Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі


ие , əрі онымен дəйекті байланыста



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет5/15
Дата30.12.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ие

, əрі онымен дəйекті байланыста өтіп отырады.      

4. Алтын  Орданың  ыдыраған  кезінде  ХV  ғасырдың  ортасында  пайда  болған  Ноғай  Ордасы  

Қазақстанның  батыс  бөлігін  алып  жатқан  болатын.  Оның  негізгі  аймағы  Еділ  мен  Жайық  алқабында 

мекендеген  ірі  тайпалардың  бірі  «Маңғыт  жұрты»  атауымен  белгілі  болатын.  Ноғай  Ордасының 

оңашалануы  Алтын  Ордада  билік  құрған  əмір  Едігеге  (1396-1411)  байланысты.  Едігенің  ұлы  Нұраддин 

(1426-1440) тұсында Ноғай Ордасы бөлініп, дербес саяси бірлестігін құрды. Оның аумағы саяси жағдайға 

байланысты өзгеріп отырды. ХVІ ғасырға қарай деректерде «ноғай», «ноғайлы» термині пайда болған жəне 

көрші  елдерге  де  осы  атпен  мəлім  болды.  Монғол-қыпшақ  тегінен  шыққан  ноғайлар  ХІІІ  ғасырдағы 

тайпалармен байланысты, сол кезде олар алтынордалық Ноғай түменнің əскери қүрамында болатын. Саяси 

жəне  экономикалық  билік  іс  жүзінде  маңғыт  əмірлерінің  –  Едіге  ұрпақтарының  қолында  болды. 

Маңғыттардан  басқа  Ноғай  Ордасының  құрамында  қазақ  халқының  қалыптасу  процесіндегі  тайпалар  да 

қатысты.    

ХІV  ғасырдың  ортасында  Шағатай  ұлысы  екі  иелікке  –  шығысында  Моғолстан,  батысындағы 

Мəуреннахрда  Əмір  Темір  мемлекеті  құрылады.  Əмір  Темірдің  əлемдік  империяны  құру  барысындағы 

ұмтылысы кедергі болған құдіретті Алтын Орданы күйрету еді. Бұл жоспарды жүзеге асырмақ бұрын көрші 



 

23

елдерді,  соның  ішінде  Ақ  Орда  мен  Моғолстанды  бағындыру  болатын.  Осы  мақсатта  ол  Тоқтамысты 



пайдаланды. Əмір Темірдің көмегімен Ақ Орданы бағындырған Тоқтамыс, 1380 жылы Алтын Орда тағына 

байланысты тартыста оны сақтап қалып біріктіріп алады. 1380-1395 жылдары Ақ Орда мен Алтын Ордаға 

хан болып күшейген Тоқтамыс, Əмір Темірге қарсы шығады. Бірақ 1395 жылғы Əмір Темірдің жорығынан 

жеңілген  Тоқтамыс,  Сібірге  қашып  кетеді.  Оны  Сібір  ханы  Шəдібек  1406  жылы  өлтіреді.  Сонымен,  Əмір 

Темірдің  басқыншылық  соғыстары  Ақ  Орданы,  əсіресе  Алтын  Орданы  əлсіреткен  оқиғалар  Еуразия 

тарихында жаңа саяси бірлестіктердің құрылуына себепші болды. 

Моғолстандағы  Шағатай  ұрпағының  Тоғлық  Темірді  (1347)  хан  тағына  отырғызған  дулат 

тайпасының  əмірі  Болатша,  Моғол  билеушілер  əулетінің  негізін  салады.  Оның  территориясы  өзгеріп 

отырса да, негізгі жері – Іле өңірі, Жетісу жəне қазіргі Қырғыстан өлкесі еді. Моғолстан қазақ хандығының 

құрылуына территориялық тірек пен саяси негіз болды. Жетісуда қазақ хандығы құрылған соң көп ұзамай 

Моғолстан  Жетісу  өңіріндегі  билігінен  айырылады.  Жетісудың  түрік  жəне  түріктенген  тайпалары  Қазақ 

хандығының  құрамына  бірігіп,  ұйтқысы  болған  Ұлы  жүз  этникалық  процесінде  қазақ  халқының  негізін 

қалады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

5-тақырып.  Қазақ  халқының  құралуы.  «Қазақ»  этнонимі.      Қазақ  жүздері.  ХV-ХVІ  ғғ.  қазақ 

хандығы

 (1 сағат) 

1. Қазақ халқының құралуының тарихи алғышарттары. «Қазақ» термині тарихи жазба деректерде. 

2. Жүздік жүйенің құрылуы. 

3. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығының күшеюі. 

 

СӨЖ

 тапсырмалары: 

1. М. Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» кітабы бойынша эссе құру. 

2.  Т.  Сұлтановтың  «Поднятые  на  белой  кошме»  кітабы  бойынша  Жəнібек  пен  Керейдің  шежіресін 

құру. 


1. Қазақ халқының шыққан тегі туралы мəселенің көптеген аспектілері ішінен лингвистикалық жəне 

антропологиялық тəсілдері айрықша орын алады. Себебі, Орталық Азия кеңістігінде айтылып отырған осы 

екі үрдістің екеуі де қатар түрде дамыды деуде негіз бар. Ежелгі уақытта мекендеушілердің етене негізі - 

қазіргілердің  генетикалық  тегі  мен  жігіне  сəйкес  келеді.  Осыған  сауал  ретінде  Л.Н. Гумилевтың  пікірін 

келтірейік:  «Көшпелілер  тарихты  бізге  ұқсамайтын...рудың  шыққан  тегінің  шежіресі  тəрізденіп...эталоны 

өлі ата-бабасы болған жолмен қабылдаған»,-дейді. Осы дəйек шынайы түрде көрініс тауып отыр. Мəселен, 

арий мен сақ дəстүрлерін бүгінгі күні қазақтың салт-дəстүрлері мен ырымдарынан байқауға болады. Келесі 

бір  жерінде  Л.Н. Гумилев:  «этникалық  атаудың  екі  мағынасы  болады:  этникалық  топтың  тікелей  өз  аты 

жəне белгілі бір мəдени немесе саяси кешенді құрайтын тайпалар тобының жинақталған аты»,-деді. Рашид 

ад-дин мұны да атап өткен болатын: «Əрқайсысының дербес аты болса да монғолдардың даңқын өздеріне 

телігісі  келіп,  өздерін  моңғолдар  деп  атаған  наймандар,  жалайырлар,  керейттер,  тағы  басқа  тайпалар 

сияқты  ,  көптеген  рулар  ұлылық  пен  қадір-қасиет  іздеп,  өздерін  татарлар  тегіне  жатқызып,  солардың 

атымен белгілі болған»,-дейді. Сонда - Арий, Сақ, Үйсін, Қаңлы, Ғұн, Түрік, Монғол, Қазақ аттары дəуірдің 

саяси    құбылыстарына  байланысты  болған  жинақталған  атау  десек,  шыққан  тегі  бір  болған  «ырыздық 

жанталасы»  кезінде  жалғыз  халықтың  басынан  кешірген  əрқилы  оқиғалардың  қорыту  түзетулері  дейміз. 

«Осы сөздің жаны бар» дегендей, жан ағарту бағытын ілгеріден бастайық.    

Адамның  жаратылысы  жайлы  бірнеше  ілімнің  бар  екендігі  баршаға  мəлім,  олар:  космологиялық, 

діни,  ғылыми  жəне  т.б.  Əрқайсысына  тоқталмай,  діни  ілімін  талдап  көрелік.  Адам-ата  мен  Хауа-ана  мың 

жасап,  400  үрім-бұтақ  таратыпты.  Көне  кездегі  «топан  судан»  аман    қалған  «Үлкен  көш»  -  Нұх 

пайғамбардың  кемесі  Қазығұрт  тауында  паналапты.  Адамзаттың  қайта  туу  дəуірін  өрістетіп,  тірі  қалған 

Сам мен Шам ұрпағынан Ірфихшид, Халиғ, Ірғон, Асух, Ахур, Саурух, Ярух жəне Ибраһим тарайды. Адам-

ата  мен  Хауа-ана  тұрған  баққа  тағзым  еткен  Ибраһим  пайғамбардан  төрт  ұл:  Смағил  кіндігі  –  арабтар, 

Хайдар  кіндігі  –  еуропалықтар,  Хамид  кіндігі  –  ұлы  моғолдар,  Соломон  кіндігі  –  еврейлер  тарайды. 

Соломонның  Меңсұлу  қызымен  шаңырақ  көтерген  Əннес  Хамидұлы  сахабадан  үш  қыз  жəне  бір  ұл 

Мұңлығұл  тарайды.  Мұңлығұл  атамыздың  бес  əйелінен  тараған  92  баулы  еліміз  осы.  Халқымыздың 

шежіресінен айтылатын «бесенеден белгілі» дейтін танымдылығы содан. Құнанбай Өскенбайұлы қажылық 

жолында жүргенде, кімсің сұрағына: «Біз қазақпыз, кəззап атанған Əннес сахабаның нəсіліміз. Құдай жолы 


 

24

құлымыз,  Мұхаммед  үмбетіміз.  Құлшылық  парызымызды  өтейік.  Қағбаға  тағзым  етіп,  бір  Жаратушыға 



жүгінушіміз»,-деп  жауап  беріпті.  Сондағы  қазіргі  қазақ  хандығы  атанған  6000  жылдық  тарихы  бар 

хандықтар күйреп, қайта құрылған хандық жұрнағы. 

Қазақ  елінің  тегін  «Алаш»  сөзі  мен  «Шумер»  өркениетімен  байланыстырған  О.  Сүлейменов 

лингвистикалық  тəсілді қолдана  отырып  дəлелдеген  еді,  осы  шеруді  Қорқыт  атаның  толғауынан  байқауға 

болады:  «Сыбай  ұлы  жалғызбын,  Тауға  біткен  жалбызбын,  Мені  де  баурай  күнатып,  Алты  Алаштың 

Қорқытымын».  Тарих  əдебиетінде  Алаш  сөзі  жайлы  қозғалған  мəселелер  көп  болса  да,  соның  дəйектісі 

жылқы  жануарын  қолға  үйрету  мен  көшпелі  тұрмыстың  негізін  қалайтын  бірқатар  элементтерге 

байланысты. Олар қазақтар үшін қасиетті «алаш» ұғымынан көрініс табады. М.Ж. Көпеев қазақ халқының  

пайда  болуын  аты  аңызға  айналған  қазақтардың  алғашқы  ұрпағы  -  Алаша  ханмен  байланыстырады.  Ол: 

«Алаша хан үш жүз жігіт пен он үш дана ақсақалды бастап, Ұлытау жазығында Қазақ мемлекетін кұрды. 

Жүздердің  қолбасшылары  Үйсін,  Арғын  жəне  Алшын  батырлар  Алаша  ханды  ақ  киізге  салып,  Ұлытау 

шыңына  көтеріпті»,-  деп,  шежіресін  қорытады.  Қазіргі  уақытта  алаш  ұғымы  елдік  жəне  ұлттық  бірліктің 

негізі ретінде қолданылған ұран екені белгілі. Мифологиялық қанатты аттың бейнесі – «алаша» бастау алса, 

«алаша аттан» - төрткүл дүниені дүр сілкіндірген көшпеліліктің ұраны шығады. 

Қорытынды  сөз  ретінде  айтсақ,  қазақ  елінің  шыққан  тегін  «қазақ»  атауынан  іздеген  шолақтыққа 

жатады. Өзіндік мəдениет құрған көшпелі өркениеті тектік жағдайын «халық», «ұлт» жүйесінде емес, ата-



бабалық

 негізден іздейтін. Этногенетикалық үрдістің басы - алғашқы қауым дəуірінен басталады. Орталық 

Азия  көлемінде  болған  этникалық  үрдіс    түрлі  саяси  қауымдастықтарды  дамытты.  Соның  алғашқысы 

болған  андронов  мəдениеті  номада  негізін  қалады.  Олардың  мұрагерлері  болып  скиф-сақ  мəдени  ошағы 

орын  басады.  Үйсін,  Қаңлы,  Сармат,  Кушан,  Ғұн  дəуірлері  бір  əулет  қоластына  біріктірген,  Ел  жүйесіне 

сəйкес  келетін  ерте  мемлекеттік  бірлестіктер  мен  империялық  басқару  жүйесінің  алғы  шарттарын 

жаратты.  Ұлы  Даланың  этникалық  процестегі  шешуші  кезеңі  бірінші  мыңжылдықтың  орта  кезіне  тура 

келеді.  Жаңа  саяси-əлеуметтік  (империялық)  қатынастың  құрылуы  -  Түрік  дəуірін,  яғни  толыққанды 

түріктік сана-сезімнің қалыптасуымен аяқталады. Сапалық жағынан өзгеріс енгізген монғол дəуірі көшпелі 



өркениет  тарихын  қанат  серпінінен  өткізеді,  түрік  елін  соңғы  рет  біріктірген  шыңғыздықтар  əулеті  аса 

маңызды  факторларға  жол  ашады.  Бірақ,  сырттан  келген  саяси  себеп  пен  іштегі  тартыс  түрік  елінің 

бөлшектеніп,  дараланған  мемлекеттік  құрылымдардың  пайда  болуына  жағдай  жасайды.  Сөйтіп,  осының 

салдарынан  алаш  арыстары  «қазақ»,  «өзбек»,  «қырғыз»,  «түрікмен»,  «татар»,  «қарақалпақ»  жəне  т.б. 

атауларды қабылдайды. 

Сөйтіп, халық болып қалыптасу үрдісін қорытып, айтылатын түйін мына мəндерге ие: 

1. Қазақстанның  ежелгі  тұрғындары  Еуразиялық  аймақта  мекен  құрды.  Антропологиялық  сипаты 

еуропа  нəсілдік  дала  түрі  болды.  Тарихи  көзқараста  əзірше  тұрақталған  лингвистикалық  сипаты 

үндіеуропалық  үйелменің  ежелгі  иран  тармағына  кіреді.  Бірақ  кейінгі  зерттеулер  əуел  бастан  тіл  тармағы 

түркілік болды деген дəйектер көрініс тапты. 

2. Ең көне өркениеттің тұрғындары кейініректегі антропологиялық жұрттың құрылуының басты өзегі 

болып  қала  берді.  Жергілікті  ұрпақтың  антропологиялық  негізі    өткен  кезеңмен  генетикалық  байланысы 

үзілмеді.       

3. Тарихи  даму  мен  жағрафиялық  жағдайына  байланысты  біздің  заманымыздың  І  мыңжылдығында 

Шығыс  пен  Батыс  арасындағы  көпірлік  рөлі  -  қоныс  аударулар  орталығына  айналдырады.  Енді  оның 

генофонына шығыстық сипат қосыла бастайды. 

4. Қазіргі қазақтарға тəн кейіп ХІV-ХV ғасырларда екі нəсілдің – тұрақты еуропаоидтық жəне кейін 

қосылған монғолоидтық нəсілдердің далалық түрі қалыптасты.  

Кез-келген  этникалық  үрдістегі  жағдай  ортақ  территория  мен  ортақ  тілден  бастау  алады.  Ал  оның 

ұйтқысы – шаруашылық тəсілі.  Осылардың нəтижесі мəдениеттің негіздерін қалайды жəне интеграциялану 

(шоғырлану)  себептері  өзіндік  мəдениет  дəрежесіне  дейін  көтеріледі.  Жалпы  ортақ  мəдениеттен  өзіндік 

этникалық  сана-сезім  туындайды.  Ал  этникалық  сана-сезімнің  нығаюы  сол  этностың  əлеуметтік-

территориялық  ұйымын  туғызады.  Өз  кезеңінде  бұл  ұйым  этностың  тұрақты  тіршілігі  мен  біртұтастығын 

қамтамасыз етеді. Этникалық үрдіс желісінде этностың атауы қалыптасады. Этникалық атаулардың тікелей 

өз аты немесе əртүрлі себептерге байланысты жинақталған аты болады. Көшпелілердің этникалық тіршілігі 

мен  билік  қатынастары  –  ру-тайпа  төңірегінде  өтеді.  Оған  қажетті  алуан-типті  күрделі  құрылымдық 

қатынастар қызметін бір-бірімен тығыз байланысқан (мəселен, əлеуметтік-мəдени, шаруашылық, аймақтық, 

идеалдық жəне т.б.) «жүйелер» (ру, арыс, ұлыс, жүз - оны шағындалған жүйелер деп те айтуға болады, ең 

ірісі - ел) атқарады. 

«Қазақ» атауының шығу тегі туралы мəселе ғылыми ортаны мазалағанына біраз уақыт болды. Бірақ 

əлі күнге дейін бұл мəселеге ғылымда дəл, тоқ етер жауап жоқ. Айтқандары талай пікір туғызды, айтыстар 

көтерді,  əрқилы  жарыққа  шыққан  жорамал-жорулар  бірауызды  шешімге  келетін  ой-түйіні  тумай  отыр. 

Алайда, ұлттың арғы тегі мен мəн-мағынасын анықтауда маңызды құралы ретінде тілге көңіл бөлінуі тиіс. 

Себебі тіл арқылы əрбір халықтың тарихын түсінуге көмегі тиетін айғақтар баршылық.  



 

25

Кейбір  тарихшылар  «қазақ»  сөзін  қазақ  халқының  ежелгі  этникалық  атауы  десе,  ендігілері  оны 



мифиялық  көріністерімен  байланыстырады,  келесілері  «қазақ»  терминінің  құралуы  екі  сөздің  «қас»  жəне 

«сақ»  ұғымдардың  қосылуынан  болды  дейді,  енді  біреулері  «қазақ»  атауының  қалыптасу  негізіне 

«əулеттік» мағына береді, сонымен қатар, осы ұғымға исламдық мағына беретіндер де бар. 

Қытай,  араб,  ұрым,  орыс  жəне  т.б.  елдердің  жылнамаларынан  «қазақ»  сөзінің  əртүрлі  вариантта 

түсіндірілген сөздің бар болғанын білсек те, ол этникалық атауды білдірген-білдірмегені ғылымға əлі құпия 

болып  отыр.          Көне  түркі  тілінде  жазылған  құлпытастарда    осы  «қаз»  түбірінен  туындайтын  сөздер 

кездеседі,  олар  мыналар:  қазғану,  қазғандұқ,  қазғантұқын,  қазғанмасар  жəне  қазғақ  оғлұм.  Осы  сөздер 

қажырлы  қайрат  жұмсау,  күресу,  талпыну,  еркіндікке  ұмтылу,  ерлік  істеу,  табысқа  қол  жеткізу  жəне 

мықты, берік, жойқын, алып мағыналарында кездеседі.   

Сөйтіп, «қазақ» ұғымы əртүрлі мəндерге ие болды, олар: 

1. Аңыздың пайымдауынша қазақ сөзі ақ-қаздың ұғымынан шықты дейді.  

2.  Қазақ  сөзі  түркі  тілдеріне  енгеннен  бастап  ХІІІ  ғасырдың  аяғына  шейін  «еркін  жүрген  жалғыз 



басты»  ер  жігіттің  ерлік  қасиетіне  байланысты  сөз  рөлін  атқарды.  Соның  ішінде  бұл  сүйікті  сəбидің 

есімінің,  жау жүрек қолбасшының, батырлардың, құрметті лауазымының да баламасы болған. 

3. ХІІІ ғасырдың аяғынан бастап, бұл сөз хан, əмір, сұлтан жеңіл қаруланған атты жасағының атауы 

болады.  Одан  кейін  Алтын  Орданың  ыдырауы  қарсаңында  хан  əскерлерінің  төменгі,  жеңіл  қаруланған 

бөлігінің  атауына  айналып,  оның  орнында  құрылған  ұлыстық  хандықтардың  нығаюына  зор  тірек  болса 

керек. 


4. ХV ғасырда қалыптасу үрдісі аяқталған қазақ мемлекеті мен қазақ халқының атауына ие болды. 

5. ХV-ХVІІІ  ғасырлардағы  крепостнойлық  езгіден  қашқан  орыс-украин  кедейлерінің  құрған  жеңіл 

атты жасақтарының атауына айналды. 

Қазақтың  шежірелері  мен  аңыздары  «қазақ»,  «алаш»,  «жүз»  деген  атауларды  бір-бірімен 

байланыстырып  шертеді.  Осы  ұғымдар  көшпелі  өркениетке  тəн  қарым-қатынастар  түзеу  үстінде  пайда 

болды.  Бұл  арада  айтайын  дегенім,  қоғамдық  ұйымдасуын  білдіретін  ру,  тайпа,  жүз,  тағы  сол  сияқты  əр 

түрлі деңгейлер иерархиялық жүйе құрамындағы саяси құрылым, оның көрінісі болып билік қатынастары 

туысқандық,  ағайындық  жүйелермен  бекітіледі.  Сол  себепті  «бір  атаның  ұрпағы,  бір  тамырдың  бұтағы» 

деген  ұстаным  əлеуметтік-мəдени,  шаруашылық,  экономикалық,  экологиялық,  тағы  сол  сияқты  күрделі 

жүйелердің  туыстық  қатынастармен  өзара  үйлесуін  білдіріп,  жалпы  тұтастықтың  ұйтқысы  ретінде  билік 

қызметін атқарды. Сондықтан қазақ, алаш, жүз сөздерінің мəн-мағынасы бір-бірімен тығыз байланыста.      

2.  Қарастырылып  отырған  кезеңдегі  қазақ  қоғамы  өзара  тығыз жəне  бір  мағыналы  емес  байланыста 

болған  əулеттік  топтар  мен  қоғамдық  топтардың  иерархиялық  ұйымдастырылған  əлеуметтік  құрылымы 

түрінде  қалыптасқан.  Атап  айтқанда,  олардың    бірі  –  экономикалық  емес,  саяси  жəне  құқықтық  белгілері 

бойынша көбірек ажыратылатын – «ақ сүйек» жəне «қара сүйек» - екі негізгі əлеуметтік топтарға бөлінуі. 

Ру-тайпалық  иерархия  қоғамдық  құрылыстың  негізін  салушы  принципі  болып  табылады.  Осыған  сəйкес 

əр  жеке  «қара  сүйек»  өкілінің  қоғамдық  жағдайы  оның  руы  мен  тайпасының  артықшылық  дəрежесімен 

анықталған. Үш жүздің – Ұлы жүз, Орта жүз жəне Кіші жүздің орын алуы – қазақтар бірлестігін өте қатаң 

тəртіптелуіне əкелді. Барлық рəсім мен салтанаттарда үлкендік тəртібі қатаң сақталған.  

Адам  тек  ру  бөлігі  ретінде  ғана  мағынасы  болған  жəне  тек  ру  заңды  бірлік  болып  табылған.  Қара 

сүйек əлеуметтік тобынан тек «билер» - рулар мен тайпалар басшылары ғана ерекше саяси құқықтарға ие 

болған. Билер ықпалы олар басқаратын рулардың күшімен, сонымен қатар, шығу тегінің көнелігімен жəне 

үлкендігімен  анықталған.  Өздері  билік  ететін  рулар  шегінде  билерге  сот,  əкімшілік  жəне  əскери  билік 

тиесілі болған. Билер, сұлтандармен қатар жалпы мемлекеттік мəселелер шешілетін жыл сайын өткізілетін 

«құрылтайларға»  қатысқан.  Ең  беделді  ру  басшылары  хан  жанындағы  «билер  кеңесіне»  кірген.  Билер, 

Шыңғысшыларға  қарама-қарсы  қара  сүйектер  əлеуметтік  тобының  элитасын  құраған.  Кей  жағдайда  хан 

билігі  дала  аристократиясының  өкілдеріне  (билерге),  жеке  əрі  ең  беделдісіне,  сондай-ақ,  барлығына  бірге 

тəуелді болған.  

Тарихи-этнографиялық  материал  жетіспеушілігі  билік  жүргізу  жүйесінің  болмысы  немесе  қазақ 

қоғамының əлеуметтік-саяси ұйымдастырылу формалары туралы тақырыптарды толық көлемде баяндау 

мүмкіндігін  бермейді.  Егер  ХV-ХVІ  ғасырларда  басында  сұлтандар  тұрған  ұлыстық  жүйе  орын 

алғандығын, ал жүздер басында – билер тұрғандығын ескерсек (ХVІІ-ХVІІІ басы), онда Қазақ хандығында 

əлеуметтік-саяси  ұйымның  екі  формасы  болғандығын  көреміз.  Осыған  сəйкес  ұлыстар  мен  жүздер  бір-

бірімен бір уақытта орын алған ба, жоқ əлде бұл формалардың бірі екіншісінің тарихи алдында орын алған 

ба  деген  сұрақ  туындайды.  Егер  олай  болса,  онда  көшпелі  қазақ  қоғамында  республикалық  құрылыстың 

рəсімделуі туралы сеніммен айтуға болады. Қазақ хандығының аймақтық шектелуі жəне Қасым, Есім жəне 

Тəуке  ханның  Жеті  Жарғы  заңдарымен  саяси  негізделуі,  көшпенді  тайпалар  бірлестігі  бола  тұра,  өз 

құрамына қалалық жəне отырықшылық-егіншілік мəдениеттің көне орталықтары бар аймақтарын енгізген. 

Қазақ  хандығы  қоршаған  дала  халқы  үшін  шаруашылық  жəне  мəдени  өзіне  тартудың  белгілі  аймақтарын 

құрды.  Аталған  факторлар  жаңа  жерге  орналасу,  шаруашылық  жасау  жəне  тұрмыс  жүргізудің  ауылдық 

жүйесін  қалыптастырды.  Жаңа  аймақтық-рулық  байланыстар  басқа  реттеушілерді  талап  етті,  бұл 



 

26

реттеушілер – билер, «ұлттық аристократия», құра сүйек əлеуметтік тобының элитасы болды. Көпғасырлық    



халық  құқығын  түсіндіріп  бере  алатындықтары  үшін  құрметтелетін  билер,  далада  номадтарға  тəн  əлем 

құрылғысын сақтап қалуға мүмкіндік беретін. Дəл осы билер төңірегінде оларды шаруашылық жəне мəдени 

бірлестікке  түрлендіретін  генеалогиялық  жəне  иерархиялық  өзара  қатынастар  бекітілетін  ру  аралық  жəне 

аймақ  ішілік  байланыстар  құрылымы  қалыптаса  бастады.  Жоғарғы  əскери-саяси  басқарумен  байланысты 

əкімшілік  құрылымның  генеалогиялық  жəне  иерархиялық  қарым-қатынастар  орнатылуына  сəйкес 

терминмен  белгілеу  қажет  болды.  Мұндай  термин  ретінде  басында  билер  тұрған  жүз  пайдаланылды. 

Əкімшілік-құрылымдық қайта құру бұл биліктің саяси түрін республикалық құрылыс етіп қайта құру жəне 

ұлыстық  негіздерде  сұлтандар  сепаратизмінің  көріністерін  жою  үшін  əлеуметтік-саяси  ұйымдастырудың 

екілік

  формасын  рəсімдеу  болып  табылды.  Бірақ  ХVІІІ  ғасыр  оқиғалары  сұлтандардың  бұл  əлеуметтік-

саяси  ұйымда  өз  орындарын  тез  табуына  əкеліп  соқтырды.  ХVІІІ  ғасырдан  бастап  сұлтандар  үш  жүздің 

толық билеушілері болмаса да, билеуші басшы топ болды. Бұл олардың саяси жекеленуіне əкелді.  

3.  Қазақ  Хандығының  құрылуының  тарихи  алғышарттарын  Алтын  Орда  ханы  Бердібекпен 

байланыстырған  жөн  болар.  Ол  Жошы  отбасынан  тараған  Батый  ұрпақтарында  тартыс  тудырды.  1359 

жылы  Ұлық  Ұлыстың  (Алтын  Орда)  билеушісі  Бердібек  қайтыс  болғаннан  кейін,  Жошы  ұлы  Батый 

əулетінен  ұрпақ  қалмады.  Осының  салдарынан  Ұлық  Ұлыстың  тағы  үшін  ішкі  тартыс  басталды.  Билік 



тағына

 күрес ішінде Орда Еженнің ұрпақтары да қатысты. Осы бағытты ұстанып Ұлық Ұлысты біріктіру 

ниетімен  қозғалған  Орыс  ханның  мақсатын  Тоқтамыс  қана  жүзеге  асырды.  Ұлық  Ұлыстағы  аласапыран 

оқиғасын  пайдаланған  Рязань  жəне  Литов  княздіктері  шекара  дауын  шешпек  болып,  екеуі  келісіп,  Ұлық 

Ұлыстың  территориясын  бөліске  салуға  ұмтылады.  Мəскеу  -  Литовтардың  қарамағында  қалса,  Коломна, 

Владимир  жəне  Муром  -  Рязаньның  қоластында  қалады  деп  Рязань  жəне  Литов  княздіктері  серттеседі. 

Мақсаттарын жүзеге асыру үшін Ұлық Ұлыстың түменбасы Мамайды көмекке шақырады. Келіскен саяси 

жағдай,  «найзаның  ұшымен»  ғана  шешілетін  соғыс  əрекетін  тудырды.  Ол  соғыс  тарихта  «Куликово 

шайқасы» атымен мəлім болды. Ал тарихта қалыптасқан ой-пікір, оны «орыстар мен татарлар» арасындағы 

соғыс  деп  баяндап,  затындағы  оқиғаны  бұрмалап  жіберді  (көптеген  себептермен  кеңестік  тарихнама 



Еуразия кеңістігіндегі түркі-монғол дəуіріндегі гегемониялық рөлін бұрмалады жəне ХХ ғасырдың басында 

пайда  болған  «пантюркизм»  теориясына  қарсы  жан-жақты  идеямен  қаруланған  күрес  жүргізді). 

Шынында,  бұл  соғыс  орыс  пен  орда  арасындағы  қайшылық  емес  еді.  Деректер  мен  оқиғаны  талдаудан 

өткізген  көрнекті  ғалым  Л.Н. Гумилевтің  сараптауы  бойынша:  «Мəскеу  -  Алтын  Орданың  заңды 

мұрагерлері  хандарына  серттескен  адалдығын  бұзбады,  Тоқтамыс  бастаған  легі  ішінде  орыс  əскерлері, 

еділ  жəне  сібір  татарлары  болды.  Мамайдың  əскері  поляктардан,  қырымдықтардан  жəне  одақтасы 

Литва  князі  Ягайлодан  тұрды.  «Куликово  шайқасын»  -  татарлар  мен  орыс  арасындағы  қанды  шайқас  

болды  деп  санауға  болмайды»,-  деген  түйін  келтіреді.    Шындығында,  Литов  княздігі  стратегиясын  Ұлық 

Ұлысқа бағыттады, оны бөліске салып гегемониялық рөлін тартып алу еді. Куликово шайқасы –  Дмитрий 

Донской  бастаған  Сібір  жəне  Еділ  казактары  мен  Мамай  басқарған  Поляк  жəне  Литов  əскерлері 

арасындағы  шекара  дауын  шешудегі  соғыс  болып  табылады.  Бөліске  салған  коалиция  арасындағы 

шайқастың  орны  болып  Мəскеуді  таңдап  алады.  Бұл  шайқаста  Мамай  ұтылып,  Тоқтамыс  жеңеді.  Ал 

құрметтің бəрін бұрмаланған тарих Ресейге тақты.  

Алтын Орданы біріктірген Тоқтамыстың іс-əрекеті ұзаққа созылмады. Темірдің жасаған үш жорығы 

Жошы ұлысын (Алтын Орданы) түбегейлі шайқалтып жіберді. Қалалар қиратылды, керуен жолы бағытын 

өзгертті  (оңтүстіктегі  Темірдің  иеліктері  арқылы  өтетін  болды),  экономикалық  дағдарыс  басталды.  Осы 

соққыдан  Алтын  Орда  айыға  алмады,  ХV  ғасырдың  бірінші  жартысында  жеке-жеке  хандықтарға  ыдырап 

бөлініп  кетті.  Алтын  Орданың  мұрагерлері  ретінде  –  Қырым,  Қазан,  Астрахан  жəне  Өзбек  хандықтары 

құралса, ал оның соңында - Ноғай Ордасы, Қазақ, Сібір, Хиуа хандықтары жəне Мəскеу (Орыс) мемлекеті   

құрылды. 

Алтынордалық  аумақта  басталған  күйзеліс  пен  сергелдең  заманы  екі  түстік  (два  полюса) 

орталықтарын жаратты: солтүстік орталығы  Мəскеу болса, оңтүстіктегі орталық Қырым Хандығы болды. 

Пайда  болған  екі  түстіктің    күш-қуатына  байланысты  магнит  тəрізді  өзге  хандықтардың  əулеттілерін 

қызметке шақырып отырды. Алтын Орданың өкілдеріне Мəскеу мемлекеті Кашира, Серпухов, Звенгород, 

Юрьев-Подольский  қалаларын  үлестірсе,  Ноғай  Ордасынан  шыққандарға  Романов,  ал  Қазақ,  Сібір  жəне 

Қырым хандықтарынан шыққандарға Мещерский, Касимов қалаларын сыйға тартты. Ал Мəскеу мемлекеті  

міндетті  түрде  олардан  əскери  қызметті  өтеу  талабын  қойды.  Орыс  мемлекетінің  құрылымында  атақты 

түрік  мигранттары  (қоныс  аударғандар)  жоғары  «чин»  лауазымын  алып  отырды.  Əскерімен  келген 

сұлтандардың  қосыны  «қазақ»  деп  аталды.  Аталған  жаппай  қозғалыс  –  осы  кезеңге  тəн  құбылыстың  бірі 

еді.         

Ұрым  жəне  тағы  басқада  əлемдік  империялар  сияқты  түрік  əлемі  уақыт  сынағынан  өтcе  де,  оның 

соңғы  шарықтауы  -  Жошы  əулеті  құрған  Ұлық  Ұлыс  (Алтын  Орда)  болды.  Мəдени  өрісте  этникалық 

тұтастанудың  қалпын  сақтай  алмай,  қоршап  тұрған  отырықшы  империялардың  қарсы  шабуылынан  торға 

түсіп,  «бой  көтеру»  дəрменінен  айырылып  қалды.  Айтылған  себеп  пен  салдар  бір  елдің  түрлі  халықтарға 

айырылып  бөлшектеніп  кетуіне  ықпал  жасады.  Осының  нəтижесінде  қазақтар,  қырғыздар,  өзбектер, 



 

27

татарлар,  қырым  татарлары,  түрікмендер,  қарақалпақтар,  ал  1881  жылы  қытайға  қосылуға  мəжбүр  болған 



ұйғырлар  мен  т.б.  түрік  тектес  халықтар  пайда  болса  да,  құндылықтарын  толық  сақтап  қалған  дəстүрлі 

түсініктер  ыдырау  өрісіне  төтеп  бере  алды.  Ортақ  түріктік  мұра  дəстүрлері  əрбір  түркі  тектес  халықтың 

дүниетанымында  осы  күнге  дейін  бейнеленеді.  Сол  себепті,  ХV-XVI  ғғ.  дейінгі  қалыптасқан  дəстүрлер 

«Мұрасы», қандай да болмасын түрік халқына ортақ мəдениеті болып саналатыны содан. 

«Көшпелі  өзбектер»  мемлекеті  деп  аталатын  Əбілқайыр  Хандығы  Дешті  Қыпшақтың  даласында 

1428-1468  жылдары  үстемдік  құрды.  1446  жылы  Сырдария  өзенінің  орта  ағысы  бойындағы  Түркістан 

аймағын  өзіне  қаратып,  астанасын  Батыс  Сібірден  Сығанақ  қаласына  көшіреді.  1449-1451ж.ж. 

Мəуреннахрда  болған  саяси  дағдарысты  пайдаланып,  таққа  таласқан  Темір  əулетінің  бірі  Əбу  Саидты 

қолдап  Самарқан  тағына  отырғызады.  Дəл  осындай  болған  Ноғай  Ордасындағы  оқиғаны  да  тиімді 

пайдаланады. Бірақ орнатылған саяси тұрақтылық ұзаққа бармады, ішкі өмірінде бөліну ағымдары туындай 

бастады.    Жошы  əулетінен  тараған  Махмуд  жəне  Ахмед  сұлтандар  оған  қарсылық  көрсетті.  1457  жылы 

Сығанақ  қаласының  түбінде  Əбілқайыр  хан  қалмақтардан  (Үз  Темір  тайшы)  жеңіліс  табады.  Ал  ол  өз 

кезегінде  Керей  мен  Жəнібек  сұлтандардың  бөлініп,  Моғолстанда  жеке  хандық  құруына  қолайлы 

жағдайлар жасады. Əбілқайыр хан өлгеннен кейін де, ұрпақтарының арасында тақ үшін талас пайда болып, 

мемлекетінің ыдырау процесін тездетті. 

ХV  ғ.  40-50  ж-да  Моғолстанның  ішкі  жəне  сыртқы  саяси  жағдайы  Əбілқайыр  хандығымен 

салыстырғанда нашарлау болды. Мұхаммед Хайдар Дулати Моғолстанның саяси өмірі туралы былай дейді: 

Есен  Бұға  хан  өзінің  əмірлеріне  дұрыс  қарамады...Əрбір  моғол  əмірі  өз  қалаулары  бойынша  күн  кешті

Сыртқы  саяси  жағдайы  да  мəз  болмады.  Моғол-қалмақ  қатынастары  көп  жағдайда  соғыс  пен  өзара 

жорықтармен  шектеліп  отырды.    Қалмақтардың  тонаушылық  сипаттағы  жорықтары  елді  күйзеліске 

ұшыратты. Сондықтан да Керей мен Жəнібек сұлтандардың Моғолстанға келуіне Есен Бұға хан қарсылық 

білдірмейді, қайта олардың келгеніне қатты қуанады. 

ХV  ғ.  ортасында  Мəуреннахрға  шығыстан  Есен  Бұға  хан  қауіп  төндірсе,  оңтүстік-батыстан 

Əзірбайжан  мен  Иранның  солтүстігіндегі  билеушісі  Қара-Қоюнлу  əулетінің  ұрпағы  Жахан  шах  та,  Ақсақ 

Темір  ұрпақтарынан  Хорасан  аймағын  қайтарып  алуды  ойластырады.  Бірақ  Мəуреннахр  билеушісі  Əбу 

Саид  бұл  қатерден  оңай  құтылады.  Себепкер  болған  Есен  Бұға  ханның  туған  ағасы  Жүніс  сұлтанның 

Хорасанда  болуы  еді.  Міне,  осы  Жүніс  сұлтанды  Əбу  Саид  хан  Есен  Бұға  ханға  қарсы  қолданады,  ал  өзі 

Хорасаннан  Жахан  шахты  кетіруге  барлық  күшін  жұмсайды.  Жүніс  сұлтанның  Моғолстанға  іргелес 

орнығуына  байланысты  енді  қауіп  Есен  Бұға  ханға  төнеді.  Енді  оған  ең  басты  қауіп  қалмақтардан  емес, 

əмірлердің бағынбаушылығынан емес, туған ағасы Жүніс сұлтаннан төнеді. Дəл мұндай жағдай Керей мен 

Жəнібек  сұлтандардың  Моғолстанға  келуіне  өте  қолайлы  болады.  Керей  мен  Жəнібек  сұлтандардың 

Моғолстанға  келуінен  Есен  Бұға  хан  да,  екі  сұлтан  да  ұтылмайды.  Есен  Бұға  хан  өзінің  хандық  билігін 

қайтыс  болғанша  дейін  (1462  жыл)  құрды,  ал  екі  сұлтан  болса  жаңа  мемлекеттің  –  Қазақ  Хандығының 

негізін қалады. 

Жоғарыда  айтылғандарды  түйіндей  келе  жəне  Моғолстан  мемлекеті  мен  Əбу  Саид  мемлекеттері 

арасындағы  қарым-қатынастар  Əбілқайыр  хандығының  ішкі  жəне  сыртқы  жағдайлары,  олардың  даму 

барысы,  бəрі  ХV  ғасырдың  50  жылдарының  аяғында  Қазақ  хандығының  құрылуына  саяси  алғы  шарттар 

əзірлейді.  Керей  мен  Жəнібек  сұлтандардың  Моғолстанға  көшіп  келуін  баяндайтын  мəліметтер  екі 

шығармада ғана бар: Біріншісі – Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегі; Екіншісі -  Махмуд 



Ибн  Уəлидің  «Бахр  ал-асрар  фи  манасиб  ал-ахйар»  еңбегі.  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  мен  Махмуд  Ибн 

Уəли мəліметтерінде Əбу Саид ханның Есен Бұға ханға қарсы Жүніс сұлтанды қолдануы, не себепті Қазақ 

хандығының Моғолстанның батыс бөлігінде пайда болғандығы, алғашқы қазақ ханы кім болғандығы жəне 

«қазақ» атауы не үшін Керей мен Жəнібектің соңынан ерген адамдарға қолданғандығы туралы фактілер көп 

кездеседі. 

Қазақ  хандығы  ХV  ғасырдың  ортасынан  ХVІІІ  ғасырдың  басына  дейін  біртұтас  мемлекет  болып, 

Дешті  Қыпшақ  пен  Мəуреннахрдағы  қуатты  елдің  біріне  айнала  бастайды.  Дəл  осы  дəуір  Қазақ 

хандығының  территориясы  жағынан  кеңею,  халқының  саны  жағынан  өсу,  мемлекеттілік  тұрғыдан  нығаю 

кезеңі  болды.  Сонымен  бірге,  Қазақ  хандығының  нығаю  процесінде  ерекше  рөл  атқарған  тарихи 

тұлғалардың – Бұрындық, Қасым хандардың, Əдік, Қамбар, Махмұт, Жиренше жəне басқада сұлтандардың 

іс-əрекеттері,  олардың  қосқан  үлестері  мейлінше  зор  болды.  ХV  ғ.  соңғы  –  ХVІ  ғасырдың  алғашқы 

жылдары    Дешті  Қыпшақтың,  Жетісудың  жəне  Мəуреннахрдың  саяси  картасына  елеулі  өзгерістер  енеді. 

Мəуреннахрдағы  Ақсақ  Темір  əулеттері  билеген  біртұтас  мемлекет  ХV  ғасыр  соңына  таман  үш  тəуелсіз 

иелікке  бөлініп,  өзара  соғыстар  нəтижесінде  ХVІ  ғасырдың  алғашқы  жылы-ақ  өмір  сүруін  тоқтатады. 

Сондай-ақ,  Жетісу  мен  Шығыс  Түркістандағы  Моғол  хандығы  ХV  ғасырдың  90-жылдары  екіге  бөлініп, 

ХVІ ғасырдың басында Моғол хандарының билігі Жетісуға жүрмейтін болды. Керісінше, осы кезең, Қазақ 

хандығы үшін сəтті жылдар болып, ол - кеңейіп, нығая түседі.   

Керейден  кейін  ресми  түрде  қазақтың  ханы  Бұрындық  болады.  Жəнібек  хан  əулеттері  Жəнібектің 

үлгісімен  Бұрындыққа бағынды.  Бұрындық  хан билік  еткен  кезде қазақтардың  саяси  орталығы  Сарайшық 

(Батыс  Қазақстан)  қаласы  болады.  Ал  Жəнібектің  ұлдарының  ұлысы  Мəуреннахрмен  шекаралас 



 

28

территорияда  болғандығын  хабарлайтын  мəлімет  Исфаханидің  «Михман  наме-й  Бұхара»  еңбегінде  бар. 



Деректер,  біріншіден  -  қазақ  қоғамында  əкімшілік-территориялық  ұйымының  негізінде  ұлыстық  жүйе 

жатқандығын  көрсетсе;  екіншіден  –  билеушілер  арасында  жасырын  қайшылықтың  болғандығын 

байқатады,  олар  Бұрындық  тобы  жəне  Жəнібек  тобы.  Шынайы  келгенде  Бұрындық  қарсы  топтың 

күшеюінен сескеніп, оларға қарсы іс-əрекеттер жүргізе бастайды. Бірақ та, Бұрындық ханның жоспары іске 

аспайды,  ХVІ  ғ.  басындағы  оқиғаларда  екі  топтың  арасы  бірте-бірте  ашылып,  нəтижесінде  хандықтағы 

саяси билікке екінші топ өкілдері келеді.    

Осы мəселені шешу үшін, Қазақ хандығының ХV ғасырдың соңындағы территориясының Сыр бойы 

есебінен  кеңеюіне  тоқталайық.  Түркістан  аймағы  үшін  болған  1490-1495  жылдардағы  ұрыстардың  негізгі 

ауыртпалығын  Жəнібектің ұлдары – Жиренше, Қамбар, Махмұт, Қасым, Əдік сұлтандар көтереді. Бұл факт 

ХV  ғасыр  соңында  Түркістан  аймағы  жəне  оған  іргелес  Дешті  Қыпшақтың  далалық  жерлері  Жəнібек  хан 

ұрпақтарының  ұлысы  болғандығын  көрсетеді.  Осыдан  шығатын  қорытынды  мынадай  дəйекке  келеді: 

біріншіден  –  Бұрындық  осы  соғысқа  Жəнібек  ұрпақтарын  тікелей  қатыстыру  арқылы  қарсыластарын 

əлсірету еді; екіншіден - өзінің болашақ тағын сақтап қалу. Бірақ бəрі керісінше болып шықты. Соғыстың 

соңына  таман  Жəнібек  хан  ұлдарының  əлсіремей,  қайта  күшейе  түскендігі  байқалады.  Олардың  ұлысы 

кеңейіп,  нəтижесінде:  шаруашылық,  əскери,  жəне  саяси  қуаты  өседі.  Бұрындық  хан  үшін  бұл  жағдайды 

өзгертудің бірден-бір жолы Шайбани ханмен келісімге келу еді, кешегі «ата жауымен» одақтасуға мəжбүр 

болады.  

ХVІ ғасырдың басында оқиға күрт өзгереді. Шайбани хан Мəуреннахрда билікке келеді, Моғолстан 

толық күйрейді. Сондай-ақ, Шайбани ханның 1504-1511 жылдардағы Қазақ хандығына қарсы жасаған төрт 

жорығында Бұрындық хан дəрменсіздігін танытып, бірте-бірте саяси жолдан кете бастайды. Ал екінші топ 

сол  кездегі  ішкі-сыртқы  өміріне  белсене  араласып,  халық  алдында  үлкен  беделге  ие  болады.  Осы  кезден 

бастап,  Қазақ  хандығында  Жəнібек  ханның  ұлдары  билікке  келіп,  Қазақ  хандығы  құлағанға дейін хандық 

құрады.  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  өз  еңбегінде  Қасым  ханның  билікке  келуі  туралы:  «Оның  қуатының 

өскендігі соншалық, Бұрындық ханды қуып жіберді. Бұрындық хан Самарқанға кетіп, сол жақта қайтыс 

болды», - деп баяндайды.  

Қасым  ханның  билік  құрған  кезіндегі  Қазақ  хандығының  қуаты  мен  күші  туралы  мəліметтер  алыс 

елдерге  тарайды.  Мəскеу  патшалығында  Қазақ  хандығы  туралы  материалдар  жиналса,  Иранда  Қазақ 

хандығын  1512  жылғы  оқиғаларға  байланысты  «Қазақстан»  деп  атай  бастайды.  Сонымен,  осы  ішкі  саяси 

өмірдегі  таластар  Қазақ  хандығының  күшеюі  мен  нығаюын  арттырып,  мемлекеттік  тұрғыда  əлемге 

танымал болды.  

Қазақ хандығына жасаған жорықтан жеңіліп қайтқан Мұхаммед Шайбани (1510), Иран шахы жасаған 

соғыста  (Мерві  түбіндегі  Хорасандағы  шайқас)  қаза  болады.  Əскерлері  жеңіледі.  Қасым  хан  (1511-1521) 

осы  оқиғаны  ұтымды  пайдаланып,  Оңтүстік  Қазақстанда  билігін  нығайта  бастайды.  1513  жылы  Сайрам 

қаласын  Қазақ  хандығына  қосып  алады.    Қасым  Моғолстанның  ханы  Сұлтан  Саидпен  достық  қарым-

қатынасын жасасып тұрады. 1514 жылы Сұлтан Саид Қашқарияға кетіп сол жерде жаңа мемлекетін құрады. 

Бұл  қазақ  ханының  Жетісудағы  билігінің  нығая  түсуіне  себеп  болады.  Батыста  оның  қол  астына  Ноғай 

Ордасының  дағдарысын  бастарынан  кешірген  ру  мен  тайпалар  топтары  көшіп  келеді.  Сөйтіп,  хандықтың 

шекарасы  оңтүстікте  Сырдария  алабын  қамтыса,  оңтүстік-шығыстағы  Жетісу  жерінің  біраз  дені  кіреді, 

Солтүстік жəне солтүстік-шығыстағы Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып Қарқаралы тау тарамдарына 

дейін жетсе, ал солтүстік-батыста Жайық өзенінің алабы кіреді. 

Біртіндеп Қазақ хандығы сыртқы саясатында халықаралық қатынасты да ойдағыдай шешіп отырды. 

Алғашқы  болып  елшілік  байланысты  орнатқан  ұлы  княз  Василий  ІІІ  тұсындағы  (1505-1533)  Мəскеу 

мемлекеті.  Сол  кезде  қазақ  халқы  дербес  халық  ретінде  Батыс  Еуропаға  да  əйгілі  болды.  Австрия  елшісі 

Сигизмунт Герберштейн де өзінің жазбаларында бұл жайтты баяндайды. Мұхаммед Хайдар Дулати: «Қазақ 

хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. Осы кезде оның қол астына 

қараған халықтың саны бір миллион адамға жеткен»,- деп баяндайды. Өзіне қарасты қазақ жерін кеңейткен 

Қасым  хан  туралы  көптеген  деректемелер:  «қазақтардың  этникалық  территориясының  негізгі  аудандары 

қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген»,- деп баяндайды.  

Қасым  хан  алғашқы  қазақ  заңы  –  «Қасқа  жолды»  жарыққа  шығарды.  Бұл  заң  қазақ  арасында 

бұрыннан  қалыптасқан  əдет-ғұрып  ережелері  негізінде  жасалды.  Көшпелі  өркениетке  үйлесімді 

құрастырылған заң болды. Сол үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстырылып, «Қасым ханның қасқа 

жолы»  деп  аталды.  Ол  хандығын  күшейтті,  территориясын  біріктіру  жолындағы  жеңістері  елдің  беделін 

арттырып, атақ-даңқын асыра түсті. 

Қасым ханнан кейін əкесінің орнына Мамаш хан болады, көп ұзамай ұрыстардың бірінде ол қайтыс 

болады. 1523 жылы Қасымның немере інісі Таһир (1523-1533) хан болды. Сыртқы саясатында олақтық, қол 

астындағыларына  қатал,  ықпал-беделінен  жұрдай  болған  Таһир  хан  өз  жұртында  бүлік-ылаң  шығарып, 

Қазақ  хандығын  əлсіретіп  алады.  Одақтасы  болған  Ноғай  Ордасы  мен  Моғолстанмен  жауласып,  біраз 

аймақтарынан  айырылып  қалады.  Шайбани  əулетімен  болған  соққы-ұрыстан  кейін  Сырдария  бойы 



 

29

қалаларынан  айырылып  қалады.  Сөйтіп,  Қазақ  хандығының  барлық  жеріне  билік  жүргізе  алмаған  Таһир 



хан соңғы күндерін қырғыздардың жерінде өткізеді.  

1533 жылы хандыққа Бұйдаш сайланады. Деректердің мəліметі бойынша, Бұйдаш ханмен қатар Қазақ 

хандығында  Ахмед  жəне  Тоғым  хандар  болғаны  белгілі.  Қырғыздармен  байланыста  болған  Бұйдаш  хан 

қазақ-қырғыз  бірлестігін  билеп,  Жетісу  өңірінде  билік  құрыпты.  Ол  Мəуреннахрға  жасаған  жорығында 

(1559) қайтыс болады. 

Əлсіреген Қазақ хандығы Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында  қайта бірігіп, бой 

көтере  дамыған  уақыт  келеді.  Ол  ел  басқаруда  қажырлы  қабілеті  мен  сыртқы  саясатында  дипломатиялық 

майталмандығын  қолданып,  бытыраңқы  халқын  біріктіріп,  үкіметтің  билігін  нығайтып  алады.  Сол  кезде 

орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейткен кезі еді, 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан 

хандығын бағындырып алады. Осы жағдайда Ноғай Ордасында тұрақсыздық байқалып, бөліну мен ыдырау 

сипаты  үдей  түседі.  Ағайынды  Ысмағыл  мен  Жүсіп  арасындағы  тартыс  халқының  екі  жаққа,  бір  тобы 

Мəскеуге  қосылуды  жақтаса,  екінші  тобы  Қазақ  хандығына  қосылуды  ұйғарады.  Осы  сəтті  пайдаланған 

Хақназар  ноғай  ұлыстарының  бір  бөлігін  өз  билігіне  қаратып,  Жайықтың  сол  жағалауына  дейін  іргесін 

кеңейтіп алады. 1569 жылы Ноғай Ордасы мемлекет ретінде өмір сүруден қалады. Шығысқа қарай кеңейіп 

келе  жатқан  орыс  мемлекетінің  шекарасының  жақындауы,  Хақназардың  солтүстік-батысқа  қарай  Қазақ 

хандығының  жер  көлемін  кеңейту  саясатында  кедергі  болады.  Сонда  да,  оның  территорияны  біріктіру 

жолында жасаған жеңісті қадамдары, этникалық тұрғыда «алаш» атанған дала тайпаларын қазақ құрамына 

біріктіру  сəтті  аяқталады.  Сібірдегі  Көшім  хан  мен  Моғол  билеушілерден  төніп  тұрған  қауіп  күрделі 

жағдайларды  есепке  алып,  Шайбани  əулетімен  «келіссөзге»  келеді.  Мұның  өзі    халықтың  шаруашылық 

өмірінде  оңалуына  тиімді  болады.  Бірақ  Бұхара  ханы  Абдолла    (1557-1598)  мен  Ташкент  билеушісі  Баба 

сұлтан  арасында  туған  қайшылық,  соның  салдары  ретінде  Баба  сұлтан  астыртын  адамын  жіберіп  1580 

жылы Хақназарды өлтіреді. 

Хақназар хан қаза болған соң Жəнібектің немересі Жəдік ұлы Шығай (1580-1582) хан болды. Бұхара 

ханы  Абдолламен  бірлесіп,  Баба  сұлтанды  жеңеді.  Сол  жорықта  Шығай  хан  қайтыс  болады.  Қазақ 

хандығына риза болған Абдолла Орта Азиядан тарту береді. Бірақ Сырдария бойындағы қалаларды қарату 

мақсатында Қазақ хандығына өзге жолды қарастыру міндеті тұрды. 1582-1598 жылдары хан болып Тəуекел 

сайланды.  Сыртқы  саясатындағы  басты  мақсат  оңтүстік  қалаларды  хандық  құрамына  қосып  алу  еді.  Осы 

мақсатта  əскери  одақ  ретінде  Мəскеумен  жақындаса  бастайды.  1583  жылы  Шайбани  əулетімен  жасасқан 

«келіссөзді»  бұзып,  Ташкентке  шабуыл  жасады.  Ұзаққа  созылған  Сырдария  қалалары  үшін  болған  соғыс 

1598  жылы  аяқталады.  Сөйтіп,  Түркістан  аймағы  ХІХ  ғасырдың  басына  дейін  Қазақ  хандығының 

құрамында  болады.  Ресейдің  Көшім  ханға  қарсы  басталған  (1582)  жорық  1598  жылы  жеңіспен  аяқталып, 

Сібір  хандығы  жойылады.  Жеңілген  Көшім  хан  Орта  Азияға  қашып  құтылады.  Оған  қарасты  кейбір 

тайпалар  қазақ  халқының  құрамына  еніп,  Қазақ  хандығының  территориясы  солтүстігінде  Сібірге  дейін 

кеңейеді. 

 

 


Каталог: dist zaoch -> 2kurs -> 2FK-1kz -> UMKD
2kurs -> 1. 1 тақырып Тіл дыбыстарының жасалуы Қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесі
2kurs -> Лексика. Антоним
2kurs -> 1-бақылау тапсырмалары 1 нұсқа
2kurs -> №13 дәріс Тақырып: Құқықтың түсінігі және мәні
2kurs -> Адамның психикалық іс-əрекеті
2kurs -> Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Көпсалалы
2kurs -> Қазақ тілін оқыту əдістері
UMKD -> Рефераттар мен баяндама тақырыптары
2kurs -> Контрольная работа по дисциплине «Профессиональный английский язык» для студентов второго курса всех специальностей


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет