Қазақстан республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссия



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата03.03.2017
өлшемі1,59 Mb.
#7020
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 

 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ 
МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ 
ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН 
ПАЙДАЛАНУ КОМИТЕТІ 
Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссия 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қатты пайдалы қазбалар кондицияларының 
техникалық-экономикалық негіздемесі 
материалдарының мазмұны, рәсімдеуі мен мемлекеттік 
жер қойнауы сараптамасына ұсыну тәртібі жөніндегі  
ӘДІСТЕМЕЛІК БАСШЫЛЫҚ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана, 2008 

 

Қатты пайдалы қазбалар кондицияларының 
техникалық-экономикалық негіздемесі 
материалдарының мазмұны, рәсімдеуі мен 
мемлекеттік жер қойнауы сараптамасына ұсыну 
тәртібі жөніндегі әдістемелік басшылық, 
КР МҚК, Астана, 2008 
 
 
Әдістемелік  басшылықта  қатты  пайдалы  қазбалар 
кондицияларының 
техникалық-экономикалық 
негіздемесі  материалдарының  мазмұны,  рәсімдеуі  мен 
мемлекеттік  жер  қойнауы  сараптамасына  ұсыну  тәртібі 
жөнінде  ұсыныстар  келтірілген.  Жұмыста  техникалық-
экономикалық  негіздеменің  геологиялық,  тау-кендік, 
технологиялық  және  экономиялық  бөлімдері  тиянақты 
зерттелген, 
кондициялардың 
негізгі 
параметрлері 
анықталып, 
ұсынылатын 
текстер, 
кестелер 
мен 
қосымшалардың  тізімі  берілген.  Осымен  қатар  кен 
орындарының 
финанстық-экономикалық 
бағалау 
мысалдары 
келтіріліп, 
кондициялардың 
негізгі 
техникалық-экономикалық  көрсеткіштерінің  нұсқалары, 
несиелік қарыздармен есептесу мысалдары, кенорынның 
қазіргі  замандағы  құны,  ішкі  пайда  нормалары  мен  т.б. 
келтірілген. 
 
Басшылықта 
кондициялар 
параметрлерінің 
қорларын  есептеуге  арналған  біріңғай  қағидалары  мен 
критерийлері, 
кондициялардың 
техникалық-
экономикалық  негіздемесі  материалдарын  рәсімдеу  мен 
мемлекеттік  қорлар  жөніндегі  комиссиясына  ұсыну 
тәртібі белгіленген. 
 
Әдістемелік  басшылық  Қазақстан  Республикасы 
Геология  және  жер  қойнауын  пайдалану  комитетінің 
аумақтық  бөдімдерінің  ескертулері  мен  ұсыныстарын 
басшылыққа  ала  отырып  дайындалған.  Бұл  жұмыста 

 

қазақстандық,  қатты  пайдалы  қазбалар  кенорындарын 
барлау және өндірумен айналысатын кәсіпорындарының 
тәжірибелері жинақталып, ескерілген. 
 
Басшылық меншіктілігінің түрі мен ведомстволық 
бағыныштылығына 
қарамастан, 
Қазақстан 
Республикасында  қатты  пайдалы  кенорындарын  барлау 
және  (немесе)  өндірумен  айналысатын  барлық  жер 
қойнауын пайдаланушыларына ұсынылады. 
 
Осы  құжат  1997  жылы  Қазақстан  Республикасы 
МҚК-ның  Төр  ағасы  бекіткен,  дәрежелері  Қазақстан 
Республикасының  қолданыстағы  заңдарына  қайшы 
келмейтін  және  кейбір  бөлімдері  күшін  жоғалтпаған, 
Минералдық  шикізат  кондицияларының  техникалық-
экономикалық  негіздемесі  материалдарының  мазмұны, 
рәсімдеуі 
мен 
мемлекеттік 
қорлар 
жөніндегі 
комиссиясына  ұсыну  тәртібі  жөніндегі  әдістемелік 
басшылықтың  негізінде  және  оны  даму  мақсатында 
әзірленген. 
 
 
Құрастырушылар:  Селифонов  Е.М.,  Фрейман  Г.Г., 
Топоев  А.Н.,  Кузовенко  А.И.,  Мальченко  Е.Г., 
Гинатулин  А.М.,  Молдабаева  Ж.Х.,  Бегляков  Е.В., 
Чемербаева Р.Р., Поляков А.Н. 
 
 
Редакциялық  алқа;  Өжкенов  Б.С.  (төр  аға), 
Селифонов Е.М., Күлсарин У.Ш., Кузовенко А.И. 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ 
МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ 
 
БҰЙРЫК  
03.07.2008 ж.   
№ 181 
 
Астана қаласы 
 
Қатты пайдалы қазбалар кондицияларының 
техникалық-экономикалық негіздемесі 
материалдарының мазмұны, рәсімдеуі мен 
мемлекеттік жер қойнауы сараптамасына ұсыну 
тәртібі жөніндегі әдістемелік басшылықты 
бекіту туралы 
 
Қазақстан  Республикасы «Жер  қойнауы және  жер 
қойнауын  пайдалану  туралы»  Заңының  8  бабы  1 
тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. 
Ұсынылған 
Қатты 
пайдалы 
қазбалар 
кондицияларының 
техникалық-экономикалық 
негіздемесі  материалдарының  мазмұны,  рәсімдеуі  мен 
мемлекеттік  жер  қойнауы  сараптамасына  ұсыну  тәртібі 
жөніндегі әдістемелік басшылық бекітілсін. 
2.  Осы  бұйрық  қол  қойылған  мезеттен  бастап 
күшіне енеді. 
 
 
Министр   
 
 
С.Мынбаев 
 
 
 
 
 

 

 
 
МАЗМҰНЫ 
1. Жалпы ережелер
 

2. Геологиялық бөлім 
11 
3. Тау-кен бөлім 
22 
4. Технологиялық бөлім 
28 
5. Экономикалық бөлім 
34 
6. Кондициялар 
48 
7. Мәтіндік, кестелік және графикалық қосымшалар 
70 
8. Кондициялардың ТЭН материалдарын рәсімдеу 
және ұсыну тәртібі 
74 
1-қосымша. 
Пайдалы қазбалардың алуан түрлеріне 
арналған кондициялардың негізгі 
параметрлерінің тізбесі
 
82 
2-қосымша. 
Жұмыс  кезеңдері  бойынша  кондициялар 
түрлері
 
84 
3-қосымша. Минералдық шикізаттың технологиялық 
қасиеттерінің сипаттамасы
 
85 
4-қосымша. Несиелік қарызды есептеу мысалы
 
87 
5-қосымша. Кенорнының қазіргі (сатып алу) құнын 
есептеу мысалы 
88 
6-қосымша. Дисконттау коэффициенті
 
89 
7-қосымша. Табыстың ішкі нормасын есептеу мысалы 
(IRR) 
95 
8-қосымша. 
Ішкі  табыс  нормасын  анықтаудың 
графикалық тәсілі
 
99 
9-қосымша. Рента (аннуитет) коэффициенті
 
100 
10-қосымша.  Кондиция  нұсқалары  бойынша  негізгі 
техникалық-экономикалық  көрсеткіштер 
(Ұсынылатын схема) 
 
106 
11-қосымша.
  Полиметалды  кенорнын  қаржылық-
экономикалық  бағалау  үлгісі(жерасты 
өндіру)
 
115 
12-қосымша.  Флюоритті  кенорнын  қаржылық-эконо-
микалық бағалау үлгісі (ашық өндіру) 
130 

 

 
1. Жалпы ережелер 
 
1. 
Осы 
Қатты 
пайдалы 
қазбалар 
кондицияларының 
техникалық-экономикалық 
негіздемеcі  материалдарының  мазмұны,  рәсімдеуі 
мен мемлекеттік жер қойнауы сараптамасына ұсыну 
тәртібі жөніндегі әдістемелік басшылық (бұдан әрі – 
Басшылық)  «Жер  қойнауы  және  жер  қойнауын 
пайдалану  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңы 
мен  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  1996  жыл 
18  қазандағы  №1288  «Қазақстан  Республикасы 
мемлекеттік  жер  қойнауы  сараптамасын  бекіту 
туралы»  қаулысы  мен  Қазақстан  Республикасы 
Энергетика 
және 
минералдық 
ресурстар 
министрлігінің  Жауапты  хатшысының  2008  жыл  21 
қаңтардағы 
№20-к 
«Қазақстан 
Республикасы 
Энергетика 
және 
минералдық 
ресурстар 
министрлігінің  комитеттері  туралы  ережені  бекіту» 
туралы бұйрығының негізінде әзірленген. 
2.  Басшылық  ережелерін  орындау  Қазақстан 
Республикасының 
барлық 
жер 
қойнауын 
пайдаланушыларының  қатты  пайдалы  қазбалар  кен 
орындарын  барлау  және  өндіруге  әзірлеу  кезінде 
жұмыстар  жүргізуінің  қажетті  шарты  болып 
табылады. 
3. Басшылықта  қатты  пайдалы  қазбалар  кен 
орындары 
қорларын 
есептеуге 
арналған 
кондициялар  параметрлерін  негіздеудің  бірыңғай 
қағидалары  мен  шарттары  белгіленеді,  есептеуді 
қатты  пайдалы  қазбалар  кен  орындары  қорларын 

 

геологиялық  зерттеу  және  игеру  процесі  кезінде 
жүзеге асыруға болады. 
4.  Минералды  шикізат  кондициялары  –  бұл 
оларды 
басшылыққа 
ала 
отырып, 
пайдалы 
қазбалардың  кен  орындары  қорлары  және  олардың 
баланстық  тиістілігі  анықталатын  параметрлер 
жиынтығы.  Олар  пайдалы  қазбалар  кен  орындарын 
өндірудің 
геологиялық, 
кен-техникалық, 
технологиялық және табиғи жағдайларын жан-жақты 
талдау  негізінде  белгіленеді,  оларды  зерделеу 
дәрежесі  тек  В  және  С

санаттағы  қорларын  бөліп 
қарау  үшін  жеткілікті.    Кондициялар    параметрлері 
(1-қосымша)  өндірудің  экономикалық  жағынан 
пайдалы  болатын  қорлар  есебін  қамтамасыз  етуі 
қажет. 
5. Кондициялар 
техникалық-экономикалық 
негіздеме  (бұдан  былай  –  ТЭН)  құру  жолымен 
минералды  шикізаттың  негізгі  түріне  қатысты 
әзірленеді,  оларға  жер  қойнауын  тиімді  және 
кешенді  түрде  пайдалану  қажеттілігіне  байланысты, 
кендерде  және  онымен  бірлесе  жатқан  басқа  да 
пайдалы қазбалардағы ілеспе компоненттерді өндіру 
және өңдеу мүмкіндігі ескеріледі. 
Кондициялар  бастапқы  өңдеу  жоспарланған 
немесе  өңделуі  тиісті  кен  орындары,  олардың 
бөліктері және учаскелері үшін жасалады. 
6.  Кондициялар  баға  беру  және  өнеркәсіптік 
болып 
бөлінеді 
(2-қосымша). 
Баға 
беру 
кондициялары іздеу-барлау жұмыстары кезеңінде оң 
нәтижелерге  қол  жеткізген  кезде  жасалады  және 
негізінен  С

санатты  қорларына негізделеді.  Бағалау 

 

кондицияларының 
ТЭН-сі 
материалдарының 
мазмұны,  рәсімделуі  және  жер  қойнауының 
мемлекеттік 
сараптамасына 
ұсынылу 
тәртібі 
Қазақстан 
Республикасы 
Энергетика 
және 
минералдық  ресурстар  министрлігінің  Геология 
және  жер  қойнауын  қорғау  Комитеті  Төрағасының 
2004  жылғы  13  тамызда  №125-п  «Қатты  пайдалы 
қазбалардың  кен  орнын  алдын  ала  геологиялық-
экономикалық 
бағалау 
бойынша 
мемлекеттік 
сараптамаға  ұсынылатын  материалдарға  қойылатын 
талаптар  туралы  Нұсқаулықты  бекіту  туралы», 
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 3055 
нөмірмен  тіркелген  бұйрығымен  реттеледі.  Осыған 
байланысты,  баға  беру  кондицияларына  қатысты 
мәселелер әрі қарай қарастырылмайды. 
Өнеркәсіптік  кондициялардың  ТЭН-мен  кен 
орнының өнеркәсіптік құндылығы анықталады. ТЭН 
С
1

2
  санаты  мен  одан  да  жоғары  санатты  қорлары 
негізінде 
геологиялық 
барлау 
кезеңінде 
жасақталады. 
7.  Қазақстан  Республикасының  Энергетика 
және  минералдық  ресурстар  Министрінің  2006  жыл 
27  ақпандағы  №72  «Кезеңдер  (қатты  пайдалы 
қазбалар) бойынша геологиялық барлау жұмыстарын 
жүргізу  жөніндегі  Нұсқаулықты  бекіту  туралы» 
бұйрығымен  бекітіліп  Қазақстан  Республикасының 
Әділет  министрлігінде  4120  санымен  тіркелген 
бұйрыққа  сәйкес,  жер  қойнауын  пайдаланушы 
қазымның 
геологиялық, 
кен-техникалық, 
технологиялық  және  басқа  да  шарттары  (кен 
орнының  жекелеген  тұстарында)  қабылданған 

 

өнеркәсіптік 
кондициялардан 
елеулі 
түрде 
ауытқыған  жағдайда,  сондай-ақ  кен  кәсіпорны 
өніміне  нарықтық  конъюктураның  өзгеруіне  немесе 
басқа  факторларға  байланысты,  кен  орнын  игеру 
процесінде  жаңа  өнеркәсіптік  кондицияларды 
әзірлей алады. 
8.  Кондицияларды  әзірлеу  кезінде  барланған 
баланстық  қорлар,  соның  ішінде  С
2
  санатты, 
сонымен  қоса  эксплуатациялық  барлау  кезеңінде 
қосымша анықталған қорлар есепке алынады. 
9. Егер  алдыңғы  кондициялар  өз  параметрлері 
бойынша кен орнының геологиялық ерекшеліктеріне 
және  осы  заманғы  конъюктураға  жауап  беретін 
болса,  онда  қорларды  Қазақстан  Республикасы 
Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясына (бұдан 
былай  –  ҚМК)  қайта  бекітуге  ұсыну  қажет  болған 
жағдайда 
оларды 
аталмыш 
Басшылықта 
мазмұндалған  әдістеме  бойынша  іріленген  техника-
экономикалық есептермен растау қажет. 
10.  Техногенді  минералды  нысандарды  (бұдан 
былай  -  ТМН)  кешенді  түрде  игеру  тиімділігінің 
техника-экономикалық 
бағалануы 
және 
кондициялардың 
негізделуі 
ТМН 
бойынша 
қолданыстағы 
нормативті-техникалық 
құжаттар 
негізі  мен  осы  әдістемелік  Басшылық  негізінде 
орындалады. 
11. Кондицияларды  әзірлеу  кезінде  жобалық 
шешімдер өндірудің толықтығын және негізгі, ілеспе 
компоненттер 
мен 
пайдалы 
қазбалардың 
өнеркәсіптік 
қолданысын 
(үймелік 
сілтілеуді, 
өндірудің геотехнологиялық әдістерін қолдану және 

 
10 
т.б.)  қамтамасыз  ететін  отандық  және  шетелдік 
тәжірибені,  жаңа  жеткістіктерді  ескере  отыра, 
минералды  шикізат  өндірісі  мен  өңдеудің  алдыңғы 
қатардағы 
техникасы 
мен 
технологиясына 
негізделеді.  Бұл  ретте  Қазақстан  Республикасының 
жер  қойнауы  мен  қоршаған  ортаны  қорғау 
саласындағы 
заңнамалық 
және 
нормативтік 
құқықтық актілерінің талаптары орындалады. 
12. Кен 
орнының  маңызды  геологиялық-
экономикалық  бағасының  көрсеткіштері  келесілер 
болып табылады: 
геологиялық:  кен  орны  қорларының  мөлшері 
мен  сапасы,  барлану  деңгейі  және  олардың 
шынайылығы, 
нысанның 
өңделуінің 
гидрогеологиялық,  экологиялық  және  басқа  да 
табиғи шарттары; 
кентехникалық: кен орындарын өндіру әдістері 
мен  жүйелері,  аршу  коэффициенті,  қорларды  өндеу 
тереңдігі; 
өндіру 
кезіндегі 
шығындар 
және 
құнарсыздану; кәсіпорын өнімділігі; 
технологиялық:  қайта  өңдеу  технологиясы 
және  негізгі  технологиялық  көрсеткіштер  – 
концентраттар  шығысы,  байыту  өнімдеріндегі 
пайдалы  компоненттердің  құрамы,  байыту  кезіндегі 
және  қажет  болса,  металлургиялық  шектеулі 
кезіндегі алу; 
экономикалық:  кен  байыту  кәсіпорынының 
құрылысына  және  өндірістік  инфрақұрылымы 
құруға  капиталды  салымдар  және  қоршаған  ортаны 
қорғауға, 
шикізатты 
өндіру 
мен 
өңдеудегі 
пайдаланымдық  (жалпы  және  үлестік)  шығындар; 

 
11 
негізгі  өндірістік  және  өндірістік  емес  қорлардың 
құны;  жылдық  табыс  және  пайда;  қазіргі  таза құны, 
табыстың  ішкі  нормасы,  инвестициялардың  өтелу 
мерзімі. 
13.   Мемлекеттік  сарпатамаға  ұсыналатын 
кондициялардың  ТЭН-сі  материалдарына  кондиция 
параметрлерінің  негіздемесі  үшін  қажетті  барлық 
деректерді,  соның  ішінде  түсініктеме  жазбасы  және 
оған  кестелік,  графикалық,  мәтіндік  қосымшаларды 
қосу қажет. 
Түсініктеме жазбасында геологиялық, тау-кен, 
технологиялық, 
экономикалық 
бөлімдер 
мен 
кондицияларды  бөліп  көрсету  қажет.  Мәтінді 
қысқарту  үшін  ақпарат  берудің  кестелік  және 
графикалық нысанын барынша пайдалану қажет. 
 
 
2. Геологиялық бөлім 
 
14.  Түсініктеме  жазбасының  геологиялық 
бөлімінде пайдалы қазбаларды өндіру және кешенді 
түрде  өңдеу  бойынша  негізделген  жобалық 
шешімдерді 
қабылдау, 
кен 
орнын 
игерудің 
техникалық-экономикалық  көрсеткіштерін  және 
кондициялардың  жоғарғы  көрсеткіштерін  анықтау 
үшін жеткілікті көлемде кен орны мен ол орналасқан 
ауданның  геологиялық  құрылымы  ерекшеліктерінің 
қысқаша сипаттамасы беріледі. 
Кондициялардың  ТЭН-нің  аталмыш  тарауына 
келесі бөлімдер кіреді: 

 
12 
1)  кен  орны  мен  аудан  туралы  жалпы 
мәліметтер; 
2) конъюнктуралық шолу; 
3) кен орнының геологиялық құрылымы; 
4) 
геологиялық 
барлау 
жұмыстарының 
әдістемесі; 
5) өндірістің гидрогеологиялық шарттары; 
6) 
өндірістің 
инженерлік-геологиялық 
шарттары; 
7) экология: қоршаған ортаның күйі мен өзгеру 
болжамы; 
8) қорлардың әрнұсқалы есебі. 
15. «Кен  орны  және  аудан  туралы  жалпы 
мәліметтер»  бөлімінде  келесі  мәліметтерді  келтіру 
көзделген: 
географиялық  және  әкімшілік  жағдайлар, 
жақын  маңдағы  темір  жол  бекеті  немесе  порттан, 
елді  мекендерден  және  минералды  шикізаттың 
ықтимал тұтынушыларынан шалғайлығы; 
табиғи-климаттық  шарттар  –  жергілікті  жер 
рельефі,  теңіз  деңгейінен  биіктігі  және  қатысты 
жоғарылауы,  климаттық  ерекшеліктер  (жоғарғы 
және  төменгі  температура),  гидрожеліс,  ауданның 
сейсмикалығы; 
экономикалық  шарттар  –  ауданның  игерілуі 
және  инфрақұрылымы,  халқы  және  оның  еңбекпен 
қамтылуы, 
болашақта 
кәсіпорынды 
электр 
энергиясымен, 
отынмен, 
жергілікті 
құрылыс 
материалдарымен,  еңбек  ресурстарымен  қамту 
көздері;  жүктерді  тасымалдауға  арналған  көлік 
жолдары. 

 
13 
16. «Конъюктуралық  шолу»  бөлімінде  келесі 
мәліметтерді келтіру көзделген: 
қарастырылатын 
кен 
орнын 
өндіру 
нәтижесінде алынатын тауарлық өнімді осы заманда 
қолдану саласы; 
әлемде және жекелеген елдерде, соның ішінде 
Қазақстан  Республикасында  оларды  өндіру  және 
тұтынуды 
дамытудың 
негізгі 
тенденциялары; 
тауарлық өнімнің потенциалды тұтынушылары; 
сәйкес  минералды  шикізат  бағаларының 
ретроспективалық  талдауы  және  бағаның  өзгеру 
болжамдары. 
17.  «Кен  орнының  геологиялық  құрылымы» 
бөлімінде келесі мәліметтерді келтіру көзделген: 
кен орнының геологиялық-өнеркәсіптік типі; 
кен 
түзілуді 
бақылаушы 
құрылымдық-
геологиялық, 
литолого-петрографиялық, 
тектоникалық факторлар
жатыс 
шарттары, 
кенді 
денелердің 
морфологиясы және ішкі құрылымы, заттық құрамы, 
пайдалы  компоненттер  мен  зиянды  қоспалардың 
максимальды  және  орташа  құрамы,  пайдалы 
қазбалардың 
табиғи 
типтерінің 
кеңістікте 
таралуының  заңдылығы  және  оларды  жекелей 
өндіру  мүмкіндігі,  минералды  шикізаттың  сапасы 
туралы  негізгі  деректер,  оның  физика-механикалық 
қасиеттері; 
ілеспе  пайдалы  қазбалар  (соның  ішінде  аршу 
жыныстары  мен  ілеспе  жыныстарында  түзілгендер) 
және  құнды  компоненттерді  өнеркәсіптік  пайдалану 
мүмкіндігі, оларды табу формалары; 

 
14 
кен орнының генезисі туралы ұсыныстар; 
рельефтың  құрылу  тарихы,  геоморфологиясы 
бойынша мәліметтер (үгілу қабығы мен шашыранды 
түзілуге байланысты кен орындары үшін); 
шашыраңқы  кен  орындары  үшін  -  өнім 
қыртысы  формалары,  мөлшері  мен  құрамының, 
тақтатастар құрамы мен қуатының сипаттамасы мен 
ерекшеліктері, 
плотик 
құрылымы, 
құнды 
компоненттер 
құрамы; 
пайдалы 
минералдар 
түйіршіктерінің 
жұмырлық 
деңгейі, 
мөлшері 
формасы, алтынның сынамасы; 
жеке  өндіріс  және  өңдеуге  тиісті  пайдалы 
қазбалардың  өнеркәсіптік  (технологиялық)  типтері 
мен  сұрыптарының  болуы,  олардың  сапасының 
сипаттамасы. 
18. «Геологиялық 
барлау 
жұмыстарының 
әдістемесі»  бөлімінде  келесі  мәліметтерді  келтіру 
көзделген: 
кен  орнының  геологиялық  құрылысының 
күрделілік  тобының  негізделуі,  кен  орнын  зерттеу 
кезеңділігі,  ТЭН-ні  жасау  кезінде  орындалған 
геологиялық  барлау  жұмыстарының  түрлері  мен 
көлемдері; 
барлаудың  қабылданған  әдістемесі,  барлау 
желісінің тығыздығы мен геометриясы; 
жынысөзек  шығысы,  сынамаларды  іріктеу 
және 
бақылау 
сынамасының 
әдістері, 
ткен 
қазбаларын және бұрғылау ұңғымаларын сынамалау 
сапасы  мен  нақтылығы,  жерасты  кен  қазбалары 
немесе басқа әдіспен бұрғылау деректерін тексеру; 

 
15 
негізгі  және  ілеспе  компоненттерге  талдау 
жүргізу  әдістемелері,  талдаулық  зертханаларды 
аттестациялау 
және 
аккредитациялау 
туралы 
мәліметтер; 
талдау  сапасын  ішкі  және  сыртқы  бақылау 
нәтижелері, 
талдау 
сапасының 
қанағаттандырмайтындығының  себеп-салдары  және 
олардың қорлардың шынайылығына әсер ету бағасы; 
пайдаланым  деректерін  Энергетика  және 
минералдық  ресурстар  министрінің  2006  жыл  1 
ақпанда  №38  «Қатты  пайдалы  қазбалардың  кен 
орнын  барлау  және  өңдіру  нәтижелерін  салыстыру 
бойынша материалдарға қойылатын талаптар туралы 
нұсқаулықты 
бекіту 
туралы», 
Қазақстан 
Республикасының  Әділет  министрлігінде  4083 
нөмірмен  тіркелген  бұйрығына  сәйкес,  барлау 
нәтижелерімен салыстыру; 
кен  орны  учаскелерінің  барлануы  және 
олардың бастапқы өңдеуге дайындылығы; 
геофизикалық  жұмыстар  нәтижелерін  барлау 
деректерінің  нақтылығын  негіздеу  және  есептелген 
қорлар  сенімділігін  бекіту  үшін  тәжірибеде 
пайдалану. 
Орындалған 
геологиялық 
барлау 
жұмыстарының  әдістемесін  сипаттау  кезінде  Кезең 
бойынша  геологиялық  барлау  жұмыстарын  (қатты 
пайдалы  қазбалар)  жүргізу  туралы  нұсқаулықтың 
ережелерін ұстануға кеңес беріледі. 
19.  «Өндірудің  гидрогеологиялық  шарттары» 
бөлімінде келесі мәліметтерді келтіру көзделген: 

 
16 
орындалған  гидрогеологиялық  жұмыстардың 
әдістемесі, 
түрлері 
және 
көлемі, 
өндірудің 
гидрогеологиялық 
шарттарын 
егжей-тегжейлі 
зерттеу; 
ауданда кеңінен дамыған сулы деңгейжиек, су 
сіңіруші  жыныстардың  құрамы  мен  қалыңдығы, 
олардың фильтрлік қасиеттері; жер асты суларының 
минерализациясы,  химиялық  құрамы,  түрлері  және 
бактериологиялық  күйі;  негізгі  сулы  деңгейжиектер 
және  кен  орнын  суландыруға  қатысушы  кешендер; 
атмосфералық  жауын-шашындарды  (жаңбыр  және 
еріген  қар  сулары)  ескере  отырып  және  жер  асты 
сулары  есебінен  кен  қазбаларына  күтілетін  су 
ағындары, жергілікті және аймақтық сутіректер, жер 
асты  суларының  кенеттен  кен  қазбаларына  атқылау 
мүмкіндігі; 
кен  қазбаларын  құрғатудың  (қорғаудың)  және 
сулардың  апатты  түрде  атқылауын  болдырмаудың 
ұсынылатын әдістері; 
құрғатылған сулар, олардың минерализациясы 
және  химиялық  құрамы,    кен  орнын  өндіру 
барысында 
химиялық 
құрамының 
және 
минерализациясының  өзгеру  болжамы,  оларды 
тазарту  және  жою  немесе  техникалық  мақсаттарда 
не  жерді  суару  үшін  пайдалану  әдістері  мен 
тәсілдері, 
құрғатылған 
сулардың 
пайдалану 
қорларына баға беру
шаруашылық-ауыз  су  және  техникалық  сумен 
қамтамасыз  етудің  ұсынылатын  көздері,  кен 
кәсіпорынының  онымен  қамсыздануы  (құрғатылған 
суларды пайдалануды ескере отырып); қажет болған 

 
17 
жағдайда  -  сумен  қамтамасыз  етудің  қосымша 
көздерін іздеу және барлау бойынша ұсыныстар. 
20. «Өңдеудің 
инженерлік-геологиялық 
шарттары»  бөлімінде  келесі  мәліметтерді  беру 
көзделген: 
орындалған жұмыстар әдістемесі, көлемі және 
түрлері; 
қопсымалы үгілу, байланысты және жартастық 
грунттардың  кешенін  бөлумен  және  жартастық 
грунттарды  жарықшақтылық  және  үгілу  деңгейі 
бойынша  кешендерге  бөлумен,  геологиялық  тілікті 
инженерлік-геологиялық аудандарға бөлу; 
барлық  кешендердің  грунттарының  физика-
механикалық қасиеттері, соның ішінде: 
қопсымалы  үгілмелі  грунттар  бойынша  - 
тығыздығы, 
грунт 
қаңқасының 
тығыздығы, 
ылғалдылығы,  кеуектілігі,  кеуектілік  коэффициенті, 
ылғалдылық  деңгейі,  гранулометриялық  құрамы, 
ауадағы-құрғақ  күйінде  және  су  астында  табиғи 
қиябетінің  бұрышы,  шаңды  құмдар  үшін  -  ілінісу 
күші  және  табиғи  қалпында  (ылғалдылығы  табиғи 
күйінде) және сумен толық қаныққанда ішкі үйкелу 
бұрышы; 
байланысқан грунттар үшін - табиғи қалпының 
тығыздығы, 
қаңқа 
тығыздығы, 
бөлшектер 
тығыздығы,  кеуектілігі,  кеуектілік  коэффициенті, 
қыртысикалық  саны,  гранулометриялық  құрамы, 
табиғи  ылғалдылығы,  ілінісу  күші  және  табиғи 
қалпында  және  толық  қаныққанда  ішкі  үйкелу 
бұрышы, ісіну күші, шөгу деңгейі; 

 
18 
жартастық  грунттардың  әрбір  кешені  үшін  - 
тығыздығы, 
қаңқа 
тығыздығы, 
ылғалдылық, 
кеуектілік,  кеуектілік  коэффициенті,  ауалы-құрғақ 
және  суға  қаныққан  күйде  бір  шүлдікті  қысымға 
және  тартылысқа  қарсылығы,  Юнг  модулі,  Пуассон 
коэффициенті, М.М.Протодьяконов шәкілі бойынша 
тығыздығы;  үгілу  және  жарықшақтық  деңгейі 
бойынша  грунттардың  сипаттамасы  (геологиялық, 
гидрогеологиялық, 
инженерлік-геологиялық 
ұңғымалар  мен  кен  қазбаларының  қабырғасының 
жынысөзегінің 
инженерлік-геологиялық 
сипаттамасының нәтижелері бойынша); 
жоспарланған  кен  жұмыстары  кезінде  болуы 
ықтимал 
инженерлік-геологиялық 
құбылыстар: 
карьердың  жағдауының  және  қиябетінің  болуы 
мүмкін  көшкіні,  карст  құбылыстары  және  олардың 
карьер  мен  жер  асты  қазбаларының  төзімділігіне 
әсері, қорыс және жер асты суларының атқылауы; 
инженерлік-геологиялық және кен-техникалық 
жағдайлардың күрделілігі, кен қысымының мөлшері 
және оның кен орнын өндіруге тигізетін әсері; 
газдылық  және  кен  кәсіпорынының  газдылық 
бойынша  санаты,  пайдалы  қазбаның  өздігінен 
жануға,  кенеттен  жыныстардың  қопарылуына 
қабілеттілігі, күтілетін силикоз қауіптілігі. 
21.   «Экология:  қоршаған  ортаның  күйі  және 
өзгеруінің 
болжамы» 
бөлімінде 
Қазақстан 
Республикасының  Экологиялық  кодексіне  сәйкес, 
келесі мәліметтерді қарастыру көзделген: 
жұмыс  жасау  жоспарланған  ауданның табиғат 
ортасының күйі, территорияның табиғи құндылығы, 

 
19 
ерекше  қорғалатын  объектілердің  болуы,  пайдалы 
қазбаның,  ондағы  жыныстар  мен  жер  қабатының 
радиобелсенділігі; 
ластаудың негізгі көздері және қоршаған орта: 
ауаға,  жерге,  өсімдік  және  жануарлар  әлеміне,  жер 
қыртысына,  жер  асты  және  жер  үсті  суларына  әсер 
ету түрлері; 
өндіріс  қажеттіліктері  үшін  қоршаған  ортадан 
алынуға  тиісті  табиғи  ресурстардың  негізгі  түрлері, 
қоршаған ортаға әсер етудің негізгі көрсеткіштері; 
атмосфералық ауаның, жер асты және жер үсті 
суларының ластануының, жер ресурстарына, өсімдік 
және  жануарлар  әлеміне  әсерін  бағалау  және 
болжамдар жасау; 
болуы  мүмкін  апаттық  жағдайларға  баға  беру 
және  олардың  алдын  алу,  олардың  салдарын  азайту 
бойынша шаралар; 
қоршаған 
ортаға 
жайылатын 
түзілген 
қалдықтардың  (құрғатылған  су  және  өнрекәсіптік 
ағын  суларымен  қоса)  әсерін  азайту  бойынша 
шаралар; 
тау-кен  жұмыстары  салдарынан  бұзылған 
жерді қалпына келтіру; 
гидрогенді (уранды) кен орындарының жұмыс 
деңгейжиектерін қалпына келтіру; 
табиғат  қорғау  шараларына  экономикалық 
баға беру. 
22.  «Қорлардың  әрнұсқалы  есебі»  бөлімінде 
келесі ақпаратты ұсыну көзделген: 

 
20 
пайдалы  қазбалардың  қорларын  есептеу  үшін 
қабылданған  кондициялардың  параметрлері  мен 
қорларды есептеу әдістері; 
бұрынырақ  бекітілген  және  Мемлекеттік 
баланста тұрған қорлар
қорлардың 
әрнұсқалы 
есебіне 
арналған 
шартты 
кондициялардың 
негіздемесі 
мен 
парамтерлерін таңдау; 
жағдаулы  құрамдар  нұсқалары  бойынша 
қорларды есептеу әдістемесі; 
жағдаулы құрамдар нұсқалары бойынша кенді 
денелер  параметрлері  мен  қорлардың  өзгерісін 
талдаумен қоса қорларды әр нұсқа бойынша есептеу 
нәтижелері; 
бұрынырақ  бекітілген  мемлекеттік  баланста 
тұрған  немесе  бұрын  қабылданған  кондициялар 
бойынша  жедел  есептелген  қорлармен  ұсынылған 
кондициялар  параметрлері  бойынша  қорларды 
салыстыру;  елеулі  алшақтық  болған  жағдайда  -  бұл 
алшақтықтардың  алғы  шарты  болған  себептерді 
талдау. 
Қорларды  әр  нұсқамен  есептеу  жағдаулық 
құрам  нұсқалары  бойынша  пайдалы  қазбаларды 
тікелей 
көмкеру 
жолымен 
немесе 
жоғары 
нұсқалардан  төмен  нұсқаларға  бөлуді  қолдана 
отырып жүргізіледі. 
Қалың тұрақты желіс (50х50 метр және одан да 
қалыңырақ) 
бойынша 
барланған, 
қарапайым 
құрылысты  кен  орындарының  қорларын  есептеу 
кезінде, 
есептеудің 
геостатикалық 
әдістері 
қолданыла  алады.  Соңғысының  нәтижелерін  25% 

 
21 
аспайтын  көлемде  дәстүрлі  әдісті  қолдана  отырып, 
қорлар есебімен куәландыру қажет. 
Әрнұсқалы  есептеуге  кен  орнының  барлық 
қорлары,  сондай-ақ  олардың  бір  бөлігі  тартыла 
алады.  Әрнұсқалы  есептеуге  тікелей  тартылатын 
қорлар  үлесі  кең  ауқымда  аутқи  алады  және  жалпы 
жағдайда  кен  орны  мен  оның  учаскелерінің 
масштабы 
мен 
геологиялық 
құрылымының 
ерекшелігіне  тәуелді.  Ол  қарапайым  геологиялық 
құрылымды  ірі  нысандар  үшін  (мысалы,  аз 
орналасқан  аймақтардағы  көмір  кен  орындарында) 
төменгі,  ал  өте  күрделі  құрылымды  кен  орындары 
(мысалы, орташа және ұсақ алтын кенді, полиметалл 
және  жіті  орналасқан  қабаттарда  жатқан,  басқа  да 
кен орындарда) үшін жоғарғы бола алады. 
Әрнұсқалы  есептеу  үшін  нақты  учаскені 
(учаскелерді)  таңдау  оның  (олардың)  барлану 
деңгейі  бойынша,  кеннің  типі  мен  олардың  сапасы, 
сондай-ақ  көлем  мен  қорлар  санаты  бойынша 
жеткіліктілік  бойынша  өкіліділігіне  байланысты 
жүзеге асырылады. 
Қорларды  есептеу  кестелерінде,  мәтіндік 
бөлімінде 
және 
графикалық 
қосымшаларда 
есептелетін қорлардың санаттары (А, В, С
1
 және С
2

көрсетіледі.  ТЭН  мәтінінде  әрнұсқалы  есептеу 
кестелері 
кеннің, 
учаскелердің 
және 
кенді 
денелердің 
санатлары, 
өңдеу 
әдістері, 
технологиялық типтері бойынша қорларды қамтиды. 
ТЭН-ің  мәтіндік  бөлімінде  қорлардың  есебіне 
қатысушы  кестелердің  тізімдемесі  мен  атауы 
беріледі. 

 
22 
Әрнұсқалы  есептеу  кен  орны  қорларының  бір 
бөлігіне  орындалған  жағдайда,  кен  орнының 
экономикалық  құндылығын  анықтау  үшін  толық 
қорларға өту статистикалық әдіспен орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет