«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет1/11
Дата07.04.2022
өлшемі75,11 Kb.
#30242
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ университеті

«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы



Бегдаулетова Қ.Д.
«Философия» пәнінен білім алушылардың өзіндік жұмыстарына

арналған әдістемелік нұсқау

Барлық білім мамандықтарына арналған

Шымкент, 2022 ж.

ОӘЖ 130.2
«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы мәжілісінде (хаттама № «__»__2022 ж.) және «Тарих және педагогика» факультеті әдістемелік комиссиясы отырысында қаралған және баспаға ұсынылған (хаттама № « » __ 2022 ж.)

Құрастырған: филос.ғ.к., доцент м.а. Бегдаулетова Қ.Д.

«Философия» пәнінен білім алушылардың өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент, 2022. – 20 б.


Әдістемелік нұсқау «Философия» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны бойынша дайындалған. Оқу үрдісінде білім алушылардың өзіндік жұмыс орындаудағы негізгі мақсаты – алдымен оқу материалдарын, сонан соң ғылыми ақпараттарды байыптап, жете түсініп өз бетінше жұмыс істей алуға қажетті негіз қалыптастыру және өз біліктілігін ары қарай үздіксіз жетілдіруге қажетті алғышарттар жасау болғандықтан, нұсқауда осы мәселелерді әдістемелік тұрғыда ұйымдастыру жолдары қарастырылған.

© ОҚМПУ, 2022 ж.


Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................... 4

Өзіндік жұмыстардың мазмұны............................................................................ 6 «Философия» пәні бойынша білім алушылардың өзіндік жұмыс түрлері ...... 7

Эссе, оның мазмұндық – құрылымдық ерекшеліктері....................................... 7

Аналитикалық (салыстырмалы) кесте/ Кесте-сызба ......................................... 9 Ғылыми-ізденістік жұмыс (ғылыми мақала, ғылыми баяндама)..................... 12 Тест және семинар сабақтары............................................................................. 14 Дәріс сабақтары.................................................................................................... 15 Ұсынылған әдебиеттер тізімі ..............................................................................17

КІРІСПЕ

Білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ) – білім алушы білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. БӨЖ орындау арқылы білім алушы оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйре­неді және меңгереді.

Білім – қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты. Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі.

Кез келген кәсіптегі маманды қалыптастыруда мамандыққа сай білім алу қаншалықты өткір мәселе болса, сонымен қатар “жеке маман тұлғаны” өзіндік дамытуда оны шығармашылықпен терең іргетасын дайындау соншалықты алғышарт. Білім жүйесінің мазмұны өмірдің түрлі жағдайларында әрекет ете алатын «тұлғаны» дайындау.

Қазіргі қоғамдық сұраныс – өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын бүгінгі білім алушы, ертеңгі маманды тәрбиелеуді талап етеді. Адамның қоғамдық мәні – өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі, санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты.

Білім алушының өзіндік жұмысын белсендірудің тәсілдері ұйымдастырушылық және әдістемелік болып бөлінеді. Әдістемелік жағынан белсендіру қолданылған әдіс-тәсілдерге, білім алушының өзіндік жұмысының формалары мен ұйымдастыру құралдарына байланысты.

Әр пәнге арналған өзіндік жұмыстар білім алушылардың өз күштеріне сенімділігін және жауапкершілігін арттырып, өзіндік баға беру қабілетін қалыптастырады. Өзіндік жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы тиіс. Өзіндік жұмыстың керекті нәтижесін алу үшін қойылатын негізгі шарт – білім алушыларды оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет.

Еліміздің болашақ мамандары қоғам талабына сай жан-жақты қарулануы үшін төмендегі міндеттерді әрбір оқытушы орындауы қажет:

1. Әрбір педагог өз пәнінің білікті, білімді шебер маманы екенін көрсете білу.

2. Білім алушының актуальды және іргелес даму деңгейін дәл анықтауға бағыт беріп, келешекпен байланысты сенімді қалыптастыру.

3. Білім алушының әрбір пәннің мамандыққа қатысты мәселелерін ынтымақтастықпен шешу қабілеттерін дамыту.

4. Білім алушының кәсіби білікті, білімді шебер тұлға қасиеттерін санасына құйып дүниетанымын кеңейту.



БӨЖ – бұл білім алушының дидактикалық тапсырмаларды аудиториядан тыс уақытта орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған оқу әрекетінің ерекше түрі. Өзіндік жұмыс білім алушылардың шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды.  

БӨЖ мақсаты – болашақ мамандық бойынша іргелі білімді, кәсіби шеберлікті және дағдыларды, шығармашылық, зерттеу тәжірибесін игеру, дербестікті, жауапкершілікті және ұйымшылдықты, оқу және кәсіби деңгейдегі мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарасты дамыту. 

БӨЖ міндеттері:

- білім алушылардың алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін жүйелеу және бекіту; 

- теориялық дайындықты тереңдету және кеңейту;

- нормативтік, құқықтық, анықтамалық құжаттарды және арнайы әдебиеттерді қолдана білуді қалыптастыру;

- білім алушылардың танымдық қабілеттері мен белсенділігін дамыту: шығармашылық, дербестік, жауапкершілік және ұйымдастырушылық;

- ойлау дербестігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру; 

- зерттеу дағдыларын дамыту;

- тәжірибелік сабақтарда, курстық және бітіру біліктілік жұмыстарын жазу кезінде, қорытынды сынақтар мен емтихандарға тиімді дайындалу үшін өзіндік сабақтар барысында жиналған және алынған материалдарды қолдану.

БӨЖ функциялары:

дамытушы (ақыл-ой еңбегінің мәдениетін арттыру, шығармашылық қызмет түрлеріне баулу, білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін байыту);

бағдарлаушы және ынталандырушы;

тәрбиелеу (азамат пен болашақ маманның кәсіби қасиеттері қалыптастыру және дамыту);

зерттеу (кәсіби-шығармашылық ойлаудың жаңа деңгейі).

БӨЖ негізінде келесі принциптер жатыр:

- шығармашылық қызметті дамыту;

- нысаналы жоспарлау;

- тұлғалық-іс-әрекеттік тәсіл.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет