Қазақстандағы орта білім: жағдайы және болашағЫ



жүктеу 5.16 Mb.
Pdf просмотр
бет11/16
Дата18.03.2017
өлшемі5.16 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

 
Республика бойынша 
83263 
60129 
23134 
Дереккөз: ҚР БҒМ ҰБТ орталығының мәліметтері бойынша  
 
 
72-сурет – Облыстар бөлінісінде ҰБТ-2015 орташа балл  
 
2015  жылғы  ҰБТ  Қызылорда  облысының  орташа  балы  +7,5  балға  өскен 
(2014  жылы  –  74,2  балл).  Соңғы  екі  жылда  Атырау  обысында  төмен  нәтиже 
байқалады (2014 – 62,2; 2015 – 61,1 балл). Ақмола (2014 – 80,2; 2015 – 78,24), 

153 
Қостанай  (2014  –  79,9;  2015  –  78,79)  және  Солтүстік  Қазақстан  (2014  –  77,9; 
2015 – 77,78) облыстары былтырғы жылғы көрсеткіштерін сақтай алмады.  
Тестілеудің  оқыту  тіліне  байланысты  нәтижелерінің  айырмашылығы  1,21 
балды  құрады,  яғни  қазақ  тілінде  білім  алатын  түлектер  орташа  79,09  балл 
жинаса, орыс тілінде оқыған оқушылар 80,3 балл жинаған.  
Алматы  (94,14)  және  Астана  (87,7),  Батыс  Қазақстан  (83,47),  Ақтөбе 
(82,92),  Шығыс  Қазақстан  (82,18),  Павлодар  (81,73),  Қызылорда  (81,71) 
облыстарының  қазақ  тілінде  білім  алған  мектеп  бітірушілері  республикалық 
орташа  көрсеткіштен  жоғары  нәтиже  көрсетті.  Мемлекеттік  тілде  білім  алған 
түлектердің  ішінде  орташа  ең  төмен  балл  жинағандар  атырау  облысының 
түлектері (59,63). Орыс тілінде оқыған жеті аймақтың мектеп түлектері орташа 
көрсеткіштен  жоғары  нәтиже  көрсетті:  Алматы  (89,99),  Астана  (85,44) 
қалалары,  Батыс  Қазақстан  (83,99),  Ақтөбе  (81,89),  Қызылорда  (81,68), 
Қарағанды (81,6), Қостанай (80,49). Ең төмен ортана нәтиже көрсеткен Атырау 
облысы түлектері (65,11).  
ҰБТ  тапсырғын  мектеп  бітірушілерді  қала  және  ауыл  мектептері 
тұрғысынан  қарастырсақ,  бірыңғай  тестілеуге  42522  қалалық  және  40741 
ауылдық  түлектер  қатысқан.  Қалалық  мектеп  бітірушілердің  нәтижелері 
ауылдық  құрбыларына  қарағанда  жоғары  (83,02  және  сәйкесінше  75,67  балл 
(47-кесте).  
 
47-кесте – Қала/ауыл бөлінісінде жоғары нәтиже көрсеткен аймақтар  
 
Қала 
Ауыл 
№ 
Аймақтар 
Орташа балл 
Аймақтар 
Орташа балл 

Алматы қ. 
92,1 
БҚО 
81,82 

Астана қ. 
86,69 
Қызылорда 
81,65 

ШҚО 
86,47 
ШҚО 
79,68 

Жамбыл 
85,29 
Ақтөбе 
78,89 

Ақтөбе 
85,25 
ОҚО 
75,93 

Қостанай 
84,71 
Павлодар 
75,56 

ОҚО 
83,1 
СҚО 
75,80 
Республика бойынша 
83,02 
 
75,67 

Қарағанды 
82,86 
Ақмола 
75,49 

Павлодар 
82,24 
Алматы 
75,22 
10 
Қызылорда 
81,78 
Жамбыл 
75,06 
11 
СҚО 
81,18 
Маңғыстау 
74,69 
12 
Ақмола 
80,91 
Қарағанды 
71,7 
13 
ШҚО 
80,62 
Қостанай 
73,02 
14 
Алматы 
79,67 
Атырау 
73,02 
15 
Маңғыстау 
76,64 
 
 
16 
Атырау 
63,40 
 
 
Дереккөз: ҚР БҒМ ҰБТ орталығының мәліметтері бойынша 
 
ҰБТ  тапсырған  мемлекеттік  тілде  білім  алушылардың  саны  –  26241 
оқушы, орыс тілді түлектердің саны – 16281, яғни қазақ тілінде оқығандардың 
саны  9960  оқушыға  артық.  Қазақ  тілінде  (83,3)  оқыған  қалалық  мектеп 
бітірушілердің  балдық  орташа  көрсеткіштері  орыс  тілінде  (82,58)  білім 

154 
алғандарға қарағанда 0,72 балға жоғары (73-сурет).  
Қазақ  тілінде  оқыған  қалалық  оқушылардың ішінде  ең жоғары көрсеткіш 
Алматы (94,14) және Астана (87,7) қалалары, Батыс Қазақстан (86,47), Ақтөбе 
(85,69),  Жамбыл  (84,98),  Павлодар  (84,9),  Шығыс  Қазақстан  (84,49) 
облыстарының  мектеп  бітірушілері  көрсетті,  яғни  бұл  аймақтардың  нәтижесі 
республикалық қалалық көрсеткіштен (83,3) жоғары болды.  
Алматы  қаласы  (89,99),  Жамбыл  (86,04),  Батыс  Қазақстан  (85,87) 
облыстары, Астана қаласы (85,44), Қостанай (84,66), Ақтөбе (84,04), Қарағанды 
(83,57),  Оңтүстік  Қазақстан  (83,08)  облыстарының  орыс  тілінде  оқитын 
қалалық оқушыларының нәтижесі республикалық қалалық көрсеткіштен (82,58) 
жоғары болды.  
Ең  төмен  орташа  балдық  нәтижені  Атырау  облысының  орыс  тілді  (67,3) 
және қазақ тілді (60,84) түлектері көрсетті.  
Ең жоғары балл мен төмен балдың арасындағы айырмашылық қазақ тілді 
қалалық  мектептерде  33,3  балл  болса,  орыс  тілді  қалалық  мектептерде  22,69 
балды құрайды.  
 
 
73-сурет – Оқыту тіліне байланысты орташа көрсеткіш (қала мектептері)  
 
Ауылдық  жерде  білім  алған  түлектердің  жалпы  саны  –  40741,  олардың 
33888-і  қазақ  тілінде  және  6853-і  орыс  тілінде  оқыды,  яғни  мемлекеттік  тілде 
оқыған  оқушыладың  саны  орыс  тілді  мектеп  бітірушілерден  27035  оқушыға 
артық.  Алайда,  қазақ  тілінде  (75,83)  оқыған  оқушылардың  орташа  балдық 
көрсеткіші  орыс  тілді  (74,87)  құрбыларына  қарағанда  0,96  балға  жоғары  (74-
сурет).  

155 
 
74-сурет – Оқыту тіліне байланысты орташа көрсеткіш (ауылдық мектептер)  
 
Елді  мекендердің  қазақ  тілінде  оқыған  түлектерінен  республикалық 
(ауылдық)  көрсеткіштен  жоғары  нәтижені  еліміздің  жеті  аймағы  көрсетті: 
Батыс  Қазақстан  (81,9),  Қызылорда  (81,51),  Шығыс  Қазақстан  (80,22),  Ақтөбе 
(79,37), Павлодар (78,33), Ақмола (76,34), Оңтүстік Қазақстан (76,13). Ең төмен 
нәтижені Атырау облысының (58,86) түлектері көрсетті. Жоғары көрсеткіш пен 
төмен нәтиженің арасындағы айырмашылық 23,11 балды құрады. 
Үміткерлердің  жалпы  санынан  «Алтын  белгі»  белгісін  растаған  мектеп 
бітірушілердің  үлесі  44,5%-ға  дейін  өсті  (2014  жылы  –  42,2%).  Бес  пәннен 
жинауға болатын ең жақсы нәтижені – 125 балды 5 түлек алды (2014 жылы – 4 
түлек). 
Еліміздің  жеті  аймағының  орыс  тілінде  білім  алатын  мектептерінің 
түлектері  орташа  көрсеткіштен  жоғары  нәтиже  көрсетті:  Қызылорда  (84,22), 
Батыс  Қазақстан  (81,48),  Шығыс  Қазақстан  (77,6),  Алматы  (76,47),  Ақтөбе 
(76,17), Солтүстік Қазақстан (75,89), Қостанай (75,72). 
Ең төмен нәтижені Атырау облысының түлектері көрсетті (58,3). Жоғары 
көрсеткіш  пен  төмен  нәтиженің  арасындағы  айырмашылық  25,92  балды 
құрайды. 
Республика  бойынша  14467  мектеп  түлегі  100-ден  артық  балл  жинаған, 
яғни барлық мектеп бітірушінің 17,38%-ы. Олардың 10491-і қазақ тілінде және 
3676-сы орыс тілінде оқитын түлектер (75-сурет). 
13654 түлек немесе ҰБТ қатысқан барлық мектеп бітірушілердің 16,4%-ы 
90-100 балдың аралығында жинаған. 
0-49 балдың аралығында немесе межелік деңгейді өтпегендер саны  – 6843 
түлекті құрады немесе барлық тест тапсырушылардың 8,22%-ы, олардың 5319-
ы қазақ тілінде және 1524-і орыс тілінде білім алушылар. 
 
 

156 
 
75-сурет – 2015 ж. ҰБТ алынған балл бойынша түлектердің бөлінісі  
 
ҰБТ  тапсырылатын  міндетті  пәндер:  қазақ  тілі,  орыс  тілі,  Қазақстан 
тарихы және математика.  
«Қазақ  тілі»  пәнінен  тестілеуге  мемлекеттік  тілде  оқитын  мектептердің 
60129  түлегі  қатысты,  2014  жылы  61654  мектеп  бітіруші  қатысқан  болатын, 
яғни  ағымдағы  жылы  1525  оқушыға  кем.  Республика  бойынша  орташа  балл 
18,33-ті  құрады,  бұл  көрсеткіш  өткен  оқу  жылымен  салыстырғанда  0,54балға 
жоғары (2014 жылы – 17,79).  
Еліміздің тоғыз аймағында тестілеудің нәтижесі республикалық деңгейден 
жоғары  нәтижені  көрсетті:  Алматы  қаласы  (20,64),  Батыс  Қазақстан  (19,86), 
Қызылорда  (19,55),  Астана  қаласы  (19,27),  Павлодар  (18,98),  Ақтөбе  (18,94), 
Қарағанды  (18,74),  Солтүстік  Қазақстан  (18,60),  Шығыс  Қазақстан  (18,45). 
Соңғы  екі  жылдың  нәтижесі  бойынша  Алматы  қаласы,  Батыс  Қазақстан 
облыстарының мектеп түлектері алдыңғы орында келеді.  
Республика  бойынша  ең  төмен  орташа  нәтижені  Атырау  облысының 
тестіленушілері көрсетті (15,45 балл), өткен жылғы нәтиже 15,34 балл болған, 
яғни көрсеткіш (+0,11) сәл жоғарылаған (76-сурет).  
 
 
76-сурет – Мемлекеттік тілде оқитын мектептердің «Қазақ тілі» пәнінен орташа 
көрсеткіші (облыстар бөлінісінде)  

157 
Мектеп  бітірушілердің  23087-сі  қазақ  тілінен  тесті  үздік  бағаға  орындап, 
21-25 балдан алған. Тестің 14-20 тапсырмасын дұрыс орындаған оқушылардың 
үлесі  45,78%-ды  құрады.  Сонымен  қатар  тесттің  0-3  тапсырмасын  ғана,  яғни 
«2»  бағаға  орындаған  оқушылар  саны  118  немесе  қазақ  тілінен  ҰБТ 
қатысқандардың  0,2%-ы.  Батыс  Қазақстан,  Қызылорда,  Қостанай,  Павлодар, 
Солтүстік Қазақстан облыстарында төмен (0-3) балл алған оқушы жоқ.  
Орыс  тілінде  оқытатын  мектептердегі  «Қазақ  тілі»  пәнінен  тестілеуді 
23143  түлек  тапсырды және республика  бойынша орташа нәтиже 16,34  балды 
құрады (77-сурет).  
 
 
77-сурет – Орыс тілінде оқитын мектептердің «Қазақ тілі» пәнінен орташа 
көрсеткіші (облыстар бөлінісінде)  
 
Республикалық  деңгейден  жоғары  көрсеткішті  Қызылорда  (18,05),  Батыс 
Қазақстан  (17,99),  Алматы  қ.  (17,69),  Маңғыстау  (17,39),  Ақтөбе  (16,99), 
Жамбыл (16,79), Астана қ. (16,78), Оңтүстік Қазақстан (16,76), Қостанай (16,48) 
облыстарының түлектері көрсетті.  
10355  түлек  немесе  тестке  қатысушылардың  44,76%-ы  тапсырмалардың 
18-25  сұрағына  дұрыс  жауап  беріп,  үздік  білім  деңгейін  көрсетті.  12-17 
тапсырманы  дұрыс  орындаған  оқушылардың  саны  8750  оқушы  немесе 
тестіленушілердің  37,82%-ы.  Сонымен  қатар  қанағаттанарлықсыз  баға  алған 
түлектер  де  бар,  олардың  саны  90  немесе  жалпы  оқушылар  санының  0,39%. 
Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында ғана ең төмен (0-3) балл алған 
мектеп түлектері жоқ екенін атап өту қажет.  
Қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердегі  «Орыс  тілі»  пәнінен  республика 
бойынша  орташа  көрсеткіш  –  13,15  балл.  Еліміздің  он  аймағының  мектеп 
бітірушілері республикалық орташа балдан жоғары нәтиже көрсетті. Алматы қ. 
(16,80), Астана қ. (16,04), Павлодар (15,36), Солтүстік Қазақстан (14,60), Ақтөбе 
(14,56),  Батыс  Қазақстан  (14,43),  Шығыс  Қазақстан  (14,19),  Ақмола  (13,93), 
Қостанай  (13,58),  Қарағанды  (13,39).  Атырау  облысының  мектеп  бітірушілері 
төмен 10,10 балл жинаған (78-сурет).  
Тестке  қатысушыларының  23,80%-ы  18-25  балл  алып,  орыс  тілінен  үздік 
баға  алды.  12-17  тапсырманы  дұрыс  орындағандар  үлесі  34,34%,  1148  оқушы 
тестің  үш  тапсырмасын  ғана  орындай  алған  немесе  қанағаттанарлықсыз 
баға алды.  

158 
 
78-сурет – Мемлекеттік тілде оқитын мектептердің «Орыс тілі» пәнінен орташа 
көрсеткіші (облыстар бөлінісінде)  
 
Орыс  тілінде  оқытатын  мектептердегі  «Орыс  тілі»  пәнінің  орташа 
көрсеткіші – 16,7 балл. Республиканың жеті аймағының: Алматы (18,39) және 
Астана (17,32) қалалары, Қарағанды (17,29), Батыс Қазақстан (16,91), Солтүстік 
Қазақстан  (16,88),  Қостанай  (16,87),  Ақтөбе  (16,80)  облыстарының  ҰБТ 
тапсырушылары орташа көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсеткен. Тестілеуде ең 
төмен нәтижені Атырау (13,77) облысының түлектері көрсетті (79-сурет).  
Орыс  тілінде  оқитын  5061  түлек  (21,88%)  жоғары  21-25  аралығындағы 
балл  алып,  «Орыс  тілі»  пәнінен  өте  жақсы  білімдерін  көрсетті.  12552  мектеп 
бітіруші  (54,26%)  14-20  балл  жинап  білімдерін  жақсы  деген  бағаға  растады. 
Сондай-ақ өте төмен білім сапасын көрсетіп 3 балға дейін ғана нәтиже көрсетіп 
«екілік»  алғандардың  саны  республика  бойынша  45  оқушы  немесе  0,19%-ды 
құрады.  Еліміздің  он  алты  аймағының  ішінен  тестілеуден  Маңғыстау, 
Қызылорда,  Қостанай,  Солтүстік  Қазақстан  облыстарының  түлектері  аталған 
пәннен «екіліксіз» өтті.  
 
 
79-сурет – Орыс тілінде оқитын мектептердің «Орыс тілі» пәнінен орташа 
көрсеткіші (облыстар бөлінісінде)  

159 
«Қазақстан  тарихы»  пәні  ҰБТ  міндетті  тапсырылатын  пән  болғандықтан 
республиканың  барлық  мектеп  түлектері  тестілеуге  қатысты.  Республика 
бойынша орташа нәтиже – 17,68 балды құрады, 2014 жылы 16,77 балл болған, 
яғни  ағымдағы  жылы  көрсеткіш  0,91  балға  жоғарылаған.  Орташа 
республикалық  көрсеткіштен  жоғары  нәтиже  көрсеткен:  Алматы  қ.  (19,71), 
Қызылорда  (19,10),  Батыс  Қазақстан  (18,92)  облыстары,  Астана  қ.  (18,50), 
Оңтүстік  Қазақстан  (18,22),  Ақтөбе  (17,97),  Маңғыстау  (17,76),  Павлодар 
(16,87) облыстарының мектеп түлектері (80-сурет).  
Аталған пәннен екі жыл қатарынан тестілеудегі ең төмен орташа нәтижені 
Атырау облысының мектеп түлектері көрсетті (2015 ж. – 13,54 балл, 2014 ж. – 
12,86 балл).  
Алматы  қаласының  мектеп  бітірушілері  екі  жыл  қатарынан  ең  жоғары 
нәтиже  көрсетіп,  алдыңғы  орында  келе  жатқанын,  сонымен  қатар  ағымдағы 
жылы  еліміздің  барлық  аймақтарының  нәтижесі  өткен  жылғыдан  (2014  ж.) 
жоғары болғандығын атап өту қажет.  
Тест тапесырмаларының 21-25 сұрағына дұрыс жауап беріп «5» баға алған 
түлектер  үлесі  33,20%-ды  құрады,  өткен  жылы  25,77%  болған.  14-20  балл 
аралығындағы  нәтижені  39222  (47,11%)  көрсетіп,  білімдерін  жақсы  бағаға 
растады. Өте төмен нәтиже көрсеткен түлектер үлесі 0,30%-ды құрады немесе 
еліміздің  барлық  аймақтарының  251  мектеп  бітірушісі,  2014  жылы 
321тестіленуші немесе түлектердің 0,37%-ы қанағаттанарлықсыз баға алды.  
 
 
80-сурет – «Қазақстан тарихы» пәнінен орташа көрсеткіш  
(облыстар бөлінісінде)  
 
ҰБТ  таңдаған  түлектердің  барлығы  «Математика»  пәнін  тапсырды. 
Республикалық  орташа  нәтиже  13,72  балды  құрады,  2014  жылы  12,68  балл 
болған,  яғни  нәтиже  1,04  балға  жоғарылаған.  Алты  аймақтың  мектеп 
бітірушілері республикалық деңгейден жоғары нәтижеге қол жеткізді: Алматы 
(17,22),  Астана  (16,22)  қалалары,  Ақтөбе  (14,61),  Шығыс  Қазақстан  (14,34), 

160 
Павлодар (14,24), Қарағанды (14,11) облыстары. Алматы, Астана қалаларының 
және  Ақтөбе  облысының  түлектері  математикадан  соңғы  екі  жылдың 
қорытындысы бойынша алдыңғы қатарда келе жатқандықтарын атап өту қажет.  
16395  немесе  барлық  тестіленушілердің  19,69%-ы  жоғары  20-25 
аралығындағы балл жинап, «Математика» пәнінен үздік білім көрсетті (2014 ж. 
–  17,39%).  Тестілеуге  қатысқан  мектеп  бітірушілердің  42,33%-ы  12-19  балл 
аралығындағы  нәтиже  көрсетіп,  жақсы  баға  алды.  Барлық  қатысушылардың 
2,36%-ы немесе 1968 түлек (2,36%) математикадан қанағаттанарлықсыз нәтиже 
керсетті, өткен жылы бұндай нәтижені 2869 (3,28%) оқушы көрсеткен болатын 
(81-сурет).  
 
 
81-сурет - «Математика» пәнінен орташа көрсеткіш (облыстар бөлінісінде)  
 
ҰБТ  мектеп  түлектері  физика,  химия,  биология,  география,  дүние  жүзі 
тарихы,  қазақ  әдебиеті,  орыс  әдебиеті,  ағылшын  тілі,  неміс  тілі,  француз  тілі 
пәндерінің бірін таңдады.  
Еліміздің  жалпы  білім  беретін  мектептерінің  26065  түлегі«Физика»  пәнін 
таңдады. Пәннен орташа балл  – 14,11 (2014 ж. 12,69). Алматы (17,15), Астана 
(15,76)  қалалары,  Шығыс  Қазақстан  (14,66),  Жамбыл  (14,62),  Ақтөбе  (14,44), 
Қостанай  (14,17),  Оңтүстік  Қазақстан  (14,14)  облыстарының  түлектері, 
сонымен қатар Алматы, Астана қалалары, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, 
облыстарының  түлектері  салыстыруға  алынған  екі  жылдың  қорытындысы 
бойынша  республикалық  орташа  көрсеткіштен  жоғары  нәтиже  көрсетті  (82-
сурет).  
4643  түлек  немесе  физиканы  таңдаған  түлектердің  17,81%-ы  20-25 
аралығында  балл  жинап  үздік  нәтижеге  жетті.  12-19  немесе  жақсы  нәтиже 
көрсеткендердің  саны  12948  (49,68%).  Ең  төмен  нәтиже  (0-3  балл)  алған 
түлектердің саны 438 (1,68%).  
 

161 
 
 
82-сурет – «Физика» пәнінен орташа көрсеткіш (облыстар бөлінісінде) 
 
2877  мектеп  түлегі  (2014  ж.  –  3151)  «Химия»  пәнін  таңдады  және 
республика  бойынша  орташа  көрсеткіш  –  16,35  балл  (2014  ж.  –  16,60  балл), 
яғни  ағымдағы  жылы  аталған  пәнді  274  түлекке  аз  таңдағанына  қарамастан, 
нәтиже  де  сәл  төмендеген  (-0,25).  Еліміздің  тоғыз  аймағының  оқушылары 
республикалық  орташа  көрсеткіштен  жоғары  нәтиже  көрсетті:  Алматы  қ. 
(18,54),  Ақтөбе  (17,93),  Батыс  Қазақстан  (17,16),  Астана  қ.  (17,13),  Ақмола 
(16,85),  Шығыс  Қазақстан  (16,67),  Қызылорда  (16,52),  Оңтүстік  Қазақстан 
(16,49), Қарағанды (15,42).  
Химияны  таңдаған  862  түлек  тест  тапсырмаларын  орындауда  үздік  білім 
көрсетіп 20-25 балдың аралығындағы нәтиже көрсетті (2014 ж. – 1013). Аталған 
пәнді  таңдаған  түлектердің  басым  көпшілігі  51,96%-ы  (51,32%)  тест 
сұрақтарын жақсы орындап, «4» баға алды (83-сурет).  
12 мектеп бітіруші үшін химияның тест тапсырмалары қиындық туғызған, 
яғни төмен бал жинаған, алайда Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс 
Қазақстан,  Қызылорда,  Қостанай,  Солтүстік  Қазақстан  аймақтарының  мектеп 
бітірушілерінің бұл пәннен төмен балл алмағандықтарын атап өту қажет.  
 
 
83-сурет – «Химия» пәнінен орташа көрсеткіш (облыстар бөлінісінде)  

162 
Республика бойынша 26949 (2014 ж. – 29682) мектеп бітіруші «Биология» 
пәнін  таңдаған.  Пән  бойынша  орташа  балл  17,29-ды  (16,98  балл)құрады,  яғни 
ағымдағы  жылы  көрсеткіш  сәл  жоғарылаған  (+0,31).  Сегіз  аймақтың 
оқушылары  республикалық  орташа  көрсеткіштен  жоғары  нәтижеге  қол 
жеткізген:  Алматы  қ.  –  19,58  (20,24);  Қызылорда  –  18,53  (17,21);  Батыс 
Қазақстан – 17,97 (17,27); Оңтүстік Қазақстан – 17,94 (17,93); Астана қ. – 17,73 
(17,93);  Ақтөбе  –  17,68  (17,44);  Шығыс  Қазақстан  –  17,52  (17,42);  Жамбыл  – 
17,52.  Жамбыл  облысының  түлектерінен  басқа  аталған  аймақтардың  мектеп 
бітірушілері 2014 жылы да жақсы нәтиже көрсеткен (84-сурет).  
 
 
84-сурет – «Биология» пәнінен орташа көрсеткіш (облыстар бөлінісінде)  
 
«Биология» пәнін таңдаған оқушылардың 29,83%-ы (8038) тапсырмаларды 
өте жақсы орындап, жоғары нәтижеге ие болды (2014 ж. 25,52%). 12912 мектеп 
бітіруші  аталған  пәннен  жақсы  білім  көрсетті,  яғни  бұл  пәнді  таңдаған 
оқушылардың 47,91%-ын құрайды. Алайда биологиядан да тест тапсырмалары 
қиындық туғызып, қанағаттандырарлық межені өте алмаған оқушылар бар (66 
оқушы  немесе  0,24%).  Қарағанды,  Қызылорда,  Солтүстік  Қазақстан 
облыстарының 
және 
Алматы 
қаласының 
оқушыларының 
қанағаттандырарлықсыз баға алмағанын атап өту қажет.  
2015  жылғы  тестілеуде  еліміздің  12386  мектеп  бітірушісі  «География» 
пәнін  бесінші  пән  ретінде  таңдады,  орташа  көрсеткіш  16,58  балды  құрады 
(2014ж. – 16,79). Еліміздің тоғыз аймағының түлектері республикалық орташа 
көрсеткіштен  жоғары  нәтиже  көрсетті:  Алматы  қ.  –  18,50  (19,59);  Ақтөбе  – 
17,68  (18,00);  Батыс  Қазақстан  –  17,62  (18,46);  Қызылорда  –  17,50  (17,00); 
Оңтүстік Қазақстан – 17,47 (17,61); Астана қ. – 17,22 (18,06); Қостанай – 17,06 
(17,16); Жамбыл – 16,92; Павлодар – 16,61 (17,18), аталған облыстардың ішінде 
жамбылдық түлектер 2014 жылы орташа нәтижеден төмен балл жинаған, яғни 
сегіз  аймақ  екі  жылдың  қорытындысы  бойынша  республикалық  деңгейден 
артық  балл  жинаған.  Атырауі  облысының  мектеп  бітірушілері  төмен  нәтиже 
көрсетті – 12,87 (13,08) (85-сурет).  
Географияны  таңдаған  түлектердің  2835-і  (22,89%),  2014  жылы  3263 
оқушы немесе 24,41%-ы пәннен үздік нәтиже көрсетті. 6312 түлек немесе пәнді 
таңдаған  түлектердің  жартысынын  артығы  (50,96%),  былтырғы  жылы  6794 

163 
(50,82)  тест  тапсырмаларын  жақсы  орындап  14-20  арасындағы  балл  жинады. 
Астана 
қ., 
Батыс 
Қазақстан, 
Қостанай, 
Павлодар 
аймақтарының 
қанағаттанарлықсыз  баға  алған  жоқ,  ал  басқа  аймақтарда  тест  сұрақтарын 
орындай алмаған оқушылар бар.  
 
 
85-сурет – «География» пәнінен орташа көрсеткіш (облыстар бөлінісінде)  
 
«Дүние жүзі тарихы» пәнін еліміздің 5153 11-сынып оқушылары таңдады 
(2014 ж. – 5048). Ағымдағы жылғы орташа көрсеткіш 14,56 балл, өткен жылғы 
нәтиже деңгейінде. Жамбыл – 16,18 (14,55); Алматы қ. – 15,90 (17,32); Астана 
қ.  –  15,67  (16,09);  Ақтөбе  –  15,54  (15,29);  Батыс  Қазақстан  –  15,49  (15,53); 
Оңтүстік  Қазақстан  –  15,45  (15,13);  Қызылорда  –  15,13;  Шығыс  Қазақстан  – 
14,69  (15,05);  Павлодар  –  14,69  аймақтарының  11-сынып  оқушылары 
республиканың  орташа  көрсеткішінен  жоғары  нәтиже  көрсетті.  Қызылорда 
және Павлодар облыстарының түлектерінен басқалары орташа жоғары деңгейді 
екі  жыл  катарынан  көрсетіп  отыр.  Павлодар  облысының  мектеп  бітірушілері 
мемлекеттік тестілеуді екіліксіз тапсырғангын атап өту қажет (86-сурет).  
 
 
86-сурет – «Дүние жүзі тарихы» пәнінен орташа көрсеткіш  
(облыстар бөлінісінде)  

164 
«Қазақ  әдебиеті»  пәнін  2978  түлек  таңдаған,  орташа  көрсеткіш  –  17,06 
балл.  Аталған  пәннен  843  оқушы  өте  жақсы,  1412  түек  жақсы  білім  көрсетті. 
Төмен балл алған оқушылар саны – 5 (Ақтөбе – 3, Оңтүстік Қазақстан – 2) (87-
сурет).  
Қызылорда  (19,40),  Алматы  қ.  (18,99),  Ақтөбе  (17,80),  Батыс  Қазақстан 
(17,75),  Оңтүстік  Қазақстан  (17,63)  облыстарының  қазақ  әдебиетін  тандаған 
түлектер республикалық орташа балдан жоғары нәтиже көрсетті.  
 
 
87-сурет – «Қазақ әдебиеті» пәнінен орташа көрсеткіш  
 
«Орыс  әдебиеті»  пәнін  таңдаған  оқушылар  саны  –  181  (2014  ж.  192). 
Орташа  балл  15,85,  өткен  жылғы  көрсеткіштен  сәл  төмен  (16,09).  Тесті  26 
оқушы үдік және 100 оқушы жақсы тапсырды. 1 ғана түлек қанағаттанарлықсыз 
баға алды (Атырау облысы).  
«Ағылшын  тілін»  6612,  2014  жылы  6708  түлек  таңдады.  Республика 
бойынша  орташа  балл  18,93  балл,  2014  жылғы  көрсеткішпен  тең.  Пәнді 
таңдаған түлектердің 2769-ы үздік және 3092-сі жақсы білім деңгейін көрсетті. 
6  оқушы  төмен  0-3  аралығындағы  нәтиже  көрсетті.  Республикалық  орташа 
көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсеткен аймақтар: Алматы қ. (20,25), Павлодар 
(19,68), Астана қ. (19,63), Солтүстік Қазақстан (19,50), Батыс Қазақстан (19,34), 
Қызылорда (19,23), Ақмола (19,14), Қостанай (19,04).  
«Неміс тілі» пәнін 45 мектеп түлегі таңдаған. Орташа балл  – 18,96 балды 
құрады. Неміс тілін таңдаған оқушылардың 17-сі пәннен үздік және 25-і жақсы 
білім деңгейін көрсетті.  
«Француз  тілі»  пәнін  еліміздің  16  мектеп  түлегі  таңдады,  орташа  нәтиже 
16,56  балл  (шетел  тілдері  арасындағы  ең  төмен  көрсеткіш).  Пәнді  таңдаған  7 
түлек  үздік  және  4  түлек  жақсы  нәтиже  көрсетті.  1  оқушы  төмен 
қанағаттанарлықсыз баға алды (Оңтүстік Қазақстан).  
Қорытындылай келе  ҰБТ  нәтижесі  бойынша 14467  мектеп  түлегі жоғары 
101-125 аралығындағы балл жинаған, яғни бұл тестілеуді таңдаған түлектердің 
17,38%-ы.  15468  мектеп  бітіруші  немесе  ҰБТ-ға  қатысушылардың  жалпы 
санының 18,58%-ы 0-ден 49 балл жинады, яғни шектік деңгейден төмен нәтиже 
көрсетті  (2014  жылы  шектік  деңгейден  өте  алмағандар  20232  немесе  ҰБТ-ға 
қатысушылардың 23,11%-ы).  
Талдау  қорытындысы  бойынша  мектеп  түлектерінің  басым  көпшілігі 
бесінші  пән  ретінде  «Биология»  пәнін,  яғни  болашақ  мамандықтарын 

165 
биологияға  байланысты  таңдаған.  Биологияны  –  26949,  физиканы  –  26065, 
географияны  –  12386,  ағылшын  тілін  –  6612,  дүние  жүзі  тарихын  –  5153, 
химияны – 3151, қазақ әдебиетін – 2978, орыс әдебиетін – 181, неміс тілін – 45 
және француз тілін – 16 түлек таңдаған.  
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының 
бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр, 
өйткені  адам  қоғамда  түрлі  өмірлік  мәселелерге  байланысты  дұрыс  шешімдер 
қабылдау  үшін  жоғары  кәсіптілік  және  интеллектуалдық  әрекеттерді  қажет 
ететін  жағдайларда  заман  талабына  сай  өмір  сүріп,  қызмет  етуде.  Осыған 
байланысты  еліміздің  оқушыларының  білім  жетістіктерінің  деңгейін  анықтау 
үшін Қазақстан PISA, TIMSS халықаралық зерттеулері өткізілуде [37].  
PISA  (Programm  for  lnternational  Student  Assessment)  –  оқушылардың  оқу 
жетістіктерін  бағалаудың  халықаралық  бағдарламасы.  Бұл  бағдарламаның 
мақсаты  білім  беру  жүйелері  әр  түрлі  елдердің  15  жастағы  жасөспірімдерінің 
мектепте  математика  және  жаратылыстану  ғылымдарынан  алған  білім,  білік 
және  дағдыларын  өмірде  кездесетін  әртүрлі  жағдайларды  шешуде  қолдана 
алуларын,  сонымен  қатар  түрлі  мәтіндерді  оқып  және  түсінулерін 
салыстырмалы бағалау болып табылады.  PISA зерттеуі үш бағыт бойынша үш 
жылда бір өткізіледі.  
Білім беру жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық қауымдастығы IEA 
(International Association for the Evaluation of Educational Achievement өткізетін), 
TIMSS  (Trends  in  International  Mathematics  and  Science  Study)  халықаралық 
мониторингтік  зерттеуі  төрт  жыл  сайын  әлемдегі  50-ден  астам  елдің 
математикалық  және  жаратылыстану  ғылымдары  білімінің  дамуы  үрдісін 
бақылауға мүмкіндік береді.  
TIMSS  (Third  International  Mathematics  and  Science  Study)  –  математика 
және жаратылыстану білімінің сапасын бағалау бойынша халықаралық зерттеу. 
Жобаға  қатысушы  елдердің  білім  мазмұнын  ескере  отырып,  бұл  зерттеудің 
аясында  4-сынып  және  8-сынып  оқушыларының  математика  және 
жаратылыстану  ғылымдары  бойынша  дайындықтарының  сапасы  бағаланады. 
TIMSS зерттеулері оқу жетістері туралы жан-жақты мағлұмат алумен қатар, ел, 
мектеп  және  білім  берудің  жағдайлары  туралы  қосымша  ақпарат  алуға  да 
мүмкіндік  береді.  TIMSS-ке  қатысушы  елдердің  құрамы  алуан  түрлі,  олар 
экономикалық  дамуы,  географиялық  жағдайы,  халқының  саны  жағынан  бір-
бірінен  ерекшеленеді.  Бірақ  олардың  бәрі  білім  беру  ұйымдарының  жүйесін, 
оқу  бағдарламалары  мен  оқыту  әдістерін  оқушылардың  жетістіктері  арқылы 
салыстыру,  білім  беру  саласында  тиімді  курстар  әзірлеуге  арналған  құнды 
ақпарат жинақтауға көмектеседі [37].  
PISA-2015  негізгі  зерттеуіне  71  елдің  білім  алушылары  қатысты. 
Халықаралық  жобаның  басым  бағыты  15  жасар  білім  алушылардың  ғылыми-
жаратылыстану  дайындықтарының  деңгейін  бағалауға  арналған  (тест 
сұрақтарының  44%-ы  физика,  химия,  биология  және  география  пәндерінен 
құзыреттілік деңгейін анықтауды жоспарлайды).  
PISA-2015 жобасында Қазақстан әдеттегідей кітапшада (қағазда) жазылған 
тапсырмалармен  жұмыс  жүргізді.  Білім  алушыларға  тест  буклеттерінің  30 

166 
нұсқасы ұсынылды, жауапты таңдау, сонымен қатар тапсырмалардың.  
Барлық  білім  алушыларға  жауапты  таңдайтын және  ашық-құрастырылған 
тапсырмаларды  қарастыратын  30  нұсқалық  тесттік  буклеттер  ұсынылды. 
Жаратылыстану  бойынша  ашық  тапсырмалардың  жалпы  саны  33  құрады, 
математика бойынша – 38 және оқу бойынша – 55.  
Зерттеуді өткізу технологиясына сәйкес, тесттік тапсырмаларды орындауға 
2  сағат  15  минут,  ал  сауалнаманы  толтыруға  35  минут  берілген.  15  жастағы 
қатысушыларға  арналған  сауалнамада  білім  беру  ұйымы,  жанұя  және  жеке 
қызығушылықтар  туралы  сұрақтар  берілсе,  ал  әкімшілікке  арналған 
сауалнамада – ресурстік қамтамасыз ету туралы, кадрлік сұрақтарға, ата-аналар 
қарым-қатынасы  және  оқу  процесін  ұйымдаструға  арналған  сұрақтар 
ұсынылды.  
PISA-2015  зерттеуіне  қатысу  үшін  Қазақстаннан  189  мектеп  және  27 
колледж  іріктелініп  алынды.  Сонымен  қатар,  PISA-2015  зерттеуіне  16 
Назарбаев Зияткерлік мектептері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 8 074 
адамды құрады, оның ішінде 7 842 15 жастағы білім алушылар және 232 білім 
беру ұйымдарының басшылары.  
Сондай-ақ,  ЭЫДҰ  талабына  сәйкес  ең  аз  қатысу  көрсеткіші  95%  болып 
табылса,  нақты  қатысу  пайызы  98%  құрады.  Халықаралық  бақылаушылар 
Қазақстанның  PISA-2015  зерттеуіне  қатысу  дайындығын  жоғары  деңгейде 
болғанын атап өтті.  
PISA-2015  зерттеуі  қазақстандық  білім  алушылардың  нәтижелері  2016 
жылғы желтоқсанда жариаланады.  
TIMSS-2015  негізгі  зерттеуіне  57  ел  қатысты.  TIMSS  зерттеуі  бастауыш 
және негізгі мектептің жаратылыстану және математика саласындағы дайындық 
деңгейін салыстырмалы бағалауға бағытталған.  
TIMSS-2015  зерттеуі  бойынша  4  және  8-сынып  оқушыларына  математика 
және  жаратылыстану  пәндері  бойынша  14  нұсқалық  буклеттегі  тесттік 
тапсырмалар  ұсынылды.  Бір  буклеттегі  тапсырмалар  саны  4-сыныпта  45-50 
сұрақты,  ал  8-сынып  бойынша  55-60  сұрақты  тұрады.  Төртінші  сынып 
оқушыларына тесттік тапсырмаларды орындауға берілген уақыт 72 минутты, ал 
8  -сынып  оқушылары  үшін  90  минутты  құрайды.  Сауалнаманы  толтыру  үшін 
оқушыларға 30 минут берілді.  
Қазақстаннан  179  қатысушы  мектептерден  жалпы  қатысушылар  саны 
15902  адамды  құрады,  оның  ішінде  9579  оқушылар  (4710  төртінші  сынып 
оқушылары  және  4869  сегізінші  сынып  оқушылары).  Барлық  білім  беру 
ұйымдарында  зерттеуге  қатысу  97%  құрады  (IEA  талабына  сәйкес  іріктелініп 
алынған қатысушылар саны 90% кем болмауы керек).  
IEA 
ұйымы  тарапынан  тағайындалған  халықаралық  бақылаушы 
Қазақстанда  TIMSS-2015  зерттеуінің  жоғары  деңгейде  ұйымдастырылғанын 
және өткізілгенін атап өтті.  
TIMSS-2015  зерттеуін  өткізу  технологиясына  сәйкес,  оқушылардың 
нәтижелері туралы Халықаралық есеп 2016 жылғы желтоқсанда жариаланады.  
Алғаш рет Қазақстан PIRLS-2016 атты бастауыш сынып оқу және мәтінді 
түсіну сапасын бағалайтын халықаралық зерттеуіне қатысады.  

167 
PIRLS-2016  апробациялық  зерттеуіне  қатысу  технологиясына  сәйкес 
еліміздің 14 облысынан (Астана қаласын және Қарағанды облысын қоспағанда) 
34 мектеп (20 қалалық және 14 ауыл мектептері) іріктелініп алынды.  
PIRLS-2016  апробациялық  зерттеуіне  барлығы  2  873  адам  қатысты,  оның 
ішінде 1 388 4-сынып оқушылары, 1 388 4-сынып оқушыларының ата-аналары, 
63 бастауыш  сынып  мұғалімдері  және  34 мектеп директорлары.  IEA  талабына 
сәйкес  қатысудың  ең  аз  көрсеткіші  90%  болып  табылса,  нақты  қатысушылар 
саны 98% құрады.  
PIRLS-2016 негізгі зерттеуі Қазақстанда 2016 жылдың сәуірінде өткізіледі.    
 
 
 
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет