Қазақстан Республикасының Тәуел- сіздігін жариялаған күн – біздің



Pdf көрінісі
бет1/18
Дата22.12.2016
өлшемі3,79 Mb.
#252
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

№52 (1310) 

24 желтоқсан

2015 жыл


Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

Қазақстан Республикасының Тәуел-

сіздігін жариялаған күн – біздің 

өміріміздің ең бақытты сәті. Бодан-

дықтың құрсауынан шығып, 

еңсемізді тіктеп, жарқын үнмен:  

«Мен – Қазақ стан азаматымын!» 

деген сөзді мақ танышпен айтудың өзі 

үлкен мерей, үлкен қуаныш. Тарихы 

тереңде жатқан елдің жаңа заманда 

өз алдына қайта егеменді ел болған 

күнін тойлау – екінің біріне бұйыра 

бермейтін бақыт. 

Биыл елімізде Тәуелсіздік мерекесін 

атап өту Астана төрінен бастау алды. 

Бас қаламыз Астананың «Астана Опе-

ра» театрында өткен салтанатты жиынға 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 

қатысып, жиналғандарды мерекемен 

құттықтады. «Баршаңызды Ұлы Дала 

елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік 

күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Біз бүгін азаттықтың екінші мүшеліне, 25 

жылдығына аяқ бастық. 



(Жалғасы 2-бетте)

Нұрсұлтан НазаРБаев:

Төрткүл дүние 

бағалаған ел 

болдық

Хантәңірі



14-бет

20-бет

4-бет

алтынемелге 

сапар

«Құлансаз»

Жеріңнің аты – 

бабаңның хаты

Жыр Жолдарынан 

Шыңның мен танымаймын аласасын,

Төбе де, аласамен таласасың.

Тянь-Шаньның шашақтаулы 

найзасындай 

Қайсысың Хантәңірімен жанасасың?

Шыңның мен ұнатамын биіктігін, 

Шырқай кеп шыңырау 

көктен сүйіпті Күн.

Түндігін түртіп тұрған көк аспанның,

Қанеки, Хантәңірінен иықты кім?!

Егерде құдірет болса, бөлшегіндей, 

(Алдында құдіреттің көр шегінбей). 

Шаншылып әнеу тұрған Хантәңірі 

Шапшыған Тянь-Шаньның емшегіндей.

Күн де оның баурайында дөңгелеген,

Буалдыр, бозғыл шәйі перделеген,

Бойында Хантәңірінің бұғып жатқан,

Алапат аяныш бар жерге деген.

Тік тұр ол,

Кырын қарап сай-салаға, 

Күн – көркі, Көк – мекені, Ай – шағала.

Қалғымай қанша жылды өткерді екен 

Тәкаппар Тянь-Шаньдағы қайсар аға?

Таудың мен ұнатпаймын тапалдығын, 

Тапалдан талайлар-ақ татар жұғын.

Сүйем мен табиғаттың ұлылығын,

Сүйем мен табиғаттың қаталдығын.

*** 


Біздің таулар керуендей шұбалған, 

Күнді өздері батырған да шығарған. 

Тұлғаларын тұңғиыққа суарған,

 Олар биік тұманнан да, мұнардан.

Сеңсең бөрік, сәлде шалған атамдар,

Желкен бұлтта – желкілдеген  сақалдар,

Өркеш-өркеш маң-маң басқан атандар, 

Біздің таулар – аяқталмас сапарлар.

Көшін тартып, көше-көше сабылып,

Көш бастаушы бағытынан жаңылып.

Біздің таулар – тоқтап қалған керуен,

Сахараның сағымына аңырып.

атамекен

19

бет

оянып, бірегей дара кескін-келбеті 

сомдалып, тарих толқынында ұранды 

ұлысқа, ордалы жұртқа айналғанын, 

т о л ы с ы п   қ а л ы п т а с қ а н д ы ғ ы н 

көрсетеді. Сондықтан 2000 жылдық 

тарихы бар Тараз қаласында «Қазақ 

хандығының 550 жылдық» ме-

рейтойына орай дү бірлі той бол-

ды. Тойға еліміздің іші-сыр тынан 

5 мыңнан астам арнайы қо нақтар, 

Қазақ елінің бүкіл зиялы қауым 

өкілдері қатысты. Елбасы Қазақ хан-

дығының 550 жылдығына арналған 

монументті ашты. Сондай-ақ, Қазақ 

хандығының 550 жылдығына орай 

бүкіл ел көлемінде ат бәйге, айтыс, 

ұлттық ойындар, шығармашылық 

байқау сынды үлкенді-кішілі шара-

лар өткізіліп, ме рейтой жан-жақты 

тойланды. Бұл мерейтой елдігімізді 

нығайту жолындағы, жастарды елін, 

жерін құрметтеп, тарихын жадын-

да сақтауға, отансүйгіштікке тәр-

биелеудегі маңызды қадам болғаны 

анық. 


Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл толды. 

Қаншама боздақтардың өмірін қиған, 

талай шаңырақты ортасына түсірген 

сұрапыл соғыс жылдары халық жа-

дынан ұмытылған емес. Бұл жеңісті, 

ата-бабаларымыздың өшпес ерлігін, 

ел алдында, Отан алдындағы боры-

шын бүгінгі ұрпақ та, келер ұрпақ та 

ешқашан ұмытпауы тиіс.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстан-

ның Егемендігі туралы Декларация 

қабыл данып, еліміз егемен ел болып 

жария лан ғаны белгілі. Осы атаулы 

күнге биыл 25 жыл толды.

Биылғы жылдың тағы бір ерек-

шелігі – тәуелсіздік тірегі, ардақты 

Ата Заңымыздың 20 жылдығы атап 

өтілді. Бүгінгідей алмағайып заманда 

Қа  зақ станның  Ата  Заңы  уақыттың 

сы нынан сүрінбей өтті, өзінің за-

ман та лабына лайықтығын жан-

жақты дәлелдеді. Зерттеушілердің 

пікірінше, Қа зақстанның Консти-

туциясы әлемдегі жалпыадамзаттық 

Ел есіндегі елеулі жыл...

құндылықтарды  дә ріп тейтін  ең 

үздік 50 Конституцияның бірі бо-

лып саналады екен. Бұның өзі Ата 

Заңымыздың зор әлеуетін білдірсе 

керек.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  бас тама сы мен  биылғы 

жыл «Қазақстан халқы Ассам блея-

сының жылы» деп жария ланғаны 

баршаға аян. Тұрақтылық пен бейбіт-

шіліктің нышанына айналған Қазақ-

стан халқы Ассамблеясына биыл 20 

жыл толды. Қой жылымен тұспа-тұс 

келіп отырған бұл айтулы оқиға кең 

көлемде мерекеленді. 

Қой жы лында халқымыздың ар-

мандап жүр ген мақсаттарына қол 

жеткізді. Бүкіл әлемде орын алған 

дағдарыс жағдайына қарамастан, 

еліміз тұрақтылық пен бейбітшілікте 

өмір сүріп келе жатыр. Осының өзі 

үлкен қуаныш. Әрине, қой жылы әз 

Наурызға дейін жалғасатынын ескер-

сек,  бұл жылдан күтер жақсылық-

тарымыз мол болмақ.



Ақбота ИСЛӘМБЕК

Бет қатталып Жатқанда:

Баспасөз – 2016

дәуір дауысы



 астанадағы Түркі академия-

сында сыйға тартылатын кітап-

тарды және экспонаттарды қа-

былдап алу рәсімі өтті.

 Қарағандыда Достық үйі сал-

танатты түрде ашылды.

 елордадағы «астана-РЭК» 

аҚ ғимаратында энергетика сала-

сы ның үздіктері марапатталды.

 алматыдағы Қазақстан Рес-

публикасының  Ұлттық  кітап ха на-

сының Көрмелер залында Н.Сац 

атындағы Мемлекеттік ака де-

миялық балалар мен жасөс пі-

рімдер театрының 70 жылдық 

мерейтойына арналған дөңгелек 

үстел  ұйым дастырылды.

 Орал қаласындағы Салтанат 

сарайында қазақ эстрадасы жұл-

дыз дарының қатысуымен «еХРО-

ны қарсы аламыз!» тақы рыбында 

шара өтті.

  М.Әуезов атындағы Оңтүстік 

Қазақстан мем лекеттік уни-

верситетінің №9 оқу ғима-

ратының жанынан бой 

көтерген «Студенттер 

үйі» ашылды. 

Біртүйер


9

Тағы бір жыл тарих қойнауына енгелі тұр. Қазақ халқы үшін қой түлігінің 

алар орны ерекше болса, қой жылы да ежелден  елге жайлы, молшылық пен 

жақсылықтың жылы саналған. Расында, биылғы жыл  Қазақ елі үшін елеулі 

оқиғаларға толы олжалы жыл болды. 

Байқау


Ең әуелі Тәуелсіздік алғалы 

Қазақ хандығының мерейтойы алғаш 

рет аталып өткенін айта кету ке-

рек. Бәзбіреулер қазақ халқының 

мемлекеттілігін сан-саққа жүгіртіп, 

оның тарихына күмән мен қарап 

отырған кезде бұл бастаманың са-

яси маңызы да зор болды. Елба-

сы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих 

толқыны» атты кітабында «Қазақ 

хандығы Орталық Азия аумағындағы 

алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет 

болды» деген болатын. Расында, ұлы 

далада Алтын Орда ыдырағаннан 

кейін көптеген хандықтар, мемлекет-

тер пайда болды, бірақ олар өздерінің 

атауын көбінде билеуші әулеттердің 

есімімен байланысты атаса, Қазақ 

хандығы отанымыздың негізін қалап 

отырған ұлағатты ұлтымыздың атымен 

аталды. Бұл дерек – Қазақ халқының 

ежелгі заманнан елдік санасы ерте 

«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!

Қазп

О

ш

Та

Индекс


мерзімі

алматы


аймақ/қала

аудан/ауыл



Жеке жазылушылар үшін

65367

1 жылға


3083,04

3274,80


3427,68

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

1 жылға


5991,84

6183,60


6336,48

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының 

Көрмелер залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 

мерекесі аясында «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау 

қорының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл және жаңа 

заман технологиялары» атты дөңгелек үстел өтті.

 Іс-шараны «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау 

қорының президенті Дәулет Әшімхан жүргізді. Дөңгелек 

үстелге мемлекеттік органдардың өкілдері, тіл жанашыр-

лары, қоғам қайраткерлері, филологтар, блогерлер 

қатысты. Жиында саясаткерлер Дос Көшім, Ғалымжан 

Ермекбай, Меруерт Әбділдаева, Әлібек Қисабай, 

Жарқын Сәлменұлы, Ербол Серікбай  сөз сөйледі. 

Жиынға қатысушылар «Қазақстандағы мемлекеттік тілді 

дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы» қандай деңгейде орындалып жатқанын 

талқылады.  

«Мемлекеттік тіл және жаңа заман технологиялары»

Нарбота би

тәуелсіздік тұғыры

ХАНТӘҢІРІ

Мұқағали МаҚаТаев 

Шың-құздың да адамдай бар қадірі, 

Бізге жұмбақ олардың «жан» бағуы. 

Тұғырында  міз бақпай тұр, әнекей, 

Төбе биі таулардың  Хантәңірі.

Қазақ тарихында XIX ғасырдың өте 

күрделі өрнектері есте қалды. Әсіресе, 

Жетісу өлкесінің тағдыры үшін ел мен 

жерді қорғаған ата-бабаларымыздың, 

билер мен батырларымыздың, дара 

туған ақындарымыздың ерен еңбектері 

соның дәлелі. Олар жарты ғасырға жуық 

қоқандық басқыншылардың қорлығын 

көрді, ара-тұра алым-салық жинай мыз 

деп қанталап келетін қытай әскерінен 

де талай рет зәбір-жапа шекті, өз 

ағайынымыз болып жүрген қырғыздардың 

шауып кетер бар ынташыларынан да 

әбден зығыр болды. Бұған қоса алтайды 

алып, аягөзден бері аяқ басқан Ресей 

империясының отаршылары да аңғал 

халқымызды түрлі айла-шарғымен арбап 

қолға түсіре бастады. Осы кезеңге әбден 

титықталған ел-жұрт тыныштық үшін неге 

болса да даяр болатын.


АНА ТІЛІ

3

№52 (1310) 



24 желтоқсан

2015 жыл


2

№52 (1310) 

24 желтоқсан

2015 жыл


АНА ТІЛІ

 елБасы Және ел мұраты



Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «24KZ» және «Қазақстан» телеарналарының 

журналистері ерлан Игісінов пен Бейсен Құранбекке жан-жақты сұхбат беріп, онда өтіп бара 

жатқан жылдың басты қорытындылары туралы әңгімеледі және ел өміріндегі аса маңызды 

үдерістерге қатысты өзінің пікірін білдірді.

тәуелсіздік тұғыры

Байыптама

А

пта айшықтары



А

пта айшықтары



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

8 (727) 394-41-30

елБасы


үкімет

парламент 



Тәуелсіздік мерекесіне байланысты Мемлекет 

басшысы Н.Ә.Назарбаевтың атына шетел үкімет-

тері мен мемлекеттері басшыларынан құттық-

таулар келіп түсті.

Ресей Федерациясының Президенті 

В.Путин Қазақстан  әртараптандырылған 

қуатты экономикасы бар, демократиялы, көпэт-

носты ел ретінде табысты дамып келе жатқанын, 

халықаралық аренада лайықты беделге ие 

екенін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі 

өзекті мәселелерді шешу ісіне маңызды үлес 

қосып отырғанын атап өтті.

АҚШ Президенті Б.Обама өз құттықтауында Қазақстанның Еура-

зия жүрегіндегі заманауи ел бола отырып, жаппай қырып-жою қаруын 

таратпау ісін ілгерілетуден бастап, зорлық-зомбылық сипатындағы 

экстремизмге қарсы іс-қимыл жасауға дейінгі жаһандық сын-

қатерлерге қарсы тұруда маңызды рөл атқаратынын айтқан. Тәуелсіздік 

күніне байланысты игі тілектер өзге де мемлекет басшыларының аты-

нан келіп түсті. 



Үкімет үйінде Қазақстан мен Еуропалық одақ және оған мүше 

мемлекеттердің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық 

туралы келісім ресімделді. 

Шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кәрім 

Мәсімов пен Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саяса-

ты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерике Могерини, сондай-ақ Еуропалық 

одаққа мүше елдердің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілері 

қатысты. Құжатқа Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыды-

рысов пен Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты 

жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерике Могерини қол қойды.



Қазақстан Республикасы Парламент Сена-

тының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Киелі 

тақтың (Ватикан) Апостолдық нунцийі Мигель 

Маури Буендианы оның дипломатиялық мис-

сиясының аяқталуына байланысты қабылдады. 

Жоғарғы палатаның басшысы Қазақстан 

м е н   В а т и к а н   а р а с ы н д а ғ ы   е к і ж а қ т ы 

ынтымақтастықты дамытуға қосқан қомақты 

үлесі үшін М.Буендиаға алғыс айтты және 

алдағы уақытта табыстарға жете беруіне 

тілектестігін білдірді. Төраға, сондай-ақ биылғы 

жылы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V 

съезіне әзірлікке қосқан үлесіне орай Ватикан өкіліне ризашылық 

білдірді. Өз кезегінде Апостолдық нунций М.Буендиа қазіргі замандағы 

беймаза оқиғалар аясында Президент Н.Ә.Назарбаевтың дінаралық 

үнқатысу туралы бастамасының ерекше маңызды екенін атап өтті.



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу қаласында өткен ҰҚШҰ 

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты. 

Отырысқа сондай-ақ Армения Республикасының Прези денті 

С.Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А.Лука шенко, 

Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаев, Ресей Фе-

дерациясының Президенті В.Путин және Тәжікстан Республи ка-

сының Президенті Э.Рахмон қатысты. Кездесу барысында тараптар 

ҰҚШҰ-ның жауапкершілігі аймағындағы қазіргі ахуал мен әлемнің 

бірқатар өңірлеріндегі шиеленістің ушығуына байланысты Ұйымның 

бұдан арғы іс-қимылы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар 

ҰҚШҰ тұрақты органдарының лауазымды тұлғаларының ротациясы 

мәселелері қаралды.

Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен 

кездесті. 

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті 

Н.Ә.Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ өз дамуының 

бірінші жылын аяқтап қалғанын, бұл кезең оңай болмағанын айтты. 

Елбасы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессия сы барысында 

халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер де талқыланатынына назар 

аударды.

Владимир Путин екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік 

әлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан жүйелі дамып 

келе жатқанын атап өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің 

жетекші жоғары оқу орындарының өзара ықпалдастығы мәселелері, 

сондай-ақ екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығының пер-

спективалы бағыттары талқыланды.

Елбасы Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллмен кездесті. 

Мемлекет басшысы Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллмен 

кездесті. 

Кездесу барысында Патриарх Кирилл Елбасыны І дәрежелі Сергий 

Радонежский орденімен марапаттады. Қазақстан Президенті еліміздің 

конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған саясатын жоғары 

бағалағаны үшін Орыс православ шіркеуіне алғыс айтты. Мемлекет 

басшысы Орыс православ шіркеуінің Қазақстан мен Ресей халықтары 

арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға қосып отырған 

үлесін атап өтті. Өз кезегінде П.Кирилл Қазақстандағы дінаралық 

бірегей тәжірибесі, әсіресе жер шарының түрлі өңірінде қақтығыстар 

болып жатқан кезде өзге елдерге үлгі ретінде қызмет етуі тиіс екенін 

атап айтты.

Елбасы белгілі әнші, педагог Бекен Жылысбаевтың қайтыс болуына 

байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту 

жеделхатын жолдады.  

 Жеделхатта Б.Жылысбаевтың Ұлы Отан соғысынан оралғаннан 

кейін Алматы мемлекеттік консерваториясын бітіріп, бүкіл еңбек 

жолын осы өнер ордасымен байланыстырғаны атап өтілген. Сонымен 

қатар Б.Жылысбаевтың консерватория профессоры және кафедра 

меңгерушісі ретінде көптеген лайықты ізбасарларын даярлағаны 

айтылған. Оның еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтіліп, 

Қазақ КСР Халық артисі құрметті атағы берілген. Мемлекет басшысы 

әншінің шығармашылық мұрасы қазақстандықтардың әлі талай буы-

нын шынайы өнердің шаттығына бөлей беретініне сенім білдірді. 



Мерекелік құттықтаулар 

Стратегиялық байланыс нығаяды

Тілектестік білдірді

Тұрақтылық пен қауіпсіздік

Ынтымақтастық жүйелі дамып келеді

Дінаралық татулық 

Көңіл айту жеделхатын жолдады

елбасы және ел мұраты

Жылдың басты қорытындылары: 

ПрЕзидЕнтПЕн бЕйрЕсми әңгімЕ

Жылдың басты қорытындылары: 

ПрЕзидЕнтПЕн бЕйрЕсми әңгімЕ

мәдЕниЕт – 

өркениеттілік өлшемі

ЖыЛДың ШЕШуШі 

ҚоРыТыНДыЛАРы ТуРАЛы

 2015 жылғы негізгі оқиғалар арасынан 

Мемлекет басшысы президенттік сайлауды, 

жүзеге асырыла бастаған Бес институттық 

реформа мен «100 нақты қадамды», Қазақ 

хандығының 550 жылдығын, Конституция 

мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 

жылдығын ерекше бөліп атады.

Бұл орайда, Нұрсұлтан Назарбаев әлем-

дік экономикадағы бай қа лып отырған дағ-

дарысты еске ре кел генде, өтіп бара жатқан 

жыл  дың оңай болмағанын атап көр сетті.

– Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 

бірнеше дағдарысты басынан өткерді. Біз 

оқиғалардың осылайша дамитынын білдік, 

алайда, барлығы осыншалықты күрделі бо-

латынын болжаған жоқпыз. Мұнай бағасы 

жарты жылда 115 доллардан 40 долларға дейін 

түсіп кетті. Металл, газ бен басқаларды қоса 

алғанда біздің экспорттық тауар ларымыз 

құнының арзан дауы бюджетке түсімдерді 

қыс қартты. Осылардың бәрін есепке ала 

келе, біз әрі қарайғы іс-қимы лымызды 

айқындадық. Мұның барлығын халық менің 

жақындағы Жолдауымнан, сондай-ақ, басқа 

да маңызды шаралардан естіп, құлағдар бол-

ды, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті тұтастай алғанда, 

елдегі жағдай тұрақты екенін атап өтті.

– Қиындықтар болады. Бірақ біз 

азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы на-

шарламауы үшін бәрін де жасап жатырмыз. 

Мен ал дағы жылдың 1 қаңтарынан бас-

тап бюджеттік ұйымдар қызмет кер лерінің 

еңбекақысын, оның ішінде мемлекеттік 

қызметшілер де бар, сондай-ақ арқаулық 

зейнетақы мен стипендияларды көбейту 

туралы жария еттім. Мұның барлығы адам-

дарды дағдарыс салдарынан қорғау үшін 

жасалып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы біздің елімізге 

Ресей мен Батыс елдері арасындағы екі-

жақты санкциялар, Ресей-Түркия қа ты-

настарының нашарлауы мен Қытай Халық 

Республикасындағы экономикалық ыр-

ғақтың төмендеуі ықпал етіп отырғанын атап 

көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, 

жылдың шешуші оқиғалары Қазақстанның 

Еуропалық одақпен Кеңейтілген әріптестік 

пен ынты мақ тастық туралы келісімге қол 

(Басы 1-бетте)

Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа 

тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар 

болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арай таңы 1991 

жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем 

көгінде Қазақстан Республикасы атты жаңа 

жұлдыз жарқырап тұрды. Тұтас дәуірлердің 

куәсі болған халқымыз сан ғасырлар бұралаң әрі 

қиын жолмен жүріп өтті. «Адам баласы сияқты 

мемлекет те өмірінде екі ғұмырлық босағадан 

аттайды. Біріншісі – жарық дүниенің есігін 

ашу. Екіншісі – ересек өмірдің табалдырығын 

басу. Екеуі де қайталанбас қастерлі мезеттер». 

Бұл – Әбу Насыр әл-Фарабидің орамды айтып 

кеткен сөзі, өнегелі өсиеті. Биыл, міне, осынау 

рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 24 

жыл толды. Қарапайым тілмен айтқанда, нағыз 

ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында 

тұрмыз» деді Н.Назарбаев.

Президент мемлекетіміздің ұлы мақсаттарға 

қол жеткізуге ұмтылатынын атап өтіп, 

халқымыздың мұратын іске асыру бүгінгі 

ұрпақтың еншісінде екендігін тілге тиек етті. 

Аман-саулық адамның нағыз бақыты болса, 

Тәуелсіздік – ха лықтың жалғыз бақыты деген 

Махатма Гандидің сөзін мысалға келтіріп, ра-

сында да Тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен 

елдік қай халық үшін де дәмі балдай, мәртебесі 

таудай асыл ұғымдар болып саналатынын 

қадап айтты. «Елу жылда – ел жаңа» деген 

халық даналығын баршаңыз білесіздер. Десек 

те, біз елу емес, небәрі 24 жылда қарыштап 

жаңаланған, төрткүл дүние бағалаған ел болдық. 

Ширек ғасырға жуық кезеңде біз кейбір мем-

лекеттер ештеңесіз шығатын, ал енді бірі 

ғасырларды сарп ететін тарихи жолдан өттік. 

Бұл бабалардың ерлігімен рухтанып, болашақ 

ұрпаққа жол ашқан барша қазақстандықтардың 

еңбегі арқасында мүмкін болды. Егер егемендік 

тұсында елдігі бекем, тұғыры биік жұрт болсақ, 

оған осы отырған сіздердің де қосқан үлесіңіз 

қомақты деп білемін» деді Елбасы.

Астана төрінен басталған мерекеміз 

еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтті.  

Алматыдағы Тәуелсіздік мерекесін Алма-

ты қаласының әкімі Бауыржан Байбек, 

қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов  бастаған 

қоюы, еліміздің Дүниежүзілік сау да ұйы мына 

енуі болғанына назар аударды.

Қазақстан  Президенті  жария лан ған 

институттық реформалар ды жүзеге асыру 

аясында Пар ламенттің үдемелі жұмыс істе-

генін атап өтті. Депутаттар 80 шақты заң қа-

былдаса, соның нәтиже сінде алдағы жылдан 

нақты жаңғыр тулар жүзеге асырыла бастай-

тын болады.

Мемлекет басшысы біздің рес пуб ликамызға 

жетекші әлем елдері мен халықаралық қаржы 

институттары тарапынан оң көзқарас та-

нытылып отырғанын және олардың ынты-

мақтастыққа дайын екенін атап көрсетті. 

Сондай-ақ, Қытай мен Ұлыбританияға және 

Францияға сапарлар барысындағы келіс сөз-

дердің, Астанада шетел дердің мемлекет және 

үкімет басшыларымен кездесулердің жемісті 

болғанын мәлімдеді.

– Осындай қарым-қатынастар бізге 

сенімділік беріп қана қоймай, Қазақстанның 

әлемде құрметке және сенімге ие екенін 

көрсетеді. Осының барлығы Тәуелсіздіктің 

24 жылындағы қызметіміздің нәтижесі болып 

табылады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет