Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі



Дата07.02.2022
өлшемі18,04 Kb.
#24986

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

«АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

Жеңіл Өнеркәсіп және Дизайн факультеті

Эссе

Тақырып: «Психология менің өмірімде және кәсібімде»

Орындаған: Алпысбаева А.Х.

Тексерген: Ибраимова Ж.К.

Алматы, 2022ж.

Психология, жеңіл сөзбен айтқанда, ол-адамның ойлау қабілеті, сана сезімі, өз көз қарасы және де психология ортамен де байланысты. Психология бүгінгі таңда өте кең таралған, зерттелген алып ғылымдардың бірі. Бұл ғылым жалпы адамның рухани ішкі жан дүниесін зерттеумен қатар, сол жан дүниенің есігін ашатын «кілтті» іздейді.

Жалпы «психология» біздің өмірімізде мектеп шағынан бастау алады. Мектептегі психолог апайлардың бізден келіп, тест алып, тәрбие сағаттарын өткізе бастағаннан «психологияны» тани бастадық десек қателеспейміз. Мектептің психологиялық қызметінің негізгі мақсаты: мектеп оқушыларының қабілеттілігін зерттеп, ақыл-ой қабілеттілігінің терең дамуына мектепте оқушы мен ата-ана, оқушы мен оқытушы арасында тиімді, тығыз қарым-қатынас құра отырып, әрбір оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау және жоспарда көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстар тізбегін жүргізуден құралады. Ал қазіргі таңда мен оны жеке пән ретінде оқып, карастырып жатырмын. Ал енді, тақырыбымызға оралайық.

Бірінші «психология менің өмірімде» тақырыбын қарастырайық. Мысалы мен отбасыммен, құрбыларыммен, жалпы адаммен әңгімелесу кезінде немесе пікірталас болған жағдайда да психологиялық анализ жасап отырамын. «Ол адамның көңіл күйі қандай?», «Не ойлап жатыр?» деген сияқты сұрақтарды өзіме қойып, сол адам туралы мәлемет жинап, анализ жасаймын. Жалпы айтқанда, сол адаммен қарым-қатынасты жақсарту үшін адамды психологиялық тұрғыда зерттеймін және онымен жақсы қарым қатынас құру үшін амал-тәсіл іздеймін.



Ал енді «психология менің кәсібімде» тақырыбын қарастырайық. Психология біздің қоғамдағы барлық кәсіптердің ажырамас бөлігі деп санауға болады. Адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – ол жоғарғы орын оқу орнын аяқтап, дипломын алып, жұмысқа орналасуы. Мамандықтардың түрлері саусақпен санарлық емес. Кейбір мамандықтардың қоятын белгілі бір психологиялық-физиологиялық талаптары болады. Яғни сенің бұл мамандыққа деген жарамдылығыңды тексереді. Міне, психология адамның өмір жағдайларына қаншалықты дайындығын, бейімділігін тексеруде өте қажет екен.

Мен қазір «дизайн, текстиль және киім технологиялары» факультетінде оқып жатырмын. Яғни, киім үлгісін құрастырумен айналысатын боламын. Бұл мамандық өте жоғары деңгейдегі жауапкершілікті талап етеді. Сол себепті бұл пән мен үшін өте қажет. Себебі, әрдайым адамдармен қарым-қатынаста боламын. Адамдарды бақылап және де анализ жасай отырып, олардың көңіл-күйлерін бағалап, көңілдерінен шығатындай киімді құрастырумен айналысатын боламын. Әр адаммның психологиясы әр түрлі. Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу, ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан, әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет