Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі


-тақырып. ХVІІ ғ. жəне ХVІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы. Қазақстанның ХІV ғ. мен ХҮІІІ ғ



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет6/15
Дата30.12.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

6-тақырып. ХVІІ ғ. жəне ХVІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы. Қазақстанның ХІV ғ. мен ХҮІІІ ғ. 

бас

 кезіндегі мəдениеті (1сағат) 

1. XVІІ-XVІІІ ғғ. Қазақ хандығының саяси жағдайы.  

2. Қазақ-жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі (XVII ғ. екінші жартысы). 

3. Шаруашылығы, рухани мəдениеті. 

 

СӨЖ

 тапсырмалары: 

1. Қазақ хандығының экономикалық дамуына конспект жасау. 

2. Жүздер – этнотерриториялық бірлестіктер. Оның пайда болу себептерін ашыңдар.   

1. Қазақ Хандығы ХV ғасырдың ортасынан ХVІІІ ғасырдың басына дейін біртұтас мемлекет болып, 

Дешті  Қыпшақ  пен  Мəуреннахрдағы  қуатты  елдің  біріне  айнала  бастайды.  Дəл  осы  дəуір  Қазақ 

хандығының  территориясы  жағынан  кеңею,  халқының  саны  жағынан  өсу,  мемлекеттілік  тұрғыдан  нығаю 

кезеңі  болды.  «Еңсегей  бойлы  ер  Есім»  атанған  Есім  хан  (1598-1628)  қазақ  хандығын  бір  орталыққа 

бағынған  мемлекет  құруды  көздеді.  «Есім  ханның  ескі  жолы»  атты  заңды  құрастырды.  Мемлекеттің 

шаруашылық  жағын  көтеру  мақсатында  Бұхарамен  «бітім»  жасасты.  Ол  кезде  Мəуреннахрда  Шайбани 

əулеті  құлап,  жаңа  əулет  Аштарханиліктер  (1599-1735)  билік  құрған  болатын.  Қазақстанның  солтүстік 

аймағын реттеуге кеткен Есім хан Тұрсын сұлтанға хандығын тапсырып «ант» берісіп уəделескен болатын. 

Есім  ханның  жоқтығын  пайдаланған  Тұрсын  сұлтан  Есім  ханның  жұртына  əлек  салып,  билікті  өз 

пайдасына  жұмсаған  болатын.  1627  жылы  ойрат  жорығынан  оралған  Есім  хан  антты  бұзғаны  үшін 

Тұрсынды  өлтіреді.  Бір  деректерде  Есім  хан  1628  жылы,  ендігі  мəліметтерде  1645  жылы  қайтыс  болды 

дейді. 


Есімнен  кейін  оның  ұлы  Жəңгір  хан  болады.  Ол  тұста  Цин  империясының  ығыстыруынан 

жоңғарлардың  қазақ  жерлерін  басып  алу  қаупі  арта  түсе  бастады.  Күшейген  ойраттар  1635  жылы  төрт 



 

30

тайпадан тұратын (чорос, хошоут, дербет жəне торғоут) мемлекеттік бірлестігін құрады. Батыр Хұнтайшы 



бастаған қазақ жеріне жорықтар 1635, 1643, 1652 жылдары болды. Осы жорықтың бірінде Жəңгір хан 600 

сарбазымен  қарсы  шығып,  қалмақтың  қалың  əскерін  тоқтатады.  Көмекке  келген  Самарқан  билеушісі 

Жалаңтөс  батырмен  қалмақ  əскерін  қырғынға  ұшыратады.  Ақыр  соңында,  1652  жылы  Жəңгір  хан 

қалмақтармен кезекті шайқаста қаза табады. 

Жəңгір  ханнан  кейін  Батыр  хан  билік  құрды,  бірақ  ол  туралы  ешбір  мəлімет  сақталмады.  Батыр 

ханнан  кейін  тақ  басына  Жəңгір  ханның  ұлы  Əз-Тəуке  (1680-1718)  келді,  оның  толық  аты  Тəуекел 

Мұхаммад  Батыр  хан  еді.  Оның  кезінде  Қазақ  хандығы  нығайып,  жоңғарлардың  басқыншылығы 

бəсеңдеген  кез  еді.  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»,  «Есім  ханның  ескі  жолы»  сияқты  қазақ  заңдарын  жаңа 

жағдайға сай өзгертіп, толықтап дамыту негізінде «Жеті Жарғы» заңын жасады.       

Тəуке хан билікке келісімен Қазақ хандығындағы ішкі тартысты тоқтатып, бірлікті күшейтуге барын 

салғаны  мəлім.  Қазақ  қоғамының  сол  кездегі  қажеттілігін  қанағаттандыратын  заң  жобасының  керектігі, 

бұрыннан  болған  құқықтық  нормаларды  жүйелеу  арқылы  оларға  мəнді  өзгеріс  енгізіп,  толықтыру 

əрекеттері  дүниеге  «Жеті  Жарғы»  заңын  əкеледі.  «Тəуке  заңы»  немесе  «Жеті  Жарғы»  деп  аталатын  заң 

жинағы  бізге  толық  күйінде  жеткен  жоқ.  Заң  жинағының  кейбір  баптары  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  билерінің 

сөздерінен  жазылынып  алынған  үзінді  жазбалар  арқылы  ғана  жетті.  Сондай-ақ,  П.  Маковецкий  (П. 

Маковецкий. Материалы для изучения юридических обычаев киргизов. вып.1, Омск, 1886), Д. Самаквасов 

(Д. Самаквасов. Сборник обычного права Сибирских инородцев. Варшава, 1876), Н. Гродеков (Киргизы и 

кара-киргизы  Сыр-Даринской  области.  т.1,  Юридический  быт.  Ташкент,  1889)  жəне  А.  Левшиннің  (А. 

Левшин. Описание киргиз-казачьих или киргиз- каисацких орд и степей. Ч.З. Спб, 1832) еңбектерінде азды-

көпті сөз етіледі.  

Тəукенің  толық  есімі  –  Тəуекел-Мұхаммед  Батыр-хан.  Əз  Тəукенің  ата-бабасы,  оның  туып  өскен 

жерлері туралы Шəкəрімнің, Мұхаметжан Тынышпаевтың, Əлихан Бөкейхановтың шежірелерінде беріледі. 

Жазушы  Қ.  Салғараұлы  Тəуке  ханның  тегін  былайша  таратады:  Шыңғыс  хан  –  Жошы  –  Тоқа  Темір  –Үз 

Темір  –  Қожа  –  Бəдік  –  Орыс  хан,  Орыстан  бес  ұл:  Тоқтақия,  Құтылығ-Бұға,  Тұғылық-Болат,  Құйыршақ, 

Тоқта-Болат.  Осының  Құйыршағынан  Тəңірберді,  Иагужақ,  Болат.  Осы  Болаттан  Керей  туады.  Жəнібек 

болса  Орыстың  баласы  –  Құтылығ-Бұғадан  –  Құтужақ  –  Барақтан  тарайды.  Жəнібектен  –  Қасым  хан  – 

Жəдік – Шығай хан – Тəуекел хан – Есім хан – Жəңгір хан, оның екі баласының бірі осы Əз Тəуке, екіншісі 

Уəли.  Тəукенің  билік  құрған  уақытын  əрбір  зерттеуде  əр  түрлі  айтады.  Соның  ішіндегі  басым  түсетіні  – 

1680-1718  жылдар.  Төл  тарихымыз  туралы  жазба  деректер  шамалы.  Сондықтан  да,  аңыз,  дастан,  халық 

арасында  сақталған  жырларды  зерттей  отырып,  салыстырмалы  түрде  көптеген  шындыққа  қол  жеткізуге 

болады.  

Тəукенің  басқа  хандардан  айырмашылығы  айналасында  төре  –  сұлтандардан  гөрі    халық  арасынан 

шыққан  əділ,  беделді  жандарды  жинаған.  Бұл  туралы  көптеген  аңыздар  сақталған.  Билер  сот  қызметінен 

бастап  жүз  басшысына  дейінгі,  қажет  болса  елшілік  қызметін  де  атқарып  отырды.  Мəселен,  Қаз  дауысты 

Қазыбек,  Шақшақұлы  Жəнібек  жəне  тағы  басқа  билердің  елші  болып  барғаны  баршаға  аян.  Əз  Тəуке 

айналасына  беделді,  от  ауыз,  орақ  тілді  шешен  билерді  жинап,  ел,  мемлекет  мəселесін  шешуде  кеңесіп 

отырған. Тəукенің саяси бірлікті нығайту бағытында билер кеңесінің маңызы ерекше болды. Билер кеңесіне 

тұрақты  күші  бар,  кеңесші  мəртебесі  берілді.  Билер  кеңесінің  шешімімен  хан  міндетті  түрде  санасқан. 

Билер  кеңесі  заң  шығарушы  міндетін  де  атқарды.  Сот  істерін  жеке  билер  шеше  алмаған  жағдайда,  осы 

билер кеңесі немесе хан қарайтын болған. 

Тəуке  ханның  заманында  билер  кеңесімен  қатар  «халық  жиналысы»  өткізіліп  тұрған.  Ол  орыс 

деректерінде «старшындар жиналысы» делінеді (И. Гаполлова. Присоединение Казахстана к России. А-А. 

1948, 121-стр). Орыс елшілері Скибин мен Трошин, Кобяков мəліметтерінде: «20-желтоқсанда (1693) Тəуке 

хан Қазақ ордасының игі жақсыларын жинады», енді бірде олар: «Тəуке ханға Түркістанның ұлыстарынан 

қожа мен қазақтар келіп, Ресей туралы айтты»,- деп хабарлайды. Халық жиналысы төтенше жағдайда ғана 

емес, сыртқы саяси  мəселелерді шешу мақсатында да шақырылып отырған. Тəуке тұрақты күздік жиылыс 

бекітеді. Бұл туралы оның заңында былай делінген: «Хан, басқа сұлтан, ақсақалдар, ру басылары тең халық 

ісін  шешу  үшін  күзде  жиналуы  қажет  жəне  мұнда  қару  жасанып  келуге  міндетті»  (А.  Левшин.  Описание 

киргиз-казачьих орд и степей. СПБ, 1832, ч.3. стр. 177). Басқару жүйесінде білікті билер мен батырларды 

таңдап,  оларды  қасына  топтастыра  білген  Тəукені  орыс  тарихшысы  А.И. Левшин  «Спартаның  ақылгөй 

заңгері Ликургпен» теңеген еді. 

Сонымен, Тəуке хан «Жеті Жарғы» заңы арқылы ішкі тартысты жою мақсатында ел басқару ісін, заң 

шығару  тұтқасын  билерге  беріп,  ұсақ  хандар  мен  сұлтандардың  саяси  ықпалын  тежеуге  тырысады.  Жыл 

сайын  Күлтөбеде  (Ташкент  маңы)  үш  жүздің  басын  қосқан  жиналыс  (құрылтай)  шақырылуы  тиіс  болған. 

Хан  кеңесі,  билер  кеңесі  мемлекеттік  тұрақты  құрылымға  айналады.  «Жеті  Жарғы»  заңында  ел  дауын 

шешудегі билер кеңесінің құқығының қорғалуын, сақталуын қатты қадалаған. 

«Жеті Жарғы» баптары мейлінше нақты. Мəселен, кісі өлтіргендер үшін «қанға қан, жанға жан алу» 

ұстанымы  сақталады.  Кейбір  жағдайларда  өлім  жазасын  соттың  келісімімен  құн  төлеумен  ауыстыруға 

болады. Бұл – осы заң жобасының тарихи прогрестік маңызын айқындайтын бап. Құн қылмыстының өзінен 


 

31

немесе ру мүшелерінен алынады. Кісінің денесіне жарақат түсірген болса, құн төлеуге тиіс болады. «Жеті 



Жарғыда» əйелдер құқы шариғат ережелеріне сүйенеді. Қыз-келіншекті зорлау, алып қашу өлім жазасымен 

теңестіріледі.  

Осы заң бойынша əкенің билігі баянды етіледі. Ол – қамқоршы, сондықтан оның ризалығын алмай, 

отбасының  кез-келген  мүшесі  ешбір  шешім  қабылдамайды.  Əкесіне  немесе  шешесіне  қол  көтеріп, 

балағаттаған  баланы  қара  сиырға  отырғызып,  ауыл  іші  аралатып,  қамшымен  соққан.  Бір  себеппен 

(аңдаусызда)  баласын  өлтіргені  үшін  ата-анасы  ешқандай  жаза  алмайды.  Бірақ  некесіз  туылған  баласын 

ұяттан (қасақана) өлтірген əйел өлім жазасына кесіледі. 

Мал мен мүлікті ұрлағанда қатаң жазаға тартылады. Ұрлығы ашылған кісі ұрлап алғанын тоғыз есе 

етіп  қайтаруы  керек.  Өзін-өзі  өлтіргендерді  заң  бойынша  бөлек  жерге  жерлейді.  Жеті  атадан  аспай 

үйленуге  өлім  жазасы  кесіледі.  Құдайға  тіл  тигізген  кісі  жеті  адамның  куəлігі  арқылы  анықталса,  таспен 

ұрып өлтіріледі. Христиан дінін қабылдағандарды мал-мүлкінен айырады.  Əрбір соғысқа жарайтын еркек 

бес  қарусыз  жүрсе,  оған  да  айып  салынады.  Бұл  жаугершілік  заманда  кешірілмес  күнə  саналған.  «Жеті 

Жарғы»  бойынша  арнайы  мал-мүлікке  таңба  белгілейді  жəне  салық  түрлері  (аманаттық  салық,  ру 

басыларының  борышын  төлеу,  хандық  билік,  қару-жарақ)  белгіленеді.  Заң  құқық  ережелерінің  жеке 

салаларын (қылмыстық, азаматтық, басқару) да қамтыған. 

Сонымен, «қазақ заңы» діннің орнын, салық түрлерін, жалпы тұрмыс жағдайын реттеуге бағытталған 

Қазақ  хандығының  ерекше  тарихи  əлеуметтік-экономикалық  жəне  саяси  жағдайының  туындысы  еді. 

Қазақша  «жарғы»  əділдік  деген  ұғымды  білдіреді.  Түпкі  мəні  жарудан,  нəрсенің  салмағын  дəл,  əділ 

айырудан  шыққан.  Қасым  ханның  жаңадан  көтерген  жарғысы  ел  мүддесіне  сай  келгендіктен,  халық 

бұқарасы  оны  «қасқа  жолы»  деп  атап  кетті.  Оған  кірген  ережелер:  мүлік  заңы,  қылмыс  заңы,  əскери  заң, 

елшілік жоралары, жұртшылық заңы. Есім ханның «ескі жолы» деп аталудың себебі, бұрыннан келе жатқан 

дəстүрлі  жүлгемен  жасалған  негізгі  заң  сипатындағы  төрт  тұғырды  айтады.  Олар:  «Хан  болсын,  ханға 

лайық заң болсын; Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын; Абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын; Би 

болсын,  би  түсетін  үй  болсын»  деген  ережелер.  «Жеті  Жарғы»  -  бүгінгі  күні  айтып  жүрген  құқықтық 

мемлекеттің  басты  белгілерін  Əз  Тəуке  хан  өз  кезінде  қазақ  мемлекетінің  бүкіл  тыныс-тіршілігін  заңға 

бағындырылғаны көрініс тапты. Мемлекеттік институттар: хан кеңесі мен билер кеңесі ел басқару жүйесін 

қалыптастырды.  Ел  басқару  жүйелері  мен  қоғамдық  тəртіптің  негіздері  заңдастырылып,  олар  құқықтық 

жолмен жүзеге асырылатын болды. Мұсылман дінінің қағидаларын халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан 

əдет-ғұрыптарымен  шебер  үйлестіріп,  қылмыстық,  отбасы  жəне  неке  туралы  баптарды  негізгі  заңмен 

ұштастырып берді.    

Тəуке  хан  Қазақ  хандығының  ішкі  мəселелерін  ғана  шешіп  қоймай,  сыртқы  саясатында  да  көрші 

елдермен  байланыс  жасай  отырып,  экономикалық  қарым-қатынас  орнатады.  Соның  ішінде  Ресей  елімен 

сауда  байланысын  жаңарту,  Бұхар  жəне  Хиуа  хандықтарымен  бейбіт  қарым-қатынас  жасасу.  Ресей 

мемлекеті  өз  тарапынан  Қазақ  Ордасына  елшілер  жіберіп  тұрады.  Шекаралық  мəселелерді  шешу 

мақсатында  1692  жылы  Андрей  Неприпасов,  Василий  Кобяков  бастауымен  елшілік  келеді.  Қазақ 

Ордасының  жағдайымен  танысу  үшін  1694  жылы  Түркістанға  Федор  Скибин,  Матвей  Трошин  бастаған 

елшілік  жөнелтіледі.  1715  жылы  Бухгольц  басқарған  экспедиция  Шығыс  Қазақстан  мен  Алтайға  сапар 

шегеді.  1716  жылы  Белоусов  бастаған  елшілік қазақ жеріне келеді.  Елшіліктің  мақсаты  Қазақ  Ордасының 

жоңғарлармен  қатынасы,  əскери  күш-қуаты,  Орта  Азия  хандықтарының  ұстанған  бағыты,  ішкі  жағдайы, 

тағы басқа жайттарды біліп қайту еді. 



2. ХVІІ  ғасырдың  екінші  ширегінен  бастап  Орталық  Азиядағы  халықаралық  жағдай  күрт  өзгереді. 

Көшпелі  өркениеттердің  өміріне  Ресей  мен  Қытай  араласа  бастайды.  Соның  салдарынан  басталған 

стратегиялық  қылықтары  екі  халықтың  (қазақ  пен  жоңғарлар)  қақтығысына  əкеледі.  Ол  150  жылға  дейін 

созылады.  Олар болса, жеңілгені менікі саясатын ұстанып, күтумен жəне бір-біріне қарсы қойып өз істерін 

жалғастырып  отырды.  Осыған  қарамастан  кейбір  деректерде  Тəуекел  мен  Есім  хандарды  қазақ-қалмақ  

билеушілері деп атайды. 

Қазақ  хандығының  шығысында  орналасқан  жоңғар  мемлекетінде  Севан-Рабтанның  (1697-1727) 

билікке келуі қазақ-жоңғар қатынастарын одан сайын шиеленістіреді. Осы кезеңнен бастап жоңғарлардың 

қазақ  даласына  шапқыншылығы  үдей  түседі.  Тəуке  хан  билік  құрған  кезде  қырғыздар  мен  қазақтар 

арасындағы  одақ жоңғар шапқыншылығына  тосқауыл  болады.  Бұл  одаққа қарақалпақтардың бір  бөлігі  де 

енеді. Тəуке тұсында 1698, 1711-1712, 1714, 1717-1718 жылдары жоңғарлармен елеулі қақтығыстар болады. 

Қазақ əскерлері бірнеше рет жеңіске жеткенімен, жоңғарлар қазақ жерін толықтай босатпайды. 1718 жылы 

Тəуке  хан  қайтыс  болған  соң,  оның  орнына  отырған  баласы  Болат  хан  билікті  орнымен  пайдаланып, 

халықтың  басын  біріктіре  алмайды.  Бұл  жағдай  Қазақ  хандығының  саяси  жағынан  бөлшектеніп,  əр  жүз 

хандарының  жеке  дара  билік  құруына  əкеп  соқтырады.  Осылайша  Қазақ  хандығының  орнына,  Қазақ 

хандықтарының тарихы басталады.  

 3. ХV-ХVІІ  ғғ.  қазақтардың  шаруашылық  саласы  ретінде  тарихи  қалыптасқан  үш  негізі  болды: 

біріншісі  –  көшпелі  мал  шаруашылығы;  екіншісі  –  отырықшы  егін  шаруашылығы;  үшіншісі  –  қол 

өнеркəсібі  мен  сауда-саттық.  Олардың  бастысы  мал  шаруашылығы.  Малдың  негізгі  түлігі  –  қой,  жылқы, 


 

32

түйе  жəне  аз  мөлшерде  сиыр  өсірді.  Өндірістің  формасы  ретінде  шаруашылық  басқару  тəсілі 



жайылымдарды  маусымға  қарай  пайдалану  тəртібі  қалыптасты,  төрт  маусымның  төрт  қонысы  болды. 

Бұлар:  жазғы жайлау,  қысқы қыстау,  көктемгі көктеу,  күзгі  күздеу.  Ал  əрбір  ру  осыған  сəйкес  белгілі  бір 

жағрафиялық  жер  көлемі  шеңберінде  көшіп-қону  дəстүрін  ұстанды.  Мал  шаруашылығын  жүргізудің 

өндірістік машық дəстүрлерін сақтап қана қоймай, оны үнемі жетілдіру тəжірибесін жинақтау да қосарлана 

жүрді.  Əсіресе,  малды  сумен  қамтамасыз  етуде  қазақтар  əлем  мəдениетіне  үлкен  үлес  қосты.  Далалық 

аймақтарда,  ұжымдық  еңбектің  нəтижесінде  бұл мəселені  шешуге  ерекше  мəн  берген.  Шөлді  аудандарда, 

терендігі 3-10 метрден 100 метрге дейін жететін арнайы құдықтар қазылған. Зерттеушілеріміз Н. Масанов, 

М. Тұрсынов    дəлелдегеніндей,  жыл  сайын  əрбір  ру  өзінің  жаз  жайлайтын  жұртына  келгенде  бірінші 

шешетін мəселе – ескі жабылып қалған құдықтарды аршып, сонымен қатар, жаңа құдықтар қазу болатын. 

Міне,  сондықтан  да  қазақтарға  өзендердің  бойын  ғана  қуалап  көшіп-қонып  жүру  міндетті  болмады. 

Малдың  түліктік  құрамы  -  шаруашылықтағы  белгілі  бір  түліктің  маңызына,  сауданың  қажетіне, 

жайылымдардың  ерекшелігі  мен  кеңдігіне  жəне  жергілікті  малдың  оған  бейімділігіне  қарай  анықталды. 

«Бұл  халықтың  байлығы  мен  дəулеті  басқадан  да  гөрі  жылқысы  мен  қойының  көптігінде.  Қай  салада 

болсын, қажетті де, пайдалы малымен осы ордадан басым басқа халық бар деуге келе қоймас», - деп орыс 

патшалығының зерттеушісі П.С. Паллас жазып еді. 

Исі  қазақ  атауына  аңшылық  кəсібі  таңсық  дүние  еді.  Аң-құс  аулаудың  ата  тəсілдері  мен  құрал-

саймандары  өмір  сүру  заңдылықтарын  бақылаған  халық  тəжірибесінен  туылды.  Бұлардың  көбі  көне 

заманнан келе жатқан: ор қазу, қақпан құру, тор жаю, атқы қою, түрлі тұзақтар құру, садақпен ату, қуалап 

соғу, ау салу, ит жүгірту, құс салу əдістері еді. 

Көшпелі  малшылар  үй  кəсібімен,  негізінен  алғанда  мал  шаруашылығы  шикізаттарын  өңдеумен 

айналысты.  Қазақтар  жүн  мен  теріні  ұқсату  ісін  өте  жақсы  білді.  Қой  жүнінен  текемет  пен  киіз  үйдің 

киіздері  басылды.  Сапасы  неғұрлым  жақсы  жүннен  кілем  тоқылды.  Түйе  жүнінен  орыс  шұғасы  сияқты 

тығыз  мата  тоқылды.  Жылқының  қылынан  жіп  пен  арқан  есілді.  Иленген  теріден  аяқ  киім,  киім,  ыдыс 

тігілді,  ат  əбзелдері  əзірленді.  Қойдың  құйрық  майы  мен  əртүрлі  иіс  беретін  шөптердің  күлінен  сабын 

қайнатты. Үй кəсібінің жоғары дамығаны туралы деректер баршылық, мəселен, өз зерттеулерінде академик 

В.В. Бартольд  көптеген  мəліметтер  келтіреді.  Соның  бірі  ретінде  Лейден  университетінің  кітапханасында 

сақталған еңбегінің үзіндісін келтіруге болады: «Олар  кафтанды (камзол) қойдың терісінен дайындап оны 

əртүрлі  бояумен  бояйды,  сол  кезде  атлас  тəрізді  кейіп  алады.  Осы  бұйымын  Бұхараға  əкеліп  атластан 

жасаған  кафтанның  бағасымен  сатады,  өйткені  ол  өте  əдемі  жəне  биязы  келеді.  Оларда  сол  қойдың 

терісінен  жасаған  керемет  көзқызарлық  шекпендері  бар,  ол  суды  өткізбейді  жəне  сыз-ылғалдан 

қорықпайды.  Себебі  сол  жақта  өсетін  шөптердің  қасиетіне  байланысты  теріні  илеуде  шебер  қолданады». 

Теріні дайындау  технологиясы  жайлы  мəліметтерді,  сондай-ақ,  П. Паллас пен  А. Левшиннің  еңбектерінен 

де  табуға  болады:  «Қазақтар  терілерді  былайша  өңдейді:  əуелі  теріден  жүнін  қырқып,  су  бүркейді  де, 

шиыршықтап,  орап,  жүннің  түбі  жидігенше  жылы  жерге  тастайды,  содан  соң  өтпейтін  пышақпен 

қырнайды,  ал  қырналған  теріні  кептіріп  қояды,  содан  кейін  тұщы  сүтке,  ал  тері  қалың  болса,  ащытылған 

сүтке  салып  қойып,  төрт  тəулік  сайын  қырнап  отырады.  Ақырында  көлеңке  жерде  кептіреді,  əбден 

жұмсарғанша  қолмен  уқалайды  жəне  аяқпен  басады,  содан  соң  ыстап  тағы  уқалайды,  ақырында  қызғылт 

сары  бояумен  бояйды.  Оны  қазақтар  қоянсүйек  деп  аталатын  шөптің  суына  ашытып,  қайнатылған 

тұнбасынан  дайындайды.  Бояуды  теріге  екі  жағынан  бірнеше  рет  жағып,  əрбір  жолы  кептіріп  отырады. 

Мұндай теріні жиі жууға болады, олар өзінің қызыл сары түсін сақтайды», - деген еді. 

Қазақтың  қолөнерінде  жете  дамыған  түрлерінің  бірі  зергерлік  ерекше  орын  алады.  Бұл  өнердің  түп 

тамыры  тереңде  жатыр.  Бабаларымыз  кең  байтақ  жерінен  алтын,  күміс,  мыс,  қалайы,  қорғасын  сияқты 

металдарды  өндіріп,  соларды  құю,  соғу,  қалыпқа  салу  арқылы  еңбек  құралдарын,  əшекей  бұйымдарды, 

тұрмыста  қажетті  заттарды  жасаған.  Археологиялық  зерттеу  нəтижелері  де  осыны  дəлелдейді.  Қазақтар 

зергерлік  өнерде  металды  көркемдік  өңдеудің  əр  түрлі  техникалық  əдістерін  қолданған:  соғу,  құю, 

қалыптау,  оюлау,  өрнектеу,  зерлеу,  күміске  қақтау,  алтын  жалату,  тағы  басқалар.  Күмістен  шеберлер  əр 

алуан  бұйымдар  жасаған.  Бұлардың  ішінде  əйелдерге  арналған  əшекейлер,  сырт  киімнің  түймелері,  киіз 

үйдің керегесін, уық, шаңырағын, есігін зерлеу, қару-жарақ, ер-тұрманды əшекейлеу. 

Зергерлік  –  атадан  балаға  мирас  болған,  қадірлі,  қастерлі  өнер.  Ұсталар,  зергерлер  əр  түрлі  құрал-

саймандардың  көмегімен  темірден  түйін  түйеді.  Зергерлік  бұйымдар  жасау  үшін  ең  əуелі  ұстаның 

шеберханасында көрік болуы керек. Көрік - əр түрлі металды қыздырып балқыту үшін қолданатын ешкінің 

терісінен жасалған ауа үргіш құрал. Тобылғы, сексеуіл, қарағай шоғына су сеуіп, сөндіріп, əр шебер өзіне 

қажет  мөлшерде  ағаш  көмірін  даярлаған.  Қос  көрікті  пайдалану  тəжірибесі  де  болған.  Зергерлік  өнерде 

қолданған  саймандар:  балға,  төс,  қысқыш,  оқбақыр,  қауашақ,  шымшуыр,  үгіндірік,  шекіме,  іскенже, 

күйентелі таразы, саусақ қалып, сымтартқыш, қалып, нақыш салғыштар, түртпе, бізбілдік, түтік, қадаубас, 

қайшы жəне т.б.  



Балға

 – ұста зергерлік əдістерді атқару үшін қолданатын құрал. Балғаның шой балға, мүйіз балға, қол 

балға,  ағаш  балға,  шың  балға,  қадау  балға,  тағы  басқа  түрлері  болған.  Төс  –  шойыннан,  шар  болаттан 

жасалған,  ағаш  тұғырға  қондырылған  құрал.  Төске  салып  соғу,  ию,  кесу,  шабу,  тесу,  шыңдау,  қақтау, 



 

33

пісіру,  бұрау  сияқты  түрлі  əдістермен,  əр  түрлі  металды  қыздырып  немесе  суық  күйінде  өңдеген.  Төстің 



құстұмсық  төс,  домалақ  төс,  шың  төс  деген  түрлері  болған.  Қысқыш  –  отқа  қызған  металды  ұстайтын 

құрал.  Қысқыштың  «жадағай  таңдай»,  «қуыс  тұмсық»,  «біз  тұмсық»,  «кемпір  ауы»  деген  түрлері  болған. 



Оқбақыр

 – темірден, саз балшықтан жасалатын, сол жақ ернеуі сүйірлеу келген, су ағары бар, қорғасын, 

қола,  үре  күміс,  алтын  қорытатын  тұтқалы  ыдыс.  Қауашақ  –  жұқа  қаңылтыр  немесе  саз  балшықтан 

жасалған  науа  тəріздес  ыдыс.  Қауашаққа  металды  құйып,  суыған  соң  шығарып  алып,  əрі  қарай  өңдеген. 



Шымшуыр

 – металды дəнекерлеген кезде қысып ұстайтын көмекші құрал. Үгіндірік – көмірді жинақтап 

көсеуге арналған құрал. Шекіме – асыл болаттан соғылған, екі жүзі шапқы тəрізді балға. Қақталған күмісті 

жалату  үшін  темірге  шекіп,  бедер  салатын  құрал.  Іскенже  –  ұсақ  заттарды  кепсерді  егеген  кезде  қысып 

ұстайтын шағын ағаш атауыз. Күйентелі таразы – бағалы металды, химиялық қоспаларды өлшейтін зергер 

таразысы. Саусақ қалып – сақина, жүзіктің бауырын түзетуге арналған, бір жағы сүйір болаттан жасалған 

сайман. Сымтартқыш– алтыннан, күмістен зер жасау үшін, яғни өте жіңішке сым дайындау үшін керекті 

аспап.  Қалып  –  ұшында  бедерлі  өрнегі бар  болат  таяқша  сым.  Қақталған жұқа  күмісті  қорғасынға  төсеп, 

үстіне қалыпты қойып, батыра соқса күміске қалыптағы бедерлі өрнек түседі. Қалыптар түріне қарай сырға 

қалып, күмбез қалып, үкі аяқ қалып, шайшық, жұлдызша болып бөлінеді. Нақыш салғыштар – ұзындығы 

8-12  см  келетін,  ұшы  жарты  ай,  жұлдызша,  дөңгелек  сияқты  əртүрлі  үлгіде  қайралған  болат  таяқшалар. 

Түртпе

  –  шапқы  тəрізді,  ұшы  қиғаш  қайырылған,  балғамен  қуалай  соғып,  металл  бетіне  түзу,  қисық 

сызықтар  түсіруге,  жазу,  сызуға  қолайлы  құрал.  Бізбілдік  –  безеу  біз,  кейде  мыңырғақ  деп  атайды.  Ұшы 

қашау  тəрізді  қайырылған  болат  біз.  Металға  батыра,  ырғай  отырып  өрнектің  өресін  толтыруға  арналған 

аспап.  Түтік  –  нəзік  сымды  дəнекерлеген  кезде  шоқты  ауызбен  үрлейтін  конус  тəрізді  жез  түтікше. 

Қадаубас

  –  ұстаның  қызған  немесе  отқа  салып  қыздырған  темірді  ұстауына  пайдаланылатын  тар  ауызды 

қысқыш.  Қайшы  –  қаңылтыр,  қақталған  күміс  кесетін  құрал.  Жоғарыда  аталған  құрал  –  саймандарға 

қосымша егеу, мəймөңке, мəстерім, шапқы қолданған. Зергерлік өнерде пайдаланылған қоспалар – мүсəтір, 

ашудас,  күкірт,  ақ  дəнекер,  тотыяйын,  қышқылдар.  Ал  жиі  қоланылатын  тəсілдердің  бірі  –  дəнекерлеу. 

Дəнекерлеу  дегеніміз  –  металл  бұйымдардың  бөліктерін,  ұштарын  бір-біріне  балқыған  металл  немесе 

металдың қоспасы арқылы жымдастыру. 

Қазақтар ішінде ағашшылық қолөнері де өріс алды. Үй ағашы, арба-шана, төсек-аяқ, жүкаяқ, кебеже, 

ер,  келі-келсап,  шелек,  тегене,  астау,  табақ,  ожау,  шөміш,  саптыаяқ,  қасық-қалақ  жасады.  Пищулина  К.А. 

«Қазақ хандығы» атты еңбегінде: « қазақтарда жүн мен тері бұйымдарын өңдеу, ағаш өңдеу, ұсталық жəне 

құрылыс ісі едəуір өркендеді»,- деген мəліметтерді дəйекті түрде келтіріп берген. 

Қазақтардың шаруашылық өмірі, сондай-ақ, отырықшылықты егіншілік пен қала шаруашылығының 

тұрақты байланысы ретінде көрініс тапты. Ежелгі егіншілік мəдениет ошағы – Талас, Шу, Жетісу, Зайсан 

шұңқыры мен Сырдария өңірі болды. Сырдария өңіріндегі егіншілік жайлы Тəуке ханның ордасына барған 

орыс  елшісі  В.Кобяков  былай  деп  еске  алады:  «Ал  Тəуке  ханда  астықтан  бидай,  арпа,  тары  көп  шығады, 

күздік жəне жаздық бидай егеді». Орталық жəне Шығыс Қазақстанда дəнді-дақылдардың өсірілетіні туралы 

Н.П. Рычков  пен  И.Г. Андреев  жазған  болатын,  онда:  «Қазақтардың  егістігінде  бидай,  тары,  арпа  жəне 

мақта өсіреді»,-деді. Аталған аймақтарда дəстүрлі егін шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды, суармалы 

жүйе жақсы жолға қойылды. 

Қала  мəдениеті  мен  қала  шаруашылығы  қазақ  қоғамының  ажыратылмайтын  белгісі  болды  жəне 

тұрақты өзара əрекеттестік қарым-қатынас жағдайында өмір сүрді. Қазақ хандығының құрамына қосылған 

Жетісу  мен  Сырдария  бойындағы  қалалық  өмір  дамуын  жалғастырды,  олар:  Ясы  (Түркістан),  Отырар, 

Сайрам,  Сығанақ,  Аркөк,  Сауран,  Аққорған,  Құтжан,  Ташкент,  Құмкент  жəне  басқа  қалалар  еді.  Бұл 

қалалардың  ішінде  Түркістан  қаласы  Қазақ  хандығының  тұрақты  астанасы  болды,  қазақ  хандары  Ақ 

сарайда (Қожа Ахмет Иассауи) отырып ел биледі. Бұл қалалар - мəдениет пен экономика орталығы болды, 

қазақ халқы үшін көп жақты рөл атқарды. Мəселен, Түркістан қолөнер мен сауда, ірі егіншілік, сондай-ақ, 

басты діни орталық болды. Қалалардың қай-қайсысы болмасын, сауда жəне қолөнер кəсібі орталығы болып 

қалыптасты,  дамыған  суармалы  егіншілігі  бар    көлемді  егіншілікті  ауданның  орталығы  болды,  көрнекті 

архитектуралық ғимараттар мен саяжайдың орналастырылуымен ерекше құрылыс көрінісін табуға болады. 

Қазақтардың өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды, көрші елдермен белсенді сауда жүргізді. Шығыс 

пен  Батыстың  арасындағы  саудада  кепілдік  рөлін  де  атқарды.            Сонымен,  ХV-ХVІІ  ғғ.  Қазақстанның 

қоғамдық өмірі өткен кезеңдегі мəдениеттің барлық ерекшеліктерін бойына сіңірді. Солай бола тұра, оның 

өзіндік болмысы жасалып, əлеуметтік жəне шаруашылық өмірінде көрініс тапты. Тіпті, ұлттық киімінде - 

этникалық, экономикалық жəне климаттық жағдайларына байланысты ежелгі дəстүрлер жалғасын табады. 

Мəселен, киімдер шұға, жүн жəне жібек  маталардан,  киіз  бен  теріден дайындалды.  Қазақтарда құланның, 

киіктің  жəне  жолбарыстың  терілері,  құндыздың,  бұлғынның,  күзеннің  терілері  ерекше  бағалы  болды. 

Бағалы  аңдардың  терісінен  тігілген  тондар  «ішік»  деп  аталды  жəне  қаптамасы  бойынша:  жібекпен 

қапталған  тон  -  «бас  тон»,  көк  шұғамен  капталғаны  -  «көк  тон»,  парчамен  қапталғаны  -  «барша  тон»  деп 

бөлінді. 


Каталог: dist zaoch -> 2kurs -> 2FK-1kz -> UMKD
2kurs -> 1. 1 тақырып Тіл дыбыстарының жасалуы Қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесі
2kurs -> Лексика. Антоним
2kurs -> 1-бақылау тапсырмалары 1 нұсқа
2kurs -> №13 дәріс Тақырып: Құқықтың түсінігі және мәні
2kurs -> Адамның психикалық іс-əрекеті
2kurs -> Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Көпсалалы
2kurs -> Қазақ тілін оқыту əдістері
UMKD -> Рефераттар мен баяндама тақырыптары
2kurs -> Контрольная работа по дисциплине «Профессиональный английский язык» для студентов второго курса всех специальностей


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет