Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі



Дата11.10.2022
өлшемі1,08 Mb.
#42370

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі


Орындаған: Адамсопы Сабина
Хилил Тайржан
Тексерген: Сапарбаева Айгуль
Менеджмент ССО
Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау үдерісі. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы (кіріс пен шығыстың міндетті бірыңғай топтамасын) қолдану, бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистикалық және бюджеттік ақпарат беру, бірыңғай ақша жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. 
Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы екі деңгейлі — республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттерден құралады. Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңдестірілуі бюджет-қаржы саясатының қажетті шарты болып табылады. 
Қазақстан Республикасында әрбір деңгейдегі бюджеттердің кірістері оның салық, жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті шаруашылық, бюджет жүйесі туралы заңдарына сәйкес құралады. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау тәртібі Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңымен (1.4.1999) және оған кейіннен енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы заңдармен айқындалады.

ҚР БК сәйкес бюджет жүйесі:

бюджеттердің;

  • ҚР Ұлттық қорының;
  • бюджеттік процестердің;
  • бюджеттік қатынастардың жиынтығы.
  • ҚР-ның Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.


Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
ҚР- ның Ұлттық қоры
ҚР- ның мемлекеттік бюджеті
Төтенше мемлекеттік бюджет (ерекше)
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет
Аудан (обл.маң бар қала) бюджеті
Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері
Облыстық бюджет
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi экономикалық қатынастарға және тиiстi құқықтық нормаларға негiзделген әртүрлi денгейдегi бюджеттердi қамтиды. Қазақстан Респубикасының бюджет жиынтығында мемлекеттiк бюджеттi құрайтын респубикалық бюджетпен жергiлiктi бюджеттер дербес жұмыс iстейдi. Бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуi бюжеттердiң әртүрлi денгейiнiң өзара байланысына негiзделген және оларды әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, бақылау тәртiбiмен сондай-ақ респубикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етiледi.
Бюджеттiк процес мемлекеттiк кiрiстерi мен шығыстарын баланстайды, теңдестiредi. Бiрақ қазiргi кезде барлық елдерде дерлiк мемлекеттiң шығыстары, оның кiрiстерi мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себебептерi көп, олардың iшiндегi ең бастылары өмiрдiң сан түрлi салаларындағы мемлекет рөлiнiң үздiксiз артуы, оның экономикалық және әлеуметтiк қызметiнiң кеңеюi, мемлекет аппараттары көлемiнiң өсуi және тағы басқа себептер. Бюджеттiк шығындардың көбеюi салық түсiмдерiмен сәйкес келмейдi, сондықтан бюджеттiң тапшылығы үздiксiз өсiп, оның көлемi ұлғаяды. Бюджет тапшылығы барлық мемлекеттерде абсоллюттi мөлшерi бойынша да жалпы ұлттық өнiмнiң қатынасынан да артық көрiнедi.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау кезiнде бақылаудың мынандай үлгiлерi пайдаланады:
  • сәйкестiктi бақылау – бақылау обьектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарына сәйкестiк дәрежесiн бағалау;
  • қаржылық есептiлiктi бақылау- бақылау обьектiсiнiң қаржылық есептiлiктiлiктi жасауы мен беруiнiң дұрыстығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;
  • тиiмдiлiктi бақылау – бақылау обьектiсiнiң бюджеттiк бағдарламаны оның паспортына сәйкес атқаруын бағалау.

Қазiргi кезде экономика тұрақтады. Ең алдымен, ол негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң тұрақтануы мен, iшкi жалпы өнiмнiң өсуiмен сипатталады. Өндiрiстiк өнiмнiң өсуi де мұнайға дүниежүзiлiк бағаның өсуi де, салық жүйесiнiң бiр арнаға түсiрiлуiне ұйытқы болады. Бұрынғы кеңестiк елдер аумағында Қазақстан мен Ресейде iшкi өнiм өндiрiсiнiң көлемi бiртiндеп ұлғайып келедi. Қазақстан ТМД аумағында орташа айлық мөлшерi жағынан бiрiншi орынға шықты. Осы оң нышанды қалыптасқан жағдайлар жиынтығы жаңа Салық Кодексiн қабылдауға мүмкiндiк берiп отыр.

ҚОРЫТЫНДЫ 

  • Қорыта келгенде, мемлекеттiк бюджет — араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.
  • Қорыта келгенде, бюджет — мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Осы орталықтандырылған қаржылар арқылы мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық маңызды функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет