Қазақстан Республикасының Тәуел- сіздігін жариялаған күн – біздің


мақсатында баспасөз-конференциясын ұйымдастырды. Жиынды қор басшысы



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет16/18
Дата22.12.2016
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

мақсатында баспасөз-конференциясын ұйымдастырды. Жиынды қор басшысы 

Л. Жасақбаева ашып,  үйлестіруші қызметкер Ж. Бейсембинова атқарылған 

жұмыстарға тоқталды.

оқырман ойы

Бәрекелді!

Сағыныш НаМазшаМОва

 сезімдердің шырағы

Менің жаныМ –

ЖАңА ҚАзАҚСТАННың 

ТӘЖі – АСТАНА

Тарих деген емес қой сөз ғана кіл,

Бәрін көрген көне тау, бозбала қыр.

Дешті-Қыпшақ киелі орда тұтқан 

Бозоқ тұрған кешегі боз дала бұл. 

Күзі жомарт, қысы сын, жазы жарқын – 

Тарам-тарам тарихқа жазылар күн.

Астана – айдай әлем назар салған

Жаңа Қазақстанның тәжі, бәлкім.

Жас та болса жасамыс ғұмыры бар,

Елордамсың елімнің мұңын ұғар.

Еуропа, Азияны тоғыстырар  

Ұлы сапар алдында тынығып ал!

Алақанын соғып аспан,

Төкті-ай бүгін ақ нұрын.

Еш ырымға жорымастан

Жүрек тулап жатты мың.

Білсем, сонда миымдағы

мың клетка оянып,

Қайта өзіме бұйырғаны

бағым шығар, 

ол анық.


* * *

Менің жаным – сезімдердің шырағы,

Менің жаным – төзімдердің тұрағы.

Газдар түзген Галактика төсіндей

Сан мың түрлі толқындардан тұрады.

Кешегім – таң, 

ертең – кеш, 

бесін – бүгін

Келіспесең өзің біл, кешір, күнім.

Ештеңе де көрмеген қалпымменен 

Бәрін бастан кешірген секілдімін.

Ажыратып көріпті кім арасын,

Күнә басым. 

Ол жайла сұрама, шын.

Өткен күннің елесі шыға келер

Қайда барып соғылса мына басым.

Бекер емес көңілдің көп алаңы,

Біз білмейтін бір кезең болады әлі,

Өткен күндер келмеске кетті деме

Олар түбі қайтадан оралады. 



өМіР, өМіР...

Көз алдымда көлбейді

бір қараңғы, бір жарық.

Жарығына жуынам,

Қараңғыға былғанып.

Жұмыр басқа жұққыш-ақ

Жер-жаһанның күйесі.

Кір түріммен «Кеудемді

кірпігіңмен сүйеші» 

деп жалынам қызармай

қызып тұрған нұр-Күнге.

Өлермендік менікі,

Өмір не өзі, білдің бе?

Өмір деген – дәл менің 

өзім емес, көшірмем.

Өз керегін алып қап,

өзгелерін өшірген.

Өмір деген – дәл менің 

Арманымның нобайы,

Орындалу үшін сәл

Келмей қалған орайы.

Өмір деген – ол менің

Аласы көп адалым,

Құбылаға бұрылған

Жамылғысыз жамалым.

Өмір деген – тамырдай

тарам-тарам жолдарым,

Биялайсыз жалаңаш 

Отқа кірген қолдарым.

Тақтасындай дойбының,

Тағдыр осы бағзыдан.

Былғадың деп несіне

Құрбаның боп жазғырам,

деп келетін тәубеме,

кек көметін кезім мың. 

Қараңғыны жарыққа 

жалғап жатып көз ілдім.

АҚСуғА АРНАу

Білгендей мәңгі бақи қалғымасын,

Асқақтатты Алатау қарлы басын.

Ақ боз үйге мен едім ұя салған

Ақсу, сенің ақ бауыр қарлығашың.

Жеріңде жайнап өскен біз бір өрік.

Топырағыңнан көнерген ізді көріп

Есіме түсті сенің иен далаң

Күндіз мал, түнде шыққан жұлдыз өріп.

Балқаштың бауырына құлаш ұрып, 

Ағатын күн асырып, түн асырып 

Ақсуым – ару қыздың бұрымындай 

өрімі тарқап кеткен шұбатылып. 

Өр өзен, арындаған, арқыраған,

Мен үшін жалғыз өзің жарты ғалам.

Жетісудың төсінде жарқыраған 

Сен жатқанда, шат күліп, шалқып ағам.

Тораңғықұм, Кемерқұм, Жалқұмдарың,

(Сонда барып төксеңші, жаңбыр жаным).

Қоңыртау, Қайрақкөлдің тұсы жақтан

Қарсы алады қадымнан жаңғырған үн.

Бұл маңда жер де жомарт, аспан нұрлы,

Ілияс толғап жатыр дастан-жырды.

Молықбай қарт күңірентіп қобыз тартып,

Сара апам жыр төгілтіп жатқан сынды. 

Будақ бұлт бір-бірімен араласқан

Сүйінші сұрап жатты бар Алаштан,

Қой соңында жүретін қара бала

Қара танып шыққанда Қарағаштан.

Шежіре шертетіндей, шіркін, әлі,

Баурыңда бұйығы сыр бұлқынады.

Кеудеңе құлақ түріп, қыр-жотаңа

Аман болса бұл балаң мың шығады.

Жүрмегін, бір мен үшін алаң болып.

Ағылатын алысқа тәмам көлік – 

Үлкен жолдың басталса басы сенен,

Соңы да тіреледі саған келіп. 

БіР КЕзДЕ...

Көгіңде қайтқан қаздың ұшса легі,

Айтып үлгере аласың құсқа нені?!

Ірілік те бір кезде іңкәр еткен,

Ібіліс те бір кезде ұстаз еді.

Болған дейді бір кезде қарға да аппақ 

Тағдырынан тауыпты тайғанақтап.

Байғыз да байдың қызы болған екен

Кірпігіне отырар Ай қонақтап. 

Жып-жылы еді орнымыз Жұмақтағы,

Тоңып жүрміз Жерге әкеп құлатқалы.

Білсең айтшы, қорқыттар құтылды ма?

Қыдыр баба қай жерге тұрақтады?

Біздің ғұмыр бұрылар тарапқа қай?

(О, Тәңір, жатқа күнім қаратпағай!)

Дала менен моланың арасында

Сарапташы қай ісің сауапқа бай?!

Өткенің үнсіз емес, безеп тілін

Айтып тұр Меннің мәңгі еместігін.

Сенейін бе осы айтқан ақылыңа?

Көмейімде көк түтін – көмескі мұң.

Қаздар қайтып барады тізбектеліп,

Із боп кетіп барады іздеп келіп...

Сарыарқадан жатқанда көшіп ақпан,

Сылқ-сылқ күліп, назданып Есіл аққан.

Ай келбетті шаһардың ажарына 

Дұшпанның іші күйіп, дос ұнатқан.

Армандары ақ ұлпа бұлт ішінде, 

Жазғандары жарқырар жыр пішінде.

Сұлулығы арудың жанарында,

Тазалығы сәбидің күлкісінде.

Құшырлана сүйгізіп баласын да,

Құшағына сыйғызып данасын да,

Тәуелсіздік рухы тербеліп жүр 

Алатау мен Арқаның арасында. 

Есіл жатса еркелеп, тасып ағып,

Төбесіне көтерсе Ғасыр-Алып,

Болғаны ғой қазақтың мерейі үстем,

Қонғаны ғой қазақтың басына құт!

ҰЛыМА 

Мектепті, балам, дәріпте,

Білімнің кілті – әліппе.

Ұстазың саған үйретер

Құдірет барын әріпте.

 

Қуантып бүгін анаңды,



Қолыңа алдың қаламды.

Балалық шексіз қиялмен 

Бейнелеп бердің ғаламды.

Оқушы болдың, 

қарт ана

мінгізбейді енді арқаға.

Тізесінде емес атаңның,

Отырсың бүгін партада.

Алтын күн төгіп шуағын,

Алтыға келдің, ұланым,

Шығарып салып мектепке,

Алдыңнан күтіп тұрамын. 



СҮйіНШі

Жақсылықтың жылы лебі

сезілгенде, арманым

қуаныштан жүгіреді

тастай салып балдағын.

Күңгірт тартқан кеудесінде

шөккен шабыт шырқап ән.

Жүдеу жанын емдесін деп

Біреу шығар жұмсаған.

Керек етіп кесіп алса етімді,

Етімде де сезім тұрар не түрлі. 

Менің бүтін болмысымның кішкентай

көрінбейтін ядросы секілді.

Аспан мен жер – қас пен көздің арасы,

Көздерімнің шүпілдеп тұр шарасы,

Метеориттей мезгілсіз кеп құлаған,

Соның салған дақтары ғой, қарашы.

* * *


Жол үстінде жолығып, 

Жол үстінде қоштасып,

Үлгердік пе, білмеймін,

Қимас жандай достасып? 

Түйістіріп көзге көз

Қарадық па дұрыстап,

Екеумізді күтті ме

Ақ қар басқан күміс бақ.

Ести алмай кеттік пе 

жүректердің қағысын,

іңкәрліктің тынысын,

сезімдердің дауысын.

Сүйікті де демедік,

Сүйе де алмай қанып бір,

Сіздің жұлдыз әнекей, 

Жоғарыда жанып тұр.

Түсіме ене береді, 

Сұлу, суық түсі ақ,

Ұшпай қалған ұшақтар,

Құшпай қалған құшақтар...

* * *

Берілгем жоқ жорта мұңға,



Бүтінмін бе, ортамын ба?

Жүрек жиі соққанымен 

Қуануға қорқамын ба?

Көңіл толқып, тасығанмен,

Жан сырымды жасырам мен.

Маңдайымнан сипап тұр ма

Мен өмірге асыранды ем...

Ішіндегі бір кеменің

Үміт түнеп іргеме мың.

Иілгенде иім бостау,

Сынып кетсем сыр беремін.

Сағынамын, жабырқаймын, 

Жай табады жаным қай күн?!

Жансебіл боп жүргенімде

Кімді қайтіп жарылқаймын?

атамекен

Қ

ұрақ көрпе



Қ

ұрақ көрпе



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

адам құпИясы 

Бар екен бір мақұлық ұннан майда, 

Өз басын айдайды екен қиын жайға,

Ұстасақ үгітіліп жоғалады, 

Дамылдап отырмайды әрбір жайға. 

Даланы қар жабар, 

Қарға балалар аққала қалар.

(Көбелек)

Мысыр медицинасының 

бастапқы кезеңі түрлі аңыздарға 

толы. герметикалық кітаптың 

авторы саналған, оның алтауы 

медицинаға арналған деседі. 

А л а й д а   о л а р д ы ң   б ә р і 

жоғалып кеткен. Сондықтан 

есімі тарихқа алғаш енген 

дәрігер-мысырлық Секхетье-

нанаха (шамамен б.д.д. 3000 ж.) 

деп есептейді зерттеушілер. Ол 

«патшаның танауларын емдеп, жазды» және осы еңбегі 

үшін оған патша мүсін сыйлаған. Мүсіннің тұғырында 

бұл сыйлықтың дәрігерге не үшін берілгендігін 

білдіретін жазба бар. 

Францияның даңқты жазушысы Анри Барбюс 

(1837-1935) 12 жасында тұңғыш өлеңдер жинағын 

шығарған. 

***

Балалар жазушысы А.Гайдар (1904-1941) 14 жа-



сында әскерге сұранып барып, 17 жасында батальон 

командирі болған. 

***

Австрияның әйгілі сазгері В.Моцарт (1756-1791) 4 



жасында түрлі музыка аспаптарында ойнап, 8 жасын-

да соната, симфонияларын, 11 жасында «Сиқырлы 

сыбызғы» операсын жазған. 

***


Математик Л.Эйлер (1709-1783) 13 жасында 

Швейцарияның Базель университетінде қабылданып, 

15 жасында оны бітіріп, 17 жасында ғалым атанған. 

Әлемдегі барлық дәрі-

дәрмектердің 40 пайызы осын-

дай өсімдіктерден жасалады. 

Мәселен, жүрек аурула-

рын емдейтін дәрі-дәрмектің 

– 70 пайызы, ішек-қарын, 

бауыр дәрілерінің – 75 пайы-

зы, жатыр аурулары дәрі-

дәрмектерінің – 80 пайызы, 

қақырық түсіретін дәрілердің 

–   8 0   п а й ы з ы   ж ә н е   қ а н 

тоқтатын дәрілердің 65 пайызы тек  өсімдіктерден 

әзірленеді екен. 

Осындай дәрілік өсімдіктер арасында ең кең 

таралғаны – алоэ. Алоэ араб тілінен аударғанда 

«ащы» дегенді білдіреді. Сонымен қатар дәрігерлер 

оны мыңжылдық өсімдік деп те атайды. Алоэнің 

қоспалары Қытайдың мыңжылдық қоспаларында 

бар. Халық медицинасында оны қызыл иектің, 

қабақтың қызаруына, өкпе туберкулезіне, экземді 

емдеуге, асқазан жарасына пайдаланады.

Ал жапырақ сөлі тәбетті ашып, ас қорытады. Әр 

түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық ме-

дицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әртүрлі 

тері ауруларына пайдаланып келеді. Халық медици-

насында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерма-

титке қарсы дәрі ретінде қолданылады. Алоэның су 

тұнбасы тәбетті толықтай ашуға көмектеседі. Тері 

сыртындағы іріңді жара, күйік, қағынған жараларға 

өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолдануға болады. 

Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында, 

асқазан ауруларына қарсы қолданады.

Алоэнің дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын 

белгілі болған. Оны Египетте, кейін Үндістанда, Ита-

лия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданған. 

Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауру-

ларын, бас ауруы, т.б. сырқат үшін, бал мен борсық 

майын қосып туберкулезді емдейді.

реттер бірден көзге түсіп, түрік 

мемлекетін көз алдыңызға елес-

тетеді. Баяу ғана естілетін түрік 

әуені жаныңызға жайлылық 

сыйлайды. Ал ас мәзіріндегі до-

нерден бастап, түрлі тағамдардан 

қалауыңызша дәм тата аласыз. Бір 

сөзбен айтқанда, түрік еліне саяхат 

жасайсыз. Жоғарыда аталған қазақ 

тағамының түріктің донерінен не 

кемшілігі бар? Асып түспесе, кем 

түспейді. Барлық мәселе, ұлттық 

тағамдарымызды насихаттауға 

келіп тіреледі. 

Сөзіміздің соңында, жақында 

«Қаратал» шағын ауданында ұлттық 

салт-дәстүрімізді көз алдыңызға 

әкелетін қазақы үй тұрпатында 

салынған «Мирас» мейрамхана-

сы дүниеге келгенін айтар едік. 

Қазақтың әдемі ою-өрнегімен 

безендірілген мейрамханада, 

қазақтың жанға жайлы әуенін естіп, 

қазы-қарта, жал-жая, ет, қымыз, 

шұбат, бауырсақпен балаңызды 

қазақша тамақтандырып, біздің 

ұлттық құндылығымызды көрсетіп 

отырсақ қандай жарасымды?! 

Ұлтты құрметтегеніміз – өзімізді 

сыйлағанымыз емес пе?



Назерке ӘБіЛғАЛИҚызы

2007 жылы құрылған «Жәрдем» 

жастар қо ғамдық қоры мемлекеттік 

әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру 

мақсатында бірнеше бағытта жұмыс 

жүргізіп келеді.Мәселен, қалалық 

ішкі саясат бөлімі қолдауымен 

«Мүмкіндігі шектеулі жандарды 

қоғаммен бірлестіру, олардың бос 

уақытын тиімді пайдалану» жоба-

сын іске асыру мақсатында бірнеше 

іс-шаралар өтіпті. Наурыз мерекесі 

қарсаңында «Жүрегіміздің жылуы» 

атты концерттік бағдарлама, «Жас-

тар» сарайында мүмкіндігі шектеулі 

жастар арасында шахмат, дойбы, 

тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс 

ұйымдастырылды. Отызға жуық ойын-

шылар қатысқан сайыс тартысты өтті. 

Жеңімпаз ойыншылар сый-сияпат 

алып қайтқан.

«Өзіңді жеңе біл» атты өнер сайы-

сына да талантты мүгедек жандар 

қатынасты.  Қатысушылар өздерін 

Жасырдым ЖұмБақ

қайталап көріңіз

таным 

Білгенге – марЖан 



өсімдіктер әлемі

Жылулық тепе-теңдігі 

Медицина Египеттен 

бастау алған ба?

Елді елең еткізген дарындылар

Алоэ жапырағының 

емдік қасиеті қандай?  

Адамның дене қызуы қалыпты 

жағдайда айтарлықтай тұрақты 

болады. Сондықтан оны реттеу 

механизмдеріне қажет сыртқы 

ортаның температурасы туралы 

хабардың маңызы зор.

Терморецепторлар теріде, 

көздің қасаң қабығында, шы-

рышты қабаттарында, со-

нымен қатар орталық жүйке 

жүйесіндегі гипоталамуста, та-

ламуста, жұлында орналасады. Олар жылу және суық 

рецепторлары болып екі түрге бөлінеді. Бет пен мойын 

терісінде терморецепторлар көп орналасқан, арнайы 

рецепторлардан басқа, олардың құрамында сезгіштік 

нейрондарының миелинсіз дентрит ұштары болуы 

мүмкін деген пікір бар. 

Текес және Жаңатекес ауылдарын қақ 

жарып аққан Текес өзенінің төменгі ағысы 

жағасында орналасқан Қызылшегара ауылынан 

тау етегіндегі Нарынқолға қарай тік, жоғары 

келе жатқанда, биік те шынар таулар арасынан, 

күн ашықта ақ күмістей жарқырап, найзадай тік 

шаншылып, сүйір ұшы аспанмен таласқан Хан 

тәңірі көздің жауын алады. Сондықтан да болар 

халық оны қастерлеп, құдірет тұтып, Аспантау 

деп те әспеттейді. Бұл ғажайып тауды өз көзімен 

көрген дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров: 

«Асқардың арғы атасы Хантәңірі, 

Албанның өрісінің төрінде екен. 

Па, шіркін! 

Болады екен тау да сұлу, 

Мұз көйлек көк мұнарамен белін буу» деп 

келістіре жырлаған. Ақын ағаның жолын қуған, 

шашасына шаң жұқтырмас дарын иесі, ақиық 

ақын Мұқағали да «Хантәңірі» жырында: 

«Шыңның мен танымаймын аласасын. 

Төбеде аласамен таласасың.

Тянь-Шаньның шашақтаулы найзасындай

Қайсың Хантәңірімен жанасасың?

Шыңның мен ұнатамын биіктігін,

Шырқай кеп шыңырау көктен сүйіпті Күн.

Түндігін түртіп тұрған көк аспанның,

Қанеки, Хантәңірінен иықты кім?!

Егерде құдірет болса, бөлшегіндей

(Алдында құдіреттің көр шегінбей.)

Шаншылып әнеу тұрған Хантәңірі –

Шапшыған Тянь-Шаньның емшегіндей» деп 

майын ағыза суреттеген.

Ал Еркін Ібітановтың «Хантәңірі» атты 

поэмасының сарыны қарымды да тасқынды, об-

разды бейне, жазиралы теңеулерге бай.

Әлемге әйгілі, асқақ тау Хантәңірі туралы 

ғылыми ізденіс ХІХ ғасырдың ортасынан бас-

талды. Есімі көптеген елге белгілі орыс геогра-

фы әрі саяхатшысы Петр Петрович Семёнов 

– Тянь-Шанский 1856-1857 жылдары Хантәңірі 

тауын толық сипаттап, суреттеп жазып, құнды 

мағлұматтар қалдырды. 

Теріскей Алатаудың шығыс жағындағы асқақ 

шыңдар мен мұздықтарды көріп, көзі тұнған 

ғалым, олардың арасындағы ең биік әрі көркем 

де сұлу Қан тауын атақты да даңқты Хантәңірі 

деп жаңылыс таниды.

1895 жылы еуропалықтардан бірінші болып, 

швед саяхатшысы Свен Гедин Хантәңірі  тауын 

Қытай жағынан көріп, байыптап зерттеп, ұқып-

тап өлшеу нәтижесінде оның биіктігін 7320 метр 

деп анықтайды.

1902 жылы неміс географы Готфрид Мерц-

бахер мен Тирольский Қантау етегіне жетіп, 

оңтүстік Еңілшек (Инильчек) бойымен жүріп 

отырып екі басты Шатёр тауының (биіктігі 

6700 метр) барын көріп, оның батысындағы 

Тәңіртауды тауып, оның биіктігін 7200 метр деп 

көрсетеді.

Бұдан кейінгі уақыттарда Хантәңірі шыңына 

шығу, оны бағындыру шаралары мықтап қолға 

алынады.


1931 жылы кеңестік тұңғыш экспедиция 

керуені Еңілшек (Инильчек) өзені жағасына 

ж а й  ғ а с а д ы .   О н ы ң   қ ұ р а м ы н д а   М и х а и л 

 Пог ребецкий, Борис Тюрин және Франц Заубер 

есім ді альпинистер болады. Олар сол жылдың 

2 қыркүйегінде шыңның басына жетіп, оны 

бағындырады. Бұл жөнінде М.Т.Погребецкий 

«Вглубь Центрального Тянь-Шаня» атты 

мақаласында оқиғаны толық баяндайды. Ол 

мақала «К вершинам советской земли» атты 

журналдың 1931 жылы 361 бетінде жарияланып, 

қалың қауымға белгілі болады.

1943 жылы Кеңес топографтары, Свен Ге-

диннен 50 жыл кейін, бұрыннан белгілі көне 



өлең – сөздің Патшасы

ген мағыналарға ие екендігіне ден қояр болсақ, 

жоғарыда айтылған ғалымдар пікірлерінің 

сенімді екеніне зер қоямыз.

Бұл өңірде «Хантәңірінің етегі – Райымбек 

батырдың мекені» деген қанатты сөз берік орын 

алған. Табиғаты мейлінше көркем де сұлу, қазба 

байлыққа ерен де кен бұл өлке – ғасырлар тари-

хына тым бай.

Хантәңірі тауымен жалғасып жатқан 

қабат-қабат сеңгір таулардың беткейлері 

сыңсыған қалың қарағай болса, олардың етек 

жақтары жыныс тоғай, көк шалғынды бо-

лып келеді де онда: терек, тал, қайың, ырғай; 

бұталы ағаштардан: шырғанақ, қойқарақат, 

сиырқарақат, шырғанақ, ұшқат, таңқурай, дола-

на сияқты жеміс ағаштары, сондай-ақ бүлдірген, 

сиырбүлдірген, сарымсақ, жуа, қанжыға жуа, 

жауқазын, рауғаш, қымыздық, сүттіген, желкек, 

түйетабан, саңырауқұлақ сияқты витамині көп 

жемістерден де кемде емес.

Жабайы аң-құстар да аз емес. Аңдардан – 

бұғы, марал, аю, елік, тауешкі, қоян, тау барысы, 

ілбісін, жабайы мысық, түлкі, қасқыр, шошқа, 

қоян, сусар, борсық, суыр, болса; құстар: 

бүркіт, қаршыға, ителгі, тұйғын, қаз, үйрек, 

үкі, жапалақ, қарға, сауысқан, ұзақ, көкек, 

қарлығаш, т.б. құстар қаншама.

Басын Хантәңірі тауларынан алған арынды 

да тасқынды ескі замандар құрдасы Баянқол, 

Нарынқол, Текес, Кеген, Шалкөде, Қарқара, 

Кеңсу, Меркі, Темірлік, Шарын мен жүздеген 

бұлақтар мен қайнар, бастаулар өз алдына бір 

бөлек.


Осы құтты өлке кен байлықтарына да қойны 

тола. Ерте заманнан алтын алған кен орны Ал-

тынген 1960 жылдарға дейін өнім берді. Оның 

тау астындағы шахталары әлі күнге дейін ескінің 

куәсі ретінде аталып отырса, Алтынген деген 

құрметті атауы ел жадында сақтаулы. Айнадай 

жарқырап жатқан Тұзкөл тұзы, оның қасиетті 

балшығы емге дауа, ауруларға шипа болуда. 

Осы Тұзкөлге таяу жердегі биік қыраттардағы 

қорғасынды жергілікті тұрғындар ертеден пай-

далануда. Шөладырдың батысындағы Тұзкен, 

оның тұзы, ағып жатқан тұз бұлағы да халық 

қажетін өтеп, емге қолдануда.

Ерте заманнан-ақ табиғи көмірді пайдаланған 

жұрт ол жерді Көмірші атаған. Ол ауыл – қазіргі 

кезде көркейіп гүлденген құтты мекен. Негізгі 

көмір қорының мол жері Нарынқол ауылынан 

аса қашық емес Ойқарағай атты жерде. Соңғы 

10-15 жыл шамасында бұл жердегі көмір еркін 

игеріліп, ауданның елді мекендеріне, олардың 

отбасы сұраныстарына ерекше ие болуда. Тұйық 

кентіндегі аты жасырын бай кеннің дүниежүзілік 

мәнге ие болып отырғаны күллі қазақ еліне 

мәлім.


Хантәңірі тауларының сілеміндегі Шөладыр 

қырқасынан табылып, көзі ашылған кен 

мұрасының бірі – қоры өте мол табиғи газ. Оны 

зерттеп тапқан көрнекті мұнай-газ маманы ин-

женер марқұм Саламат Шалабаев еді. Бұл сияқты 

бағалы кен орындарының бұл таулы аймақтан әлі 

де табыла берері сөзсіз.

Осы қасиетті өңірде көптеген тарихи 

оқиғалармен қатар сан ғасырға тән жәдігерлер 

де аз емес. Қазақ Ғылым академиясының көне 

жазба ескерткіштерді зерттеуге жасақталған 

э к с п е д и ц и я с ы н ы ң   б а с т ы ғ ы   а к а д е м и к 

І.Кеңесбаев, мүшелері: филология ғылымының 

докторы, профессор Ғ.Мұсабаев; филоло-

гия ғылымының кандидаттары Ы.Маманов, 

Т.Жанұзақов, А.Махмұтовтар 1964 жылы 

Хантәңірі тауының бір тармағы Лабасы тауының 

батысындағы 20 шақырым жердегі Қарқара өзені 

бойынан көне түркі жазуы бар тас мүсінді тап-

ты. Оны Ғ.Мұсабаев пен Ғ.Айдаровтар «талдап 

оқып, «оның осыдан екі жарым мың жыл бұрын 

болып өткен Алаша ханға арналғанын, көне түркі 

алфавитімен жазылғанын, ендеше, бұл әліппені 

жергілікті түріктерге қимай, арамий алфавитінен 

ауысты деген болжам айтушылардың пікірі 

өзінен-өзі дәйексіз болып шығады» деп жазды 

(Кегенская надпись// Вестник АН Каз ССР. 

1967. №3. С. 83-85).

ХІХ ғасырдан ХХ ғасырдың 1933 жылына 

дейін Қарқара жайлауында өткен халықаралық ірі 

жәрмеңкенің орны бөлекше. Оған Қытай, Ресей, 

Орта Азия, Қазақстан мемлекеттері қатысып, 

сауда-саттық, мәдени-саяси, экономикалық 

қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән берді.

Ірі тарихи оқиғаның бірі – 1916 жылы Ре-

сей патшасының 1 дүниежүзілік соғыста 19-

31 жастағы қазақ жастарын майданға қара 

жұмысқа жіберу жайлы әміріне халықтың ашық 

қарсы шығып, қарусыз көтеріліске шығуы. 

Бұл тарихта «Қарқара көтерілісі» деп атал-

ды. Оның 10 жылдығын 1926 жылы белгілі 

мемлекет қайраткері Ораз Жандосов бастап 

өткізіп, жиналған халық сол жерде тас үйіп, 

оны Ереуілтөбе деп атады. Осыдан соң оның 20 

жылдығын Алматы облысы атқару комитетінің 

төрағасы болып отырған О.Жандосов өткізді. 

Оған Қазақстанның сол кездегі Үкімет басшы-

лары Қазақстан Орталық атқару комитетінің 

төрағасы Ұзақбай Құлымбетов, Қазақстан Сов-

наркомы Ораз Исаев қатысты. Соны мен өз 

көзіммен 8 жасымда әкемнің арқасында көрдім.

«Қарқара көтерілісі» туралы ұлы жазушы 

М.Әуезовтің «Қилы заман» атты роман жазғаны 

баршаға мәлім. 2016 жылы осы көтерілістің жүз 

жылдығын өткізу жайлы Алматы облысы бойын-

ша үлкен дайындықтар жасалу үстінде. Осы 

таулы елдің алақанында өсіп, өркендеп есей-

ген перзенттерінің Хантәңірі, оның Қарқара, 

Шалкөде, Кеген, Таушелек, т.б. аймақтарын 

жырламағаны жоқ шығар. 

«Тау дейтін алып жүрек 

Ана туған, мен – таулықпын!

Таудан мен жаратылғам. 

Киіктің сүтін еміп ержеткенмін,

Қуат алып, қыранның қанатынан», – деп 

ақиық ақын Мұқағали жырласа, болашақта да 

жас ұрпақтар жазары сөзсіз.


Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> №47 (18256) 29 сєуір 2015 ж сєрсенбі Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр
pdf -> Жаныс ақынға Асылдан асыл тараған жамбыл өмірзақ ҚАрғабайұЛЫ
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> №4 (18366) 15 ќањтар 2016 ж ж±ма Облысымыздыњ ќ±рылѓанына 80 жыл толуын мереке- леу аясында «Ењбек Дањќы кітабы»
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> №141-142 (18502-503) 30 желтоќсан 2016 ж ж±ма


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет