Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет12/15
Дата30.12.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2.  Соғыстың  басталуына  байланысты  ел  экономикасын  соғыс  жағдайына  бейімдеу  басталды. 

Республика экономикасы əскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды). Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын 

қаржы  мейлінше  қысқартылды.  Көптеген  кəсіпорындар  қорғаныс  өнімдерін  шығара  бастады.  Өскемен 

қорғасын  –  мырыш  комбинаты,  Қарағанды  көмір  шахталары  сияқты  соғысқа  қажетті  өнімдер  шығаратын 

өнеркəсіп  құрылыстарын  салып  аяқтады.  Соғыс  жүріп  жатқан  жерлерден  жəне  майданға  жақын 

аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кəсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.  

Өнеркəсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:  

1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;  

2. 1942 жылдың күзінде өнеркəсіп орындары, кəсіпорындар, негізінен,                Мəскеу, Ленинград 

облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен əкелінді.  

Көшіріліп  əкелінген  54  завод  пен  фабрика  тамақ  өнеркəсібі  халық  комиссариатының  қарамағында 

болды.  Жеңіл  жəне  тоқыма  өнеркəсібінің  53  кəсіпорны  көшіріліп  əкелінді.  Республикада  аяқ  киім 

саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.  

Мəскеу қаласы жəне Мəскеу облысынан көшірілген кəсіпорындар: Мəскеу авициация жасау заводы, 

Урюпа  ет-консерв  зауыты,  Дзержинский  атындағы  электротехника  зауыты,  Мəскеу  рентген  зауыты,  №  3 

Александр  радио  зауыты,  С.  Орджоникидзе  атындағы  механика  зауыты.  Жалпы  Қазақстанда  Мəскеу 

қаласы мен облысынан көшірілген 40 зауыт орналастырылды.  

Украинадан  Қазақстанға  көшіріліп  əкелінген  кəсіпорындар:  Харьков  электротехника  зауыты, 

Подольск  механика  зауыты,  Запорожье  ферроқорытпа  зауыты,  Днепропетровск  вагон  жасау  зауыты. 

Украина  ККС  –  інен  Қазақстанға  70  өнеркəсіп  орны  мен  жабдығы  əкелінді.  Қазақ  КСР-не  əкелінген 

өнеркəсіптер  мен  фабрикалар,  кəсіпорындар,  Алматы,  Қарағанды,  Шымкент,  Петропавл,  Семей,  Ақтөбе, 

Орал қалаларында орналастырылды.  

Əрине,  Қазақстанға  əкелінген  кəсіпорындар  өте  қиын  жағдайда  жұмыс  істеді.  Өнеркəсіп 

орындарымен  бірге  Қазақстанға  майдан  өңірінен  көптеген  мамандар  да  көшірілді.  Мысалы,  тек  қана 

Донбасстан  3200–  ге  жуық  шахтер,  2000-дай  құрылысшы  келді.  Майдан  өңірлерінен  келген  инженер– 

техниктер саны 700-дей болды.  

Қазақстан  КСРО-ның  негізгі  əскери  -  өнеркəсіп  базасына  айналды.  1942  жылы  Одақта  өндірілген 

қорғасынның  85  %-ын,  көмірден  18  %-ын,  молибденнің  60  %  -ын,  оқтанды  мұнайдың  1  млн  тоннаға 

жуығын  берді.  1942  жылы  21  тамызда  кеншілер  еңбегіне  үдемелі-кесімді  ақы  төлеудің  жаңа  жүйесі 

енгізілді.  

1942  жылы  24  тамызда  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитетінің  «Қарағанды  көмір  алабында  көмір 

өндіруді  арттыру  жөніндегі  шұғыл  шаралар  туралы»  қаулысы  шықты.  Облыстың  жəне  ауданның 

еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді 

азық  –  түлікпен  қамтамасыз  ету,  шахталарда  тұрақты  жұмыс  істеу  үшін  адамдар  жіберу,  Қарағанды 

облысындағы  30  желісі  3  есе,  оқушылар  саны  5  есе  көбейді.  1943  жылы  забойлар  желісі  көбейіп,  жер 

астында  екінші  Қарағанды  пайда  болды.  Мұнайлы  аудандарға  көмек  көрсетілді.  Атырау  мұнай  өңдеу 

заводын,  Каспий  –  Орск  мұнай  құбырын  салу  үшін  қуатты  құрылыс  ұжымы  ұйымдастырылды.  Ембіге 

Əзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.  

Соғыс  жылдары  салынған  құрылыстар:  Мақат  –  Қосшағыл  темір  жолы,  Петровский  машина  жасау 

зауытының  екінші  кезегі,  Пешной  аралы  –  Шарин  құбыр  жолы,  Атырауда  теңіз  порты  мен  мұнай  өңдеу 

зауыты, «Комсомол» кəсіпшілігі.  

1944-1945 жылдары салынған жаңа өнеркəсіп обьектілері: Текелі қорғасын – мырыш комбинатының 

алғашқы  кезегі.  Белоусов  байыту  фабрикасы.  Ақмола  ауылшаруашылық  машина  зауыты.  Алматы  вагон 

жасау  зауыты,  Атырау  мұнай  өңдеу  зауыты.  1941-1945  жылдары  барлығы  460  зауыт,  фабрика,  шахта 

салынды. Өнеркəсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % - ке өсті.  

Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. 

Колхоз өндірісінде əйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-ң орнына 1942 жылы 75%-ға жетті. 76 

мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы əйелдер болды. Бүкілодақтық социалистік жарысқа 10 мыңнан 

астам тракторшы қыз-келіншек қатысты.  

1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943 жылы 775 мың га 

жаңа жер алқаптары егістікке арналды.  

Сөйтіп,  республика  экономикасын  соғыс  жағдайына  көшіру  жүзеге  асырылды.  Соғыстың  алғашқы 

күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару – жарақпен, оқ – дəрімен, азық 

– түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.  

Соғыс  жылдарында  тылда  еңбек  еткен  жұмысшылар  ерлігі  аңызға  айналды.  Георгий  Хайдин 

мыңдықщылар  қозғалысының  жетекшілері                              А. Семиволос  мен  И. Янкиннің  əдісін  қолданған 

республикадағы  үздік  бұрғылаушы  болды.  Соғыс  жылдарында  Ы.  Жақаев,  Ш.  Берсиев,  В.П.  Кривич,                    

Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, И.Я. Кудлай есімдері бүкіл елге əйгілі болды.  



 

62

3. Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап  қазақстандықтар  барлық  майданда  шайқасты.  Олар  Отан 

үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген əскери 

бөлімдер  майданға  жіберілді.  Даңқты  Брест  қамалын  қорғаушылардың  қатарында  мыңдаған 

қазақстандықтар  болды.  Олардың  арасында  Ғ.  Жұматов,  В.  Фурсов,  К.  Тұрдиев,  Ш.  Шолтырев,  К. 

Иманқұлов, Е. А. Качань жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 

219  атқыштар  полкі  Литваның  Шяуляй  қаласында  алғаш  рет  ұрысқа  кірісті.  Қазақстандықтар  жау 

əскерлерімен  Перемышев,  Мурманск,  Одесса,  Севостополь,  Сталинград  түбіндегі,  Украина,  Белоруссия 

жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа 

ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді:  

Біріншіден, басынан  бақайшағына  дейін қаруланған,  Еуропаның  көптеген  елдерін  бағындырған жау 

əскерінің соғыс жүргізу тəжірибесі мол болды.  

Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес əскерлері əзір емес еді.  

Үшіншіден,  Кеңес  əскерін  қайта  құру,  қаруландыру  тиісті  дəрежеде  болмады.  Төртіншіден,  1939  – 

1940  жылдардағы  Қызыл  Армияны  тазалау  кезінде  əскердің  көптеген  қолбасшылары,  жоғары,  орта 

буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бəрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы 

кезінде үлкен сəтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына əкеп соқтырды.  

Қазақстандықтардың  жауынгерлік  даңқы,  əсіресе,  Мəскеу  түбіндегі  шайқаста  шықты.  Республикада 

жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Мəскеуге апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волоколамск тас 

жолын  қорғау  тапсырылды.  Мұнда  Бауыржан  Момышұлы  басқарған  1075  ұлан  атқыштар  полкі  жау 

шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде 

жаудың  18  танкісін  жойып  жіберді.  Ротаның  саяси  жетекшісі  В.  Г.  Клочков  «Россия  кең  –  байтақ,  бірақ 

шегінерге жер жоқ,  артымызда Москва»  ұранын  көтерді.  Оның  бұл  сөзі  бүкіл  майданға  тарады.  Кейіннен 

«28  панфиловшы»  ерлігі  аңызға  айналды.  Олар  қасық  қаны  қалғанша  шайқасты.  Бəрі  дерлік  қаза  тапты, 

бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ, Мəскеу қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси 

жетекшілері П.В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров,                 Р. Амангелдиев мəңгі өшпес 

із қалдырды.  

316-дивизия  жауынгерлерінің  ерлігі  мен  қаһармандығы  жоғары  бағаланды.  1941 жылы  17 қарашада 

оған  8-ші  гвардиялық  дивизия  атағы  беріліп,  Қызыл  Ту  орденімен  марапатталды.  Мəскеу  облысының 

Бородино  селосының  түбінде  неміс  штабына  басып  кіріп,  немістердің  көзін  жойған  Төлеген  Тоқтаровқа 

Кеңестер  Одағының  батыры  атағы  берілді.  М.  Ғабдуллин  басқарған  автоматшылар  тобы  да  ерекше  ерлік 

көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді. 1942 

жылы  3  мамырда  238  атқыштар  дивизиясы  ұйымшылдығы  жəне  ерлігі  үшін  Қызыл  Ту  орденімен 

марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.  

Қазақстандық əскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы 

(1941  ж.  9  қыркүйек)  жəне  314-дивизия  Ленинград  облысының  22  елді-мекенін  азат  етуге,  «өмір  жолын» 

салуға қатысты.  

Балтық  флотындағы  «Киров»  Қызыл  Тулы  крейсерінде  156  қазақстандық  шайқасып,  ерліктері  үшін 

ордендер мен медальдармен марапатталды.  

Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:  

1. Партия  ұйымдастырушысы  Султан  Баймағанбетов  А.  Матросовтың  ерлігін  қайталап  жау  дзотын 

кеудесімен жауып, Батыр атанды.  

2. 372-атқыштар  дивизиясының  1236-атқыштар  полкі  5-атқыштар  ротасының  бөлімше  командирі 

Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. 

3. 48-атқыштар  дивизиясының  атақты  мергені  Дүйсенбай  Шыныбеков  шайқасты.  Қазақстандық 

əскери  құрамалардың  үштен  бірі  Ленинград  түбінде  шайқасты.  314-дивизияның  мергендер  қозғалысын 

Солтүстік  Қазақстан  облысындағы  Степан  Разин  атындағы  ауылшаруашылық  артелінің  бұрынғы 

колхозшысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады. 

4. Ленин  қаласы  үшін  болған  шайқастарда  артиллериялық  бақылау  аэростаттарының  дивизион 

командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.  

Ленинград  қоршауының  аса  қиын  кездерінде  оны  қорғаушылар  бүкіл  Кеңес  мемлекеті  халықтары 

тарапынан  қолдау  жасалғанын  үнемі  сезініп  отырды.  1941  жылғы қыркүйектің  ауыр  күндерінде  қазақтың 

халық  ақыны  Жамбыл  ленинградтықтарға  «Ленинградтық  өренім»  деген  жырын  арнап,  онда  көп  үлттық 

еліміздің  бүкіл  енбекшілерінің  ой-пікірін,  сезімі  мен  алаңдатушылығын  білдірді.  Ақын  жыры  достықтың 

шынайы əн ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы 

қаңтарда  900  күнге  созылған  Ленинград  қоршауы  бұзылды,  ал  1944  жылы  Ленинград  басқыншылардан 

толық азат етілді.  

Ленинград шайқасының тарихи маңызы: 

- Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды; 

- Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды.  



 

63

1942  жылы  17  шілде  Сталинград  түбіндегі  кескілескен  ұрыстар  басталды.  1942  жылы  күзде 



Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кеңесі 

Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1-інде 

Атырау  қорғаныс  комитеті  құрылды.  1942  жылғы  қыркүйектың  15-інде  облыстық  мемлекеттік  қорғаныс 

комитеті  соғыс  жағдайын  енгізді,  ал  1942  жылы  26  қазанда  Орал  аймағы  əуе  шабуылынан  қорғану 

бөлімдерінің қатарына енгізілді.  

1943  жылғы  желтоқсанда  белгіленген  шекара  бойынша  Қазақстан  Сталинград  облысымен  шектесті 

(Каспий  теңізінен  Александров  –  Гайға  дейінгі  500  км.).  1942  жылы  9  қазанда  Қазақ  КСР  үкіметі 

Сталинград  майданының  ең  жақын  тылы  Қазақстан  екенін,  сондықтан  бұдан  артық  шегінетін  жер  жоқ 

екенін  айтып,  Сталинградты  қорғаушы  жерлестеріне  үндеу  тастады.  Батыс  Қазақстан  жерінде  алты 

қорғаныс  шебі,  Сайхан,  Орда,  Чапаев,  Тайнақ  аудандарында  арнайы  аэродромдар  салынды.  Ақтөбе 

облысында да қорғаныс құрылыстары салынды.  

Сталинград  майданының  көптеген  əскери  бөлімдері,  материалдық,  техникалық  базалары  Батыс 

Қазақстанда  орналастырылды.  Орал  қаласында  əскери  байланыс  торабы  орналасты  Батыс  Қазақстан 

жерінде  70-ға  жуық  əскери  госпиталь  жұмыс  істеді.  Гитлерлік  ұшақтар  Сайхан,  Жəнібек,  Шұңғай 

станцияларына шабуыл жасап, 7 млн. сом шығын келтірілді.  

Сталинград  майданын  барлық  жағынан  Қазақстан  қамтамасыз  еткен.  Осында  көптеген  əскери 

техника жөндеуден  өтті. Мысалы, бір ғана  Ақтөбеде  ай  сайын  30  ұшақ  құрастырылды.  Каспий  бассейнде 

орналасқан  Гурьев  майданы  Орта  Азиямен,  Кавказбен  байланыстыратын  негізгі  көпірге  айналды. 

Қазақстан  жерінде  құрылған  292,  387-атқыштар  дивизиясы,  81-атты  əскер  дивизиясы  Сталинградты 

қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін 

көрсетті.  

Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г. Сафиулин, М. Баскаков сияқты 

азаматтардың  басқарған  əскери  бөлімдері  жауды  талқандау  барысында  көп  үлес  қосты.  Мысалы, 

М.А. Баскаков  басқарған  батареяның  43  зенитшісі  трактор  заводын  қорғап,  жаудың  11  танкісін  жойып 

жіберді.  36  зенитші  қаза  тапты,  бірақ  бір  адам  да  шегінбеді.  1942  жылы  19  желтоқсанда  қарағандылық 

ұшқыш  Нүркен  Əбдіров  Боховская-Пономаревка  ауданындағы  əуе  шайқасында  ұшағын  жау  танкілері 

шоғырына  құлатып,  ерлікпен  қаза  тапты.  29  жəне  38-атқыштар  дивизиясының  жауынгерлері  жауды 

Сталинградтың  Киров  ауданына  енгізбей,  танкі  мен  зеңбіректер  жөндейтін  зауытын  тоқтаусыз  жұмыс 

істеуін  қамтамасыз  етті.  1943  жылы  бұл  дивизиялар  72  жəне  73-гвардиялық  дивизияларға  айналып, 

«Сталинград дивизиясы» құрметті атағына ие болды. Оңтүстік Қазақстандық жауынгері Толыбай Мырзаев 

«Павлов үшін» қорғауға ерлік көрсетті.  

Сталинград  түбінде  қазақстандықтар  К. Сатпаев  пен  А.А. Бельгин  өздерінің  ерлігі  нəтижесінде 

Кеңестер Одағынын Батыры атағына ие болды.  

116-атқыштар  дивизиясы,  565-атқыштар  полкінің  7-ротасының  жауынгерлері  Сталинград 

көшелерінде  ерлікпен  шайқасты.  Олардың  ерлігі  құрметіне  Сталинградта  «Қазақ»  көшесі  ашылды.  11 

жауынгер 300 фашистке қарсы шайқасып, түгел қаза тапты (араларында Лениногорскілік комсомол Кəміл 

Хузин  болды).  Ержүрек  жауынгерлер  қорғаған  төбе  «Шығыстың  11  батырының  төбесі»  деп  аталады. 

Қазақстандық  Т.С.  Позолотин  басқарған  17-гвардиялық  танк  полкі  Еділ  жағасындағы  ірі  операцияларда 

шешуші роль атқарды. Сөйтіп, 1943 жылғы қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км. жерге қуылды.  

Сталинград шайқасының тарихи маңызы:  

- Екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты.  

- Қызыл Армия стратегиялық инициативаны берік қолға алды. 

- Гитлерлік Германияның тағдырының шешілу уақытын жақындата түсті.  

- Еділдегі (Волгадағы) шайқас бүкіл дүниежүзілік тарих шежіресіне ұмытылмас ерлік беттерін қосты.  

 

12-тақырып.  Қазақстан  соғыстан  кейінгі  жылдарда  (1946-1953  жж.).  Қазақстан  «Хрущев 

декадасы

» жылдарында (1953-1964 жж) (1 сағат) 

1. Экономиканы бейбіт өмірге лайық қайта құру. Саяси - қуғын сүргін. 

2. Тың жəне тыңайған жерлерді игеру. Өнеркəсіптің дамуы. 

3. Қазақстанның  қоғамдық  –саяси  өміріндегі  «Хрущевтік  жылымық».  Ғылым  жəне  мəдениеттің 

дамуы. 

 

СӨЖ

 тапсырмалары: 

1. Қазақстан аумағындағы соғыстан кейінгі кезеңді сипаттаңыз. 

2. Жекелеген  халықтардың  (немістер,  шешендер,  карачайлар,  т.б.)    Қазақстанға  жер  аударылуының 

зардаптарын ашыңыз. 

3. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформаның елді дамытудағы  рөлін айқындау. 

1. II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян əкелді. Кеңес Одағы 679 миллиард сом 

материалдық  зиян  шекті.  Басқыншылардың  КСРО  халық  шаруашылығына  жасаған  жалпы  зияны  –  2 



 

64

триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркəсіп 



орындары,  65  мың  км  темір  жол  қиратылды,  4  мың  темір  жол  станциясы  толық  немесе  ішінара 

талқандалды.  2  млн.  адам  қираған  үйде  тұруға  мəжбүр  болды.  Киев,  Ленинград,  Станиград,  Минск 

қалалардың көп бөлігі талқандалды .  

Соғыстан  кейін  қираған  экономиканы,  халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру  Кеңес  үкіметінің 

алдында  тұрған  басты  міндет  болды.  Бұл  бағытта  ең  алдымен  жұмыс  күшінің  жетіспеуі  кедергі  жасады. 

Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы 

қатарынан  8  млн.  500  мың  адам  босатылды.  1945  жылдың  шілде  қыркүйегі  бірінші  кезекте  халық 

шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.  

1946  жылы  18  наурызда  қабылданған  төртінші  бесжылдыққа  (1946-1950  жж.)  арналған  жоспар 

бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркəсіп пен ауылшаруашылығының соғыстан 

бұрынғы  дəрежесіне  жетіп,  одан  едəуір  асып  түсу  міндеті  белгіленді.  Сонымен  бірге,  онда  Қазақстан 

экономикасын өрге бастыруға үлкен мəн берілді.  

Республикада  ауыр  өнеркəсіпті  қалпына  келтіріп,  тез  дамыту,  сондай-ақ,  жеңіл  тамақ  жəне  тоқыма 

өнеркəсібін  одан  əрі  өркендету  көзделді.  Халықтың  материалдық  қажеттерін  қанағаттандыру  ісі  екінші 

кезектегі  мəселе  болып  саналды.  Төртінші  бесжылдық  жоспарда  Қазақстанның  халық  шаруашылығы  мен 

мəдениетін  дамытуға  мəн  берілді.  Ауыр  өнеркəсіпке,  темір  жол  желісін  салуға,  ауылшаруашылық 

дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші 

орында  болды.  Төртінші  бесжылдықта  бүкіл  елде  өнеркəсіп  өнімі  1940  жылғымен  салыстырғанда  40%-ға 

өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.  

Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркəсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін 

қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары: 1946-1951 жылдары республикада болат прокаты, қара 

жəне  түсті  металлургия,  тау-кен  жəне  көмір  өнеркəсібі  үшін  қолдан  жасалған  талшық  өндіру  жүзеге 

асырылды.  Осы  жылдары  Теміртау  зауытында  үй  прокат  станы,  2  мартен  пеші,  Актөбе  ферроқорытпа 

заводының  үшінші  кезегі,  Өскеменде  қорғасын-мырыш  (1947  ж.)  комбинаты  салынды.  Екібастұзда  көмір 

кесіндісінің  құрылысы  аяқталды.  Маңғыстауда  жаңа  мұнай  кəсіпшіліктері  салынды.  1950  жылы  мұнай 

өндіру  52  %-  ға  артты.  50-жылдардың  басында  республикадағы  кəсіпорын  саны  –  65  болды.  Бесжылдық 

қорытындысында  Қазақстан  өнеркəсібінің  жалпы өнімі  1940  жылмен  салыстырғанда  2,3 есе,  оның  ішінде 

көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ - 1,9 электр қуатын өндіру 4,1 есе артты.  

Жеңіл  жəне  тамақ  өнеркəсібі  дамыды.  Семей  Илеу-сығынды  заводы  өнім  бере  бастады,  Қызылорда 

тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заауыттары салынды. Көлік 

жүйесі  кеңейе  түсті:  1950  жылы  ұзындығы  483  км.  Мойынты  –  Шу  темір  жолы  салынып,  Жамбыл  – 

Шолақтау  темір  жолы  іске  қосылды.  Байланыс  ісі  жақсартылды.  Барлық  аудан  орталықтары  телефон 

байланысына  қосылды.  1949  жылғы  көктемде  Алматында  елдің  56  қаласымен  байланыстыратын 

автоматтық  станция  салынды.  Радио  жүйесі,  40-жылдармен  салыстырғанда  2  есе  артты.  Маманданған 

жұмысшылар  қатары  өсті.  1945  жылы  1,044  мың  болса,  1950  жылы  –  1403  мың  адам  болды.  1950  жылы 

елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.  

Соғыстан  əлсіреп  шыққан  еліміздің  ауылшаруашылығын  қалпына  келтіру  жолында  көптеген 

кедергілер  кездесті.  Олар:  ауылшаруашылық  техникасының  жетіспеуі,  жұмыс  күшінің  аздығы,  əміршіл-

əкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу жəне тағы басқа.  

1946  жылғы  16  қыркүйекте  ауылшаруашылығында  орын  алған  ауыр  жағдайды  жою  туралы  қаулы 

қабылданды.  Осы  қаулыға  сəйкес  совхоздар  мен  колхоздардың  бұрынғы  зардаптарын  жою  басталды. 

Ауылшаруашылығын  жаңа  техникамен  қамтамасыз  ету  үшін  мемлекет  арнайы  қаражат  бөлді.  Төртінші 

бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, 

ондаған мың автомашина, шөп шабатын жəне басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 

76%  МТС-тер  жұмыс  істейді.  Осы  жылдарда  ұсақ  колхоздарды  ірілендіру  шаралары  іске  асырылып, 

республикада  1952  жылғы  қантарда  3670  колхоз  қалды  немесе  олардың  жалпы  саны  2  есеге  жуық 

қысқарды.  1948  жылы  республикада  ауылдар  мен  селоларды  жаппай  электрлендіру  жорығы  басталды. 

Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз жəне 193 селолық аудан орталығы 

электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.  

Республикада  төртінші  бесжылдықта  егіс  көлемі  бір  миллион  гектардан  аса  ұлғайды. 

Ауылшаруашылық  дақылдарының  шығымдылығы  артты.  1950  жылы  астықтың  жалпы  түсімі  47654 

центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дəрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, 

жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті, ірі қара мал 27, қой мен ешкі 70, жылқы 71%-ға 

көбейіп,  шошқа  2,7  есе  артты.  Дегенмен,  ауылшаруашылығын  өркендетуде  елеулі  қиыншылықтар  болды. 

1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, 

совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек өнімділігі төмен еді. Ауылшаруашылық жарғысын (уставын) 

бұзушылық  етек  алды.  Колхозшыларға  еңбек  күнге  өнім  өте  аз  мөлшерде  бөлінді.  Олардың  еңбекке 

ынталылығы  төмен  болды.  Осыған  байланысты  əкімшіл-əміршіл  жүйе  қатал  саясат  жүргізіп,  село 

тұрғындарын  мəжбүрлікте  ұстады.  Жергілікті  жағдаймен  есептеспей,  жоғарыдан  жоспарлап,  аппарат 


 

65

тарапынан  бұйрық  беріліп  отырды.  «Əскери  коммунизм»  кезеңінің  азық-түлік  салғырты  саясаты 



жалғастырылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды:  

- Төлқұжаттары болмады. 

- Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.  

Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды.  

Соғыстан  кейін  1946-1953  жылдары  халықтың  əлеуметтік  жағдайы  үшін  аса  бір  ауыр  кез  болды. 

Соғыстан кейін  елімізде қалыптасқан  орасан  зор  қиыншылықтарға,  əсіресе  ауылшаруашылығында болған 

орасан  зор  қиыншылықтарға  қарамастан,  кеңес  халқының  əл-ауқаты  бірден-бірге  жақсара  берді.  1947 

жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз 

ететін  карточкалық  жүйе  жойылды.  1947  жылғы  ақша  реформасының  нəтижесінде  сомның  сатып  алу 

қабілеті едəуір жоғарылады. Нан жəне наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркəсіп өнімінің бағасы 

арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нəтижесінде базар бағасы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта 

жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшілердің 

жалақысы да өсті.  

Кеңес үкіметінің еңбекшілердің əлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары:  

1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына əлеуметтік көмек көрсетілді.  

2. Жасы  ұлғайғандарға,  асыраушысы  қайтыс  болғандарға  жəне  уақытша  еңбекке  жарамай 

қалғандарға зейнетақы тағайындалды.  

3. Көп балалы жəне жалғыз басты аналарға жəрдемақы белгіленді. 

4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді.  

5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді. 

6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.  

Бірақта  соғыстан  кейінгі  бірінші  бесжылдық  жылдарында  халықтың  əлеуметтік  жағдайы  əлі  ауыр 

болды.  Тұрғын  үйлер  жетіспеді,  халықтың  өнеркəсіппен  азық-түлік  товарларын  керек  етушілігі  толық 

қамтамасыз  етілмеді.  Республиканың  сауда  орындары  жұмысты  əлі  нашар  істеді.  Медицина  мекемелері 

санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде əлі елеулі кемшіліктер болды. 


Каталог: dist zaoch -> 2kurs -> 2FK-1kz -> UMKD
2kurs -> 1. 1 тақырып Тіл дыбыстарының жасалуы Қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесі
2kurs -> Лексика. Антоним
2kurs -> 1-бақылау тапсырмалары 1 нұсқа
2kurs -> №13 дәріс Тақырып: Құқықтың түсінігі және мәні
2kurs -> Адамның психикалық іс-əрекеті
2kurs -> Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Көпсалалы
2kurs -> Қазақ тілін оқыту əдістері
UMKD -> Рефераттар мен баяндама тақырыптары
2kurs -> Контрольная работа по дисциплине «Профессиональный английский язык» для студентов второго курса всех специальностей


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет