Қазақстандағы орта білім: жағдайы және болашағЫ



Pdf көрінісі
бет16/16
Дата18.03.2017
өлшемі5,16 Mb.
#10044
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Қорытынды  
 
Білім  беру  –  «Қазақстан-2030»  Стратегиясының  маңызды  ұзақ  мерзімдік 
басымдықтарының 
бірі. 
Қазақстан 
қоғамының 
заманауи 
геосаяси, 
экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі 
Қазақстан  Республикасында  орта  білім  беру  жүйесін  жаңғыртуды  талап  етіп 
отыр.  Тәуелсіз  ел  тірегі  –  білімді  ұрпақ.  Егеменді  елдің  жас  жеткіншектерін 
қалай  тәрбиелесек,  қазақ  елінің  болашағы  да  соған  байланысты  болмақ. 
Сондықтан  орта  мектептегі  білім  мен  тәрбиені  дамытуымыз  үшін  бүгінімізді 
байыптап,  ертеңімізді  жоспарлап  отыру  қажет.  Қазақстандағы  орта  білімнің 
жағдайы мен болашағына талдау жасау осы мақсаттан туындап отыр.  
Талдамалық жинақта Қазақстанда орта білім беруді дамыту әлемдік білім 
беру реформалары контексті тұрғысынан қарастырылған.  
Заманауи білім саясатының басшылыққа алатын бағдарларының бірі білім 
сапасы  болып  табылады.  Білім  сапасы  мемлекеттік  деңгейде  ғана  емес,  нақты 
білім беру ұйымы деңгейіндегі бағалау мазмұны болып табылады.  
Талдамалық жинақты жазу барысында орта білімді дамытуға халықаралық 
және  отандық  озық  тәжірибені  енгізу  үшін  республиканың  16  аймағындағы 
оқыту  сапасын  және  оқу-тәрбие  үдерісін  зерделеу,  білім  мазмұнын,  оқыту 
әдістерін,  оқулықтар  мен  оқу  бағдарламаларының  сапасын,  оқу-әдістемелік 
және материалды-техникалық базаларын талдау, инновациялық педагогикалық 
технологиялардың  енгізілу  жағдайын  зерделеу,  педагогикалық  кадрмен  және 
ресурстық қамтамасыз етілу жағдайын талдау жұмыстары жасалды.  
Қазақстандағы  орта  (бастауыш,  негізгі  және  жалпы  орта)  білім:  жағдайы, 
мәселелері  және  дамуының  басым  бағыттарын  анықтау  үшін  халықаралық 
зерттеулер,  ОЖСБ,  ҰБТ  нәтижелеріне  сараптама  жүргізілді.  Мектептер  мен 
аймақтарға ресурстарды үлестіру және білім беруді басқару қағидаларымен оқу 
жетістігі  мониторингісінің  нәтижесіне  салыстырмалы  сараптама  жасалды. 
Сонымен  қатар,  қосымша  білім  беру,  инклюзивті  білім  беру,  шағын  жинақты 
мектептер,  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  кешендерді  әзірлеу  және  т.б. 
бойынша жүргізілген жұмыстар назарға алынып зерделенді.  
Әлемдегі орта (бастауыш, негізгі және жалпы орта) білім беру жүйесіндегі 
әдіснаманың өзгеруі мен мазмұнның жаңару бағыттарын зерделей отырып, орта 
білімнің  дамуының  негізгі  үрдістері  анықталды:  ізгілендіру,  қоғамдандыру, 
демократияландыру,  вариативтілік,  интернационалдандыру,  жаһандандыру, 
дифференциациялау, жаңғырту, аймақтандыру, үздіксіздік.  
Орта білім беру жүйесінің көрсеткіштеріне талдау нәтижесі бойынша жыл 
сайынғы  жалпы  білім  беретін  мектептер  желісі  қысқарып  (оның  ішінде  ауыл 
мектептері),  керісінше  оқушылар  саны  өсуінің  оң  өзгерістері  анықталды.  Бұл 
шағын жинақты мектептерді ірілендіру үдерісі есебінен болып отыр. Дегенмен, 
ауылдық жерлерде орналасқан мектептердің саны қала мектептеріне қарағанда 
басымырақ  (3,3  есе  артық),  ал  оқушылар  санында  айтарлықтай 
айырмашылықтар  жоқ.  Оқыту  қазақ  және  орыс  тілдерінде  жүргізілетін 
мектептер  үлесі  төмендеп  (оның  ішінде  оқыту  орыс  тіліндегі  мектептер),  ал 
аралас тілдегі мектептер саны артып отыр.  

213 
Салыстырмалы  талдаулар  көрсеткендей  алдыңғы  жылдарға  қарағанда 
елімізде  шағын  жинақты  мектептер  мен  онда  білім  алатын  оқушылар  саны 
азайып  келеді.  Мұндай  үрдіс  шағын  ауылды  мекендердегі  тұрғындардың 
аудандық  поселкалар  мен  қалаға  көшуіне  байланысты.  Материалды-
техникалық базаның жабдықталмауы тиімді оқу үдерісін ұйымдастыруға және 
толыққанды  жұмыс  істеуіне  кедергі  келтіруде.  Мектепте  оқушылар  саны  аз 
болған  сайын  бір  оқушыға  бөлінетін  шығын  мөлшері,  мектеп  ғимаратын, 
қызметкерлердің  еңбек  ақысын  қоса  есептегенде  көп  болатынын  тәжірибе 
көрсетті.  Осыған  орай  ШЖМ  шоғырландыру  немесе  жабу  үдерісі  шынайы 
қажеттілік болып отыр.  
Талдамалық  жинақта  облыстық  және  қалалық  білім  басқармаларынан 
алынған  ақпараттар  мен  мәліметтер  негізінде  инклюзивті  білім  беру  бойынша 
салыстырмалы  талдаулар  жасалды.  Жалпы  білім  беретін  мектептерде  арнайы 
жағдайларды  қамтамасыз  етудің  оңтайлы  динамика  үрдісі  байқалады. 
Республикамыздағы  инклюзивті  білім  беру  жалпы  білім  беру  жүйесіне 
мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  қосу  басымдылығына  ие.  Жалпы  білім 
беретін  мектептерде  арнайы  сыныптардың  ашылуы,  мүмкіндіктері  шектеулі 
балаларға 
түзеу-педагогикалық 
қолдау 
оңалту 
орталықтарында, 
психологиялық-педагогикалық 
түзеу 
кабинеттерінде, 
мектептердегі 
логопедиялық  пунктарда  жүзеге  асырылуы  анықталды.  Республикамыздағы 
инклюзивті  білім  беру  жағдайын  зерделеу  барысында  алдыңғы  жылдармен 
салыстырғанда инклюзивті біліммен қамтылған жалпы білім беретін мектептер 
саны артқандығын, арнайы сыныптардың азайғанын, инклюзивті сыныптардың 
артқандығын,  инклюзивті  біліммен  қамтылған  мүмкіндіктері  шектеулі 
оқушылар  санының  артқандығын,  инклюзивті  білім  беру  саласында  жұмыс 
істейтін 
арнайы 
педагогтер 
(логопед, 
сурдопедагог, 
тифлопедагог, 
олигофренопедагог)  мен  психологтар,  инклюзивті  білім  беру  курсынан  өткен 
педагогтер санының аздап артқандығын көрсетті.  
Оқу  жылындағы  статистикалық  деректерді  салыстырмалы  талдау  ауыл 
мектептеріндегі  мұғалімдердің  үлесі  қала  мектептеріне  қарағанда  артығырақ 
болғанымен, жоғары білімі бар және жоғары санатты ауыл мұғалімдерінің үлесі 
қала  мұғалімдеріне  қарағанда  төмен  екені,  арнайы  орта  білімі  бар  педагогтер 
үлесінің  артқаны  анықталды.  Дегенмен,  қазақстандық  мектептерде,  шағын 
жинақты  мектептерде  педагогикалық  кадрларға,  яғни  пән  мұғалімдеріне, 
ерекше  оқытуды  қажет  ететін  балаларға  білім  беру  қызметін  көрсететін 
мамандарға қажеттіліктер жылдан жылға көбірек байқалуда.  
Балаларға  қосымша  білім  беру  бойынша  ұйымдардың  контингенті  мен 
желісін салыстырмалы талдау елімізде қосымша білім беру қызметін көрсететін 
әртүрлі  ұйымдар  желісінің  түрлері  (ауылдық  және  қалалық  жерлерде)  өскенін 
байқатты.  Бұлардың  қатарында  балалар  мен  жасөспірімдер  шығармашылығы, 
экология  және  өлкетану  орталықтары,  оқу-әдістемелік  және  экологиялық 
орталықтар,  аула  клубтары,  спорт  және  өнер  мектептері,  балалар  сауықтыру 
лагерлері,  балалар  мен  жасөспірімдердің  арнайы  олимпиадалық  резерв 
мектептері  т.б.  ұйымдар.  Соңғы  үш  жылда  қосымша  білім  беру  ұйымдары 
желісін  кеңейту  ауылдық  жердегі  балалардың  қатысуын  51,5  мың  адамға, 

214 
қалалық  жерде  13,8  мың  адамға  өсуін  қамтамасыз  етті.  Дегенмен,  қосымша 
білім  беру  ұйымдарының  инфра  құрылымы  әлсіз  және  мектептен  тыс 
ұйымдарда балалардың қосымша біліммен қамтылуы төмен деңгейде. Қосымша 
білім  беру  ұйымдары  педагог  кадрларының  сапалық  құрамы  туралы 
сараптамалық  деректер  көрсеткендей,  жоғары  педагогикалық  білімі  бар 
педагогтер  үлесінің  өсуі  көрінгенмен,  қосымша  білім  беру  ұйымдары  жұмыс 
жасайтын жалпы орта білімі бар педагогтер саны төмендеп отыр.  
Талдамалық  жинақта  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енудің  мемлекеттік 
саясатын  ескеріп,  Қазақстандағы  білім  беру  жүйесінің  заманауи  даму 
деңгейінде  қызмет  атқарып  жатқан  білім  беру  ұйымдарының  жаңа  үлгілері 
халықаралық  мектептердің,  атап  айтқанда  Қазақ-Түрік  лицейлері,  «Мирас» 
халықаралық  мектебі,  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі»  ДББҰ,  Астанадағы 
Heileybury  мектебі  және  Алматыдағы  Heileybury  мектебі  оқу  орындарындағы 
басқарудың,  басшылық  ету,  бақылау  жүргізу  жолдарының  және  білім  беру 
үдерісін  ұйымдастырудың  ерекшеліктері  көрсетілген.  Талдау  нәтижесінде 
халықаралық  мектептерде  тілдік  дағдылар  сөйлеу  әрекетінің  төрт  түрінің 
дамытылуы,  үштілдік  саясаттың  жүзеге  асырылуы,  оқу  пәндерінің  кіріктіріліп 
оқытылы,  оқушының  дамуын  шынайы  бағалау  мақсатында  оқушылардың  оқу 
жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі қолданылуы анықталды.  
Орта  білім  беруді  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  етудегі  Мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттары,  үлгілік  оқу  жоспарлары,  оқу 
бағдарламалары,  оқулық  және  оқу-әдістемелік  кешендері,  сандық  білім  беру 
ресурстарының  жүзеге  асырылу  кезеңдеріне,  олардың  құрылымы  мен 
мазмұндық  ерекшеліктеріне,  өзгертулер  мен  толықтыруларға  салыстырмалы 
талдаулар жасалды. Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымдарының 
2014 жылғы өткізген зерттеулері қорытындысын есепке ала отырып, мектептегі 
оқу бағдарламалары мен оқу материалдарының күрделілігі және олардың білім 
мазмұнының 
заманауи 
талаптарға 
сәйкес 
келмеуі, 
оқушылардың 
функционалдық  сауаттылығын  дамытуға  толыққанды  мүмкіндік  бермеуі, 
академиялық  пәндерге  артық  жүктеме  берілуі,  теорияға  шамадан  тыс  ерекше 
назар  аударылуы,  үлгермейтін  балаларға  қол  жетімсіздігі,  жоғары  сынып 
оқушыларына  шағын  пәндерді  тереңдетіп  оқытуды  қамтамасыз  етудің  және 
пәндерді таңдау еркіндігін берудің қажеттілігі анықталды.  
Орта  білім  деңгейлері  бойынша  білім  алушылардың  оқу  жетістігінің 
мониторингісі  бойынша  ұлттық  бағалау  жүйесінің  (пәндер  бойынша  облыс 
бөлісінде ОЖСБ, ҰБТ) нәтижелеріне және PISA-2015, TIMSS-2015 халықаралық 
салыстырмалы  зерттеулері  мен  PIRLS-2016  апробациялық  зерттеуіне  қатысу 
дәрежелеріне талдаулар жасалды.  
Жинақта бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқу-
тәрбие  үдерісін  ұйымдастырудағы  тәжірибелер  мен  иновацияларға  талдаулар 
жасалып,  жалпы  білім  беретін  мектептерде  қолданыстағы  педагогикалық 
технологиялардың  тиімділігі,  Қазақстанның  халықаралық  мектептердің  оқу-
тәрбие  үдерісінде  қолданыстағы  жаңаша  инновациялық  технологиялар  мен 
әдістемелер көрсетілді.  
Сонымен бірге, жаңа форматтағы мұғалімнің мәртебесі және құзыреттілігі 

215 
бойынша  мұғалімнің  біліктілігіне  қойылатын  талаптар  тұжырымдалып, 
мұғалімдердің  біліктілігін  жетілдірудің  жаңа  жүйесі  бойынша  «НЗМ»  ДББҰ 
ПШО  мен  «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы»  АҚ-да 
ұйымдастырылып өтіп жатқан деңгейлік бағдарламалардың (3 айлық деңгейлік 
курстар)  артықшылық  жақтары  көрсетілді.  Сараптама  барысында  Республика 
бойынша  ІІІ  (базалық)  деңгей  бойынша  өткен  мұғалімдердің  саны  І,  ІІ 
деңгейлерге  қарағанда  әлдеқайда  көп  екені  анықталды  және  деңгейлік 
курстардан  өткен  мұғалімдердің  орта  жасы  41  жас  екені  байқалды.  Бұл  өз 
кезегінде жаңа тұрпатты мұғалімнің қалыптасуына үлкен ықпал ететіні сөзсіз. 
Аталған үш айлық курс мұғалімнің дәстүрлі педагогикалық ойлауын өзгертуге 
және басқа мұғалімдер арасында оқытудың жаңа тәсілін насихаттауға қабілетті 
мұғалімдердің «сыни массасын» қалыптастыруға бағытталғанын көрсетті.  
Заманауи  мектепті  ресурстық  қамтамасыз  ету  бойынша,  яғни  білім  беру 
ұйымдарының  материалдық-техникалық  базалары  мен  оқу-әдістемелік 
қорының  жай-күйі  зерделеніп,  жалпы  білім  беретін  мектептер  жаңа 
модификациялы 
оқу 
кабинеттерімен, 
лингафондық 
мультимедиялық 
кабинеттермен,  кеңжолақты  интернетпен  қамтамасыз  етілуі  төмен  деңгейде 
болуы  анықталды.  Білім  беру  ұйымдарының  ресурстық  қамтамасыз  етілу 
деңгейін  анықтау  және  бағалау  үшін  критерийлер  мен  көрсеткіштер 
тұжырымдалды.  
Сонымен, республиканың 16 аймағындағы оқыту сапасын және оқу-тәрбие 
үдерісін зерделеу барысында республиканың орта білім беру жүйесін одан әрі 
дамыту мақсатында келесідей ұсынымдар жасалды:  
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша:  

 
«Назарбаев  зияткерлік  мектептері»  ДБҰҰ  тәжірибесі  негізінде  жалпы 
орта білім берудің мазмұнын жаңарту жұмыстарын жандандыру;  

 
оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  мақсатында 
оқулықтар мен ОӘК, оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту;  

 
ГИК,  PISA,  TIMSS  халықаралық  салыстырмалы  зерттеулерде 
қазақстандық  мектеп  оқушыларының  көрсеткіштерін  көтеру  мақсатында  білім 
беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жалғастыру;  

 
оқыту  барысында  мәселелерді  анықтау  үшін  пән  мұғалімдерінің 
әдістемелік бірлестіктері отырыстарында халықаралық зерттеулер, БЖСБ, ҰБТ 
нәтижелеріне сараптама жүргізуді жандандыру;  

 
оқытуды  қызметтік,  практикалық-бағдарланған  қатынастарға,  дағды 
қалыптастыруға бағдарлау;  

 
тұлғалық-бағдарланған  тәсілдерді  даралау  мен  іске  асыруды 
қамтамасыз ететін оқытуды бейіндеуді күшейту;  

 
жалпы  орта  білім  мазмұнын  жаңарту  бойынша  оқушылардың  оқу 
жетістігін  бағалау  үшін  критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу  мен  әдістемелік 
нұсқауларды әзірлеуді қамтамасыз ету;  

 
«Mәңгілік  Ел»  Ұлттық  идеясын  жүзеге  асыру  аясында  мектептерде 
мақсатты  түрде  тәрбие  жұмыстарын,  барлық  оқу  пәндерінің  тәрбиелік  мәнін 
күшейту;  

216 

 
«Мәңгілік  Ел»  біріктіруші  жалпыұлттық  идеясының  негізінде 
қазақстандық  өзіндік  сананы  және  мәдени  бірізділікті  қалыптастыру  бойынша 
жұмысты күшейту;  

 
мектеп  оқушыларының  қажеттілігі  мен  қызығушылығын  толығымен 
қанағаттандыру  үшін  арнаулы  білім  жүйесінде  шығармашылық  қызметтің 
түрлерін  кеңейту,  соның  ішінде  ғылыми-техникалық  бірлестіктер,  оқу-
зерттеушілік бағыттарын дамыту;  

 
Қазақстанның  халықаралық  мектептері  оқу-тәрбие  үдерістерінде  іске 
асырылған  әдістемелер  мен  инновациялық  технологияларды  қолдану 
тәжірибелерін барлық жалпы орта білім беру ұйымдарына тарату;  

 
педагогтардың білімге қажеттілігін өзектендіру үшін біліктілікті көтеру 
жүйесінде  әдістемелік  қызметтің  іс-әрекетін,  педагогикалық  қызметкерлерді 
курсаралық  және  курстан  кейінгі  сүйемелдеуін,  білім  бағдарламаларын 
игерудің  нәтижелік  сараптамасын,  білім  беру  ұйымдарында  инновациялық 
тәжірибелерді енгізу мен таратуды күшейту.  
Ресурстық қамтамасыз ету бойынша:  

 
жалпы  білім  беру  мектептерінің  материалдық  базасын,  соның  ішінде 
ауылдық 
мектептердің 
және 
мектептен 
тыс 
ұйымдардың 
инфрақұрылымын жаңғырту;  

 
жаңа 
модификациялы 
оқу 
кабинеттерімен, 
лингафондық 
мультимедиялық  кабинеттермен,  кеңжолақты  интернетпен  қамтамасыз  ету 
үлесін арттыру;  

 
жалпы  білім  беретін  мектеп  педагогтерінің қызметтерін ынталандыру, 
оларды іріктеу және нәтижесін бағалау механизмін жасау;  

 
білікті  мамандар  әлеуетін  сақтап  қалуға  және  білім  беру  жүйесін 
тұтастай дамыта отырып, өзінің білім деңгейін көтеруде педагогтерді уәждеуге 
мүмкіндік беретін аттестаттау рәсімін өткізу механизмін жетілдіру;  

 
білім  беру  үдерістерін  топтау  үшін  жеткілікті  уақытты  ұсыну 
мақсатында  есеп  беру  көлемі,  жүктеме,  төлем  қағидаларын  қайта  қарау, 
мұғалімдердің жұмысын оңтайландыру;  

 
мектептік  білім  берудің  кадрлық  әлеуетін  күшейту,  үш  деңгейлі 
Кембридж  жүйесі  мен  қысқа  мерзімді  курстар  бойынша  біліктілігін  арттыру 
курстарын жандандыру;  

 
орта  білім  беру  саласына  озық  педагогикалық  тәжірибені  тарату 
мақсатында жалпы білім беру мен Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы 
байланысты нығайту;  

 
білім  беруді  ақпараттандыру,  электрондық  оқытуды  және  оқытудың 
инновациялық 
технологияларын, 
сонымен 
бірге 
Lesson Study әдісін, 
көшбасшылықты кең көлемде пайдалану;  

 
орта  білім  берудің  жаңартылған  мазмұны  бойынша  жалпы  білім 
беретін  мектеп  мұғалімдерін  қайта  даярлау  курсынан  сатылай  өтуін 
қамтамасыз ету.  
Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша:  

 
инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асыратын  білім  беру  ұйымдарына 

217 
мақсатты бағытталған көмек ұйымдастыру;  

 
қайта даярлау бойынша инклюзивті курстар санын арттыру;  

 
арнайы  педагогика  және  арнайы  психология  саласында  педагогтердің 
құзыреттілігін арттыру;  

 
оқушыларды  және  әртүрлі  санаттағы  ерекше  оқытуды  қажет  ететін 
тұлғаларды қамту сапасын жақсарту;  

 
арнаулы  және  инклюзивтік  білім  беруді  дамытуды  оқу-әдістемелік 
және нормативтік-құқықтық тұжырымдамалық жетілдіру;  

 
инклюзивті  білім  беру  жүйесінде  психологиялық-педагогикалық 
қолдау  қызметін  ұйымдастыру  үшін  мамандардың  (сурдопедагогтың, 
тифлопедагогтың, олигофренопедагогтың) мөлшерлемесін енгізу.  
Қосымша білім беруді дамыту бойынша:  

 
қосымша білім беруді жетілдіру және қолжетімділікті ұлғайту;  

 
мектептерді  басқаруды  жетілдіру  және  балаларға  қосымша  білім  беру 
жүйесінің сапасын арттыру;  

 
қосымша  білім  беруде  әсіресе,  әлеуметтік  аз  қамтылған,  девиантты 
мінез-құлыққа бейім балаларды қамту;  

 
жаңа  буын  бағдарламаларын  жасау,  қосымша  білім  беру  мазмұнын 
жаңарту, көптілді (үш тілде) білім беруді дамыту;  

 
балалардың 
функционалдық 
сауаттылығын 
қалыптастыруға 
бағдарланған,  балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесінің  бағыттары  бойынша 
бағдарламалық-әдістемелік  және  ақпараттық  қамтамасыз  ету  жұмыстарын 
жандандыру;  

 
қосымша  білім  берудің  ресурстық  орталықтары  ретінде  қолданыстағы 
мектептен  тыс  ұйымдарды,  қосымша  білім  беру  ұйымдары  педагогтері  мен 
мектеп  мұғалімдерінің  кадрлық  әлеуетін  тарту  арқылы  қызығушылықтары 
бойынша мектеп үйірмелерін ашу үшін пайдалану;  

 
қосымша  білім  беретін  пәндерден  колледждер  мен  педагогикалық 
жоғары 
оқу 
орындарында 
педагогтер 
даярлау 
бойынша 
Үлгілік 
жоспарларын енгізу;  

 
білім  беру  ұйымдарының  бәсекеге  қабілеттілігі,  қосымша  білім  беру 
сапасын бағалау критерийлері мен өлшемдерін жасау;  

 
ата-аналарға  және  педагогтерге  көмек  ретінде  қосымша  білім  беру 
бағыттары  бойынша  балаларға  жас  ерекшеліктерін  ескере  жинақтар,  нұсқау, 
бағдарлама,  әдістемелік  құралдарды  енгізу  және  тарату,  әзірлеу:  көркемдік-
эстетикалық, 
музыкалық, 
ғылыми-техникалық, 
туристік-өлкетанулық, 
биологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әскери-патриоттық т.б.  
Шағын жинақты мектепті дамыту бойынша:  

 
интернаттық  ұйымның  альтернативасы  ретінде  мектептен  алыста 
тұратын облыстағы балалар үшін интернат желісін ұлғайту;  

 
оқыту  мен  тәрбиелеу  сапасын  арттыру  бойынша  шағын  жинақты 
мектептерге,  ресурстық  (тірек)  орталықтарға  әдістемелік  көмек  көрсету 
жұмыстарын жандандыру;  

 
жас  мұғалімдерге  әдістемелік  көмек  көрсетуді  күшейту,  сондай-ақ 

218 
облыстық  ресурстық  орталықтарда  ШЖМ-нің  оқушыларының  нәтижелерін 
және үздік мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін тарату;  

 
облыстық білім басқармасына және «Өрлеу» АҚ облыстық филиалында 
біріктірілген сыныптар да сабақ өткізу әдістемесі бойынша қысқы және жазғы 
каникулдар арасында біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру;  

 
мұғалімдерді  2  пән  (пәндердің  бағыты)  бойынша  бір  жылдық 
біліктілігін арттыру курстарында қайта даярлауды ұйымдастыру;  

 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындарына  ауылдағы  шағын  жинақты 
мектеппен  (шығу  семинарларын,  он-лайн  режимінде  конференциялар, 
шығармашылық-сыныбын,  дөңгелек  үстелдерге)  ынтымақтастық  бағдарлама 
әзірлеу және оны жүзеге асыру;  

 
оқушылардың әлеуметтенуін, алдын ала кәсіби бағдарын және бейіндік 
оқытуды  жүзеге  асыруда  ұйымдастырушылықты  жақсарту,  кадрлар  және 
ресурстармен қамтамасыз ету;  

 
аралас  мамандықтар  бойынша  жоғары  білікті  педагогикалық 
кадрларды көп салалы мамандықтарды дайындау жүзеге асыру;  

 
ШЖМ  дамытуға  педагогикалық  мамандықтары  бар  жоғарғы  оқу 
орындарының оқу жоспарына элективтік пәндер және арнайы курстар енгізу.  
 
 
 

219 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  
 
1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы-2050: бір 
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» // Казахстанская правда. 17 қаңтар 2014.  
2 Назарбаев Н.Ә. Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек 
қоғамына қарай жиырма қадам // Казахстанская правда, 10 шілде 2012.  
3  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы.  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  2010  жылғы  7  желтоқсандағы  №1118  Жарлығы.  –  Астана. 
2010 ж.  
4  Шаймуханова  С.Д.,  Кенжебаева  З.С.  Модернизация  образования 
республики  казахстан:  состояние  и  перспективы  развития  //  Успехи 
современного естествознания. – 2014. – № 5 (1). – С. 174-178.  
5  Равен  Дж.  Компетентность  в  современном  обществе:  выявление, 
развитие и реализация. – М.: Когито-Центр, 2002. – 396 с.  
6  Эдгар  Фор.  Учиться  быть  //  Всемирный  доклад  ЮНЕСКО.  Париж: 
ЮНЕСКО, 1972 г.  
7 «Дакарские рамки действий, Образование для всех» (ОДВ) // Всемирный 
форум по образованию. Дакар. 2000 г.  
8  Эйхельбаум  де  Бабини  А.М.  Сходства  и  различия  в  развитии 
современных  моделей  образования  //  Перспективы:  вопросы  образования
Париж: ЮНЕСКО, 1992. №4. -С. 51, 53.  
9  Купцов  О.В.  Непрерывное  образование  его  структура.  //  Высшее 
образование в Европе. Том XVI. №1, 1991. -С. 29-30.  
10  Қазақстан  Республикасы білім  беру  жүйесінің  жағдайы  мен  дамуы 
туралы ұлттық баяндама, 2013. – Астана: ҰБСБО, 2013 ж.  
11  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  жүйесінің  жағдайы  мен  дамуы 
туралы ұлттық баяндама, 2014 жыл– Астана: ҰБСБО, 2013 ж.  
12 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III. «Білім 
туралы» Заңы// Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 
сайты: URL: http://www. edu.gov.kz/  
13  Қазақстан  Республикасында  инклюзивті  білім  беруді  дамытудың 
тұжырымдамалық тәсілдері (жоба).  
14  Республикалық  психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңес 
берудің 2015 жылғы 1 қаңтарға берген мәліметтері негізінде.  
15 Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім 
берудің  үлгілік  оқу  жоспары  //  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығы.  
16  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  (1995  жылғы  30  тамызда 
республикалық  референдумда  қабылданды)  (2011  жылғы  2  ақпандағы 
өзгертілген және толықтырылған нұсқасы).  
17 Понс А., Аморосо Д., Херчински Я., Хейфец И.,Локхид М., Сантьяго П. 
Обзор  политики  по  улучшению  эффективности  использования  ресурсов  в 
школах. Казахстан. 2015, - 236 с.  
18  АО  «Информационно-аналитический  центр»  (ИАЦ).  (2014),  Обзор 

220 
ОЭСР  «Политика  повышения  эффективности  использования  ресурсов  в 
школах: страновой базовый доклад по Казахстану».  
19 Васильев В.П. Командно-коллегиальное управление школой как фактор 
качества  образования:  /  Дис....  канд.  пед.  наук:  13.00.01:  -Великий  Новгород, 
2004. - 149 c. РГБ ОД, 61:05-13/901 http://www.lib.ua-ru.net/  
20  Білім  беру  ұйымының  қамқоршылық  кеңесі  қызметі  және  оны  сайлау 
тәртібі  туралы  үлгі  ережелер  22  қазан  2007  жыл  №  501.  Дереккөз: 
http://adilet.zan.kz  
21  Материалы  республиканского  семинара-совещания  «Актуальные 
вопросы  деятельности  попечительских  советов  общеобразовательных  школ 
республики». г. Петропавловск. – 2012. – 24 февраля. // www.edu-sko.kz  
22  Попечительский  совет  НПО  «Школа  самоопределения».  INTERNET: 
news.1september/fep/ps/sprav.html  
23  Теоретико-методологические  основы  создания  образовательных 
стандартов 12-летней школы в контексте обновления содержания образования: 
Научно-исследовательской работа. – Астана: НАО им. И. Алтынсарина, 2014. – 
112 с.  
24  Научно-методическое  обеспечение  полиязычного  образования  в 
системе средней и высшей школы: Научно-исследовательской работа. – Астана: 
НАО им. И. Алтынсарина, 2014. – 90 с.  
25  Научно-методические  основы  информатизации  системы  среднего 
образования  в  контексте  инновационного  развития  общества:  Научно-
исследовательской работа. – Астана: НАО им. И. Алтынсарина, 2014. – 103 с.  
26  Научно-методологические  основы  формирования  экологической 
культуры  учащихся  в  условиях  модернизации  системы  среднего  образования: 
Научно-исследовательской работа. – Астана: НАО им. И. Алтынсарина, 2014. – 
60 с.  
27  Дидактические основы интеграции содержания среднего, технического 
и  профессионального,  послесреднего,  высшего  образования:  Научно-
исследовательской работа. – Астана: НАО им. И. Алтынсарина, 2014. – 109 с.  
28  Психолого-педагогические  основы  духовно-нравственного  развития 
личности в этнокультурном пространстве: Научно-исследовательской работа. – 
Астана: НАО им. И. Алтынсарина, 2014. – 94 с.  
29  Орта  білім  берудің  (бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру) 
мемлекеттік жалпыға  міндетті  стандарты  ҚР  Үкіметінің 23.08. 2012  жылғы № 
1080 қаулысы. – Астана.  
30  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті білім беру 
стандарты  (бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім)  //  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  09.07.  2010  жылғы  №  367 
бұйрығымен бекітілген және енгізілген. - Астана, 2010. – 16 б.  
31  Жалпы  білім  беру  ұйымдарына  арналған  жалпы  білім  беретін 
пәндердің,  таңдау  курстарының  және  факультативтердің  үлгілік  оқу 
бағдарламалары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 
жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығы. – 1176 б.  
32 Обзор политики по улучшению эффективности использования ресурсов 

221 
в школах Казахстана. – Астана: ОЭСР и Международный банк реконструкции и 
развития // Всемирный банк, 2015 г. – 236 с.  
33  Мониторинг  апробации  цифровых  образовательных  ресурсов  по 
истории  Казахстана  для  11  класса  на  русском  языке  в  пилотных  школах.  – 
Алматы: АО «НЦИ», 2012. – 24 с.  
34 Қазақстан тарихы бойынша 5-сыныпқа арналған қазақ тіліндегі сандық 
білім беру ресурстарды пилоттық мектептерде сынақтан өткізу сараптамасы. –
Алматы: «ҰАО» АҚ, 2012. – 36 б.  
35  Анализ  результатов  внешней  оценки  учебных  достижений  учащихся  9 
классов  (ВОУД-2015).  Аналитический  сборник.  /  Л.  Забара,  Д.  Ташибаева, 
Г.Ногайбаева. - Астана: АО ИАЦ, 2015. - 64 с.  
36  Анализ  результатов  единого  национального  тестирования  (ЕНТ-2014). 
Аналитический сборник. / Г. Кусиденова, А. Алина. - Астана: НЦОСО, 2014. – 
70 с.  
37  TIMSS  халықаралық  зерттеуі.  Әдістемелік  құрал  –  Астана,  2012, 
ҰББСБО. - 77 б.  
38  Беспалько  В.П.  Слагаемые  педагогической  технологии.  -М.:  1989.  – 
225 с.  
39  Савельев  А.Я.  Проблемы  автоматизации  обучения  //  Вопросы 
психологии. 1986, №2. –С. 11-20.  
40 Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеобразовательной 
школе. – М.: Просвещение, 1985. - 208 с.  
41 Модульдік оқытудың тиімділігі [Мәтін] / Бейсенбаева З. // Ұлағат. 2007. 
№2. - Б. 23-29.  
42  Жампейісова  М.М.  Модульдік  оқыту  технологиясы  оқушыны  дамыту 
құралы ретінде. - Алматы. 2006. -С. 105-134.  
43  Қараев  Ж.А.,  Көбдікова  Ж.У.  Технологиялық  тәсіл  негізінде 
педагогикалық  жүйені  жаңартудың  өзекті  проблемалары.  -  Алматы,  Жазушы, 
2005. - 200 б.  
44 Studfiles файловый архив для студентов // www.studfiles.ru  
45  Стратегия  развития  автономной  организации  образования  «Назарбаев 
интеллектуальные  школы»  до  2020  года.  Утверждена  решением  Высшего 
Попечительского совета АОО НИШ 18 апреля 2013 года.  
46 «Мирас» халықаралық мектебінің сайты // http://www.miras.kz  
47 
Қазақ-түрік 
халықаралық 
қоғамдық 
қоры 
сайты 
// 
https://vk.com/katev_edu  
48 Нұрорда халықаралық мектебі сайты // http://www.nurorda.kz  
49 Ұстаздар сайты // http://u-s.kz/  
50 «Ғылым және оқу пәні ретінде педагогика тарихы пәні, міндеттері және 
зерттеу әдістері» [Электрондық ресурс] add.coolreferat.com/docs/index.  
51  Мен  –  жаңа  форматтағы  педагогпын  [Электрондық  ресурс] 
multiurok.ru/guli-1986/blog/mien.  
52  Назарбаев  Н.Ә.  Жаңа  онжылдық  ‒  жаңа  экономикалық  өрлеу  ‒ 
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері //http://adilet.zan.kz/.  
53 Миразова А. Мұғалім беделі – білім сапасының кепілі // Ана тілі. № 26. 

222 
2015.  
54  Педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттырудың  жаңа  жүйесі  қалай  іске 
асырылуда. // Білім берудегі менеджмент. №3. 2014. – Б. 29-32.  
55 Абай. –Алматы, 1995, 2-том, - 198 б.  
 
 
 

223 
Мазмұны  
 
 
Кіріспе............................................................................................................. 


Әлемдегі  орта  (бастауыш,  негізгі  және  жалпы  орта)  білімнің 
дамуының  негізгі  үрдістері:  әдіснаманың  өзгеруі  және  мазмұнның 
жаңаруы.......................................................................................................... 
 
 


Қазақстандағы  орта  (бастауыш,  негізгі  және  жалпы  орта)  білім: 
жағдайы, мәселелері және дамуының басым бағыттары......................... 
 
17 

Орта білім жүйесіндегі менеджментке заманауи көзқарас................... 
90 

Мектептегі  білім  беру  үдерісіне  ғылыми-әдістемелік  тұрғыдан  көмек 
көрсету.......................................................................................................... 
 
111 

Орта  білім  деңгейлері  бойынша  білім  алушылардың  оқу 
жетістектерінің  мониторингі:  ұлттық  бағалау  жүйесінің  және 
халықаралық салыстырмалы зерттеулердің қорытындысы....................  
 
 
137 

Бастауыш,  негізгі  және  жалпы  орта  білім  беру  деңгейлеріндегі  оқу-
тәрбие үдерісі: тәжірибелер және инновациялар.......................................  
 
168 

Жаңа форматтағы мұғалім: мәртебесі және құзыреттілігі........................  187 

Заманауи  мектепті  ресурстық  қамтамасыз  ету:  талдау  және  жаңа 
көзқарас......................................................................................................... 
202 
 
Қорытынды.....................................................................................................  212 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................... 
219 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

224 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстандағы орта білім: жағдайы және болашағы  
 
Талдамалық жинақ  
 
 
 
Басуға 07.08. 2015 ж. қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16.  
Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.  
Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 14,0.  
 
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК  
010000, Астана қ., Орынбор көшесі 4, «Алтын Орда» БО, 15-қабат  
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет