Қазақстан Республикасының Тәуел- сіздігін жариялаған күн – біздің



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет2/18
Дата22.12.2016
өлшемі3.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

РЕСЕй МЕН ТҮРКИя 

АРАСыНДАғы ҚАТыНАСТың 

НАШАРЛАуы ТуРАЛы

 Қазақстан Президенті біздің елімізді 

Ресей-Түркия өзара қарым-қатынасы төңі-

регінде қалыптасып отырған жағдай алаң-

дататынына назар аударды.

– Ресеймен де, Түркиямен де біз ең ізгі 

қарым-қатынас ұстанып келеміз. Мен әуел 

бастан екі елдің ұстанымын жақындатуға 

ұмтылдым. Өйткені қалыптасқан жағдай 

ешкімге де пайда әкелмейді. Егер парасат 

басым түсер болса, онда тараптар мәмілеге 

келеді. Тығырықтан шығудың ең төте жолы – 

келіссөздер мен мәміле. Бұл екі мемлекеттің де, 

сондай-ақ Қазақстанның да мүддесіне сәйкес 

келеді ғой деп ойлаймын, – деді Мемлекет 

басшысы.


ЕАЭо-Ның БіРТҰТАС ВАЛюТАСыН 

ЕНгізу ыҚТИМАЛДығы ТуРАЛы

 Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әлемдік 

қоғамдастықтың бөлшегі ретінде және ашық 

экономика жүргізе отырып, түрлі жаһандық 

үдерістердің ықпалын сезінетінін атап өтті. 

зиялы қауым өкілдері Орталық алаңдағы 

Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын 

қ о й ы п ,   Ж е л т о қ с а н д а   қ ұ р б а н   б о л ғ а н 

жастарға тағзым етуден бастады. Ақтөбе 

облысының орталығында Тәуелсіздік күні 

бірнеше жаңа нысандар пайдалануға берілсе, 

Ақтауда 220 маңғыстаулық өнерпаздың 

қатысуымен «Тәуелсіздік тағылымы» атты 

театрландырылған-музыкалық қойылым 

сахналанып, «Қазақстанда жасалған» атты 

көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Атырау 

облысында «Исатай-Махамбет» алаңында 

мерекелік шаралар ұйымдастырылып, Әнұран 

авторларының бірі – Мемлекеттік сыйлықтың 

лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 

80 жыл толуына орай ұйымдастырылған 

«Ұрпағым, саған айтам...» жабық жыр 

мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды. Ең 

бастысы, Бірлік елді мекенінің балғындары 

үшін «Көркем-ай» балабақшасы есігін айқара 

ашып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. 

Көкшетауда «Елбасы жолы» фильмінің 

Оның үстіне, біртұтас еуразиялық валюта 

мәселесі күн тәртібінде тұрмағаны көлденең 

тартылды.

– Еліміздің тәуелсіздігі біз үшін басты 

құндылық болып та былады. Ал интеграция 

эконо микалық мүд делерге және басқа елдер-

мен сауда-саттық үшін оңтай лы жағдай лар 

туғызуға деген ұм ты лысқа не гіз делген, – деді 

Қазақстан Президенті.



ДоЛЛАРСызДАНДыРу 

ҮДЕРіСі ТуРАЛы

 Мемлекет басшысы доллардың Қа-

зақстандағы айналымына қатысты еш қандай 

тыйым салу шаралары енгізіл мейтініне назар 

аударды.

– Дағдарысты жағдайларда түрлі шаралар 

қабылданады. Мәселен, 90-шы жылдардың 

соңында Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір 

елдері барлық экспортшыларды валютаны 

мемлекетте ұстауға мәжбүрлеп, сыртқа валюта 

шығаруға тыйым салды. Бұл төтенше және 

нарыққа жат шара болатын. Бірден айтайын, біз 

бұлай жасамаймыз. Бұл нарықтық экономикаға 

және Қазақстанның бүкіл қаржы саясатына 

қайшы келген болар еді. Долларсызданды-

ру Ұлттық банктің ішкі рынокта нарықтық 

құралдарды пайдаланатынын меңзейді, – деді 

Нұрсұлтан Назарбаев.



ҮКіМЕТТЕгі ыҚТИМАЛ 

өзгЕРіСТЕР ТуРАЛы

 Қазақстан Президенті кадрлық өзге-

рістер қай кезде де болмай қоймай тынын, 

бұл мәселенің қоғамда үлкен қызы ғу шы лық 

туғызатынын атап көрсетті.

– Осындай мәселелерді талқылаумен 

өмір сүретін адамдар тобы бар. Олар үшін 

кадрлық өзгерістер – ас үйде отырып айта-

тын әңгімелердің басты тақырыбы. Өзімнің 

басшылықтағы үлкен тәжірибемнен білетінім, 

қашанда сабақтастық маңызды. Бүгінгі біздің 

Үкіметіміз өте жас және ширақ. Министрлердің 

көпшілігі 70-ші жылдары туғандар. Және бұл 

үдеріс жалғасатын болады. Атап айтқанда, 

құрылып жатқан «Астана» қаржы орталығында 

сот ісін жүргізу ғана емес, тұтастай алғанда, 

барлық жұмыс ағылшын тілінде жүргізіледі. 

Онда жастардың жұмыс істейтіні табиғи жайт. 

Әрине, жас немесе кәрі деген – бұл шартты 

бөлініс. Ең бастысы, оның қандай мектептен 

өткені, қандай тәжірибесі мен білімі бар екені. 

Ал бүгінде, «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа 

Заңға сәйкес, бұл үдерістер ретке келтірілу 

үстінде. Сондықтан Үкіметті толықтай ауыс-

тыру туралы мәселе қойылып отырған жоқ. 

бесінші бөлімі түсірілген Астрахан ауданын-

да Қазақстан Республикасының Тұңғыш 

Президенті Н.Назарбаевтың қайраткерлік 

жолына арналған ғылыми-практикалық кон-

ференция өтсе, Қарағандыда Сәкен Сейфуллин 

атындағы қазақ драма театрында басталған 

мерекелік шаралар жалғасын тауып, облыс 

әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков елге еңбегі сіңген 

қайраткерлерді марапаттап, Тәуелсіздік жылда-

ры Қарағанды өңірінде өнеркәсіп өнімінің төрт 

есеге артқандығын жеткізді. 

Қостанай облысының әкімі Архимед 

Мұхамбетов өңірдің өндіріс пен шаруа-

шылықтағы қол жеткізген табыстары-

на тоқталса, Қызылорда облысының әкімі 

Қ ы р ы м б е к   К ө ш е р б а е в   э к о н о м и к а н ы 

әртараптандыруға бағытталған іс-шаралардың 

оң нәтиже бергендігін атап өтті. «Мұның 

барлығы ең алдымен аймақтарда, аудан-қалалар 

мен ауылдарда тұратын қарапайым адамдардың 

еңбектегі табысынан, күнделікті жұмы сындағы 

жетістіктерінен, отбасындағы қуаныштарынан 

Міне, дағдарысқа қарсы жоспарды, «Нұрлы 

Жол» бағдарламасын, бес институттық ре-

форманы жасауға қатысқан нақ осы Үкімет 

және осының бәрін орындайтын да солар 

болмақ. Алайда, егер жұмыс барысында біз 

кемшіліктерді көретін болсақ, ондай жағдайда, 

әрине, өзгерістер болады, – деді Мемлекет 

басшысы.

РЕПАТРИАНТТАР ТуРАЛы

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің есігі орал-

мандар үшін қай кезде де ашық екенін атап 

өтті. Дегенмен, адамдардың аталған категория-

сы үшін еліміздің азаматтығын алу ресімдерін 

жеңілдету бойынша шаралар қабылданған бо-

латын. Тәуелсіздік жылдарында тарихи Отаны-

на шамамен бір миллион отандасымыз оралды.

 Осыған байланысты Қазақстан Президенті 

өзінің миграциялық саясатында шектеусіз 

қабылдаудан «нүктелі» іріктеуге көшіп, белгілі 

бір маман дығы бар және ел дамуына өзінің 

үлесін қосқы сы келетін адамдарға басымдық 

бере тін Германияның тәжірибесін мысалға 

келтірді.

Дегенмен, Мемлекет басшысы еліміз 

оралмандарға қатысты қандай да бір шектеулер 

қоймайтынын атап көрсетті.

– Біз келгісі келетін барлық отандастары-

мызды қуана қарсы аламыз. Еліміз халқының 

санын 20 миллионға жеткізуге ұмтылып отыр. 

Республикада ішкі демографиялық өсім 

байқалса, оған оралмандар да өз үлестерін 

қосуда. Әсіресе, елге тез бейімделетін, білім 

мен мамандық алып, қоғамның бөлінбейтін 

бөлшегіне айналатын жастарды ерекше атап 

өткен жөн. Мемлекетіміздің тарихында қай кез-

де де болғанындай, қазақстандықтардың келіп 

жатқан отандастарымызға қолдау көрсеткені 

маңызды, – деді Қазақстан Президенті.



БАНКРоТТыҚ РЕСіМі ЖӘНЕ ТИіМСіз 

КӘСіПоРыНДАР ТуРАЛы

 Нұрсұлтан Назарбаев осы кезге дейін кең 

етек жайған табыс әкелмейтін кә сіпорындарды 

субсидиялау тәжірибесі тиімсіз болып табыла-

тынына назар аударды.

– Біздің банкроттарға көмектесуіміздің 

салдарынан экономикамыз нашарлап, бә-

секелестік әлсірейді. Егер кәсіпорын мем-

ле кеттік субсидияға жұмыс істеп, қолдау 

далаға кетіп жатса, демек, ол бан кроттық 

ресі міне ұшырауы тиіс. Бірақ бұл біз нысанды 

 жауып, қарапайым қызметкерлерді жұмыссыз 

қалдырамыз дегенді білдірмейді. 

(Жалғасы 3-бетте)

құралады. Мемлекет құру, ел болу – бізге 

тағдыр сыйлаған ұлы бақыт әрі жауапкершілік» 

деді Қ.Көшербаев. Таразда мерекеге орай 

бірнеше ірі сауда орталықтарында жеңіл діктер 

ұйымдастырылып, сонымен қатар мәдени 

іс-шаралар елдің еңсесін көтерді. Жамбыл 

облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев аймақтағы 

атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, 

ынтымақтастық пен тұрақтылық, ұлтаралық 

келісім мен бейбітшілік – Елбасының сараб-

дал саясатының жемісі екендігіне көңіл бөлді. 

Сондай-ақ Талдықорған, Орал, Семей, Петро-

павл, Павлодар, Шымкент және т.б. өңірлерде 

де мерекелік шаралар ұйымдастырылып, 

Тәуелсіздік күні кең ауқымда тойланды.

Қазақстанның қуанышына шет мем-

л е к е т т е р   д е   о р т а қ т а с ы п ,   ө з д е р і н і ң 

құттық тауларын, игі тілектерін жолда-

ды. Олардың қатарында барлық елдердің 

президенттерімен қатар, Ұлыбритания 

патшайымы II Елизавета, Жапония импе-

раторы Акихито, Сауд Арабиясының королі 

Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд, Нидерланд 

королі Виллем-Александр, Швеция королі 

Карл XVI Густав, Бельгия королі Филипп 

және т.б. бар. Ресей Федерациясының 

Президенті В.Путин Қазақстан мен Ресейдің 

арасындағы стратегиялық серіктестік және 

одақтастық қатынастар екі ел мүддесі үшін 

Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық пен 

қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында одан 

әрі нығая беретініне сенім білдірсе, АҚШ 

Президенті Б.Обама Қазақстанның Еура-

зия жүрегіндегі заманауи ел екендігін тілге 

тиек етіп, «Құрама Штаттар өркендеу және 

демократия жолымен жүріп келе жатқан 

Қазақстанның серіктесі болып табылаты-

нын мақтан тұтады. Біз алдағы жылдарда да 

Тәуелсіздік күні мерекесін сіздермен бірге 

қуанышпен атап өтетін боламыз» деген өз 

құттықтауында. 

Тәуелсіздік мерекесінің алар орны 

болашағымыз үшін өте маңызды. Еліміздің 

еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, 

Көк Туымыз аспанымызда мәңгілік желбірей 

берсін!

Бағдагүл БАЛАуБАЕВА

(Басы 2-бетте)

Бұрынғы меншік иесінің орнына жаңа 

жоспары мен жаңа менеджменті бар бас-

қалар келеді, – деді Мемлекет басшысы.

 Қазақстан Президенті ҮИИД бағ дар-

ламалары шеңберінде ашылған барлық 

кәсіпорынның 95 пайызы жұмыс істеп, 

пайда әкеліп отырғанын атап өтті.

– Әрине, мұндай үлкен істе кемшіліктер 

болмай тұрмайды. Қандай да бір себеп-

терге байланысты жобалау кезінде немесе 

менеджментте қателіктер жіберілген за-

уыттар бар. Бірақ мұнда тұрған ештеңе 

жоқ. Мәселен, Қарағанды кремний за-

уыты өзінің жұмысын тоқтатқаннан кейін 

онда жаңа менеджер келіп ақша салды 

және өндірісті қайтадан іске қосты, – деді 

Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ин-

д у с т р и я л ы қ - и н н о в а ц и я л ы қ   б а ғ   д а р -

ламалардың еліміз экономикасындағы рөлі 

туралы айтты.

– Бағдарлама алдағы дағдарыстарға 

біздің қайтарған жауабымыз болды. Оның 

мақсаты – экономикамыздың шикізаттық 

бағыттылығынан кету. Ашылған 890 

кәсіпорынға 3,8 трлн теңге жұмсалды. 

Оның 74 пайызы – жеке капитал са-

лымдары. Қалған қаржылар – банк 

кредиттері мен мемлекеттік қолдау. Өз 

кезегінде, кәсіпорындар қазірдің өзінде 

5,3 трлн теңгенің өнімін өндіріп, мемле-

кет бюджетіне бірнеше трлн төледі, – деді 

Қазақстан Президенті.

 Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жаста-

рының жұмысшы мамандығын меңгеруге деген 

ұмтылысы маңызды болатынын атап көрсетті. 

Дәл осы үшін тегін кәсіптік-техникалық білім 

беруге бағытталған жобаны жүзеге асыру жос-

парланып отыр.

– Бүкіл әлем тағдыры жұмысшы адам-

ның қолында. Егер ол өз ісінің шебері бола-

тын болса, онда оның бағасы көптеген есе 

артады, еңбекақысы жоғарылайды, өз отба-

сын қамтамасыз етудің тұрақты қаржы көзі 

пайда болады және жоғары білім алуды қоса 

есептегенде, алдына қойған мақсаттарына 

қол жеткізеді, – деді Мемлекет басшысы.

 Қазақстан Президенті өскелең ұр-

пақтың заманауи білімдерді меңгеруі қа-

жеттігіне назар аударды.

– Таңертең күш-қуаты бойына сыймай 

барып, кешкісін шаршағаны сезілмей үйіне 

оралатын сүйікті жұмысымен айналыса-

тындардан асқан бақытты адам жоқ шығар, 

– деді Нұрсұлтан Назарбаев.



МҮЛіКТЕРДі 

зАңДАСТыРу ТуРАЛы

Мемлекет басшысы алда жалпыға ортақ 

кірістер мен шығыстарды декларация-

лау енгізілетінін атап өтті. Сонымен бір 

мезгілде, заңдастырудың кең ауқымды 

жекешелендіру қарсаңында активтерді 

заңды айналымға қайтару мақсатында 

жүргізіліп отырғанын айтты.

– Мен кірістер мен шығыстар тура-

лы есептілік міндетті болғаннан кейін 

қа зақ стандықтардың алаңсыз өмір сүр-

генін қалаймын. Біз, ең алдымен, азамат-

та рымыздың  жекешелендіруге  қа тыс-

қандарын қалаймыз, – деді Қазақстан 

Президенті.

 Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, 

кәсіпкерлер қайырымдылыққа, мәде ниет 

пен жас таланттарды қолдауға, мұқтаж-

дарға көмектесуге белсенді қатысулары тиіс 

екенін атап өтті.



зЕйНЕТАҚы ҚоРЛАРыНың 

ЖҰМыСы ТуРАЛы

 Мемлекет басшысы әуел баста зейнет-

ақы жинақтарын қалыптастырудың не гіз гі 

көзі мемлекет болғанын қаперге салды.

– Қазір төлеуші үшеу – салық төлеушінің 

өзі, жұмыс беруші және мемлекет. Осы 

жүйені енгізе отырып, біз шет мемлекеттер 

тәжірибесін алмастық және негізгі міндеті – 

қаржылардың сақ талуы мен табыстылығын 

қамтамасыз ететін зейнетақы қорын құрдық. 

Сонымен бірге, біз олар бұл активтердің 

құнын ұлғайтуы үшін іс жүзінде салымдар-

ды екінші деңгейлі банктерге бердік. Бірақ 

әлемдік қаржы дағдарысы бастал ған кезде 

олардың осы қаржылардың бәрін жоғалтуы 

мүмкін еді. Сондықтан зей нетақы салым-

дарын Ұлттық банкке беру жөнінде шешім 

қабылданды. Бірақ қазір Ұлттық банктің, 

қаржы орталығын құруды қоса алғанда, өзге 

де көптеген міндеттері бар. Осыған байла-

нысты мемлекет зейнетақы салымдарының 

сақталуын және табыс әкелуін қамта масыз 

етуге міндеттенетін жеке компаниялармен 

келісімшарт бекітеді. Оны мемлекет қатаң 

қадағалайтын болады, – деді Нұрсұлтан 

Назарбаев.



 РуғА БөЛіНу ТуРАЛы

 Қазақстан Президенті ондай ахуал 

ыдырауға соқтыруы мүмкін болғандықтан 

руға бөлінуге жол беруге болмайтынын 

айтты. Қазақтардың өз тарихында тек 

бөлінушіліктің және бірліктің болмауы 

жағдайында ғана жеңіліс тауып келгені атап 

өтілді.


– Кезінде топтаса отырып, қазақтар 

Аңырақай шайқасында өзінің ең қауіпті жа-

уын жеңді. Мұндай табыстың себебі бірлікте 

еді. Ол кезде ешкім де бір-бірінен қай руға 

немесе өңірге жататынын сұраған жоқ. Сол 

сияқты Абылай ханның жанында да түрлі 

жерлердің батырлары болды. Егер біз осын-

дай дертке шалдығар болсақ, ыдыраудың 

алдын алу оңай болмайды, – деді Мемлекет 

басшысы.


 Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміздің 

күрделі сынақтардан өте отырып тәуел сіз-

дікке ие болғанын атап көрсетті.

– Халқымыз біртұтас болған кезде ол 

ешкімге де және ештеңеден де есе жібермейді. 

Біз батылмыз және намыс қоймыз, өз ар-

ожданымызды құрмет тұтамыз. Өз ата-

бабаларымыздың дәстүр лері мен мұраларын 

сақтау үшін біртұтас болуы мыз керек, – деді 

Қазақстан Президенті.



ҚАзАҚ хАНДығыНың 

550 ЖыЛДығы ТуРАЛы

 Мемлекет басшысы мерейтойды мереке-

леу шеңберінде бүкіл ел бойынша шамамен 

700 іс-шараның өткізілгеніне назар аударды. 

Оның сыртында Астанада салтанатты жина-

лыс болды, Таразда және барлық облыстарда 

мерекелер өтті. Бұл іс-шаралар халықтың, 

әсіресе өскелең ұрпақтың біздің тарихымыз-

ды қабылдау көкжиегін кеңейтуге жағдайлар 

жасады.


– Бүкіл әлем бойынша қазақтар туралы 

мәліметтер мен тарихи деректер жиналды. 

Өздеріңіз білетіндей, біздің еліміздің өткенінің 

үлкен бөлігі жазбаша түрде сақталмаған, тек 

ауызша ғана сақталған. Интеллигенция мен 

ғалымдардың міндеті біздің еліміз туралы та-

рихи деректерді жинау, талдау жасау және ретке 

келтіру болып табылады, – деді Нұрсұлтан 

Назарбаев.

АСТАНАДА өТЕТіН 

ЭКСПо – 2017 КөРМЕСі ТуРАЛы

 Қазақстан Президенті Қазақстанның 

елордасында халықаралық ЭКСПО көрмесін 

өткізу туралы шешімге байланысты өкініш 

сезінбейтінін атап өтті.

– Таяуда Парижде бүкіл әлем кли-

маттың өзгеруі туралы мәселе мен зиян ды 

шығарындыларды азайту міндетін талқылады. 

Ал шығарындыларды біз сол арқылы өмір 

сүріп отырған көмір мен мұнай сияқты энер-

гия көздері береді. Әлем тек биылғы жылы 

ғана «жасыл технологияларға» 270 млрд  

доллар жұмсады. 2050 жылға қарай электр 

энергиясының 15-тен 50 пайызға дейінін 

баламалы көздерден алу міндеті қойылды. 

Сондықтан жасыл технология лар – ол тек 

көмірсутектерін алмастыру ғана емес, ол 

– ғылыми-техникалық прогресс. Бүгінде 

электрмен жұмыс істейтін автомобильдер 

шығаратын бүтіндей бір зауыттар жұмыс 

істейді. Егер біз осы ағымнан қалып қоймайық 

десек, бізге де осы бағытта қозғалу қажет. Біздің 

елімізде бұған қажеттінің бәрі де бар, – деді 

Мемлекет басшысы.



1986 ЖыЛғы ЖЕЛТоҚСАН 

оҚИғАСыНың 30 ЖыЛДығы 

ТуРАЛы

 Нұрсұлтан Назарбаев халық зер десінде 

қалған осынау ірі тарихи оқиғаға тиісті баға 

берілгенін, оған қаты су шылардың ақталғанын 

атап көрсетті.

– Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһар маны» 

атағы берілді, оны сонда бой көрсеткен барлық 

жастарға мара пат ретінде қарастыруға бола-

ды. Бұл күн менің Жарлығыммен Демо кра-

тия лық жаңғыру күні болып жарияланды. 

Қатысушыларды есте қалдыру тұрғы сында 

ескерткіштер орнатылды, көпте ген көшелер 

«Желтоқсан» атауына ие. Біз дің жастарымыз 

патриотизм және өз елін қорғауға дайындық 

рухында тәр бие ленуі тиіс, – деді Қазақстан 

Президенті.



ҰЛТТыҚ хоЛДИНгТЕР 

ТуРАЛы

 Мемлекет басшысы кезінде хол динг-

тердің кең ауқымды жекешелендірудің 

болмағандығынан құрылғандығын айтты.

– Мемлекет – кәсіпорындарды жеткілікті 

түрде тиімді басқара алмайтын нашар ме-

неджер. Сондықтан біз жеке секторды 

басқару қағидаттарын пайдалана отырып 

квазимемлекеттік сектор құрдық. Ол қадам 

дұрыс еді. Оны аталған холдингтер оң рөл 

ойнаған 2007-2009 жылдардағы дағдарыс 

та растады. Бірақ қазір ол компаниялар 

ырғақтылығынан айырылды, өз активтерін 

ұлғайтпайды, корпоративтік басқару әлсіз, 

сондықтан да біз оларды сынға аламыз. 

Олардың міндеті – басқаруды жақсарту, инвес-

тициялар тарту, компаниялар құнын ұлғайту 

және бүтіндей алғанда елге барынша пайда 

келтіру. Егер оған қол жеткізілмейтін болса, 

олармен не істеу керектігін ойласатын бола-

мыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 Қазақстан Президенті сондай-ақ, ұлттық 

холдингтер  құрылымын  оңтайлан ды рудағы 

ең басты мақсат олардың ықшамдығы мен 

тиімділігін қамтамасыз ету екенін де айтып өтті.

СыБАйЛАС ЖЕМҚоРЛыҚ 

ПРоБЛЕМАСы ТуРАЛы

Нұрсұлтан Назарбаев рұқсат беру ресім-

дерінің тым көптігі сыбайлас жем қорлық 

көріністері үшін алғышарт жасайтындығы 

жөнінде пікір білдірді. Сонымен бірге 

жемқорлықпен күрес ісінде бүкіл халық 

белсенділік танытуы тиіс.

– Бүкіл халық болып онымен күрес пейінше, 

біз табысты нәтижелерге жете алмаймыз. 

Бұл қоғамда тиісті мәдениетті қалыптастыру 

мәселесі, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті шенеунік 

пен бизнестің, шенеунік пен халықтың 

арасындағы байланыстарды мейлінше азай-

ту үшін «Электронды үкіметті» одан әрі 

дамытудың маңыз дылығын атап көрсетті.

– Бүкіл құжат айналымы, рұқсат беру 

ресімдері Интернет арқылы жүзеге асуы 

үшін оны аяғына дейін жеткізу қажет. Сы-

байлас жемқорлықпен мемлекеттік саясат 

тәсілдерімен, құқық қорғау орган дарының 

қағидатты қызметі арқылы күресетін боламыз, 

бүкіл Қазақстан хал қын осы мәселеде сергек 

болуға және адал еңбек етуге шақырамыз, – 

деді Нұрсұлтан Назарбаев.

КАДР САяСАТы ТуРАЛы

Мемлекет басшысы лауазымға тағайын дау 

кезінде ол адамның бұрынғы жұмыс орнында 

қол жеткізгендерін басшылыққа алатындығын 

айтты.

– Мен бұрынғы лауазымында табыс ты 



болған адамдарды іріктеуге тырысамын. Әрине 

білімі, өмір тәжірибесі, өткен мансаптық 

баспалдақтары, моральдік қасиеті ескеріледі, – 

деді Қазақстан Президенті.

 Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік 

қызмет туралы жаңа заңның меритократия 

қағидаттарына негізделгенін және жұмысқа 

қабылдауда конкурсты, сынақ мерзімін, қызмет 

бабында дәйекті ілгері басуды қарастыратынын 

атап өтті.

– Бұл қызметке этностық белгісі, жерлестігі 

бойынша емес, өз мамандығы бойынша білімі, 

тәжірибесі бойынша қызметке адал келуі үшін 

өте жақсы сүзгі деп ойлаймын. Бізге істі білетін 

мамандар қажет, – деді Мемлекет басшысы.

«БАйҚоңыР» ғАРыШ АйЛАғыНың 

БоЛАШАғы ТуРАЛы

 Қазақстан Президенті отандық ғарыш-

керлердің Халықаралық ғарыш стансасына 

ұшуы біздің елімізде ғарыш айлағы болуының, 

Ресеймен ғарыш саласындағы сындарлы 

ынтымақтастықтың және екі ел арасындағы 

достық қарым-қатынастардың арқасында 

мүмкін болғанына назар аударды.

– Қазіргі уақытта біздің еліміздің ғарышқа 

шығу үшін ұшқышы бар корабльдер құрылысын 

жүргізуге, ғарыш айлағын ұстап, тиісті кадрлар 

дайын дауға мүмкіндігі жоқ. Дегенмен, біз бұл 

бағытта жұмыстар жүргізудеміз. «Протон» зы-

мыран тасығышына келер болсақ, оның соңғы 

құлауынан кейін Ресей тарапымен өтемақы 

төлеу, біздің аумағы мызды кешенді түрде та-

зарту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Бола шақта экологиялық қауіпсіз зымыран 

тасығыштар пайдаланылатын болады, – деді 

Нұрсұлтан Назарбаев.

 Мемлекет басшысы «Байқоңыр» ғарыш 

айлағы жұмыс істеуін жалғас тыратынын және 

оның өзінің ерекше орналасуы арқасында да 

қажет бола беретінін атап көрсетті.



САЛАМАТТы 

өМіР САЛТы ТуРАЛы

 Қазақстан Президенті спортпен ай-

налысудың және саламатты тамақ танудың 

маңыздылығын атап өтті.

– Әркім өзінің дене және интел лектуалдық 

формасын қадағалап отыруы тиіс. Бүтіндей 

алғанда, қазақстандықтар дені сау ұлт болуы 

керек. Мен біздің жас тарымыздың соған 

ұмтылатынын білемін, – деді Мемлекет бас-

шысы.


Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> №47 (18256) 29 сєуір 2015 ж сєрсенбі Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр
pdf -> Жаныс ақынға Асылдан асыл тараған жамбыл өмірзақ ҚАрғабайұЛЫ
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> №4 (18366) 15 ќањтар 2016 ж ж±ма Облысымыздыњ ќ±рылѓанына 80 жыл толуын мереке- леу аясында «Ењбек Дањќы кітабы»
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> №141-142 (18502-503) 30 желтоќсан 2016 ж ж±ма


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет