Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым Министрлігі


Магниттік іске қосқыштар пайдаланатын қысқа тұйықталған



бет6/10
Дата27.04.2022
өлшемі2.25 Mb.
#32541
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Магниттік іске қосқыштар пайдаланатын қысқа тұйықталған

роторлы асинхронды қозғалтқышты басқару сұлбалары.

Міне бізді Елдос асинхронды қозғалтқыштың элементтерімен таныстырып шықты. Енді, осы қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқышты магниттік іске қосқыштардың көмегімен басқару сұлбаларын қарастырайық. Алдымен реверсті емес, кейін ревесті асинхронды қозғалтқышты қосу сұлбаларын қарастырамыз.

Осы типтің кіші және орташа қуатты қозғалтқыштары әдетте іске қосу тоқатарын шектеусіз тура тізбекке қосу арқылы қосады. Осы жағдайларда олар магнитті іске қосқыштардың көмегімен басқарылады, олар сонымен бір уақытта олардың кейбір қорғанысын да қамтамасыз етеді.

Магниттік іске қосқыштар пайдаланатын қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқышты басқару сұлбасы автоматты ажыратқыштан, контактордан КМ және оған енгізіліп жасалған жылу релесінен Р тұратын магнитті іске қосқыштан орындалады. Сұлба қозғалтқыштың тікелей қосылуын, оның тізбектен ажыратылуын, сонымен қатар 380 В қосылғанда қысқа тұйықталудан (FA сақтандырғыштары) және асқын жүктеуден (Р жылу релесі) қамтамасыз етеді. Ал 220 В қосылғанда асқын жүктеуден (Р жылу релесі) қамтамасыз етеді.

Алдымен реверсті емес асинхронды қозғалтқышты қосу сұлбаларын, ал одан кейін реверсті асинхронды қозғалтқышты қосу сұлбаларын қарастырамыз. Әрекетету сұлбасына келсек бұл сұлбада үшфазалы АҚ реверсивті емес магнитті іске қосқыш көмегімен басқару сұлбасы көрсетілген. Іске қосқыш катушкасы 220 В арналған сұлбасын қарастырайық. АҚ қыспақтарына кернеу үш полюсті автоматты ажыратқыш және магнитті іске қосқыштың күштік түйіспелері КМ арқылы беріледі. Магнитті іске қосқыштың катушкасы КМ бір жағынан нөлдік N жұмыс өткізгішіне, ал екінші жағынан батырмалы іске қосқыш арқылы фазалық өткізгішке, яғни біздің сұлбада С фазасына қосылған. Батырмалы іске қосқыш екі батырмадан тұрады: нормалды ажыратылған «Іске қосу» және нормалды тұйықталған «Тоқтату» батырмаларынан. «Іске қосу» батырмасына параллельді магнитті іске қосқыштың нормалды ажыратылған көмекші контакторына КМ қосылған. АҚ асқын жүктемелерден қорғау үшін жылу релесі Р қолданылады. Ол үш қоректендіру фазасының айырымына қосылады. Көмекші нормалды тұйықталған жылу релесінің Р түйіспесі магнитті іске қосқыштың тізбегіне қосылған. Енді әрекет ету сұлбасына көшейік.

Үш полюсті автоматты ажыратқыштың рычагын қосылған жағдайына ауыстырамыз. Оның түйіспелері тұйықталып, тоқ магнитті іске қосқыштың күштік түйіспелеріне және басқару тізбегіне беріледі. Сұлба жұмыс істеуге дайын. «Іске қосу» батырмасын басамыз. Сол кезде қоректендіру тізбегі магнитті іске қосқыштың КМ орамына тұйықталып, магнитті іске қосқыш катушкасының якорі тартылады. Күштік түйіспелер тұйықталып, үш қорек фазасын қозғалтқыш орамына қосады. Қозғалтқыш айнала бастайды. Осы кезде сонымен бір уақытта магнитті іске қосқыштың көмекші түйіспесі КМ тұйықталып, іске қосу батырмасын шунттайды. «Іске қосу» батырмасын босатамыз. Ол бастапқы нормалды қалпына қайтады да, қорек АҚ көмекші түйіспе КМ тұйықталған түйіспесі арқылы беріледі. Қозғалтқыш іске қосылып, жұмыс атқара береді. Қозғалтқышты тоқтату үшін батырмалы посттың «Тоқтату» батырмасын басамыз. Магнитті іске қосқыш орамының тізбегі үзіледі де, іске қосқыштың якорі серіппенің әсерінен бастапқы қалпына қайтады. Күштік түйіспелерін ажыратып, қозғалтқыш орамын тоқсыздайды. Қозғалтқыш тоқтай бастайды. Сонымен бір уақытта магнитті іске қосқыштың қорек тізбегіндегі көмекші түйіспе КМ ажыратылады. «Тоқтату» батырмасын жібереміз, өйткені көмекші түйіспе КМ ажыратылған, магнитті іске қосқыш орамына қорек берілмейді. Қозғалтқыш ажыратылған және тізбек келесі іске қосуға дайын.

Ал енді реверсті асинхронды қозғалтқышты қосу сұлбасын қарастырамыз. Сұлба АҚ тура және кері бағытта да қосуға мүмкіндік береді, яғни алдыға және артқа. Қозғалтқыш бағытын өзгерту үшін кез – келген фазаның қосылу орнын ауыстыру қажет. Мысалы, біздің сұлбамызда алдыға айналғанда фазаның қосылу реті келесідей: А, В, С. Кері бағытта айналғанда фазаның орналасу реті келесідей: С, В ,А, яғни А және С фазаларының орны ауысады. Магнитті іске қосқыштың катушкасы КМ 220 В арналған реверсті АҚ басқару сұлбасын қарастырайық.

Үш фазалы қорек көзі АҚ қыспақтарына үш полюсті автоматты ажыратқыш және магнитті іске қосқыштың күштік контакторлары КМ1 және КМ2 арқылы беріледі. Жоғарыда айтқанымдай магнитті іске қосқыштың күштік контакторлары қорек кернеуінің фазалануын өзгертеді де, сонымен ЭЖ реверсін орындайды. Басқару тізбегіне іске қосқыштың орамдары КМ1 және КМ2 қосылған. Батырмалы пост нормалды ажыратылған «Алдыға», «Артқа» батырмалары және нормалды тұйықталған «Тоқтату» батырмаларынан тұрады. Магнитті іске қосқыш катушкасының орамдары бір жағынан нөлдік жұмыс өткізгішіне N, ал екінші жағынан батырмалы пост арқылы фазалы өткізгішке қосылған. Біздің сұлбада С фазасына. «Алдыға» батырмасына магнитті іске қосқыштың нормалды ажыратылған КМ1 және «Артқа» батырмасына нормалды тұйықталған КМ2 контакторлары параллельді қосылған. Іске қосқыш орамының қоректендіру тізбегіне КМ1 нормалды тұйықталған іске қосқыштың КМ2 түйіспесі қосылған. Ал іске қосқыштың КМ2 түйіспесіне нормалды тұйықталған іске қосқыштың түйіспесі КМ1 қосылған. Бұл тосқауылдау мақсатында жасалған, яғни АҚ алдыға айналып тұрғанда артқа қосылып кетпеуін болдырмау үшін және керісінше. Қозғалтқышты кез келген бағытқа іске қосу үшін ол толық тоқтауы тиіс.

Автоматты іске қосқышты қосамыз, оның түйіспелері тұйықталып, қорек магнитті іске қосқыштың күштік түйіспелеріне және басқару тізбегіне беріледі. Қозғалтқыш жұмыс істеуге дайын. «Алдыға» батырмасын басамыз. Магнитті іске қосқыш орамының қорек тізбегі КМ1 тұйықталып, катушка якорі тартылып, күштік түйіспені КМ1 және көмекші нормалды ашық КМ1 тұйықтайды. Ол «Алдыға» батырмасын шунттайды. Сонымен бір уақытта нормалды ажыратылған түйіспе КМ1 магнитті іске қосқыштың басқару тізбегіндегі КМ2 ажыратады да, қозғалтқыш реверсінің қосылуын тосқауылдайды. АВС реттегі қорек фазалары қозғалтқыш орамына беріледі. Ол алдыға айнала бастайды. «Алдыға» батырмасын басамыз. Ол бастапқы нормалды ажыратылғын қалпына келді. Енді қорек іске қосқыштың КМ1 орамына КМ1 тұйық көмекші түйіспесі арқылы беріледі. Қозғалтқыш іске қосылады және жұмыс істеуін тоқтатпайды. Қозғалтқышты тоқтату үшін «тоқтау» батырмасын басамыз. Басқару тізбегіндегі қорек үзіледі де магнитті іске қосқыш якорьі КМ1 серіппенің әсерінен бастапқы қалпына қайтады. КМ1 күштік түйіспелері ажыратылып қорек кернеуін қозғалтқыштан ажыратады. Қозғалтқыш тоқтай бастайды.

Сонымен бір уақытта КМ1 магнитті іске қосқыш тізбегіндегі көмекші түйіспе КМ1 ажыратылады да, КМ2 магнитті іске қосқыш тізбегіндегі КМ1 тұйықталады. Тоқтату батырмасын жібереміз. Ол бастапқы нормалды тұйық қалпына қайтады. Комекші түйіспе КМ1 орамына қорек берілмейді. Қозғалтқыш ажыратылған күйінде қалады. Сұлба келесі іске қосылуға дайын. Енді қозғалтқышты кері бағытта қосамыз. Артқа батырмасын басамыз. Қорек іске қосқыштың КМ2 орамына қосылады. Іске қосқыш әрекет етіп, қозғалтқыш тізбегіндегі КМ2 күштік түйіспесін, және көмекші түйіспені КМ2 тұйықтайды.

Ол артқа батырмасын шунттайды. Онымен бір уақытты келесі көмекші түйіспе КМ2 іске қосқыш КМ2 түйіспесін ажыратады. Қозғалтқыш орамына үш фаза беріледі: С, В, А. Ол басқа бағытта айнала бастайды. Артқа батырмасын басамыз. Ол бастапқы нормалды ажыратылған қалпына қайтады. Бірақ іске қосқыштың КМ 2 орамына КМ2 көмекші орамы арқылы тоқ беріле береді. Қозғалтқыш кері бағытта айнала береді. Тоқтау үшін қайтадан тоқтау батырмасын басамыз. Іске қосқыш КМ2 орамы тізбегі ажыратылады. Якорь бастапқы қалпына қайтады да, КМ2 күштік түйіспесін ажыратады. Қозғалтқыш тоқтайды. Онымен бір уақытта көмекші түйіспе КМ2 бастапқы қалпына қайтады. Тоқтату түйіспесін босатамыз. Сұлба келесі іске қосуға дайын.

Енді осы бүгінгі тақырып сұлбасындағы әр бір элементтің белгілерін және олардың өлшемдерін қарастырайы.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет