Қазақстан Республикасының Тәуел- сіздігін жариялаған күн – біздің



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата22.12.2016
өлшемі3,79 Mb.
#252
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Темірхан ТЕБЕгЕНоВ,

филология ғылымының докторы,

профессор

«

Қ



ұлманбеттен қалған құлынмын,

Өзімізді өзіміз құйрық маймен емдесек!

Бақилыққа кеткенше

Адамдықтан бас тартпай,

Түлкі-өмірді ұялтып,

Одан ары қызартып

«Қош-есен сау бол!» десек.

Ақынның бірқатар өлеңдеріндегі 

(«Қанды ауыз тағдыр қалайсың?», 

«Ақындарға», «Елге кетем, жетті 

енді, елге кетем», «Жасағаным емес 

менің асылық», «Жаратқан бізге жат-

са да гүл өмір беріп», т.б.) лирикалық 

қ а һ а р м а н н ы ң   т о л ғ а н ы с т а р ы м е н , 

адамзаттың (Адам Ата мен Хауа Ана), 

қазақтың (Қорқыт, Асан қайғы, Абай, 

Мұхтар, т.б.) арғы-бергі тарихындағы 

көрнекті тұлғалардың, қазіргі заман 

адамдарының тіршілік қозғалысындағы 

сан алуан қиындықтармен жағаласып 

өткен күрделі тағдыр тауқыметтерін, 

күншілдік, қырсыздық, қызғаншақтық, 

әзәзілдік, т.б. жағымсыздықтар жайлаған 

тіршілік келбеті – ақынның бейнелі 

ө р і л і м д е р і м е н   ө р н е к т е л г е н :   « А ш 

күзендей иіліп Аллаға адал сиынып», 

«Тұрағы жоқ гүл тағдыр», «Кебенегімді 

жамылып, Асан боп арман айтармын, 

аңызды ажал далаңда» («Қанды ауыз 

тағдыр, қалайсың?»); «Қарағайға болсам 

жапырақ жетпес пе менің нарқыма!, 

«Көп жақын көрің төріңнен тар қолтық 

тақыр қоғамда», «Жапалақ басты жарға 

ұрып, аққудан кетіп арлылық, қараңғы 

көңіл қаз қуып, тараққа таздар таласып, 

тесікке жыртық паң күліп» («Қарағайға 

болсам жапырақ»); «Ақ сүтпен бетін 

бояған, парағым, сендегі ақтық нала-

мұң!..», «Емшектеріндей тағаның 

қажалып тасқа барамын! Сағым боп 

күткен самалым», «Қалықтағансып 

ұшсақ та білген соң ештеңе өнбесін, 

қарқылдап қамсыз қарғадай ақтарам со-

нан соң көң бетін, пендешіліктің басып 

пернесін, жақындап келем көлге шын, 

өнерім шығар өлгесін» («Ақ арым– 

қаламым, парағым!»); «Ақын дар – тірі 

әруақтар»,  « Ақындар-ай,  сай тан мен  де, 

сайқалмен де кеңескен, қайтар белде 

шайтанмен де егескен», «Ессіз ғалам 

еңбегіңді еш тұзыңды да сор еткен, ел 

мен жердің масылы емес – асылдары 

емес пе ең?! Құрдымнан су таситұғын 

түбі тесік шелекпен» («Ақындарға»); 

«Семсер өрлік сертті ерлік өртім де бар», 

«Бос өкпелік жоқ менде өгіз мұрын», 

«Көк итіне таланам көп игінің», «Сұлтан 

көп қой май мұрын, қозы қарын, қомдап 

жүрген боқтағы қоңыз-арын», «Бақа-

шаян ұрпақтың соры қалың» («Елге 

кетем, жетті енді, елге кетем»); «От 

күндер – боран күндер», «Текетірес, 

күншілдік, қырсыздықты уақыт туа 

берер тетелес қып», «Тез өтетін адам-

дай тауар бар ма? «Су тегін адам құны 

ажал-байға!», «У мен сүтті жатқызып 

ағарғанға өте берер жақсы да, жамандар 

да», «Алдамшы өмір, алдау шы қоғам 

барда мұнан басқа оу, қасқа, шараң 

бар ма? («Өтті күндер»); «Үрейді үрлеп 

қоздырып ашу надан», «Жақсы сөз – 

жарым ырыс шашылмаған», «Сыздаған 

жел буынын сықырлатты кәрі ағаштың 

желкесін құрыстырып», «Айналды-

рып тіршілік доңғалағын, аспан сосын 

ашты да оң қабағын, әр жерден бір 

Мұнар да-мұнар, мұнар күн,

Мұсылмандарға мұң артып,

Күміс сақал абызды

Аруақтай қуартып,

Бала емізер ана жүр,

Тарқамай жатып уызы,

Ақ емшегін суалтып,

Базарларда жүк артып...

... Жілікті чиновниктер жүр,

Бір күнде бес мың теңгелік

Майымен Джипін суартып.

Белі бүкір кемпір-шалдардан,

Бензобагының құны артық.

...Қарапайым ел, біз жүрміз,

Бір-бірімізге мін артып.

Мін таппасақ сын артып.

Бесіктен белі шықпаған

Немереміз нервный,

Шөбереміз пияншік.

Оразалы қазіргі қазақ ұлтының жан 

дүниесіндегі сұрақ-жауап түрінде бо-

лып жатқан екіұдай ойлар жүйесінің 

психологиялық әлемін бейнелі сыншыл 

өрілімдермен жеткізеді:

... Қарапайым қазекем,

Көреді бүгін нені артық?

Тер төгіп тапқан асының,

Ұзындығынан ені артық.

Теңселген әкімдеріңнің

Итінің итаяғында

Иістеніп жатқан жемі артық

Шенеуніктерден аспайтын,

Шетелдік инвестицияңнан,

Төлегеннің, Мұқағалидың жырларымен 

үндес өр рухты қаһармандық-отаншылдық, 

азаматтық-сыншылдық сарындылығымен 

ерекшеленеді. Авторлы ауызша және жаз-

баша поэзиямызда қалыптасқан азаматтық-

отаншылдық сарынмен жырлау – қазақ 

әдебиетінің өзіндік ұлттық тарихи-мәдени 

негізі, алтын арқауы болып саналады. Ора-

залы ақынның отты, уыты жырларынан 

қазақ поэзиясының негізі – алтын желісі 

өр рухты қаһармандыққа толы азаматтық-

сыншылдық, сонымен бірге халқының 

тағдырына алаңдаулы зар замандық 

мұңды-шерлі сарындар тұтастығымен жыр-

лау мәнері айқын байқалады. Ақынның 

өлеңдерінде бүгінгі ұрпақтың атынан 

айтылатын перзенттік сезім сырлары-

нан мыңжылдықтар белестерінен өткен 

халқымыз ұрпақтарының көркем шындық 

бояуларымен өрнектелген айбынды, 

сыншыл сырлары төгіледі. Оразалының 

өлеңдеріндегі лирикалық қаһарман ақын 

– нағыз қазақтың жинақталған тұлғасы. 

Ақынның қазақтың тұлғасын даралап 

жырлаған өлеңінен халықтық-ұлттық діл 

болмысының романтикалық-реалистік 

сипатын сезінеміз:

Малын тапқан маңдай ақы терменен,

Ақиқаттың ас-суына шөлдеген.

Жанын берген, арын бірақ бермеген,

Қасқыр текті қазақпын ғой мен деген.

Қаптаса да қасірет-нама, шер-шемен,

Жеті атамнан бері қарай жеңбеген.

Өтеген КҮМІСБАЕВ

марапат


бұрындары жарияланбаған көптеген 

ресми құжаттар, естеліктер, қолжаз-

балар, фотосуреттер берілген.

Екінші кітаптың аты – «Автограф».

Қазақтың ұлы суреткері, ойшыл, 

ғалым, академик Мұхтар Әуезовтің 

сүйікті ұл-қыздарына, жанында жүр-

ген жанкүйер жолдастарына, за ман-

дас тары  мен  әріптестеріне,  қа зақ тың 

біртуар  тарихи  тұлға ла рына,  қоғам 

қайраткерлеріне берген қолтаң балары 

бұл еңбекте тұңғыш рет жүйеленіп, 

зерттеліп, жарияла нып отыр. Жазу-

шының жеке кітапхана қоры нан алынып 

отырған қолтаңбалар тек суреткердің 

шығармашылығы үшін ғана емес, жалпы 

қазақ әдебиеті тарихы үшін де қажетті 

дүние. Ұлттық әдебиеттану ғылымында 

тұңғыш рет зерттеліп отырған еңбекте 

автографтың өзіндік стилі, тілі, тағдыры, 

тарихы бар ерекше жанр екендігі жан-

жақты талданады. Монографиялық 

еңбек 3 бөлімнен тұрады. 

Смайыл БАзАРБАй

Әдебиеттанушы, филология ғылы-

мы ның докторы гүлзия Пірәлі нің 

Алматыдағы «Елтаным» баспасынан 

екі кітабы жарық көрді. оның бірі 

«Мұхтар Әуезов Ленинградта» деп 

аталады. 

Қазақтың ұлы жазушысы, ғалымы, 

академигі, көрнекті сурет кері Мұхтар 

Әуезов 1923-1928 жылдар аралығында 

Ленинград университетінде білім алды. 

Даңқты Ресей қаламгерлерімен, қоғам 

қайраткерлерімен, ғалымдарымен, 

ақын-жазушыларымен араласып, 

рухани кеңістігін кеңейтті. Отба-

сын құрып, өмірлік серік тапты. 

Студент кезінде атақты «Қарагөз», 

«Хан Кене» пьесаларын, «Қараш-

Қараш оқиғасы», «Қилы заман» және 

өзге де прозалық шығармалары мен 

«Әдебиет тарихы» атты оқулығын, 

ғылыми-зерттеу еңбектерін жазды. 

Студенттік шақ жазушы шығар-

машылығы үшін ең бір жемісті кезең 

болды. Деректі ғылыми зерттеуде 

сегізінші қазына 

Ұлы 

суреткер 



туралы 

зерттеулер 

артистері Бақыт Тушаев пен Бейбіт Қа-

ма ранов марапатталды. Соны

 

мен қатар 



М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік 

а к а д е м и я л ы қ   д р а м а   т е а т р ы н ы ң 

артистері Жасұлан Бай салбеков, Талғат 

Сағынтаев, Ләззат Қалдыбекова мен 

Салтанат Бақаева, Оңтүстік Қазақстан 

о б л ы с т ы қ   Ж . Ш а н и н   а т ы н д а ғ ы 

академия лық драма театрының артисі 

Жәудір Сарыпбекова марапатталды. 

«Әдебиет» аталымы  бойынша Саян Ес-

жанов пен Ержан Жұмабеков, ал «Халық 

өнері» аталымы бойынша Нұрмат 

Мансұров пен Айсәуле Бейсенханға 

төсбелгі мен диплом табысталды. 

«Журналистика» аталымы  бойынша 

К Т К   т е л е а р н а с ы   « Ж ү р е к ж а р д ы » 

бағдарламасының жүргізушісі Жадыра 

Сейдешева үздік деп танылды.

 

Мәрлен ғИЛыМхАНоВ



«Серпердің» үздіктері

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекет-

тік академиялық драма театрында 

Қазақстан Жастар одағы «Серпер» 

сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. 

Рәсімге белгілі өнер қайраткерлері 

қатысты. Жиынды Қазақстан Жастар 

одағы «Серпер» сыйлығы комис-

сиясы төрағасының орынбасары, 

саяси ғылым докторы, профессор 

Есенжол Алияров пен КСРО халық 

артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лау-

реаты Асанәлі Әшімов құттықтау сөз 

сөйлеп, ашты. Биыл «Театр өнері» 

аталымы бойынша Қ.Қуанышбаев 

атындағы Мемлекеттік академиялық 

қазақ-музыкалық драма театрының 

артистері Таңсұлу Баталова мен Сая 

Тоқманғалиева, Ғ.Мүсірепов атындағы 

Қазақ мемлекеттік академиялық ба-

лалар мен жасөспірімдер театрының 

мәденИет


ойын алаңдары қарастырылған. Ата-

аналар балаларымен ертегі және мульт-

фильм кейіпкерлерімен суретке түсіп, 

артынша жас жеткіншектер асфальт 

бетіне өз қиялдарын бейнеледі. Ал 

саябақтың шығыс қақпасында орна-

ласқан сахнада өнерлі балалар өз шы-

ғармашылықтарынан концерт ұсынды. 

Онда ән және биден байқаулар өтіп, 

көпшіліктің көңілін бір көтеріп таста-

ды. Сондай-ақ көркемсурет мектебінің 

оқушылары да өнерден  шет қалмады.



Данияр САғыНДыҚ 

балаларға – базарлық



Талдықорған қаласы әкімдігінің 

бастамасымен «Бақытты балалар 

әлемі» атты мерекелік концерт 

өтті. Қала күні аясында арнайы 

ұйымдастырылып отырған шара 

– ойын-сауық, танымдық және 

шығармашылық болып үш негізде 

өтіп, кішкентай қала тұрғындарына 

ерекше көңіл-күй сыйлады.

Саябақ ішіне кірген кезімізде 

құдды бір ертегі әлемінде жүргендей 

күй кештік. Себебі ол жерде жас бала-

ларға арнап үлкен қуыршақтар мен 


12

№52 (1310) 

24 желтоқсан

2015 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

13

№52 (1310) 



24 желтоқсан

2015 жыл


БаҚ пен БаҚ 

Балалар мен жастардан,

Бақ-береке басталған.

Басты-басты газеттің 

Бірнешеуін басқарған.

(Журналистік фольклордан)

Қазақ руханиятында қашаннан үш газеттің 

орны бөлек-ті. Қолына қалам ұстаған баланың 

бәрі алғашқы мақаласын «Қазақстан пионеріне» 

(қазіргі «Ұлан») жолдайтын, жазу өнеріне құмартқан-

дардың көбі шеберлігін «Лениншіл жаста» (қазіргі 

«Жас Алаш») шыңдайтын. Ал салмақты сөйлеп, 

орнықты ойлайтындардың шығармашылық отауы 

«Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») 

еді. Әрине, ол кезде Алматыда салалығы бар, қалалығы 

бар, басқа газеттер де шығып тұрды. Бірақ жазу-

сызуға икемділік танытқандар руханияттың бесігіне 

айналып, оқырманымен көбірек тілдесіп тұратын осы 

үш басылымның төңірегінде тұрақтайтын. Осынау 

газеттердің үшеуінде де қызмет істеп, журналистік 

жұмыстың көрігін қыздырған қыз-жігіттер баршылық. 

Алайда, үш басылымға да бас редактор болған жалғыз-

ақ қаламгер бар. Ол – журналист-жазушы Уәлихан 

Қалижанұлы. «Ұлан» – қазақтың балалығы, «Жас 

Алаш» – даралығы, «Егемен Қазақстан» – даналығы» 

деп бір ағамыз айтқандай, кейіпкеріміз әр жылдарда 

ұлт мұратымен үндес үш газеттің де билігін қолға алды. 

Бұл жағынан ол кісінің бағы бес елі емес, бес келі деуге 

болады. 


Кейіпкеріміздің болмыс-бітімі, тыныс-тіршілігі 

бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланысты. 

Университетте алған мамандығы филолог екеніне 

қарамастан, еңбек жолын «Жетісу» газетінің меншікті 

тілшісі болып бастады. Журналистік жұмыстан 

жерімей, бұл басылымда жеті жыл қызмет істеді. Со-

дан соң Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің 

баспасөз секторының меңгерушілігіне тағайындалып, 

еліміздің бүкіл жастар мен балалар басылымдары-

на бас-көз болды. «Қазақстан пионері» мен «Жас 

Алашта» он төрт жылын өткізіп, еліміздің Баспасөз 

және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары 

қызметін атқарды. Президент Әкімшілігінің Ішкі 

саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары ретінде 

журналист әріптестерінің жұмысын қадағалап отырды. 

Парламент Сенатының баспасөз қызметін басқарды. 

Сөйтіп, баспасөз оның бағын жандырды. Бұқаралық 

ақпарат құралдарының қысқарған атауы бұл салада 

үнемі табысқа жеткен оның болмысын дәл танытатын 

секілді. Өйткені оған БАҚ пен бақ үнемі серік болды. 

Заманның ыңғайына, өзінің іскерлігіне қарай, барған 

жерінде елеулі өзгеріс байқалғаны рас. Мәселен, 

«Қазақстан пионерінің» таралымы едәуір артты. 

«Лениншіл жастың» жетпіс жыл жамылған аты өзгерді. 

«Егемен Қазақстан» көштің басын Астанаға қарай 

бұрды. Сондықтан оны БАҚ пен бақты үйлестіре 

білген басшы деп бағалауға болар.

 Уәлихан ағамыз балалар басылымына басшылық 

еткен жылдарда жемісті жұмыс жүргізді. Газет беті 

оқушылардың ашық әңгіме алаңына айналды. 

Қазақ ұландары бұрыннан қалыптасқан пікірталас 

мәдениетін одан әрі дамыта түсті. Олардың ұлттық са-

насын оятып, елдік танымын арттыруға ден қойылды. 

Халқымыздың этнографиялық құндылықтары 

жөнінде түрлі тәсілдер арқылы жеткілікті мәлімет 

берілді. Ой-өрісті жетілдіретін «Танымдық ойындар 

мектебі» (ТОМ) бала біткенді газетке жіпсіз бай-

лады. Жас тілшілердің беделі көтерілді. Каз ГУ-дің 

журналистика факультетіне оқуға түсуге келгендерді 

газет редакциясына жинап, бір-бірімен таныстырып, 

шығармашылық ортаға бейімдеу үрдісі жалғасты. 

Ең бастысы, «Қазақстан пионерінің» таралымы 

65 мыңнан 215 мыңға дейін жетті. Мұны Уәлихан 

ағамыздың БАҚ-тағы бағының басы деуге болар еді.

Оның тұсында «Лениншіл жастың» аты «Жас 

Алаш» болып өзгерді. Тегінде, осылай атау туралы 

қоғам дық пікір де орныға бастаған. Бәлкім, басқа 

басылымдар атауды алып қояр деп сақтық ойлады 

ма, бас редактор бір-ақ күнде шешім қабыл дады. 

1991 жылы елді дүрліктірген тамыз бүлігі бір қатар 

жағдайды айқындап берген соң, сол айдың 28-і күнінен 

(167-нөмір) жаңа атаумен шыға бастадық. Сөйтіп, 

басылымның о бастағы тарихи атауы ұзақ жылдан 

соң қайтып оралды. Газет атауын өзгерткен соң да 

Қалижанов қарап отырған жоқ. Қызметкерлеріне 

енді ғана аршылып жатқан тарихи ақтаң дақтарға 

түрен салғызды. Алдымен, газеттің бұрынғы бас-

шыларын түгелдеді. Түгелдейтіндей жөні бар еді. 

Бұлардың бірқатары жазықсыз жапа шеккен арыстар 

болатын. Там-тұмдап материал жинатты. Жігіттер 

бұрқыратып жазып жатты. Сол мақалалардан осы 

уақытқа дейін есімі белгісіз боп келген азаматтардың 

басылым басшысы болғанын білдік. Әсіресе, «Жас 

Алаштың» алғашқы бас редакторы, қазақ жастарының 

көшбасшысы Ғани Мұратбаевтың өміріне қатысты 

жаңа деректер іздеп, оқырманға ұдайы мәлімет беру 

мақсатымызға айналды. Басшымыздың тапсырма-

сымен Ғанидың зайыбы, ол тұста жасы сексеннен 

асқан Бақытжан Құр ман байқызын естен шығармай, 

үнемі сұхбат жасап, тұрмыс-тіршілігі жөнінде елді 

құлақтандырып отырдық. 

Бас редактордың тұсында атқарылған тағы 

бір іргелі іс – Қазақстан комсомолын басқарған 

тұғырлы тұлғалардың өмірбаяндық тарихын түзу. 

Ол тілшілерін Мәскеу мұрағаттарына жіберді. 

Қайсар Тәштитов, Ғазиз Қуатов, Хиуаз Доспанова, 

Сағындық Кенжебаев сынды жастар жетекшілерінің 

ел біле бермейтін елеулі істері жөнінде портреттік 

мақалалар әзірлетті. Мәскеуде құрылып, ел рухын 

оятқан «Жас тұлпар» ұйымының тарихы туралы 

бір кітапқа жүк болатын мақалалар жаздырды. Ол 

жігіттерді шығармашылық ізденіске жұмылдыра 

білді. Шетінен еңбекке баулыды. «Наурыз» мейра-

мын халықпен қайта табыстыру үшін газеттің бар 

мүмкіндігін тиімді пайдаланды. Кей тұста тәуекелге 

бара білгенін айтпасақ, әділдік болмас еді. 

«Егемен Қазақстанның» бас редакторы болған 

кезінде тағы бір тарихи миссияны орындауына жол 

ашылды. Ол Алматыдан Астанаға қоныс аударатын 

бас басылымның көшін бастады. Бұл жағынан да 

оның бағы бар дер едік. Көші-қон жұмыстарын 

шебер ұйымдастырды. Алдымен жаңа қаладан 

астаналық бюро ашты. Содан соң журналистердің 

алғашқы тобын аттандырды. Алымдылығы мен 

шалымдылығының арқасында тәуір ғимаратқа 

қол жеткізді. Қызметкерлердің бәрін пәтермен 

қамтамасыз етті. Ақыры, «Егемен Қазақстан» түгел 

көшіп келді. Қоғамды елең еткізген Шерхан Мұртаза 

мен Камал Смайыловтың газет бетінде жазысқан хат-

тары – Уәкеңнің тұсында жүзеге асқан жемісті жоба. 

Мұның бәрі БАҚ пен бақтың сабақтас ты ғының 

әрі кейіпкеріміздің іскерлігінің нәтижесі екеніне кім 

таласар?!

Пердесіз көңіл

шаһар

(Эссе)

СаБаҚ пен ҚаБаҚ

Боз кілемді билеген,

Бірақ басын имеген.

Балуанның біразын,

Балшықтай-ақ илеген!

(Журналистік фольклордан)

Оқушы біткен мұғалім атаулының сабағы мен 

қабағын аңдып отырады. Студенттер де солай. Бәріміз 

де сөйттік. Лектордың сабағы қызықты, қабағы ашық 

болса, бағыңның жанғаны. Біздің кейіпкеріміздің 

де осындай оқытушы екеніне баяғыда көзіміз жетті. 

Журналистика факультетінің басшылары ара-тұра 

бұқаралық ақпарат құралдарының беделді өкілдерін 

дәріс беруге шақыратын еді. Үшінші курста оқып 

жүргенімізде «Қазақстан пионері» газетінің бас 

редакторы Уәлихан Қалижанов бізге арнайы курс 

жүргізуге келді. Ол келеді дегенде бұл басылымға 

қаршадай кезінен мақала жазып, бесіктен белі 

шықпай жатып «бала тілші» атанған Әнуарбек 

Әуелбеков пен Мұратбек Тоқтағазин едәуір елеңдесіп 

қалды. Елеңдескені не, оны алдынан шығып күтіп 

алып, терезесін тең ұстап, залды әрі-бері бойлай 

жүріп әңгімелесіп, мәз болысты. Осы уақытқа дейін 

редактор түгілі корректормен жөндеп сөйлесіп 

көрмеген біз оларға кәдімгідей қызығамыз. Олар 

да бізді еліктіре түскісі келгендей ана кісіге түрлі 

сұрақ қойып, жақындықтарын білдіріп, жанында 

айналшықтап ұзақ тұрып алды. 

Жаңа оқытушымыз тым қарапайым екен, өз 

басылымына белсенді атсалысқан біздің курстаста-

рымызды бірден бауырға тартып, хал-жағдайларын 

сұрап жатыр. Жүзі өте жылы көрінді. Сәлден соң 

сабағын бастады. Дәрісін әлемдік журналистиканың 

мәселелері туралы әңгіме түрінде өткізді. Ком-

сомолда қызмет істеп жүрген кезінде шет елдерді 

көп аралапты. Сондағы көрген-білгендерінің өзі 

талай лекцияға жүк болатын түрі бар. Бір сәтте 

АҚШ-тың саяси шолушысы Уолтер Липпманның 

журналистік шеберлігіне тоқталды. Оның ақпаратқа 

ел-жұртты сендіре білетін ерекше қасиеті жөнінде 

айтты. Вьетнаммен соғыста қаза тапқан америкалық 

солдаттардың табыты жанында тұрып, жан 

тебірентерлік репортаж жүргізгені туралы баянда-

ды. Біз бұдан кім үстем болса, соның ақпараты да 

өктем болатынын ұққандаймыз. Тісқаққан шебер 

журналист дерек пен дәйекті қалағанынша ойната 

алатын көрінеді. Мұның бәрі Американың бейнесін 

«Азат дүниенің сиқы» деген айдармен ұсынылатын 

карикатуралардан ғана көретін біз үшін әрі таңсық, 

әрі қызық еді. 

Балалар басылымы басшысының сабақ беру 

тәсілі бізге қатты ұнады. Өзі студенттерін ешқашан 

түгелдемейді екен. Топтың журналында шаруасы жоқ 

оқытушыдан дәріс алу – қазақ студентінің маңдайына 

жазылған бір бақыты. Лекцияға кешігіп келсең 

де, ұрыспайды. Сөзін бөліп, сыртқа шығып келуге 

сұрансаң да, жібере салады. Әкеміздей еркелететін 

ақкөңіл кураторымыз Мамытбек Қалдыбаевтан 

кейін жанымызға жақын жаңсаң мінез педагог көріп 

тұрғанымыз осы. Сондықтан біз оны өте жақсы 

көрдік. Мұндай жұртқа жайлы оқытушыдан айналып 

кетпейсің бе?! 

Ол тұста ағамыз жап-жас. Қырыққа да толмаған 

кезі. Сірескен кеңестік дәуірде көрген алғашқы 

демокра тымыздың бірі де сол кісі шығар. Әлі күнге 

дейін мен оны сабағын тартымды өткізетін, жұртты 

жалықтырмайтын тәуір лектор ретінде бағалаймын. 

Бірақ оның бізге берген дәрісі бір семестрмен ғана 

тұйықталды. Күн сайын конспект жаздырып, әбден 

зықымызды шығаратын, оны тоғыз рет тексеріп, елу 

рет ескертетін айғайшыл ағайларымыз бен адуын 

апай ларымыздан әбден зәрезап болған біз: «Міне, 

бізге студенттің жан-дүниесін ұғатын осындай мейір-

бан әрі ойлы оқытушылар жетіспейді» деп өзімізше 

діл марсып жүрдік те, біраздан соң оны ұмытып 

кеттік.

Жо-жоқ, ұмыта алмайды екенбіз. Кейін тағдыр-



дың жазуымен қарамағында жеті жыл қызмет істедік. 

Бала-шағамыздың несібесіне айналған үш бөлмелі 

пәтерімізге сол кісінің тұсында қол жеткіздік. Мұхит 

кешіп, тау асып, талай сапарға бірге аттандық. 

Оны айтасың, бертінде беделді ғылым ордасының 

босағасынан да қатар аттадық. 

...Сонымен, ол біз қызмет істеп жүрген «Лениншіл 

жастың» бас редакторы болып тағайындалды. 

Жасыратыны жоқ, алғашқыда бұл жаңалықты 

тосырқай қабылдадық. Себебі, бұрынғы басшымыз 

шығармашылық ортада аса беделді қаламгер Сей-

дахмет Бердіқұлов еді. Біз оның басқару тәсіліне 

әбден бейімделгендіктен, өзге басшыны көз 

алдымызға елестете алмайтынбыз. Болмысынан 

бекзаттығы байқалатын сол кісінің арқасында 

еңсеміз үнемі көтеріңкі жүретін. Оның іріктеп 

алған кадрлары да өте танымал журналистер 

болатын. Алда-жалда бас редакторымыз басқа 

қызметке ауыса қалса, өзіміз үйреніскен сол 

ағаларымыздың бірі орнын басатын шығар 

дейтінбіз. Олай болмады. 

Сейдахмет аға «Жалын» баспасының 

дирек торы болып бекітілген соң, көп ұзамай 

комсомолдың басшылары Уәлихан Қали-

жановты ертіп келді де, ұжымға таныстырып 

кетті. «Өзі – ғылым кандидаты, өзі комсо-

мол да істеген. Екі тілге бірдей ағып тұр. Бұ дан 

артық сендерге қандай редактор керек?!».

Сол күні Сейдахмет Бердіқұлов он алты 

жас басқарып, бүкіл қазақ жұртына таны-

мал еткен әйгілі басылымның кезекті саны-

на Уәлихан ағам шиырып тұрып қол қойды.

«Лениншіл жас» – менің алғашқы 

шығармашылық ұжымым. Өзім өз болғалы 

бірінші рет бастығым ауысып тұр. Мүлде 

танымайтын адамым емес. Бізден бір-ақ 

жерге қазық қылып қағып жіберем десе де еркінде 

емес пе?! Оған өз пікірімізді ашық білдіретінбіз. 

Өйткені, ойы айқын журналисті қадірлейтінін 

аңғарғанбыз. Тіпті, тіліміз шығып, қалжың айтамыз. 

«Сейдағаңды жақсы көретін деріңді білеміз. Бірақ 

ол кісімен осылай әзілдесе алар ма едіңдер?», – деді 

бір күні жігіттердің бірі. Сосын біразға дейін жым 

болдық. Бәрібір әзілдесуді қоя алмадық. Өйткені 

бас редакторымыз да қалжыңға өте шебер екен. Өз 

әзіліңмен өзіңді өлтіріп түсіреді. 

Бірде алдымен республика комсомо лының, одан 

соң одақ комсомолының кезекті съезі өтіп, науқандық 

шаруаның бәрі аяқталған соң бас редакторға кірдім. 

«Уәке, съезд болса бітті, комсомолдың маған өкпесі 

жоқ шығар. Енді мен демалысқа шығайын, жіберіңіз», 

– дедім. Сөйтсем, бас редакторым: «Демалысы несі, 

енді съездің шешімдерін жүзеге асырмайсың ба?», – 

деп қарап тұр.

Сөйтсек, Уәкеңмен бірге жастар басылы мына 

демократия келген екен. Ол шығармашылық адам-

дарына толық жағдай жасады. Журналистер еркін 

жүріп-тұрды. Жазам деген тақырыбын жазды. 

Қызметкерлерін мүмкіндігінше қорғауға тырыс-

ты. Бірде-бір адамның соңына түсіп қудалаған 

жоқ. Интрига дегенді біле бермейтін бір жайлы 

ұжымға айналдық. Оның үстіне, ол бас редакторлық 

қызметке әйгілі Желтоқсан оқиғасы тұсында келді. 

Биліктегілердің бәрі кәріне мінген мұндай кезде 

бұқаралық ақпарат құралын басқару айтуға ғана 

оңай. Күн сайын берілетін нұсқаулардың біріне 

көз жұма қарап, біріне ашық көзқарасын білдіріп, 

әйтеуір осы бір мазасыз кезеңнен өзі де отқа түспей, 

қызметкерлерін де дау-дамайға ұрындырмай, аман-

есен алып өтті. Егер ол жылдарда арнайы нұсқаумен 

ұсынылған бірқатар мақалалар түрлі себеппен ба-

сылмай қалса, бұл тумысынан дипломат Уәкеңнің 

қолданған әдіс-тәсілінің нәтижесі деп біліңіз. 

Арыстанды апа деп, жолбарысты жезде деп, ком-

сомол көсемдерінің тілін тауып, пәлелі-жалалы 

қалса, жеделдетіп дастарқан жайып жіберетінбіз. 

Біреуміз арнайы барып, Уәкеңді «вечерге» шақырып 

келеміз. Ағамыз ашқұрсақ сарбаздарының көңілін 

қалдырмайды. Тілегін айтып, дәм татып кетеді. Бас 

редактормен бірге нарды ойнаймыз. Бірде ол, біз 

жеңеміз. Несін айтасың, бір рахат заман болды... 

«Жас Алаштың» жетпіс жылдығына орай шыға-

рыл ған арнайы нөмірді шығаратын комиссияға мені 

басшы етіп белгіледі. Бұл менің жасымдағы бала-

шағаға жүктеле қоймайтын жауапты іс еді. Жастарға 

сенім көрсету жағынан да ол өзгелерден озық тұрды. 

Үнемі қамқор болып, сөзімізді жерде қалдырмай-

тын Уәлихан аға бір ғана өтінішіме құлақ аспады. 

Университеттің қазақ әдебиеті кафедрасына іздену-

ші болып тіркелуге әзірленіп жатқан кезім еді. Соған 

газеттің бас редакторы кепілдеме беруі керек. Ғылыми 

дәрежесі бар Уәкең ізінен ергеніме қуанатын шығар 

деген оймен жалаңдап жетіп барғам. Ағамыз мазасы 

болмай отырды-ау деймін. Әншейінде одан да зор 

құжаттарға қарамай-ақ қол қойып беретін ақкөңіл 

бастығым аяқ астынан қитықты да қалды. «Әй бала, 

қайтесің, ғылыммен айналысқан соң, дұрыстап ай-

налысу керек», – деп қағидатшыл қарияның кейпіне 

енді де кетті. Біртүрлі болады екенсің. «Ағамыздың 

мұнысы несі, өзі де газетте ме, комсомолда ма, 

әйтеуір қыруар жұмыс істеп жүріп қорғаған жоқ 

па?!», – деп күңкілдеп, салып ұрып қарсы бөлмедегі 

орынбасары Ерғали Сағатқа кірдім. «Ә, ондай бо-

лады, көңіл-күйі болмай отырған шығар... Әйтпесе 

мұндайы жоқ еді ғой... Әкел!». Алдымен бір таяқты 

көлденең сызып алды да, қол қойып берді. «Қайран 

Уәлихан ағам-ай, осы қолды өзіңіз қойғаныңызда 

жүдә жақсы болатын еді» деймін іштей. Бәлкім, бұл 

жайт ол кісінің есінде де жоқ шығар. Әйтпесе, мені 

ғылыми сапарларға үнемі жіберіп отырар ма еді. 

Көңілінде күмән болса, ғылыми еңбек қорғағаныма 

сонша қуанар ма еді...

Шынында да, Уәкеңнің мәрт мінезінің арқасында 

іссапардан кенде болмадық. Жақсы идея ұсынсаң, 

қайда барам десең де қол қойып береді. Үш күнге 

сұрансаң – бес күнге, бес күнге сұрансаң – бір аптаға 

жібереді. Қыбын тауып, идеясын қоюлатыңқырап, 

іссапарда жарты ай бойы жүріп алатындар да бар. 

Газет ісінің жеделдігін біле тұра, қайтып оралған 

қызметкерлеріне «Мақаланы қашан бересің?», – деп 

тықақтап тұрып алу әдетінде жоқ. «Бір күйі келгенде 

жазар» дегендей, елемей жүре береді. Соны көрген 

журналистер қаралай қысылып, өздері-ақ жұлқынып, 

тездетіп жазып тастауға тырысады. Жалпы, тілші 

біткенге еркіндік берілсе, қаламды құлаштап тұрып 

сілтейді-ау деймін. 

Уәлихан Қалижанұлы басшылық еткен тұстағы 

ахуал ауыр еді. Бұрынғы одақтан тәуелсіздігін алған 

ел енді ғана еңсесін тіктеп жатты. Бұл жағдай га-

зетке де әсер етпей қойған жоқ. Қағаз тапшылығы 

сезіле бастады, басылымның шығу мерзімінің 

қысқару қаупі төнді. Соған қарамастан түрлі экс-

перименттер жасалды. «Жас Алаштың» «Сергектік», 

«Ырғақ», «Жібек жолы», «Мыңнан бір мезет» атты 

қосымшалары қатарға қосылды. Бұлар әдепкіде 

газеттің ішкі беті ретінде шығып жүрді де, кейін 

басылым жанындағы басылым болып жарық көре 

бастады. Газет шығатын күні дайындалатын жедел 

мақалалар кейде осы қосымшаларды да жайлап 

жататын. Жігіттер мұндайда «Қосымшалар-ай, 

қосымшалар-ай, Бізге де кейде «досыл» салар-ай» деп 

әндетіп жүретін. Қосымшалар газетке айрықша бедел 

әкелді. Экономистер «Жібек жолының» төңірегіне 

топтасты. Спортшылар «Сергектікті» жағалады. 

«Ырғақ» музыка мамандарының басын қосты. Осы 

күні «Жұлдыздар отбасына» шықпаса ішкені ас бол-

майтын жас өнерпаздар секілді сол кездің әншілері 

«Ырғақ» десе елең ете қалатын. 

Осылардың ішінде «Мыңнан бір мезеттің» жөні 

бөлек-ті. Қосымшаның редакторы Әділбек Қабаев 

оқырманды қызықтырудың кілтін тапты. Ол бақсы-

балгер, жын-шайтан, дию-пері, аруақ,  албасты 

тақырыбын арқау етіп алды. Алдымен шайтан 

жарықтықты «көзімен көрген» біреудің атынан хат 

ұйымдастырады. Соңына «Сіздердің ауылдарыңызда 

осындай пәлекетті ұшырастырғандар болса, бізге 

хабарласыңыздар» деп елді құлақтандыруды 

ұмытпайды. Сол-ақ екен, газетімізді хат нөпірі 

басып қалды. «Менің атам көріп еді...», «Әжем 

айтушы еді...», «Нағашым оны ұстап алып, нұқып 

жіберген...» деген сипаттағы әңгімелер күн сайын 

редакцияға ағылып келіп жатты. Күллі қазақ жұртын 

шайтан басып қалған ба дерсің!.. Сол кездегі елдің 

көңіл-күйін дөп басқан «Мыңнан бір мезетке» керегі 

де осы еді. Әділбек осы хаттарды мың құбылтып 

жариялады да отырды. Әріптестері: «Ұрпағымын 

қазақтың Қабайының, Үлгі алады менен де талай 

інім, Жын-шайтанмен жүремін араласып, Дәл осын-

дай болмайды-ау ағайының», – деп, оның атынан 

өлең өріп, жарасымды қалжыңға жол ашатын. Кейін 

«Мыңнан бір мезет» ерекше бел алып, таралымын 

«Жас Алаштың» деңгейіне жақындатты. Әділбек 

бас редактордың көңіліне келіп қалар деп тізгінін 

әрең тартты. Шынында да, оқырманды шайтан 

түрткендей, мақала дегенің қаптап кеткен-ді. Сол 

тұста Әділбектің атынан мынадай өлең шығардық: 

«Біздің газет өз жолын тауып берді. Подпискадан 

бәйге алып, шауып келді. «Жас Алаштан» қара үзіп 

кете ме деп, Уәкең ағам шамалап қауіптенді». Бұл 

енді қалжың. Әйтпесе, газетті бүкіл қосымшасына 

қосып басқарып отырған сол кісінің өзі емес пе? 

Мәрттігі мен мырзалығын, кеңдігі мен мейір-

бан дығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Оның 

тәрбиесін көрген жігіттердің көбі алысқа шапты. 

Тілшіден елшіге, ақпаратшыдан аппаратшыға, кор-

ректордан директорға дейін өсті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет