Қазақстандағы етті-майлы қой шаруашылығы және олардың өнімділік биологиялық ерекшеліктері



бет1/3
Дата29.05.2022
өлшемі47,25 Kb.
#35883
  1   2   3

  1. Қазақстандағы етті-майлы қой шаруашылығы және олардың өнімділік – биологиялық ерекшеліктері

Қазақстанда етті – майлы қой шаруашылығы ежелден қалыптасқан ауыл шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Халықтың ет және ет өнімдеріне деген тұрақты да жоғары деңгейдегі сұранысы жыл санап өсе түсуде. Бұл аталған саланың әлемдік ауыл шаруашылығындағы басты салалардың біріне айналуын қамтамасыз етеді. Әртүрлі өнімділік бағыттағы қойларды өсіру ең алдымен, табиғи ауа райы жағдайына, белгілі, бір географиялық зоналарға жануарлардың жақсы бейімделуіне байланысты.


Әрбір жаңа тұқымды сынау кезінде оның жергілікті жағдайға бейімділік дәрежесі ең маңызды, тіпті шешуші рөл атқарады. Бұрынғы Кеңестер Одағында әрбір тұқым белгілі бір табиғи-климаттық ортаға лайықталып шығарылатын, сондықтан да ол өмір сүрудің белгілі бір жағдайларын талап еткен.
Сыртқы ортаның қоршаған факторларының, соның ішінде, табиғи ауа райының жануарлардың ағзасына етер әсерін бірқатар көрнекті ғалымдар көрсетіп кеткен болатын. Орыс зоотехниясының негізін қалаушыларының бірі
Құйрықты қойлардың тұқымдары, нәсілдері, генетикалық популяциялары – бұл қазақ халқының ежелден жүргізген тұқым асылдандыру жұмысының нәтижесі. Құйрықты қойлардың жайылымының қатал жағдайында ұсталуға өте бейімділігі, жоғары етті -майлы өнімділігі, қозылардың емізілу мерзімінде тез өсуі мен дамуы, бұл тұқымның болашағының өте жоғары екенін көрсетеді.
Етті-майлы бағытында өсірілетін қойлардың мал басы саны жағынан, ет пен жүн өндіру бойынша Қазақстан бірінші орынды иеленіп келген. Ол, арзан да жоғарғы сапалы қой және қозы етінің, қылшық және ұяң жүннің, сонымен бірге, жеңіл өнеркәсіп үшін аса құнды қой терісінің көзі болып табылады.
Құйрықты қойлардың ішіндегі ең ірісі – бұл гиссар қойлары, олардың тірі салмағы да ауыр болып келеді, бірақ олардың жүні өте қылшықты, басқа құйрықты қой түрлері мен тұқымдарымен салыстырғанда одан алынатын жүн мөлшері кем болады. Мысалы, гиссар тұқымының ересек қошқарларының орташа тірілей салмағы 98-132 кг аралығында болады, 1,5 жасар қошқаршалар 88 кг, 6 айлық еркек тоқтылары – 65 кг; аналықтар – сәйкесінше 92,76 және 56 кг. Қошқарларының шоқтығының орташа биіктігі – 91,5 см, кеудесінің кеңдігі – 41,8 және кеудесінің орамы – 113,1 см, ал аналықтарда сәйкесінше – 79,2, 37,1 және 103,4 см.
Еділбай қошқарларының орташа тірілей салмағы – 115 кг, ең жоғарғысы- 147,5 кг, ал саулықтар – 74-82 кг, шоқтығының биіктігі 76,9 см. 2,5 жастағы еділбай ісектерінің сойылғанда беретін таза еті мен майы – 46 -48 кг құрайды немесе ұша шығымдылығы 56-58%. 1,5 жасар ісектер – 36,8 кг немесе 53,1%, қысыр саулықтар – 39,3 кг немесе 53%.
Қылшық жүнді құйрықты қойлар өздерінің бейімділігі, төзімділігі және шөл және шөлейт зоналарға тән табиғи жайылымдардағы шөптерді жыл бойы пайдалана алуы, сонымен бірге тез жетілетіндігі бойынша басқа бағыттағы қойлар арасында өзіне теңдесі жоқ жануарлар болып есептеледі. Тез жетілуге жоғарғы дәрежедегі қабілетті, ірі денелі, салмақты етті -майлы қойларды шығару – тауарлы қожалықтарда енесінен айырған кезде тірілей салмағы – 35-36 кг, ал асыл тұқымды қожалықтарда – 40-42 кг дейін жететін қозыларды алуға мүмкіндік береді.
К.К.Канапин [12] қазіргі күнде тұқымды таңдағанда, оның, жергілікті жайылым зонасында өсірілуіне биологиялық ерекшеліктерінің сәйкес келуімен бірге, сол тұқымды қойлардан өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне де баса назар аударылатындығын айтады.
Қылшық жүнді қойлардың арасында еділбай қойының жүн жамылғысы ең сапалы болып есептелінеді. Олардың жабағысы тұлымша құрылымды болады, тұлымшалар онша ұзын емес, жұмсақ, нәзік, құрамында біршама түбіті болады. Құрғақ және өлі қылшықтар сирек кездеседі. Еділбай қойының қылшық жүні, одан басылып істелінетін өнімдер (киіз, пима, байпақ), ұлттық бұйымдарды жасауда, халық тұтыну заттарын жасауда ең жақсы шикі зат болып табылады.
Еділбай қойының жабағы жүнінің негізін түбіт құрайды, ол 56,2% - ды, аралық талшық – 17,8% - ды, ал жүннің ең жарамсыз бөлігі – қылшық -26,0% құрайды. Орал далалары жағдайында өсірілген еділбай қойларының жабағысының ең құнды бөлігі – түбіт пен аралық талшық, оның 74% - ын құрайды.
Қазақстанның етті -майлы тұқымды қойларының (соның ішінде еділбай қойы да) ет-май өнімділігі өте жоғары болғанымен олардан алынатын жүн мөл-шері аз және түрлі реңді болып келеді, ал жүн өңдейтін өнеркәсіпке ақ немесе ақшыл-сұр түсті жүндер көбірек қажет Бұл мәселе қазіргі күннің өзінде маңызын жоғалтқан жоқ,себебі, етті -майлы қойларды жаңа зоналарда өсіру жалғасуда.
Етті-майлы тұқымды қойларға тән ерекшеліктердің бірі – бұл олардың реңінің әр түрлілігі. Бір тұқымдағы қойлардың ішінде екі, үш және оданда көп түсті жануарлар жиі кездеседі. Қозылардың өміршеңдігі және өнімділіктің кейбір түрлері, олардың түсімен тығыз байланысты. Бұған мысал, қазақтың қоңыр түсті етті -майлы тұқымды қойларының ет-май өнімділігі жақсы көрініс табады.



  1. Шаруа қожалығы жерінің табиғи орналасуы және климаттық жағдайы

«Достан Ата» шаруа қожалығы 2006 жылы 15 қыркүйекте құрылып, (тіркеу № 4223) Атырау облысы Жылой ауданының солтүстігінде Қара-Арна селолық округіндегі «Қара-су»учаскесіде орналасқан.


Қара-Арна селолық Кеңесі 1954 жылы желтоқсан айында Қара-Арна селолық округі болып өзгертілді. Округ территориясы жалпы көлемі 553,6 мың га жерді иеленіп, батысында Мақат ауданымен, солтүстігінде Қызылқоға ауданы, Ақтөбе облысының Байғанин ауданымен, шығысы мен оңтүстігінде Жем өзені және Жем селолық округі территорияларымен шектеседі. Селолық округтің орталығы Шоқпартоғай селосы аудан орталығы Құлсары қаласынан 25 км жерде орналасқан. Шаруа қожалығы Қара-арна ауылынан 14 шақырым, аудан орталығынан 30, ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қазіргі шаруашылық жердің көлемі 19055,45 га, 49 жылға жалға алу мерзімімен шаруашылық жүргізуге берілген. Алынған жердің барлығы да ауылшаруашылық жерінің жайылым алқабына жатады. Оның ішінде 18869 га жайылым, 55 га шабындық, 130 га егістік, аудан орталығында 1,5 га мал бордақылау алаңы бар. Жер учаскелері аудан әкімінің шешімдерімен жер атауларына байланысты 18 жерден жеке-жеке кадастрлық номермен бекітіліп берілген. Шаруа қожалығында 8 трактор, 3 шөп шабатын КДП-4,0, шөп жинағыш (грабль)-2 дана, шөп үйуші-2, шөп таситын-4 автомашиналары бар. Малшылыр үшін 9 үй, малдарға 6 мал қорасы салынған. Қожалықта 25 адам тұрақты жұмыс жасайды.
Дастан Ата ШҚ-ның ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын екі үлгіде (вариант) жасақталды. Ол үшін ең алдымен қожалықтың құрылған жылы (2006) жер пайдалануын көрсетуді жөн көрдік. Екі үлгіде ішкі шаруашылық жер пайдалану жобалары жасақталды, онда жерді егіншілікке, өндірістік орталығын және шаруашылық құрылымын орналастыруға пайдалануға байланысты өзгерістер көрсетілді. Шаруашылықтың 2020-2021 жылдары жер пайдалануы 1,2,3 кесетелерде көрсетілген.
Дастан Ата шаруа қожалығының жерге құқық беру мемлекеттік актісінде жер көлемінің барлығы жайылымдық жер болып көрсетілген. Әйтседе, шаруа қожалығы Жем өзеніне су көп келген жылдары арнасынан асып шыққан суды пайдаланып, 55 га суалма шалғын жерді шабындық ретінде пайдаланып отыр. Сондай-ақ топырағының сапасы жақсы және тыңайту арқылы егін егуге дайындап бау-бақша, көкөніс, жеміс-жидек өнімдерін егіп, ауыспалы егістік жерге пайдаланып келеді.



  1. Жердің топырағы, өсімдік жамылғысы және суландырылуы

Шаруа қожалығы жерінің табиғи орналасуы мен климатына жалпы мағлұмат берместен бұрын алдымен аудан жерінің табиғи орналасуына қысқаша тоқталып кеткенді жөн көрдік. Себебі, шаруа қожалығы территориясының орналасуы, оның жер бедері, рельефі тағы басқа ерекшеліктерін аудан жерінің табиғи климаттық жағдайынан бөліп алуға болмайды.


Жергілікті тұрғындар өзінің шетсіз-шексіз кең де қуаң ойдым-ойдым соры бар, масалы-шіркейлі де табиғаты қатал ойпатты жазығын Кең Жылыойым деп атап келеді. Каспий маңы ойпаты мен оның қойнауындағы тұз күмбездері ерте заманнан бергі теңіз шөгінділерінің қалың қабаты мен тереңге көмілген құрылымдары. Мұнда ғасырлар бойы теңіз суындағы элементтердің баршасы сүзіліп тұнған, текшеленген, сондықтан да ауданымыздың жер қойнауында сан түрлі табиғи қорлардың мол шоғырлары қалыптасқан.
Аудан жер рельефінің ерекшелігі – оның ойпатты, жазық болуында. Жер бетінің биіктігі теңізге қарай көлбеулене, кеми түседі.
Каспий маңы ойпаты географиялық жағынан жайпақ, теңізге қарай көлбеу жатқан орасан зор ойпаң. Каспий теңізінің жағалауы оңтүстік шетінде Мұхит деңгейінен 27 метр төмен. Облыстың ең биік жері Жылыой ауданы жерінің шығыс бетінде орналасқан Желтау 221 м. Осылайша жер рельефі шығыстан батысқа қарай көлбеу келеді. Қайнар және Жем өзендерінің төменгі ағыстарында бір-бірімен қосылған тұйық дельталы жазық бар. Жем үстіртінен басталар жерінде дельталы үшбұрышы төбесінің биіктігі 50м. де, ал теңіз маңы жазығына тірелер етегінде 20м. Бұл өзендер құяр жерінде жерге сіңіп кетіп, көлтабандар, сорлар, ұсақ түйек су айдындары пайда болады.
Аудан жерінің Оңтүстік шығысында Каспий маңы Қарақұмы бар. Жем өзенінің арналары төңірегінде құмды жондар қалыптасқан және бұлардың биіктігі кейде 7-15 м-ге, ұзындығы 1,5-1 км-ге, ені 200 м-ге жетеді, негізінен хвалын кезеңінің құмды-сазды жыныстарымен қат-қабатталып түзілген, гипстелген, тұзға қаныққан, кейде сілтісізденген болып келеді. Бұл жондар ғылымда Бор төбешіктері деп аталады. Бір сөзбен қорытқанда, бүкіл жер қойнауы түз тектоникасының әсеріне ұщыраған, бұл жағдай жер бетінде жақсы байқалады. Ғалымдар күшімен ойпаттағы күмбездер қабатында мұнай кендерінің орналасу заңдылықтары анықталады.
Климаты қуаң, континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы теңіз жағалауында -8˚С. Солтүстігінде -14˚С, кейде -30˚С дейінгі аязды күндер болады. Қар жамылғысы негізінен жұқа (10-20 см) келеді. Шілденің орташа температурасы +22-24˚С аралығында. Жауын шашынның орташа мөлшері 150-200 мм, ал булану мөлшері 1000 мм-ге жуықтайды. Ойпат өңірінде аңызақ жел мен шаңды дауыл жиі болып тұрады және де жер асты суларының мол қоры анықталған.
Минералды су аймағы солтүстікте Жем өзені мен оңтүстікке үстірттің солтүстік бөлігінің арасын қамтиды. Солтүстікте ол оңтүстік Ембі мұнайлы алаңдарына, ал шығысында Мұғалжар тауларының солтүстік сілемдеріне дейін барып тіреледі.
Аудан көлеміндегі Сарыбұлақ, Ұшқан, Құшметі, Биікжал, Жаңасу т.б. шипалы минералды су көздері ерекше назар аудартады.
Аудан көлемі негізінен шөл-шөлейт аймақ зонасына жататындықтан ылғалы аз, жері ащы, сорлы жерлерге тән өсімдіктер өседі.
Негізгі аймақта өсетін шөптер жусан және жусан тұқымдастар, сорлы, ащы жерлерде – бұйырғын, ебелек, көкпек, жантақ, итсигек, адыраспан өссе, құмды жерлерде – еркек, шағыр, қияқ, т.б. өседі, қыратты, үстіртті жерлерде – жусан мен бірге изен, теріскен, баз, селеу т.б. аралас шығады. Көктемде ылғалды жылдары, мортық, қоңырбас, сіңбірік, мысық құйрық т.б. шөптер шығады.Көлдікте су шайған жерлерде, қоға, қамыс, бидайық, т.б. шабындық шөптер өседі. Каспий теңізіне жақын жерлерде мырзасораң, балық көз, дәнді қара, қаңбақ, түйеқарын сияқты ащы шөптер өседі. Негізінен ет-майлы қой өсіретін Атырау облысы табиғи-экологиялық және жем-шөп жағдайларының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл аймақтың климатының басты ерекшелігі-оның күрт континенталдылығы, ол ауа температурасының ауытқуының үлкен амплитудасында, құрғақтықта және жауын-шашынның аздығында көрінеді. Орташа жылдық температура +4-8º аралығында, Шілдеде +21-24º, ал қаңтарда – 16-19º дейін жетеді. Бөлек, өте қатал қыста температура – 42-44º-қа жетеді. Орташа тәуліктік ауа температурасы 0º-тан жоғары жылы кезеңнің ұзақтығы орташа есеппен 210-240 күнді құрайды, ал вегетациялық кезеңнің ұзақтығы шамамен 200 күнді құрайды. 10º-тан жоғары тұрақты орташа тәуліктік температура сәуірдің екінші жартысында орнатылады. Көктемде тұрақсыз ауа-райы байқалады, ішінара суық және кеш аяз.
Шаруашылықтың жерінің бедері әр қилы келеді. Жері негізінен жазық. Орналасқан жерінің бір бөлігі селолық округтің батыс жағында Құлсары-Атырау тасжолына тіреледі, бір шеті Мақат ауданы территориясы жалғасып Иманқара учаскесі алқабын алып жатыр, шығыс жағы Қызылқоға ауданының Мұқыр селолық округі жерімен шектеседі. Шаруашылықтың жерін Құлсары-Атырау тасжолын кесңп өтеді. Жазық жерлер топырағы аздаған ащылы сұр топырақты болып келеді. Шаруашылық территориясында ең көп тарағаны дала өсімдігі, дала оты болып табылады. Өсімдіктердің түрлік құрамы және олардың үлесі топырақ бедеріне, ондағы ылғал деңгейіне байланысты болады.Жазық далалы жерлерде өскен түрлі шөп араласқан бетеге-селеулі алқаптар ең жақсы мал жайылымы болып табылады. Бұл жайылымдардың өнімділігі гектарынан 2-3 центнер кептірілген шөп шамасында болады.Азықтық құндылығы бойынша селеу, тарақбоз, майман тарлау сияқты астық тұқымдастардың маңызы зор. Қыратты аймақтардың қиыршық тасты топырақтарында көбінесе қылқан боз, бетеге, бөрте жусан, қоңырбас және басқа өсімдіктер өседі.Онда ақ жусанды, кейде қара жусанды боз, бұйырғынды шөптер мал жемейтін итсигек өседі, жыңғыл кездеседі. Территорияның едәуір бөлігін сораң, жусан, өте сирек астық тұқымдас өскен, кең көлемді, сораң және құмдауыт жайылымдық жерлер алып жатыр. Мұның өнімі онша мол емес, әр гектарынан 1,5-2,5 центнерге дейін ауытқиды. Жазғы мал жайылымға жарамайды, себебі жер бетіндегі тұщы және ыза суы жетіспейді. Территорияның кейбір аудым-аудым жерлеріне көктемде раң тәріздестер мен эфемероидтар (көктемнің басында қар суымен шығатын, бойы аласа майда шөп), бұлар көктемде қаулап өседі де жаздың басында қурайды. Орнына жазғы өсімдіктер жусан тағы басқалар өседі. Құрғақшылықтың салдарынан еркек шөп, далалық боз, астық тұқымдас шөптер де өзінің өсіп жетілу кезеңін ерте аяқтайды. Сондықтан далалық аймақтық жемшөптік өнімділігі жаздың жайылым ретінде есептегенде өте төмен. Күз жайылымы күн жылы болса қайта жетіледі, эфемер пайда болады, еркек шөп т.б. астық тұқымдастар өне бастайды. Мақат, Қызылқоға аудандарымен шекаралас жерлерде топырағы жеңіл жазық далалықта бір жылдық өсімдіктер: раң тәріздестер көп кездеседі, көктемгі және күзгі жауын шашын мол қолайлы жылы осы жерлерде ебелек шөп көптеп өседі.
Мал басын сумен қамтамасыз ету қыс түскенге дейін ВЛ-100 су көтергіштерімен жабдықталған артезиан және шахталық құдықтардан (кейде қолмен суарылады) жүзеге асырылады. Қыс түсіп қар қалың жауғанға дейін қойлар суаттардағы мұзды ою арқылы суарылады, одан кейін олар тек қармен ғана шөл қандырады. Көктемнен бастап қой көктемгі еріген қар суларынан пайда болған жылғалар мен тоған, бөгеттерден суарылады.
Дастан Ата шаруа қожалығының территориясы қоңыркүлгін түсті топырақ аймағында орналасқан. Тек, қожалықтың солтүстік бөлігінде топырақ қоңыркүлгіннен күлгін түріне ауысады. Көп кездесетін топырақ түріне қопсыған топырақ – жыныстар негізінде пайда болған қоңыркүлгін карбонатты шамалы сортаң, кейде кәдімгі сортаң, әртүрлі механикалық құрылымдағы топырақтар жатады.
Сортаңдау топырақтарда жусандар мен сораң өсімдіктердің бірнеше түрлері, көкпек, бетеге сияқты өсімдіктер дамыған. Сортаң жерлерде көбінесе алабота, кермек секілді шырынды сораң шөптер кездеседі. Бұл жайылым оттарының өнімділігі гектарынан 2-2,5 центнерді құрайды.
Жусан түрлерінің көпшілігін қойлар көктемгі-күзгі мезгілдерде жақсы азық етеді. Адырлардың арасында орналасқан шағын алқаптардағы қоңыркүлгін топырақтарда жер оты қалыңдайды, оған түрлішөптер де араласа бастайды.
Шалғындық топырақтарда бидайық шалғыны, көл жағасындағы ойпаңдарда сазды-шалғынды жерлерге өсетін өлеңшөп, раң және еркек шөп сияқты өсімдіктер кездеседі. Бұл жер бөліктері шабындық
Минералды сулар кейде жер бетіне атқылайды, немесе мол мөлшерде 10,5-30 м/сек ағып шығады. Жылыой ауданының мұнай кәсіпшіліктері аймағында құрамында жекелеген бағалы химиялық қоспалары (йод, бром, стронций т.б. ) бар тұзға қаныққан жер асты суларының түрі кең таралған.
Артезиан мұнараларының сағасындағы сулардың температурасы +15˚С-32˚С дейін барады. Ұшы-қиырсыз ойпаттың біркелкі жазық табиғатына көрік бергендей Иманқара, Қойқара, Желтау, Тасастау, Қайнар қыратының көтерілімдері алыстан мұнарланып, бейне бір теңіз айдынында қалқып жүзген кемедей болып көрінеді. Сондықтан да болар заңғар сілемдеріне зәру жылыойлықтар өз қыратын тауға балайды.Жер асты жер үсті сулары облысымыздың су ресурстары немесе су қорлары болып табылады. Жер үстінің ағынды сулары аз, оның тек солтүстік бөлігін ғана Жайық, Ойыл, Сағыз, Жем өзендері және Еділ атырауының өзектері кесіп өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет