Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілуі: нәтижелері, тарихи сабақтары



Дата19.10.2022
өлшемі15,32 Kb.
#44252
түріСабақ

Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілуі: нәтижелері, тарихи сабақтары
Әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі болған жоғары экономикалық, ғылыми, мәдени және адами әлеуеті мол Қазақстанның ұлттық бет-бейнес мен болмысын сақтай отырып, оның әрі қарай дамуы ендігі тұста еліміздің жаһандану үрдісіне тереңдей және кеңінен енуін талап етуде. Аталған істе қазақ жазуын латын әрпіне көшірудің маңыздылығы зор және ол іс атқарылып отыр және Қазақстан латын графикасы негізіндегі әліпби арқылы әлемдік коммуникация кеңістігіне енуне күш салуда. Елімізде латын әліпбиіне көшірудің ғылыминегіздерін нақтылауда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы «Ұлт жоспары бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы» бағдарламасы, 2007 жылғы 27 ақпанда жарияланған «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауы мен 2006 жылдың қазанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында Қазақстан халқының рухани дамуы және үш тұғырлы тіл саясаты туралы айтқан ой-пікірлері басшылыққа алынғаны белгілі. Латын қарпіне көшіру бұғанға дейін коммунистік жүйеде Ұлттар көсемі болған В.И. Лениннің «Егер мен латын әліпбиін енгізсем, онда ол менің Шығыстағы екінші революциям» деген пікірінен кейінгі тұста, яғни XX ғасырдың 20-30-шы жылдарында қолға алынған болатын. Десек те ол шығыс елінің болашағы үшін емес, орыстандыру саясатын бірден енгізу ісіне аз да болса саяси тұрғыдан дайындаудың кезекті жолы ғана болды. Алайда аз ғана сауатты халқы бар, рухани құндылықтар жүйесін толық негіздеп болмаған түркі халықтары, болса да қазақ елі үшін ол үлкен мәселе туғызды. Осы кезеңде Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілуі мен оның тарихи сабақтары бүгінгі күннің таңбалану стихиясына айналғаны хақ. 1920 жылдың соңына қарай жаңа әліпбиге көшуге мәселеде бірқатар таластар, қайшылықтар орын алып жатты. Олардың барлығы да қазақ болашағы мен өткеніне қатысты тартысты ойлардан туындады. Тіпті олар «ескішілдер» мен «жаңашылдардың» талас алаңына айналды. Латын қарпін енгізуге байланысты «Еңбекші қазақ», «Жаршы», «Жаңа мектеп», «Қызыл Қазақстан» сынды түрлі басылым беттерінде түрлі ойлар мен пікірлер басылып жатты. Өйткені, «ескі жазба тарихта қалып, оның тарапынан сынға ұшырады». Алайда, әліпби бізде бар, сондықтан бізге басқа әліпбиге көшу қажет емес. Егер біздің әліпби нашар болған жағдайда, бұл өз алдына жеке мәселе, алайда, екі әліпбиді салыстыра отырып ешкім нақ осы латын әліпбиі ерекше бір артықшылықтарға ие екендігін дәлелдеп бермеді... Бүгінде біз, қазақтар, озық жазу емлесіне ие болып отырмыз». Оның пікірінше, латын қарпіндегі қазақ тілінің жетік әліпбиін құрастырып шығу көп күш пен уақыт талап ететіндігіне назар аударды, мұндай әліпби құрастырылған кезде қазақ тілінің фонетикалық жазу емлесі қаншалықты дұрыс көрініс табатындығына күмән білдірді.
1927 жылы «Әліппе айтысы» (Әліппе туралы пікірталас) кітабында жарияланған араб графикасына негізделген әліпбидің маңызы туралы баяндамада Байтұрсынов араб графикасының өміршеңдігін дәлелдеуді жалғастырды. Ол араб немесе латын графикасының әліпби құру, емле қағидаттарын әзірлеу, жариялау үшін қол жетімділігі немесе қабылданбауы, ең аз дегенде, графиканың өздеріне байланысты екенін жазды. Десек те, қазақ зиялыларының қай-қайсысы болмасын қазақ тілінің болашағын ойлап, осы жолда бірігіп жұмыс жасауға тырысты. Алайда, бұл да уақытша кеңестік саясаттың бір түйінді жұмысы ретінде ғана көрініс беріп, ХХ ғасырдың 40-шы жылдарына қарай кирилицаға өтіп, барлық қазақ тілінің, жалпы түркі тілдерінің ортақ мүддесіне балта шабылған еді. Бүгінде еліміз индустриалды-инновациялық қоғам құра отырып, болашаққа нық қадам басып «Рухани жаңғыру» «Мәңгілік ел» идеяларын негіздей отырып, қазақ жастарын отансүйгіштікке, білімділікке шақырған түста, қазақ тілінің болашағы таразыға түскен тұста латын әліпбиіне көшу өте орынды және ол өміршең болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет