Қазақстан Республикасының Білім және



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата07.04.2017
өлшемі1,47 Mb.
#11278
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Қазақстан Республикасының Білім  және 
Ғылым министрлігі 
Е.А. Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік  
университеті 
 
 
 
З. А. Абдрахманов 
                                   А. Ш. Смаилова 
 
 
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА 
 
 
 
 
Қарағанды2016 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


 
         З.А.  Абдрахманов,  А.Ш.  Смаилова.  Жеңіл  атлетика:  оқу 
әдістемелік құралы  
Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2016.-  146 бет. 
 
 
УДК  796.42 
Ұсынылып  отырған  оқу-әдістемелік  құралы  жалпы  жеңіл 
атлетиканың  спорттық  жүру,жүгіру,секіру,лақтыру  негіздеріне 
толық  сипаттама  берілген.Жеңіл  атлетикадағы  жаттығулардың 
теориясы  және  әдістемесінің  заңдылықтары  мен  негіздері  және 
қозғалыс  қимылдары  мен  жылдамдық  пен  шыдамдылықты 
дамытуға көңіл бөлінген. 
Әдістемелік  құрал  «Дене  шынықтыру  және  спорт» 
мамандығында  оқитын  студенттерге,  жеңіл  атлетикадан  сабақ 
беретін мұғалімдер мен жаттықтырушыларға арналған. 
 
 
 
 
Пікір жазғандар:   ф.ғ.д. Хамзин.М 
PhDИшанов П.З 
 
п.ғ.к.Жүніспеков С.К 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
УДК  796.42 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


 
 
 
 
 
 
Кіріспе 
 
 
Қазіргі заманғы жаһандану мен жаңалану бір жағынан адам 
өміріне  пайдасы  болса,  екінші  жағынан  адамды  табиғаттан 
алшақтатады.  Адамның  қозғалу  белсенділігінің  төмендеуі, 
экологияның  бұзылуы  адам  ағзасына  зиян  келтіруде.  Аурулар 
мен  жұқпалы  аурулар  тізімі  артып,  адам  ағзасы  әлсіреуде. 
Ертеде  қарт  адамдарауырған  аурулар  бүгінгі  таңда  «жасарды», 
сол  себептептен  адамдардың  өмір  сүру  ұзақтығы  қысқарды.  
Қимыл  белсенділігінің  төмендеуі─ол  адам  өміріне  қарсы  әсер 
ететін өте жағымсыз фактор. 
Жеңіл  атлетика  бұқара  көп  айналысатын  спорт  түріне 
жатады.Жеңіл  атлетикамен  жүйелі  түрде  айналысу  адамның 
қимылын жақсартып, өмірге деген құштарлығын арттырады. 
Жеңіл  атлетика    дене  мәдениеті  және  спорт  жүйесінде 
спорттың  ең  басты  түрінің  бірі  болып  саналады.  Себебі  оны 
игеру  өте  оңай.    Жүгіру,  секіру,  лақтыру  тағы  басқаларының 
бірнеше түрлері мен қолданбалы белгілері жетерлік. Осылардың 
барлығы жеңіл атлетика сабағында үйретіледі. 
Жеңіл  атлетика  курсының  мақсаты  ─  дене  шынықтыру 
сабағында  мұғалімінің  студенттерге    негізгі  мамандығы 
бойынша  сабақтарын жүргізу. 
Оқу курсы өз алдына бірнеше міндет қояды: 
-
 
жеңіл  атлетика  аясындағы  кешенді  білім  беруді 
қалыптастыру; 
-
 
жеңіл  атлетиканы  оқу  барысында    шеберлік  сыныбын 
дене шынықтыру маманынан дұрыс  қабылдай білу; 
-
 
дене  шынықтыру  саласындағы  жаңалықтарды  ғылыми 
әдістермен  игере білу; 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


 
-
 
кешенді  іс  қимылдарды    және  тәндік  сапаны  кәсіби 
маманмен бірге дайындау. 
Оқу  әдістемесілік  құралы    Мемлекеттік    білім  үлгісі 
стандартына  сай,  арнайы  жоғарғы  оқу  орындарында  оқитын 
Дене  шынықтыру  және  спорт  –  5В010800  мамандығына 
дайындалған. 
Оқу  әдістемелік  құралдың  бірінші  бөлімінде  жеңіл 
атлетиканың  жалпы  тәртібі  жайлы  жазылады.  Қысқаша  түрде 
сайыстарды  қалай  ұйымдастыруға  болатыны  жайлы  сөз 
қозғалады. 
Екінші  бөлім    жеңіл  атлетиканың  техникасын  меңгеруге 
арналған. 
Үшінші  бөлімде  оқу  әдісінің  негізгі  теориясы  мен 
әдістемесі қарастырылған. Әрбір тақырыптан кейін студенттерге 
өткен материалдарын пысықтау мақсатында тест тапсырмалары 
берілді. 
Осы  оқу-әдістемелік  құралын  жазғанда  шығармашылық 
әріптестер  ежелгі  және  заманауи    дене  шынықтыру 
техналогияларына жүгінді. 
Авторлар  сіздердің  шағымдарыңыз  бен  идеяларыңызды  
ризашылықпен қабылдайды. 
«Жеңіл  атлетика»  оқу-әдістемелік  құралының  мазмұнына  
жеңіл атлетика түрлерінің мазмұны, арнайы жаттығулар, қимыл 
қозғалысты дамыту бағыттары  кіреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


 
I БӨЛІМ.  ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА НЕГІЗДЕРІ 
 
Жеңіл атлетикалық жаттығулардың 
классификациясы мен сипаттамасы 
Жеңіл атлетикалық спорт түрлерін әр түрлі параметрлеріне 
байланысты  топтауға  болады:  жеңіл  атлетиканың  түрлері, 
жасына және жынысына байланысты топтау,  өткізу  орындары. 
Жеңіл атлетиканың негізгі бес түрі бар: спорттық жүру, жүгіру, 
секіру түрлері, лақтыру, көпсайыс. Жынысқа және жасқа қарай 
топтау:  ерлер  мен  әйелдерге  арналған,  әр  түрлі  жастағы  ер 
балалар мен қыз балаларға арналған. 
Жеңіл  атлетика  бойыншаәйелдерге  арналған,  ашық 
стадиондарда  өтетін  50  спорт  түрі,ер  адамдарға  арналған  – 
56түрі,  ал  жабық  ғимараттарда  өтетін  әйелдерге  де,  ерлерге  де 
арналған  14 спорт түрі. 
Келесі  спорт  түрін  топтастыру  жаттығатын  және  жарыс 
болатын  орынға  байланысты  бөлінеді:  стадиондар,  жүргінші 
жолдары,  ойлы-қырлы  жолдар,  жергілікті  жолдар,  спорт 
алаңдары мен залдары. 
Құрылымы  бойынша  жеңіл  атлетика  спорт  түрлерін  бір 
бағытты,  қарсы  бағытты  және  аралас  деп  бөледі.  Сондай-
ақ,жылдам,  күш,  жылдамдық  пен  күштің  бірігуі,  жылдамдық 
пен шыдамдылықтың бірігуі, арнайы төзімділік. 
Сонымен  қатар,  жеңіл  атлетиканы  классикалық  (К) 
(олимпиадалық) және классикалық емес (қалғандары)деп бөледі. 
Қазіргі  таңда  олимпиада  ойындары  бағдарламаларына    ерлерге 
арналған жеңіл атлетикалық ойынының 24  түрі, ал әйелдерде 22 
түрі кіреді. 
Жеңіл атлетика топтарының түрін қарастырайық. 
Спорттық  жүру-  арнайы  бағытты  түрі,  арнайы 
шыдамдылықты  қажет  етеді.  Бұл  ерлермен  бірге  әйелдерге  де 
қатысты. 
Әйелдерге : стадионда -3,5, 10км 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


 
Манежде – 3,5 км 
Жол бойында -10,20 км 
 
Ерлерге: стадионда -3,5,10,20 км 
Манежде – 3,5 км 
Жол бойында – 35, 50 км 
Классикалық  (К)  түрі  ерлерде  –  20,  50  км,    әйелдерде  -20 
км. 
Жүгіру  -    мынадай    категорияларға  бөлінеді:  тегіс  жермен, 
кедергіден  жүгіру,тосқауылдан  өтіп  жүгіру,  эстафеталық, 
кросстық жүгіру. 
Тегіс  жермен  жүгіру  -жылдамдықты  талап  ететін  қысқа 
қашықтықтағы  жүгіру(спринт),  100-400м  аралықты  жүгіру 
жылдамдықты және шыдамдылықты қажет.етеді. 
Спринт немесе қысқа қашықтыққа жүгіру. Стадиондар мен 
манеждерде  өткізіледі.30,  60,  100(К),  200  (К)м,  әйелдер  мен 
ерлерге бірдей қашықтық. 
Ұзақ  қашықтықтағы  спринт  стадиондар  мен  манеждерде 
өткізіледі.300,  400,  (К),  600м,  әйелдер  мен  ерлерге  бірдей 
қашықтық. 
Шыдамдылылыққа жүгіру: 
-
 
орта  қашықтық:  800(К),  1000,    1500  (К)  м,  1миль. 
Стадиондар  мен  манеждерде  өткізіледі,  әйелдер  мен  ерлерге 
бірдей қашықтық. 
-
 
алыс  қашықтық:  3000,  5000  (К),  10 000  (К)м,  тек 
стадиондар мен манежде (3000)   өткізіледі,әйелдер мен ерлерге 
бірдей қашықтық. 
-
 
өте  алыс  қашықтық:15;  21,0975;  42,195(К);  100  км 
жолдарда өткізіледі, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. 
-
 
ультра  алыс  қашықтық:  тәуліктік  жүгірустадионда 
немесе  жолда  өткізіледі.  Ерлерге  де,  әйелдерге  де  бірдей 
қашықтық.  Сонымен  қатар  1000миль(1609,3м)  мильге  және  ең 
ұзақ қашықтық 1300 мильге жарыс ұйымдастырылуы мүмкін. 
Кедергімен  жугіру  құрылымы  бойынша  шыдамдылық  пен 
жылдамдықты, алғырлық пеникемділікті қажет етеді.Стадионда 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


 
немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 60, 100 (К) м, 
400 (К) м. Ерлерге: 110(К), 300 м 400 (К) м соңғы екі қашықтық 
тек стадионда ғана өткізіледі. 
Тосқауылдан  өтіп  жүгіру  –  арнайы  шыдамдылықты, 
ептілікті  және  жылдамдықты    қажет  етеді.  Стадионда  немесе 
манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 2000м;  Ерлерге: 2000, 
3000 (К) м. Жуырда осы жүгіру түрі әйелдер арасында болатын 
олимпиадалық жарысқа қосылуы мүмкін. 
Эстафеталық  жүгіру  –  құрылымы  бойынша  бір  бағытты 
жүгіруге сай келеді. Топтық жарыс, икемділік, шыдамдылық пен 
жылдамдықты  қажет  етеді.  Классикалық  түрі  4х100  м  және 
4х400м, 
ерлер 
мен 
әйелдерге 
бірдей, 
стадионда 
өткізіледі.Манежде  4х200  м  және  4х400  м,  бұл  да  ерлер  мен 
әйелдерге  бірдей.    Сонымен  қатар  стадионда  әр  түрлі 
қашықтықта  мысалы,  800,1000,  1500  м  және  адам  санына  шек 
қойылмай  өткізіле  береді.  Қала  көшелері  бойымен  де  әр  түрлі 
адам  санымен  жәнеәр  түрлі    қашықтықта  эстафеталық 
жүгірулер  болады,  Аралас  эстафеталарда  болады  (әйелдер  мен 
ерлер).  Бұрын  ең  атақты  эсатфеталардың  бірі  шведтерде 
болатын:  800+400+200+100  м  ерлерде;  400+300+200+100  м 
әйелдерде. 
Кросстық  жүгіріс  –(ағыл  cross)  ойлы-  қырлы  жерлермен, 
табиғи  кедергілерден  өте  жүгіру.  Орманды  жерлер  мен 
саябақтарда  өткізіледі.  Арнайы  шыдамдылық  пен  ептілікті 
қажет етеді. Әйелдер 1, 2, 3, 4, 5, 6 км;  ерлер 1, 2, 3, 5, 8, 12 км. 
Жеңіл атлетикалық секірулерекі топқа бөлінеді: биіктікке 
және  ұзындыққа  секіру.  Біріншісіне:  а)  жүгіріп  келіп  биіктікке 
секіру; б) жүгіріп келіп сырықпен секіру. Екіншісіне: а) жүгіріп 
келіп ұзындыққа секіру; б) жүгіріп келіп үштікке секіру. 
Жеңіл  атлетикалық секірулердің бірінші тобы: 
а)  жүгіріп  келіп  биіктікке  секіру  (К)  -    спортшыдан 
жылдамдық  пен  күштілікті,ептілік пен икемділікті  қажет  ететін 
секрудің  периодтық  емес  түрі.  Стадиондар  мен  манеждерде 
әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


 
б)  жүгіріп  келіп  сырықпен  секіру  (К)    -    спортшыдан 
жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті 
қажет ететн секрудің периодтық емес түрі. Техникалық жағынан 
жеңіл  атлетиканың  ең  қиын  түрлерінің  бірі.  Стадиондар  мен 
манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі. 
Жеңіл атлетикалық секірістердің екінші тобы: 
а)  жүгіріп  келіп  ұзындыққа  секіру  (К)    -    құрылымы 
бойынша  аралас  түрге  жатады,  спортшыдан  жылдамдық  пен 
батылдықты  талап  етеді.  Стадиондар  мен  манеждерде  әйелдер 
мен ерлерге бірдей өткізіледі. 
б)  жүгіріп  келіп  үштікке  секіру  (К)    -      спортшыдан 
жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті 
қажет  ететін  секрудің  периодтық  емес  түрі.    Стадиондар  мен 
манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі. 
Жеңіл  атлетиканы  снарядты  лақтыру  және  итерудеп 
бөлуге болады:  
1.Аэродинамикалық  қасиеті  бар  және  аэродинамикалық 
қасиеті жоқ  түрімен снарядты айналдырып лақтыру.  
2. Шеңберден снарядты лақтыру.  
3. Снарядты шеңбер ішінен итеру. 
Сонымен  қатар  снарядты  лақтырғанда  жүгіріп  келудің  әр 
түрлі тәсілдері рұқсат етіледі. Бірақ финалдық күш тек ережеге 
ғана  бағынады.  Мысалы:  гранатаны,  допты  бастан  сәл  төмен 
иықтың  үстімен  лақтыру  қажет;  дискті  тек  бір  жақ  шеттен 
лақтыруға  болады;  ядроны  итергенде  бұрылып  және  секіріп 
итеру қажет, тек, міндетті түрде итеру керек. 
Допты  және  гранатаны  лақтыру:  (К)    -      спортшыдан 
жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті 
қажет ететін секірудің периодтық емес түрі.  Тек стадиондар да 
өткізіледі,  қашықтық  әйелдер  мен  ерлерге  бірдей.  Найза 
аэродинамикалық қасиеттерге ие. 
Диск  лақтыру  және  балға  (  молот)  лақтыру:  (К)    - 
спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен 
икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Лақтыру 
арнайы  шеңбер  ішінде  өтеді.  Тек  стадиондар  да  өткізіледі, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

10 
 
қашықтық  әйелдер  мен  ерлерге  бірдей.  Диск  аэродинамикалық 
қасиеттерге ие. 
Ядро итеру (К)  -    спортшыдан жылдамдық пен күштілікті 
,  ептілік  пен икемділікті  қажет  ететін  секрудің  периодтық  емес 
түрі.  Лақтыру  арнайы  шеңбер  ішінде  өтеді.  Стадиондар  мен 
манеждер де өткізіледі қашықтық әйелдер мен ерлерге бірдей. 
Көпсайыс.  Көпсайыстың  классикалық  түрі:  ерлерде 
онсайыс,  әйелдерде  жетісайыс.  Онсайыстың  құрамына:  100  м 
ұзындық, ядро,биіктік, 400 м, 110 м с/б, диск, сырықпен секіру, 
найза,  1500  м.  Әйелдердің  жетісайыс  құрамына:  100  м  к/ж, 
ядро,биіктік, 200 м, ұзындық, найза, 800 м. кіреді. 
Ал  көпсайыстың  классикалық  емес  түрі:  сегізсайыс  ер 
балаларға  (100  м,  ұзындық,  биіктік,  400  м,  110  м  к/ж, 
диск,сырықпен  секіру,  ,  1500  м.)  қыздар  үшін  бессайыс  (100  м 
к/ж, ядро,биіктік, ұзындық, 800 м.). Спорттық классификацияда 
анықталған:  әйелдерде  бессайыс,  төртсайыс  және  үшсайыс,  ал 
ерлерде 
тоғызсайыс, 
жетісайыс, 
алтысайыс, 
бессайыс, 
төртсайыс,  үшсайыс.  Төртсайыс  бұрын  «пионер  сайысы»  деп 
аталған. 11-13 жас аралығындағы  мектеп оқушыларына арнайы 
өткізіледі. Көпсайыстың құрамына кіретін спорт түрлері арнайы 
спорттық  классификациямен  анықталады.Басқа  спорт  түрімен 
алмастыруға болмайды.  
 
 
Дене шынықтыру  жүйесіндегі жеңіл атлетиканың орны 
мен маңызы 
 
Жер  шарында  жеңіл  атлетикамен  көптеген  қарапайым 
адамдар  айналысады.Спортшыларды  дайындау  үшін  кез  келген 
спорт  түрінде  жеңіл  атлетикажаттығулары  пайдаланылады. 
Жаттығулар  мен  жарыстар  кезіндефизиология,  биохимия, 
биомеханика,  спорттық  медицина,  дене  тәрбиесі  мен  спорт 
теориясы және т.б. ғылымдардың дамуына көмектесетін ғылыми 
зерттеулер жүргізіледі. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

11 
 
Жеңіл 
атлетикалық 
жаттығуларды 
ерте 
балалар 
бақшасынан бастап, орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарына 
дейін  ауқымды  түрде  қолданады.  Жеңіл  атлетиканың 
жаттығулары  адамды  сергітіп,  адам  ағзасының  жақсаруына 
әкеледі, шыдамдылық деңгейін жоғарлатып, әр түрлі ауруларға 
қарсы  тұрады.  Жеңіл  жаттығулар  жоғары  деңгейдегі 
спортшының  дене,  қимыл-қозғалыс  сапасын  жақсартады. 
Сонымен  қатар  жаңадан  өсіп  келе  жатқан  жастар  мен  әлсіз 
адамдардың, қарттардың  да денсаулығына жақсы әсер етеді. 
Жеңіл атлетиканың, көбінесе, әскер мен әскери қызметтегі  
адамдарға пайдасы зор. 
Жаттығулардың  оңай  түрі  қарапайым  адамдарға  жеңіл 
атлетиканың әр түрімен,қала мен ауылға қарамай, барлық жерде 
айналысуға мүмкіндік береді. 
Жеңіл  атлетикадағы  спорттық    жаттығулар  мен  жарыстар 
спортшының  өз-өзін  бағалауы  мен  алға  қойған  мақсатына 
жетуіне,  мінезін  қалыптастыруға,  психологиялық  бағытын 
жөндеуге көп көмек береді. 
Жеңіл атлетиканы былай сипаттауға болады: 
-спортшылардың  барлық  мүмкіндіктерін  салып  нәтиже 
көрсететін спорт түрі; 
-
 
ағзаны қалпына келтіру және оңалту құралы; 
-
 
келешек ұрпақты тәрбиелеу және дамыту құралы; 
-
 
дене 
тәрбиесі 
мен 
спорт 
саласында 
маман 
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу құралы. 
Жоғары 
оқу 
орындарында 
дене 
шынықтыру 
мамандарын  дайындаудағы  «Жеңіл  атлетика»  курсының 
тапсырмалары мен мазмұны: 
Жеңіл  атлетика  -  дене  шынықтыру  маманын  дайындау 
барысында және осы мамандықта оқымайтын студенттерді  дене 
тәрбиесіне  тәрбиелеу  барысында  оқу  тәртібі  сияқты  маңызды 
рӛлдердің бірін атқарады.  
«Ж  е  ң  і  л    а  т  л  е  т  и  к  а»  курсының  негізгі  міндеттері 
тӛмендегілер болып табылады: 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

12 
 
-дене  шынықтыру  факультетінің    студентеріне  теориялық 
білімін меңгерту; 
-  жеңіл  атлетика  түрлерінің  техникасын  үйрену  үдерісінде 
қажетті ептілік пен дағдыларды игеру; 
-  техникалық  элементтерді  орындағанда,  сенімділікті, 
қателікті түзете білуді қалыптастыру; 
- оқу жүйесін дұрыс қалыптастыру және үйрету; 
-  жоғары  спорттық  нәтижеге  жету  үшін  және  қозғалыс 
техникаларын  тиімді  үйрену  үшін  қажетті  физикалық  сапаны 
дамыту; 
-  жеңіл  атлетикада  бапкерлік  қызметтің  машықтары  мен 
ептіліктерін қалыптастыру. 
«Жеңіл  атлетика»  курсының  мазмұнына    жеңіл  атлетика 
түрлерінің техникасы, арнайы жаттығулар  кіреді. 
Жүйелі  түрде  жеңіл  атлетика  жаттығуларын    үйрету 
тәсілдері 
мен 
техникалары 
қарастырылады. 
Спорттық 
жаттығулармен  қатар    теориялық  және  практикалық  үлгілері 
кӛрсетіледі.  Жеңіл  атлетика  курсына  қатысқан  адамның  ӛмірге 
деген құштарлығы оянып, сал адам ауруын ұмытып кетеді. 
 
 
Техникалық қимылды топтау.  Қимыл кҥші, 
қҧрылымы, фазасы 
 
Адамның  кез  келген  қимылы,  белгілі  бір  қозғалу  
әрекеттерінен тұрады. 
Биомеханикада қозғалыстың екі түрі бар: 
1.Барлық биожүйенің бір нүктеде орналасуы; 
        2.  Дененің  деформациясы,  жалпы  массадан  дененің  бір 
біріне белгі беруі немесе қысылуы. 
Адам  бір-  біріне  ұқсамайтын,  бір-  бірін  қайталамайтын  әр 
түрлі  қимыл  қозғалысты  іске  асыра  алады.  Адамның  қимыл 
қозғалысын  тура,  сол  адамдай  қайталау  мүмкін  емес,  тіпті,  сол 
адамның  ӛзі  екінші  рет  қайталай  алмайды.Бұл,  алдымен, 
буындардың  құрылысына,  бұлшық  еттердің  орналасуына, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

13 
 
орталық  нерв  жүйесінің  белсенділігіне  және  басқа  да 
факторларға байланысты болады. 
Сәби дүние есігін ашқаннан бастап, біз баланың еңбектеуін, 
жүруін, жүгіруін күтеміз. Баланы еңбектеуге бізүйретпейміз, тек 
бақылаймыз. Алғашқы басқан қадамында біз үйретпейміз, ол туа 
бітетін қасиет.  Ал жүгіру ше? Егер балаға жүгіруді үйретпесек, 
уақыт ӛте келе  ол ӛзі үйренеді. Осылайша, қозғалыс техникасы 
туа  біткен  немесе    жүре  болған  деп  бӛлінеді.  «Қимыл 
техникасы»  терминінің  ең  қарапайым  анықтамасы  бұл  – 
қозғалыс  міндетін  мақсатты  шешетін    белгілі  бір  қимылдың 
жүйесі. 
Кейбір  қимылдарда  осы    жетекші  элементтерсіз  қимыл  іске 
аспайтын екі топқа бөлінеді: негізгі және басты. 
Барлық  қимыл  қозғалыс  жылдамдату  мен  жылдамдық 
кеңістікте  іске  асырылады.    Бұл  кинематикалық  құрылымда 
байқалады. 
Бірақ осы қимылдар қалай іске асады? Бұл сұраққа жауапты 
динамикалық  құрылымнан  алуға  болады.  Бұл  құрылым  ішкі 
және сыртқы мінезді қалыптастырады. 
Динамикалық  және  кинематикалық  құрылымдардың  ӛзара 
байланысы ритмикалық қимылдың құрылымын анықтайды. 
Дененің  орналасуы  бастапқы  қимыл  мен  қозғалысты 
айқындайды. 
Қимыл  траекториясын  сипаттағанда,  обьектіні  дұрыс 
таңдай білу маңызды. 
Траектория  -  белгілі  бір  нүктенің  елестету  іс  қимылы 
(қозғалған дененің жүріп ӛткен жолы). 
Қимылдың 
ұзақтығы 
қимылдың 
ұзақтығын 
сипаттайды(снарядтың ұшу жолы). 
Қимылдың  темпі  қимылдың  уақытпен  бір  қалыпты 
жылдамдығын 
денеден 
айқындайды 
(бір 
жұмыстың 
орындалуының жылдамдығы). 
Сыртқы  күшке  :  ауырлық  күші,  реакцияның  тірек  күші, 
қарсылық  күші,  үйкеліс  күші,  ауырлық  түсіру  күші,  инерция 
күші жатады. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

14 
 
Ауырлық 
күші-оның 
әрекеті 
әрқашанда 
тӛменге 
бағытталған.  Ол  горизонтальді  қозғалыс  кезінде  жылдамдықты 
ӛзгертуге  әсер  ете  алмайды,  бірақ    тӛмен  қарай  түскенде 
қозғалыс жылдамдығын арттырып, жақсы әсер етеді, ал жоғары 
кӛтерілгенде, керісінше, қозғалыс жылдамдығын азайтады. 
Тіректің  реакция  күші  тіреуге  басқа  күш  әсер  еткен 
жағдайда  пайда  болады.  Бұл  күш  тіреудің  сапасына 
бағынады.Бұл  күш  тіректің  сапасына  байланысты.Тірек 
күштірек болса,  реакция күші де кӛп болады. Мысалы, асфальт 
пен құмды салыстырыңыз. 
Қарсылық  күшіқимыл  кезінде  пайда  боладыжәне  тежеуші 
ретінде  әсер  етеді.  Ауа,  су  -  бұл  сыртқы  ортаның    қарсылық 
күші.  Ол  қимыл  техникасына  жағымды  да  және  жағымсыз  да 
әрекет етуі мүмкін. 
Үйкеліс күшінемесе іліну күші. Бұл күшсіз қозғалу мүмкін 
емес.  Мұз  айдынындағы  жүру  мен  асфальт  үстіндегі  жүруді 
салыстырып  кӛріңіз.  Үйкеліс  күші  дененің  салмағына  және 
жанасудың  үстіңгі  жағының  кӛлеміне  байланысты.    Ол 
қимылдың  техникасына  жақсы  және  қарсы  әрекет  етуі  мүмкін 
(инерция  күші  бойынша  қимылдау  кезінде  үйкеліс  қимылды 
тежейді). 
Ауырлық  күші-бір  затқа  немесе  қимылға  қарсы  шыққанда 
пайда  болатын  күш.  Оның  қимылы  ауырлықтың  ӛзіне 
байланысты. 
Инерция  күшіқимыл  барысында,  денеге  күш  түспеген 
жағдайда  пайда  болады,  яғни  дене  инерция  бойынша 
қозғалады.Ол  дененің,  заттың  салмағына  байланысты  (мысалы, 
снарядты  лақтырғанда  ол  инерциялық  күштің  арқасында 
ұшады). 
Ішкі  күштерге:актив  және  пассив    қимыл  қозғалыстар 
жатады. 
Бұлшық  еттің  тарту  күшіэнергия  кӛздеріне  қызмет 
етеді.  Спортшының  тұрысын  сақтайды  немесе  ӛзгертеді, 
қимылды бағыттайды. 
Бұлшық еттің тарту күшінің кӛлемі мыналарға байланысты: 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

15 
 
-
 
механикалық 
-
 
анотомиялық 
-
 
физиологиялық 
Пассив 
 
күштерге 
серпімді 
деформация 
күші 
жатады(сіңірлер, сіңір созылғанда серпімді күш беруі мүмкін). 
Барлық қимылдар анықталған жылдамдық пен ішкі, сыртқы 
күштердің  ӛзарабайланысуымен  кеңістікте 
және 
уақыт 
бірлігінде  жұмыс  атқарады.  Бірақ  бұлар  тек  қана  құрамды 
элементтері, ал белгілі бір  техника пайда болуы үшін белгілі бір 
ритмикалық  құрылым  құру  қажет.  Кинематикалық  және 
динамикалық  сипаттарыныңжалпы  қатынасын  табу  қажет. 
Мысалы: тірек пен ұшудың уақыты. Жүгіруде тірек уақыты мен 
ұшу  уақытының  арақатысын  1:1  десек  ,  онда  ол  жүгіру  емес, 
тіректе  тоқтап  секіру  болып  табылады.  Тірек  уақыты  ұшу 
уақытынанан  кем,  олардың  ӛзара  ұтымды  қатысы  жүгіру 
техникасының визуальді бейнесін береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет