Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет1/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   375





3
КІРІСПЕ
Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс-
ты өңдеу өндірістері қарқынмен өсіп келе жатыр. Сапалы сұрыпты 
ұндарды, жармаларды, нандарды, макарондар мен кондитер 
өнімдерін өндіруде ішкі сұранысты орындап қана қоймай, экспортқа 
шығару да жылдан-жылға ұлғайып келеді. Əсіресе, ұн экспорты бой-
ынша алдыңғы орындарға ие болдық. Жалпы өңдеу өндірістерінің 
қай түрі болса да экспорттық басымдылық бейімделіп келеді. 
Еліміздің əл-ауқатын жақсартуда басты рөлді атқаратын астық 
жəне тағам өнімдерін өндіру өңдеу өндірістерінің міндеттері бо-
лып табылады. Бұл өндірістердің қатарына мыналар жатады: астық 
кəсіпорындары мен элеваторлары, ұн, жарма, құрама жем зауытта-
ры, нан, макарон, кондитер, қант, крахмал, спирт, арақ, сыра, су-
сындар, шарап жəне коньяк кəсіпорындары. Осы өндіріс салала-
рында жұмыс атқаратын мамандандырылған технолог дайындауға 
арналған тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып отырған оқулықтың 
мақсаты – негізгі түсініктер мен жалпы өңдеу өндірістері бойын-
ша білімді қалыптастыру, бакалавр-технологтарға жоғарыдағы 
келтірілген кəсіпорындардың барлығында жұмыстарды атқаруға 
мүмкіншілік тудыру. Осыған байланысты оқулық төрт бөлімге 
бөлінді. Əрбір бөлім мамандандыру саласын қысқаша түрде 
негізгі технологиялардың құрылымына, сол өндіріске байланыс-
ты түсініктемені қалыптастырып, студенттердің өзінің алдағы 
кезеңдердегі оқу траекториясын дұрыс таңдауына ғылыми 
əдістемелік тұрғыдан жəрдем етеді. 
Бірінші бөлімнің бірінші тарауында ұн өндіру технология-
сы соның ішінде бидай мен қара бидайды ұн тартуға дайындау, 
сұрыпты ұндар алу жəне қазіргі таңда елімізде көп қолданыстағы 
жоғары өнімділіктегі ұн зауытының жабдықтары мен технологиялық 
ерекшеліктері талданды. Осы тəртіппен жарма жəне құрама жемді 
алу технологиялары да құрастырылған. 
Екінші бөлім нан, макарон жəне кондитер өнімдерінің технология-
лары туралы жазылған. 
Бұл бөлімнің тараулары студенттерге технологиялық үдерістерді 
жəне олардың негізгі кезеңдерін түсіндіреді. Нан, макарон жəне 
кондитер өндірісінде қолданылатын шикізаттарға сипаттама, ұнның 


4
наубайханалық жəне макарондық қасиеті, жартылай фабрикаттар-
дың сапасы, дайын өнімдерді сақтау жəне сауда орнына жіберу, өнім 
ассортименттері туралы қысқаша мəліметтер келтірілді. 
Үшінші бөлім қантты жəне крахмал сірнесін өндіру жөнінен 
негізгі түсініктемелер мен технологиялардың құрылымдары, 
қойылатын талаптары мен өзгешелік жақтарын басқару жүйесін 
көрсетеді. Қант алуда қолданылатын шикізаттардың түрлері, сапасы 
олардан қант алу технологиясы келтірілді.
Төртінші бөлім ашыту өндірісі мен шарап шығару технологияла-
ры, құрылымы, негізгі кезеңдері, өнім түрлері мен сапалық талап-
тары бойынша студенттердің кəсіптік білімін қалыптастырады. Бұл 
бөлімде сыра жəне спирт, квас өндірісінің шикізаты болып табыла-
тын уытты алу, оның сапасы жөнінде мəліметтер келтірілді. Шарап 
өндірісі үшін шикізат түрлері, шарап түрлерінің жіктелуі, олардың 
сапасы, коньяк алу технологиясы туралы мəліметтер берілді. 
Алкогольсіз сусындардың түрлері жəне оларды алу технологиясы 
қысқаша түрде студенттерге түсінік ретінде берілді.
Сонымен бұл оқулық өңдеу өндірістерінің технологиясы бойынша 
міндетті пəн ретінде оқу жоспары бойынша оқытылады. Оқулықтың 
əрбір бөлімі осы салалар бойынша жетекші ғылымдардың 
қатысуымен қазақ тілінде тұңғыш рет дайындалды. 
Оқулық бойынша пікірлеріңізді Алматы технологиялық 
университетінің оқу-əдістемелік бөліміне, мына мекен-жайға 
жіберуге болады: Алматы қаласы, Төле би көшесі 100. 


5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет