Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата29.12.2016
өлшемі2,07 Mb.
#673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

қажеттілік  деген  ұғымдарды  философияға  еңгізеді.  Демокриттің  ойынша,  әр 
нәрсенің өз себебі бар – ол қажеттіктен туады. Сондықтан, Дүниеде ешқандай 
кездейсоқтық  жоқ.  Белгілі  бір  құбылыстың  себебі  ашылмаған  кезде  оны 
адамдар кездейсоқ деп атайды.  
Атомистика шеңберіндегі әлеуметтік және моральдық мәселелерге келетін 
болсақ,  демократиялық  саяси  тәртіп  ең  тиімді  қоғамды  уйымдастыру  түрі. 
Демократия бұзылмау үшін адамдарды тәрбиелеу керек.  
Адам  өзінің  табиғаты  бойынша  өмірден  ләззат  алуға,  зардаптан  қашуға 
тырысады.  Бірақ  Демокрит  ләззатты  өлшемді  табумен  теңестіреді.  Адамға  ең 
жақсы  нәрсе  -  еутемия  (eythymіa)  –  жақсы  көңіл-күйде  болу,  ешқандай 
қорқыныш  сезім,  я  болмаса  аса  құмартудан  алшақ  болу.  Дүниеге  салқын 
сезіммен қарап даналыққа көтерілу -  адамның ең биік мұраты.              
 
 
 
 
Дүниені зерттеуден адам мәселесіне бетбұрыс. Софистика. Сократ 
ілімі.  
 
Натурфилософия  өз  уақытының  шеңберінің  шегіне  келіп,  әрі  қарай 
Дүниені зерттеуде жаңа идеялар тудыра алмады. 
Екінші  жағынан,  гректердің  қала-полистеріндегі  саяси  өмірдің  жандануы, 
әсіресе  тікелей  демократияның  дамуы,  халық  жиналысының,  соттың  мәнінің 
өсуі  философия  саласында жаңа  бетбұрыс  тудырады. Жалпы  Дүние жөніндегі 
тебіреністерден  ойшылдар  қоғам  мәселелеріне,  адамның  өміріне,  мән-
мағналықты ашуға көп көңіл бөле бастайды. 
Осы  кезде  грек  топырағына  софистика  ағымы  келеді.  (sophіa-  дана, 
даналық).  Бұл  ұғымның  мағнасы  даналықты,  білімділікті  көрсеткенмен 
уақытында теріс мағнада “жалған білімділік

 ретінде қолданыла басталды. 

50 
 
Оның  негізгі  себебі  –  софистердің  оқытушылық  қызметі,  өйткені,  сол 
уақыттағы  саяси  өмірдің  дамуы  риторика,  логика,  философия  ғылымдарына 
деген  үлкен  сұранысты  тудырды.  (риторика  -  әсем  және  әсерлі  сөйлеу  өнері, 
логика  –  ойлау  заңдылықтарын  зерттейтін  пән).  Өйткені,  саяси  өмірде 
белсенділік  көрсету  үшін  жиналған  адамдарға  өзіңнің  көзқарасыңның 
дұрыстығын  дәлелдеп,  олардан  қолдау  табу  қажет  болды,  ал  оның  өзі  оңай 
жұмыс  емес,  оған  оқу  керек  болды.  Өмірде  пайда  болған  сұраныс  –  софист-
оқытушыларды дүниеге әкелді. Олар тек қана даналыққа емес, сонымен қатар 
өзінің 
саяси 
оппоненттерінің 
(қарсыластарының) 
көзқарастарының 
тұжырымдарын  қалайша  теріске  шығаруға  болады,  қалай  білдіртпей  алдап 
кетуге  болады  т.с.с.  қазіргі  саяси  технологияларда  қолданылатын  әдістерге 
ұқсас нәрселерді үйрете бастайды.  
Екіншіден, софистер өздерінің сабақтарына ақша алады. Негізінен билікке 
таласатын  ақшалы  адамдар  –  аристократтар  мен  плутократтар  (arіstos-  ең 
жақсылар, ақсүйектер, plutos- байлық, cratos - билік) болғаннан кейін, олардың 
табыстары да аз болған жоқ. 
 Ал ол кездегі Софистердің арасындағы ең кең танылған тұлға – Протагор 
(481-411 б.ғ.д.). Оның “Еватл

 деген софизмімен танысайық.  
Протагор  өзінің  оқушысы  Еватлмен  келісімге  келеді:  егер  Еватл  алғашқы 
рет сотта жеңіске жетсе, онда Протагорға ақша төлеуге тиіс.  
Бірақ, Еватл асықпайды. Онда Протагор Еватлға “мен сені сотқа беремін

 
деп қорқытады. Оған Еватл: “келісім бойынша мен сотта жеңіске жетсем ғана 
төлеймін, мен әлі бір сотты да ұтқан жоқпын

, - дейді.  
Сонда  Протагор  айтыпты:  “Егер  мен  сотта  сені  ұтсам,  онда  сен  төлейсің 
соттың  шешімі  бойынша,  егер  сен  ұтсаң  -  онда  бәрібір  төлейсің,  келісім 
бойынша


Оған  Еватл  былай  депті:  “Егер  мен  ұтылсам,  онда  төлемеймін,  -  келісім 
бойынша, ал егер ұтсам, онда төлемеймін соттың шешімі бойынша


Осындай  софизмдердің  негізінде  Протагор  мынандай  тұжырымға  келеді: 
әр нәрсе жөнінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі пікір айтуға болады. Олай 
болса,  мәселенің  бір  жағына  шығу  керек,  оның  кепілі  –  адамның  өзі
Сондықтан Протагор өзінің атақты нақыл сөзін айтады: Адам - барлық заттың 
өлшемі, олардың барының барлығын, жоғының жоғын көрсетеді 
Сонымен, Протагордың айтуынша, бәрі де салыстырмалы, еш жерде соңғы 
ақиқат, ең құнды моральдық қағидалар, нормалар, т.с.с. жоқ. 
Олай болса, өз пікіріңді дәлелдей ал, айтыста өз ойыңның артықшылығын 
көрсете  біл,  қате  пікірдің  әлсіз  жағын  тауып  алуға  тырыс.  Тіпті  әйдік  болсаң, 
нәзік дәлелдемені күшейтіп, күшті дәлелдемені теріске шығара біл. 
Софистердің философияға еңгізген жаңылықтары – ақыл-оймен  Дүниенің 
қайшылығын  бейнелеу  арқылы  жасалатын  ұғымдардың  аумалы-төкпелілігі, 
іштей  қайшылықтары.  Ой-өрісінің  дамуын  зерттей  келе  олар  логиканың, 
риториканың  көп  мәселелерін  көтеріп,  осы  уақытқа  дейін  ғалымдар 
ойландыратын нәрселерді қалдырды. 

51 
 
Мысалы  мына  софизмді  алсақ:  “Егер  алдаушы  мен  алдадым  десе,  онда 
оның  шындықты  айтқаны

.  Бұл  софизм  осы  уақытқа  дейін  шешілген  жоқ. 
Оқырман, кәне, сен оны шешіп көрші! 
 
Сократ ілімі. 
 
Сократ  (469-399  б.ғ.д.)  Афина  қаласының  қарапайым  адамдарының 
жанұясында  дүниеге  келеді.  Өз  заманының  халық  силайтын,  сонымен  қатар, 
байлары мен билері үрейлене қарайтын ірі тұлғасы болса керек. 
Сократ жөнінде тарихта әр түрлі пікірлер қалған Аристофанның “Бұлттар

 
деген комедиясында Сократ “өтірікпен шындықты жеңетін

 софистердің біреуі 
деп  қөрсетілсе,  Ксенофон  оны  заңды  сүйгіш,  әдет-ғұрыпты  силаған  адам 
ретінде,  ал  оның  оқушысы,  шәкірті  Платон  ең  ақылды  кемеліне  келген  дана 
ретінді сүреттейді. 
Сократ  жазба  еңбектерді  қалдырмаған адам.  Байлық  қумаған.  Сондықтан, 
өз заманының софистерін олардың ақиқатты тым салыстырмалы қылғаны үшін 
жек көрген. 
Сократ софистердің “Адам-өлшем

 деген тұжырымдарымен келіседі, бірақ 
ол  нақтылы,  өз  заманының  пайда  іздеген  адамы  емес,  ол  адам-  тек  ретінде 
алынғандағы адам. 
Сонымен оны  негізінен  толғандыратын  мәселелер : олар  - адам  табиғаты, 
оның терең мәні. Оның айтуынша, адамның терең мәні – оның жан-дүниесінде. 
Ал  адамның  жаны  –  ол  оның  ойлауға  деген  қабілеті,  оның  парасаты, 
адамгаршілікке негізделген жүрыс-тұрысы мен іс-әрекеті. 
Сократың 
ойынша, 
ізгілік 
(даналық, 
әділеттілік, 
тұрақтылық, 
қанағаттылық т.с.с.) әрқашанда білім, ал залымдық - надандық. 
Ешкім де саналы түрде жамандық жасамайды, ал жамандық жасайтындар 
оны білмегендіктен жасайды. 
Ізгілік  дегеніміз  жақсылықты  білу  және  соның  негізінде  іс-әрекет  ету; 
батылдық  –  ол  қауып  төнген  жағдайда  не  істеу  керектігін  білу;  әділетті  адам 
өзінің  мемлекет  пен  қарым-қатынасын  біледі  т.с.с.  Оның  себебі,  ізгіліктің 
табиғаты жөнінде адамдар ойланбайды, өйткені, олардың көпшілігі әдет-ғұрып 
арқылы  беріледі.  Ал  егерде  біз  оларды  ақыл-оймен  танып  білсек,  онда  біз 
өзіміздің жан-дүниемізді байытып жамандыққа бара алмаймыз. 
Әрине,  ізгіліктен  ауытқу,  күнәға  бату  –  ол  тек  қана  білмегендіктен 
шықпайды,  ол  адамның  еркімен  де  тығыз  байланысты.  Бірақ  ерте  замандағы 
адамдарға  ерік  әлі  таныс  емес,  оны  тек  Орта  ғасырдың  діни  ойшылдары  ғана 
ашқан болатын. 
Сократтың  ойынша,  адамның  ең  тамаша  қасиетінің  бірі  -  өз-өзін  ұстауы. 
қандай  көңіл-күйде  болсаң  да  –  шаттық,  қайғы-қамығуда  да,  неше  түрлі 
құштарлықта да адам өзін-өзі билеп ұстауы қажет
Сократ грек ойшылдарының бақыт жөніндегі түсініктерін тереңдете түсті. 
“Менің  ойымша  тек  ізгі  адам  бақытты;  шындығы  жоқ,  арам  пиғылды  - 
әрқашанда бақытсыз



52 
 
Сократ адамның жан-дүниесінің терең мәнін ашып қана қоймай, сонымен 
бірге оны жетілдірудің жолын көрсетті. Оның жолы – ирония мен маевтика
Ирония  дегеніміз  сұхбат  барысында  білмеген  сияқты  болып  талқыланып 
жатқан  мәселе  жөніндегі  қарсыда  отырған  адамның  тұжырымдарының  неше 
түрлі  сұрақтар  арқылы  ішкі  қайшылығын  ашып,  ең  ақырында  оны  “Менің 
білетінім  тек  қана  ештеңе  білмейтінім

,-  деген  ойға  әкелу.  Бірақ  мұнымен 
сұхбат бітпейді. Егер осы сатыда әңгіме бітсе, адам толығынан күмәнға батып, 
дүниеде не істерін, қалай өзін ұстайтынын білмес еді. 
Сұхбаттың  екінші  сатысында  маевтика  басталады.  Ол  сәбидің  Дүниеге 
келуіне көмектесетін кіндік шешенің қызметі сияқты. Бірақ сәби емес, Дүниеге 
ақиқат  келеді.  Ол  үшін  жоғарыдағы  талданған  мәселе  жөніндегі  пікірлер 
салыстырылып, олардың ішіндегі ақиқатқа әкелетіндері алынады. 
Бірақ,  Сократтың  мақсаты  –  одан  да  әрі  тереңдеу.  Қандай  мәселе 
талқыланбаса да әңгіме ақырында адам  өмірінің мән-мағнасына келіп тіреліп, 
осы мен қалай өмір сүріп жатырмын, не істеп – не қойдым, менің ар-ұжданым 
таза  ма  т.с.с.  деген  сұрақтарға  әкеледі.  Міне,  негізгі  мақсат  енді  ғана 
орындалды,  осы  уақытқа  дейін  өзінің  жан-дүниесі  жөнінде  ойланбай  келген 
адам іштей тазарып, өмірге басқа көзбен қарай бастайды. 
Олай   болса,  адамның  өз-өзін  танып-білуі  –  оның  ең  биік  мұратына 
айналуы керек. Сонда ғана адам мен қоғам арасындағы қайшылықтар шешіледі. 
Ол  үшін  адам  күнделікті  өмірдегі  “ұсақ  мәселелердің

  жолын  табуы  емес,  ол 
бүкіладамзаттық  ақиқат  деңгейіне  көтеріліп,  өзінің  жан-дүниесін  толтыруы 
керек.  Бұл  пікірді  қолдайтын  бір  аңыз  бар.  Сократтан  “Сіздің  туған  жеріңіз 
қайда?    –  деп  сұрағанда,  ол  “Мен  ғарыштанмын

  –  деп  жауап  берсе  керек. 
Сократтың ұлы тұлғалығы, міне, осында. 
 
                
 
 
Классикалық антикалық философиясы 
 
1.Заттар  әлемi  мен  идеялар  әлемi.  Жан  туралы  iлiм.Платонның  еске  түсiру 
теориясы. 
2.Платонның идеялды (кiршiксiз)мемлекет туралы iлiмi. 
3.Аристотельдiң  материя  мен  форма  туралы  iлiмi.  Аристотельдiң 
категориялары. 
4.Аристотельдiң әлеуметтiк –саяси және этикалық iлiмi. 
 
 
Классикалық антикалық философия 
 
Платон  (б.з.д.  427-347ж.(  өзінің  осы  атын  кең  иықтылығының  арқасында 
Сократтан алыпты-мыс деген аңыз бар. Оның шын аты Аристокл (platos – грек 
сөзі, -кең). Платонның әкесі атақты рудан шыққан, ол жас кезінде жақсы білім 

53 
 
алады,  өлең  шығарумен  әуестенеді.  20  жасында  Сократпен  танысып  өзінің 
өмірінде  үлкен  бетбұрыс  жасайды  –  ол  өзінің  өмірін  толығынан  философияға 
арнайды. 
Платонның  еңбектерінің  ерекшелігі  –  ол  оның  бәрін  сұхбат  (диалог) 
ретінде жазады. Ол әдісті, шамасы, Платон 8 жыл бойы Сократпен бірге болған 
кезде  игерген.  Екінші  ерекшелігі  –  сұхбаттың  негізгі  кейіпкері  –  Сократ. 
Сонымен, Платон өзінің ойларын осы Сократ кейіпі арқылы жеткізеді.  
Платонның 
негізгі 
еңбектері 
“Сократты 
жақтау


“Критон


“Мемлекет

, “Федон

, “Парменид

, “Софист

, “Заңдар

 т.с.с.  
Платонның көзқарасының қалыптасуына зор әсер еткен Гераклит. Ол оның 
негізгі  тұжырымын  “Бәрі  де  ағым

,  “бітпейтін  өзгеріс

  толық  қабылдайды, 
бірақ тек ол біз өмір сүріп жатқан Дүниеге тән. 
Екінішіден, оған Элея мектебінің негізгі қағидалары да зор әсерін тигізді. 
Ол - қозғалмайтын, мәңгі, бір Болмыс идеясы. 
Үшіншіден,  Сократтың  моральдық  философиясы,  оның  негізгі ұғымдары-
құндылықтары – Ақиқат, қзгілік, Әсемдік. 
Төртіншіден,  Пифагордың  сандық  философиясынан  шығатын  өлшемдік 
ұғымы. 
Платонның  философия  саласында  жасаған  төңкерісі  –  оның  “Эйдос

 
(идея)  әлемін  ашқаны.  Платонды  сезімдік  таным  қанағаттандырмайды, 
өйткені  Дүние  -  ағым,  заттар  өне  бойы  өзгерісте,  тұрақсыз.  Ал  біз  өзіміздің 
білімімізде  тұрақтылыққа,  жалпыға  ортақ,  өзгермейтін  ұғымдар  жасауға,  яғни  
Дүниені  түсінуге  тырысамыз.  Ал  ондай  білімді  біз  бұл  сезімдік  әлемнен  таба 
алмаймыз. Олай болса, оның қайнар көзі “Шынайы болмыста

- Эйдос әлемінде, 
“қол астындағы болмыстан

 біз оны таба алмаймыз. 
Біз  Платонның  бұл  жаңалығының  негіздемелерін  оның  әртүрлі 
диалогтарындағы  Әсемдік,  Ізгілік,  Әділеттілік,  Батылдылық  т.с.с.  ұғымдарды 
Сократтың атынан талдағанда көреміз. 
“Үлкен  Гиппий

  деген  диалогында  Сократ  мынандай  сұрақ  қояды: 
“Расында  да,  ізгіліктен  барлық  ізгі  істер,  әділіттіліктен  барлық  әділеттік, 
әсемдіктен барлық әсем заттар тумай ма? 
  - Әрине, - деп жауап береді Гиппий. - әсемдік ол әсем қыз, мысалы. 
Оған Сократ: “Неге әсем бие, ия әсем құмыра емес? 

  – деген сұрақ қояды. 
Әрбір  зат  бір  жағына  әсем,  екінші  жағынан,  басқа  заттармен  салыстырсақ,  - 
түрсіз болуы мүмкін. Ал бізге барлық заттарға ортақ жалпы әсемдік керек қой. 
Гиппий  оны  алтыннан,  басқа  заттардан,  неше  түрлі  моральдық 
құндылықтардан іздейді, бірақ таба алмайды. 
Платонның  көзқарасы  бойынша,  заттардың  әсемдігі  -  әсемдік  идеясында 
жатыр. Оның қайнар көзі – “Эйдос әлемінде

. Сонымен, сезімдік әлемнен басқа 
тұрақты,  мәңгілік  қозғалмайтын,  кемеліне  келген  басқа  әлем  –  идеялар  әлемі 
бар  екен.  Егер  бұл  әлемдегі  заттар  сезім  арқылы  танылса,  онда  ақыл-оймен 
танылатын ұғымдарға идея әлемі сәйкес келуі керек. Олай болса, идеялар – ой 
емес, ойдың зерттейтін пәні, ол – шынайы болмыс. Идея заттардың терең мәнін 

54 
 
құрайды,  оның  бітімін  қалыптастырады,  сол  себептен  оны  Дүниеге  әкеледі, 
оның “парадигмасын

 құрайды (paradeіgma – грек сөзі, -үлгі). 
Өзінің  идеялар  әлемі  түсінікті  болуы  үшін  Платон  “үңгір  жөніндегі 
аңызды

  пайдаланады.  Соңында  бұл  аңыз  метафизика,  гносеология  және 
диалектиканың символына айналды. 
Көзімізге  үңгірде,  я  болмаса  зынданда,  аяқ-қолы  байланған  адамдарды 
елестетейік.  үңгірдің  аузы  күншығысқа  қараған,  сондықтан  оның  сәулелері 
сондағы адамдар қарап отырған жаққа түсіп тұр. Жер бетінде керуен кетіп бара 
жатыр, адамдар әртүрлі заттарды көтеріп бір-бірімен сөйлесіп келеді. 
Үңгірде  қамалған  адамдарға  солардың  қозғалып  бара  жатқан  көлеңкелері 
көрінеді, түсініксіз күнгірт дыбыстар естіледі. Олар бірақ жер бетінде шын өмір 
барын  білмейді,  сол  көлеңкенің  өзін  шын  өмір  екен  ғой  деп  есептейді.  Бірақ, 
сол  қамалған  адамдардың  біреуі  ойланып-толғанып,  ақырында  өзінің  көлеңке 
әлемінде  тұрып  жатқанын  түсінуі  мүмкін.  Ал  екіншісі  аяқ-қолын  қалайда 
шешіп,  үңгірдің  сыртына  шығып,  күн  көзінің  сәулесіне  көздері  үйренгеннен 
кейін шынайы өмірдегі адамдарды, заттарды, соңында жарқырап тұрған күннің 
өзін көреді. 
Үңгір аңызынан қандай философиялық тұжырымдар жасауға болады? 
Біріншіден, болмыстың  әртүрлі  деңгейлігі  жөнінде  –  сезімдік болмыс  пен 
құдіретті болмыстың бар екендігі; үңгірдің ішіндегі көлеңкелер – сезімдік әлем
ал  жер  бетіндегі  адамдар  мен  заттар  –  нағыз  болмысты  құдіретті  әлемді 
көрсетеді, ал күн – ол ізгілікті көрсететін идея. 
Екіншіден,  танымның  деңгейлерін  байқауға  болады  –  ол  сезімдік  таным, 
ақыл-оймен тану, интуитивтік жолмен соңғы себептерге жету (іntuіtіo  – латын 
сөзі, -ақиқатты еш дәлелдемесіз-ақ оймен көру). 
Үшіншіден,  бұл  аңыздың  моральдық,  аксиологиялық  жағын  да  байқауға 
болады.  Өмірде  тек  қана  сезім  толқынының  шеңберінде  болу  –  ол  үңгірдегі 
өмір.  Рухани  өмір  сатысына  көтерілу  –  ол  нағыз  болмыс  әлеміне  көтерілумен 
тең. Ал күннің өзін көріп тамашалау – ол құдіретті күшті көрумен тең. 
Ал  идеялар  әлемі  бар  болса,  ол  қай  жерде  екен  деген  сұрақ  заңды  түрде 
пайда болады.  Оның  орнын  Платон  “Гиперуранияда  –  ол аспаннан да  жоғары 
орналасқан

, - дейді. Олай болса, ол материалдық әлемнен басқа, оны тек ақыл-
оймен ғана түсінуге болады. 
 Платон  идеялар  әлемін  белгілі  бір  жүйе  ретінде  қарайды.  Олай  болса, 
оның  төменгі  және  жоғары  дәрежеде  орналасқан  құрамдас  бөліктері  бар. 
Жүйенің  ең  шыңында  ізгілік  идеясы  орналасқан.  Ол  Бірліктің  көрінісі.  Оған 
қарсы тұрған екінші бастау – ол Диада – шексіз көптіктің бастауы, - үлкен мен 
кішкентайдың, шексіз үлкен мен шексіз азды қамтиды. 
Осы  екі  бастаудың  қосылысы  идея  әлемін  құрайды.  Әрбір  идея  –  бір 
жағынан шексіз, екінші жағынан шектелген. 
Бірақ,  әңгіменің  ең  қиындығы  –  идея  әлемі  материалдық  Дүниені  қалай 
тудырады?  Материалдық  емес  нәрсе  -  материалдық  сезімдік  өзгеріп  жатқан 
әлемді қалайша дүниеге әкеледі? 

55 
 
Платонның ойынша, материя – мәңгілік өзімен-өзі өмір сүріп жатқан енжар 
нәрсе. Оны хаостық жағдайдан (chaos – түнғиық, белгісіз, бітімсіз, еш тәртіпсіз 
деген  мағна  береді)  космосқа,  тәртіпке  келтірілген  Дүниеге  әкелген  Демиург
Ол  идеалды  әлемді  үлгі  ретінде  алып,  материяға  бітім  беріп,  бұл  Дүниені 
тудырды. 
Идея  әлемі  –  парадигма  –  ол  мәңгі,  алғашқы,  Демиург  та  Құдай  ретінде 
мәңгі, бірақ сезімдік әлем, түп-нұсқа емес, жасалған, көшірмелі болғаннан кейін 
- өтпелі, жалған, көлеңке. 
Әрине, бүгінгі таңдағы білім тұрғысынан біз Платонның идея әлемін қатты 
сынға ала аламыз. Әрбір Дүниедегі жеке заттың тек өзіне ғана тән жақтары мен 
бірге  басқа  заттарға  оны  жақындататын  жалпы  жақтары  бар.  Адам  таным 
процессінде заттардың жалпы қасиеттерін зерттеп, оны белгілейтін ұғымдарды 
туғызады.  Оны  адам  тіл  арқылы  береді.  Олай  болса,  әрбір  сөз  Дүниені 
жалпылайды, әсіресе, ғылыми ұғымдар. Мысалы, адам ұғымы жер-бетінде өмір 
сүріп жатқан 6,3 млрд адамзатын қамтиды. Нақтылы жеке адам Дүниеге келіп, 
кетуі  мүмкін,  ал  адам  ұғымы  қала  береді.  Бірақ,  осы  нақтылы  тірі  өмір  сүріп 
жатқан адамдар болмаса, онда адам ұғымы да болмас еді. 
Мәселе  Платонның  идеалдық  әлемінде  емес,  әңгіме  сол  идеялар  әлемін 
тудыратын  ұғымдарда.  Платоннан  кейін  ұғымдарды  зерттеу,  олардың 
табиғатын  ашу,  бір-бірімен  байланысын  көрсету  –  философияның  негізгі 
мәселелерінің біріне айналды. 
Енді  Платонға  қайта  оралып,  оның  таным  теориясына  (гносеология( 
келетін  болсақ,  онда  оның  негізінде  анамнез  (anamnesіs  –  грек  сөзі,  -  еске 
түсіру)  жатыр.  Адамның  жан-дүниесі  мәңгілік,  оның  шыққан  тегі  –  идеялар 
әлемі. Сондықтан дүниетану жолында біздің жанымыз өзінің идеалды әлемінде 
болған шағын еске түсіре отырып қана ұғымдарды тудырады. 
Ал сезімдік танымға келетін болсақ, ондағы білім көбінесе жалған, өйткені, 
бұл өмірдің өзі өтпелі, тұрақсыз. Сондықтан сезімдік жолмен танылған пікірді 
Платон  докса  (doxa  –  грек  сөзі,  -пікір(  дейді.  Егер  пікірді  біз  соған  сәйкес 
ұғыммен  негіздесек,  онда  ол  ғылымға  (epіsteme  –  грек  сөзі,  хат,  ғылым) 
айналады.  
Платонның  ойынша,  бұл  өмірде  бізді  идеялар  әлемін  жалғастыратын 
жалғыз ғылым, жан-дүние ғана емес, сонымен бірге Эрос және сүйіспеншілік. 
Олар  бізді  құдіретті  әлеммен  байланыстыратын  көпірге  ұқсайды.  Эрос  бізге 
қанат-күш  беріп  әсемдіктің  әртүрлі  сатыларынан  өткізіп,  соған  ақырында 
жеткізеді. 
Ал сүйіспеншілікке келетін болсақ, ол сұлулық пен ізгілікке құмарту. Олай 
болса, ол – философия – даналықты сүю - өйткені даналықтың өзі сұлулық пен 
ізгілікті сүюмен тең. 
Сүюдің  бірінші  баспалдағы  –  ол  жыныстық  сүю,  әсем  денеге  деген 
құмарту  және  соның  ішінде  басқа  өмірді  келтіру;  онда  да  өлместікке  деген 
құштарлық  бар  -  ұрықтандыру  жолында  жаңа  өмір  Дүниеге  келеді  –  ол 
өлместіктің кепілі. 

56 
 
Екінші  сатыда  сүюдің  басқа  бітімі  Дүниеге  келеді:  біз  денеге  емес,  басқа 
адамның жан-дүниесімен тіл табысып оны сүйеміз – онда шашылатын тұқым – 
рухты  жандандырып,  байытады  -  өнерге,  білімге,  әділеттілікке,  ізгілікке 
деген құштарлық пайда болады. 
Үшінші  сатыда  Сүйіспеншілік  бізді  идея  әлеміндегі  әсемдіктің  өзімен 
ұштастырады. 
Платон метафизикалық, гносеологиялық, этикалық мәселелерді әлеуметтік 
саяси мәселелермен байланыстыра білген. Ол оның “Саясаткер

, “Мемлекет


“Заңдар

 деген еңбектерінде көрсетілген. 
Ойшыл  қоғамның  пайда  болуын  терең  қараған.  Егер  жануарлар  өзіне 
керектігінің бәрін тағы табиғатта дайын күйінде тауып алса, адамдар жеке-жеке 
өзіне  керек  қажеттіктерді  өтей  алмайды,  екіншіден,  ол  қажеттіктердің  көбі 
еңбек процессінде жасалады, даяр түрінде табиғатта жоқ. Сондықтан, адамдар 
қоғам болып бірігіп өмір сүреді. Біреуі жер жыртады, екіншісі – бала оқытады, 
үшіншісі үй салады, т.с.с. 
Жалпы алғанда, Платон қоғамдағы адамдарды бірнеше әлеуметтік топтарға 
бөледі.  Төменгі  топ  шаруалар,  қолөнершілер,  саудагерлер  т.с.с.  тұрады.  Олар 
қоғамның материалдық қажеттіктерін қамтамасыз етеді. 
Адамды  ішкі  және  сыртқы  жаулардан  қорғау  керек  –  ол  үшін  полиске 
жауынгерлер керек. 
Мемлекетті басқару өнері өте қиын. Оны әділіттіліктің, ізгіліктің негізінде 
жүргізу  керек.  Ал  оған  даналық  керек.  Оны  жүргізе  алатын  философтар.  Біз 
философтар  осы  уақытқа  дейін  Платонға  өзіміздің  алғысымызды  айтамыз. 
Бірақ,  философтар  елді  басқара  алмайды  –  ол  үшін  олар  көп  моральдық 
адамгершілік қасиеттерінен арылуы керек, өйткені, саясатта ашық шындықтың 
талаптары оқтын-оқтын моральдық нормалардың талаптар кеңістігінен шығып 
кетуіне әкеледі. 
 
Аристотель және оның философиялық жүйесі. 
 
Аристотель (384-322 б.з.д.) - көне заманның ең ұлы философы, заманының 
ең дарынды, жан жақты білімі бар тұлға болған. Аристотель сонымен бірге өз 
заманының  ұлы  қолбасшысы,  үлкен  Империя  жасаушы  Александр 
Македонскийдің оқытушысы ретінде де тарихта аты қалған. 
Аристотельдің  тағы  да  жасаған бір үлкен жұмысы  –  ол  Афина  қаласында 
даңқы  бүкіл  Дүниеге  әйгілі  мектеп  –  Ликейді  ашады  (қазіргі  лицейлердің  аты 
содан  шыққан).  Мектептің  жанында  үлкен  бақ  болған,  онда  адамдар 
серуендейтін  үсті  жабық  жолдар  болған,  оларды  грекше  “перипатос

  дейді. 
Тарихта Аристотельдің философиясын қолдай әрі қарай жалғастырған мектепті 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет