Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі



Дата12.05.2022
өлшемі18,73 Kb.
#34137

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика факультеті

Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы

СӨЖ


Тақырыбы:№3 Инклюзивтік оқытуды ұйымдастырудағы кәсіби дайындық


 

Дайындаған:Болатова А.Т.



Тобы:Пжп-301

Тексерген:Тогайбаева А.К.

Инклюзивтік оқытуды ұйымдастырудағы кәсіби дайындық

Қазiргi таңда барлық әлeмдe жeкe қажеттiлiкті түзету-педагогикалық қoлдаy мeн бейiмдеy баланы емес, балалардың бiлiмдiлiк сұраныстары мен жеке ерекшелiктерiне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қатысуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе  «инклюзивтi бiлiм беру» туралы айтyда. (Д.Митчелл–профеccор, Жаңа Зеландия, 1997 ж)  [1].

Жас ұрпаққа жан-жақты білім, тәлім-тәрбие беру әрбір оқытушының басты міндеті. ХХI ғасыр-бұл ақпараттық қоғам дәуірі. Инклюзивті білім беру-оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына, білім алушылардың өзгеде санаттарымен тең қолжетімді, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу.

Қазақстанда «Бәріне бірдей мүмкіндік» деген статусты қолданатын инклюзивті білім беру бағдарламасының енгізілгеніне де көп болмады. Бұл термин көбіне «Сапалы білім барлығы үшін» түсінігімен бірдей болып келеді. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі баламен басқа да, әлеуметтік қорғалатын топтарға  жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру және соған жағдай жасау. Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді-енді қолға алына бастады. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп-интернаттарында білім алады [1,33б.].

Инклюзивті білім беру ең алғаш рет шетелде дамыған. Шетел ғалымдары: Ян Амос Коменский, Сайман Лори, Фрэнсис Бэкон зерттеген. Инклюзивті білім беруді ресейде танытқан және этнопедагогиканың негізін алғаш салған ресейлік ғалымдар К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский болды  [2]. 

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден ажырату жүйесінің құрылуына қарамастан, республикалық инклюзивті білім беру ісін енгізуде қоғамның дайын болмауына байланысты бірқатар қиындықтарға кезігеді. Оның ішінде инклюзивті білім беру дағдысы бар педагог мамандар даярлау мәселесі. Арнайы мекемелер үшін білімді кәсіби дефектолог-мамандар даярлау. Дайындық жұмыстары жүйелі және ұзақ мерзімді жүргізілсе, инклюзивті білім беруді тұрақты сипатқа айналдыруға болады  [2,6б.].

      Негізгі мәселелердің  бірі-жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде, оны қандай оқулықтармен оқытатынын, қандай әдістемелік құралдарды қолданатынын білмейді. Бұл жағдайлардың артынан туындайтын мәселе-кадр жеткіліксіздігі.

 Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция аясында инклюзивті білім берудің ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін, қоғамдық институттардың тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса қажет болмақ. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі. Осыған орай әрбір мұғалімнің бағдарламаға сай электрондық оқулығының болуы, үлгерімі төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс жасау алуы керек. Әрбір оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жасаса, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындала түседі деп ойлаймын. Инклюзивті мектеп-бұл, ең алдымен, адамдардың өмірлік стилі болып келетін және сыйлауды үйрететін демократиялық мектеп. Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім беру процесінің енгізілуі тек жаңа пайда болған мәселе ретінде қарастырылып отыр. Қазіргі кезде бұл мәселенің шұғыл шешілуі қажеттілігіне даму ауытқуы мен тежелуі бар балалар санының артып келе жатқандығы айғақ бола алады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша, даму ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдер саны 2002 жылы 115,2 болса, 2007 жылы бұл сан 154,870мың болған  [3].

Арнайы мектеп, интернаттар кеміс балалардың барлығын оқытып, тәрбиелеуге қауқарсыз. Қазіргі кезде елімізде арнайы мекемелер саны 100-ге жуықтады.

Қазақстанда қазір мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау жүйесін ұйымдастыру жұмыстары қолға алынған. Дамуында ауытқулары бар балаларды ерте кезден анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Комитеті ерте сәбилік жастағы балалардың жүйке-психикалық дамуына алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті [3,22б.].

Инклюзия-мүмкіндігі шектеулі оқушылардың өзінің күшіне сенуіне мүмкіндік беруі. Инклюзия тек дамуы шектелген балалардың ғана емес, басқа да балалардың мүддесін көздейді [4].

 Қазақстан Республикасы егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болғанына 20 жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген жұмыстар атқарылып, еліміз көркеюде. Жаңадан қалыптасып келе жатқан Қазақстанда инклюзивті білім беру саласы енді ғана қолға алынып, даму үстінде.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми мәліметіне сүйенсек, әлемде психикалық және физикалық ауытқулары бар 450 миллион адам өмір сүреді екен. Жаңа туған балалардың ішінде 3%-ы интелектуалды,  10%-ы дамуында кемшіліктері бар балалар. Жалпы дүниеде 200миллион балалар «мүмкіндіктері шектелген» деп айқындалған. Мемлекетімізде 19 мыңға жуық балалар оқиды. Білім министрлігінің ресми мәліметі бойынша елімізде мүмкіндіктері шектелген балалар ішінен 19%-ы ғана арнайы білім алады. Бір жағынан білім беру жүйесін реформалау тұрса, екіншіден, арнайы мектеппен «ерекше дамыған балалар» мәселесі әлі күнге дейін ашық тұр. Арнайы білім берудегі мәселелер бір-бірімен тығыз байланысты [4,11б.].

И.Гете: «Біліп қана қою-аз, сол  білгеніңді  істе қолдана білуің керек, ниеттену ғана аз, сол ниетіңді іске асыруың керек»,-деп бекер айтқан жоқ. Мүмкіндігі шектеулі балаларды түзетудің негізгі жүйесі инклюзивті білім беру ғылыми теориямен өзіндік  үндестігін тапса, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарға  деген көзқарас оңалар еді деп ойлаймын. Инклюзивті білім беру компьютермен, интерактивті тақтамен және жаңа технологиялармен қамтамасыз етілсе, болашақта мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесінде ешқандай кедергілер  болмайды деп ойлаймын.

Бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып отырған инклюзивті білім беру жүйесі болашақта еліміздегі білім алуда ерекше қажеттілігі бар тұлғаларды әлеуметтендіру мен білім берудің іргетасы болып қаланбақ  [4,13б.].

Сондай-ақ мұндай оқыту арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай, ата-анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп-интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, өзінің тұрғылықты жерінде білім алады. Қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ал әлеуметтік бейімделу, өз кезегінде, кемтар балалардың қоғамдық ортамен белсенді араласуына мүмкіндік туғызып, жалпы жағдайын жақсартады.

Қорыта келе, мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету жұмыстарын неғұрлым ерте бастасақ, соғұрлым қайтарымы үлкен болады. Өз уақытында бұл заңдылықты Ян Амос Коменский айтқан болатын «Барлық тіршілік иесінің табиғаты сондай,-олар икемді болып табылады және нәзік жас кезінде олар тәсілдерді жеңіл қабылдайды, қатайып кеткен соң, оларға қалыптасу қиын болады. Жұмсақ балауызды оларға түрлі пішін беріп сомдауға болады, ал егер қатып қалса, оны сындырап тастау оңайырақ»,-деп жазды [5].

Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім  үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ  беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше  қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға  мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

1.  Адырбаева М.Ж.  Инклюзивті білім беру жүйесіндегі психологиялық –        

медициналық педагогикалық консультацияның жұмыс барысы. -Алматы, 2011. – Б.30-35.

2.  Буркиев М.Ж. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың ерекшелігі республикалық-практикалық конф. материалдары. -Қарағанды,  2009. – Б.3-9.

3.  Батырғалиева А.С. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу жолдары.

-Алматы, 2011. – Б.17-25.

4.  Буркиев М.Ж. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың ерекшелігі республикалық-практикалық конф. материалдары. -Қарағанды,  2009. –Б.8-15.

5.  Батырғалиева А.С. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу жолдары. -Алматы,  2011. –Б.10-19.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет