Қазақстандағы орта білім: жағдайы және болашағЫ


 Заманауи мектепті ресурстық қамтамасыз ету



жүктеу 5.16 Mb.
Pdf просмотр
бет15/16
Дата18.03.2017
өлшемі5.16 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Заманауи мектепті ресурстық қамтамасыз ету  
 
Білім  беру  Қазақстан  Республикасы  дамуының  негізгі  приоритеті  мен 
түйінді факторы болып табылады.  
Қазақстан 
халқына 
жолдаған 
«Қазақстан-2050» 
стратегиясы: 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Президент 
Н.Ә.  Назарбаев  бұл  мәселеге  ерекше  назар  аударып:  «бәсекеге  қабілетті 
дамыған мемлекет болу үшін біз білімі жоғары елге  айналуымыз керек» деген 
міндет қойды.  
Бұл  міндет  білім  жүйесі  инфраструктурасын  жаңғыртуға  бағытталған 
түбегейлі шараларды қолға алуды талап етеді.  
Білім  беру  жүйесін  жаңғыртудың  негізгі  буыны  –  жалпы  білім 
беретін мектеп.  
Мектепті  жаңғырту  үшін  көптеген  жүйелі  міндеттерді  шешу  қажет. 
Олардың  ішіндегі  ең  маңыздысы  –  білімнің  жаңа,  заманауи  сапасына  қол 
жеткізу.  Оны  кең  мағынада  қарастырар  болсақ,  білімнің  заманауи  сапасы 
дегеніміз  –  қазіргі  замандағы  өмірлік  даму  талаптарына  сәйкес  келуі  болып 
табылады.  Педагогикалық  аспектіде  –  бұл  білім  алушылардың  белгілі  бір 
пәндік білім жүйесін меңгеруі ғана емес, сонымен қатар олардың тұлға ретінде 
дамуын, 
танымдық 
және 
құрылымдық 
қабілеттерінің 
қалыптасуын 
қамтамасыз ету.  
Білім  беру  жүйесін  жаңғыртудың  негізгі  міндеттерінің  бірі  білім  берудің 
сапасын  және  бәсекелестікке  қабілеттілігін  арттыру,  сапалы  білімнің 
қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.  
Сапалы білімнің қолжетімділігі:  
заманауи материалдық-техникалық базада жаңа құрал-жабдықтарды және 
озық оқу әдебиеттерін пайдалана отырып білім беруді;  
- білім алушының мүддесі мен құқықтарын қорғауды, оның психологиялық 
және дене қауіпсіздігін сақтауды кепілдік ететін жағдайды жасауды;  
-  әлеуметтік-педагогикалық  және  психологиялық-педагогикалық  қолдау 
көрсетуді,  баланың  даму  резервтерінің  (дене  және  психологиялық)  ерте 
диагностикасын жасауды;  
-  білім  алушылардың  кітапхана  оқу-әдеби  қорларын  тегін  пайдалану 
мүмкіндігін ұсынуды қамтамасыз ету деген мағынаны білдіреді.  
Мектептегі  білім  беру  –  бүкіл  білім  жүйесінің  негізі.  Ал  оны  әрі  қарай 
дамыту  білім  беру  ұйымдарының  қызметін  сипаттайтын  үдерістер  мен 
үрдістерді терең талдаусыз мүмкін емес.  
Қазіргі  кезеңде  12  жылдық  білім  жүйесіне  ауысуға  дайындық  жүргізу 
барысында  қажетті  іс-шараларды  жоспарлау  мақсатында  жалпы  білім  беретін 
мектептердің  ресурстық  қамтамасыз  етілу  деңгейін  зерделеу  өзекті  мәселеге 
айналып отыр.  
Ресурстық қамтамасыз ету – бұл, бір жағынан, білім беру мақсатын жүзеге 
асыру  үшін  тиісті  мүмкіндіктер  жасау,  екіншіден,  ол  бүгінгі  күннің  талабы 
болып табылады.  
Ресурстық  қамтамасыз  етуге,  біріншіден,  білім  беру  ұйымдарының 

203 
материалдық-техникалық базаларын нығайту және дамыту, екіншіден, олардың 
оқу-әдістемелік қорын жаңарту жатады.  
Материалдық-техникалық  база  –  білім  беру  ұйымдарының  қызмет 
көрсетуінің және білім беру үдерісі сапасын қамтамасыз етудің қажетті шарты. 
Қазіргі  таңда  мектеп  проблемаларының  бірі  оқу  ғимараттарының  қазіргі 
жағдайы болып табылады.  
Қазіргі  уақытта  елімізде  7  мыңнан  астам  (дәлірек  алғанда  7307)  күндізгі 
мемлекеттік білім беру ұйымдары жұмыс жасауда, онда 2,5 миллионнан астам 
бала білім алуда.  
Бұл мектептердің қазіргі жай-күйі төмендегідей:  
1)  5954  мектеп  (немесе  81,2%)  1990  жылға  дейін,  2427  мектеп  (немесе 
33,1%) – 1970 жылға дейін салынған;  
2)  177  мектеп  (немесе  2,4%)  апат  қауіпті  ғимараттарда  орналасқан 
(апаттық жағдайдағы мектеп саны мына облыстарда басым: Оңтүстік Қазақстан 
–  48  мектеп  (немесе  27,1%),  Шығыс  Қазақстан  –  36  мектеп  (немесе  20,3%), 
Қызылорда  –  25  мектеп  (немесе  14,1%)  және  Жамбыл  –  25  мектеп  (немесе 
14,1%);  
3) 4949 мектеп немесе мектептердің 67,5%-ы екі ауысымда, ал 112 мектеп 
немесе 1,5%-ы үш ауысымда жұмыс жасайды (екі ауысымдық мектептер мына 
облыстарда басым: Оңтүстік Қазақстан – 832 мектеп немесе 81%, Алматы – 547 
мектеп немесе 73,6%, Шығыс Қазақстан – 391 мектеп немесе 56,9%, Қарағанды 
– 373 мектеп немесе 69,2%; үш ауысымдық – Алматы – 51 мектеп немесе 6,8% 
және Оңтүстік Қазақстан – 37 мектеп немесе 3,1%);  
4) 1452 мектеп немесе мектептердің 19,8%-ы күрделі жөндеуді қажет етеді;  
5) 796 мектеп немесе жалпы санының 10,8%-ы пешпен жылытылады;  
6)  1776  мектеп  (24,3%)  суды  тасымалдап  пайдаланады,  олар  көбінесе 
ауылды жерлерде орналасқан.  
Оқушы  орындарының  тапшылығы  129 601  құрайды.  Мектептердің 
шамадан  тыс  толымдылығы  Астана  (23 245  бірлік)  және Алматы  қалаларында 
(32 247),  сонымен  қатар  Оңтүстік  Қазақстан  облысында  тіркелген  (23 500 
бірлік) [11].  
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  өткізген 
мониторинг бойынша оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін 
149 мектеп салу жоспарланып отыр.  
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігімен  2014-2016 
жылдарға арналған үш ауысымдық мектептерді жою мәселесі бойынша Жоспар 
құрылды.  Аталған  Жоспарға  сәйкес  2016  жылға  дейін  барлық  үш  ауысымдық 
және  апатты  жағдайдағы  мектептерді  жою  жоспарланды.  Аталған  Жоспар  ҚР 
ҰЭМ-мен келісілген.  
Соңғы  жылдардың  динамикасы  (2014  ж.  –  7307  мектеп,  2013  ж.  –  7332 
мектеп,  2010  ж.  –  7516  мектеп)  күндізгі  мектептердің  саны  азайып  бара 
жатқанын  көрсетеді.  Негізінен,  бастауыш  мектептер  күрт  азайып  отыр.  Бұл 
мәселе  шалғай  ауылдардағы  шағын  жинақталған  мектептердің  жабылуына 
байланысты.  2014  жылғы  мәліметтер  бойынша  республикада  3639  (49,8%) 
шағын жинақталған мектептер жұмыс істейді. Кейбір облыстарда мектептердің 

204 
басым бөлігі шағын жинақталған мектептерді құрайды: Солтүстік Қазақстан  – 
81,2%, Ақмола – 81,8%, Қостанай – 77,6%, Ақтөбе – 67,8%, Батыс Қазақстан – 
61,6% және Шығыс Қазақстан – 57,3%.  
Сонымен  қатар,  елімізде  білім  алушылардың  өмірі  мен  денсаулығының 
қауіпсіздігін  сақтау  нормаларына  сәйкес  келмейтін  жалпы  білім  беретін 
мектептер  де  жұмыс  істеуде.  Құрылыс  түріне  қарай  елімізде  кірпіштен  және 
блоктан  салынған  мектептерден  басқа  саман  (628  бірлік),  ағаш  (141  бірлік) 
және  каркас  (191  бірлік)  мектептер  де  бар.  Мектеп  ғимараттарының  мұндай 
түрлері  Оңтүстік  Қазақстан  (188  саманнан жасалған  мектеп),  Батыс  Қазақстан 
(99  саманнан  және  33  ағаштан  жасалған  мектеп),  Солтүстік  Қазақстан  (44 
ағаштан  жасалған  мектеп),  Алматы  (40  каркастан  жасалған  мектеп) 
облыстарында көп.  
Мектептегі  білімнің  нәтижелігіне  көп  факторлар  әсер  етеді,  оның  ішінде 
оқудың  табыстылығын  арттыруға  мүмкіндік  туғызу  үшін  арнайы  жағдайлар 
жасаудың, яғни қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтаудың маңызы зор.  
Мектеп  кабинеттерін  жабдықтау  –  бұл  оқушылардың  танымдық  және 
шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қолайлы орта жасау.  
Заманауи  талаптарға  сай  оқу  кабинеттерінде  оқу  үдерісін  кешенді 
жарақтандыру  және  оқу  кабинетін  жабдықтау  төмендегідей  мүмкіндіктерді 
қамтамасыз етуі тиіс:  
-  білім  алушылардың  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандартына  сәйкес  білім  беру  бағдарламасын  меңгерудің  жоспарланған 
нәтижесіне қол жеткізуін;  
-  оқу  үдерісін  және  қоғамдық-пайдалы  қызметті  ұйымдастыру  білім 
алушылардың қабілеттерін анықтау және дамытуын;  
-  дарынды  балалармен  интеллектуалдық  және  ғылыми-техникалық 
шығармашылық жұмыстар жасауын;  
-  білім  алушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  жобалық  зерттеушілік 
қызметін жүзеге асыруын;  
- мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруін;  
-  білім  алушылардың  танымдық  қызығушылықтарын,  өздігінен  білім  алу 
қабілеттерін дамытуды және т.б. қамтамасыз етуі тиіс.  
Орта  білім  жүйесінде  мектептердің  материалдық-техникалық  базасының 
әлсіздігіне,  сондай-ақ  оқу  кабинеттерінің  қазіргі  заманауи  жабдықтармен 
қамтамасыз  етілуінің  төмендігіне  байланысты  проблемалар  жеткілікті. 
Заманауи  жабдықтармен  жабдықталған  кабинеттер  соңғы  кезде  жаңа 
модификациялы  кабинеттер  деп  аталады,  оларға  химия,  биология,  физика 
кабинеттері және лингафон мультимедиялық кабинеттер жатады.  
Жаңа  модификациялы  оқу  кабинеттері  –  бұл  қазіргі  білім  жүйесін 
дамытуға  деген  ерекше  көзқарас.  Пәнді  тиімді  зерделеу  тек  қана  жақсы 
жабдықталған  кабинетте  мүмкін  болады.  Заманауи  құрал-жабдықтар 
оқушылардың  пән  бойынша  оқу  бағдарламасын  тереңірек  игеруіне  мүмкіндік 
береді  және  мұғалімдердің  сабаққа  дайындалуын,  оны  өткізуін  жеңілдетеді. 
Жаңа 
модификациялы 
оқу 
кабинеттері 
кешеніне 
арнайы 
жиһаз, 
демонстрациялық және зертханалық приборлар, оқытудың техникалық құралдары, 

205 
мультимедиялық бағдарламалар, интерактивтік жабдықтар және т.б. кіреді.  
Жаңа  модификациялы  физика,  химия  және  биология  кабинеттері  –  бұл 
физикалық, химиялық, биологиялық эксперименттер мен зерттеулерді орындау 
дағдыларын дамытатын, көрнекі құралдармен, оқу жабдықтарымен, жиһаз бен 
оқытудың  техникалық  құралдарымен  жабдықталған,  оқушылардың  оқу, 
факультативтік,  сыныптан  тыс  сабақтар  және  пән  бойынша  әдістемелік 
жұмыстар өткізілетін оқу бөлмесі.  
Физика  және  химия  кабинеттерін  арнайы  демонстрациялық  үстелдермен 
(проекциялық  аппаратты  басқару  пульты,  су,  электр  қуаты,  кәріз  жүйесі  бар) 
жабдықтау қажет. Мұғалім үстелі ауаны тазарту шкафтарымен жабдықталуы тиіс.  
Оқу-көрнекі  құралдардың  оқушыларға  жақсы  көрінуін  қамтамасыз  ету 
үшін демонстрациялық үстелді подиумға орнату қажет.  
Физика  кабинетінде  демонстрациялық  және  оқу-зертханалық  үстелдерді 
электр  қуатымен,  химия  кабинетінде  (сумен  орталықтан  жабдықтауда)  сумен 
қамтамасыз ету қарастырылады.  
Оқушы  аймағында  оқушыларға  арналған  сумен  және  электр  қуатымен 
жабдықталған  екіорындық  зертханалық  үстелдер  (құрылғыларымен  және 
құрылғыларсыз) (физика зертханасы) орнатылуы қажет.  
Химия кабинеті мектеп бойынша денсаулыққа зиян газ тәріздес заттардың 
таралуын  болдырмау  үшін  жоғарғы  қабатта  орналасуы  тиіс.  Кабинет  қажет 
жағдайда оқушыларды эвакуация жасау үшін далаға шығу жолындағы сатының 
жанында орналасуы қажет.  
Химия кабинетінде ауаны тазарту шкафы болуы тиіс. Тәжірибені өткізуде 
қолданатын  химиялық  реагенттер,  қышқылдар  мен  сілтілерді  маркерлермен 
белгілейді, арнайы сейфте жауапты тұлғаның бақылауымен сақтайды.  
Биология  кабинеті  табиғаттың  тірі  объектілерін  (өсімдіктер  мен 
жануарларды) бақылау, тәжірибе өткізу, көрсету үшін жағдай жасайды.  
Биология  кабинетінде  мұғалім  мен  оқушы  орындары  жиһазбен,  су 
құбырымен,  электр  жабдықтарымен,  қажет  құралдармен,  приборлармен 
жабдықталады  және  санитарлық-гигиеналық,  температура  режимін  сақтау 
талаптары сақталады.  
Зертханалық  жұмыстарға  арналған  оқу  құралдары  мен  приборларын 
зертханада орналасқан секциондық шкафтарда сақтау қажет.  
Биология  кабинетінде  оқытудың  аудиобейне  құралдарын  көрсетуге 
арналған  әртүрлі  жабдықтаумен  қатар  табиғаттың  тірі  объектілерін  бақылау, 
тәжірибе өткізу, демонстрациялау үшін жағдай жасалуы қажет.  
Бірақ  қазіргі  уақытта  мектептердің  бәрі  бірдей  жаңа  модификациялы  оқу 
кабинеттерімен қамтамасыз етілмеген. ҰББСБО мәліметтері бойынша осындай 
кабинеттермен  жабдықталған  мектептердің  үлесі  елімізде  әлі  де  төмен, 
шамамен 40-60%-ды, аймақтар мектептерінің бір қатарында аталған көрсеткіш 
тек қана 20-30%-ды құрайды.  
Жаңа  модификациялы  физика  кабинеттерімен  тек  3071  мектеп 
жабдықталған. Бұл көрсеткіш мектептердің жалпы санының 56,3%-ын құрайды 
және Астана (80,9%) және Алматы (95,7%) қалаларында, сонымен қатар Ақтөбе 
облысында (80,8%) (99-сурет) жоғары екені байқалады.  

206 
 
Дереккөз: Астана және Алматы қалалық, облыстық білім басқармаларының деректері 
99-сурет – Жаңа модификациялы физика кабинеттері бар мектептер үлесі  
 
Жаңа  модификациялы  химия  кабинеттерімен  елімізде  тек  2552  мектеп 
жабдықталған.  Бұл  40,1%-ды  құрайды.  Қазіргі  заманауи  жабдықтармен 
қамтамасыз  етілген  химия  кабинеттері  бар  мектептердің  басым  үлесі  Астана 
(79,4%)  және  Алматы  (90,9%)  қалаларында,  сонымен  қатар  Батыс  Қазақстан 
(68,3%),  Маңғыстау  (61,7%)  және  Атырау  облыстарында  (58,8%)  орналасқан 
(100-сурет).  
 
Дереккөз: Астана және Алматы қалалық, облыстық білім басқармаларының деректері  
 
100-сурет – Жаңа модификациялы химия кабинеттері бар мектептер үлесі  
 
Жаңа 
модификациялы 
биология 
кабинеттерімен 
2687 
мектеп 
жабдықталған, бұл, сәйкесінше, 42,3%-де құрайды. Жалпы алғанда, биология 
кабинеттерінің  жақсы  көрсеткіші  Алматы  (91,9%)  қаласында,  сонымен  қатар 
Батыс Қазақстан (74,6%) және Атырау (70,3%) облыстарында байқалады (101-
сурет).  

207 
 
Дереккөз: Астана және Алматы қалалық, облыстық білім басқармаларының деректері  
101-сурет – Жаңа модификациялы биология кабинеттері бар мектептер үлесі  
 
Лингафондық  мультимедиялық
 
кабинет  –  бұл  оқушылардың  өзіндік 
жұмысы  үшін аудиобейне  әдісі  арқылы  оңтайлы  жағдай жасайтын  дыбыстық-
техникалық проекциялау аппаратурасы кешенімен жабдықталған арнайы сынып [11].  
Лингафондық  мультимедиялық
 
кабинеттің  қазақ,  орыс  және  шетел  тілдерін 
меңгертуде  және  ауызекі  сөйлеу  тілін  дамытуда  мүмкіндігі  шексіз.  Лингафондық 
кабинет білім беру үдерісін ұйымдастыруда кең спектрлі қызметтерді орындайды:  
– ақпараттық;  
– үйрету және жаттықтыру;  
– бақылау-түзету;  
– коммуникативтік;  
– оқу үдерісін басқару.  
Лингафондық  мультимедиялық
 
кабинеттермен  еліміздің  3789  (59,6%) 
мектебінде  жабдықталған.  Лингафондық  мультимедиялық  кабинеттері  бар 
мектептердің  басым  бөлігі  Маңғыстау  (98,3%),  Қызылорда  (94,5%)  және 
Атырау (85,2%) облыстарында байқалады (102-сурет).  
 
Дереккөз: Астана және Алматы қалалық, облыстық білім басқармаларының деректері  
102-сурет – Лингафондық мультимедиялық кабинеттері бар мектептер үлесі  

208 
Оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  жоғары  деңгейін  қамтамасыз  етудегі 
маңызды  факторлардың  бірі  компьютерлендіру  және  жылдамдығы  жоғары 
Интернетке  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Ақпараттық-
коммуникациялық  технологиялар  біздің  күнделікті  өміріміздің  ажыратылмас 
бөлігі болып табылады және адамзат іс-әрекетінің барлық салаларына біртіндеп 
енуде.  АКТ-ны  білім  саласында  қолдану  оқу  үдерісінің  белсенділігін  3  есе 
арттыратыны,  сонымен  қатар  оқыту  сапасын  2-3  есе  жақсартатыны 
дәлелденген.  
Көптеген  елдердің  білім  жүйесінің  басым  бағытының  бірі  оқушылардың 
инфокоммуникациялық  құзыреттерінің  қалыптасуында.  Егер  бір  жағынан, 
оқушылардың аталған құзыреттерді игеруі уақыт талабы ретінде қарастырылса, 
екінші  жағынан,  бұл  талап,  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар,  әр 
түрлі  білім  салаларын  интеграциялау  үшін  ресурстар  мен  техникалық 
құралдарды  ұсына  отырып,  басқа  оқу  пәндерін  оқытудың  жаңа  құралдары 
ретінде қарастырылуына байланысты туындайды (103-сурет).  
 
 
Дереккөз: Астана және Алматы қалалық, облыстық білім басқармаларының деректері  
103-сурет – Кеңжолақты интернетке қосылған мектептер үлесі  
 
Білім жүйесін дамыту стратегиясы барлық деңгейдегі білім ұйымдарының 
Интернет желісіне 100% қосылуын жоспарлайды.  
Қорыта  келе,  ең  бастысы,  оқытудың  сапасын  қамтамасыз  ететін  жаңа 
модификациялы  кабинеттер,  біріншіден,  өркениет  талабына  жауап  бере 
алатындай  деңгейге  көтерілуі  тиіс,  екіншіден,  білім  үдерісінің  сапасын 
қамтамасыз етуге тиісті қолдау, қаржылай көмек көрсетіп, жағдай жасау үшін 
жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру қажет, үшіншіден, 
оқу кабинеттерінің сапасын теориялық және тәжірибелік тұрғыдан анықтайтын 
мониторинг  жүйесін  жасау  керек.  Осыған  байланысты  білім  беру 
ұйымдарының  ресурстық  қамтамасыз  етілу  деңгейін  анықтау  және  бағалау 
үшін төмендегі критерийлер мен көрсеткіштер ұсынылады (49-кесте).  

209 
49-кесте– Білім ұйымдарының ресурстық қамтамасыз етілуі  
Критерийлер 
Көрсеткіштер 
Индикаторлар 
Кадрлық ресурстар  
Мектеп  мұғалімдерінің 
біліктілігін арттыру  
1-11-сыныптар  бойынша  педагогикалық 
қызметкерлермен жабдықталуы (%) 
Жаңа 
МЖМБС 
бойынша 
курстық 
(деңгейлік)  даярлаудан  өткен  педагогтер 
үлесі (% жалпы санынан) 
Стандартқа  сәйкес  жалпы  білім  беретін 
мектеп 
директорлары 
мен 
орынбасарларының  біліктілік  арттыру 
курсынан өтуі (саны) 
Мұғалімнің 
кәсіби-
педагогикалық 
құзыреттілігі  
МЖМБС  контексінде  пәндер  бойынша 
жұмыстық  бағдарламаларды  жасауға 
қатысуы (жалпы санынан %) 
МЖМБС  контексінде  сыныптан  тыс 
жұмыс 
бойынша 
бағдарламаларды 
жасауға қатысу (жалпы санынан %) 
Қазіргі 
сабақты 
ұйымдастыру 
технологияларын  игерген  педагогтер 
(жобалау-зерттеу 
технологиялары, 
деңгейлік дифференциация технологиясы 
және басқасы) (жалпы санынан %) 
Оқушылардың 
жұмыстарын 
ұйымдастырудың 
белсенді 
әдістерін 
игерген 
педагогтер: 
топтар 
мен 
жұптарда, 
мобильдік 
топтарда, 
оқушымен  жеке  жұмыс  жасау  (жалпы 
санынан %) 
Білім 
алушылардың 
жетістіктерін 
критериалды  бағалау  жүйесін  игерген, 
оқушының 
«портфолиосын» 
пайдаланатын 
педагогтер 
(жалпы 
санынан %) 
АКТ 
құзыреттерін 
меңгеру  
Компьютерді жетік меңгерген педагогтер 
(коммуникацияның  қазіргі  құралдарын, 
мультимедиялық  ақпараттық  көздерін 
және  т.б.  қолданатын)  (жалпы  санынан 
%)  
Оқу 
үдерісінде 
АКТ 
құралдарын 
қолданатын  педагогтер  (интерактивтік 
тақта,  оқытудың  сандық  ресурстары) 
(жалпы санынан %) 
Оқушылардың  электрондық  күнделігін 
қолданатын  педагогтер  (жалпы  санынан 
%) 
Оқу-әдістемелік 
ресурстар 
Оқу 
үдерісінің 
оқулықтар 
мен 
бағдарламалармен 
қамтамасыз етілуі  
МЖМБС-қа  сәйкес  1-11  сыныптарға 
арналған 
оқулықтар 
мен 
оқу 
құралдарының болуы (қажеттісінің %) 
Стандартқа 
сәйкес 
оқу 
бағдарламаларымен  қамтамасыз  етілуі 
(қажеттісінің %) 

210 
Қосымша 
әдебиеттер 
қорының 
болуы 
(кітапханада) 
Анықтамалықтармен, 
сөздіктермен, 
энциклопедиялармен  қамтамасыз  етілуі 
(саны) 
Балалар 
көркем 
әдебиеттерімен 
қамтамасыз етілуі (саны) 
Сыныптан 
тыс 
жұмыстың 
бағдарламаларының 
болуы  
Сыныптан 
тыс 
жұмыс 
бойынша 
авторлық  бағдарламалармен  қамтамасыз 
етілуі (саны) 
МЖМБС 
(еркін 
қолжетімділікте)  еңгізу 
бойынша 
әдістемелік 
әдебиеттер, 
нормативтік 
құжаттардың болуы  
Құжаттар(саны):  
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 
жылғы 
23 
тамыздағы 
№ 
1080 
Қаулысымен  бекітілген  орта  білім 
берудің  (бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы 
орта  білім  беру)  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті стандарты  
 
Қазақстан 
Республикасы 
Ұлттық 
экономика  министрінің  2014  жылғы  29 
желтоқсандағы  №  179  бұйрығымен 
бекiтiлген  «Білім  беру  объектілеріне 
қойылатын 
санитариялық-
эпидемиологиялық 
талаптар» 
санитариялық қағидалары  
 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым  министрінің  2012  жылғы  7 
наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген 
«Мектепке  дейінгі,  бастауыш,  негізгі 
орта,  жалпы  орта,  техникалық  және 
кәсіптік 
білім 
беру 
ұйымдарын 
жабдықтармен 
және 
жиһазбен 
жарақтандыру 
нормаларын 
бекіту 
туралы»  нормалары  (09.07.2013  ж. 
берілген 
өзгерістер 
мен 
толықтырулармен) 
Әдістемелік әдебиеттердің болуы: 
- пәндерді оқыту әдістемесібойынша; 
- критериалды бағалау жүйесі бойынша;  
-  сабақты  ұйымдастыру  бойынша  және 
т.б.(саны) 
Материалдық-
техникалық 
ресурстар  
Оқу 
ғимараттарының 
болуы  
Педагогикалық 
қызметкерлердің 
автоматталған  жұмыс  орындары  бар  оқу 
кабинеттері (саны) 
Акт залы (саны) 
Оқу-зерттеу  және  жобалау  іс
-
әрекетіне, 
модельдеу 
және 
техникалық 
шығармашылық  сабақтарына  арналған 
бөлмелер (саны) 
Оқу және сыныптан тыс жұмысты жүзеге 
асыру  үшін  қажет  зертханалар  мен 

211 
шеберханалар (саны) 
Музыка 
және 
бейнелеу 
өнерімен 
айналысуға 
арналған 
бөлмелер 
(кабинеттер,  шеберханалар,  студиялар) 
(саны) 
Лингафон кабинеті (саны) 
Хореография залы (саны) 
Ойын,  спорттық  жабдықтар  мен  керек
-
жарақпен 
қамтылған 
спорт 
залы, 
стадион, спорт алаңдары, тир, (саны) 
Оқу 
кабинеттерін 
Қазақстан 
Республикасы 
Білім 
және 
ғылым 
министрінің 
2012 
жылғы 7 наурыздағы № 
97 
бұйрығымен 
бекітілген 
«Мектепке 
дейінгі, 
бастауыш, 
негізгі  орта,  жалпы 
орта,  техникалық  және 
кәсіптік 
білім 
беру 
ұйымдарын 
жабдықтармен 
және 
жиһазбен 
жарақтандыру 
нормаларын 
бекіту 
туралы»  нормаларына 
(09.07.2013  ж.  берілген 
өзгерістер 
мен 
толықтырулармен) 
сәйкес жабдықтау  
 
Бастауыш сынып кабинеті  
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  кабинеті 
(қажеттісінен %) 
Орыс  тілі  мен  әдебиеті  кабинеті 
(қажеттісінен %) 
Шетел  тілдері  кабинеті  (қажеттісінен 
%) 
Математика кабинеті (қажеттісінен %) 
Физика кабинеті (қажеттісінен %) 
Химия кабинеті (қажеттісінен %) 
Информатика  кабинеті  (қажеттісінен 
%) 
Тарих кабинеті (қажеттісінен %) 
География кабинеті (қажеттісінен %) 
Биология кабинеті (қажеттісінен %) 
Музыка кабинеті (қажеттісінен %) 
Бейнелеу  өнері  кабинеті  (қажеттісінен 
%) 
Технология кабинеті (қажеттісінен %) 
Материалдық-
техникалық 
базаның 
МЖМБС 
жүзеге 
асыруына сәйкес келуі  
тамақтанудың  санитарлық  нормаларына 
сәйкестігі («+» көрсеткішінің болуы,– «-
»болмауы) 
өртті  болдырмау  нормаларына  (  «+» 
көрсеткішінің болуы, – «-» болмауы) 
қызметкерлердің 
еңбек 
қауіпсіздігін 
сақтау 
нормаларына 
сәйкестігі 
( 
«+»,көрсеткішінің болуы– «-»болмауы)  
 
 
 
 
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет