Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет10/15
Дата30.12.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2. Шетелдік  интервенция  мен  азамат  соғысы  аяқталғаннан  кейін  Қазақстанда  экономикалық, 

əлеуметтік жəне саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 

кəсіпорынының  250-і  жұмыс  істемеді.  Қазақстанда  мұнай  өндіру  4  есе,  Қарағанды  көмірін  өндіру  5  есе 

қысқарды,  ал  мыс  кенін  өндіру  мүлде  тоқтап  қалды.  Риддер  кеніштері,  Екібастұз  көмір  орындары  жəне 

Спасск  байыту  фабрикасы  толық  істен  шықты.  Өлке  халық  шаруашылығының  жалпы  өніміндегі 

өнеркəсіптің  үлесі  1920  жылы  небары  6,3  %  болды.  Республиканың  ауылшаруашылығы  құлдырап  кетті. 

Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едəуір азайып, 

29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді.  

Кеңес  үкіметі  еңбекшілердің  жағдайын  жеңілдетуге  ұмтылып,  1921  жылдың  бас  кезінде  Түркістан 

Халық  Комиссарлары  Кеңесі  халыққа  азық  –  түлікті,  отынды  тегін  босату  туралы,  коммуналдық 

қызметтерді  тегін  көрсету  туралы,  ақысыз  асханалар  ашу  туралы  декреттер  қабылдады.  Алайда,  зорлық – 

зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сəтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре 

бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан 

айында  патша  армиясының  полковнигі  Николаев  пен  Есаул  Токарев  бастаған  25  мың  адамнан  тұратын 

отряды  Петропавл  қаласында  Кеңес  үкіметі  органдарының  үйін  қиратты.  1921  жылдың  наурызында  Орал 

губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері əрекет 

етті.  Қарқаралы  уезінде  70  –  тен  астам  партия  жəне  Кеңес  қызметкерлері  көтерілісшілер  қолынан  қаза 

тапты.  


XX  ғасырдың  20  жылдың  басында  ауылдар  мен  селоларда  халық  наразылығының  ұлғаюының 

себептері: 

- мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты); 

- 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; 

- мал шаруашылығының ауыр жағдайы; 

- егін алқаптарының күрт азаюы.  

Осы  жағдайлардан  азық-түлік  салғыртының  орнына  азық-түлік  салығын  енгізудің  қажеттілігі 

айқындала түсті.  

1921  жылдың  8  –  16  наурызда  өткен  партияның  X  съезі  салғырттан  азық-  түлік  салығына  көшудің, 

жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді.  

Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:  

- азық-түлік салығының енгізілуі; 

- сауда еркіндігі; 

- жерді жəне ұсақ кəсіпорындарды жалға беру; 

- ауылшаруашылық жəне несие, тұтыну кооперациясын дамыту; 

- кəсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру; 

- еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.  

Жаңа  экономикалық  саясаттың  мəні  –  салғыртты  салықпен  ауыстыру  болды.  Салықтың  мөлшері 

салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалардан алынатын ауылшаруашылығы өнімдерінің мөлшерін 

салықпен  шектеу  ауыл-селолардың  қалалармен  байланысын  нығайтуға  жол  ашты.  Шаруалар  басы  артық 

өнімдерін  қалаларға  апарып  сатып,  тұрмыс  жағдайын  түзеуге  мүмкіндік  алды.  Орынборда  1921  жылы 

маусымда  өткен  облыстық  бірінші  құрылтай  партия  конференциясы  жаңа  экономикалық  саясатқа  көшуді 

мақұлдады. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды.  

1921-1922 жылдардағы ашаршылық. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында көп 

қиыншылықтар  кездесті.  1921  жылы  жазда  Еділ  өзені  бойының,  Қазақстанның  халықтары  күшті 

қуаңшылық  болуына  байланысты  аштыққа  ұшырады.  Орал,  Орынбор,  Ақтөбе,  Бөкей  жəне  Қостанай 

губернияларында  егістің  көбі  күйіп  кетті.  Малға  азық  болмай,  80  %-і  қырылды.  Елде  аштық  басталды. 

Ашығушылар  Республика  халқының  1/3  бөлігін  қамтыды.  1921  жылғы  қарашада  1  млн.  508  мың  адам 

ашыққан  болса,  1922  жылы  наурызда  олардың  саны  2  млн.  303200  адамға  жетті.  Маусым  айына  қарай 

Семей  жəне  Ақмола  губернияларының  шаруаларынан  азық  –  түлік  салығы  бойынша  4  млн.  пұттан  астам 

астық жəне 24,5 мың пұт май жинап алынды. Бұл жинап алынған өнімдер ең алдымен елдің пролетарлық 

орталықтары  –  Мəскеуге,  Петроградқа,  Самараға,  Казаньға,  Саратовқа  жіберілді.  Соның  нəтижесінде 

«аман–сау» аудандардың халқы ашыға бастады.  

Кеңес  үкіметі  Қазақстанның  ашыққан  халқына  көмектесу  шараларын  бірсыпыра  кешігіп  қолданды. 

Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің декретімен Республиканың егін шықпаған аудандардың халқы 


 

51

азық  –  түлік  салығынан  босатылды.  1922  жылғы  егіс  көлемінің  80  %  жуығына  Кеңес  үкіметі  берген  дəн 



себілді.  1921  жылы  14  маусымда  «Нақты  ет  салығы  туралы»  декрет  шығып,  қазақтар  ет  салығынан 

босатылды.  

1922  жылы  4  тамызда  Еңбек  жəне  Қорғаныс  Кеңесінің  қаулысына  сəйкес  Қазақ  АКСР  –  іне 

ауылшаруашылық  машиналар  мен  құралдарын  сатып  алу  үшін  25  млн.  сом  бөлінді.  Нақ  сол  жылы Кеңес 

үкіметі  Қазақстанға  егін  шықпауынан  зардап  шеккен  шаруалардың  мал  сатып  алуы  үшін  21131  мың  сом 

бөлді. 575 балалар үйлері, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылып, 18,5 мың баланы РКФСР – ге əкетті.  

Ашыққандарға  Кеңестік  Түркістан  туысқандық  көмек  көрсетті.  2  млн.  пұт  астық  жіберді, 

Республикадан  20  мың  ашыққан  адам  қабылданды.  Осындай  ауыр  жағдайға  қарамастан,  1921  жылы  7 

қазанда  В.И. Лениннің  үндеуіне  («Сіздерде  Арал  теңізінде  балықтың  аулануы  жаман  емес...  Өздеріңіз 

аулаған  балықтың  бір  бөлігін  аштықтан  ісінген  қарттар  мен  қарияларға  бөліңіздер».  Ленин  В.И.  Шығ. 

толық  жинағы  53-247  бет)  байланысты  Арал  балықшылары  Еділ  бойындағы  ашыққан  халыққа  14  вагон 

балық жіберді.  

1921-1922 жылдардағы аштықтың салдары: 

1.  Демографиялық  жағдай  нашарлап  кетті.  Орынбор,  Қостанай,  Ақтөбе,  Орал,  Торғай 

губернияларында халық саны 1/3-ке дейін азайды. 

2. 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.  

Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. РК(б)П-ның X съезінен кейін енгізілген азық-

түлік  салығы  біртіндеп  жетілдіріле  түсті,  шаруалар  өмірінде  оңды  жағдай  қалыптасты.  Шаруалар  басы 

артық  өнімдерін  қалаларға  апарып  сатып,  тұрмыс  жағдайын  түзеуге  мүмкіндік  алды.  6  жəне  одан  кем  ірі 

қарасы  бар  қожалықтар  салықтан  босатылды.  Көлік  салығы  мен  ақшалай  түтін  (шаңырақ)  салығының 

орнына біріңғай заттай салық белгіленді. Салық мөлшері азайтылып, 1924-1925 жылдары өнімнің 1/8 бөлігі 

алынса, 1927 – 1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі алынды, ал 1924 жылғы қаңтардың 1-нен бастап тек қана 

салықтың  ақшалай  формасы  енгізілді.  Үдемелі  салықтың  ауыртпалығы  кулактар  мен  байларға  түсті. 

Салықтан  жиналған  қаражаттар  қорғаныс  ісіне,  Халық  ағарту  ісіне,  ауылшаруашылығына,  ірі  өнеркəсіпті 

дамытуға жұмсалды.  

Осы  жылдары құрылған ауылшаруашылық  несиесі  қоғамы  (кредит  кооперациясы) көшпелі халыққа 

жеңілдікті  шарттармен  3-5  жылға  несие  берді.  Мемлекет  шаруаларға  ауылшаруашылық  машиналары  мен 

жабдықтар  сатып  алуға  несие  берді.  1924-1925  жылдары  республикаға  əкелінген  415  тракторды 

кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Несие (кредит) кооперациясы қарызға тұқым беру, салық жəне 

басқа  да  экономикалық  реттеу  құралдары  мемлекеттің  еңбекші  шаруалармен  байланысын  нығайтуға, 

өндіргіш  күштерді  қалпына  келтіруге,  ауыл  мен  қыстақ  еңбекшілерінің  еңбек  белсенділігін  арттыруға 

көмектесті. Соның нəтижесінде: 

1. Егіс көлемі 1924 жылы – 2,1 млн.-ға, 1928 жылы – 4 млн.-ға өсті. 

2. Мал шаруашылығы одан да жоғары қарқынмен дамыды. 1924-1928  жылдары мал саны 24,8 млн.-

нан 41 млн.-ға жетті. 

3. Шаруа қожалықтары 1924 жылы - 737 мыңнан 1928 жылы – 1 млн. 333 мыңға жетті. 

4. Астық  өндіру  1924-1925  жылдары  64,618650  пұттан  1928-1929  жылдары  –  240  млн.  пұтқа  артты. 

Осы  уақытқа  Қазақстанда  103  коммуна  мен  650  ауылшаруашылық  артелі  болды.  Оңтүстік  Қазақстанда 

мақата өсіретін «Мақтарал» алып совхозы ұйымдастырылды.  

Шаруалардың жіктелу процессі күшейді:  

1. Батырақ-кедей қожалықтары 2 есеге азайды. 

2. 1928 жылы шаруалардың ¾ бөлігі орташаларға айналды.  

3. Кулак – бай қожалықтар 6,6 %-ден 14,8 %-ға көбейді.  

Жаңа  экономикалық  саясат  жылдары  өнеркəсіпте  де  өзгерістер  болып  жатты.  Халық 

шаруашылығының Қазақ Орталық Кеңес 8 тресті – «Қожмехтрест», «Илецксоль», «Павлодарсоль», «Ақжал 

– золото»,  «Каззап – золото»,  «Казахсаксаултрест»,  «Казспирт» трестері мен екі кəсіпорынды – Сантонин 

заводын,  Қарғалы  шұға  фабрикасын  біріктірді.  Сонымен  бірге,  Одақтық  маңызы  бар  «Эмбанефть», 

«Алтай–Казполиметалл»,  «Атбасцветмет»  трестері  құрылды.  Жалпыодақтық  трестер  республика 

бюджетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды: «Эмбанефть» мұнайынан алынған табыстың 5 %-ін 

Қазақ  АКСР  –  інің  өлкелік  бюджетіне  аударды.  Осылайша  одақтық  трестердің  монополиялық  өктемдігі 

қалыптасты.  Экономикалық  саясат  өктемдікпен  жүргізілді. Трестерді  қаптату  аймақтарда  өндіргіш 

күштерді  ұтымды  орналастыруға  теріс  əсер  етті.  Қазақстан  экономикасының  ұзақ  жылдарға  созылған 

шикізаттық  сипаты  анықталды.  Ресейдің  орталық  аудандарынан  республикаға  бірқатар  өнеркəсіп 

орындары көшірілді: Орынбор тоқыма фабрикасы, Қостанай шұға фабрикасы тағы басқа.  

Өлкедегі кен өнеркəсібіне көңіл бөлінді. Түсті металлургияның басты ауданы – Кенді Алтай болды. 

Риддер  қорғасын  заводы  мерзімінен  бұрын  пайдалануға  беріліп,  ол  1923  жылға  қарай  жалпы  Одақта 

өндіретін қорғасынның 40 %-ін бере бастады.  


 

52

Орал-  Ембі  мұнай  кəсіпшіліктері  қалпына  келтіріле  бастады.  Əуелі  Доссор,  содан  соң  Мақат 



кəсіпшіліктері  қалпына  келтіріле  бастады.  Атырауды  осы  мұнай  кəсіпшіліктерімен  жалғастыратын  тар 

табанды жол салынды.  

Одан  бұрын  (1920  ж.)  Шымкент  сантонин  заводы  пайдалануға  берілген  болатын.  Қарсақбай 

комбинаты  жоғары  қарқынмен  қалпына  келтірілді.  Мұнда  1927  жылы  мыс  өндіріле  бастады.  Қазақстанда 

өнеркəсіпті қалпына келтіру процесі орталықпен салыстырғанда неғұрлым баяу қарқынмен жүргізіліп, 1927 

– 1928 жылдары ғана аяқталды.  

Жаңа  экономикалық  саясат  кезеңінде  товар  айырбасы  мен  товар  айналымының  маңызы  артты. 

РКФСР  Халық  Комиссариаты  Кеңесінің  1921  жылғы  мамырдың  24-індегі  «Айырбас  туралы»  декретінде 

кооперативтік ұйымдар арқылы да, рыноктар мен базарларда да айырбас жасауға жол берілетіні атап өтілді. 

Сонымен  бірге  жеке  саудаға  рұқсат  етілді.  Жəрмеңке  саудасы  күшейтілді.  1927  жылы  75  жергілікті,  13 

губерниялық, 7 өлкелік жəрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы – 30 млн. сомға жетті.  

Басты жəрмеңкелер: 

1. Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл. 

2. Ақмола губерниясында – Атбасар.  

3. Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір. 

4. Бөкей ордасында – Орда.  

Өлкеде тұтыну кооперациясы кеңінен дамыды. Жаңа экономикалық саясаттың нəтижелері:  

1. Күйзелген ауылшаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді.  

2. Өнеркəсіп қалпына келтірілді.  

3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді.  

4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.  

Сонымен,  жаңа  экономикалық  саясат  шаруашылықты  өркендетуге  мүмкіндік  берген  «керемет 

ғажайып» саясат болды (1921-1929 жж.).  

Қазақ  жерлері  Қазақ  АКСР  құрамына  біріктірілді.  Заман  талабы  қазақ  халқының  Ұлттық  Кеңес 

Мемлекеттігін құруын қажет етті.  

 Жүзеге асыруға тиісті шаралар:  

1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру.  

2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру.  

Қырғыз  əскери-революциялық  комитеті  жанынан  арнаулы  комиссия  құрылып,  болашақ 

республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде əр түрлі көзқарастар туындады. 

Кейбіреулер  Қазақстанға  Ақмола,  Семей,  Орал  облыстарының  қосылуына  қарсы  шықты,  басқалары, 

керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар, республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның 

көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін  қосуды да талап етті.  

Орынборды  Қазақстан  құрамына  енгізу  маңызды  мəселе  болды.  1919  жылғы  қыркүйектің  19-ында 

губерниялық  комитет  Орынбордың  Қазақстанға  қосылуы  туралы  шешім  қабылдады,  ал  1920  жылғы 

шілденің  7-ісінде  Орынбор  қаласы  Республика  құрамына  енгізіліп,  тұңғыш  астанасы  (1920-1924  жж.) 

болды. 1924-1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана – Алматы.  

Батыс  Сібірге  еніп  келген  Ақмола  жəне  Семей  облыстарын  Қазақстан  құрамына  енгізу  оңай  болған 

жоқ,  оған  Сібір  ревкомның  кейбір  мүшелері  қарсы  шықты.  1920  жылдың  екінші  жартысында  олар 

Қазақстанмен  шекараны  белгілеу  мəселелерін  бес  рет  қарады.  Ақыры  1921  жылы  Ақмола  жəне  Семей 

облыстары  Сібір  ревкомы  қарамағынан  КАКСР-не  берілді.  1921  жылы  Жайық,  Ертіс  өзендері  бойындағы 

бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды.  

КАКСР  құрамына  енгізілген  аймақтар:  Семей  облысы  –  Павлодар,  Семей,  Өскемен,  Зайсан, 

Қарқаралы уездері; Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, уездері жəне Омбы уезінің 

бір бөлігі; Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері; Орал облысы – Орал, Ілбішін, Темір, 

Атырау уездері, Маңғыстау уезі; Закаспий облысы – Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары; Астрахань 

облысының бір бөлігі. Бөкей ордасы жəне Каспий теңізі жағасындағы болыстар.  

Орта  Азияны  ұлттық  –  мемлекеттік  жағынан  межелеуді  жəне  Оңтүстік  аймақты  республика 

құрамына  қосуды  əзірлеу  жөнінде  қазақ  зиялылары  ұйымдастыру  шараларын  жүргізді  (1924  ж.). 

Нəтижесінде: 

1. Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды. 

2. Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды.  

Соның  нəтижесінде  Сырдария  облысының  Қазалы,  Ақмешіт  (Қызылорда),  Түркістан,  Шымкент 

уездері, Əулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ 

уезінің  бірнеше  болысы,  Жетісу  облысының  Алматы,  Жаркент,  Лепсі,  Қапал  (Талдықорған)  уездері, 

Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы 

шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар – 61,3 %-

ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша).  



 

53

1925  жылы  15–19  сəуірде  Ақмешітте  өткен  Кеңестердің  бүкіл  Қазақстандық  V  съезінде  «қырғыз  – 



қазақ»  атауы  берілді,  ал  1936  жылғы                      9  ақпанда  КАКСР  Орталық  Атқару  Комитеті  қаулысымен 

«қазақтар»  атауы  берілді.  Сөйтіп,  қажырлы  күреспен  келген  өзін  -  өзі  билеу  құқығы  қазақ  халқы  үшін 

нақты шындыққа айналды.  

Республикадағы  қоғамдық  саяси  өмір.  Қазақ  өлкесінде  жаңа  экономикалық  саясатты  жүргізуші 

Кеңестер (советтер) болды. Алайда Кеңес құрылысында қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті.  

1921  жылы  4-10  қазанда  Қырғыз  (қазақ)  АКСР  Кеңестерінің  II  съезі  болып  өтті.  Онда  қаралған 

мəселелер:  

1. Республикадағы мемлекеттік жəне шаруашылық құрылыстардың қорытындылары шығарылды.  

2. Жергілікті жерлерде Кеңестерді нығайту жолдары белгіленді.  

1925 жылы бірінші желтоқсандағы өлкелік V партия конференциясы болды. Партияның беделі өсіп, 

ауыл  тұрғындарын  партия  қатарына  алу  ісі  өріс  алды.  Партия  мүшелерінің  саны  артып,  1927  жылғы  1 

қаңтарда  16854  адамға  жетті.  1932  жылға  қарай  партия  ұйымы  негізінен  қалыптасып  бітті.  Бірақ  партия 

жұмысының  барлық  буындарына  əміршіл  -  əкімшіл  əдіс  енгізілді.  Осы  жылдары  Қазақстанда  жастар 

қозғалысы  өрістеді.  1921  жылы  шілдеде  Орынбор  қаласында  жастар  ұйымы  –  Қазақстан  комсомолының 

бірінші съезі өтті. Қазақ комсомолының ұйымдастырушы, тұңғыш төрағасы Ғани Мұратбаев (1902 – 1924 

жж.)  болды.  Ол  өмірінің  соңғы  жылдарында  коммунистік  жастар  интернационалы  Шығыс  бөлімінің 

меңгерушісі болып қызмет етті.                    Ғ. Мұратбаев өмірі 23 жасқа аяқ басқанында үзілді. Сондай-ақ, 

Мирасбек  Төлепов,  Федор  Рузаев,  Қайсар  Тəштитов  жəне  тағы  басқа  жастар  қозғалысының  танымал 

жетекшілері болды.  

1921  жылғы  қаңтардың  1-інде  КОБОС-тың  қазақ  облыстық  бюросы  ұйымдастырылды.  1921  жылы 

қазанда  кəсіподақтардың  республикалық  1–конференциясы  болды.  Онда  кəсіподақтардың  міндеттері 

белгіленді:  1)  жұмысшыларды  сақтандыруға,  2)  сауатсыздықты  жоюға,  3)  сенбіліктер  ұйымдастыруға,  4) 

одақ  мүшелігіне  қазақ  пролетариатын  тартуға,  5)  жұмыс  табының  ұлттық  отрядын  қалыптастыруға  көңіл 

бөлінді.  Осы  жылдары  əйелдер  қозғалысы  кеңінен  дамып,  көрнекті  қоғам  қайраткерлері  өсіп-жетілді:              

Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаева, С. Есова.  

Қазақстанда  Кеңес  үкіметі  нығая  түсті.  Ауылдық  жəне  қалалық  Кеңес  депутаттарының  6  айлық, 

Қазақстан  Орталық  Атқару  Комитетінің  1  жылдық  өкілеттік  мерзімі  белгіленді.  Қанаушы  элементтер 

(феодалдар,  билер,  имамдар,  муфтилер,  мұсылмандардың  діни  басқармаларының  мүшелері)  сайлауға 

қатыстырылмады. Егер бұрынғы болыс басқарушыларының, билердің ұрпақтары Кеңес үкіметіне адалдық 

көрсетіп, қоғамдық еңбекке қатысса, оларға сайлау құқығы берілді. Бұқара арасында саяси жұмыс, насихат 

пен үгіт жүргізу мақсатында қызыл керуен жəне жылжымалы қызыл отау ұйымдастырылды. Сөйтіп, сайлау 

барысында  рулық  сарқыншақтарға  рулық  жəне  таптық  бой  көрсетулеріне,  патриархаттық-феодалдық 

қатынастардың  қалдықтарына  қарсы  күрес  жүріп  жатты.  Қалыңмал  алуды  жою,  көп  əйел  алушылыққа, 

əмеңгерлікке тыйым салу туралы қаулы кеңінен насихатталды.  

1922 жылы 9 мамыр – 12 маусым аралығында Ə. Жангелдин бастаған «Қызыл Керуен» экспедициясы 

Орынбор – Орск – Торғай – Атбасар – Ақмола – Петропавл – Павлодар – Қарқаралы – Семейге дейін жүріп, 

126  митинг  өткізіп,  25  пұт  əдебиет  таратты,  Кеңестік  декреттерді  насихаттап,  партияның  ұлт  саясатын 

түсіндірді. Кеңестердің іс – қағаздарын қазақ тілінде жүргізуін жолға қойды.  

1921  жылғы  қаңтар  айында  Қазақ  АКСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  «Қырғыз  (қазақ)  жəне  орыс 

тілдерін қолдану тəртібі туралы, 1923 жылғы қарашаның 22-інде «Қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу 

туралы декреттер қабылданды.  

1927  жылғы  мамырдың  17-інде  «Қазақ  уездің,  округтік  мекемелерде  қазақ  тілінде  іс  жүргізуге 

біржола  көшу»,  1928  жылғы  қаңтар  «Аралас  уездік  мекемелерде  қазақ  жəне  орыс  тілдерінде  қосарлас  іс 

жүргізуді енгізу» жөнінде шаралар белгіленді.  

1925  жылы  желтоқсанда  Бүкілқазақстандық  V  РК(б)П  конференциясы  өтті.  Онда:  ауылды 

кеңестендіру  бағытын  жариялап,  үкімет  органдары  ретінде  ауылдық  кеңестерді  нығайту,  олардағы  бай, 

жартылай феодалдардың зорлық – зомбылығын жою жөніндегі ұйымдық, идеологиялық шаралар кешенін 

белгіледі.  

1928  жылы  республикада  жаңадан  аудандастыру  жүзеге  асырылды.  Республика  5  буынды  –  ауыл, 

село,  болыс,  уезд,  округ,  орталық  басқару  жүйесіне  көшірілді.  Республика  1  автономиялы  облысқа,  13 

округ, 192 ауданға бөлінді.  

Жаңадан аудандастырудың маңызы: 

1. Кеңес  аппаратының  халық  бұқарасына  жақындай  түсуіне,  халықты  кеңестік  құрылысқа  тартуға 

көмектесті. 

2. Ұлтшылдық егестерді тоқтатты.  

3. Рулық ауылдарды жойып, шаруашылық – территориялық Кеңестер құру қажеттігін көрсетті.  

1929 жылы Қазақ АКСР-ының астанасы Қызылордадан Алматы қаласына көшірілді. Сонымен бірге, 

осы  жылдары  (1921-1928  жж.)  қоғамда  партияға  тəуелділік  арта  түсті.  Ф.  Голощекин  мен  оның 

төңірегіндегілер  əміршіл  -  əкімшіл  басшылық  стилі  мен  ойлау  əдісін  орнықтырды,  партиялық  – 


 

54

мемлекеттік  машинасы  «жау  бейнесін»  ойлап  тапты.  Т.  Рысқұловқа,                                  С. Сейфуллинге, 



С. Мендешевке, С. Садуақасовқа жəне т. б. «ұлтшыл» деген айдар тағу нақ сол жылдары тəжірибеге енді. 

Жеке  меншікті,  көп  укладтылықты,  товар  айналымын  жою,  идеологияның  экономикадан  басым  болуы  - 

осының бəрі казармалық социализм негіздерінің орнығуына əкеп соқты.  

 

 



10-тақырып.    Ауылшаруашылығын  ұжымдастыру  –  Қазақстан  шаруаларының  трагедиясы. 

Индустрализациялау

: сипаты, қарқыны, масштабы (1 сағат) 

1. Қазақстандағы  индустриализациялау. 

2. Қазақстандағы «Кіші Қазан» жəне күштеп ұжымдастыру. Ұжымдастырудың нəтижесі. 

3. Қазақстандағы қоғамдық - саяси өмір. 



 

СӨЖ

 тапсырмалары: 

1. 1931-33 жылдардағы ашаршылықтың негізгі демографиялық зардаптарын анықтаңыз. 



1. Республиканың  халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру  əлі  аяқталмаған  болатын.  Өнеркəсіп 

өндірісі  соғысқа  дейінгі  деңгейінің  61%-ға  ғана  жетті.  1925  жылы  желтоқсан  айында  БК(б)  Партиясының 

XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды: 

1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру;  

2) инфрақұрылымның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.  

Индустрияландыру  ісі  Қазақстанда  елдің  басқа  аудандарына  қарағанда  біршама  кешірек  басталып, 

уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928-1932 ж.ж.) тұтас 

келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.  

Қиыншылықтары: 

1. Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі. 

2. Байланыс жəне тасымал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 1000 шаршы шақырымына 1 

шаршы шақырым темір жолдан келді. 

3. Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90 %-і шаруалар еді.  

4. Жергілікті мамандардың жетіспеуі.  

5. Жаңа экономикалық саясат тоқталып, əскери коммунизм кезеңіндегі əдістердің жаңғыртылуы. 

6. Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы. 

7. Əміршілдік – төрешілдік басшылық əдісінің енгізілуі.  

Осы  жағдайлардан  өлке  экономикасында  ауылшаруашылығының  басымдылығы  (84,4%)  сақталды. 

Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:  

1. Өлкенің техникалық – экономикалық жағынан артта қалуын жою.  

2. Байырғы  халық  өкілдерін  кеңінен  тарту  жолымен  жұмысшы  табы  мен  өндірістік  –  техникалық 

мамандарды қалыптастыру.  

Индустрияландыруды  жүзеге  асыру.  Қазақстанда  индустрияландыру  ісі  болашақ  өнеркəсіп  үшін 

қажетті  табиғи  байлықтарды  зерттеуден  басталды.  КСРО  Ғылым  академиясы  20-жылдардың  аяғы  30-

жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар 

іс  жүзінде  республиканың  бүкіл  аумағын  қамтыды.  Академик  Н.  С.  Курнаков  Орталық  Қазақстанның 

минерал–шикізат  байлықтарын  зерттеп,  «ҚАҚСР-і  Кеңес  Одағының  тұтас  металлогенді  провинциясы» 

деген  тұжырым  жасады.  Академик  И.М.  Губкин  Орал  –  Ембі  мұнайлы  ауданын  зерттеп,  бұл  кен  орны  -

мұнайға  аса  бай  облыстардың  бірі  деп  қорытындылады.  Қазақтың  жас  инженер–геологы  Қ.И.  Сəтбаев 

Жезқазған  ауданындағы  мыс  кені  орындарын  мұқият  зерттеп,  аймақтың  болашағы  зор  екенін  дəлелдеп 

берді.  

1927  жылы  Түркістан-Сібір  теміржол  магистралы  салына  бастады.  Құрылыс  бастығы  болып  В.С. 

Шатов  тағайындалды.  Түрксібке  көмектесу  комиссиясын  республика  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің 

төрағасы                   Н. Нұрмаков басқарды. РКФСР үкіметі жанында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі 

төрағасының  орынбасары  Т.  Рысқұлов  (1894-1938  ж.  ж.)  басқарған  Түрксіб  құрылысына  жəрдемдесетін 

арнаулы  комитет  жұмыс  істеді.                                    Т.  Рысқұловтың  ұсынысымен  комитет  құрамына  темір  жол 

маманы, инженер М. Тынышбаев (1828-1937 жж.) енгізілді.  

Түрксіб  құрылысында  бірнеше  ұлт  өкілдерінен  тұратын  100  мың  адам  еңбек  етті.  10  мың  қазақ 

жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Құрылысқа 

200  млн.  сом  қаржы  жұмсалды.  Түрксібтің  ұзындығы  266,5  шақырым  болды,  ол  жоспарда  белгіленген  5 

жылдың орнына 3 жылда салынып бітті. 1931 жылғы – қаңтарда Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға 

берілді.  Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік жəне əлеуметтік – экономикалық маңызы болды. 1) 

Орта  Азия  Сібір  аудандарымен  жалғастырылды;  2)  Елдің  Шығыс  аудандарының  экономикасы  мен 

мəдениетін  дамытуға  ықпал  етті;  3)  Өлкедегі  жұмысшы  табын  тəрбиелеу  мен  шыңдау  мектебі  болды. 

Қатардағы  жұмысшы  Д.  Омаров  -  Түрксіб  бастығы  қызметіне  көтерілді.  Т.  Қазыбеков  –  «Қазақ  –  көлік 

құрылыс» тресінің бастығы, Социалистік Еңбек Ері атанды.  



 

55

Соғысқа  дейінгі  бес  жылдар  кезінде  салынған  құрылыстар:  Түрксіб  теміржолы,  Қарағанды 



шахталары, Ембі мұнай кəсіпшіліктері, Шымкент қорғасын заводы, Балқаш, Жезқазған кен – металлургия 

комбинаттары,  Кенді  Алтай,  Ащысай  полиметалл  кəсіпорындары,  Ақтөбе  химия  комбинаты,  Қарағанды 

жылу  жəне  су  электр  станциялары,  Өскемен  құрылыс  материалдары  өнеркəсібінің  кəсіпорындары, 

Шымкент  химия  –  фармацевтік  заводы,  Арал  сульфат  комбинаты  іске  қосылып,  Теміртау  синтетикалық 

каучук заводы, Қаратау химия комбинаты салына бастады. Сөйтіп, Қазақстан ауыр өнеркəсібінің арнаулы 

бағытқа бейімделгенін көрсетті.  

Өлкеде  болашақ  өнеркəсіп  тораптарының  негізі  қаланып,  басқа  республикадағы  экономикалық 

аудандармен байланыс нығайтылды. Орталық Қазақстанның шикізат аймағы Оңтүстік Оралдың өнеркəсіп 

орындарын  кенмен,  металмен,  көмірмен  жабдықтады.  Кенді  Алтай  Сібірдің  индустриялы  кешенімен 

ұласты.  Мұнайлы  Ембі  Еділ  мен  Жайық  арасында  жаңадан  құрылып  жатқан  «Екінші  Баку»  мұнай 

базасының бір бөлігіне айналды.  

Жеңіл жəне тамақ өнеркəсібінің көптеген кəсіпорындары бой көтере бастады. Олардың ішінде қуаты 

жағынан елде үшінші орын алатын Семей ет, Гурьев (Атырау) балық – консерві, Алматы жеміс – консерві 

комбинаттары, Жамбыл, Мерке, Талдықорғандағы қант заводтары сияқты кəсіпорындар іске қосылды.  

Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: 

1. Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркəсібі кəсіпорындары болмады.  

2. Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркəсібі артта қалды.  

3. Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.  

4.  Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін əкетілді.  

Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:  

1. Шаруаларға үстеме салықтар салынды. 

2. Республикалардың барлық жинақталған қорлары мемлекеттік бюджетке қосылды.  

3. Одақтық  бюджеттен  берілген  есебінде,  республика  қорынан  субсидиялар  мен  дотациялар  бөлу 

(1931-1934 жж. - 2 млрд. 137 млн. сом).  

4. Өндірісті, өнім өткізуді жəне жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру.  

5. Жазалау саясатын қолдану сияқты тəсілдер тəн болды.  

Негізінде  елді  экономикалық  артта  қалушылықтан  шығару  сияқты  игі  мақсатпен  басталған  бұл 

жұмыс  əкімшіл  -  əміршіл,  бұлтартпайтын  əдістерімен  жүргізілді.  Көптеген  жаңа  құрылыстар  жазықсыз 

қудаланған  адамдардың  еңбегімен  көтеріліп,  ондай  қудаланған  адамдардың  саны  үнемі  толықтырылып 

отырды.  

Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс əсері:  

1. Халық дəстүрі бұзылды.  

2. Қазақ шаруалары кедейленді жəне аштыққа ұшырады. 

3. Лагерьлер жүйесі орнықты. 

4. Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды.  

Индустрияландыру ерекшеліктері:  

1. Өлкедегі  индустрияландыру  жоғарыдан  жүзеге  асырылып,  шикізат  көздері  екпінді  қарқынмен 

игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды.  

2.  Білікті  жұмысшы  мамандар,  инженер  –  техник  қызметкерлер  сырттан,  негізінен  Ресей  мен 

Украинадан əкелінді. 

3. Жергілікті мамандар жетіспеді. 

4. Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы 

көбейді.  1930  жылдың  аяғында  қала  халқы  29,8  %,  1939  жылы  қалада  тұратын  қазақ  –  375  мыңға  артты 

(1926 жылғыдан 5 есе көп).  

1940  жылы  Қазақстанда  өндірісте  істейтін  жұмысшы  табының  жалпы  саны  350  мыңға  жетті.  Оның 

жартысына  жуығы  қазақ  жұмысшылары  болды.  Республикада  көптеген  инженер  –  техник  кадрлары 

даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.  

Индусрияландыру  барысында  бұқаралық  социалистік  жарыс  өрістеді.  1930  жылы  республикада  10 

мыңнан  астам  екпінділер  болды.  Домбастың  жаңашыл  забойшысы  –  Алексей  Стаханов  бастамасы  ел 

көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары – Қарағанды шахтеры                Түсіп 

Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.  

1935  жылғы  желтоқсанда  республиканың  түсті  металлургия  өнеркəсібі  озаттарының  тұңғыш  слеті 

болды. Қазақстан индустриясының еңбек ерлері:     Ə. Мұрынбаев, М. Сағымбеков, Б. Нұрмахамбетов, З. 

Табылдинова, А. Сафин.  

Стахановшылар қозғалысы жəне оның  əсері:  

1. Жаңа техника мен технология меңгерілді. 

2. Жұмысшы табының мəдени – техникалық деңгейі жетілдірілді.  

3. Еңбек өнімділігі артты.  

4. Индустрияландырудың даму қарқыны тездетілді.  


 

56

Теріс əсері: 



1. Жағдайға қарай ыңғайланып, реттелетін қозғалысқа айналды. 

2. Жаппай стахановшыландыру жүргізіліп, өндірістің берекесі кетті.  

3. Жекелеген адамдарға рекорд үшін жағдай жасалды. 

4. Еліктеушілік, бірыңғай ойлаушылық психологиясы қалыптасты.  

Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы: 

1. Аграрлық республика индустриялы – аграрлық аймаққа айналды.  

2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті.  

3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды.  

4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады. 

5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркəсіп мүмкіншілігі жасалды.  

6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды.  

7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты.  

8. «Кімді кім» деген мəселе қалада да, деревняда да социализм пайдасына шешілді.  

9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік жойылды.  

10. Жұмыссыздық жойылды. 

11. Халықтың  материалдық  əл  –  ауқаты  біраз  жақсарды.  Қазақстанда  жалақының  жалпы  қоры  1928 

жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті.  

12. Өнеркəсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді.  

Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан шығарды. 


Каталог: dist zaoch -> 2kurs -> 2FK-1kz -> UMKD
2kurs -> 1. 1 тақырып Тіл дыбыстарының жасалуы Қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесі
2kurs -> Лексика. Антоним
2kurs -> 1-бақылау тапсырмалары 1 нұсқа
2kurs -> №13 дәріс Тақырып: Құқықтың түсінігі және мәні
2kurs -> Адамның психикалық іс-əрекеті
2kurs -> Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Көпсалалы
2kurs -> Қазақ тілін оқыту əдістері
UMKD -> Рефераттар мен баяндама тақырыптары
2kurs -> Контрольная работа по дисциплине «Профессиональный английский язык» для студентов второго курса всех специальностей


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет