Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі


-тақырып.  Ерте орта жəне дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер (VІ-ХІІІ ғғ.) (1 сағат)



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет3/15
Дата30.12.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

3-тақырып.  Ерте орта жəне дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер (VІ-ХІІІ ғғ.) (1 сағат)   

1. Түрік жəне Батыс Түрік қағанаты (552-603 жж.).  

2. Түркеш, Қарлұқ, Қарахан, Қидан мемлекеттері. 

3. Оғыз, Қимақ жəне Қыпшақ хандықтары. 

4. Найман, Керейт жəне Жалайыр ұлыстары. 

        5. VІ-ХIII ғғ. Қазақстанның экономикалық жəне мəдени өмірі. 



 

СӨЖ

 тапсырмалары: 

1. Л. Гумилевтің  «Көне  түріктер»  кітабы  бойынша  танымдық  тапсырмаларды  орындау:  түріктердің 

тілдік қатынасын айқындау, салт-дəстүрі, діни сенімдері бойынша конспект жасау. 

2. С.Г.  Кляшторный,  Т.И.  Султанов.  «Казахстан:  летопись  трех  тысячелетии»  кітабы  бойынша 

танымдық тапсырмаларды орындау: түріктер үшін əлеуметтік идеалдардың маңызын ашу. 

1. Біздің  заманымыздың  І  мыңжылдығының  орта  тұсынан  бастап  Ұлы  Далада  этникалық  үрдіс  пен 

саяси  өмірде  елеулі  өзгерістер  бастау  алды.  Мифтік  дүниетанымдық  көзқарас  орнына  адамның  тарихи 

аспектіде  əлемдегі  орнын  айқындау  шарты  көрініс  табады.  Бұл  тұста  түркі  тілдес  тайпалар  бірте-бірте 

үстемдік  ала  бастады.  Əлеуметтік  даму  жəне  аймақтық  саяси  ынтымақтасу  процестерінің  тездей  түсуі 

түркі тілдес тайпалардың ірі мемлекеттік құрылым (қағанат) құруына жол ашылды. Олар Қиыр Шығыстағы 

Корей түбегінен батыстағы Карпат тауына дейін, солтүстікте Байкал мен Енисейден оңтүстігінде Үндістанға 

тірелетін жалпағынан созылған кең байтақ алқапты өзіне қаратты. 

542  жылға  жататын  қытай  жылнамалары:  «cолтүстік-батыстан  туцзю  (түрік)  елі  шапқыншылық 

жасады»,- деп түрік атауын алғаш рет қолдана бастады. Алтай аймағында сатылап құрылған орда құрылымы VІ 

ғасырда  түрік    атауымен  тарих  сахнасына  шықты.  Қытайлықтар  туцзю,  тюркут,  соғдылар  –  турк,  туркут, 

византиялықтар, арабтар, ирандықтар – түріктер деп атаса, орыс деректерінде половец пен печенегтермен қоса 

торк атауын да кездестіреміз. 

Түрік қағанатының алғашқы кезеңіне байланысты ескерткішті археологтар 1968 жылы қазіргі Монғолия 

территориясында  тапқан  болатын.  Шапқыншылықтан  аман  қалған  бала  мен  бөрінің  бейнесі  осы  ескерткіш 



құлпытасында бейнеленген. Генеалогиялық аңызға сəйкес түркі тектес  елдің бабасы он жастағы ұл баланы – 

қасқырдың анасы асырап алыпты. Одан туған он бала  Алтайдағы тайпалардың басын қосқан, Алаша дəстүрін 

жандандырған  –  Түрік-Ашина  əулеті    түрік  əлемінде  ұйтқы  болды.    Тарихи  сабақтастық  мұрындық  болған 

түркілердің  өміріндегі    негізгі  компоненттері  ерте  дəуірде  қалыптасқан  еді.  Орталық  Азияның  түркі  тілдес, 

сонымен қатар енисей қырғыздары, қыпшақ тобы, теле немесе оғыздар – Ашина ұрпақтары болып табылады. 

Түрік қағанатының құрылу уақыты VІ ғ. бастау алса да, онда түріктік мəдени компоненттердің бірігуімен 

қатар, олардың дербестікке деген нышаны да қатарласып жатты. Осы жайттар небəрі жеті ғасырда түркі тектес 

елдің  он  шақты  мемлекет  құрғанын  білеміз:  Көк  Түркілер  қағанаты,  Шығыс  Түрік,  Батыс  Түрік,  Түркеш, 

Қарлық, Ұйғыр, Хазар, Оғыз, Қыпшақ, Қарахан, Қимақ, Найман жəне тағы басқа. 

Ерте  түрік  мемлекеті  –  Түрік  Қағанаты  (551-603)  551 жылы  Бумын  басшылығымен  пайда  болды,  тайпа 

көсеміне  Қаған  лауазымы  тағылды.  Оның  мұрагерлері  Қара-қаған  (552-553),  Мұқан-қаған  (553-572),  Таспара-

қаған  (572-581)  билік  құрды.  Тарихи  деректер:  «Қытай  мемлекеті  алым-салық  төлеуге  мəжбүр  болды;  іргелес 



 

14

қоныстанған  –  Парсы,  Византия  елдері  саяси-экономикалық  қатынас  орнатты»,  -  дейді.  Махмұт    Қашғари: 



«түріктердің  күнбатыста  Ұрым  (Рим),  күншығыста  Қытайға  дейінгі  байтақ,  сегіз  мың  фарсах  шамасындағы 

жерді иемденгенін», - жазып кеткен болатын. 



Сонымен,  түрік  елі  бір  əулет  билігіне  топтасты.  Күрделі  дамыған  империялық  басқарудың  саяси 

құрылымын  жаратты.  Шаруашылығы  əр  типті    халықтар  мен  елдерді  өзіне  бағынышты  жəне  мұқтаж 

етті. Мұқтаждық - əулетке тікелей бағыну  немесе алым-салық төлеумен реттелді. Көшпенділердің құрған 

мемлекеті империя (қағанат) түріне айналды. Осы тұрғыда Түркі қағанаты ғұндар дəстүрін жалғастырып, 

еуразиялық империя құрылымын жасады.    

Ежелгі түріктер ерекше өркениет ошағын құрды. Біртұтас билік шеңберінде болмыстың  жаңа серпінді 

формалары көрініс тапты, оның жаңа коммуникативтік құралдары ретінде – урбанизация үрдістері жанданды, 

қалаларды салды, дүниетанымда - фəлсафалық талпыныстарымен əлемдік «Тəңір» дінін жаратты, мəдениеттің 

қажетті межесі деп - Ұлы Дала болмысына тəн Қасиетті сақтап қалды. Осының бəрі қоғамның құрылуындағы 

əлеуметтік  жəне  саяси  өмірінде  бейнеленді.  Объективті  мазмұны  бар  таным  жетістігі  болып  -  тасқа  қашаған 

таңбалардан  қағазға  біткен  қолжазбаларда  дыбыс  белгілейтін  əріптік  жазудың  пайда  болуында.  Көне  түрік 

жазуы  скиф-сақ  дəуірі  мəдениетімен  үндесіп,  астасып  жатты.  Көшпелі  түрік  қоғамы  бірсипаттылығымен, 

элементтердің ұқсастығымен жəне дəстүрлік бірлесу негізінен байқалады. 

Күлтегіннің үлкен жазба Құлпытасында: « Жоғарыда Көк Аспан, төменде Қара Жер пайда болған кезде, 

ортасында Адам баласы жаралды... оларға билік етуге менің бабаларым Бумын қаған жəне Истеми қаған таққа 

отырды...  төрелік  айтып,  Түрік  Елін  құрды».  Осы  жазба  ескерткішінде  қағанаттағы  биліктің  жіктелуі  тайға 

таңба басқандай  - Бодун – Ел - Бұйрық , «Халық – Мемлекет – Заң»,- деп айқын көрініп тұр. Саяси тұрғыда 

Ел

 деңгейіне көтерілген тайпа одағы – ру, арыс, тайпа бірлістіктерінен құрылды. Ру-тайпалық құрылым – халық 

жəне  əскери-əкімшілік  құрылыс  –  Ел  дəрежесінде  бірін-бірі  толықтырып  отырды.  Қаған  –  мемлекетті  ұстап, 

халықты басқарды. Ол жоғарғы сот, жоғарғы абыз,  əскери қолбасшы, генеалогиялық сатыда  тайпаның  үлкені 

ретінде  көсем  рөлін  атқарып,  жаулап  алған  халық  пен  мемлекеттерге  алым-салық  төлеттірді.  Қаған  –  саяси 

билікке  ие  бола  тұра,  тайпа  аристократиясы  -  бектерге  сүйенді.  Бек  –  қаны  мен  жаратылысы  жағынан  дəстүр 

негізінде ақсүйек тұқымына жатты. Түрік елінде аристократияның элитасы болып Ашина руы есептелді. Осы 

ерекше сословия тобынан Жоғарғы Империя Əулеті құрылды -  кеңесшілер, жоғарғы əскери басшылар, əскери-

əкімшілік лауазымдағы бастықтар. Халықтың негізгі бұқарасы «қара бодұн» деп аталса, тəуелді ең төменгі жігі 

«тат»  деп  аталды.  «Татсыз  түрік  болмас,  бассыз  бөрік  болмас»  деген  сөз  түрік  билеушілердің  бəрінде  де 

осындай  тəуелді  адамдардың  болғандығын  дəлелдейді.  Түркі  қауымының  құрылымы  ғасырлар  бойы 

қалыптасып, көшпелі-əскери тұрмыс салтының мақсаттары мен міндеттеріне бейімделді. 

Ішкі  қырқыс,  əлеуметтік  қайшылық  жəне  сыртқы  саяси  себептер  Түркі  қағанатын  ойсыратып  жіберді. 

Ақырында 603 жылы  өз ішінен «Шығыс Түрік қағандығы» жəне  «Батыс Түрік қағандығы» деп екіге бөлінді. 

Сол уақытта Қытай - Суй əулеті (581-618) кезінде күшейіп, Шығыс қағанаты оларға тəуелді болып қалады. Осы 

ұзақ дағдарыстан Құтлық - Эльтериш қаған уақытында азат болып, Білге қаған жəне Күлтегін кезінде Шығыс 

қағанаты бекіді. 

Батыс  Түрік  қағандығы  құрылған  кезде,  ол  «Он  оқ  бодұн»  -  «бес  арыс  дулат»,  «бес  тайпалы  нүшиби» 

деген  атауларымен  ұйымдасып  -  Алтай  тауынан  Қаратау  тауына  дейін,  Шығыс  Түркістаннан  Арал-Каспий 

теңізіне  дейін  созылған  кең  алқапты  алып  жатты.  Қағандықтың  негізгі  ордасы    –  қазіргі  Жоңғар  ойпаты  мен 

Жетісуда  бекінді.  Соғды,  Бухара,  Гиндукуша,  Исфиджаб,  Чача  жерлерінде  қағанның  адамдары  үстем  құрып 

отырды.  Ұлы  жібек  жолы  бойындағы  өркендеген  саудасы  бар  Батыс  қағанаты,  зор  кеңістікті  игерудің  тиімді 

тəсілін  қолданды.  Мал  шаруашылығы  мен  отырықшы  егіншілік  түрі  қоса  жүретін  бірегей  жүйесі,  қала 

мəдениеті  бар  дамыған  мемлекет  болды.  Шаруашылық  мəселелерді  шешу  саудаға  байланысты  болғандықтан 

Ұлы Жібек жолын бақылап, өркендеуіне қағанат игі ықпал жасап отырды.  Сауданың өркендеуіне байланысты 

ақша  айналымы  пайда  болды,  сауда  мен  қолөнердің  орталық  қалалары  гүлденді.  Олар:  Қүлан,  Тараз,  Мерке 

жəне  т.б.  Шу  алқабының  өзінде  18  шақты  дамыған  қалалар  болды.  Қалаларда  өндіріс  құралдарын  жасайтын 

темір  өңдеу  кəсібі,  қыш-құмыра  өндірісі,  тоқымашылық,  ағаш  өнері,  тері  өңдеу,  тағы  да  басқа  кəсіптер 

өркендеді.  Ұлы  Жібек  жолының  сауда  керуендері  осы  қалаларда  дамылдап,  əртүрлі  тауарларын  сатып, 

өздерінің көлігін малшылардан толықтап алып отырды, сонымен бірге, бұл қалалар ішкі айырбас пен сыртқы 

сауданың тұрақты орталығына айналды. 

Батыс  Түрік  Қағанатының  этникалық  құрамы:  Ашина  түріктері,  үйсіндер,  қаңлылар,  түргештер, 

ұйғырлар, қырғыздар, қарлықтар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, яғни көпшілігі шыққан тегі жағынан туыстас 

–  қытай  жылнамаларынан  келтіргендей  Шаньюй  (ғұндар)  тегінен  еді.  Яғни,  бұл  үрдіс  этникалық  тəртіптің 

немесе  жалпытүріктік  этникалық  сана-сезімнің  -  түріктік  (ұлттық)  идеологияның  қалыптасуымен  аяқталды. 

Біртұтас билік шеңберінде мəдени-өркениеттік – империялық стандарттар қалыптасты. 

Батыс  түрік  пен  Шығыс  түрік  қағандығының  мемлекеттік  басқару  жүйесі  ұқсас  болды.  Жоғарғы 

билеушісі  қаған,  кейінгі  лауазымдар:  жабғы,  тегін,  шад,  еркін,  тарқан,  бек,  бұйрық,  шор,  елтебер,  тұтық  деп 

аталды.  Бұл  лауазымдар  атадан  балаға  мұрагерлік  жолымен  ауысып  отырды.  Барлығы  28  дəрежелі  лауазым 

иелері болған ақсүйек тегіне жататын империялық билік институтын құрды. Астанасы Суяб қаласы, ал жазғы 

резиденциясы Түркістан маңындағы Мыңбұлақ болды. 


 

15

Мемлекет ішінде өріс алған дағдарыс ыдыраушылықты асқындырды, соның негізінде Таң патшалығының 



көмегімен  Батыс  Түрік  қағанаты  630-634  жылдары  Сырдариядан  батысқа  қарай  созылған  ортаазиялық 

иеліктерінен  айырылып  қалды.    Он  алты  жылға  созылған  тайпалар  арасындағы  соғыс  пен  əулеттік 

қырқыстардың (640-657) аяғы, 657 жылы Жетісуға кең көлемде бағытталған Таң патшалығының жорықтарымен 

аяқталды. Қағанат жеңіліс тапты, енді қағандықты қытайдың тағайындаған адамы басқарды. 704 жылы Батыс 

Түрік  қағанаты  құлады.  Оның  соңғы  қағанын  түркештер  өлтірді.  Енді  батыс  түрік  қағандығының  орнына 

Түркеш қағандығы құрылды. 



2.  Түргештердің  көсемі  Үш  Елик  699  жылы  Батыс  Түрік  қағанатындағы  қытай  императорының 

тағайындаған  басшысын  жойып,  өз  билігін  орнатты.  Түркештер  -  Іле  мен  Шу  өзені  аралығын,  Іле 

Алатауынан  Балқаш  көлінің  оңтүстігіне  дейінгі  өңірін  мекендеді.  Шығые  пен  Батыс  арасындағы  сауда-

керуен  жолының  осы  Жетісу  өңірін  басып  өтетін  басты  бөлігі  түркештердің  бақылауында  болды.  Бұл 

жағдай  олардың  əскери-саяси  жəне  шаруашылық  қуатын  арттыра  түсті.  Сонымен  қатар,  отырықшы 

егіншілік ошағы, біршама көркейген қалалары бар бай өлке еді. Түргеш əулетінің негізін салушы, 699-706 

жылдары билік құрған - Үш Елик Қаған еді, олардың ордасы Шу бойындағы Суяб қаласында болды, кейін 

Тараз  қаласына  көшірілді.  Түргештер  екі  тайпалық  жікке  бөлінді:  Іле  өзені  жағалауын  мекендегендері  – 

қара  түргештер,  Шу  бойындағылары  –  сары  түргештер.  Жетісуда  үстемдігін  орнатам  деушілердің  бірі  – 

Қытай мен Араб Халифатына қарсы Түргеш қағанаты қажырлы күрес жүргізді. Үш Елик Қаған жəне оның 

ұлы  Сақал  Қаған  кезінде  (706-711)  Түргеш  Қағанаты  Мəуреннахрдағы  араб  шапқыншылығына  тойтарыс 

бере білді. Əсіресе, араб басқыншыларына қарсы нəтижелі күрес Сұлу Қаған кезінде (715-738) жүргізіледі. 

Ол сыртқы саясаттағы дипломатиялық құралын шебер қолдана білді, Шығыс қағанат пен Тибет патшаның 

Бикеш  қыздарына  үйленді,  Қытайдың  құлқындарын  жұдырығында  ұстай  білді.    Бірақ  қауіп    Араб 

Халифатынан төніп тұрды, Сұлуды өз жағына тартпақшы болған ниеттері жүзеге аспағандықтан, оған Абу 

Музахим (бодающий) деген атау тақты.  

VІІІ ғасырдың ортасында Жетісу алқабы үшін Қытай мен Арабтардың мүдделері қақтығысып, соның 

салдарынан Тараз қаласының маңындағы  Талас бойында 751 жылғы шілде айында Талас шайқасы болды. 

Хорасандағы  аббасид  халифы  Абу  Муслим  жіберген  араб  əскері  Гао  Сянь  Чжи  басқарған  қытай  əскеріне 

тойтарыс  бере  алды.  Қытайлықтарды  жеңуде  шешуші  шайқас  қарлықтардың  ерлігіне  байланысты  болды. 

Бұл  шайқас  үлкен  маңызға  ие  болды:  біріншіден,  қытайлықтар  Қазақстан  жеріне  ендігі  жерде  ішкі  ісіне 

араласпақ  түгіл,  қолдарын  ұзақ  уақытқа  дейін  сұға  алмады;  екіншіден,  Қазақстанда  Ислам  мəдениетінің 

ықпалымен өзара байланыс дəуірі басталды. 

Осы кезде Алтай тауын мекен еткен қарлұқтар күшейе түсті. Олар түркеш қағандығын жеңіп, өзіне 

бағындырды. 756 жылы Түркеш қағандығы құлады да, өкімет билігі қарлұқтардың қолына көшті. Түргеш 

Қағанатының құлауы Ашын əулетінің жойылуына əкеледі. Батыс Түрік Қағанатының орнында түркі тілдес 

халықтардың бірнеше мемлекеті пайда болады: Солтүстік Тянь-Шань мен Жетісуда - Қарлықтар мемлекеті 

(756-940);  Сырдарияның  төменгі  сағасында,  Арал  жағалауында  –  Оғыз  мемлекеті  (ІХ-ХІ  ғғ.  басы);  Ертіс 

бойы  мен  қазіргі  Солтүстік  жəне  Орталық  Қазақстан  далаларында  –  Қимақтар  (кейінірек  қыпшақтар) 

мемлекеті  (ІХ  ғ.-ХІ  ғ.  басы);  Қарахан  əулетінің  мемлекеті  (942-1210);  Қыпшақтар  Хандығы  (ХІ  ғ.  басы-

1219);  Еділдің  төменгі  сағасы  мен  Солтүстік  Кавказда  –  Хазарлар  мемлекеті;  Орталық  жəне  Солтүстік-

Шығыс  Азияда  сондай  түркі  тілдес,  туыстас  тайпалардың  мемлекеттері  пайда  болды:  Ұйғыр  Қағанаты 

(745-840) жəне Қырғыз Қағанаты (840-1124).  

Қарлұқ  туралы  алғашқы  деректер  V  ғ.  жатады,  ол  кезде  олар  «бұлақ»  деген  атпен  мəлім  болыпты. 

Ежелгі  түріктердің  руникалық  ескерткіштері  «үш  қарлұқ»  (қарлұқтардың  үш  тайпасы)  атын  Алтай  тауы 

мен  Балқаш  көлінің  шығыс  жағалауы  арасын  қоныс  тепкен  көшпелі  тайпалардың  қуатты  одағына  да 

таратқан.  Ерте  орта  ғасырды  зерттеген  ғалымдар  бұл  атауға  ірі-ірі  үш  тайпаны  біріктіреді:  бұлақ,  шігіл 

жəне ташлық . 

742  ж.  Шығыс  Түрік  Қағанаты  құлап,  билік  үш  тайпаның:  қарлұқтардың,  үйғырлар  мен 

басмылдардың  одағына  көшеді.  Алайда  744  ж.  тайпалар  арасындағы  қақтығыс  ұйғырлардың  жеңісімен 

аяқталады.  Орталық  Азияда  жаңа  мемлекет  -  үйғыр  қағанаты  (744-840)  пайда  болады.  Өзінің  одақтасы 

ұйғырлармен  бəсекеге  түскен  қарлұқтар  жеңіліске  ұшырап,  Жетісу  жеріне  қарай  ығысуға  мəжбүр  болды. 

Жетісуға  келген  қарлұқтарға  Түргеш  қағандығы  тойтарыс  бере  алмады.  Сөйтіп,  756  жылы  түргеш 

қағандығының  орнында    Қарлұқ  Қағандығы  құрылды.  Көсемдері  -  Елтебер,  билеушілері  -  Жабғы,  ал  840 

жылдан  бастап  -  Қаған  лауазымын  алды.  Қарлық  мемлекетінің  негізгі  аумағына  шығыста  Жоңғар 

Алатауынан,  батыста  Сырдарияға  дейін,  солтүстікте  Балқаш  көлінен,  оңтүстікте  Ыстықкөлге  дейінгі 

жерлер қарады.  

Қарлұқ  конфедерациясына  халықтар  этникалық  жағынан  бір  тектес  болмады,  олардың  ішінде  түрік 

тілді  тайпалар  мен  иран  тілді-соғдылар,  Таяу  Шығыс  пен  Орталық  Азия  елдерінен  ауған  келімсектер 

бартұғын.  Ықпалы  бар  аймақтарда,  тұрғындарды  түріктендіру  үрдісі  қызу  жүріп  жатты.  840  ж.  Енисей 

қырғыздары  үйғыр  қағанатын  жойып,  ұйғырлар  Түрфан  мен  Ганьчжоу  аймағына  еріксіз  көшуге  мəжбүр 

болады. Бұл оқиғаны қарлұқ жабғысы Білге Күл Қадыр-хан шебер пайдаланып, ел билеуге жаңадан қаған 

атын алады.  


 

16

Қарахан  мемлекетінің  (942-1210)  негізін  салушы  –  қарлықтар  бірлестігіне  кіретін  шігіл  тайпасынан 



шыққан  Сатық Бегре  хан  (915-955).  Ортағасырлық  авторлар  қарахандардың  əуелгі аумағы  Орталық  Тань-

Шаньнің  оңтүстік-шығысы  мен  Қашғардың  солтүстік  бөлігі  деп  санайды.  Кейіннен,  Сатық  пен  оның  ұлы 

Мұсаның  (Байташ)  кезінде  бұл  хандыққа  Орталық  Тань-Шань,  Жетісу,  Ферғана,  Мəуреннахр  қосылады, 

иеліктің батыс шекарасы Əмудария өзені мен Арал теңізіне, солтүстігі Балқаш көліне, шығысы Алакөл мен 

Тарбағатай  тауларына  дейін  созылады.  Ордасы  Шу  жазығында  болса,  астанасы  Баласағұн  қаласы  болды. 

Қарахан  мемлекеті  1041-1042  жылдары  тəуелсіз  екі  мемлекетке  бөлінгеннен  кейін  Батыс  Қағанаттың 

астанасы Үзкент, кейін Самарқан қаласы болса, ал Шығыс Қағанаттікі Баласағұн, кейіннен Қашқар қаласы 

болды.  Сөйтіп,  Мəуреннахр  батыс  қарахандардың  иелігіне,  Шығыс  Түркістан  мен  Жетісу  шығыс 

қарахандардың иелігіне қарады.  

ХІІ ғасырдың бірінші жартысы бір кездегі қуатты империяның тарихында аумалы-төкпелі жылдарға 

айналады.  Орталық-азиялық  тайпалардың:  қидандардың,  наймандардың  жəне  керейттердің  жаңа  легінің 

шабуылы, селжүктер əулетімен болған аяусыз күрес, өзара қырқыстардың көбеюі Қарахандар мемлекетінің 

күйреуіне əкеп соқтырады. 

Қарахан əулетіне байланысты болған маңызды оқиғаның бірі – Сатық Бегре хан 955 жылы (мұсылман 

аты - Əбд-əл-Керим) мұсылман дінін қабылдап, Ислам мемлекеттік дінге айналуымен атап өтеді. Енді, елді 

исламдандыру  көне  түрік  руникалық  жазуын  тықсырып,  араб  əрпіне  негізделген  жаңа  түрік  жазуының 

түзілуіне жеткізеді. Сөйтіп, түркілер Ислам əлемінің мəдени кешеніне енеді. 

Қарахан  əулетіндегі  мемлекеттік  құрылымның  бір  өзгешілігі  -  əскери  басқару  əкімшілік  басқарудан 

бөлінуі  еді.  Жер  иеленуде  –  Икта  институтын  енгізді.  Иктаның  бірнеше  түрі  болды.  Атап  айтқанда,  икта 

үлгісіндегі жер сыйлықтары ірі, орташа жəне ұсақ жер сыйлықтарына бөлінді. Əскери икта да көп тарады. 

Икта  алған  əскер  басшылары  оны  өздеріне  бағынышты  жауынгерлерімен  бөліске  салды.  Үлес  мөлшері 

адамдардың  қызметіне,  əскери  дəрежесіне  жəне  сіңірген  еңбегіне  байланысты  болды.  Иктаны  екінші 

біреуге  беру  арнайы  қағазбен  (грамота)  расталды.  Иктамен  қатар  жер  иеленудің  басқа  түрлері  де  болды. 

Қарахан  билеушілері  казынаға  түсетін  салық  көзі  —  үлкен  жер  бөліктерін  иеленді.  Мұндай  ірі  аювр 

бөліктері  жаудан  тартып  алынған  жерлерден  кірді.  Мұсылман  дінбасыларының  қарамағында  да  ірі  жер 

бөліктері  болды.  Ол  жерден  мемлекет  пайдасына  салық  алынбады.  Жалпы  икталық  жүйе  əлеуметтік 

жіктелудің күшеюіне, дамыған қатынастардың  мемлекеттік деңгейін бейнелеп берді. Бұл кезеңде мемлекет 

құрамындағы  халықтарды  біріктіруші  «түрік»  термині  бұрынғы  жалпылықтан  этникалық  тұрғыдағы  тар 

мағынаға  ие  бола  бастайды.  Қазіргі  Қазақстан  аумағы  мен  Орта  Азия  арасында  тығыз  территориялық-

шаруашылық байланыстары орныға бастайды. 

Қидандар  туралы  алғашқы  дерек  V  ғ.  жатады,  олар  ол  кезде  Қиыр  Шығыстағы  Уссури  алқабында 

мекен еткен. Ол X ғ. күшті одақ құрып, қытайдың солтүстікке қарай көптеген жерлерін бағындырып, Ляо 

патшалығын  (907-1125)  құрды.  Сол  кезде  олардың  жерлері  Қашғардан  қытайдың  Ұлы  қамалына  дейін 

созылып  жатты.  Осы  əулет  қытайға  өз  атауын  берді  (қытай  –  киданның  жерлері  деген  ойды  белгілейді). 

Амурдан келген Чжурчжень тайпалары Сунь патшалығымен одақтасып, кидандармен соғысады. Бұл соғыс 

Ляо  мемлекетінің  іргесін  шайқалтып,  кидандардың  батысқа  қарай  жылжуын  мəжбүр  етеді.  Соның 

салдарынан қидандардың көсемі Елюй Даши Еміл өзенінің бойына жетіп, аттас қала салып, 1225 ж. бастап 

үстемдік  ықпалын  кеңейтетін  дəуірін  бастайды.  Қарахан  əулетіндегі  тайпалар  арасындағы  тартыс 

қидандардың күшеюіне жол ашады. Замандас деректердің келтіруі бойынша: «Түркістан патшалары» қара 

қытайлардың (қидандардың атауы) көмегімен бірін-бірі «бағындыру жəне талқандау» əрекеттерін жүргізді, 

ал бұл жағдай қидандардың күшеюіне жəне кеңеюіне жол ашты,- деп, шынайы оқиғаларды баяндап берді. 

Аталған  себептер  Ляо  əулетінің  ханзадасы  Елюй  Дашиға  өз  үстемдігін  Шығыс  Түркістаннан  Амударияға 

дейін  орнату  қиынға  түспеді.  Ол  Гурхан  лауазымын  алды.  1141  жылы  орта  азия  жерлерін  қосып  алды. 

Сөйтіп, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Мəуреннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына 

енеді.  Бір  ерекшелігі,  Қидандар  өзіне  бағынған  аймақтардың    билеушілерін  құлатпай,  вассал  (кіріптар) 

ретінде  алым-салық  төлеуді  ғана  мəжбүр  етті.  Мемлекетте  басталатын  түбегейлі  өзгерістер  Қидандардың 

соңғы  Гурханы  Чжилугу  билік  құрған  кезге  байланысты.  Шыңғысханнан  жеңілген  наймандардың  көсемі 

Күшлік хан 1208 жылы Жетісуға келіп, қоныстана бастайды. Ақырында Қидандардың дəуірі наймандардың 

заманымен алмасады. 

3.  Оғыздардың  мекен  еткен  жерлері  Қазақстанның  Ырғыз,  Жайық,  Ембі,  Ойыл  өзендерінің 

бойларында, Арал маңы, Сырдария жазығы, Қаратау баурайлары, Шу жазығы болатын. Əсіресе ықшамды 

орналасқан  аймақтары  Арал  өңірі,  Каспий  маңының  солтүстік-шығысы  мен  Сырдарияның  төменгі ағысы. 

ІХ-Х  ғасырдың  басында  Сырдария  атырабының  ортаңғы  жəне  төменгі  ағысы  мен  сол  алқабына  қабысып 

жатқан Қазақстанның Батыс даласында Мафазат əл-гуз - Оғыз мемлекеті құрылды. Оғыздар туралы жазған 

Ибн  əл-Факихтің  еңбегі  əртүрлі  толық  мəлімет  береді,  соның  бірі:  «түріктер  арасында  өзгелерден  гөрі 

көбірек құрметтеледі», - дегені.  

О. Сүлейменов «Аз и Я» атты еңбегінде оғыздарды «б.д.д. VІІ ғасырда белгілі болған елдердің бірі»,-

деп  келтіреді.  Бұл  жерде  үзіндіні  сол  қалпында  аудармай  келтірейін:  «Ассирийские  хроники  эпохи  царя 

Ассархадона пока что – самый древний документ, могущий подтвердить факт существования  в VІІ веке до 



 

17

н.э.  тюркского  этнонима  иш-огуз».  Шежіре  түрік  елінің  жалпы  рухани  өмірінде  маңызды  орын  алады, 



бəлкім  соны  көріп  естіген  əл-Факих  оларды  «құрметтеледі»  деп  келтірген.  Осы  сөздің  мəнін  ашсақ,  ол  - 

түркі  елдердің  шежіре  арқылы  əрбір  тайпаның  шыққан  тегі  мен  жасаған  батырлық  -  болмыс  тарихын 

білуінде шығар. Керуеннің маңызды жолында орналасқан Янгикент қаласы  - Оғыз мемлекетінің астанасы 

болды. Этникалық тұрғыда оның қағанаты біркелкі болмады, оның ішінде түркі жəне ирантілдес, фин-угор 

тектес тайпалар астасып жатты. Əу баста оғыз тобының өзегі Жетісуда ұйымдасады, алайда батысқа қарай 

жылжу  барысында  сол  аймақтың  халқының  есебінен  едəуір  дəрежеде  толығады.    Жетісу  атырабын 

қарлықтар иелену жолында, ата мекені Талас пен Ыстықкөл болған оғыздар жанкешті қарсылық көрсеткен 

еді,-  деп  Бичурин  Н.Я.  өз  еңбегінде  баяндаған  болатын.  Кескілескен  шайқаста  жеңілген  оғыздар  VІІІ 

ғасырда Арал теңізі жағалауындағы аудандарға тұрақтап, сол ғасырдың соңында өз мемлекеттерін құрады. 

Оғыздардың  Арал  жағалауы  мен  Батыс  Қазақстанға  орын  ауыстыруы  оңайға  соққан жоқ.  Олардың мұнда 

орнығуында Арал жағалауындағы екі тайпаның – печенектердің, қанғарлардың жəне басқа да сақ-массагет 

тегінен тараған əулеттердің қарсылығын, ал одан əрі батысқа жылжуында сарматтардың ұрпақтарын жəне 

фин-угор  тайпаларының  қарсылығын  күшпен  басуына  тура  келді.  Оғыз  мемлекеті  Х  ғасырда  Еуразия 

даласындағы  əскери-саяси  өмірде  зор  рөл  атқарған  елеулі  күшке  айналды.  Мəселен,  965  жылы  оғыздар 

Киев  Русімен  одақтаса  отырып,  Хазар  Қағанатын  құлатса,  ал  985  жылы  Еділдегі  Бұлғария  мемлекетін 

жеңіліске  ұшыратты.  Оғыздардың  тарихи  құбылысының  соңғы  шарықтауы  Əлихан  жабғы  мен 

Шахмəліктің  билігі  тұсында,  1041  жылы  Хорезм  мемлекетін  аз  уақытқа  бағындырғанында  байқалады.  ХІ 

ғасырдың  ортасында  Оғыз  Жабғыларының  мемлекетін  Дешті-Қыпшақтағы  қимақ-қыпшақ  тайпалары 

құлатты. 

Батыс  Түрік  қағанатының  құрамында  болған  қимақ  тайпаларының  атауы  алғаш  рет  VІІ  ғасырда 

ескеріледі.  Ол  кезде  олар  Ертіс  өзенінің  алқабы  мен  Алтай  тауының  солтүстігін  қоныстанған  болатын. 

Батыс  түрік  қағанаты  ыдырай  бастаған  кезде  (шамасы  VІІ  ғасырдың  ортасы)  қимақтардың  оқшаулануы 

басталады. Тап осы уақыттан бастап олардың тайпа одағы ретінде өзегі қалыптасатын кезеңі деуге болады. 

VІІІ  ғасырда  батысқа  қарай  іргесін  кеңейтіп,  үш  бағытқа:  Оралдың  оңтүстігіне;  Сырдария  бойы  мен 

Оңтүстік  Қазақстанға;  Жетісудың  Балқаш  көлі  мен  Алакөл  алқабына  дейін  жылжыды.  Ұйғыр  қағандығы 

840 жылы құлаған кезде, жеті тайпадан тұратын Қимақ конфедерациясы құрылып қалыптасады. Тайпалар 

басшысы жабғы деген дəреже иеленген. Ал ІХ ғ. соңы мен Х ғ. бас кезінде жалпытүркілік қаған дəрежесін 

иеленген билеушілері бар мемлекет құрады. Ертіс өзені бойындағы Имакия қаласы қимақтардың астанасы 

болды. Қимақтардың мемлекеттік құрылымы түркілік жəне түркі тілдес халықтардың мемлекеттері, барлық 

өркениетті  елдердегідей,  қалыптасқан  əлеуметтік  құрылымды  қорғау  мен  заңдастыруға  арналған  тұтқа 

болды.  Арабтың  ғалымы  Əл  Идриси  өзінің  «Нузхат  Əл  Мүштак  Фихтира  Əл  Афак»  атты  еңбегінде 

қимақтан  шыққан  ғалым  Ибн  Хаган  туралы  əңгіме  қозғайды:  əуелі  оны  ерекше  атап,  «Соның  жазған 

қимақтар туралы тарихи шығармасын өз еңбегімде қолдандым»,- дейді. ХІ ғасырдың бірінші жартысында 

Орталық  Азия  тарихына  үлкен  үлес  қосқан  қыпшақтарға  -  Ұлы  Даласындағы  тарихи  сахнада  жол  бере 

отырып, Қимақ Қағандығы қыпшақ бірлестігінің құрамына қосылып кетті. 

Қимақ  Қағанаты  саяси  сахнадан  кеткен  соң  ортағасырлық  жазба  деректерде  қыпшақ  деген  атаумен 

белгілі  тайпалардың  бірігуі  күшейген.  Қыпшақ  этнонимі  орта  ғасырлардан  гөрі  мейлінше  ертерек  мəлім 

болған  сияқты.  Бірқатар  зерттеушілер  жəне  қытайдың  «Тарихи  жазбалар»  атты  жылнамаларында  біздің 

заманымыздан  бұрын  ІІ  ғасырларда  өмір  сүрген  тайпалардың  бірі  дейді.  Оны  ежелгі  қытай 

транскрипциясындағы  «цзюйше»  атымен  байланыстырса,  С.М.  Ахинжанов  қыпшақ  этнонимі  алғашында 

«се» (қытай деректері) жəне «сир» (көне түркі деректері) түрінде пайда болған тайпалар дейді. «Қыпшақ» 

атауы нақты түрде 760 ж. ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Араб географы Ибн Хордадбек 

қыпшақтарды  VІІІ  ғасырға  жататын  түрік  тайпаларының  тізімінде  көрсетеді.  Батыс  еуропа  деректерінде 

«коман», «куман» деп аталса, орыс деректерінде «половцы» делінеді.  

Алтай тауы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтар əуелі Батыс Түрік қағанатының құрамында болып, 

кейін  қимақтардың  басшылығымен  конфедерация  одағының  өзегін  құрайды.  Сол  себепті  қыпшақтардың 

саяси  тарихы  ІХ-Х  ғасырларда  қимақтардың  тарихымен  қоса  өрледі.  ХІ  ғасырдың  басында  Қимақ 

мемлекетінің  өкімет  билігі  қыпшақ  хандарының  қолына  көшеді.  Сөйтіп,  ХІ  ғ.  басынан  бастап  қыпшақ 

бірлестігі  көптеген  елдердің  басын  біріктіріп,  қыпшақ  деген  сөз  қол  астына  біріккен  халықтардың  жалпы 

аты ретінде қолдана бастады, ал мемлекеті «Қыпшақ Хандығы, Дешті Қыпшақ Даласы» деп аталды. 

Қыпшақ  хандарының  жетекшілік  нысанында  əскери-саяси  əдісін  тиімді  де  шеберлікпен  ұтымды 

пайдалану  арқасында  шекарасын  шығысындағы  Ертістен  батыстағы  Дунайға  дейін  кеңейтті.  Сығанақ 

қаласын  астанасына  айналдырды.  Олар  бірнеше  негізгі  тайпа  топтарынан:  сібір-алтайлық;  орал-

қазақстандық;  алдыңғы  Кавказды  қоса  отырып  -  Дондық;  Қырымды  қоса  отырып  -  Днепрлік;  Балканды 

қоса отырып - Дунайлық болып ұйымдасты. Олар көптеген елдердің ортағасырлық тарихында маңызды рөл 

атқарды, мəселен: Үндістан, Мысыр (Египет), Қытай, Ұрым (Византия), Грузия, Бұлғар, Хорезм. Олар Киев 

Русімен  экономикалық,  əскери-саяси,  мəдени  жəне  қандастық  тығыз  байланыс  орнатады.  Қыпшақтар  - 

қазақ,  ноғай,  қырым-сібір  татарлары,  қарақалпақ,  өзбек,  қырғыз,  балқар,  қарачай,  кумык,  түркмен  жəне 



 

18

басқа да түрік елдерінің этногенезінде белгілі рөл атқарады. Олар турциялық, венгер, грузин, болгар, орыс, 



украин, монғол, қытай, үнді, араб халықтарының құрамына кірді.  

Қыпшақтардың  сыртқы  саяси  байланыстарының  ауқымы  кең  болды.  Мəселен,  хорезмшахтар 

мемлекетін  қыпшақ  əулеттері  билеп  тұрды.  Ұрым,  Ұлы  Болғар,  Киев  Русі,  Селжүк  сұлтандығы  тəрізді 

мемлекеттердің саясатында қыпшақтар айтарлықтай орын алатын. ХІІІ ғасырға дейін византиялық сарайда 

Циты,  Караджи,  Алакасен  деген  қыпшақтар  ірі  қызметте  отырған.  Крестілердің  жорығын  (крестовый 

поход)  1205  жылы  қыпшақтар  Андрианопольге  жақын  жерде  талқандап,  император  Балдуинді  тұтқынға 

түсіріпті. 1118 жылы Грузия патшасы ІV Давид Строитель өз əскерін нығайту мақсатымен Грузияға 40 мың 

қыпшақ  жауынгерін  отбасымен  шақырып,  оларға  жер  де  бөліп  беріпті.  Қыпшақтар  1121  жылы  Дидгор 

тауларында  түрік-селжүктерді  талқандауға,  1122  жылы  Тбилисиді  алуға,  1123  жылы  Ширванға  жорыққа 

қатысты.  Қыпшақтар  ХІV  ғ.  дейін  грузин  деректерінде  еске  алынып  отырады.  Олар  жайлы  грузия 

топонимиясы мен грузин халқының аңыздарында мəлімет бар. Олар аяғы жеткен жерде əскери үстемдікті 

қолға алып, əр алуан соғыс жорықтарына қатысты. Мысырдағы қыпшақ қолбасшылары Айбек пен Бибарыс 

Мысыр елінің мемлекет билігін қолына алып, Мамлюк əулетінің (1250-1517) негізін қалады.         

Ертістен  Днепрге  дейінгі  аридтік  зонаны  алып  жатқан  Дешті  Қыпшақтың  тарихи-жағрафиялық 

кеңістікті  Еділ  бойы  арқылы  екі  этникалық-аймақтық  бірлікке  бөлу  есебінен  қарауға  болады:  Тоқсоба 

əулеті  тұрған  Батыс  қыпшақ  бірлестігі  жəне  Ел-бөрілі  əулеті  билеген  Шығыс  қыпшақ  қағанаты.  Шығыс 

қыпшақ аймағының Ханы - бүкіл аумаққа жүргізе алатын билігі болды. Орда деп аталатын хан қосынында 

ханның  дүние-мүлкі  мен  əскерінің  ісін  жүргізетін  басқару  əкімшілігі  болған.  Əскери-əкімшілік  басқару 

жүйесіне  айрықша  маңыз  берілген.  Əулеттік  топ  мен  тайпалардың  өзі  əлеуметтік  маңызына  қарай 

иерархиялық  жүйе-сатыларға  бөліну  көрініс  табады.  Қыпшақ  қоғамы  əлеуметтік  жəне  жіктік  жағынан  да 

бөлінді. Меншікті білдіретін таңбалары болған. 

Ұлан-ғайыр  кең  өлкені  билеп,  əскери-саяси  биліктің  тізгінін  қолына  ұстаған  іргелі  Орда  құрған 

қыпшақ  дəуірі,  бізге  мирас  болып  қалған  кешегі  бақи  өмірімен  тікелей  жанды  байланысы  бар,  сөйлеу 

тілінің  сипатынан  толық  мағлұмат  бере  алатын  бағалы  еңбек  -  «Кодекс  Куманикус»  (Қыпшақ    тілінде 

жазылған  ескерткіш).  Осы  ескерткіш  готикалық  көне  шрифтімен  жазылған  жалғыз  дана  қолжазбасы  бұл 

күндері  Венецияда  Марк  əулиенің  шіркеуінде  сақтаулы.  Зерттеуші  Машковтың  айтуынша,  бұл  дəуірде 

Қыпшақ  тілі  батыс  еуропа  жиһанкездері  мен  шығысты  зерттеушілер  үшін  халықаралық  тіл  болып 

есептелді. Кодекс куманикус екі бөлімнен тұрады. Бес түрлі қолтаңбамен жазылған бірінші бөлім (итальян 

бөлімі)  латын  сөздерінің  алфавиттік  тəртібі  бойынша  тізілген  үш  тілді  (латынша-парсыша-куманша) 

сөздіктен,  зат  есімдер  мен  есімдіктердің  септелу  үлгісінен,  лексикалық  мағыналарына  қарай 

топтастырылған сан алуан есім сөздерден тұрады. Ал он төрт түрлі қолтаңбамен жазылған екінші бөлімнің 

(неміс  бөлімі)  денін  Інжіл  үзінділерінің  аудармалары  жəне  осы  секілді  діни  уағыздар  құраса,  қалғанын 

куманша-немісше, куманша-латынша сөздер, ақын Петрарканың қолымен жазылған итальян поэзиясының 

үзінділері,  куманша,  латынша  текстер,  аудармасыз  берілген  куман  жұмбақтары  құрайды.  Жалпы  алғанда, 

қыпшақ  тілін  зерттеу,  оны  оқып-үйрену  ХІ  ғасырдан,  М.  Қашқаридан  басталады.  Содан  бастап  ол  тілді 

орыс,  еуропа,  араб,  армян  авторлары  зерттеп  білген,  оқып-үйренген,  сол  тілге  Фердоуси  мен  Сағдиден 

бастап  талай  туындылар  аударылған.  Осыдан,  Қыпшақтар  дəуірі,  билік  құрған  хандары  мен  халықтың 

əлемдік өркениетте маңызды рөл атқарғаны «тайға таңба басқандай» негізделіп тұр.  



Каталог: dist zaoch -> 2kurs -> 2FK-1kz -> UMKD
2kurs -> 1. 1 тақырып Тіл дыбыстарының жасалуы Қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесі
2kurs -> Лексика. Антоним
2kurs -> 1-бақылау тапсырмалары 1 нұсқа
2kurs -> №13 дәріс Тақырып: Құқықтың түсінігі және мәні
2kurs -> Адамның психикалық іс-əрекеті
2kurs -> Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Көпсалалы
2kurs -> Қазақ тілін оқыту əдістері
UMKD -> Рефераттар мен баяндама тақырыптары
2kurs -> Контрольная работа по дисциплине «Профессиональный английский язык» для студентов второго курса всех специальностей


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет