Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым Министрлігі



бет4/10
Дата27.04.2022
өлшемі2,25 Mb.
#32541
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ІІІ. Жаңа тақырыпты оқу

(түсіндіру барысында фильм, презентациялық слайдтар көрсетіліп отырады.)



Сабақтың тақырыбы:

Магниттік іске қосқыштар пайдаланатын қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқышты басқару сұлбалары.

Жоспары

1. Электржетектерін басқарудың ажыратылған жүйелері туралы түсінік.

2. Асинхронды қозғалтқыштың элементтері

3. Магниттік іске қосқыштар пайдаланатын қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқышты басқару сұлбалары

4.Асинхронды қозғалтқыш сұлбасындағы магнитті іске қосқыштар.

5.Электрқозғалтқыштың жылулық қорғанысы.




  1. Электржетектерін басқарудың ажыратылған жүйелері туралы түсінік

Біз «Асинхронды қозғалтқыштың элементтеріне» тоқталамас бұрын электржетектерін басқарудың ажыратылған жүйелері еске түсірейікші.

Электржетекті тұйық емес басқарудың сұлбасына координаты бойынша немесе технологиялық көрсеткіштері бойынша кері байланыс қолданылмайтын басқару сұлбасы жатады.

Осы сұлбаның автоматтандырылуы сәйкес датчиктерден немесе қозғалтқыштың өзінен алынатын уақыт, тоқ, жылдамдық немесе эқк туралы ақпаратты қолдану есебінде орындалады. Мұндай сұлбаларда негізінен релелік – түйіспелі аппаратура және жартылай өткізгішті коммутациялық аппараттар қолданылады. Сұлбаны автоматтандыру жұмысында қолданылатын осы немесе басқа түрінде ақпарат басқару принципін анықтайды, оларға уақыт, тоқ, жылдамдық, эқк және орналасу жағдайлары принциптерін анықтайды. Тұйық емес сұлбаларда жиі басқару принциптері бірігіп қолданылады. Мысалы қозғалтқыштың іске қосуы уақыт принципі бойынша, ал оның тоқтауы – эқк немесе жылдамдық принципі бойынша орындалады.

Тұйық емес сұлбалар басқару қызметінен басқа да электржетектің қоректендіру тізбегінің және технологиялық жабдықтың қорғанысын да қамтамасыз етеді. Мысалы қысқа тұйықталу тоқтардан, қозғалтқыштың жүктелуінен, қоректендіру кернеуінің жоғалуынан немесе қоректендіру тізбегінің фазасы үзілгенде. Ол үшін бұл сұлбалар қозғалтқыштың басқару құрылғысымен өзара байланыста тұратын аппараттар мен құрылғылардан тұрады. Бұл басқару сұлбалары панельдер, шкафтар, басқару блоктары түрінде шығарылады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет