Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министірлігі “Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы” АҚ “Фармацевттік өңдірістің технологиясы” кафедрасы



Дата24.03.2023
өлшемі23,97 Kb.
#75825

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министірлігі
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы” АҚ

Фармацевттік өңдірістің технологиясы” кафедрасы


Баяндама
Тақырыбы: Сораптардың негізгі көрсеткіштері және жіктелуі.
Орындаған: Абутаева А
Тобы: 203 «А» ФӨТ
Қабалдаған: Мoмбаев М.М


Шымкент 2020ж.
Жоспар
I. Кіріспе
1.1. Сораптардың сипаттамасы.
II.Негізгі бөлім
2.1.Сораптардың негізгі жіктелулері.
2.2..Сораптардың жұмыс ітеу принциптері
III.Қорытынды
3.1.Қолданылған әдебиеттер


Сорап дегеніміз сырттан əсер ететін күш қуатына (механикалық, электрлік жəне т.б) байланысты су немесе басқа да сұйықты көтеруге жəне оны тиісті қысыммен тұтынушыға беруге арналған құрылғы.
Алғашқы үздіксіз су көтеруге арналған құралдардың қатарына периметріне ожау ыдыстар орнатылған доңғалақтарды жатқызуға болады. Оларды адам қолымен немесе жануарлар күшімен айналдырылатын болған. Осындай доңғалақты су көтергіштердің біздің жыл санауымызға дейінгі 1000 жыл бұрын жасалған түрі Египет жəне Қытай жерлерінен табылған. Соның
балшықтан жасалған құмыралармен жабдықталған түрінде, доңғалақ айналған кезде, су өзеннен құмыраға ілініп алынады да, ең жоғарғы нүктеден асқанда, яғни құмыра төмен қарай еңкейген кезде, науаға құйылады.
Жалпы, сырттан тебетін күш қуатын пайдалану арқылы сұйық заттарды
тасымалдауға болатын идеяны XV ғасырда өмір сүрген Леонардо до Винчи
дəлелдеген. Осындай сораптан, спиралды корпустан жəне төрт қалақшалы
жұмыс доңғалағынан тұратын алғашқы құрылымын француз ғалымы Д.Папен 1703 жылы ойлап тапты. Ол жасаған сорап «помпа» деп аталып кетті.Ортадан тепкіш жəне өстік сораптар құрылымдарын жетілдіру мен олардың теориясын дамытуда атақты ғалымдар Л.Эйлер, О. Рейнольдс, Н.Е. Жуковский, С.А.Чаплигин жəне т.б еңбектері үлкен роль атқарды.
Сорап дегеніміз - сұйықтықты жылжытуға және оған энергия беруге арналған машина. Жумыс жасап тұрған сорап сұйық ағынын қозғалыстан түсетін механикалық энергияны потенциалдық, кинетикалық және жылу энергиясына айналдырады. Сораптар, гидравликалық машиналар ретінде, ұзақ уақыт бойы тек су айдау үшін қолданылатын. Қазіргі таңда сораптар адамзат қызметінің көптеген салаларында (коммуналды және өндірістік сумен қамтамасыздандыру, гидроаккумуляция, тасымалдау). Сораптар жылу электр станцияларында қолданылады, сонымен қоса мұнай, мұнай химиясы, химия, қағаз, торфты, металлургия және басқа да өнеркәсіп салаларында қоданылатын сораптар белгілі. Көмекші құрылғы ретінде (үйкеліс түйіндерін майлау мен отын беру үшін) сораптар көптеген машиналар құрамына кіреді: іштен жану қозғалтқыштары, сұйықты-ракеталы қозғалтқыштарда және т.б. плазманы игеру жолында плазмалық сораптар пайда болып жатыр.
Сораптардың құрылымдық түрлері өте көп, сондықтан оларды тағайындалуы бойынша топтастыру қиын. Сорапты қазіргі таңда қозғалтқыштың механикалық энергияны айдалатын сұйықтың энергиясына түрлендіретін машина ретінде анықтаған жөн.
Сораптардың гидроқозғалтқышпен көптеген ұқсастықтары бар, өйткені оларда сұйықтың энергиясын механикалық энергияға түрлендіру процессіне кері процесс жүреді. Сондықтан сораптар мен гидроқозғалтқыштардың теориясы және құрылымдық құрылуы ұқсас болады.
Сұйытықтар мен газдардың физикалық қасиеттері (газдың дыбыс жылдамдығына дейін) өте ұқсас, бұл сораптарды газ машиналарының энергетикалық тобымен – желдеткіштер, газүрлегіштер, компрессорлар және кері процесті машиналармен – бу және газ турбиналарымен аз мөлшерде салыстыруға мүмкіндік береді.
Сораптардың басқа энергетикалық машиналарымен ұқсастығын анықтау машина жасаудың аралас салалары тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сорап жасау тәжірибесі гидротурбиналарды, компрессорлық машиналарды және желдеткіштерді жобалағанда пайдалануға болады.
Мемлекеттік стандарттың бекітуі бойынша қолданылып жүрген барлық
сораптар келесі екі топқа бөлінеді:
• Сорап - машиналар. Олар іске механикалық қозғалтқыштар арқылы
қосылады.
• Сорап - аппараттар. Олардың жұмыс істеу принципі əр түрлі энергия
көздеріне бағытталған жəне айналмалы жұмыс доңғалақтары жоқ.
Олардың жұмыс істеу ұстанымы (принципі) доңғалақ қалақшаларының тасымалданатын су ағынымен өзара əсерінің негізінде қалыптасқан. Су сору əрекеті жұмыс доңғалағы алқымында терең вакуум (ауасыз кеңістік) пайда болу əсерінен жүзеге асады. Ортадан тепкіш сораптарда су сору доңғалағына радиалды түрде, өстік сораптарда – өс бойымен, ал диоганалды сораптарда – жанамалап, яғни диагоналды жағдайда беріледі. Диагоналды сораптардың осы ерекшелігі жұмыс кезінде көтеру күші мен ортадан тепкіш күштің бірігіп əсер етуіне мүмкіндік туғызады. Сондықтан бұл сорап алғашқы екеуінің де кей параметрлерін көрсете алады.
Осы топқа жататын көлемдік сораптар жұмысы шектелген қуыс ішінде
жиналған суды механикалық ығыстыру ұстанымы негізінде атқарылады. Сорап берілісі немесе өнімділігі – сораптың уақыт бірлігінде тасымалдайтын сұйық мөлшері;
Сораптың тегеуіріні - тасымалданатын сұйықтың салмақ бірлігіне берген салыстырма энергиясы сипаттайды. Тегеуірін насостың 1 кг сұйыққа берген энергиясы арқылы, осы сұйықтың қанша биіктікке көтерілетінін көрсетеді

Сораптың куаты - сұйыққа энергия беру үшін жұмсалған салыстырмалы энергия мен сұйық мөлшерінің көбейтіндісіне тең. Теориялық (пайдалы) қуат және электроқозғалтқыш шығындаған толық қуат деп бөледі. Сораптың пайдалы әсер коэффициенті – пайдалы қуаттың толық қутқа қатынасы. Ол үш пайдалы әсер коэффициентің туындысына тең (п.ә.к.): көлемдік, гидравликалық және механикалық. Көлемдік п.ә.к. сұйық көлемінің шығынын ескереді (берілістің аздығын). Гидравликалық п.ә.к. және механикалық п.ә.к. – сорап тегеуріні мен машина элементтері арасындағы үйкелісті азайтуға арналған. Қалақшалы машиналардың негізгі теңдеуін Л. Эйлер енгізді, ол идеальды жұмысшы доңғалақ моделі шексіз жұқа қалақшалар және ағыс теориясының шексіз санынан шығады

Бұл теңдеуді барлық ортадан тепкіш машиналар үшін қолдануға болады. Жоғарыда көрсетілген теңдеу, ортадан тепкіш сорап туғызған теориялық тегеурін сорап сорған сұйықтың қайдан шыққанына байланысты емес. Сонымен қатар, жұмысшы доңғалақтың диаметрін және айналыс санын жоғарылату, кез-келген жоғары тегеурінді туғызуы мүмкін. Қалақшалы сораптардың тегеуріні мен берілісі өзарабайланысты екеніне де көңіл аудару керек. Бір параметрін өзгерту екінші параметрінің өзгеруіне әкеліп соғады. Жұмысшы доңғалақтың қалақшалар түрі де сорап тегеурініне әсер етеді. Доңғалақтардағы калақшаларды, артқа қарай қайырылған, радиальды қалақшалы және қалақшалары алға қарай қайырылған деп бөледі. Ең жоғары теориялық тегеурін қалақшалары алға қарай майысқан жұмысшы доңғалақта пайда болады, ал ең кіші тегеурін қалақшалары артқа қайырылған қалақшаларда болады Ортадан тепкіш сораптардың теориялық сипаттамасы, теориялық тегеуріннің беріліске тәуелділігін тағайындайды. Бұл сипаттама идеал сұйық және шексіз қалақшалар саны бар жұмысшы доңғалақ сипаттамаларын сәйкес келеді. Конструкциясы және дайындалатын сорап түрлеріне, өлшемдерінің әртүрлілігіне сәйкес сораптар жұмысының нақты шарттары әртүрлі болып келеді. Сондықтан олардың жаңа түрлерін жасағанда, оларды модель түрінде тәжрибелік зерттеуден өткізеді және алынған мәліметтерді нақты сорап жасауға пайдаланады. Және де белгілі бір гидравликалық сапаға ие болатын модель, осы сериядағы барлық машиналармен гидравликалық ұқсас болуы керек.

Пайдаланған әдебиеттер
1.Әлімжанова Л.В.Сүт өнімі. Оқулық.-Астана, 1998. -175 бет.
2.Барақбаев Б. Сүт және сүт тағамдары.- Алматы: Қайнар, 1989.- 168 бет.
3.Елеуов Б., Жамалов Б., Мендебаев Х., Нурушев М. Сағындықов Қ. Зоотехниктің анықтамалығы. Алматы, «Қайнар», 1970ж. 242 б.
4.Ивашура А.И. Сүт тіршілік тірегі. Алматы, «Қайнар», 1979ж. 115б.
5.Қасиманов С., Қазақтың ұлттық тағамдары, А., 1977.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет