ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия факультеті
Химиялық технология және мұнай химия кафедрасы
ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ ТУРАЛЫ
ЕСЕП
Практика өткен орын: Химиялық технология және мұнай химия кафедрасы
Топ студенті: ТФП-422 Ықан Сағыныш
ФИО
Тәжірибе жетекшісі: Мурзағалиева.Г.Т
ФИО
Өндірістік практика жетекшісі: Мұратбекова А.А
ФИО
20 мамыр 2023 ж
Қарағанды 2023 ж.
Кіріспе
Өндірістік іс-тәжірибе мамандардың квалификациялық сипаттамалары, жоғары оқу орындарындағы қызметті ұйымдастыру тәртіптері туралы ереже және академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ мамандарының өндірістік іс-тәжірибеден өтуіне арналған әдістемелік нұсқаулықтар негізінде жасалған. Өндірістік іс-тәжірибе «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алатын 4 курс күндізгі бөлім студенттеріне 8 апта көлемінде жүргізіледі. Іс-тәжірибе өту орындары: АО «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі АҚ және «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК, «Қарағанды фармацевтикалық комплексі» ЖШС ғылыми зерттеу зертханаларында және дайын дәрілік формалар дәріханаларында, өндірістік типтегі немесе өндірістік бөлімі бар аурухана дәріханасында.
МЖМБС талаптарына сәйкес химик-технолог бакалавры өндірістік-технологиялық қызметтегі, ғылыми-зерттеу қызметіндегі жобалық қызметтегі әр түрлі кәсіби міндеттерді шешуге дайын болуы тиіс. Осыған байланысты өндірістік іс-тәжірибе химик-технолог бакалаврларын даярлаудың негізгі кезеңдерінің бірі ретінде маңызды мәнге ие.
Іс-тәжірибеден сәтті өту үшін студенттер "Талдаудың физика-химиялық әдістері", "Фармацевтикалық өндіріс жабдығы", "Фармацевтикалық технология негіздері", "Химиялық фармацевтикалық өндіріс процестері мен аппараттары", "Фармацевтикалық өнеркәсіп еңбегін қорғау", "Дәрілік заттарды стандарттау және сертификаттау", "Дайын дәрілік нысандар технологиясы және биофармация", «Табиғи дәрілік заттардың химиясы және технологиясы», «GMP ережелерін валидациялау және енгізу», «Фармакология негіздері», «Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы», «Дәрілік заттардың компьютерлік химиясы» сияқты базалық пәндерді меңгеруі тиіс.
Іс-тәжірибеден сәтті өту студенттің одан әрі жұмысқа орналасу үшін кәсіби дағдыларды игеру үшін қажет.
Өндірістік іс-тәжірибе мақсаты:
- студенттерді дербес ғылыми-зерттеу қызметіне дайындау және талдаудың заманауи химиялық және физика-химиялық әдістерін пайдалана отырып, әртүрлі объектілерді химиялық зерттеу, синтездеу және талдау жүргізудің практикалық біліктері мен дағдыларын бекіту
Өндірістік іс-тәжірибе тапсырмалары:
студенттердің теориялық білімдерін бекіту және тереңдету, химиялық зертханаларда практикалық жұмыс дағдыларын жетілдіру; студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары дағдыларын дамыту, әртүрлі объектілерді зерттеудің жаңа әдістерін іздеу және әзірлеу;
студенттерді дербес ғылыми-зерттеу жобасын жоспарлауға және өткізуге дайындау;
өндірістік базаларда бар заманауи аспаптармен және жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
студенттерді қорытынды есеп пен дипломдық жұмысты жазуға және ресімдеуге дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |