Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет4/15
Дата30.12.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

4. Найман,  керейт,  жалайырлардың  ерте  мемлекеттік  бірлестіктері  Орталық  Азияның  шығысында 

пайда  болған  еді.  VІІІ  ғасырдың  ортасында  жоғарғы  Ертіс  пен  Орхон  аралығында  «Сегіз-оғыз»  немесе 

«Сегіз тайпа одағы» деп аталатын найман тайпа одағы қалыптасты. Ляо патшалығы, яғни қидандар оларды 

монғол  тілдес  найман  атауымен  атап  кетті,  ол  түріктің  сегіз  оғыз  атына  пара-пар  келетін  мағынаны 

білдіреді. 

Христиан  дінін  қабылдауына  байланысты  керейт  туралы  алғашқы  мəлімет  ХІ  ғасырдың  соңғы 

ширегіне  жатады.  1007  жылы  найман  мен  керейттердің  несториан  бағытындағы  христиан  дінін 

қабылдағаны  туралы белгілі  көрініс бар.  Олардың  мекен  құрған аумағы  Онгин  өзенінің  алабы  мен Орхон 

өзенінің ортаңғы ағысы. 

Орхон  өзенінің  жоғарғы  алабын  жалайыр  тайпалары  жайлады.  Мал  бағумен  айналысқан  көшпелі 

тайпалар болды. Мемлекеттік бірлестіктер ұлыс түрінде ұйымдасқан. Ұлыс белгілі бір территорияны иелік 

етіп,  өзінің  анықталған  шекарасы  болды.  Ұлыс  билеушісі  Ханда  –  басқару  əкімшілігі,  əскері  жəне  хан 

қосыны Ордасы болды.   

1190-1206  жылдары  монғолдармен  күрес  барысында  қазіргі  монғол  жерінен  Қазақстан 

территориясына  көптеген  талқандалған  наймандардың,  керейттердің,  жалайырлардың  топтары    жайласа 

бастады.  Олардың  бір  бөлігі  қалып  монғолдарға  бағынды,  бір  бөлігі  болса  Алтайдан  асып,  Қазақстанның 

кең  аймақтарына  қоныс  теуіп  түрік  халқымен  сіңісіп,  кейін  қазақ  халқының  құрамына  қосылады.  1211 

жылы  наймандардың  көсемі  Күшлік  хан  қарақытайларды жеңіп,  Жетісуда  өз  билігін  орнатты.  Наймандар 

орта жүздің құрамына кіреді. Керейттердің бір бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалып, орта жүздің құрамына 

керей атымен кіреді. 



 

19

5. Төл тарихымыздың қырық қатпарлы қыртысын бойына бүгіп жатқан жəдігерлігіміздің бірі – қала 

мəдениеті.  Мəн  берілмеудің  салдарынан  сан  жылдар  бойы  бұл  көкейкесті  мəселе  теріс  түсіндірілді.  Сол 

себепті  қазақ  халқының  көшпенді  тіршілікпен  қатар  сəулет-құрылыс  кəсібімен  айналысқаны  айтылмады. 

Ал  грек,  француз  жиһанкездері  қолжазбаларына  жүгінсек,  архивтік  материалдарды  ақтарып, 

археологиялық қазба  мұрағаттарымен  таныссақ,  туған  топырағымызда  тұрақтап  тұрған  еліміздің  қолымен 

салынған  қалалардың  аз  болмағанын  білеміз.  Бірақ  біразының  аты  мүлдем  өзгертіліп,  не  орфоэпиялық 

өзгеріске  ұшырағандықтан  қазақ  халқына  қатысы жоқтай  көрінді. Бұл қалалар  қазақ  халқына  қатысы  жоқ 

деуші  тарихшылар  да  табылады.  Мұндай  бұрмалаудың  бір  кезде  академик  Əлкей  Марғұлан,  профессор 

Уахит Шəлекенов бетін қайырған-ды.  

Қазақ  даласында  құрылыс  өнерінің  ерте  ғасырда-ақ  кең  қанат  жайғаны,  солардың  тұрақтап  тұрған 

халық  қолымен  салынғаны,  жойқын  жау  жорығынан  жермен-жексен  болғаны  белгілі.  Араб  географы  Əл-

Макдиси оныншы ғасырдың өзінде Қазақстанның аумағында 200-ден астам қала барын баяндаған. 

Сол  ғасырлар  тоғысында  іргетасы  қаланған  қалалар  біздің  заманымызға  тұнжыраған  тас,  төмпешік 

төбе, үйінді топырақ, қазылған ор, құлаған үй қабырғасы қалпында келіп жетті. Қазақтың киіз үйі, тіркеспе 

қыстауы,  тоқал  тамы,  қоржын  үйі  –  біз  үшін  ескінің  ескерткіші  ғана  емес,  теңдесі  жоқ  тəрбие  құралы, 

ұлттық мақтаныш айғағы. 

Азия мен Еуропа арасын жалғаған «Ұлы Жібек жолы» тарихының рөлі ерекше. Көне керуен жолдары 

арқылы  бейбіт  сауда  керуендерімен  қатар  саяхатшылар,  əлемдік  діндердің  қатарына  енетін  ислам  мен 

христиан,  буддизм  өкілдерінің  миссионерлері,  елшілер  алмасып  жатты.  Сондай-ақ  қазіргі  кездегі  ғылыми 

зерттеулер  бұл  күретамыр  жолдың  мəдени,  ғылыми  ақпараттарды  алмасу  құралы  ретінде  Орталық  Азия 

(Ұлы Дала) халықтарының рухани мəдениетін дамытуда аса маңызды қызмет атқарғанын дəлелдейді. 

Тарихи  деректер  бойынша,  Ұлы  Жібек  жолы  арқылы  алғаш  рет  император  У-Дидің  тапсыруымен 

Батыстың  белгісіз  елдеріне  аттанған  қытайлық  дипломат  Чжан  Цянь  (б.д.д.  103  жыл)  жүріп  өткен.  Ол 

қытайдың  ішкі  аудандарынан  Орталық  Азияға  қарай  өтіп,  одан  қазіргі  Ауғанстан  жеріне  дейін  жеткен. 

Қытай  елшісінің  соңынан  іле-шала  жібек  артқан  керуендер  батысқа  қарай  бет  алған.  Қайтар  жолында 

Жерорта теңізі жағалауындағы елдерден, Таяу Шығыс пен Орта Азия жерінен өздеріне таңсық тауарларды 

тиеп қайтқан. 

568  жылы  Жібек  жолының  Оңтүстік  Қазақстан  жеріндегі  тармағымен  Византия  императоры  

Юстианның  түрік  қағаны  Дизавулге  жіберген  елшілігі  жүріп  өткен,  оны  Земарх  басқарған  болатын. 

Земархтың  бағыты  Каспий  теңізінің  солтүстік-шығыс  жағалауымен  Орталық  Азияға  өткен.  Елшілердің 

Тараз қаласына тоқтағаны жөнінде жазбалар бар. 

Қазақстанды географиялық тұрғыдан зерттеу мен оның территориясымен өткен жолдарды анықтауда 

араб саяхатшылары мен зерттеушілері еңбектерінің де маңызы зор. Қазақстанның Оңтүстік облыстарында 

VIII ғасырда Ибн Хордадбек, Макдиси, Ибн Хаукал, Ибн Руште, əл-Истахри, əл-Масуди, əл-Идриси сияқты 

ғұламалар  болған.  Олардың  еңбектері  1870-1894  жж.  Голландық  шығыстанушы  де  Гуенің  басқаруымен 

Араб  географиясының  кітапханасы  сериясында  8  том  болып  басылған.  Араб  саяхатшылары  Фараб 

(Отырар), Тараз (Талас), Испиджаб (Сайрам) аймақтары мен Арал, Каспий теңіздері жайында мол деректер 

қалдырған.  Осы  керуен  жолы  белгілі  қалалардың  орналасуы,  құрылымы  жайлы  мəліметтер  келтірілген. 

Олардың  бай  мұралары  арасында  сан  ғажайып  карталар  сақталып,  оларда  Қазақстанның  географиялық 

атаулары белгіленген.  

Жібек  жолы  мен  оның  тармақтары  бойымен  шығыс  елдеріне  саяхат  жасаған  еуропалық 

миссионерлер: Плано Карпини (1245-1247), Джовани (1152-1182), Вильгельм Рубрук (1253-1255), Ниавом 

де Рубрук (1220-1230) құнды географиялық мəліметтер жинап қалдырған. Олардың өз сапарлары бойынша 

жасаған есептері шығыс елдері жайлы қызғылықты географиялық деректерден тұрады деуге болады. Осы 

жол арқылы Еуразия құрлығының ішкі бөліктеріне саяхат жасаған саяхатшы Марко  Поло 1269-1296 жж. 

Қытайда  болған.  И.Магидовичтің    болжамы  бойынша,  Марко  Поло  Батыс  Түркістанды  «көшпенділер  өте  

жақсы  білетін  солтүстік  жолмен»  кесіп  өтіп,  Шығыс  Түркістанға  Іле  аңғары  немесе  Алакөл  маңындағы 

Жоңғар қақпасы арқылы өткен. 

Ұлы  Жібек  жолы  –  Орталық  Азиядағы  сауда  керуен  жолдарының  жалпы  атауы.  Б.д.д.  II  ғасырдан 

біздің  заманымыздағы  XVI  ғасырға  дейін  Шығыс  пен  Батысты  байланыстырды.  Чжан  Цяньның  жасаған 

саяхаты Сианынан Ланьчжоу арқылы Дуньхуанға апарады. Бұл жерден жол екі тарапқа бөлінеді. Солтүстік 

жол – Турфан, Қашғар, Самарқан, Балх, Мервті, Ферғана алабын алады. Ал оңтүстік жол –  Жаркент, Балх, 

Мервті басып өтіп, Памир тау жоталары арқылы Үндістанға, Таяу шығысқа апарады. Мервте бұл екі жол 

қосылып,  Ұлы  Жібек  жолы  одан  əрі  батысқа  –  Ниса  Гекотомпил,  Əнбатана,  Бағдат  арқылы  Жерорта 

теңізінің шығыс жағасындағы порттарға, Тир мен Антихияға дейін созылды. 

Қазақ  жеріндегі көне  керуен  жолдарының  тарихы  б.д.д.  І  мыңжылдықтың орта  шеніндегі  «Далалық 

сақ жолынан» басталады. Геродоттың айтуы бойынша, бұл жол Қара теңіз маңынан Дон жағалауына дейін, 

одан  Оңтүстік  Оралдағы  савраматтар  жеріне  бағытталып,  Ертіс  бойы  мен  Алтайға,  Зайсан  көліне  дейін 

созылған. Қазіргі ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері, ғарыштан түсірілген бейнекөріністер Орталық 

Азияның  бел  ортасынан  өткен  осы  көне  маршруттың  ең  қолайлы  жол  екендігін  дəлелдеп  отыр.  Бір 


 

20

таңғаларлық нəрсе – қазіргі заманғы автокөлік жүретін жолдар мен темір жол маршруттарының  сол ежелгі 



дала  жолының  бағытын  дəлме-дəл  қайталауы.  Сонымен,  Ұлы  Жібек  жолы  б.д.д.  І  мыңжылдықта  сауда 

торабы  ретінде  қалыптаса  бастаған  деп  пайымдауға  əбден  болады.  Бұл  атау  осы  жолмен  тасылып,  елдер 

арасындағы сауда қатынастарында алтынмен қатар халықаралық валюта деңгейіне көтерілген басты тауар – 

жібекпен тығыз байланысты. «Ұлы Жібек жолы» атауын Қытайдың физикалық географиясы мен Азияның 

жер  бедері  жөнінде  қомақты  еңбектер  жазған  атақты  географ-ғалым  Фердинанд  фон  Рихтгофен  ұсынған. 

Кейін бұл атау халықаралық дəрежеде кеңінен қолданылған. 

Əлемнің  басқа  да  халықтары  секілді  қазақ  халқының  да  ежелгі  дəуірден  қалыптасып,  дамып, 

кемелденіп  келе  жатқан  өзіндік  рухани  мəдениеті  бар  екені  де  белгілі.  Қазақ  қауымы  да  есімдері  əлемге 

мəшһүр ақындар мен жазушыларды, ғалымдар мен өнер қайраткерлерін тарих сахнасына шығарды. Демек, 

қазақ əдебиетінің де өмірге келу, қалыптасу, есею жəне кемелдену кезеңдері - өзіндік даму тарихы бар. 

Қазақтың  түп  төркіні  түркі  тілінің  даму  тарихы  жайлы  бүгінгі  күні  қағидалар  баршылық.  Көнеден 

тіршілік құрған ру-тайпалар, соның ішінде сақтар, ғұндар жəне ежелгі түркілер арамей, соғды, турфан, көне 

түркі жазуларын кеңінен қолданған. 

«Арамей  жазуы»  -  б.д.д.  мыңыншы  жылдың  басында  финикия  жазуы  негізінде  пайда  болып, 

арамейлер  арасында  кең  қолданылған  көне  жазу  түрі.  Бірыңғай  дауыссыз  дыбыстардан  тұрады.  Оңнан 

солға қарай жазылады. 

«Соғды  жазуы»  -  арамей  жазуының  бір  түрі  деуге  болады.  Бұл  жазу  согдиана  немесе  соғды  деп 

аталатын  мемлекетте  қолданылған.  Согдиананың  негізгі  халқы  –  көшпелі  жəне  отырықшы  сақ  тайпалары 

болған. 

«Турфан  жазуы  (ұйғыр  жазуы)»  -  б.д.д.  бірінші  ғасырдан  бастап  біздің  заманымыздың  тоғызыншы 

ғасырына дейін қолданылып келген көне жазулардың бір түрі. Бұл – жоғарыдан төмен қарай жазатын, тік 

əріпті  жазу  болып  келеді.  Турфан  жазуының  əріптері  сөз  басында,  ортасында,  соңында  əр  түрлі  болып 

таңбаланады. 

«Түркі  жазуы»  -  түркі  тілдес  тайпалардың  тұңғыш  əріптік  жазуы.  Бұл  əліпби  35  əріптен  тұрады. 

Оңнан  солға  қарай  жазылады.  Бұл  жазу  түрінде  8  дауысты  фонема  бар.  Олар  4  полифонды  əріппен 

белгіленеді. Ал 16 дауыссыз фонема 31 əріппен белгіленіп жазылады. 

Түркі  тілдерінің  жаңа  даму  дəуірінде,  яғни  ХV-ХХ  ғасырлар  аралығында  қазіргі  түркі  тілдері 

халықтық тіл болып қалыптасқаны мəлім. Бұлар негізінен төмендегілер: қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, 

түрікмен,  татар,  ноғай,  башқұр,  қарайым,  құмық,  қарашай,  гагауз,  əзірбайжан,  түрік,  ұйғыр,  хакас,  шор 

жəне  т.б.  Белгілі  ғалым  А.Самойловичтің  сөзімен  айтқанда,  кезінде  бүкіл  түркі  тілдеріне  ортақ  бір  əдеби 

дəстүрдің, бір əдеби тілдің болғандығы күдік тудырмайды.  

 

 



4-тақырып.  Қазақстан  монғол  жаулаушылығы  дəуірінде  (ХІІІ  ғ).  Алтын  Орда  (1243-ХV  ғ. 

ортасы

). ХІV-ХV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер (1 сағат) 

1. Монғол империясының құрылуы.  

2. Алтын Орданың құрылуы. 

3. Ақ Орда жəне Көк Орда мемлекеттері. 

4. Моғолстан (ХІV ғ. ортасы - ХVІ ғ. басы). Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468). Ноғай Ордасы 

(ХІV ғ. cоңы-ХV ғ.). Сібір хандығы (ХV ғ. соңы-ХVІ ғ.). 

 

СӨЖ

 тапсырмалары: 

1. С.Г. Кляшторный, Т.И. Султанов. «Казахстан: летопись трех тысячелетии» кітабы бойынша Алтын 

Орда империясының сол қанатының хандарының шарықтауы туралы конспект құрау. 

2. Моғолстан мен Ноғай Ордасының тарихы туралы конспект жасау. 

3. Е. Кычановтың «Жизнь Темуджина думавшего покорить мир» жұмысының монголтанудағы орнын 

анықтау. 



1.  ХІІІ  ғасырдың  басында  əлемді  орасан  ұлы    оқиғалар    шын  мəнінде  қатты  толқытты.  Византия 

латындықтардан      босатылды  (1261  ж.    латындықтардың  Константинопольден  аластатылуы)  жəне  өз 

ғасырын      1453  ж.  дейін  жасарын  жасап,  асарын  асады.  Славян    тайпаларының  күші  негізделген  Ежелгі 

Русь қауымдық-рулық тұрмыстың қалдықтарын  жоғалтты. «Русь» деген этникалық   тұтастығы уделдердің 

вотчинаға  айналған  князьдіктердің  ұсақталуымен    бірге    жоғалды.    Кертартпа    жəне  кез-келген  өзгеріске 

қастықпен  қараған  көшпелі  түркілер  бір  «полицентр»  төңірегінде  тіршілігін  жалғастырып  жатты.  Көп 

деңгейлі  даму  мен  элементтердің  алуан  түрлілігі  кез-келген  жүйенің  тұрақтылығының  міндетті  шарттары 

болып  табылады.  Осыдан,  полиэтникалылық  жəне  көп  деңгейлі  сипат  түрік  əлемінің    суперэтникалық  

тұтастығын    бұзбай,  керісінше    нығайтты.  Бірақ,    ХІІІ  ғасырдың    басына  қарай    бəрі  өзгереді.  ХІІ-ХІІІ 

ғасырлардың аралығында Монғолиядағы объективті үрдістер түркілердің тағдырына əсер етті: біріншіден, 

этностың  емес,  Ұлы  Даладағы  мемлекеттердің  саяси  ыдырау  жолағы  басталады;  екіншіден,  Еуразия 

кеңістігінде Ашындардың билеуші əулеті Шыңғысшылардың əулетімен



 

ауыстырылады.  



 

21

1196-1205  жж.  кампания    нəтижесінде  Темучин  Монғол  далаларының  барлық    басты  тайпаларын 



(керейттерді, меркіттерді, наймандарды жəне т.б.)  өз билігіне біріктірді. 1206 ж. көктемде құрылтай өтті – 

Темучин монғолдардың жоғарғы əміршісі болып жарияланды.  

Ат тұяғы жетер жердің бəрін өзіне қаратуды алға қойған Шыңғысхан   жарты əлемді өзіне қаратпақ 

болды.  Көздеген  жоспарын  жүзеге  асыру  үшін  əрқилы  тəсілдерді,  соның  ішінде  елшілік  құралдарын  да 

барынша қолданды.  

1219-1224  жылдардағы  монғол  шапқыншылығы  нəтижесінде  Қиыр  Шығыс,    Алдыңғы  Азия    жəне 

Шығыс  Еуропаның    көптеген  халықтары  мемлекеттерін  біріктірген  империя  құрылды.  Осылайша  қазіргі 

Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді. 

ХІІІ-ХV  ғасырларда  Ұлы  Даланың  тарихи  шеңберінде  бірнеше  мемлекет  пайда  болады.  Олар 

алғашында  Шыңғысханның  орталықтандырылған  билігіне  бағынады,  кейіннен  ол  өлген  соң  тəуелсіз 

мемлекеттерге    айналады,  олар  Алтын  Орда,  Ақ  Орда,  Көк  Орда,  Моғолстан  жəне  т.б.  Осы  ұлан-байтақ 

жерлерді  Шыңғысхан  төрт  ұлына    үлестірген  болатын.  ХІІІ  ғасырдың  60-шы    жылдарының  аяғына  қарай 

Монғол  империясы  төрт  ұлыс-мемлекетке  ыдырады,    олардың    əрқайсысын  хандар  –  Шыңғысханның  

ұрпақтары  биледі.  Олар: 

1. Алтын Орда,  шығыста – Ертістен бастап  батыста – Дунайға дейін жəне  барлық орыс князьдіктері. 

Бұл  мемлекетті  Шыңғысханның  үлкен  ұлы  -  Жошының    (1227  ж.  өлген)  ұрпақтары  биледі,  оның    əулеті 

Ұлы  Далада    жəне    шектес  аймақтарда  жоғарғы  билікті  өте  ұзақ  уақыт  бойы  –  ХІХ  ғасырдың    ортасына 

дейін сақтады. 

2. Шағатай мемлекеті - Мавераннахр, Жетісу жəне Қашқариядан  құралды, оның əулеті  ХVІІ ғасырға  

дейін  тіршілік етті. 

3. Хулагуидтар  мемлекеті  -  Иранда  Шыңғысханның  төртінші  ұлы  Тулуйдың  ұлы  Хулагу  ханмен 

(1265  ж.  өлген)  құрылған.  Хулагу  əулеті  сондай-ақ  «Елхан»  титулын  иеленді,  сондықтан  Иранның 

монғолдық  билеушілерін    Елхандар  деп  жиі  атайды.  Елхандар  мемлекеті  ХІV  ғасырдың  ортасында   

ыдырады.      

4. Орталығы  Ханбалықта  (Пекин)  болған  Монғолия  мен  Қытайдың  өзіндегі  мемлекетті  Тулуйдың 

(1233  ж.  өлген)    ұрпақтарының    басқа  тармағы  –  Құбылай  (1294  ж.  өлген)  биледі.  Бұл  мемлекет  Юань 

империясы  деген  қытайдың  ресми  атын  алды.  Тулуйдың  ұрпақтары  Монғолияның  өзінде  ХVІІ  ғ.  дейін 

билігін сақтады,  ал Қытайда олардың орнына Мин əулеті келгенде, олар 1368 ж. дейін ғана биледі. 



2. Аталған төрт монғол мемлекетінен Алтын Орданың маңызы бізге ерекше. Тарихи деректерде оның 

əртүрлі атаулары бар: Жошы Ұлысы,  Дешті-Қыпшақ, Берке елі,  Солтүстік  Патшалық. Орыс деректерінде   

ол Алтын Орда  атауымен белгілі.  Ш. Уəлихановтың айтуы бойынша: «Барлық  жарлықтарда Алтын Орда  

Ұлық Ұлыс деп аталады жəне түркі тарихшылары мен халық аңыздарында... ешқашан Орда деп аталмаған». 

Алтын Орданың құрамына  Шығыс Дешті-Қыпшақ (Ертіс өзенінен батысқа қарай Еділдің сағаларына дейін  

Қазақстанның    далалық  аймағы),    Батыс  Сібір,    Хорезм    жəне  Солтүстік    Кавказ,  еділдік  Бұлғар,  Қырым 

жерлері  кіреді.  Орыс  княздіктері  Алтын  Орданың  тəуелді  еліне  айналды,  олар  хандардан  «княздік  құруға 

жарлық» алып, алым-салық төлеп отырды.  

Алтын  Орданың  іргесін  қаламай  тұрып  Батый  -  ағасы  Орда  Еженге  Қазақстанның  басым  бөлігін, 

бұрынғы  Шығыс  Дешті  Қыпшақ  (қазіргі  Оңтүстік,  Орталық,  ішінара  Солтүстік-Шығыс  Қазақстан)  жерін 

бөліп береді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді. Ол Көк 

Орда  деп  аталды.  Ақ  Орда  ханы  Орда  Ежен  жасының  үлкендігіне  қарамастан  əкесінің  тағын  інісі  Батуға 

береді. Өтеміс қажы осы оқиғаға байланысты былай деп айтып еді: «Менің сенен жасымның үлкендігі рас. 

Бірақ біздің марқұм əкеміз сені өте қатты сүйіп, еркелетіп өсірді. Мен де сені еркелеттім, саған бағындым. 

Егер  де  мен  хан  болсам,  саған  бағына  алмаймын.  Біздің  арамызда  реніш  туады.  Сондықтан,  сен  хан  бол. 

Мен сенің хандығыңды көтере аламын»,-депті. 

Алтын  Орда  көпұлтты  жəне  əрдеңгейлі  шаруашылығы  бар  мемлекеттік  құрылым  еді.  Мемлекет 

Жошы  ұрпағынан  шыққан  шыңғыздықтардың  меншігі  болып  саналды.  Мемлекеттік  мəселелерді  шешуде 

құрылтай  шақырылып  отырды.  Елшілік  жүйесін  беклербек  басқарды.  Атқарушы  үкімет  -  диуан  басында 

уəзір тұрды. Даруғалар мен басқақтар алым-салық жинау міндетін атқарды. Ноян, баһадүрлар əскербасы–

түмендер,  мыңбасы,  жүзбасы  болып  тағайындалды.  Басқару  мен  иемденудің  ұлыстық  жүйесі  құрылды. 

Шыңғыздықтардың  барлығы  да  ұлыс  алуға  хұқы  болды.  Шыңғыздықтардың  басқа  өкілдері  ханға  қызмет 

атқарғаны үшін ұлыс алатын. Бірте-бірте иммунитетті хұққа – тархандық пайда болды. Жер-суды мұралық 

тарту ретінде иелік сипаты сойұрғал қалыптасты.    

Алтын  Орда  дəуірінде  Ұлы  дала  экономикасы  жаңа  сипатта  гүлдене  бастады.  Сауда  жəне 

халықаралық  қатынастарының  орталығына  айналды.  Қытай  деректерінде  былай  деп  жазылған:  «Шынғыс 

хан Шығыс пен Батысты байланыстыратын шекараларда өз мүддесін жүргізді, қамалдар мен бастиондарды 

жермен-жексен  етті.  Осыдан  кейін  ғана  экономикалық  жəне  мəдени  қатынастар  жақсарып,  Шығыс  пен 

Батыстың  гүлдену  кезеңі  басталды».  Ислам  дінінің  таралуымен  қалаларда  мешіттердің,  кесенелердің  өсуі 

көрінеді.  Қазақстандағы  исламды  таратуда,  қолдауда  Яссауи  сопылық  ордені  əсіресе  белсенді  болды.  Бұл 


 

22

мектептің діни-мистикалық идеялары «Диуани-Хикмет» кітабында көрсетілген. Кейін Қожа Ахмет Яссауи 



кесенесі қазақтың ұлттық пантеонына айналды. 

1359 жылы Бердібек хан өлгеннен кейін Алтын Орданы билейтін Жошы əулетінің Батый тармағынан 

өрбіген  өкіл  қалмады.  Алтын  Ордада  қат-қабат  қайшылықтар  мен  тартыстар  басталды.  Күрес  барысында 

Ақ  Орданың  сұлтандары Орда  Еженнің  əулеттері қатысты.  Саяси  дағдарыс  нəтижесінде  тəуелсіз  иеліктер 

құрыла бастады. Алтын Орданы қайтадан біріктіру ниетімен бастаған Орыс ханның (1361-1380) мақсатын 

Тоқтамыс іске асырды, бірақ өзінің бұрын болған қолқанаты (протеже) Əмір Темірмен абайсыздағы соғыс 

1395 жылғы жеңіліспен аяқталады. ХV ғасырдың басында Алтын Орданы  біріктіруші ниеттегілер болса да, 

Тоқтамыс  секілді  осы  аймақта  билігін  мойындайтын  билеуші  əулет  табылмады.  ХV  ғасырдың  20-30 

жылдары  Алтын  Орда  мемлекеті  ыдырап,  соның  негізінде  бірнеше  жаңа  түрік  мемлекеттері  құрыла 

бастады, олар: Қырым, Астрахан, Қазан, Сібір, Қазақ жəне т.б. саяси бірлестіктер – Еділ мен Дон арасында 

құрылған Үлкен Орда жəне орталығы Жайықтың төменгі ағысындағы Ноғай Ордасы. 

Жоғарыда  келтірілген  саяси  бірлестіктердің  тарихи  тағдыры  кейін  Ресеймен  тығыз  байланысты 

болады.  ХV  ғасырдың  екінші  жартысында  Ресей  -  түрік-монғол  əсерінен  шығып,  ХVІ  ғасырда  орталығы 

Мəскеу  болған  қуатты  мемлекетке  айналады.  Алтынордалық  саяси  мұрагерлермен  болған  Ресейдің  өзара 

байланысы,  ақыр  аяғында  олардың  барлығы  Ресей  мемлекетінің  құрамына  ілігеді.  1552  жылы  Мəскеуге 

Қазан  хандығы,  1556 жылы  Астрахан  хандығы,  1598  жылы  Сібір  хандығы  енеді.  ХVІІ  ғасырдың басында 

Ноғай  Ордасы  күйрейді.  Қырым  хандығы  1783  жылы  Ресейге  қосылса  да,  Қазақ  хандығына  байланысты 

кіріптарлық  ХVІІІ  ғасырдың  30  жылдарынан  басталып  -  ХІХ  ғасырдың  60  жылдары  аяқталады.  Сөйтіп, 

ХVІ ғасырдың екінші жартысынан көрініс тапқан көпұлтты ресейлік дəуір басталады, Еуразиялық кеңістік 

интеграциясында болған түрік-монғол (VI-XV ғғ.) орнына орыс-түрік (XVI-XX ғғ.) кезеңі келеді. 



3. Кейбір  араб  жəне  парсы  тілдес  жылнамаларында  «Ақ  Орда»  сөзі  ХІІІ  ғасырдың  орта  кезінде 

кездеседі.  Ақ  Орда  –  монғол  шапқыншылығынан  кейінгі  Шығыс  Дешті  Қыпшақтағы  алғашқы  мемлекет. 

Билеуші əулет Жошы ханның үлкен ұлы Орда Еженнен тарайды. Олар мынадай тəртіппен билік жүргізген: 

Орда Ежен, Сартақтай, Қойыншы, Баян, Саты Бұқа, Ерзен, Мүбəрəк, Сымтай, Орыс хан, Құйрышық жəне 

Барақ. Мүбəрəк  ханнан  (1320-1344)  бастап  Ақ  Орда  Алтын  Ордадан  толықтай  тəуелсіздігін алып, Шығыс 

Дешті  Қыпшақтағы  қуатты  саяси  күшке  айналады.  Оның  территориясы  əуелгі  кезде  Ертіс  өңірі  мен 

солтүстік  Жетісудан  Ұлытау  мен  Кентауға  дейін  созылып  жатқан  болатын.  ХІV  ғасырда  Шағатай  мен 

Моғолстан құрамында болған Жетісудан басқа Қазақстанның күллі жері, яғни Сырдарияның төменгі ағысы 

мен Арал өңірі бойында орналасқан Жошы ұлы Шайбанның ұлысы да Ақ Орданың Орда Ежен əулеттерінің 

билігінде  болды.  Астанасы  Алакөлден  Сығнақ  қаласына  көшірілді.  Барақ  хан  (1423-1428)  өлген  соң  Ақ 

Ордадағы  билік  Жошы  ұлы  Шайбан  ұрпақтарына  көшеді.  Шайбандықтар  əулетінің  бірінші  ханы 

Əбілхайыр  (1428-1468)  мемлекетіне  қазіргі  Қазақстанның  Сырдарияның  төменгі  жəне  ортанғы  ағысының 

оң  жағалауын  қоса  есептегенде  Ертістен  Еділге  дейінгі  аймақ  енді.  Мемлекетін  кеңейту  мақсатымен 

жасаған  жорықтардың  нəтижесінде  Түмен  қаласын,  Хорезмді,  Астраханды,  Қаратау  алабы  мен  Сырдария 

бойындағы  Созақ,  Сығнақ,  Аққорған,  Үзкент  қалаларын  қосып  алады.  Араб  жəне  парсы  деректерінде 

Əбілхайыр  хандығының  тұрғындарын  «өзбектер»  деп,  ал  мемлекетін  «Көшпелі  өзбектер  мемлекеті»  деп 

атады.  Іштен  туған  саяси  ыдырау  -  Барақ  ханның  кіші  ұлы  Жəнібек  пен  Орыс  ханның  шөбересі  Керей 

сұлтандардың басшылығымен  тайпалардың бір бөлігі Əбілхайыр хандығынан бөлініп, Шу өзенінің төменгі 

ағысы  мен  Қозыбасы  маңына  көшіп  кетеді.  Осы кезден  бастап  Қазақстанның  кейінгі  тарихында  маңызды 

рөл  атқарған  осы  оқиғаны  мамандар,  көшпелі  өзбектер  мемлекетіндегі    билікке  қол  жеткізу  жолындағы 

«өзінше  стратегиялық  шегініс»  деп  санайды.  Қазақ  хандығы  құрылғаннан  кейін  Əбілхайырдан  тараған 

Шайбан  əулетінің  қазіргі  Қазақстан  аумағындағы  билігі  күйреп,  Мəуреннахрдағы  əлсіреген  Темір 

мемлекетін  жаулап  алады.  Ақыр  аяғында,  Шайбандар  сол  жерде  өз  билігін  орнатады.    Сөйтіп,  Қазақстан 

үрдісіндегі бұдан кейінгі жəне күні бүгінге дейінгі оқиғалар əлемдік өркениеті тарихында геосаяси мəнге 



Каталог: dist zaoch -> 2kurs -> 2FK-1kz -> UMKD
2kurs -> 1. 1 тақырып Тіл дыбыстарының жасалуы Қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесі
2kurs -> Лексика. Антоним
2kurs -> 1-бақылау тапсырмалары 1 нұсқа
2kurs -> №13 дәріс Тақырып: Құқықтың түсінігі және мәні
2kurs -> Адамның психикалық іс-əрекеті
2kurs -> Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Көпсалалы
2kurs -> Қазақ тілін оқыту əдістері
UMKD -> Рефераттар мен баяндама тақырыптары
2kurs -> Контрольная работа по дисциплине «Профессиональный английский язык» для студентов второго курса всех специальностей


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет