Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым



бет3/3
Дата28.04.2022
өлшемі171 Kb.
#32740
түріРеферат
1   2   3

Топырақтың су балансы




Судың кірісі


Судың шығысы

Жауын суы.

Құрлық бетімен ағып келген су.

Құрлық астымен ағып келген су.

Қар суы.


Будан жиналған су.

Өсімдік денесіне және заттарға ұсталғаг су.

Құрлық үстімен ағып кеткен су.

Құрлық астымен ағып кеткен су.

Жел ұшырған қар.

Өсімдік тамырлары сорып, жапырақтары арқылы транспирацияланған су.


Жалпы су балансын мына формула арқылы шығарады (мм):

Ыо + Ыж + Ыжа + Ык + Ыб + Ыжт = Бс + Бт + Бтг + Жб + Тс + Ты, мұнда:

Ыо – бақылау алдындағы топырақтағы ылғал қоры;

Ыж – бақылау кезіндегі жауын суының мөлшері;

Ыжа – ызадан кетірілген ылғал;

Ык – су буынан конденсацияланып жиналған ылғал;

Ыб – құрлық бетімен келіп жиналған ылғал;

Ыжт – грунт және топырақ ішімен бүйірден ағып келіп жиналған ылғал;

Тс – бақылау кезіндегі топырақ бетінен буланып кететін су мөлшері, физикалық булану;

Бт – транспирациялық ылғал шығыны;

Бтг – топырақ кескінінен өтіп грунтқа сіңетін су мөлшері;

Жб – құрлық бетімен ағып кететін су мөлшері;

Тс – топырақ пен грунт ішінде бүйірден ағып кететін су;

Ты – бақылау соңында топырақта қалған ылғал қоры.

Формуланың сол жағында – судың кіріс, ал оң жағында шығыс баптары келтірілген.

Әр қабаттағы ылғал қоры жеке есептеледі, себебі топырақ кескінінде ылғалдылық пен тығыздық бірдей емес. Әр тектік ылғал қоры мына формуламен есептеледі:

Ск = a. dv. H, мұнда:


Ск - тиісті қалыңдықтағы судың қоры

а - анықтау кезіндегі топырақтың далалық ылғалдылығы


dv – топырақтың тығыздығы

H - қабат қалыңдығы, см, м3-ға есептелген су қорын, мм-ге айналдыру үшін 0,1 коэффициентін қолданады, себебі 1 мм су қабаты 1 гектарда 10 м3 су қорына тең.

Су балансы әр топырақ - климаттық аймақтар мен оқшау өңірде бірдей емес. Оның негізгі баптарының өзара қарым-қатынасы өзгеруіне байланысты топырақта бірнеше сулық құбылым типтері қалыптасады. Су құбылым типтерін анықтау үшін Г. Высоцкий ылғалдану коэффициентін ұсынған (Кылғ.):

Кылғ. = Ж/Б, мұнда,

Ж – орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшері, мм

Б – су бетінен орташа көпжылдық булану мөлшері, мм.

Топырақтарда су құбылымының 5 типі қалыпатасқан:


  1. Тоңды тип – көп жыл тоңданып жатқан топыраққа тән. Тоңды аймақтарда жауын көбінесе қар түрінде жауады, жазда топырақтың беткі қабаты ғана ериді. Астыңғы тоңды қабат су өткізбейтін болғандықтан, үстіңгі қабаттар суға толады да, топырақ батпақтануға шалдығады.

  2. Шайылмалы тип: Кылғ. 1,3 – тен жоғары. Топырақ кескіні сумен шайылған, ыза суларының ағыны болмаса, топырақ батпақтана бастайды. Мұндай судың құбылым типі ормандық күлгін, қызыл және сары топырақ типтеріне тән. Су өткізгіштігі нашар, ыза деңгейі жоғары көтерілсе, топырақ және оны құраушы жыныстар батпақтана бастайды.

  3. Кезеңді шайылмалы тип: Кылғ. 1-ге тең. Бұл типте топырақ жыл сайын шайыла бермейді, ол тек ылғалды жылдарда шайылады. Мұндай су құбылымы сұр ормандық топырақтар мен солтүстік қара топырақты аймақтарда қалыптасқан.

  4. Шайылмайтын тип: Кылғ. 1 – 0,7 тең. Жауын-шашын суы топырақтың тек жоғары қабаттарына әсер етеді, ал ыза терең жатады. Мұндай типте күзге қарай аса кеуіп кетеді де, ондағы ылғал мөлшері өсімдік солуына дейін төмендейді. Бұл тип қара және қара қоңыр топырақты аймақтарда қалыптасқан. Жоғары және тұрақты өнімді тек суармалы егіншілікте алуға болады.

  5. Жіпсінді тип: Кылғ. 0,5-ден төмен. Ыза деңгейі жақын орналасқан құрғақ және шөлді дала аймақтарда қалыптасқан. Қылтүтікшелер арқылы ыза суы топырақ бетіне жетіп барып буланады. Егер ол тұзды болса, құрлық бетіне ылғал мен бірге жеңіл еритін тұздар да көтеріліп шоғырланады, сөйтіп топырақ сортаңдана бастайды. Суармалы топырақтарда ирригациялық су құбылымы қалыптасады. Топырақ мол ылғалданса, оның кескіні ызаға дейін шайылуы, ал суару аралық мезгілі ұзаққа созылса ыза суы топырақ бетіне көтерілуі мүмкін.

Егіншілік өнімділігін арттырудағы шаралардың бастысы – топырақтағы су құбылымын реттеу. Ол үшін жергілікті климат пен топырақ ерекшеліктерін ескере, егілетін дақылдың суға сұранысын біле отырып, жан-жақты тәсілдер қолданады.

Мәдени өсімдіктердік өніп-өсуіне лайықты жағдай туғызу үшін топыраққа түсетін судың мөлшері, транспирация мен физикалық булануға кеткен шығынды теңестіру, яғни ылғалдану коэффициент санын бірге көтеру керек. Нақтылы топырақ климаттық жағдайда су құбылымын реттеудің өз еерекшелігі бар. Мысалы, тұрақсыз ылғалданатын және ылғалға тапшы шөлді аймақтарда су құбылымын реттеудегі ең басты мақсат – топырақта жиналған ылғалды сақтай отырып, оны тиімді пайдалану. Топырақта ылғалды жинау тәсілдерінің бірі – қыста қарды, көктемде – еріген суларды ұстау. Ол үшін ықтырмалы егіс аңызын, жасанды қар жондарын пайдаланады. Топырақ бетіндегі су ағысын азайту үшін сүдігерді, беткейлерді көлденең жыртады, ауылшаруашылық дақылдарын жолақтап орналастырады, топырақты шұңғылдап өңдейді, т.б. тәсілдер қолданады. Топырақтағы су қорын молайтуда таза немесе қара сүрінің маңызы зор. Мұндай сүрілерде өңделген топырақ қабатында ылғал қоры, басқа ауыспалы егіс танаптарына қарағанда 1,5 – 2 есе артық.

Ылғалды сақтап жинауда озат агротехнологияны пайдаланған жөн: көктемде топырақ бетін немесе тырмалап, ылғалды жабу арқылы топырақты физикалық буланудан, яғни ылғал шығынынан сақтауға болады. Тұқым себілгеннен соңыра топырақты дөңбекпен тығыздайды. Бұл тәсіл топырақтың қылтүтікшелері арқылы ылғалды төменнен жоғары көтеру мақсатымен жүргізіледі. Осылай сумен қамтамасыз етілген тұқым тез өнеді. Топырақтағы ылғалды үнемді және тиімді пайдалануға органикалық және минералдық тыңайтқыштар да себептеседі.

Шөл дала мен шөлді аймақтарда топырақтың су құбылымын жақсартудың басты жолы – суару, яғни егіске қолдан су беру. Әрине, оның мөлшері өсімдік сұранысына сай, ал тәсілі әлбетте топырақты шайылу мен сортаңданудан сақтайтындай болғаны керек.




Қолданылған әдебиеттер:


  1. Гедройц К. Таңдамалы шығармалар, 1965.

  2. Горбунов Н. Минерология және топырақтың коллоидты химиясы, 1974.

  3. Качинский Н. Топырақ физикасы, 1965, 1970.

  4. Кононова М. Топырақтың органикалық заты, 1963.

  5. Орлов Д. Топырақ химиясы, 1985.

  6. Роде А. Топырақ ылғалы туралы ілім негіздері, 1965, 1969.

  7. Тазабеков Т. Тазабекова Е. Топырақ құнарлығы, 1995.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет