Қазақстандағы амортизация Қазақстан тәжірибесінде кеңірек танылғаны бірқалыпты әдіс



Дата26.09.2024
өлшемі17,7 Kb.
#145791
түріКодекс
Байланысты:
Қазақстандағы амортизация


Қазақстандағы амортизация


Қазақстан тәжірибесінде кеңірек танылғаны бірқалыпты әдіс. Қазақстан Республикасының салық кодексінде тіркелген активтердің шекті амортизация нормалары берілген. Тіркелген активтер қандай активтер?
Тіркелген активтерге ұзақмерзімді негізгі қорлар мен материалды емес активтері кіреді. Материалды емес активтер дегеніміз – физикалық (заттай) нысаны жоқ идентификацияланған монетарлы емес активтер. Оған жататындар:

  • Интеллектуалды қызмет нәтижесіне берілетін құқықтар, интеллектуалды меншік объектілері (туындыларға авторлық құқық және патенттер, тауар белгілері, сауда маркасы, өнеркәсіптік үлгілер, фирмалық атау т.б.);

  • Гудвилл (іскерлік байланыстарды ескеретін фирманың бағасы, имидж, ұжымның біліктілігі т.б.);

  • Табиғат ресурстары мен жер учаскелерін, мүліктерді пайдалану құқықтары;

  • Ұйымдастырушылық шығыстар (заңды тұлғаны құруға байланысты шығындар, яғни заңды және аудиторлық қызметтерге төлемдер, іс қағаздарын жүргізуді дайындау). Егер олар жарғылық капиталға салымдар болып есептелсе. ЕPD = ─────

Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың көрсеткіштері Негізгі қорлардың көрсеткіштері екі топқа бөлінеді:
1-топ. Негізгі қорларды пайдалану дәрежесі бойынша көрсеткіштер 2- топ. Негізгі қорлардың құрамы мен құрылымын бағалайтын көрсеткіштер
1-топ. Негізгі қорларды пайдалану дәрежесі бойынша көрсеткіштер: 1. Қор қайтарымдылығы - негізгі өндірістік қорлардың бір теңге құнына қанша өнім келетіндігін сипаттайды. Ол мына формула бойынша анықталады:
Ққ = Тө/ Қо
Мұндағы,
Тө-таза өнімнің тауарлы немесе атаулы (нормативтік) құны, бір жыл ішінде өндірілгені, тг
Қо – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, тг.
Қор қайтарымдылығы көрсеткіші 1-ден көп болса, онда кәсіпорында НҚ тиімді пайдаланылады деген сөз.


  1. Қор қайтарымдылығының кері шамасы - қор сыйымдылығы, ол негізгі қорлардың бір өнім өлшеміне шаққандағы құнымен сипатталады (теңге есебімен):


Қс = Қо/ Тө


  1. Қормен қарулану – кәсіпорынның негізгі қорларының орташа жылдық құнының өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың санына қатынасымен сипатталады:


Қс = НҚорт жылд құны / Жұмыскерлер саны

Негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны, тг. (Қо.ж.):



Қо.ж.=НҚб+(НҚенг*Тқызмет)/12-(НҚ е.ш*((12-Тқызмет)/12)

Мұндағы,


НҚж.б.-жыл басындағы негізгі құралдардың құны;
НҚенг.-жыл ішінде енгізілген негізгі құралдар;
НҚе.ш.-есептен шығарылған негізгі құралдар

Мысал: Негізгі қорлардың орташа жылдық құнын анықтау керек, егер жыл басындағы негізгі қорлардың құны – 1200 мың тг болса. Ақпан айында 150 мың тг негізгі қорлар енгізілген. Тамыз айында 110 мың тг, қараша айында – 120 мың тг негізгі қорлар есептен шығарылған.
Шешімі: 10-ақпан айы енген,4- тамызда және қарашада (1)шыққан

Қо.ж.=1200+150* (10/12) -110*4/12 – 120*1/12 = 1341 мың тг.

2- топ. Негізгі қорлардың құрамы мен құрылымын бағалайтын көрсеткіштер: 1. Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті: Кжаңарту = белгілі бір кезеңдегі қордың қайта енгізілген құны/ сол кезең соңындағы негізгі қорлардың құны. 2. Негізгі қорлардың жойылу (шығарылған) коэффициенті: К жою = белгілі бір кезеңдегі қордың жойылған құны/ сол кезең басындағы негізгі қорлардың құны. 3. Негізгі қорлардың өсу (прирост) коэффициенті: К = (Қенг – Қжою) / Қбаст 4.Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті негізгі қорлардың баланстық құнының бастапқы құнға қатынасымен анықталады. 5.Негізгі қорлардың тозу коэффициенті= жинақталған амортизацияны / негізгі қорлардың бастапқы құнынан қатынасымен анықталады. 6. Құрал-жабдықтардың ауысымдылық (сменность) коэффициенті: Кауыс = Құрал-жабдықтың нақты жұмыс істеу уақыты/ Күндер саны * ауысым ұзақтығы * Құрал-жабдықтардың орташа тізімдік саны Немесе Кауыс = i-ші ауысымдағы құрал-жабдықтардың саны/ құрал-жабдықтардың орташа тізімдік саны Машиналар мен құрал-жабдықтардың негізгі түрлерінің өнімділігі оларды экстенсивті және интенсивті пайдалану дәрежесіне байланысты. Осыған байланысты машиналар мен құрал-жабдықтарды бағалау көрсеткіштері ретінде келесі коэффициенттерді қарастыруға болады:



  1. Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффиценті (Кэкс) уақыт бойынша оларды пайдалану дәрежесін білдіреді және оның жұмыс істеу сағаттарының нақты санын күнтізбелік (тәртіптік, жоспарлы) уақыт қорына қатынасымен анықталады:

Кэкс = Тнақты / Тжоспар

Мұндағы


Тнақты – құрал-жабдықтардың нақты жұмыс істеу уақыты, Тжоспар - құрал-жабдықтардың мүмкін болатын (жоспарлы) жұмыс істеу уақыты


  1. Құрал-жабдықтарды интенсивті пайдалану коэффиценті (Кинт) машиналар мен құрал-жабдықтарды қуаттылығы бойынша пайдалануды сипаттайды және уақыт бірлігіндегі машиналардың нақты өнімділігін уақыт бірлігіндегі өнімнің шығарылуының жоспарлы нормасына қатынасымен анықталады:


Кинт = Өнақты / Өнорма

Мұндағы,


Ө нақты– уақыт бірлігіндегі өнімнің нақты көлемі (құрал жабдықтардың нақты өнімділігі),
Ө норма - уақыт бірлігіндегі өнімнің бекітілген шығарылым нормасы (жоспарлы).


  1. Уақыт және қуаты бойынша машиналар мен құрал-жабдықтарды жалпы пайдалануды интегралды жүктеу көрсеткіші сипаттайды:


(Ки.п.) К и.п. = Кэкс * Кинт

Бұл көрсеткіштер негізгі қорлардың пайдалану дәрежесін, сонымен қатар құрамы мен құрылымын сипаттайтын көрсеткіштерге жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет