Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы



Дата14.03.2022
өлшемі24,08 Kb.
#27930

Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Желтоқсан оқиғасы-1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық,әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары.

Бостандыққа,тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.



  • Желтоқсан оқиғасына ушығып отырған жағдайды шиеленістірген, 16 желтоқсандағы Қазақстан Компартиясының таңертеңгі 18 минутқа созылған V пленумының шешімі түрткі болған еді.Мұнда КОКП ОК-нің сол кездегі хатшысы Г.П.Разумовскийдің басшылығымен, Мәскеуде отырған жоғарыдағылардың шешімімен Д.А.Қонаев республика Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына бұрын Ульянов облыстық партия комитетінің Бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин «бірауыздан»
    сайланды.Пленумның шешімі жөніндегі хабар республикалық радиодан берілді. Сол күні кешке қалалық Ішкі істер басқармасы мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне жергілікті халық арасында Пленум шешіміне наразылық туып жатқандығы жөнінде хабарлар түсіп жатты. Орталық Комитеттің қайта құру кезеңіне дейінгі ескі дағды бойынша республика басшылығына Қазақстан халқының пікірімен санаспай, өлкенің жер жағдайын білмейтін,оның өзіндік ерекшеліктерінен бейхабар адамды әміршіл әдіспен отырғызуы бұқараның наразылығын туғызды. Наразылықтың көш басында жастар, студенттер мен жұмысшылар тұрып, Желтоқсан оқиғасының қозғаушы күші болды.

  • 1986 жылғы 17 желтоқсандағы Алматы қаласының студенттері мен жұмысшыларының қарсылығы түрі жағынан ұлттық болғанымен, ұлтшылдық сипатта емес еді. Жастардың ұрандарының бірі «Тіліміз жоғалмасын, жеріміз тоналмасын!» болатын. Сол кездегі өмір шындығы солай еді. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды.Алаңға жиналған жастар қазіргі әнұранымызға айналған «Менің Қазақстаным» әнін шырқап тұрды. Әкімшілдікке дағдыланған республика басшылары жастармен теңқұқылы келісімге келе алмады.

  • 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. Құйын» операциясына КСРО IIM(МВД) Ішкі әскер басшысының 1-орынбасары В.С.Дубиняк,генерал-полковник Б.К.Елисов және Қазақ КСР Ішкі істер министрі Г.Н.Князев басшылық жасады. Қуып тарату жөніндегі тікелей бұйрықты Қазақ КСР Ішкі істер министрі Г.Н.Князев берді.

  • 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскери күш қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Қаруланған солдаттар жастарды сапер күректермен, дубинкамен ұрып, зорлық-зомбылық жасады.Желтоқсанның суық аязында су шашып, кезекті операциядан кейін үсталған жігіттер мен қыздарды солдаттар бірнеше сағат бойы қақаған аязда жер бауырлап жатуға мәжбүрледі.Ұсталған адамдардың көпшілігі прокурордың рұқсатынсыз және соттың қаулысынсыз, ешқандай ресми тіркелместен, тергеу изоляторлары, арнайы қабылдайтын орындар, уақытша ұстайтын изоляторлар мен медициналық айықтырғыштарға отырғызылғаны анықталды.
    Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған).

  • М.Шаханов комиссиясының қорытындысы бойынша сол күндері 8500 адам қамауға алынған. Мәліметтерге сүйенсек, 1720 адам жарақат алып, 110 адам сотталған. Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағұл Әбдіқұлов, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мүхамеджанова т.б. қазақтың жігіттері мен қыздарының қаза табуы Желтоқсан оқиғасының қайғылы беттерінің бірі болды. Сол кездегі қыздарымыздың ерлігі мен батырлығы ел ішінде аңызға айналды.
    Тергеулер асығыс, ойдан шығарылған және тек айыптау түрінде жүргізілді.Жазықсыз айыпталғандардың бірі-Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-курс студенті Қайрат Рысқұлбековке «жасақшыны өлтірді» деген айып тағылды. Қ.Рысқұлбеков өлім жазасына кесіліп, артынан 20жыл бас бостандығынан айырумен алмастырылды. Алайда Семей түрмесінде белгісіз жағдайда қайтыс болды.

  • 1991 жылдың 12 желтоқсанында Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Жарлық шығарды.Жарлыққа сәйкес қылмыстық және әкімшілік және тәртіп бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғандар ақталды.

  • 2006 жылдың қыркүйегінде Елбасының қатысуымен Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына орай ресми түрде ескерткіш ашылды.«Тәуелсіздік таңы» мемориалын ашу кезінде Елбасы: «Жастарды алаңға шығарған Желтоқсан оқиғасы біздің тәуелсіздігіміздің алғашқы қарлығашы болды», - деп атап көрсетті. Қазақ халқының қадір-қасиетін асқақтатқан азаматтардың аруағын, ең алдымен, жастардың батыл іс-әрекеттерін ардақтау мақсатында жастай өмірден кеткен Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылдың 9 желтоқсанында еліміздің ең жоғары наградасы «Халық хаһарманы» атағы берілді

  • Желтоқсан эпопеясы кітабының авторы Мұхтар Шаханов бір сұхбатында: «Желтоқсан рухы шын мәнінде біздің ұлтымыздың рухани шыңдалуы. Сондықтан, біздің  бүгінгі таңдағы басты міндет  – Желтоқсан рухын қолдау, насихаттау», – деген екен. Сонымен осы сөздермен қорытындылай, біз Желтоқсан оқиғасын  – 70 жылдық әміршіл-әкімшіл Кеңестік жүйеден кейін, Қазақстанның қайта түлеуінің бастауы деп атап көрсете аламыз. Желтоқсан оқиғасы – ұлт санасынан өшпейтін, Тәуелсіздіктің алғашқы қадамы болып қала бермек!
                                                         



  • Начало формы

  • Конец формы






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет