында  коммунизм  идеясын  тудырған  болатын.  Маркс 
утопистердiң  көзқарастарын  сынағанмен,  өзiнiң  ғылыми  жұмыстарында  одан 
толығынан  арыла  алмады.  “әрбiр  адамнан  -  қабiлетiне  қарай,  әрбiр  адамға  - 
қажеттiгiне  қарай

  деген  принциптiң  өзiнде  утопиялық  қиял  жатқан  жоқпа

 
Егер барлық адамдардың қажеттiктерi толығынан өтелсе, онда қоғам сол сәтте 
iрiп-шiри бастар едi, өйткенi тек толығынан өтелмеген қажеттiктер адамдардың 
соларды  өтеуге  бағытталған  шығармашылық  iс-әрекеттерiн  тудырады,  ал 

157 
 
өтелген  қажеттiктер  сол  сәтте  жаңа  бұрынғыдан  да  биiк  қажеттiктердi 
тудырады... 
   Маркс  Фейербахтың  “адам-толығынан  биологиялық-табиғи  туынды

  деген 
пiкiрiн  қатты  сынға  алғанмен,  оған  қарама-қарсы  бiржақты  “әлеуметтiлiк

 
тұжырымға өтiп кеткенiн аңғара алмай қалған болатын. Сол себептi, Маркстiң 
ойынша, болашақ коммунистiк қоғамда жаңарған әлеуметтiк ақуалға сай “жаңа 
адам

  дүниеге  келiп,  қылмыстық,  озбырлық,  дүниеге  қызығушылық  т.с.с. 
адамдардың  кемшiлiктерi  толығынан  жойылып,  құқтық  мекемелер,  тiптi 
мемлекеттiң өзi керек болмай қалады деген ойларын да қиялға жатқызуымызға 
әбден  болады.  Жаңада  ғана  дүниеден  өткен  Кеңес  қоғамында  қаншалықты 
“жаңа  адамды

  тудыруға  бағытталған  сан-алуан  тәрбие  жұмыстары  жүргiзiлсе 
де, бiз бүгiнгi таңда оның бәрiнiң сәтсiздiкке ұшырағанын көрiп отырмыз. Адам 
- биологиялық, я болмаса - әлеуметтiк пәнде емес, ол -  био-әлеуметтiк, тек осы 
жолда ғана оны терең түсiнуге болады.  
    Әрине,  Маркс  пен  Энгельс  -  өз  заманының  тұлғалары.  Маркстiң  өзi 
уақытында 

 ешқандай адами нәрсе маған жат емес 

 деп айтқан болатын. Мiне, 
осы  тұрғыдан  бағалай  келе,  бiз  олардың  ғылыми  жетiстiктерi  мен  адасуларын 
таразыға  сала  келе,  оларды  өз  заманының  ғажап  ұлы  тұлғаларына 
жатқызуымызға әбден болады.  
                       
                   9 семинар. ХIХ ғ мәдениетіндегі бейклассикалық философия. 
                 
  А.Шопенгауердiң  Әлемдiк  Еркi 
 
    Артур  Шопенгауер  (1788-1860  ж.ж.)  -  Данциг  қаласында  бай  саудагердiң 
жан-ұясында  дүниеге  келедi.  Геттинген  мен  Берлин  қалаларында 
философиялық бiлiм алады. Негiзгi еңбегi  “Дүние ерiк пен елестету ретiнде

 
деген  атпен  1844  ж.  жарық  көредi.  Берлин  университетiнде  1819  ж.  оқыған 
лекциялары ешкiмдi қызықтырмайды. Сондықтан ол өмiр бойы әкесiнен қалған 
капиталдың  жылдық  пайыздарын  жұмсап  өз  замандастарынан  оқшау  да  
жаңғызiлiктi өмiр сүредi. Өмiрiнiң соңғы 10 жылында ол даңқтың шапағатына 
да ие болады. Бiрақ, нағыз атақтылық оған ХХғ келедi. 
  Шопенгауердiң ойынша, Дүниенiң негiзiнде өмiр сүруге деген бiтпейтiн iңкәрi 
бар Әлемдiк Ерiк жатыр. Сонымен, материя, табиғат заты, атом, сана, рух т.с.с. 
бұрынғы  философтардың  жатқызған  дүниенiң  негiздерiн  ысырып  тастап, 
ойшыл “ерiк

 ұғымын  дүниенi түсiнудегi негiзгi категорияға айналдырады. 
   Бұл  ұғымның  тарихына  көз  жүгiртсек,  көне  заманда  “сана

    мен  “ерiк

 
категориялары  әлi  бiр-бiрiнен  бөлiнiп  алынған  жоқ-ты.  Мысалы,  Сократ  
адамдардың  жүрiс-тұрысы  мен  iс-әрекеттерiндегi  келеңсiз  жәйттер  оларды 
бiлмегендерiнде  деген  пiкiр  айтқан  болатын.  Егер  адам  жамандықты  бiлетiн 
болса, онда ол оған бармайды. Алайда, Орта ғасырда өмiр сүрген ұлы христиан 
философы  Августин      мұндай  көзқарасты  толығынан  терiске  шығарады. 
Жамандықтың  не  екенiн  бiлсем  де,  соған  қарай  менi  тартады,  мен  соны  iске 
асыруға  ынтықпын,-  дейдi  ұлы  ойшыл.  Өйткенi,  ақыл-ой  -  бiледi,  ал  ерiк  - 

158 
 
таңдайды.  Мiне,  осы  сәтте  Августин  сана  мен  ерiктiң  екi  түрлiлiгiн  айқын 
көрсетедi.  Дiни  ойшыл  адамның  Құдай  алдындағы  күнәкәрлiгiнiң  негiзгi 
себебiн ерiктiң алғашқы көрсетiлген түзу жолдан ауытқуынан табады.   
   Жаңа дәуiрде немiс философиясының шеңберiнде Кант практикалық зерденiң 
үстемдiгiн көрсете келiп, оның негiзiн ерiктiң бостандығынан көредi. Канттың 
бұл идеясын Фихте әрi қарай дамытып, “Меннiң

 ерiктi iс-әрекетiнен Дүниенiң 
пайда болуының рухани қайнар көзiн көредi. Қалай айтқанда да, Шопенгауерге 
дейiн  ерiк  категориясы  ерекше  түрде  алынып  Дүниенiң  негiзiне  жатқызылған 
жоқ-ты. 
     Сонымен,  Шопенгауердiң  ойынша,  Дүниенiң  негiзiнде  жатқан  Ерiк  -  ол 
бiреу және одан басқа ешнәрсе жоқ, бiрақ ол өзiнiң өмiрдегi құбылуында шексiз 
сан-алуан  болып  көрiнедi.  Ол  -  өзiнiң  толық  еркiмен  теңелетiн  бейтұлғалық 
орасан  зор  құдiреттi  күш.  Ол  бейсаналы  болғаннан  кейiн  өзiнiң  мәңгiлiк 
қалыптасу,  мақсат-мұратсыз  өмiрге  ынтық  болу  барысында  неше-түрлi 
залымдықты  тудыруы  мүмкiн.  әлемдiк  ерiктiң  ешқандай  себебi,  белгiлi  бiр 
негiзi  болмағаннан  кейiн  ол  ешқандай  заңдылықтарға  бағынбайды.  Өзiнiң 
өмiрде  болуға  деген  iңкәрiнiң  негiзiнде  ол  бүкiл  дүниенi  тудырса  да    оған 
ешқандай  тәртiп,  жоспар  сияқты  нәрселердi  әкеле  алмайды,  керiсiнше,  ол 
заттарды бiр-бiрiнен бөлiп, қиратып, қарсы қойып, оған тағы да қанағаттанбай, 
өзiнiң  шексiз  iзденiсiн,  күресiн  жалғастыра  бередi.  Ол  ызаға  толы,  не  iстеу 
керектiгiн  бiлмегеннен  кейiн  өзiн-өзi  тырнап  жыртып  жатқан  жануарға 
ұқсайды.  
   Ендi  әлемдiк  Ерiктiң  тудырған  дүниесiндегi  оның  көрiнiстерiне  назар 
аударсақ,  олар  -  өлi  табиғаттағы  дүниежүзiлiк  тарту,  магнетизм,  химиялық 
қосындылар т.с.с. табиғат күштерi. Тiрi табиғатта - тiршiлiктер формаларының 
өмiрге  деген  еркi,  сол  үшiн  өзара  бiр-бiрiмен  күресi,  өмiрдi  жалғастыруға 
бағытталған  жыныс  инстинктерi,  адам  өмiрiндегi  ешқашан  да  ойдағы 
нәтижелерге әкелмейтiн саналы талпыныстар, бейсаналық түрде пайда болатын 
әр-түрлi сезiм толқындары т.с.с. 
   Бiрақ,  қандай  да  болмасын  өмiрдегi  құбылыстарды  тудырса  да,  олар 
күрделенiп  саналы  түрде  сезiнiлген  сайын  әлемдiк  Ерiк  оларға  қанағаттанбай, 
өзiн  зардап  шегiп,  азапқа  толы,  бақытсыз  ретiнде  сезiнедi.  Мысалы,  адам 
өмiрiнiң  деңгейiндегi  ерiктiң  көрiнiсiне  келер  болсақ,  онда  мынаны  байқауға 
болады  -  егер  адам  ой  өрiсi  мен  адамгершiлiк  тұрғысынан  қатты  дамыса, 
соғұрлым оның өмiрде неше-түлi қайшылықтарға келуi көбейiп,  зардап шегуi 
де  өседi.  Әлеуметтiк  өмiрде  көре  алмаушылық,  надандық  пен  екiжүздiлiк  жиi 
кездеседi. Адамдардың өмiрi жетiспеушiлiк пен үрейге, қайғы мен қасiреттерге 
толы. өмiрге келген жаңа ұрпақтар өткендердiң қаталарын тағы да қайталайды, 
адамгершiлiгi  жоқ  адамдар  қоғамды  билейдi,  ғылыми  жетiстiктер  залымдық 
жолында  жұмсалады.  Ал,  моральдық  салаға  келер  болсақ,  соңғы  ғасырларда 
онда  ешқандай  алға  жылжушылық  болған  жоқ  -  езiлу,  зардап  шегу,  қантөгiс, 
қатыгездiк  осы  уақытқа  шейiн  азайудың  орнына  көбейiп  келедi.  Мәңгiлiк 
алаңдаушылық  пен  тұрақталынған  адамдардың  бiр-бiрiне  деген    сенбеушiлiгi 
өмiрдi шырмап алған.  

159 
 
   Әрине,  Шопенгауердiң  жоғарыдағы  көрсетiлген  қоғам  өмiрiндегi  келеңсiз 
жәйттер  жөнiндегi  ойларын  бiз  сырттата  алмаймыз.  Керiсiнше,  оның  санын 
бүгiнгi өмiрге қарап өсiртуге де болар едi. Өмiр алдына үлкен мақсат- мұраттар 
қойып,  соған  жету  жолында  неше-түрлi  “тар  жол,  тайғақ  кешуден

  өтпеген 
адам  бiрде-бiреу  болса  керек.  Бұл  өмiрдiң  трагикалық  диалектикасын  өмiрден 
әсiресе  көп  зардап  шеккен  қазақ  халқы  “орындалмайтын  арман

,  “жалған


“дүниенiң төрт құбыласы ешқашанда бiр-бiрiне тең емес

 т.с.с. ойлармен берiп, 
нағыз бақытты өмiрдi  о дүниедегi жұмақтан iздеген болатын. 
    Сонымен, Шопенгауердiң ойынша, зардапқа толы дүниенiң негiзгi күнәкерi - 
әлемдiк Ерiктiң өзi. Бiрақ, оның санасы болмағаннан кейiн ол өз iстерiне жауап 
бере алмайды, тек қана мәңгiлiк бiр трагедиядан өтiп екiншiге т.с.с. ауыса 
бередi. Бұл арадағы бiр үмiт - Әлемдiк Ерiк сананы тудырған ғарышты дүниеге 
әкелдi. Мiне, дүниенiң ажырамас бiр бөлiгi ретiндегi адамдардың өзi ғана сол 
әлемдiк Ерiкке қарсы шығып оны таратуы керек, сонда ғана дүниенiң зардабы 
тоқтатылады. Ол үшiн адам өзiнiң өмiрлiк күш-қуатын, өз бойындағы еркiн сол 
дүниенi тудырған әлемдiк Ерiкке қарсы қойуы қажет. Ал мұның өзi ең алдымен 
адамдардың философиялық таным арқылы әлемдiк Ерiктiң терең мәнiн зерттеп- 
бiлуiмен тығыз байланысты. Содан кейiн адам екi сатыдан өтуi керек. 
Алғашқысы - эстетикалық аңлау, соңғысы - моральдық жолмен жетiлу. 
   Эстетикалық  аңлауға  келер  болсақ,  Шопенгауер  Канттың  айтып  кеткен 
пiкiрiн  қолдап,  оның  риясыздығына  аса  көп  көңiл  бөледi  -  онда  ешқандай 
өзiмшiлдiк  сезiм,  я  болмаса  пайдақорлық  ойлар,  мүдделер  болмауы  керек. 
өнердi  игерудiң  негiзгi  мақсаты  -  адамның  жан-дүниесiн  өзiмшiлдiктен 
шығатын зардаптан құтқарып, оны тыныштыққа бөлеу. ґнердiң түрлерiн талдай 
келе, Шопенгауер мүсiн мен сурет - кеңiстiктiң, ал әуен мен поэзия - уақыттың 
шеңберiнде  ғана  өмiр  сүре  алады  дейдi.  Бұлардың  бәрi  де  өз  мүмкiндiгiнше 
әлемдiк  Ерiктi  сиппатайды,  бiрақ,  әуеннен  терең  өнердiң  түрi  жоқ.  Өйткенi, 
әуенде  оны  шығарушы,  орындаушы  мен  тыңдаушының  арасындағы 
айырмашылық  мүлдем  азаяды.  Өзiнiң  ең  биiк  жетiстiктерiнде  әуен  әлемдiк 
Ерiктi ақылмен түсiндiрiлмейтiн құпия жолмен бiздiң жан-тәнiмiзге сезiндiредi. 
Әрине,  Шопенгауердiң  бұл  ойлары  Шеллингтiң  көзқарасына  жақын  екенiн 
байқауға  болады.  Тек  Шеллинг  әуендi,  әсiресе,  оның  симфониялық  түрiн, 
Абсолютке  жетудiң  жолы  деп  есептеген  болатын.  Ал  Шопенгауердiң 
дүниесезiмiне  трагикалық музыка (реквием сияқты) жақынырақ болды  - тек 
қана  осы  әуендер  адам  болмысының  қайғылығын,  трагедиясын  жете  сезiндiре 
алады. 
   Әлемдiк  Ерiкпен  күрестiң  екiншi  жолы  -  этикалық.  Егер  дүниедегi  барлық 
зардаптың  түп-тамыры  Ерiкке  барып  тiрелсе,  оны  жою  моральдық  жағынан 
алып  қарағанда  -  ақталатын  нәрсе.  Ал  адам  саналы  пәнде  ретiнде  өз  iшiндегi 
ерiктi  жою  арқылы  әлеуметтiк  Ерiктi  тарата  алады.  Ол  ұшiн  Шопенгауер 
адамдарға  “категорикалық  императив  (ұзiлдi-кесiлдi  талап) 

  ұсынады

  “өзiңе 
Каталог: files -> book
book -> ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
book -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
book -> Дону конгдону с благодарностью
book -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
book -> Н. Н. Столярчук, Т. В. Василюк English Английский язык
book -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2
book -> В языкознание теория речевой деятельности психолингвистика
book -> Практикум по культуре речевого общения (Аспект «Анализ текста»)
book -> Глава а вы — гений?
book -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет