Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз та- рихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы



жүктеу 4.2 Mb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата15.03.2017
өлшемі4.2 Mb.
1   2   3   4

 



АТА САЛТ 

ДемAll

8

«Ата салтың – халықтық қалпың» демекші, 



өз  жұртының  қадір-қасиетінен  мəлімет 

беретін  ғұрып  қасиетпен,  оған  мейлінше 

құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге 

сын.  Тыңдар  құлаққа,  көрер  көзге,  сезі-

нер  жүрекке  танымал,  басқа  елдерде  жоқ 

дəстүр  өрнектері,  ортақ  мұралары,  тұр-

мыс-тіршілігіндегі  керемет  салт-ғұрпы 

мақтаныш  сезімін  тудырып,  жұртшылық-

ты жалпы отаншылық пен елжандылыққа 

тəрбиелеуде маңызды міндет атқармақ.

Құрметті оқырман! Сіздерге газеттің əр 

нөмірінде қазақтың салт-дəстүрінен хабар 

беріп отырамыз.

ТОЙ МАЛЫ

«Жүз  жылқы  той  малына  кетіпті»  (М.Ж.  Кө-

пеев).  Келін  алуға  келген  қадірлі  құдалар  ел 

дəстүр салты бойынша сəн салтанатымен, жөн 

жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кəде жо-

ралары да көп болады. Соның ішінде ең басты 

кəдесінің  бірі  осы  топқа  арнайы  əкелген  «той 

малы»  деп  аталатын  жолды  дəстүр.  Бұған  əр 

құда өз дəулеті мен шамасына қарай жылқы не-

месе бірнеше қой əкеледі. Күйеудің абырой, бе-

делі осы кəдеге де байланысты болады. Бұған 

қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шəй да қосы-

лады. Əкелген мал арқылы құдалар қыз əкесі-

нен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үл-

кен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін əлгі 

мал  сойылып,  тойға  жиналғандар  одан  ауыз 

тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері 

құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той 

малының» мүшесі түгел əрі семіз болуы қатты 

қадағаланады.



КҮЙЕУАЯҚ

Жігіт  қалыңдығын алғаннан  кейін əдеп бо-

йынша  енесін  қошаметпен  өз  үйіне  апарып 

салады.  Ата  енесі  күйеу  баласына  ірі  мал 

атайды. Мұны «күйеуаяқ» дейді.

ТҮЙЕМҰРЫНДЫҚ

Ұзатылып жатқан келіншек көшінің жолында 

отырған ауылдың адамдары (жастары, əйел-

дері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің 

бұйдасынан  ұстап  тұрып  сұрайтын  кəдесі. 

Қыз анасы оларға кəдесін жасайды, кəде ал-

ған  риза  болып,  бақыт  тілеп  батасын  беріп, 

жол болсын айтады.

МАЙ¨Ы БИ 

МЕН АЛАША ХАН

Ормамбет  би  өліп,  қырық  сан  қырым, 

отыз сан үрім, он сан оймауыт, тоғыз сан 

торғауыт,  он  сан  ноғай  бөлінетінде,  бүкіл 

ноғайлының елі жау келіп қалған екен деп, 

бір үріккен ала тайдан бүлініпті. «Алатай-

дай бүлінді» делінген сөз сонан қалыпты.

Сол  замандарда  Қотан,  Қоғам,  Қонды-

кер, Қобан деген кісілермен Майқы деген 

би болыпты.

Майқы тоғыз ханды қолынан таққа отыр-

ғыған кісі дейді. Бұқардағы он бес азаншы 

азан айтатұғын мұнараны сол қырық хан-

ның  бірі  жасатқан  екен  деседі.  Қызыла-

рыстанның  бəйбішесінен  ұл  бала  болма-

ған.  «Қызыл  аяқ»  деген  бір  елді  шауып, 

ат  сауырына  салып  келген  бір  қызға  аяқ 

салып, сонан сауысқанның аласындай бір 

бала  ала  туады.  Бəйбіше  өзінен  тумай, 

тоқалдан  туған  балаға  іштарлық  қылып, 

қызғанышпен:

– Бұл балаңды балам деп сақтама, көзін 

жоғалт, қарашығын батыр. Мынау өскенде 

жұртыңды ала қылып ұстайды, еліңді ала 

тайдай бүлдіреді, – дейді.

Хан  бəйбішесінің  сөзімен  қырық  жігіт-

ке:  «Мына  баланы  тапқан  шешесін  Сыр-

дариядан  əрі  өткізіп  қоя  беріңдер.  Өлсе 

өлсін,  өлмесе  өз  бетімен  қаңғып  күн 

көрсін», – деп бұйрық беріпті. Бұлар Сыр 

суынан  өтіп,  Алатау,  Қаратаудың  алабы-

нан аң аулап күнелтіпті.

Бала  өз  асын  өзі  тауып  ішерлік  болған 

соң,  ешікіммен  ісі  болмайды,  оны  қырық 

жігіт далаға тастап кетеді.

Бала  он  екі  жасында  Майқы  бидің  ба-

ласы Үйсінге кез болыпты, бірақ оған бір 

ауыз тіл қатпайды, үн-түн жоқ қала береді. 

Үйсін  үйіне  барған  соң  Майқы  биге:  «Бір 

ағаштың көлеңкесінде отырған жас бала-

ны  көрдім.  Ай  десе  ауызы  бар,  күн  десе 

көзі бар, көрген кісі қызығып, бір қасық су-

мен жұтып жіберерлік. Жалғыз айыбы тілі 

жоқ екен», – депті.

Майқы  би  ақсақ  болғандықтан,  өмір 

бойы арбамен жүреді екен жəне арбасына 

кісі жегеді екен.

– Мені балаға алып барыңдар, оны мен 

көрейін, – депті Майқы. Бала Майқы биді 

көргеннен-ақ орнынан ұшып тұрып:

–  Ассалаумағалейкүм  хан  біткеннің  қа-

зығы, бұқара жұрттың азығы, – деп сəлем 

беріпті.


–  Уағалейкуміссəлем,  əмісе  аман  ба-

лам!  Болайын  деп  тұрған  ұл  екенсің.  Қо-

лына  алып,  қараушының  жоғынан  кем 

болып  тұр  екенсің.  Қолына  алып,  қарау-

шының  жоғынан  кем  болып  тұр  екенсің. 

Кел, балам, қасыма отыр, – деп арбасына 

мінгізіп,  үйіне  алып  келді.  Төрткүл  ошақ 

қаздырып,  төбел  бие  сойдырып,  жоғарғы 

елді шақырды. Ала бие сойдырып, аймақ 

елді шақырып той қылады. Тойдан кейін: 

«Ердің  ері,  егеудің  сынығы»  деп  қасына 

баласы – Үйсінді бас қылып, жүз жігіт қо-

сып беріп аттандырады.

–  Қаратаудан  арман  қарай  асыңдар, 

Ұлытау,  Кішітау  деген  таулар  бар,  Қара-

кеңір, Жездікеңір, Құдайберді деген жерге 

барып ірге тебіңдер. Ақ найзаның ұшымен, 

ақ білектің күшімен ел болуды, жұрт болу-

ды ойлаңдар. Күндердің күнінде осы бала 

хан болады, сендер қарашы боласыңдар. 

«Хан əділ болса, қарашы табанды болса, 

қара жерден кеме жүргізеді», – деп, бата-

сын беріп жөнелтеді.

Жүз жігіт Шу мен Сарысудан көктей өтіп, 

Ақтау,  Ортауды  айналып,  Майқы  бидің 

айтқан  жеріне  келеді.  Ұйқы  бұзып  жылқы 

алды, күйме бұзып қыз алды. Көшкен елді 

көш-жөнекей  алды,  ерулі  елді  отырған 

жерінде алды. Өз алдына мал малданып, 

жан жанданып, үйлі-баранды бола баста-

ды.  Сатусыз  дүние,  қалыңсыз  қалыңдық 

алған соң, ел болмасқа немене, жұрт бол-

масқа  немене?!  Бұлардың  мұндай  бол-

ғанын  баяғы  Қызыларыстан  хан  естиді. 

Қотан,  Қоған,  Қоғам,  Қондыкер,  Қобан, 

Майқы  билерге  елші  жіберіп:  «Менің  ба-

ламды жігіт-желең етіп желіктіріп жібергені 

не қылғаны? Баламды өзіме əкеп берсін, 

сөйтіп менен қалағанын алсын», – дейді. 

Сонан соң бұлар: «Сендер барып, шақы-

рып  келіңдер»,  –  деп,  Қотанұлы  Болатты 

жүз  жігітпен  жібереді.  Бұлар  барған  соң 

бұрынғы  барғандар,  өздерің  де  қайт-

паңдар,  «қайт»  деген  сөзді  бізге  айтпаң-

дар», – дейді. Шақыра барған кісі де қайт-

пай қалып қояды.

Қызыларыстан хан қайта-қайта кісі жібе-

ре берген соң Майқы би Қоғамұлы Алшын-

ды бас қылып, тағы жүз кісі жібереді жəне 

«есеп-саны үш жүз он үшке жетсе, дүние 

жүзі жиылса да олардың күшіне шыдамай-

ды»  деп,  оларға  он  үш  ақсақал  қосады. 

Бұлар да қайтпай қалып қояды.

«Үндемесе  де,  үйден  шықпаса  да  ең-

бек»  дегендей,  Майқы  би  үйде  жатып-ақ 

жұмыс  тындырып  жатады.  «Түгел  сөздің 

түбі  бір,  түп  атасы  Майқы  би»  деген  кісі 

осы екен.

Сонымен бұл үш жүз кісі: «Енді ел бол-

ғанымызды  жұрт  көзіне  түсірейік»,  –  деп 

баяғы  ала  баланы,  алашаға  отырғызып, 

Ұлытаудың басына көтеріп шығарып, хан 

сайлайды. Оған «Алашахан» деген ат қоя-

ды. Бастапқы бірге келген жүз жігіттің бас-

тығының аты Үйсін болғандықтан оларды 

«Ұлы  жүз  Үйсін»  деп  атайды.  «Оларды  – 

Салықшы, жауға шапқанда бұлар шаппа-

сын, тас-түйін болып тұрсын!» – деседі.

Ортада келген жүз жігітті басқарған Бо-

латқожа болғандықтан бұларды «Орта жүз 

Ақжон»  деп  атайды.  «Оларға  тосқауыл-

шы, ортада жүрсін» дейді.

Соңғы  келген  жүз  жігіттің  бастығы  Ал-

шын болғандықтан оларды «Кіші жүз – Ал-

шын»  деп  атайды.  «Бұлар  алда  жүрсін, 

жауға алдымен шабатын болсын», – дейді.



 



ШЕШЕНДІК СӨЗ



 



БҮГІНГІ КҮННІҢ ҚАҺАРМАНЫ 

«ЖАСЫЛ ЕЛДІ » 

ЗДІК САРБАЗЫ



«Бүгінгі күннің қаһарманы» айдарының алғашқы қонағы 2014 жылдың 

қазан айының басында өткен студенттік құрылыс және «Жасыл Ел» жас-

тар жасақтары арасындағы «Жасыл Елдің» үздік сарбазы» байқауында 

«СҚЖ Үздік сарбазы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған С.Торай-

ғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті агротехнологиялық 

факультетінің студенті Сағынтай Ернұр.

Сағынтай  Ернұр  –  «Мал  шаруашылығы 

өнімдерін  өндеу  технологиясы»  маман-

дығы  бойынша  білім  алып  жүрген  Павло-

дар  мемлекеттік  университетінің  3  курс 

студенті.  Ол  бүгінде  С.Торайғыров  атын-

дағы  ПМУ  Студенттік  ректоры,  Павлодар 

мемлекеттік  университеті  кəсіподағының 

спорттық-сауықтыру  комиссиясының  өкілі. 

Ол  жастар  мен  университет,  деканат  ара-

сында  байланыс  орнатуда  ұйымдастыру-

шылық қабілетін байқатып келеді.

Сағынтай Ернұр қоғамдық жəне универси-

теттік жұмыстарды белсенді атқарумен қатар, 

спортта,  оқуда,  ғылым  жолында  да  жауап-

кершілік танытып, жетістіктерге жетуде.

С.Торайғыров  атындағы  ПМУ  қабырға-

сында  өткен  көптеген  байқауларға  қаты-

сып, университеттің өміріне белсене атса-

лысып, өзін тек жақсы жағынан көрсетуден 

танған  емес.  Əдеби  кештерде  өзінің  шы-

ғармашылық қабілетімен көзге түсіп, «ПМУ 

сұлтаны»  байқауында  парасаттылығын 

байқатты.

Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдас-

тырылған  спорт  сайысында  үстел  теннисі 

бойынша 3 дəрежелі дипломмен, XIV Сəт-

баев  оқулары  халықаралық  ғылыми  кон-

ференция жұмысына белсенді араласқаны 

үшін алғыс хатпен марапатталған.

Мұнымен  қоса,  Сағынтай  Ернұр  2013 

жылдан  бері  «Жасыл  Ел»  қозғалысының 

белсенді  мүшесі,  СҚЖ  белсенді  сарбазы. 

2013  жылы  Павлодар  облысының  сту-

денттік құрылыс жəне «Жасыл Ел» жастар 

жасағы штабы Сағынтай Ернұрға алғыс хат 

табыс  етіп,  жас  құрылысшыны  Құрылыс-

шылар күнімен құттықтап, факультет дека-

ны мен Ернұрдың  ата-анасына  өнегелі  де 

еңбекқор баланы тəрбиелегені үшін алғыс 

жаудырды.

Ол  жас  құрылысшылар  жасағындағы 

еңбегі  үшін  бірнеше  рет  қаржылай  мара-

патқа  да  ие  болды.  Оның  табысты  еңбегі 

турасында  «Сарыарқа  самалы»  газетінде 

«Студенттер  өздеріне  үй  тұрғызуда»  атты 

мақаласы  жарияланды.  Сондай-ақ,  ол  ра-

дио-теле  бағдарламаларда  «Жасыл  ел» 

жасақтарының  қызметі  туралы  сұхбаттар 

беріп,  жасақ  жұмысының  маңыздылығын 

белсене  насихаттауда  өлшеусіз  шаруалар 

атқаруда.

«Жасыл  Ел»  жасағындағы  табысты  ең-

бегінің арқасында ол Астана қаласында өт-

кен  Республикалық  IV  «Жасыл  Ел»  еңбек 

маусымының  жабылуының  салтанатына 

қатысып келді. Бүгінде «Жасыл Ел» облыс-

тық  штабының  басқа  да  сарбаздарымен 

бірге концерттік бағдарламамен Павлодар 

облысын аралап, «Жасыл Ел» насихаттық 

жасағында табысты қызмет етуде.

ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫСЫ 

КЕЛГЕН ЖАСТАР НАЗАРЫНА!

Құрметті мектеп оқушыллары, колледж 

жəне ЖОО студенттері, қала жастары!

Егер  Сіз  қаламды  серік  етсеңіз,  журна-

лист болуды армандасаңыз, болашағыңыз-

ды  осы  мамандықпен  сабақтастырамын 

десеңіз,  «SMS+»  жастар  газеті  Сізді  жан-

жақты  əріптестікке  шақырады!  Біздің  мақ-

сат  –  талантты,  талапты,  ізденімпаз,  бел-

сенді,  қоғамның  тынысына  бей-жай  қарай 

алмайтын  жастарға  қолдау  көрсету.  Біздің 

редакция  қызметкерлері  Сіздерді  кəсіби 

тұрғыдан білім, біліктіліктеріңізді арттыруға 

көмек береді. «SMS+» газеті арқылы Сіздер 

мамандықтың  алғашқы  баспалдақтарынан 

өтесіздер. Бізге ынталы, жалынды жастар, 

болашақ  журналистер  керек.  Мектеп  оқу-

шыларын, колледж бен ЖОО студенттерін 

«SMS+»  жастар  газеті  тілшілігіне  шақыра-

мыз. Сіздерді С.Торайғыров атындағы ПМУ 

427-А  кабинеті,  «SMS+»  жастар  газетінің 

редакциясында  жəне  Медиаорталықтың 



230  кабинетінде  күтеміз. 

Байланыс теле-

фонымыз: 67-36-48.



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет